Емдеу –сақтандыру мекемелерінің түрлері және ондағы медицина қызметкерлер жұмысының ұйымдастырылуы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1 Емдеу .сақтандыру мекемелерінің түрлері және ондағы медицина қызметкерлер жұмысының ұйымдастырылуы
5
1.1 Емдеу мекемелері және олардың қызметінің түрлері ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Программаның дайындалу ортасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

2
БАҒДАРЛАМАНЫ ЖОБАЛАУ ҚАДАМДАРЫ
2.1 Кесте құру. DataBase Desktop утилитасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
2.2 TTable обектісі, Мәліметтер қорын басқару жүйесінің программалық шешімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
38
2.3 Кестедегі мәліметтерден сұраныс жасау, өңдеу, сақтау ... ... ... ... ... .. 44
2.4 Мәліметтер қорын басқару жүйесінің программалық шешімі ... ... .. 52

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61
Жасанды интелект – күшті дамып жатқан бағыттардың бірі. Бүгінгі күнде ғылым және техникалық прогресс нәтижелері адамзат үшін келешекте зерттеу облысында үлкен жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Бұл бағытта формализация мен байланысты және берілгендердің қойылуы интелектуалды жүйелердің еншісінде. Бұл үшін арнайы модельдер және берілгендерді сипаттау тілдері, әр түрлі типтегі берілгендерді ерекшелеу мәселелері өңделеді. Интелектуалды жүйелер бастапқы мәндері зерттеліп, берілгендерді ажырату және процедура, әдіс тәсілдер құрылады, олардың көмегімен интелектуалды жүйелерде берілгендердің келіп шығу мүмкіндіктері келіп туады. Берілгендердің қойылуының проблемалары интелектуалды жүйелерде тосын жағдайларда актуалды .
1 Гофман В.Э, Хомоненко А.Д. Delphi 5.- СПБ.: БХВ-Санкт-Петербург, 1999. - 800 с.
2 kaz.docdat.com
3 Дейт К. Дж. Введение в системы баз данных. - Киев: Диалектика, 1998 г. - 784с.
4 Грабер М. Введение в SQL. - М.: "ЛОРИ",1996. - 340 с
5 Уникуп С. Microsoft SQL Server 6.5 в подлиннике: пер. с англ. - СПб.: BHV - Санкт-Петербург, 1998. - 896с.
6 Конопка Р. Создание оригинальных компонент в среде Delphi: Пер. с англ. - К.: НИПФ - “ДиаСофт Лтд.”, 1996. - 512с.
7 Хендерсон К. Руководство разработчика баз данных в Delphi 2. - К.: Диалектика, 1996. - 544с
8 Гофман В.Э, Хомоненко А.Д.Работа с базами данных в Delphi.- СПБ.: БХВ-Санкт-Петербург, 2000.- 656 с.
9 Вендров А.М. CASE-технологии. Современные методы и средства проектирования информационных систем. -М.: Финансы и статистика, 1998. -176 с.
10 Рудалев В.Г., Крыжановская Ю.А., Разработка приложений баз данных в среде Delphi, Часть 1., Воронеж 2002г.
11 Рудалев В.Г., Крыжановская Ю.А., Разработка приложений баз данных в среде Delphi, Часть 2., Воронеж 2002г.
12 О. Камардинов. Х.Жантелі, Delphi программалау ортасы, Шымкент – 2002.
13 Бойко В.В., Савинков В.М. Проектирование баз данных нформационных систем. М.: Финансы и статистика, 1989.
14 Диго С.М. Проектирование и использование БД: Учебник для студентов вузов. М.: Финансы и статистика, 1995.
15 Уотермен Д. Руководство по экспертным системам. М.: Мир, 1989.
16 Поспелов Г.С. Искусственный интеллект – основа информационной технологии. М.: Наука, 1988.
17 Компьютерные технологии обработки информации: Учебное пособие /Под ред. С.В. Назарова. - М.: Финансы и статистика, 1995.
18 Заварыкин В.М., Житомирский В.Г., Лапчик М.П. Основы информатики и вычислительной техники. -Москва: Просвещение, 1989.
19 Машбиц Е.И., Бондаровская В.М. Зарубежные концепции программированного обучения.- Киев, Диалектика, 1964.
20 Савельев А.Я., Сазонов Б.А., Лукьянов С.Э. Персональный компьютер для всех. Выпуски 1-4. -М. Высшая школа, 1991.

Кіріспе 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
1 Емдеу –сақтандыру мекемелерінің түрлері және ондағы медицина5
қызметкерлер жұмысының ұйымдастырылуы
1.1Емдеу мекемелері және олардың қызметінің 5
түрлері ... ... ... ... ... ... ...
1.2Программаның дайындалу ортасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

2 БАҒДАРЛАМАНЫ ЖОБАЛАУ ҚАДАМДАРЫ
2.1Кесте құру. DataBase Desktop 34
утилитасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ..
2.2TTable обектісі, Мәліметтер қорын басқару жүйесінің программалық
шешімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
2.3Кестедегі мәліметтерден сұраныс жасау, өңдеу, сақтау 44
... ... ... ... ... ..
2.4Мәліметтер қорын басқару жүйесінің программалық шешімі ... ... .. 52

ҚОРЫТЫНДЫ 59
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 61
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ

Жасанды интелект – күшті дамып жатқан бағыттардың бірі. Бүгінгі күнде
ғылым және техникалық прогресс нәтижелері адамзат үшін келешекте зерттеу
облысында үлкен жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Бұл бағытта формализация мен байланысты және берілгендердің қойылуы
интелектуалды жүйелердің еншісінде. Бұл үшін арнайы модельдер және
берілгендерді сипаттау тілдері, әр түрлі типтегі берілгендерді ерекшелеу
мәселелері өңделеді. Интелектуалды жүйелер бастапқы мәндері зерттеліп,
берілгендерді ажырату және процедура, әдіс тәсілдер құрылады, олардың
көмегімен интелектуалды жүйелерде берілгендердің келіп шығу мүмкіндіктері
келіп туады. Берілгендердің қойылуының проблемалары интелектуалды жүйелерде
тосын жағдайларда актуалды .
Интелектуалды жүйелер – бұл проблемалы облыста берілгендерге сүйеніп
барлық уақытта компьютер жадында сақталады. Берілген жұмыста берілгендердің
қойылуының таблицалық әдісінің мақсаты берілгендер базасын басқару жүйесін
құру мүмкіндігі қарастырылған.
Егер жүйеде жадысында кейбір продукция жинақтары сақталған болса,
онда олар жүйе продукциясын бейнелейді. Жүйе продукциялар, арнай
продукцияны басқару прцедурасымен берілуі қажет, олардың көмегімен
продукция актуалдыға орындалып және сол немесе басқа продукциялардың
орындалуын актуалды сандар ішінен таңдау. Жүйе қатарындағы білімдердің
қойылуы моделі желілік және прдукциондық комбинацияларды қолданылады.
Сондай модельдерден декларативті модель желілік компанент моделімен
сипатталады, ал процедуралы білім- продукционды білім мен. Бұл жағдайда
продукционды жүйе жұмысында семантикалық желі жайында айтылады.
Білім негізіндегі жүйелер- бұл жүйелер программалық қамтамасыз ету,
элементтің негізгі құрлымы болып логикалық механизм нәтижесі болып
табылады. Бірінші кезекте оларға эспертті жүйелер кіреді: ауруларға
диогностика жасай алатын, потенциялды, қажетті білімдердің туған жерін,
жаратылған тілді өңдеуге, суреттерді оқиғаларды тануға т.с.с. эспертті
жүйелер облысты зерттеуде, практикалық өңдеуде бірінші қадам болып
табылады. Сол уақытта олар өндірісте қолданылып жатыр.
Берілгендер базасын облыстар үшін құру, осы обьектті басқару
процедурасын жеңілдетеді, интелектуалды капитал, интелектуалды жеке меншік,
түрлі сапада түсініктер жаңа кез келген облыстың білім байлығы болып
табылады. Адамдар әр дайым берілгендерді басқару эффектісін, білімдерді
орналастыруға ұмтылады. Алайда берілген бағыт берілгендерді басқару негізі
жалпы дәлелденгендей, келісілген концепция және әрекеттер берілгендерді
басқаруда мағынаның қойылуы әр түрлі болады. Сонымен қатар білімдерді
басқару түсінігі болып жатқан барлық процестер шешімі интелектуалды
әдістермен мағынаны басқару білімдері жеке тапсырмаларда шешімі
автоматизацияланады.
