Қазақстандағы туризмнің дамуына ықпал ететін ЭКСПО-2017 көрмесі


МАЗМҰНЫ
1. 2
1. 3
EXPO-2017 халықаралық көрмесін ұйымдастыру тарихының деректері
ЭКСПО-2017 көрмесін елімізде өткізуге жеңіп алу сатылары
2. 1
2. 2
ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге дайындықты ұйымдастыруды талдау
Астана қаласындағы туризм саласының дамуының қазіргі жағдайы
28
34
3. 1
3. 2
Көрмені Астанада өткізуден Қазақстан туризмінің дамуына пайдасының маңызы
Халықаралық көрмені Қазақстанда өткізудің ел ішіндегі туризм саласының дамуындағы ролі
43
50
54
КІРІСПЕ
Құрметті қазақстандықтар!
Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан Астанада
Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-
2017 көрмесін өткізу құқына қол жеткізді.
Біз елеулі үміткер, осындай халықаралық
форум өткізуде тәжірибесі бар бельгиялық
Льеж қаласын жеңіп шықтық. Бұл
Қазақстанның зор табысы. ЭКСПО көрмесі
- бұл мәні жағынан бүкіләлемдік
экономикалық форумдармен, ал туристік
тартымдылығы жағынан әлемнің ең кең
танымал спорт жарыстарымен теңдес
жаһандық ауқымдағы оқиға.
(Н. Ә. Назарбаев)
152-Бас Ассамблеяда құпия дауыс беру нәтижесінде Қазақстанның астанасы мейлінше көп дауыс жинап, Бельгияның Льеж қаласын жеңіп, ««ЕХРО» -2017» өткізу орны болып анықталды.
Осындай ауқымға және деңгейге ие «ЕХРО» секілді іс-шара біздің елімізде бірінші рет өткізіліп отыр. Астанада дүниежүзілік көрме өткізу - Қазақстан үшін үлкен мәртебе болып табылады. ЕХРО» 2017 бюджеті 2013 жылдың соңында анықталады. Алайда қазір осы іс шара үшін қандай объектілер салынатыны белгілі.
Қазақстан жас мемлекет, ол күнделікті дамып келеді, бұл халықаралық деңгейде іс-шаралар өткізуге мүмкіндік береді.
Қазақстан 1997 жылдан бері Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) мүшесі болып табылады. Ел EXPO-ға 2005 жылдан бері (EXPO-2005 (Айчи) қатысады, EXPO-2008 (Сарагоса), EXPO-2010 (Шанхай) . Сарагоста өткен EXPO-2008 қорытындылары бойынша «С» санаты бойынша қатысқан 140 қатысушы елдің ішінде Қазақстан павильоны сыртқы және ішкі ресімдеу критерийлері бойынша үшінші орынға ие болады.
152-Бас Ассамблеяда құпия дауыс беру нәтижесінде Қазақстанның астанасы мейлінше көп дауыс жинап, Бельгияның Льеж қаласын жеңіп, ««ЕХРО» -2017» өткізу орны болып анықталды.
Осындай ауқымға және деңгейге ие «ЕХРО» секілді іс-шара біздің елімізде бірінші рет өткізіліп отыр. Астанада дүниежүзілік көрме өткізу - Қазақстан үшін үлкен мәртебе болып табылады. ЕХРО» 2017 бюджеті 2013 жылдың соңында анықталады. Алайда қазір осы іс шара үшін қандай объектілер салынатыны белгілі.
Жұмыстың өзектілігі . Аталған іс-шараны өткізудің басымдылығы
Инфрақұрылымды дамыту: жолдар, қоғамдық көлік, коммуналдық шаруашылық, әуежай мен вокзал, «ЕХРО» объектілерінің құрылысы және жаңа жұмыс орындарын ашу.
- Астананың шағын және орта бизнесі дамытуға арналған жаңа күрделі импульске ие болады, бұл ең алдымен - халыққа қызмет көрсету саласы, қонақ үй бизнесі және ішкі туризм.
- Ішкі туризмді дамыту және елімізге шетел туристерін тарту. Көрмеге Әлемнің 100 елінен 5 млн. адам келеді деп күтіледі.
- Көрме объектілерінің құрылысына инвестицияларды тартудан өзге экономикалық тиімділік келесіде: «ЕХРО» шеңберінде салынатын объектілер болашақта Қазақстанды халықаралық, көрме және ақпараттық-тұсаукесер алаңы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
- Мәдени алмасу және мемлекеттік PR, еліміздің танымалдылығын арттыру. ХКБ талап етуі бойынша «ЕХРО» (3 ай) мәдени іс-шаралар, ұлттық күндер мен өзге ойын-сауық іс-шаралары өткізілуі тиіс.