Алайда берілген облысты жариялаудың санының көпшілігіне қарамастан,
осы уақытта берілгендерді басқару жүйесін комплексті жолмен өңделеді.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Денсаулық адамның басты байлығы. Адам
бақуатты өмір сүруі үшін денсаулығын жоғалтады, кейін сол денсаулығын
қалпына келтіруі үшін ақша жұмсайды. Міне, біз әрқашан осындай
парадокстарда өмір сүріп келеміз. Адам әрекет ететін барлық салаларда
әрқашан құжаттарды және бланктарды толтыру мәселелерімен кездеседі.
Аурухана да солардың қатарына кіреді. Сонымен қатар барлық мәлімет бізге
аса маңызды: мәселен жеке қағазға толтырылатын аурудың бірінші көріну
нәтижесі. Клиниканың да, іс-қағаздармен байланысты жұмысы көптен көп және
бұл жұмыс тек бір адамға ғана айлық төлеп, бір ғана адам істей алатын жұмыс
емес. Сонымен қатар дәрігерлердің алтын уақыты мәліметтерді толтырумен және
керекті мәліметті іздеумен кетеді. Ал есептеуіш техниканың дамуы
нәтижесінде ауруханаларды автоматтандырудың комплексті жүйелері пайда
болды. Бұл дәрігерлер уақытын іс-қағаздар толтырумен жоғалтпай, тиімді
пайдалануға мүмкіндік береді. Мұндай бағдарламалар күнделікті құжаттарға
байланысты операцияларды бір ғана дербес компьютердің көмегімен шеше алады.

Ақпараттық технология – бұл ақпаратпен және есептеуіш техникамен
білікті жұмыс істеуді білдіреді. Автоматтандыру мен ақпаратты өңдеудің
жалпы жаңа технологияның артықшылықтары қайталанатын тапсырмаларды
орындағанда, көп есептеу жүргізетін есептерде немесі таза механикалық
есептерде көрінеді.
Компьютерлік техника кез-келген творчестволық процесті жылдамдатуға
мүмкіндік береді. Творчестваның дамуы адамдардың компьютерлік техниканы
және жаңа ақпараттық технологияларды игерумен тығыз байланысты.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Үлкен қызмет салаларында, мекмелерде,
кәсіпорындарда, жоғары оқу орындарында және ауруханаларда адамдар өздерінің
мәселелерін шешетіндіктен бұл қызмет салаларын ақпараттандыру өте тиімді
болады. Жаңа ақпараттық технологияларды қолданбай бұл қызмет салаларының
жұмыс істеуі қиындыққа соғады. Дер кезінде керекті мәліметтердің ішінен
іздеу жүргізу үшін, өңдеу үшін, басқару үшін автоматтандырылған ақпараттық
жүйені құру бұл жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.
Диплом жұмысының мақсаты клиникада науқастың диагнозын нақты қоя білу
жас тәжірибесі аз дәрігерлердің жұмыс істеуіне тиімді болуына мүмкіндік
беретін жүйені құру болып табылады.
Автоматандыру процессі методикалық, тілдік, техникалық, алгаритмдік
және бағдарламалық құралдардың жиынтығын құра отырып, белгілі пән саласында
жұмыс ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Сондықтан дипломдық жұмыс жас
мамандар үшін өте тиімді әрі пайдалы болып табылады.

1. Емдеу –сақтандыру мекемелерінің түрлері және ондағы медицина
қызметкерлер жұмысының ұйымдастырылуы

1.1 Емдеу мекемелері және олардың қызметінің түрлері

Адам - көп қырлы физикалық және психикалық көріністері бар біртұтас
жүйе. Әр адамның жан дүниесінің ерекшелігі, қоршаған ортамен және
әлеуметтік тұрмыстық жағдайлармен байланысы ескерілген кезде ғана ауруды
ұғынуға болады. Ауру тек бір мүшені ғана зақымдап қоймай, ол бүкіл ағзада
өзгерістер туғызады. Бір ауру әр адамда әртүрлі өтуі мүмкін, яғни емдеу
және күтім жүргізу әрқилы, жеке дара болуы керек. Мейірбикенің науқасты
түсіне білуінің, оның уайымын сезінуінің маңызы зор.
Қазіргі кездегі мейірбике ісінің мәні - бұл мейірбикелік тәжірибенің
ғылыми әдісін, яғни мейірбикелік процесті қолдану арқылы науқасқа күтім
жүргізу.
Мейірбикелік үрдісті жүзеге асыру үшін мейірбике білуі қажет:
• әртүрлі аурулардың қауіп факторларын, клиникалық көріністерін,
асқынуларын, алдын алуды;
• шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету шараларын;
• ішкі мүшелер аурулары кезіндегі науқастардың мәселелерін,
мейірбикелік үрдістің мәнін.
Мейірбике істей білуі қажет:
• мейірбикелік үрдіс бойынша науқастардың мейірбикелік күтімін
ұйымдастыруды;
• емдеу-диагностикалық және алдын алу шараларын жүргізу кезінде
жауапкершілікті атқаруды;
• алғашқы медициналық көмекті көрсетуді; жүрек-өкпелік
реанимацияны жүргізуді, паллиативті көмек көрсетуді;
• күтім мен өзін-өзі күту сұрақтары бойынша науқасты және туыстарын
үйрету;
• кәсіптік қызмет барысында науқастармен, әріптестермен қарым-қатынаста
болу.
Осы оқу құралында нақты жағдайлардағы мейірбикелік үрдістің үлгілері,
мейірбикенің кейбір іс-әрекеттері ұғынылады. Оларды меңгеру -терапевтік
науқастармен жұмыс істеу кезінде жауапсыздыққа және немқұрайлыққа жол
бермейтін мейірбикенің кәсіпкерлілігінің кепілі.
Емдеу мекемелері және олардың қызметінің түрлері
Адам денсаулығы - бұл психикалық, физикалық және әлеуметтік әл-ауқаттың
косындысы. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық сақтау кұқығы
Конституциямен бекітілген және Қазақстан Республикасының 19.05.1997 жылғы
(17.12.1998 жылғы өзгерістермен, толықтырулармен) "Қазақстан Республикасы
азаматтарының денсаулығын сақтау туралы " заңында жүзеге асырылған,
Амбулаторлық көмек:
1) амбулатория (шағын поселоктың, өнеркәсіптік кәсіпорынның немесе
ауылдық жердің тұрғындары үшін) немесе фельдшер-акушерлік пункт (ауылдық
жерде); амбулаторияда ауруларды қабылдау тек негізгі мамандықтар бойынша
жүргізіледі (терапевт, хирург, стоматолог, гинеколог);
2) ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда медициналық көмекті медико-
санитарлық бөлім (МСБ) көрсетеді (онын кұрамына стационар, емхана,
здравпункт, профилакторий кіруі мүмкін);
3) здравпункт - МСБ немесе емхананың кұрамдас бөлігі
(кәсіпорындарда, құрылыстарда, жоғары және орта оқу орындарында), мұнда
алғашқы медициналық көмектен басқа аурушылықтың алдын-алу және төмендету
үшін жоспарлы санитарлы-гигиеналық әрі емдеу-профилактикалық шаралар
жүргізіледі;
4) емхана - келген науқастарға, сондай-ақ үйде, аурулардың және
олардың асқынуларының алдын-алу бойынша емдеу-профилактикалық шаралар
жүргізіледі; барлық мамандық дәрігерлері қабылдайды; лабораторлық,
диагностикалық және емдеу бөлмелері бар; науқастарды анықтау,
квалифицирленген көмек көрсету, аурушылықты зерттеу,
профилактикалық қарау, диспансеризация - аурулардың белгілі бір бөлігінің
денсаулығын белсенді бақылау - бойынша жұмыс жүргізеді;
5) диспансерлер - диспансерлік әдіспен жұмыс істейтін ерекше
мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекеме, белгілі бір аурумен
сырқаттанатын адамдарды емдейді (онкологиялык, психоневрологиялық және
т.б.); емдеу және алдын-алумен қатар патронаж (науқастарды үйінде жүйелі
белсенді түрде бақылау), санитарлы-насихатты жұмыс жүргізеді;
6) жоғары квалифицирленген медициналық көмек керсететін
мамандандырылған кеңестік-диагностикалық орталық (көбінесе ірі
көпсалалы ауруханаларда, медициналық университеттерде және т.б.);
7) әйелдер консультациясы - гинекологиялық ауруларды емдеу және алдын-
алу, жүктілерді бақылау жұмыстары жүргізіледі; акушерка дәрігерге
кабылдау кезінде кемектеседі, жүктілер патронажын жүргізеді, оларды
нәрестелерді күтуге және жеке бас тазалығына үйретеді;
8) жедел жәрдем станциясы тәулік бойы жұмыс істейді, тұрғындарға шұғыл
кезде көмек көрсетеді; бригаданы шақыруға өзі баратын, өзі алғашқы көмек
көрсететін және науқасты ауруханаға жатқызатын фельдшер басқаруы мүмкін;
жедел жәрдем көлігіндегі казіргі кездегі құралдар стационарға дейінгі
жолда шұғыл көмек көрсетуге және реанимациялық шаралар жүргізуге мүмкіндік
береді.