Сондықтан берілген диплом жұмысының тақырыбының іске асырылуындағы Қазақстан Республикасын танымал етіп, туристік саласын жоғары қарқында дамытудағы маңызы өте зор.
Жұмыстың мақсаты: ЭКСПО-2017 көрмесін Астанада өткізуден Қазақстан туризмінің дамуына тиімді әсерін талдау.
Жұмыстың міндеттері . Жоғарыдағы белгіленген мақсатқа сәйкес жұмыста келесідей міндеттер туындады. Бұл міндеттер жұмыстың мақсатын ашуға бағытталған:
- ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін ұйымдастырудың теориялық негіздерін ашу;
- халықаралық көрмелердің тарихын зерттеу;
- Қазақстандағы туризмнің дамуына ықпал ететін экспо-2017 көрмесіне дайындықты бағалау;
- ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге дайындықты ұйымдастыруды талдау;
- Астана қаласындағы туризм саласының дамуының қазіргі жағдайы;
- Қазақстандағы туризмнің дамуына экспо-2017 халықаралық көрмесінің оңтайлы ықпалы;
Зерттеу пәні. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің Қазақстанда туризмнің дамуына тиімді әсері
Зерттеу объектісі . Астана қаласы
Бітіру жұмысының барысында келесідей зерттеу әдістері қолданылды: салыстырмалы-сипаттамалық, статистикалық және тарихи әдістер, жүйелік талдау.
Зерттеудің ақпараттық және ғылыми әдістемелік базасы. Диплом жұмысында шетел және Қазақстан мемлекетінің ғылыми кітаптары, диссертациялар пайдаланылды. Сонымен қатар, ҚР Туризм және Спорт Министрлігінің сайты, Шығыс Қазақстан облысының сайтынан ғаламторлық мағлұматтар алынды. Дипломдық жұмысты жазу барысында жергілікті жер газеттері материалдары, мерзімді ғылыми баспа материалдары енгізілді, ғаламтор сайттарының мағлұматтары және осыған қатысты т. б. деректер алынады. Жиыны 66 әдебиет пайдаланып жазылған бұл дипломдық жұмыс жиналған материалдарды жан-жақты өңдеу, талдау арқылы құрастырылды.
Жұмыстың теориялық маңызы мен ғылыми жаңалығы . Дипломдық жұмысты жазу барысында көптеген iзденулерге тура келдi. Жаңа көзқарас, ойлар, түсініктер қалыптасты. Бүгiн Қазақстан жеке бөлiктерi жөнiндегi әдебиет пен оқу құралдарына мұқтаж болып отырған кезде, бұл дипломдық жұмысты облыстың туристiк кәсіпорындары, жоғары және орта оқу орындарының оқытушыларына, студенттерге және жоғары сынып оқушыларына пайдалануға болады. Дипломдық жұмыстың келешекте пайдасы мол және ол жалғасын табады деген ойдамын.
Жұмыстың көлемі мен құрылымы бітіру жұмысының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келді. Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қортындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлім үш тараудан, оның ішінде әрқайсысы үш бөлімнен тұрады. Жалпы жұмыстың көлемі 65 бет. Пайдаланылған әдебиеттер, барлық дерлік әдебиет атаулары және ғаламтор желісінің сайттары.
1 EXPO-2017 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Халықаралық көрмелердің тарихы
Алғашқы халықаралық көрмені лондондық Гайд-паркте, арнайы жасалған әйгілі Хрусталь сарайы өткізген уақыттан бастап есептегенде 2012 жылы 161 жыл толыпты.
Бұл, қатысушы-елдер қонақтарға өз өндірушілерінің шеберлігін және бірдей, бірақ әр-түрлі елде жасалған тауарлардың сапасын салыстыруға мүмкіндік бере отырып, ұлттық өндірістің заттарын бір жерде және бір мезгілде көрсетуге келісті. Дәл осы кезде сол көрмелік тұрғылар тәжірибеге енгізіле бастады, уақыт өте келе олар міндеттіге айналып, кейін тиісті халықаралық нормативтік актілерге белгіленді.
Өткен 160 жыл өндірушілер және олардың тауарларын жалпы халықаралық қараудың маңыздылығы мен мақсатқа лайықтылығын растады, бұған көптеген елдерде жыл сайын өткізілетін көптеген көрмелер және жәрмеңкелермен қатар, анағұрлым жарқын, әрі беделді бүкіләлемдік көрмелер қала беретіндігі куә. Әрине, осындай үлкен мерзім ішіндегі мұндай көрмелердің мазмұны мен сипаты едәуір өзгерген болар, бірақ оларға деген ерекше ілтипат пен абыройы сол күйінде қала берді.
Бүгінгі күннен бастап олардың тұрғысынан қарастыра келе, бүкіләлемдік көрмелер - бұл, белгілі бір деңгейде ұлттық формалардағы шоғырланған түрде бейнеленген адамзат дамуының тарихи ретроспективасы деп пайымдауға болады.
Бүкіләлемдік көрмелерде ұсынылған экспонаттардың талдаудары, құндылықтар мен басымдықтарды, сондай-ақ олардың жеке елдерде үстемдік ететін басымдықтарымен қатынастарының жүйесі туралы қорытынды шығаруға мүмкіндік береді. Осы құндылықтардың серпінділігі бүкіләлемдік көрмелердің ұлттық өнеркәсіп пен мәдениеттің дамуына белгілі бір ықпалы турады айтуға мүмкіндік береді.
Әр бүкіләлемдік көрме экспонаттардың және идеялардың бірегейлігімен, ұйымдастырушылар және қатысушылардың тұрғызған кешендер мен павильондардың өзінділігімен, өткізілетін шаралардың көркемділігі және мерекелігімен ерекшеленеді.
Бүкіләлемдік көрмелер өзінің ауқымы, жалпы-саяси және эконмикалық мәнділігі бойынша теңдессіз оқиғалар болып табылады.
Олардың басты мақсаты - жаңа ғылыми-техникалық жетістіктер, даму келешегі, сондай-ақ қатысушы-елдердің дәстүрлері мен тарихының жұрт алдындағы шеруі.
Олар көп жерде халықаралық экономикалық және ғылыми байланыстардың дамуы мен кеңеюіне ықпал етеді. Бүкіләлемдік көрмелер әр-түрлі елдерде тұратын, бірақ бірдей құндылықтар, мүдделер және мақсаттармен біріккен адамдардың араласуының бірегей мүмкіндігін сыйлайды.
Қазірдің өзінде 63 көрме өткізілді.
160 жыл ішінде ХКБ-нің өзіндік мұрасы пайда болды:
Лондондағы Хрусталь сарайы;
Париждегі Эйфелева башня;
Париждегі Александр III көпірі;
Венадағы Ротонда - әлемдегі ең үлкен күмбез астындағы павильон;
Мельбурндегі патшалық көрме павильоны.
ХҚБ экспозициялары екі түрге бөлінеді Бүкіләлемдік әмбебап көрмелер және Халықаралық мамандырылған көрмелер.
Бүкіләлемдік әмбебап көрмелері (International Registered Exhibition) жарты жылға созылады және әр бес жыл сайын өтеді, мұнда олардың ауданы мен тақырыбы шектелмейді. Мысалы, мамыр мен қазан айларының аралығында Шанхайда «Жақсы қала -жақсы өмір» ұранымен өткен EXPO-2010 жұмысына 190 ел қатысты. Жалпы алғанда көрмеге 100 миллион адам келді.
Халықаралық мамандырылған көрмелер (International Recognised Exhibition) екі Бүкіләлемдік әмбебап көрме арасында өтеді және үш айға созылады. Мұнда көрме ауданы 25 гектардан аспауы тиіс және тақырыбы міндетті түрде ұйымдастырушылармен белгіленіп алады. Әдетте, тақырыптары нақты саладағы, гуманитарық, әлеуметтік және экологиялық аспектілерді қоса, ғылыми, технологиялық және экономикалық жетістіктердің көрінісі болады. Мысалы, соңғы Сарагосадағы өткен EXPO-2008 көрмесінің тақырыбы: «Су және тұрақты даму» болды. Мұнда көрме тақырыбы міндетті түрде тек Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ғана емес, басқа да бүкіләлемдік ұйымдармен, соның ішінде БҰҰ-мен келісілуі тиіс.
Қазақстан өткізуге үміттеніп отырған кезекті Халықаралық мамандырылған көрме 2017 жылы болады.
Қазіргі типтес бірінші әмбебап көрме Англия астанасы - бүкіл әлемнің жетекші өнеркәсіптік нүктесі, өзінің орасан зор билігі арқасында Викториандық дәуір кезінде еркін сауда жүргізумен көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, гүлденген Лондонда 1851 жылы өткен.