Стационарлық медициналық көмек жүйелі бақылауды, емдеу мен тексерудің
күрделі түрлерін қажет ететін науқастарға көрсетіледі.
Стационардың турлері:
1) аурухана - медицина ғылымы мен техникасының соңғы
жетістіктерінің негізінде тұрғындарға жоғары квалифицирленген көмек
көрсетеді; көп салалы (әртүрлі ауруларды емдеу үшін) және
мамандандырылған (инфекциялық, психиатриялық және т.б.) болуы мүмкін;
облыстық және республикалық ауруханалар ауыл тұрғындарын жоғары
квалифицирленген медициналық көмекпен қамтамасыз етеді;
2) госпиталь - әскери немесе мүгедек адамдарды емдейтін аурухана;
3) клиника - науқастарды емдеумен қатар ғылыми-зертгеу
жұмыстары және студенттерді, дәрігерлер мен орта медициналық
қызметкерлерді окыту ісі жүргізілетін ауруханалық мекеме;
4) шипажай - науқастардың емін жалғастыратын стационарлық мекеме;
негізінде оны минералдық сулары, емдік балшықтары бар жайлы климатты
жерлерге (курортта) салады.
Ауруханалық мекемелер науқастарды стационар жағдайында емдеуге
арналған. Аурухана мекемелеріне шұғыл медициналық көмекті, сондай-ақ жүйелі
бақылауды (науқастың клиникалық жағдайын бағалау, ренгендік,
электрокардиографиялық, эндоскопиялық тексерулерді, қан мен зәр анализдерін
және т.б. кайталау) немесе амбулаторлық жағдайда жургізілуі қиындау немесе
мүмкін емес емдеу түрлерін (операциялар, көк тамырға, бұлшық етке, тері
астына және т.б. жиі егулер, қан мен қан алмастырушыларды құю, физиотерапия
және т.с.с.) қажет ететін науқастар жатқызылады [2].
Белгілі бір аурумен (мысалы, туберкулезбен) сырқаттанатын науқастарды
емдеуге арналған бірсалалы (мамандандырылған) және кұрамына әртүрлі
(мысалы, терапевтік, хирургиялық, неврологиялық, эндокринологиялық және
т.б.) бөлімшелер кіретін көпсалалы ауруханалар болады.
Аурухананың құрамына қабылдау, емдеу-диагностикалық, емдеу бөлімшелері,
дәріхана және т.б. кіреді. Мейірбикенің қызметтік міндеттері ең алдымен
белімшенің түріне және оның бөлімшедегі жұмысының ерекшелігіне байланысты
(кабылдау белімінің, гастроэнтерологиялық бөлімшенің мейірбикесі және
т.б.). Қазіргі аурухана - бұл қажетті емдеу-диагностикалық аспаптармен және
құралдармен жабдықталған медициналық мекеме. Қабылдау бөлімі, әкімшілік-
шаруашылық бөлігі және емдеу бөлімшелері аурухананың негізгі кұрамдас
бөліктері болып табылады.
Емдеу бөлімшелеріне диагностикалық және емдеу бөлмелері, операциялық,
емшаралық, таңу бөлмелері және мамандандырылған бөлімшелер, науқастар
жататын бөлмелер кіреді. Сонымен қатар емдеу бөлімшелерінің құрамына
жүретін аурулардың демалуына арналған жерлер, асхана және қосымша бөлмелер
(санитарлық, булау бөлмелері, дәретхана, төсек-жабдықтық бөлме) жатады.
Аурухананың әрбір бөлімшесінде емдеу және диагностикалық іс-шараларды
(көк тамырға құюды, өан мен оны алмастырушыларды кұюды, жұлын пунциясын
жасауға арналған құралдарды даярлауды, биохимиялық анализдерге кан алуды)
орындайтын іс-шаралық мейірбике болады.
Палатадағы ауа жылуы 18-20°С болуы қажет. Тұрақты жылуды және ауа тазалығын
қамтамасыз ету үшін палатаны үнемі желдетіп отырған жөн. Қыста күніне 2-3
реттен кем емес, ал жазда тор болған жағдайда терезелер тәулік бойы ашық
тұруы керек. Желдету кезінде мейірбике науқастарды жақсылап кымтауы қажет.
Палаталарда тек өте кажетті жиһаз ғана тұрғаны жөн төсектер, төсек
жанындағы тумбалар, орындықтар (төсек санына байланысты) және мүмкіндігінше
ортақ үстел. Есіктің жанына халаттарға арналған ілгіш және қалдықтарға
арналған бөшке қойылады. Палатаның ішкі қабырғасына ауа жылуын көрсететін
термометр орнатылады. Әрбір төсектің жанында мейірбикені немесе кіші
медициналық қызметкерлерді шақыру үшін тетік және радиокабылдағыш
құлақшалары болады. Жиһаз палатаны жуып, тазалауға ыңғайлы болатындай етіп
қойылады.Төсектер терезелері бар сыртқы қабырға бойымен көлденең қойылады.
Науқастарды қарау, оларды аудару, іс-шараларды орындау жеңіл болуы ушін
төсектер арасы 1 метрдей болуы қажет. Сондай-ақ, үш қозғалмалы бөліктен
тұратын функционалдық төсектер болады. Төсектің жанындағы үстелде науқастың
жеке заттары жатады. Бұл үстелдегі нәрселерді мейірбике анда-санда
тексеріп, ал кіші мейірбике күнделікті сүртіп отырғаны жөн. Ауыр науқастар
үшін төсектерінің жанында қозғалмалы үстелдер болады.
Елімізде тұрғындарға медициналық көмек көрсету үшін сырқатты қабылдау
және өз үйлерінде емдеуге арналған көптеген емдік – сауықтыру мекемелер
жүйесі құрылды. Емдеу мекемелері негізгі екі түрге бөлінеді: амбулаториялық
және стационарлық типтегі мекемелер.
Мекемелердің амбулаториялық түріне жататыны:
• Емхана
• Амбулатория
• Мед сан бөлім
• Емдік пункттер
• ФАП (фельдшерлік-акушерлік пункт)
• Диспансер
• Әйелдер консультациясы
• Жедел жәрдем станциясы
Стационарлық типтік емдеу мекемелеріне жататыны:
• Аурухана
• Клиника
• Госпиталь
• Санатория мен курорттар
• Мед сан бөлім
• Хоспис
Амбулатория деп халыққа медициналық көмекті мекемеде де, науқастың
үйінде де көрсететін медициналық мекемені айтамыз. Емханадан амбулаторияның
айырмашылығы ондағы қызметкерлердің саны аз және жүргізілетін тексерудің
көлемі аз. Амбулатория аудандық емханаларға қарасты болады. Амбулаториялық
дәрігерлер ФАПтың жұмысын бақылайды. Амбулатория ауруларды емдейді,
тексереді, алдын алу жұмыстарын жүргізеді, науқастарға үйінде де ем
жүргізіледі. Амбулаториядағы фельдшер мен акушерка медбике дәрігерге
қабылдау кезінде көмек көрсетеді.
Емхана деп өздігінен жұмыс жасайтын немесе аурухана қарамағында жұмыс
істейтін емдеу және алдын алу мекемесін айтамыз. Емханада лабораториялық
және диагностикалық кабинеттер бар. Емханада барлық мамандық бойынша
дәрігерлік қабылдаулар жүргізіледі. Емханада лабораториялық,
рентгенологиялық және функциональды тексеру тәсілдері орындалады. Егу
бөлмелерінде емдік процедуралар жасалады. Емханаларда диспансерлік тізімге
науқастарды алып, оларға сауықтыру шаралары өткізіледі. Емханада
амбулаториялық карталармен жұмыс жүргізіледі. Олар тіркеу бөлімінде
сақталады.
Диспансерлер бұл мекемелерде бірдей аурулармен (туберкулез,
онкологиялық, тері-венерологиялық диспансерлер т.б.) ауыратын адамдар
емделеді. Емдеу мен алдын алу жұмыстарынан басқа диспансерде патронаж
жұмыстары да жүргізіледі.
Әйелдер консультациясы бұл гинекологиялық аурулар мен жүкті әйелдерді
қадағалау мен емдеу жүргізетін емдеу және алдын алу мекемесі. Бұл мекемеде
акушерка дәрігерге көмекші ретінде қызмет етеді. Жүкті әйелдерді патронаж
жасап қадағалайды. Олармен ағарту жұмысын жүргізеді. Жаңа туылған
нәрестені күту ережелерін және жеке бас гигиенасын үйретеді.
Жедел жәрдем станциясы бұл халыққа жедел түрде қажетті көмек көрсететін
мекеме. Стационарда фельдшер бригада жұмысын басқаруы мүмкін. Ол науқасқа
үйінде жедел түрде көмек көрсетеді. Кейде науқасты ауруханаға жеткізеді.
Қиын жағдайларда арнаулы медициналық көмек көрсетуге тасымалдауға
көмектеседі. Жедел жәрдем станциялары жолда жедел көмек және реанимация
шараларын көрсету үшін арнаулы аспаптармен, көліктермен жабдықталады.
Аурухана кез келген уақытта емдеуді және күтімді талап ететін
науқастарға арналған емдеу мекемесі. Аурухана қабылдау бөлімінен емдеу
бөлімшелерінен және шаруашылық бөлімінен тұрады.
Госпиталь- әскери адамдар мен мүгедектерді емдеу үшін арналған мекеме.
Клиника – науқастарды емдеумен қатар ғылыми зерттеу жұмыстарын және
студенттерді, дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерді оқыту ісі
жүргізілетін ауруханалық мекеме.
Санаторийлер мен курорттар (шипажай) климаты ыңғайлы минералды суы бар
және емдік балшықтары бар жерлерге орналастырылады. Бұл жерлерде емдеу
процедураларымен қатар түрлі физиопроцедуралар жүргізіледі.
Хоспис- ауыр жағдайдағы науқастарға медициналық-психологиялық
паллиативты көмек көрсететін мекеме. Әсіресе онкологиялық аурулармен
ауыратын науқастар өмірінің соңғы күндерінде өмірін ұзартуға, өмір сапасын
көтеруге көмек береді.
Ауруханадағы орта медицина қызметкерлердің көпшілігін
мейірбикелер алады. Олардың негізгі бағыттары:
• Емдеу диагностикалық жұмыс: дәрігерлік шолуға қатысу, дененің
қызуын, қан қысымын өлшеу, ауыр науқастардың тамыр соғуын,
сырқаттың жалпы күйін және ағзаның физиологиялық қызмет
атқаруын, қажет болғанда дәрігерге дейінгі жедел көмек көрсету,
дәрі тарату және оны қабылдауын қадағалау, лабораториялық
зерттеуге арналған материалдарды алу, түрлі манипуляцияларды
жасау мен дәрі құю.
• Сырқат күтімі: киіндіріп шешіндіру, ішкі киімдерін ауыстыру,
ауыз қуысын, терісін күту, ойылған жерлеріне алдын алу шараларын
жүргізу, ауру науқастарды шомылдыру, тамақтандыру т.б.
• Дайындық жұмысы: медициналық аспаптарды жуу және
зарарсыздандыру, дәрі-дәрмектерді, жұмыс орнын дайындау.
• Құжаттармен жұмыс: дәрігерлік белгілеулер қағазын жүргізу:
лабораториялық аспаптармен зерттеуге, қан алу және кеңес беруге
жолдама жазу, дәрігерлік шолуға дейін ауру тарихын дайындау,
ауруханадан шығу қағазын толтырып беру.
• Әрбір диспансер мейірбикесі сырқат есебін жүргізеді: алдын алу
шаралардың дер кезінде жүргізілуін қадағалайды, сырқаттың
дәрігер қабылдауына келуін ұйымдастырады, патронажды жұмыс
атқарады, үйлерінде үнемі санитарлық ағарту жұмыстарын
жүргізеді.
• Мейірбике барлық дәрігерлік тағайындауларды (оңқа, қыша қағазы,
қыздыратын компресс, сүлік қою) орындайды.
• Амбулаториялар мен емханалардың мейірбикелері жұмыс бөлмесін
дайындайды, жұмыс үстелінің жағдайын тексереді, дәрігер
қабылдауын бастамас бұрын 15 минут ерте келуі тиіс.
• Қабылдау кезінде дәрігерге көмек: дәрігердің айтуымен рецепттер
жазу, сырқатқа қанды, нәжісті, зәрді қалай жинап, қайда тапсыру
керек екендігін және басқа зерттеулерді, дәріні қалай ішу керек
екенін немесе ішек қарын т.б. рентгендік зерттеуге қалай
дайындау керек екендігін түсіндіреді.
• Диспансерлік есепте тұрған сырқат құжаттарын тәртіпке келтіру
және олардың дәрігерге уақытылы келуін қадағалау.
• Мейірбике үнемі цехтарда басқа да жұмыс істейтін жерлерде еңбек
шарттарын және қауіпсіздік техникасын сақталуын бақылайды,
өндірісте зақымдануды болдырмау үшін алдын алу жүргізеді.
Дәрігерге дейінгі жәрдем көрсетеді, медициналық құжаттарды
толтырады.
Қабылдау бөлімшесінің құрылымы және қызметтері Науқастарды қабылдау
және санитарлық тазалықты ондеу.
Қабылдау бөлімінің құрылымы мен негізгі қызметтері.
Науқастарды қабылдау және тіркеу.
Медициналық құжаттарды толтыру.
Науқастардың белсенділік тәртібі, төсектегі қалпы.
Қабылдау бөлімі аурухананың өте маңызды бөлімшесі болып
табылады. Аурухананың орталық қабылдау бөлімінің негізгі міндеттері:
1) науқастарды қабылдау және тіркеу;
2) науқастарды қарау, алғашқы тексеру және диагностика;
3) жаңадан түскен науқастарды санитарлы-гигиеналық өңдеу;
4) квалифицирленген медициналық көмек көрсету;
5) науқастарды аурухананың емдеу бөлімшелеріне тасымалдау. Қабылдау
бөлімінде түскен ауруларды тіркеу және керекті құжаттарды толтыру
жүргізіледі.
Барлық медициналық құжаттарды қабылдау бөлімінің мейірбикесі толтырады:
1. Науқастарды ауруханаға жатқызу және жатқызудан бас тартуды тіркейтін
журнал - ф. №001у.
2. ф. №ООЗу.
3. ф. №066у.
4. ф. №058у.
5. ф. №060у.
Мейірбике науқасты қабылдау есебі журналына (001у формасы) науқастың
дене жылуын, аты-жөнін, туған жылын, күнін, кайдан және кіммен әкелінгенін,
жіберген мекеменің диагнозын, қабылдау бөлімінінң диагнозын, қай бөлімшеге
жіберілгенін белгілейді. Сонымен қатар, ауруханалық науқастың медкартасының
сыртқы бетін (003 у формасы). Сырқатнаманың төлқұжат бөлімін, ауруханадан
шыққан науқастардың санақ картасының сол жақ (066у ) жартысын, педикулез
немесе басқа да жұқпалы ауру анықталғанда СЭС - ке шұғыл хабарлама (058у
формасы) толтырады.
Ауруханаға туушы әйелдер мен жұқпалы аурулардан баска науқастардың
барлығы орталық кабылдау бөлімі арқылы түседі. Инфекциялық бөлімшеге және
туу үйіне орталықтанбаған түрде осы ғимараттардың арнайы бөлінген бөлмелері
(санитарлық өткізгіші немесе қабылдау-қарау боксы) арқылы жүргізіледі.