1889 жылғы Париж көрмесінің мәдени қолжетістігі Эйфель мұнарасы болып табылады.
Осыдан соң үлкен қалалардың басқалары да мұндай өндірушілер мен шеберлерді тартуға қызығушылық таныта бастады. Ең табысты халықаралық көрмелер қатарында Вена, Амстердам, Брюссель, Барселона, Сент-Луис, Турин және Филадельфияда өткен көрмелер деп танылды.
Рим империясы кезінде қонақжайлық индустриясында керуен сарайлар мен таверналар барлық жерде пайда бола бастады. Керуен сарайлар, әсіресе барлық басты, үлкен жолдарда, іскерлікпен тұрғызылды және өз уақыты үшін ыңғайлы болды. Олар жуық шамамен бір - бірінен 25 миль жерлерде орналасты, бұл үкіметтік шенеуніктер мен хабаршылар, шабармандар жолда қатты шаршамауы үшін, олардың әрқайсысында демалуы үшін жасалынды.
Ерте римдік керуен сарайлар қожайындарын өз уақытының Конрадтары, Хилтондары деп атау қиын шығар. Олардың азаматтық құқықтары болған жоқ. Бұл бизнеспен айналысушылардың моральдық ұйытқысына күмән келтірілген жоқ.
Кәдуілгі таверналар күнәлер қордасы деп есептелінді және онда қарапайым халықтан өзге, әбден азған ақсүйектер ғана кіретін еді, ал жоғары топқа жататындар қоғамдық моншаларда демалуды қалады.
Ерте Персияда түйелермен, үлкен керуенмен жолаушылады. Шатырларда немесе керуен сарайларда түнеді - оларды қонақ үйлер кешенінің прототипі деседе болады.
Англияда керуен сарайлар саяхаттаушыларға бағдарланды. Сол жылдардағы адамдар мен саяхаттаушылар патша сарайымен немесе шіркеумен байланысты болды. Саяхаттаушылардың көбісі миссионерлер немесе дін қызметкерлері және қасиетті жерлерге саяхат жасаушы пилигримдер еді. Әрине, барлық керуен сарайлар осы адамдарды тамақтандыру арқылы жақсы табыс табуға ұмтылды.
Орта ғасырларда адамдар көбірек жолаушылай бастады және керуен сарайлар саны көбейіп, ондағы қызмет көрсету дәрежесіде жоғарылай бастады. Көптеген жолаушылар аухатты, ақшалы адамдар болғандықтан, бұл қызмет көрсету саласының да өркендеуіне әкелді.
Бай адамдар, ол кезде, өзінің меншікті мезіретін құра отырып, үйде тамақтануды дұрыс көрді. Сондықтан байлар ұлан-асыр той жасап, онда жүздеген қонақтарға қызмет көрсетілді. Тойларда қызмет көрсетуді «кемсітушілік» деп атауғада болатын, өйткені әртүрлі шендегі қонақтарға әртүрлі ас берілетін. Жоғары ақсүйектер әрине тамақтың ең жақсы кесектерін алды.
Әншейінде, әрбір тамақтануға ондаған астың түрлері дайындалып, өте ұқыпты ыдыстар жайылды, бірақ оларды ішіп-жеу рәсімдік жолмен өтпей, тағылық, дөрекі әдістермен өтті. Шанышқының ролін қолдың саусақтары атқарды, майлы сорпаға қол салынып ішінен ет кесектері саусақпен алынып желінді. Пышақ екі қызмет атқаратын: онымен кесетін және онымен жейтін. Тамақты ағаш тақтайлардың үстіне салып немесе өте қатып қалған нан кесегінің бірдей кесілген түйірлері үстіне қойып жейтін.
Орта кластың өкілдері үшін таверналар болды, оларда жалпы столға отырғызылып кезекші тағамдар берілді: ет пен көкөністерден жасалған ащы рагу. Асшеберлік сапасы шектеулі болды, қазанға өте арзан өнімдер түсетін. Жас ет өте сирек кездесетін, көбіне иістенген еттен қолданылды. Оған қосылатын дәмдеуіштер еттің иісін кетіре алмайтын. Еуропадада кофеханалар ашыла бастады. Бастапқыда қоғам бұл сусынды қабылдамады және оны «таза еместер сусыны» деп атады. Тек қана папа Клементенің тұсында, 8 ғасырда кофе христиандар сусыны статусын алды. Ал келесі ғасырда кофеханалар бүкіл Еуропа бойынша саңырауқұлақтар сияқты өсе бастады.
Қонақжайлық индустриясында өзінің әйгілілігіне қарамастан, кофеханаларды жақтамаушы қарсыластарда табылды. Әйелдер оны өте жек көрді, өйткені кофеханаларда басқа қоғамдық мекемелер сияқты көбінесе ер адамдар компаниясын жинады. Әйелдер билік басындағыларға қарсылық хаттарын жазып, барлық күнәлерге кофеханалардың кінәлілігін білдірді, бірақ бұның бәрі босқа қалды, кофеханалар одан әрі өркендей бастады.
Кәдуілгіде кофе пиала типті шыны аяқтармен берілетін, олар қазіргі кофе беруге арналған шыны аяқтарға қарағанда үлкен мөлшерде болатын. Кофеханалар өзінің компаниялық атмосферасымен әйгіленді: ол жерде қолға шыны аяғыңды ұстап, хош иісті сусынды іше отырып, стол басындағы басқа келермендермен әңгіме - дүкен құрып жақсы уақыт өткізуге мүмкіндік болды.
Бүкіл Еуропаның үлкенді-кішілі қалаларында кофеханалар гүлденіп өркендеген кезде, дилижанспен саяхаттаудың әйгілілігінің өсуі жол бойындағы қонақжайлық индустриясын революцияландырды. Жол ұзақ болған сайын, қатып қалған жолда селкілдеп-солқылдап жүру де қиын болды, сондықтан жолаушыларға жол бойындағы керуен сарайлар өзінің дәстүрлерімен өте ыңғайлы еді - сол уақыттың өлшемімен бұл өте бірегей құбылыс деп есептетінді.
Ауылдық жерлерде бір керуен сарай барлық жолаушыларға қызмет көрсететін. Әлеуметтік айрықшылық қатаң сақталды - аухатты кісілерге асханада немесе өзінің бөлмелерінде қызмет көрсетілді. Кедейлер әдетте керуен сарай қожайынымен және оның отбасымен бірге асүйде тамақтанды. Оларға таңдауға құқықсыз қарапайым астар берілді, бірақ олардың бағасыда өте төмен еді. Ауқатты кісілерғ қожайынның қоржынындағы бар өнімдерден, өзіне арнайы тағамдар дайындауға тапсырыс бере алатын еді. Кәдуілгіде, қожайын аты осы регионға тараған жергілікті тағамды ұсынатын.
Континентті Еуропада керуен сарайлар, барлық көрсеткіштері бойынша, ағылшындардікінен қалыс қалатын. Жабдықталу жағына соншалықты күй таңдамайтын ағылшын саяхатшылары, Еуропада болған кездерінде, ағылшындардың керуен сарайымен салыстырғанда, ерекше бишарашылық жағдайдағы керуен сарай жағдайларынан үрейленіп кететін. Тіпті, сол уақыттың өзінде өзінің жоғары асшеберлік стандарттарымен әйгілі болған, Франциядада, керуен сарайлар тамақтың өте төменгі сапасымен және жиіркенішті шыбын-шіркейлердің орасан зор көп болуымен ерекшеленді.
Ерте ғасырда, тіпті орта ғасырдың өзінде микробтар мен гигиена туралы соншалықты ешкім ойланып жатпайтын. Тағамдар сөрелерде сақталатын, көбінесе еденге құлапта жататын. Тағамды қалай сақтау керек екенін, қандай жағдайларда және қандай температурада сақтау керектігін ешкімде білмейтін. Осының нәтижесінде мүмкіндікті жұқпалы аурулардың бәрі бірінен екіншісіне, бай мен кедей арасындағы айырмашылықты ескерместен, беріліп отырды.
1800 жылы ағылшындар өзінің француз көршілерінен олардың қонақжайлық индустриясында мейрамханалық тұжырымдамаларын шын ниетпен қабылдай бастады. Ағылшын мейрамханасы ұлыландырылған мекемеге айналды - жоғары тағамдар, жоғары әшекейлік, жоғары қызмет кқрсету әлемі болды. Ол жерде тамақтануға көп адамның мүмкіндігі болмады.
Еуропадағы қонақжайлық индустриясында мейрамханалар гүлденіп, өркендеуін жалғастырды. Бай мейрамханаларда ас үйі ұсына алатын тағамдардың барлық тізімі келермендерге берілді. Мезірет дәуірі басталды.