Сондай-ақ, шұғыл көмекті қажет ететін науқастар кейде қабылдау бөліміне
апарылмай бірден реанимация бөлімшесіне жеткізіледі. Қабылдау бөлімі күту
залынан, мейірбикенің кезекшілік бөлімінен (тіркеу орны), бір немесе
бірнеше қарау бөлмелерінен, емшаралық бөлмеден, таңу, ал кейде кіші
операция бөлмесінен, изолятордан, санитарлық өткізгіштен, ренген
кабинеттен, зертханадан, санитарлық бөлмеден тұрады. Күту залы жүретін
науқастар мен оны алып келген туыстарына арналған. Мұнда үстел және
жеткілікті мөлшерде орындықтар болуы керек. Қабырғаларға емдеу
бөлімшелерінің жұмыс тәртібі, емдеуші дәрігермен сөйлесу сағаты,
науқастарға әкелуге болатын тағамдар тізімі, аурухана анықтама қызметінің
телефоны туралы деректер ілінеді. Сонымен қатар, науқастарға келуге болатын
күндер мен сағаттар керсетілуі қажет. Күту залының жанында кезекші
мейірбикенің бөлмесі болады.
Қабылдау бөлімінде түскен ауруларды тіркеу және керекті құжаттарды
толтыру жүргізіледі. Емшаралық бөлме, таңу (таза және іріңді), сондай-ақ,
кіші операция бөлмелері шұғыл көмек көрсетуте арналған. Сонымен катар,
қабылдау бөлімінде диагнозы түсініксіз науқастарды жатқызатын бірнеше
палата болады. Бұл палаталарда жеке санитарлық бөлме болуы қажет,
Ауруханаға түскен науқастарды санитарлық өңдеу үшін қабылдау бөлімінде
санитарлық өткізгіш (булау, душ, киім ауыстыратын бөлме және т.б.) бар.
Науқасты санитарлық-гиниеналық өңдеуді мейірбике басқарады. Бұл өңдеу
қабылдау бөлімінің санитарлық өткізгішінде жүргізіледі және мына
төмендегілерден тұрады:
1) дезинсекция - науқасты қарағанда анықталған зиянды жәндіктерді
(биттерді) кұрту;
2) гигиеналық булау, душ немесе науқастың денесін сүрту;
3) науқасқа таза ауруханалық киімдерді кигізу.
Қабылдау бөлімінің санитарлық өткізгіші қарау, шешіну, булау-душ және
киіну бөлмелерінен тұрады. Санитарлық тазалау кезінде науқастар қозғалуының
бағытын қатал сақтаған жөн: қарау бөлмесінен науқастар киінетін таза
бөлмеге қарай, яғни гигиеналық булау немесе душтан кейін науқас шешінетін
жерге қайтадан бармауы керек.
Санитарлық өткізгіш науқасы санитарлық-гигиеналық өңдеуді жүргізуге
қажетті заттармен жабдықталған. Бұл жерде кушеткалар, таза және кір
киімдерге арналған шкафтар мен бөшкелер, санитарлық өңдеуге арналған заттар
қойылған шкаф немесе үстел: клеенка, монша сабыны, "таза жөкелер" деген
жазуы бар белгіленген ыдыстағы жеке жуынуға арналған жөкелкер, шашты алатын
машинкалар, қырынатын кұралдар, қайшылар, сондай-ақ, судың, ауаның жылуын
өлшейтін термометрлер, ваннаны санитарлық тазалауға арналған арнайы жөкелер
мен щеткалар, санитарлық өткізгіштің бөлмелерін зарарсыздандыруға және
жууға арналған шелек және т.б. заттар.
Қабылдау бөлімінің мейірбикесі санитарлық-гигиеналық өңдеуді бастамас
бұрын педикулезді анықтау үшін науқастың шаш жабындыларын тиянақты қарауы
қажет. Бит табылған жағдайда (басқа жұқпалы аурулар табылғандағыдай)
науқасты толық (науқасты моншада немесе ағын судың астында сабын және
жөкемен жуындырады, науқастың үстіндегі іш киімдеріндегі, сырт
киімдеріндегі, аяқ киімдеріндегі және тұрғылықты жеріндегі төсек
жабдықтарындағы микроорганизмдерді жою керек, яғни дезинфекция мен
дезинсекция) өңдеу немесе жартылай өңдеу (тек науқасты жуындырады және
киімдерін зарарсыздандырады) жүргізеді.
Бас шашындағы биттерді жою үшін бұрындары жиі қолданатын әдіс -керосин
мен өсімдік майы бірдей мөлшерде алып араластырып баска жақса шашты
қырықпай аман алып қалуға болады. Бұрындары қолданылатын әдістердің бірі
20% бензилбензоат суспензиясынан дайындалған сабынды ерітінді, 5% бор майы,
бутадион, метилацетофос, ниттифор, карбофос және т.б. Қазіргі кезде
дезинсекциялық шараларды жеңілдететін арнайы су сабындар мен лосьондар
(Педикулин, Рид, Элко-инсект және т.б.) бар.
Ауруханаға түскенде егер керек болса науқастар гигиеналық тұрғыдан
моншада немесе ағын судың астында жуынады. Ол кезде монша алдын ала 1 %
хлорамин ерітіндісімен өңделеді, сабынмен және ысқышпен жуылып ыстық сумен
шайылуы керек. Судың температурасы шамамен 42 градустай болуы керек.
Науқасты жуындыру реті: басы, денесі, колдары, шап аймағы, бел тұсы, іші
және аяқтары. Жуындыру ұзақтыш 30 минуттан аспауы керек, Гигиеналық монша
мен ағын суда жуындыруды шындығына келгенде барлық науқастарға бірдей
қолдана бермейді, онын себептері түрліше. Жоспарлы түрде жатқызылатын
науқастар жеке басының тазалығын үйлерінде реттеп келеді. Аурухананың
арнайы киім кешектері қазіргі кезде нашар және көбіне жарамсыз болып
жатады, сондықтан науқастар ауруханада үйлерінен әкелген киімдерін киіп
жүреді.
Ауыз, жұтқыншақ, мұрын шырышты қабығынан жағынды алу қабылдау бөлімінде
жүргізіледі. Бұл үшін залалсыз металл жаққыш (залалсыз пробирканың тығыны
аркылы өткізілген сымға бекітілген мақта тампоны) колданылады. Бадамша
безіндегі, таңдай имегіндегі немесе ауыз қуысы шырышты қабығындағы жара мен
жұқа қабаттың шығарымдарын егу үшін науқасты жарыққа таман отырғызады,
аузын кеңірек ашқызады. Сол қолдағы шпательмен науқастың тілінің түбірін
басады, оң қолымен пробиркадан жаққышты абайлап алады, ешнәрсеге тигізбей
жұқа қабатқа жетеді, жаққышпен бұл қабатты және оның шығаруларын сүртіп
алады. Жағындыны танаудан алу үшін жаққышты өте абайлап сыртқы жағына
тигізбей, алдымен бір, содан кейін екінші танау жолына енгізеді де егуге
материал алады. Жағындыларды алғаннан кейін науқастың аты-жөнін, жасын,
палатасын, материалдың атын және тексеру мақсатын көрсетіп лабораторияға
бірден жіберген жөн.
Қабылдау бөліміне науқастар мынандай тәсілдермен әкелінуі мүмкін:
1) жедел жәрдем көлігімен (сәтсіздік жағдайларда, мертігулерде, жедел
ауруларда және созылмалы аурулар өршігенде);
2) бөлімшелік дәрігердің жолдамасымен (үйде емдеу нәтижесіз болғанда) -
жоспарлы жатқызу;
3) басқа емдеу-профилактикалық мекемелерден ауыстыр ақылы (әкімшіліктің
келісімімен);
4) Өздігінен (ауруханаға жақын жерде жағдайының нашарлауына
байланысты науқастың өз бетімен келуі).
Ауруханаға жатқызылмаған науқасты қабылдау бөлімінің дәрігері
амбулаторлық ем немесе басқа емдеу мекемесіне жолдауды және апаруды
анықтайды немесе қабылдау бөлімінде бақылауға қалдырады немесе үйіне
қайтуға рұқсат береді.
Қабылдау бөлімі (сырқатты қабылдайтын жер) аурухананың бір бөлімі, ол
сырқаттарды қабылдауға, тіркеуге, тексеруге және санитарлық гигиеналық жуып
шаюға арналған. Қабылдау бөлімшесінде алғашқы диагноз, алғашқы дәрігерлік
жәрдем көрсетіледі. Қабылдау бөлімшесі аурухананың жоспары мен құрылысына
қарай орналасады. Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қабылдау
бөлімі болады.
Орталықтандырылған қабылдау бөлімі дегеніміз аурухананың барлық
бөлімшелерінің бір қабылдау бөлімі болады.
Орталықтандырылмаған қабылдау бөлімі бөлек орналасады және әрбір
бөлімнің дербес бөлімшелері болады. Қабылдау бөлімшесі аурухана
территориясына кіруге жақын және сырқаттарды тасымалдауға ыңғайлы жерде
болуы тиіс. Ол үшін ыңғайлы төселген немесе асфальтталған жолдар,
зембілдер мен оларды тасымалдау үшін кең баспалдақтар мен есіктер қажет.
Науқастар ауруханаға жоспарлы және жедел түрде түсуі мүмкін:
• жоспарлы түрде келген науқастар – жолдамамен келгендер.
• Жедел түрде түскендер– жедел жәрдем машинасымен, өздігінен
келгендер.
Қабылдау бөлімі аурухананың ең маңызды бөлімі болып табылады.
Науқастарды қабылдау және тіркеу
Дәрігер науқасты қарап, ауруханаға жатқызу сұрағы шешілгеннен соң
қабылдау бөлімшесінің мейірбикесі барлық медициналық құжаттарды толтырады.
Мейірбике науқастың дене қызуын өлшеп, Науқастарды қабылдау немесе
жатқызбау журналына тіркейді. Журналға науқастың аты-жөні, туған жылы,
мекен жайы, кім жібергені, жіберген мекеменің диагнозы, қабылдау бөлімінің
диагнозы жазылады. Ауруханадағы науқастың медициналық картасының титулды
бетін мейірбике толтырады.
Егер науқастың жағдайы орташа ауырлықта болса, мейірбике дәрігерге
дейінгі алғашқы көмекті көрсетуге тиісті, кезекші дәрігерді жылдам
шақыртып, дәрігердің тағайындауларын тез орындауы керек.
Егер қабылдау бөлімшесіне науқас көшеден ес-түссіз жағдайда, құжатсыз
түссе, мейірбике алғашқы көмекті көрсетіп, милицияға хабарлауы тиіс. Түскен
науқастың бойы, киімі, дене бітімі туралы барлық мәліметтер көрсетіледі.
Тұлға есімі анықталғанша науқас белгісіз деп көрсетіледі.
Егер науқас бірден жансақтау бөлімшесіне (қабылдау бөлімінен тыс)
түссе, қажет құжаттарды бекеттегі мейірбике толтырып, соңынан қабылдау
бөлімшесіне тіркейді.
Егер дәрігер науқасты қарап, ауруханаға жатқызуға көрсетпесі болмаса,
науқас үйіне жіберіліп арнайы журналға тіркеледі. Амбулаториялық көмек
көрсетілген науқастар туралы мәліметтер Амбулаторлы науқастарды тіркеу
журналына жазылады.
Ауруханалық мекемелер науқастарды стационар жағдайында емдеуге
арналған. Аурухана мекемелеріне шұғыл медициналық көмекті, сондай-ақ жүйелі
бақылауды (науқастың клиникалық жағдайын бағалау, ренгендік,
электрокардиографиялық, эндоскопиялық тексерулерді, қан мен зәр анализдерін
және т.б. кайталау) немесе амбулаторлық жағдайда жургізілуі қиындау немесе
мүмкін емес емдеу түрлерін (операциялар, көк тамырға, бұлшық етке, тері
астына және т.б. жиі егулер, қан мен қан алмастырушыларды құю, физиотерапия
және т.с.с.) қажет ететін науқастар жатқызылады.
Белгілі бір аурумен (мысалы, туберкулезбен) сырқаттанатын науқастарды
емдеуге арналған бірсалалы (мамандандырылған) және кұрамына әртүрлі
(мысалы, терапевтік, хирургиялық, неврологиялық, эндокринологиялық және
г.б.) бөлімшелер кіретін көпсалалы ауруханалар болады.
Аурухананың құрамына қабылдау, емдеу-диагностикалық, емдеу бөлімшелері,
дәріхана және т.б. кіреді. Мейірбикенің қызметтік міндеттері ең алдымен
белімшенің түріне және оның бөлімшедегі жұмысының ерекшелігіне байланысты
(кабылдау белімінің, гастроэнтерологиялық бөлімшенің мейірбикесі және
т.б.). Қазіргі аурухана - бұл қажетті емдеу-диагностикалық аспаптармен және
құралдармен жабдықталған медициналық мекеме. Қабылдау бөлімі, әкімшілік-
шаруашылық бөлігі және емдеу бөлімшелері аурухананың негізгі кұрамдас
бөліктері болып табылады.
Емдеу бөлімшелеріне диагностикалық және емдеу бөлмелері, операциялық,
емшаралық, таңу бөлмелері және мамандандырылған бөлімшелер, науқастар
жататын бөлмелер кіреді. Сонымен қатар емдеу бөлімшелерінің құрамына
жүретін аурулардың демалуына арналған жерлер, асхана және қосымша бөлмелер
(санитарлық, булау бөлмелері, дәретхана, төсек-жабдықтық бөлме) жатады.
Аурухананың әрбір белімшесінде емдеу және диагностикалық іс-шараларды
(көк тамырға құюды, кан мен оны алмастырушыларды кұюды, жұлын пунциясын
жасауға арналған құралдарды даярлауды, биохимиялық анализдерге кан алуды)
орындайтын іс-шаралық мейірбике болады.
Палатадағы ауа жылуы 18-20°С болуы қажет. Тұрақты жылуды және ауа тазалығын
қамтамасыз ету үшін палатаны үнемі желдетіп отырған жөн. Қыста күніне 2-3
реттен кем емес, ал жазда тор болған жағдайда терезелер тәулік бойы ашық
тұруы керек. Желдету кезінде мейірбике науқастарды жақсылап кымтауы қажет.
Палаталарда тек өте кажетті жиһаз ғана тұрғаны жөн төсектер, төсек
жанындағы тумбалар, орындықтар (төсек санына байланысты) және мүмкіндігінше
ортақ үстел. Есіктің жанына халаттарға арналған ілгіш және қалдықтарға
арналған бөшке қойылады. Палатаның ішкі қабырғасына ауа жылуын көрсететін
термометр орнатылады. Әрбір төсектің жанында мейірбикені немесе кіші
медициналық қызметкерлерді шақыру үшін тетік және радиокабылдағыш
құлақшалары болады. Жиһаз палатаны жуып, тазалауға ыңғайлы болатындай етіп
қойылады.Төсектер терезелері бар сыртқы қабырға бойымен көлденең қойылады.
Науқастарды қарау, оларды аудару, іс-шараларды орындау женіл болуы ушін
төсектер арасы 1 метрдей болуы қажет. Сондай-ақ, үш қозғалмалы бөліктен
тұратын функционалдық тесектер болады. Төсектің жанындағы үстелде науқастың
жеке заттары жатады. Бұл үстелдегі нәрселерді мейірбике анда-санда
тексеріп, ал кіші мейірбике күнделікті сүртіп отырғаны жөн. Ауыр науқастар
үшін төсектерінің жанында қозғалмалы үстелдер болады.
Медицина институтының педиатрия факультетінің студенттері практикасын
база болып саналатын орталық балалар ауруханаларында өткізеді. Балалар
хирургиясы кафедра базасы ретінде әртүрлі хирургиялық кеселдермен емделетін
көп профильді балалар ауруханасын таңдап алады. Бұған кіретін хирургиялық
бөлімшелер төмендегідей: қабылдау бөлімі, емдейтін-диагноз қоятын бөлім, әр
саладағы кеселдер жататын хирургиялық бөлімшелер, қайта жандандыру
(реанимация бөлімі) және қарқынды ем жүргізетін (интенсивті) операция
жасайтын бөлім. Клиникадағы хирургиялық бөлімшелердің әрқайсысының өздеріне
тән ерекшеліктері және онда жұмыс істейтін қызметкерлердің әрқайсысының
міндеттері болады.
Хирургиялық клиникада үш қабылдау бөлімі болады: біріншісі – шұғыл
көмек көрсетуді қажет ететін әртүрлі жарақаттары мен сынықтары бар
ауруларды қабылдайтын бөлім; екіншісі – жедел көмек көрсетуді қажет ететін,
жалпы хирургиялық кеселдері бар ауруларды қабылдайтын бөлім; үшіншісі –
жоспарлы түрде тексеріп, диагноз қойып, емдеуді қажет ететін хирургиялық
кеселдері бар ауруларды қабылдайтын бөлім.
Қабылдау бөлімдерінде сырқат балаларды дәрігерлер қарап, жағдайларының
ауыр-жеңілдігіне баға бере отырып, алдын ала диагнозын қояды, жедел көмек
көрсетеді, қажетті лабораториялық тексерулерден өткізеді. Басқа маман
иелерінің (педиатрдың, отоларингологтың, невропатологтың, реаниматологтың)
консультациясы қажет болса оларға көрсетіп диагнозын нақтылайды, сөйтіп
ауруды қайсы бөлімшеге жатқызу керектігін шешеді.
Этика (Аристотель) - адамгершіліктік мораль мен құлықтылық туралы
ғылым. Парызтану (деонтология - грек тілінен Deontos - парыз, logos -
ғылым) (ағылшын Бентам) – науқас пен дәрігердің, медициналық
қызметкерлердің өзара (субординация, сабақтастық, тыңғылықтылық) қарым -
қатынастарындағы және ғылыми-техникалық жетістіктердің тәжірибелік
медицинаға енгізілуіне байланысты парыз туралы ғылым.
Медицина қызметкерлерінен сезімталдық, ықыластылық, қайырымдылық, ақ
пейілділік, мейірімділік, қамқоршылық және жоғары кәсіпкерлік сияқты
адамгершілік қасиет талап етіледі.
Сыртқы бейнеге қойылатын нақты талаптарды орындау; ауыстыратын аяқ
киімнің болуы, халат таза және үтіктелген, тырнақтар - қысқа қырқылған, шаш
калпақтың ішіне тығылған болуы керек.
Науқаспен қарым-қатынас жасау ережелерін сақтау: науқасқа көбірек көңіл
бөлу, оны сабырландыра білу, тәртіпті сақтаудың, дәрілерді үнемі
қабылдаудың қажеттігін ұғындыра білу, сауығуының немесе жағдайының
жақсаруының мумкіндігіне сендіру, кейбір науқастарға нақты диагнозын айтуға
болмайды.
Парызтанулық қағидаларды бұзу науқастарда ятрогендік аурулардың (грек
тілінде Jatros- дәрігер, gеnеs - туғызылған) дамуына әкеліп соғуы мүмкін.
Бұл аурулар науқастың психикасына және сауығуына жағымсыз әсер еткен
медициналық қызметкерлердің абайсызда айтылған сөздерінің немесе іс-
әрекеттерінің салдарынан болуы ықтимал. Дәрігерлік құпияны сақтау қажет
(қоршағандарға қауіп төндірмейтін кезде). Сырқатнамаға енгізілген
зертханалық, аспаптық тексерулердің мамандар кеңесінің нәтижелерін білу
науқас үшін онай болуы керек. Мейірбикеге тексерулердің деректерін
науқаспен талқылауға болмайды.
Медицина қызметкерлерініің өзара қарым-қатынасының негізін
субординация құрайды - қызметі бойынша кішінің үлкенге бағыну жүйесі, бұл
дәрігермен немесе әкімшілік өкілімен кездескенде тұру дәрігерлік
тағайындауларды ұқыпты орындау ғана емес, сондай-ақ, кейде шиеленіскен
қатынаста көрінеді.
Әріптестер арасында бір-біріне көмекке, бірін-бірі құтқаруға даярлық
қағидалары.
Науқастар мен келушілердің көзінше өз әріптестерін ешқашан міндемеген
жөн (олар жіберілген қатенің мәнін үлкейтіп, сенім беделін түсіруі мүмкін),
кіші медицина қызметкерлерімен қатынаста да тәкәппар болуға болмайды.
Қатынаста әдепті, сабырлы болған жөн, мүмкіндігінше мәселенің жөнін қысқаша
баяндаған дұрыс.
Кәсіптік этика мен деонтология
Этика – мораль, адамгершілік пен оның таптық мәні туралы ғылым. Этика -
кәсіптік тәртіптің дұрыс-бұрысын, жақсылық пен жамандықтың анықтайтын
философияның бір саласы деуге болады [2].
Медициналық этика - медицина қызметкерлерінің өз жұмысында
әдептіліктің ролін зерттейтін ілім. Этика мен мораль – қоғамдағы адамдардың
мінез – құлқын, олардың бір-біріне және қоғамдық құндылыққа деген қарым –
қатынасын реттейтін ережелерге қажеттіліктен туған қоғамдық сананың формасы
болып табылады. Медициналық этика біздің дәуірге дейінгі 1500 жыл бұрын
қолданылып келеді. Көптеген медициналық анттардың негізінде бүгінгі күні
дүниежүзіндегі барлық елдерде қабылдайтын анттардың бірі Гиппократ анты,
ол 2400 жыл бойы әйгілі.
Гиппократ анты - негізгі медициналық этиканың ережелер кешені, мұнда
уақыт айырмашылығына қарамастан, қазіргі кезге дейін сөздері өзекті болып
тұр:
1. Қауіп келтірме. Әрбір ем барлық іс-әрекеттер, дәрігердің
нұсқаулары аурудың жағдайын жеңілдетуге бағытталып, оған пайда әкелу керек
– бұл басты этикалық принцип.
2. Ең жоғарғы байлық – адам өмірі.
3. Дәрігер әрбір науқастың жеке өмірін сыйлау керек, моральға
жатпайтын қылықтардан аулақ болу керек.
4. Дәрігер кәсіби этикасын, өзінің мамандығын сыйлауға тиіс.
Медициналық этиканың ең негізгі мәселелері : моральдық принцип бойынша
іс әрекет жасау, ауруға қамқорлықпен қарау, әрқашан және қандай жағдай
болмасын медициналық көмек көрсетуге дайын, жоғары адамгершілікті кәсіптің
салт-дәстүрлерін сақтау қажет.
Адамдар бір-біріне деген кішіпейілділікті, қарапайымдылықты, шындық пен
адалдықты принциптілік пен табандылықты, еңбекті сүюді, ата-аналармен,
жолдастарымен, достарымен өзара қамқорлықпен сыйластық қарым - қатынасты
сақтау қажет. Медициналық этикаға медицина қызметкерлерінің жұмысына тән
ерекшеліктері мен қоғамдағы орнына қарай мінез-құлық нормаларын реттейтін
принциптер жиынтығы жатады.
Науқасқа толық сеніммен қарау арқылы Сіз оның жағдайын түсінесіз,
араларыңызда шынайы қарым – қатынас туындайды. Бұл дұрыс емдік нәтижеге
жету үшін өте қажет.
Мейірбике алынған ақпаратты құпия түрде сақтауы керек және оны айтпауы
қажет. Мейірбике қызығушылық танытқан таныстарының сұрауы бойынша диагнозды
немесе анализдердің нәтижесін айтуға тиісті емес.
Медициналық этикада келесі принциптер қолданылады:
1. Жеке адамды құрметтеу.
2. Автономия.
3. Жақсылық жасау.
4. Зиян келтірмеу.
5. Шындықты айту.
6. Құпияны сақтау.
7. Әділдік.
Медициналық этиканың бір бөлігі – деонтология. Деонтология грек тілінен
аударғанда - тиісті деген мағынаны білдіреді. Деонтология – басқа
салаларға қарағанда, медицина мен тәжірибелік денсаулық сақтау саласына
өте тән қажетті ғылым.
Медициналық қызметкерлердің күш-жігері тек науқасты емдеуге ғана емес,
аурудың алдын алуға, адамның денсаулығы мен өмірін қорғауға бағытталған.
Деонтологияның тараулары:
• Мейірбикемен науқастың қарым-қатынасы.
• Мейірбикемен қоғам арасындағы қарым-қатынас.
• Мейірбикемен науқастың туысқандарының ортасындағы қарым қатынасы.
• Мейірбикемен әріптестер арасындағы қарым- қатынас.
Деонтология мен этиканың принциптерін қолайлы іске асыру үшін мынандай
жағдайлар қажет: парыз сезімі, өз мамандығына бейімділігі мен білімін үнемі
жетілдіру, медициналық қызметкер сырқат сеніміне кіріп, ауруынан
жазылатындығына иландыру.
Гиппократ: Не істеу керек болса да бәрін байсалды және шебер істей
біл... Реті келгенде сырқатты көңіл аулағыш орынды сөздермен, достық
пейілмен мақұлдау керек. Қажетті жағдайда оның орынсыз талабын қатал да,
орнықты түрде ысырып, ал кей кезде оған сүйіспеншілік білдіріп, басу айту
керек деген.
Науқасты емдеуде сөздің ролі әрдайым жоғары, кей кезде сырқат көзінше
медициналық қызметкерлер көбірек сөйлеп қояды. Ол ятрогенияға әкеліп
соқтырады. Науқасқа әр түрлі психикалық сөз әсерлерінен болатын жағдай
эгротогения деп аталады.
Ятрогенді ауру – медицина қызметкерінің сөзінен, ісінен пайда болатын
ауру. Ол медициналық қызметкерлердің теріс түсіндірген сөзінен немесе мінез
- құлқынан шығады. Кіші мейіркеш немесе техникалық қызметкерлердің сырқатқа
зерттеу нәтижесін қате болжап, айтып берген жағдайда да кездеседі. Сөз
науқасты емдеп қана қоймайды, оны жаралауы да мүмкін екендігін мейірбике
жанында ұстап, науқас көзінше түсініксіз терминдерді айтпауға тырысу
керек.
Ятрогенді аурулардың себептеріне: жалпы және медициналық мәдениетінің
жетіспейтіндігі, асығысты, науқастың ыңғайсыз диагнозын болжау, зерттеу
нәтижесін дұрыс түсіндірмеу жатады. Кез келген ауру жағдайында мейірбике
науқастың психикасын бұзбауға тиіс.
Науқастар ауруханаға түсіп, өздерінің қасына адамдар жинайды,
дәрігерден артықпыз деп ойлайды, басқа науқастарға агрессивті түрде
өздерінше оңды-солды кеңестер, нұсқаулар береді, өздерінің тыңдаушыларын
депрессияға, толқуға ұшыратады. Мейірбике мен дәрігер осы сырқаттарға
ерекше көңіл аударып, түсіндіру жүмысын ж.ргізгенде терең білім мен ақылды
қолдану қажет. Науқасқа дәрі-дәрмектерден гөрі, Сіздің түсінушілігіңіз,
моральдық қолдауыңыз керек.
Ал науқастың өзіне әсері жақсы, жаман ойлауы эгогения деп аталады.
Эго дегеніміз :
- ішкі мәдениеттің ережелерін сақтау, тәртіпті сақтау, қоғамдық
жағдайларға үнемділікпен қарау, татулық, әріптестік сезім;
- сыртқы мәдениет ережелерін, тәртіпті сақтау, сыпайлық, әдептілік,
жақсы сөз, сәйкес келетін киім сыртқы жинақылық, денесінің, киімінің, аяқ
киімінің тазалығын сақтау т.б.
Субординация –қызметіне қарай бір-біріне бағыну.
Мейірбике дәрігердің бірінші көмекшісі. Дәрігерге қарағанда
мейірбикелер жұмыс кезінде көп уақытын науқастармен өткізеді. Мейірбикелер
науқастың көңіл –күйін, қорқыныш-уайымын, жасалып жатқан емнің түрлерін
жақсы біледі. Емнің ең басты мақсаты – дәрігердің, мейірбикенің,
науқастардың сеніміне кіруі мен олардың талабына сай келуі.
ЭТИКА – дегеніміз гректің мінез, әдет-ғұрып деген сөзінен шыққан
философиялық ұғым. Яғни адамдардың мінез-құлқы, әдептілігі туралы ілім.
Этика адамдар мен адамдардың арасындағы адамгершілікке толы қарым-
қатынастардың озық үлгілерін, жақсы дәстүрлерін оқытатын қағидалар
жиынтығы.
Этика - мораль туралы ілім, яғни адамгершілікті, ізеттілікті,
кішіпейілділікті, әдептілікті оқытады. Ал мораль дегеніміз қоғамдық сананың
бір түрі немесе бір көрінісі. Адамдардың арасында ежелден қалыптасқан жақсы
мінез-құлқы мен инабатты, адамгершілікке толы қарым-қатынастарын реттейтін
принциптер мен жиынтық ережелерін мораль дейміз. “Адам адамға – дос,
жолдас, бауыр” – деген ұлағатты сөз этикасының ең негізгі қағидаларының
бірі. Медициналық этика – медициналық қызметкерлер жұмысындағы гуманизм
көрінісі, деонтологияның теориялық негізі болып саналады.
ДЕОНТОЛОГИЯ – (гректің deon – тиіс, керек деген сөзінен шыққан)
дегеніміз әрбір жеке адамның бүкіл адам баласы мен қоғамның алдындағы
атқаруға тиіс міндетін, борышын, парызын оқытатын этиканың негізгі бір
саласы. Деонтологияның негізгі принципі – адам жеке басының қамын ойламай,
өз мұддесін халық пен қоғамның қажеттілігіне саналы түрде бағындыра отырып,
жеке басының мүддесін қоғамдық мүддемен гармониялық түрде үйлестіре
алуында.
Медициналық деонтология дегеніміз – медицина қызметкерлерінің адам
баласы алдындағы, қоғам алдындағы атқаруға тиіс кәсіптің парызы мен өтеуге
тиіс борышын оқытатын ілім.
Дүние жүзі, халықтарының әрқайсысының өздерінің ұлттық діни, қоғамдық,
мәдени ерекшеліктеріне қарай әр дәуірде денсаулықты сақтау этикасы мен
медициналық этика жөніндегі көзқарастары әртүрлі болған. Тарихқа жүгінсек
әртүрлі қоғамдық-экономикалы формацияларда адамның денсаулығы мен өнерін
сақтауға байланысты этикалық - нормалардың көптеген түрлері болғанына
көзіміз жетеді.
Қай заманда болмасын дәрігерлер мен емшілерден, медицина
қызметкерлерінен адамзатқа қызмет ету жолында олардың бойында
адамгершіліктің, мейірімділіктің, ізгі ниеттіліктің, адамға деген
сүйіспеншіліктің, жанашырлықтың мол болуын талап етіп отырған.
Мейірбикелік үрдіс
Мейірбикелік үрдіс – кәсіптік бикелік күтімді ұйымдастыру мен
орындаудың ғылыми әдісі.
Мейірбикелік үрдістің мақсаты – ауру қалпындағы өмірді қолайлы
қасиеттермен қамтамасыз ету, яғни емделушіні физикалық, психологиялық -
әлеуметтік және рухани тыныштықпен толық қамтамасыз ету, басқаша айтқанда:
емделушінің ағзасындағы 14 негізгі қажеттілікті қанағаттандыру, науқас
тәуелсіздігін қолдау және қалыпқа келтіру.
Қажеттілік дегеніміз – адамның денсаулығы мен амандығы үшін маңызды
психологиялық және физиологиялық тапшылық.
Адам өмір бойы қоршаған ортаға сәйкес өмір сүру үшін өз
мұқтаждықтарын үнемі қанағаттандыруы қажет.
Американдық психолог А. Маслоу адамдағы 14 негізгі қажеттілікті
қарастырды:
1. Тыныс алу
2. Тамақтану
3. Ішу
4. Бөліп шығару
5. Қозғалу
6. Дені сау болу
7. Дене қызуын сақтау
8. Ұйықтап, демалу
9. Киініп, шешіну
10. Таза болу
11. Қауіпсіз болу
12. Қарым – қатынас жасау
13. Өмірлік қазынаға ие болу
14. Қызмет ету, ойын ойнау, оқу
Тыныс алу қажеттілігі - оттегіні қажет ету адамның негізгі
физиологиялық қажеттіліктерінің бірі. Тыныс алу мен өмір ажырамайтын
түсініктер. Оттегі жетіспеушілігінде тыныс жиіленеді, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денсаулық сақтаудың және медицинаның жалпы теориялық жүйелік ілімдері
Реанимация бөлімшесі медбикесінің міндеттері
ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ПӘНІ РЕТІНДЕ
Денсаулық сақтау саласын жетілдіру
«ҚР қылмыстық-атқару құқығы» пәнінен лекциялар
Медициналық көмек және медициналық қызмет
Медициналық сақтандыру
Науқастың инфекцияларға бейімділігі
Төтенше жағдайлар пайда болған кезде санитарлы-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды өткізуді ұйымдастыру
Бейбітшілік уақытындағы төтенше жағдайдағы медициналық көмекті ұйымдастыру
Пәндер