Американдықтар барлық уақытта әрбір адамның тапсырысын қанағаттандыра алуымен ерекшеленеді. 1848 жылы Нью-Йоркте қоғамдық тамақтану нүктелерінің өзіндік иерархиясы болды. Бұл пирамиданың ең төменінде "алтыпенсті жалмаушылар" тұрды. Одан бір саты жоғары үлкен сырбаздыққа ұмтылатын мекемелер тұрды, оларда келермендерге мезірет ұсынылды, ол мезіреттің шетінде бағасы туралы дерек пен басқада аспаздық «ерекшеліктер» ескертілген және даяшылар уақыт бойында столдарға өте жақын келіп келермендер өтінішін біліп кетіп жүрді.
Дельмонико атақты кәсіпорыны американдық мейрамханалардың тізімінің бастаушысы болды. Ұзақ уақыттар бойында олар Құрама Штаттардың жалғыз қымбат және барынша ақсүйектікті мейрамханалары болып қалыптастырды.
АҚШ-да, басқа елдердегідей сияқты, қонақжайлық индустриясында қоғамдық тамақтанудың қалалық орындары үлкен дәрежеде, енді жол бойындағы таверналармен қанағаттануға тура келетін келушілерге қарағанда, жергілікті тұрғындарға бағдарланған болды. Қажеттіліктен ғана емес, рахаттану үшін үйден тыс жерде түстену дәстүрге айнала бастады.
Онтоғызыншы ғасырда қонақжайлық индустриясында, оның осыған дейінгі бүкіл тарихындағыға қарағанда, көбірек жаңалықтар пайда болды деп айтуға болады. Бұрын тек қана ерлердің компаниясын жинайтын, батыс әлемінің мәртебелі мейрамханаларында, енді әйелдерде түстенетін болды. Соншалықты қамтамасыздығы жоқ халықтың бөлігі, қуырылған ет немесе балықтан жасалған тағамдар берілетін, еркін достық жағдайда түстенуге болатын, шағын мейрамханалардың келермендері болды.
Сонымен қатар 19 ғасырда қонақжайлық индустриясында қызмет көрсетудің жаңа стилі пайда болды - бұл швед столы еді. Ол бізге қатаң Скандинавиядан келді, ол жерде викингтер мен орман кесушілер, балықшылар мен аңшылар тұрады.
Бұл өте үлкен, бірақ тұрғындары аз елде адамдар келесідей жағдайларда жиналатын: тіл мейрамдарында немесе Рождествода. Жалынды білтелі қаңылтыр банка үйдің алдына қойылатын, ол алыс жерлерден, әртүрлі уақытта келетін қонақтарға арналған еді.
Стол әдемі дастарханмен және гүл шоғымен әрлендірілді. Оның бір шетінде тарелкалар, шанышқылар, пышақтар және бокалдар тауы үйіліп тұрді. Екінші шетінде - суық тағамдар. Әншейінде, сельдь, ысытылған қуырылған балық, картоп пен пісірілген көкөністерден жасалған салаттар, тұздалған қияр, пісірілген жұмыртқа, қуырылған суық ет, кептірілген жемістерден жасалған компот, тәттілер және, әрине, нан берілді. Тамақтар майда етіп кесілетін. Олардан сүйектері, сырт қабығы, қабыршақтары, дәнектері алынып тасталатын. Аспаптар азырақ қолданылуы үшін, тағамдар көбінесе жеңіл тамақ түйірлері түрінде немесе тұтас бутербродтық торт түрлерінде берілді. Кішкентай мөлшерлі түйірлер тәбетті ашып, ал жеңіл тағамдар түрлерінің көптігі тоюға әсер етті. Қонақтардың әрқайсысы өзіне-өзі қызмет көрсетті, өзінің қалауынша, қажетті мөлшерінде алып жеді және ерте бастан орын сайланбағандықтан, ыңғайлы орындарда ұнамды кісілермен әңгіме-дүкен құруға мүмкіндік болды.
Швед патшасының көрші территорияларды басып алу шамасына қарай, олардың қарсыластарының тағамдары швед столынан орын ала бастады.
Нарва мен Полтава түбіндегі шайқастан соң швед столында сорпалар пайда болды. Орыс щиі, шведтер дәмдіктерімен тұздықталып, аптасына бір реттен кем емес экзотикалық тағам ретінде беріліп отырды. Бефстрогандар мен картоп салаттары "алярюс" жергілікті мезіретте тұрақты орын алды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz