Автоматтандырылған ақпараттық ресурс орталығы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:
АННОТАЦИЯ
Tezde kütüphane süreçleri bilgi ve kütüphane hizmetleri, elektronik kütüphaneler, hem de yerel alan ağları elektronik kaynaklar ile kullanıcılara sunmayı temel otomasyon için bilgi ve kaynak merkezlerinin kurumsal bir otomatik sistem oluşturmak içinteknik çalışma ve uzaktan hizmetsisteminde. Sistem veriyor elektronik katalog ( MARC formatı ve DublinCore ) ve e -kitap, kitap, dergi, referans ve öğretim materyallerinin tam metin veri tabanları, ve diğerlerioluşumu ve işleme. İşleme ve vb kitaplar, ders kitapları, dergiler, makaleler, notlar ve haritacılık materyalleri, ses ve video dahil olmak üzere yayınların her türlü, tanımı Çeşitli gerekçelerle istatistiksel bilgilerin oluşumu, Internet üzerinden elektronik kütüphane kaynaklarına uzaktan erişimuygulaması,
( Web 2. 0, cloudcomputing, Kütüphane 2. 0, vb ) ileri bilgi teknolojileri için destek.
В дипломной работе рассмотрена методика создания корпоративной автоматизированной системы информационно-ресурсных центров, предназначенных для автоматизации основных библиотечных процессов информационно-библиотечных учреждений, создания электронных библиотек, а также обеспечения пользователей электронными ресурсами как в локальных сетях, так и в системе дистанционного обслуживания. Система позволяет: формировать и обработать электронных каталогов (в формате MARC и DUBLIN Core) и полнотекстовых баз данных электронных учебников, книг, периодических изданий, справочно-методической литературы и др. ; обработать и описать любых видов изданий, включая книги, учебники, журналы, статьи, картографические материалы и ноты, аудио- и видеоматериалы, и т. д. ; формировать статистической информации по различным признакам, осуществить дистанционного доступа к электронным библиотечным ресурсам через интернет и поддержку передовых информационных технологий (Web 2. 0, Cloud Computing, Library 2. 0 и др. ) .
In the thesis work the technique for creating a corporate automated system of information and resource centers for basic automation of library processes information and library services, electronic libraries, as well as providing users with electronic resources in local area networks, and in the system of remote service . The system allows the formation and processing of electronic catalogs (MARC format and DUBLIN Core) and full-text databases of e-books, books, periodicals, reference and instructional materials, and others. Processing and description of any kinds of publications, including books, textbooks, magazines, articles, notes and cartographic materials, audio and video, etc. Formation of statistical information on various grounds, the implementation of remote access to electronic library resources through the Internet, support for advanced information technologies (Web 2. 0, Cloud Computing, Library 2. 0, etc. ) .
МАЗМҰНЫ
- Автоматтандырылған ақпараттық ресурс орталықтарының
қазіргі жағдайы және оларға ретроспективалық шолу
Корпоратив ақпараттық ресурс орталықтарындағы
қолданыстағы негізгі технологиялар
- Автоматтандырылған ақпараттық ресурс орталығының
жұмыс орындары мен бағдарламалық қамтамалары
Корпоратив ақпараттық ресурс орталықтарының
бағдарламалық платформасы
Корпоратив ақпараттық ресурс орталықтарындағы
қолданыстағы бағдарламалық қамтамалар
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Диплом жұмысын орындау барысында келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер жасалынған:
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;
- ҚП ХҚТУ-4. 2. 3-2009 Құжаттаманы басқару;
- ҚП ХҚТУ-4. 2. 4-2009 Жазбаларды басқару;
- УС-ХҚТУ-022-2013 Мамандықтар мен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің құрылымы, мазмұны, дайындау және бекіту тәртібі;
- УЕ-ХҚТУ-030-2013 Мамандық бойынша білім беру бағдарламаларының педагогикалық стратегиясын әзірлеу ережесі;
- ЖН-СМЖ-065-2013 Мамандықтың негізгі оқу жоспарын дайындау.
АНЫҚТАМАЛАР
Диплом жұмысында төмендегі анықтамалар қолданылды:
Ақпараттық ресурстар - кітапханалар, мұрағаттар, қорларда, мәліметтер бланкілерінде және басқа да ақпараттық жүйелерде жеке құжаттар немесе олардың жиымдары түрінде шоғырланған мағлұматтар жиынтығы.
Ақпараттық-ресурстар орталығы - университет студенттеріне, профессор-оқытушылар қауымы, ғылыми және т. б. қызметкерлер мен пайдаланушыларға кітапхана қорында сақталған ғылыми-білімдік және мәдени мұралар бойынша оқырмандарды қажетті әдебиеттер, басылымдар және т. б. құжаттармен толық және жедел кітапханалық, ақпараттық қызмет көрсету үдерісін қамтамасыз ету жүйесін айтамыз.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Диплом жұмысында төмендегі қысқартулар қолданылады:
- АЖО - автоматтандырылған жұмысшы орындары;
- АРО-Ақпараттық-ресурстар орталығы;
- АРО АЖ - АРО автоматтандырылған жүйесі;
- КАРО АЖ - Корпоратив АРО АЖ
- МҚБЖ МS Aссess - Microsoft Access мәліметтер қорын басқару жүйесі;
- ҚР МЖМБС - ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты;
- УЕ - университет ережесі;
- ЭК - Электрондық каталогтар;
Кіріспе
Корпоратив ақпараттық ресурс орталықтарының автоматтандырылған жүйелерінің (КАРО АЖ) заманауи электрондық кітапханалардың негізінде жасақталуы тек қана ақпарат сақтау қоймалары ретінде ғана емес, олар сонымен қатар, қоғамның өркендеу дәрежесінің негізгі сапалық көрсеткіштері болып табылады. Себебі, кітапхана жүйесі ғылым мен білімінің дерек көздерінің бірі және бірегейі болғандықтан, ғылыми-техникалық, әлеуметтік прогресс элементтері негізгілерінен саналады. Корпоратив ақпараттық ресурс орталықтарының автоматтандырылған жүйелерінің негізін құрайтын кітапханаларды ақпараттандыру ісі мемлекет пен қоғамның ақпараттандыру саласындағы кезе күттірмейтін мәселелері қатарында болып, бүгінгі ақпараттар тасқыны заманында, өзінің өзектілігімен ерекшеленеді [12, 13] .
Бұл қойылған мәселенің негізгі аспектілері - технологиялық және программалық-ақпараттық қамтамаларды бір мезетте, біріктіре өңдеу және оларды тәжірибеде тиімді қолдану үдерістері болып саналады [10] .
Айтылған проблемалардың барлығы көптеген білім, техника, өндірістік және шаруашылық кәсіптер және тағы басқа салаларына байланысты болып, осы салада бірнеше ондаған жылдар бойы қолданыстағы автоматтандырылған басқару жүйелерінің белгілі процестер бойынша зияткерлік өнімдері саналады.
Автоматтандырылған басқару жүйесінің негізгі құрылу принциптері мен функцияларын кітапхана ісінде, кітапханалық-библиографиялық кәсіпте автоматтандыру әдістері мен құрал-жабдықтары арқылы пайдалану - кітапхана ісінің негізгі маңызды факторы болған жаңа ақпараттық технологияларды корпоратив ақпараттық ресурс орталықтарының автоматтандырылған жүйелері қызметіне енгізуге алып келді.
Кітапханалық-библиографиялық процессті автоматтандырудың сәтсіздікке ұшырауы көбінесе, кітапхана басқарушыларының осы салада қажетті арнайы білімдерінің жеткілікті дәрежеде болмай, көптеген кітапхана мамандары өзінің кәсібіне жаңа ақпараттық технологиялардың заманауи түрлерін қалай және қандай жағдайда тиімді қолдану керек деген сұрақтарға жетерлі дәрежеде толық жауап бере алмауында болып тұр.
Корпоратив ақпараттық ресурс орталығының автоматтандырылған жүйесін жобалау процесінде келесі мәселелер: ақпараттық ресурстарға тез және толық қолжетімділік мүмкіндігінің қамтамасы; ақпараттарды жинау, өңдеу, жүйелеу және пайдаланушыға жеткізу; пайдаланушылардың ақпараттық технологиялар мен инновациялар туралы ақпараттық қажеттіліктерін анықтау және сұраныстарын қанағаттандыру; компьютерлік каталогтау және ақпараттық ресурстарды өңдеу (кітап, оқулық, журнал, газет, бейнематериалдар және т. б. ) ; ақпараттық ресурстар өзіндік банкін жинақтау; қажетті ресурстар жеткізіп беруіде пайдаланушы сұраныстарын қанағаттандыру бойынша делдалдық (аралық) қызметтер көрсету қарастырылып, жұмыс орындарын автоматтандыру үдерісі, бүгінгі күндегі кезек күттірмейтін өзекті мәселелер қатарында.
1. Автоматтандырылған ақпараттық ресурс орталықтарының
қазіргі жағдайы және оларға ретроспективалық шолу
- Корпоратив ақпараттық ресурс орталықтарының заманауи
қалыптасқан жағдайына шолу және олардың ерекшеліктері
Бағдарламалық қамтамасыздандыру автоматтандырылған ақпараттық ресурс орталықтарының құрамдас бөліктері ретінде маңыздыларының бірі болып саналады. Бағдарламалық қамтамасыздандыру құрал-жабдықтарынсыз техникалық қамтамасыздандырудың тіптен пайдасы жоқ, себебі олар жай ғана темірден жасалған өнім іспеттес болады. Ал мәліметтер базасынсыз электрондық каталогтарды жасау да, соған орай қажетті ақпараттарды іздестіруді жүргізу де мүлдем мүмкін емес.
Сондықтан, кез келген пәндік саладағы компьютерлік бағдарламаларды жасау кезінде ғылым мен технология секілді бағдарламалаудың білімі ғана емес, сонымен бірге пәндік саланың өзіне де кәсіпқойлықтың жоғары деңгейі қажет етіледі. Сонымен бірге, бүгінгі күндегі кең таралған қателіктің бірі - корпоратив ақпараттық ресурс орталықтарының автоматтандырылған жүйесі бағдарламалық қамтамаларын жасаудың күрделілігін тиісті дәрежеде бағаламалау болып табылады. Көптеген ұйымдар (университеттер, кітапханалар, ғылыми зерттеу және коммерциялық ұйымдар) өздерінің жеке Корпоративтік жүйелерін жасайды. Соған орай, бәрінен бұрын, олар мынадай келесі қателіктерге жол береді: Корпоративтік АЖ жасаудың тәжірибесі мен оның жағдайын алдын-ала зерттемей, қаражаттық есептеулер шығарылады; жүйенің мәліметтер базасы құрылымдарын жасау кезінде библиографиялық ақпараттарды ұсынудың халықаралық форматтарына сүйенбейді; Корпоратив АЖ білікті кітапханашылардың белсенділікпен тартылуынсыз және кітапхана жүйесінің өзінің жұмысына қатысуынан тыс жасалады.
Тәжірибе көрсеткендей, кітапханалық іс, библиографиялық ақпараттарды ұсынудың заманауи форматтарынсыз, кітапхана жүйесін басқару жүйелерінсіз өмір сүруге қабілетті автоматтандырылған ақпараттық ресурс орталықтарын жасау мүмкін емес [12] .
Егер, автоматтандырылған ақпараттық ресурс орталықтарын күрделі бағдарламалық-техникалық кешен ретінде қарастырсақ, онда, әдетте, оны модулдер жиынтығы және автоматтандырылған жұмысшы орыны (АЖО) түрінде көрсету мүмкін. Әлбетте, неғұрлым маңызды АЖО мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыздандыру болып табылады, өйткені, олардағы техникалық қамтамасыздандыру, ережедегідей, стандартты болып табылады және кез келген басқа автоматтандырылған жүйелерде пайдаланылады.
Автоматтандырылған ақпараттық ресурс орталықтарындағы АЖО стандартты жиыны мыналар болып табылады [16] : «Әкімгер»; «Каталогтаушы»; «Комплектеуші»; «Абонемент» және (немесе) «Оқырман»; «Кітап беруші». Сонымен қатар, автоматтандырылған ақпараттық ресурс орталықтары басқа да АЖО кіріктіре алады.
« Әкімгер » АЖО - бұл маманның бағдарламалық-техникалық кешені, оның басты функциясы жалпы жүйелік міндеттерді (диспетчерлеу, жекелеген АЖО келісілген жұмыстары, сыртқы желілермен және жүйелермен байланыс, өзекті жағдайдағы жалпы мәліметтер базасын мазмұндау және т. с. с. ) орындау болып табылады. Негізінен, мұндай АЖО мен КАРО АЖ жалпы да, арнайы да бағдарламалық қамтамасыздандыруды жақсы білетін маман жұмыс істейді.
«Каталогтаушы» АЖО - бұл электронды каталогтарды қалыптастыруға, кітапханалық ақпараттарды ұсынатын халықаралық форматтарға сәйкес мәліметтерді ендіруге, мәліметтер базасын түзетуге және толықтыруға байланысты маманның бағдарламалық-техникалық кешені. Әдетте, автоматтандырылған кітапханада «Каталогтаушы» АЖО бірнешеуі біртұтас бір желіге біріктірілген, ондай каталогтарды қалыптастыруға мамандандырылған кітапханашылар отырады.
« Комплектілеуші » АЖО - бұл кітапханалық қорды комплектілеумен айналысатын маманның бағдарламалық-техникалық кешені.
« Абонемент » АЖО және (немесе) « Оқырман » АЖО - бұл оқырмандарға және кітапхана қызметкерлеріне қызмет көрсету үшін арналған, олардың электронды каталогтағы қажетті ақпараттарды автоматтандырылған іздестірулерді жүргізуіне мүмкіндік беретін бағдарламалық-техникалық кешен. Әдетте, іздестіру (авторы, тақырыбы, шыққан мерзімі және т. б. ) негізгі элементтері, әр түрлі шектеулердегі түйінді сөздері және т. б. бойынша жүргізіледі. Маңызды нақтылайтын сауалдарды шығаруға, демек, қажетті ақпараттарды жылдам әрі нәтижелі табуға мүмкіндік жасайтын «Және», «немесе» қисынды операцияларын пайдалануға болады.
«Кітап беруші» АЖО - бұл әдебиеттер беру жөніндегі тапсырыстар мен функцияларға сәйкес кітапхана оқырмандарына әдебиеттерді беру қызметін орындайтын маманның бағдарламалық-техникалық кешені.
Кейбір корпоративтік АЖ мерзімді басылымдар қорын жинақтауды (комплектілеуді) және олардың дер кезінде келіп түсуін бақылауды жүзеге асыруға арналған « Мерзімді баспасөз » АЖО кіріктіреді.
КАРО АЖ бағдарламамен қамтамасыздандыру бірінші кезекте төмендегі негізгі функцияларды жүзеге асыруы тиіс: библиографиялық және фактографиялық ақпараттарды өңдеу, сақтау, оларды жазбалардың және олардың үйлесімділігінің кез келген элементтері бойынша іздестіру; иерархиялық жіктеулерді және тезаурустарды қолдау, тақырыптық іздестіру кезінде оларда тіркелген іздестіру белгілері арасындағы мағыналық қарым-қатынастарды пайдалану, тізімдер түріндегі материалдарды, библиографиялық және фактографиялық, қандай да бір жіктеулер мен алфавиттер индекстері бойынша сортталған жазбаларды іріктеу; басылымның даналық (саны) қамтылуы туралы мәліметтерді шығару, оқырмандардың талаптарын автоматты түрде қалыптастыруда тікелей ЭК жұмыс істеу кезінде сақтау бірліктері арқылы оқырмандар тапсырыстарын жүзеге асыру; сақтау бірлігін беруді және қайтаруды олардың тұрған жері және алынғаны туралы өзгертілген мәліметтерімен, сондай-ақ оқырман формулярындағы мәліметтер туралы бір мезгілде қатар жазу (тіркеу) ; жеке авторлар мен ұжымдар туралы нормативті жазбаларды іздестіру кезінде пайдалануды қолдау; қолданушыға қиындықтар тудыратын жағдайлар үшін анықтамалық мәліметтердің болуы; тапсырыс берілген құжаттар туралы жазбаларды ендіру және олардың кітапханаға түсуін есепке алу; іздестіру нәтижелерін қабылданған формасында экранға және принтерден шығарып беру; мәтіндік файлдардан мәліметтерді салу (жүктеу) және мәтіндік файлдардағы мәліметтер базасынан жазбаларды алу (түсіру) ; рұқсат етілмеген қол жетімділіктен мәліметтер базасын қорғау; апатты оқиғалар жағдайларында мәліметтер базасын қалпына келтіру.
КАРО АЖ келесі түрдегі: кестелік, мәтіндік, әмбебап және арнайы қабықшалар (деректер базасы басқару жүйесі), сондай-ақ жалпы жағдайдағы кітапханалар автоматтандырылған жүйелерді басқаруды жасауға бағдарлануы тиіс басқа да арнайы бағдарламалар пайдаланылады. Яғни, кітапханадағы қолданылған бағдарламалық-техникалық кешендер жеке кітапханалық процестерді автоматтандыруға ғана емес, сонымен қатар әкімшілік-басқару, мәдени-оралымдық және басқа да кітапханаға байланысты қызметтерге бағдарлануы тиіс. Автоматтандырылған ақпараттық ресурс орталықтары, сонымен бірге, автоматтандырылған ақпараттық жүйелер секілді «адам-машина» жүйесі де болып табылады.
Д. Архипов корпоративтік АЖ тән келесі төмендегі жалпы белгілерді бөліп қарастырады: корпоративтік АЖ әмбебап немесе интегралды болып табылады және библиографиялық ақпараттар талаптарына сәйкестіктегі кітапхана қолданушыларына ақпараттарды ұсынуды қамтамасыз етеді; отандық та, шетелдік те қолданушылар үшін әр түрлі автоматтандырылған ақпараттық ресурс орталықтарымен форматтық сәйкестікті қамтамасыз етеді; құжаттар мен абоненттерді есепке алу үшін штрихтық кодтау және т. б. технологияларды пайдаланады; мультимедиа-құжаттармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді; кітапханалардың корпоративтік жұмыстарын қолдауға қабілеттілікті иеленеді.
Біршама деңгейдегі корпоративтік АЖ келесі кітапханалық өндірістік процестерді автоматтандыруды қамтамасыз етеді: «Комплектілеу», «Каталогтау» және «Анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету». Оларда стандартталған ендіру үшін лингвистикалық қамтамасыздандырудың тармақталған аппарат пайдаланылады, бұл құжаттарды каталогтандырудың жоғары деңгейінің және мәліметтер базасындағы библиографиялық ақпараттарды іздестірудің жеткілікті ұйымдастырылғанын дәлелдейді.
Д. Архипов «ИРБИС» жүйесіндегі «Мерзімді басылымдарға жазылудың» және лингвистикалық қамтамасыздандырудың көшбасшы екендігін анықтады. Комплектілеу, каталогтау, абонементке қызмет көрсету жөне мерзімді басылымдармен жұмыс бөлімінде бірінші орынға «Руслан» жүйесі, ал қолданыстағы іздестіруде, анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсетуде және салыстырып тексеру қорында - «РФ Президентінің Әкімшілік Кітапханасы» шығып отыр.
Кез келген жағдайда жүйенің қолда бар модернизация мүмкіндіктері барынша ұзағырақ қамтамасыз етілуі, оның үстіне оның өмірлік циклының жалғастырылуы маңызды. Отандық кітапханалардың бірқатарында кей-кейде КАРО АЖ жаңартудың мүмкіндіктерінің (әзірлеуші кітапханалардағы қолда бар нұсқаларын одан ары қарай қолдауды қаламайды) мағынасы да жоқ.
Біздің елімізде кітапханалардағы автоматтандырылған жүйенің алғашқы әзірлеушілері мен ендірушілері ретінде информатика саласының мамандары шұғылданғанын байқауға болады. Сонымен бірге, автоматтандырылған ақпараттық ресурс орталықтарын жобалай отырып, әзірлеушілер оларға басқа объектілерді (кәсіпорын, мекемелер және т. б. ) автоматтандыруға арналған тәсілді көшіруге талпынды. Олардың пікірінше, бұл процестер ақпараттарды ұсынудың стандарттандырылған жоғары деңгейімен сипатталуы, кітапханалардың әр түрлі бөлімшелеріндегі біртіндеп көшірілетін екінші нұсқасының шартты-тұрақты ақпараттарының айтарлықтай көлемі болуы себебінен кітапханалық технологиялық процестерді автоматтандыру ерекше еңбекті көрсетпейді.
Алайда, жобаларды жүзеге асыру іс-шаралары бойынша олардың кітапханаларды автоматтандыруға арналған оңайлатылған тәсілдерінен бас тартуына және автоматтандырудың барынша күрделі объектілерін көрсететін кітапханалық өндірістік процестердің қарым-қатынастарының барлық нәзік тұстарын ұғынуына тура келді. Сондықтан да болар оларда бір-бірімен өзара әрекет етуші параметрлердің көп саны пайдаланылады.
Сонымен бірге, бастапқыда аналитикалық қызметті немесе үлкен қаржылай шығындарды қажет етпеген процестер ғана автоматтандырылды. Мысалы, комплектілеу үшін құжаттарды іздестіру және іріктеу. Сонымен қатар, мысалы, абоненттің талаптары бойынша қордан кафедраға роботталған іріктеуді беру және құжаттарды жеткізу автоматтандырылмаған.
Автоматтандырудың бастапқы сатысында қарастырылмаған кітапханалық технологиялық процестерді әзірлеушілердің қалыптастыруына тура келді, мысалы, авторлық белгіні және сақтау шифрін автоматтандырылған түрде анықтау.
КАРО АЖ әзірлеу көп жағдайда АБЖ (АСУ, АСУТП) және басқа ААЖ (АИС) әзірлемесінің ережелерімен ұқсас. Сондықтан да оларды әзірлеу үшін көбінесе Oracle, Informix және Sybase, MS SQL Server, InterBase, MySQL және т. б. заманауи МҚБЖ(СУБД) пайдаланылады.
Мәселен, реляциялық МҚБЖ MySQL ашық кодпенен еркін таратылғаны болып табылады. Ол басқа да көптеген МҚБЖ(СУБД) секілді SQL (Structured Query Language - құрылымданған сауалдардың тілі) деп аталатын мәліметтер базасының тіліменен өзара әрекеттеседі.
MySQL бойынша көп ағымды SQL-серверді ұстап тұратын, мәліметтер базасының әр түрлі есептеу машиналарын, сондай-ақ бірнеше әр түрлі клиенттік бағдарламалар мен кітапханаларды, басқару құрал-жабдықтарын және бағдарламалық интерфейстердің (API ағылшын. «application programming interface» - қосымшасы операциялық жүйелерге және басқа да сервистерге қолжетімділікті алатын қолданбалы бағдарламалардың интерфейсі) кең спектрін қолдауды қамтамасыз ететін клиент-сервер жүйесі болып табылады.
Я. Л. Шрайберг автоматтандырылған кітапханалық жүйелерді әзірлеуге арналған төмендегі жалпы жүйелік талаптар мен ережелерді қарастырады: «технологиялық процестерді типтендіру және бірегейлендіру; ақпараттар мен формалардың кіру және шығу түрлерін және құрылымдарын максималды бірегейлендіру; бастапқы ақпараттардың кіруінің бір реттілігі және оны пайдаланудың көп мақсаттылығы; әзірлемені енгізуді, іздестіруді сақтауды және ақпараттарды беруді қамтамасыз ету үшін заманауи бағдарламалық және аппаратуралық құрал-жабдықтарды пайдалану; аппаратуралық және бағдарламалық құрал-жабдықтарды агрегат модульді өсіру жолымен жүйелерді дамытуды қамтамасыз ету; жүйелерді әзірлеу үшін, әдеттегідей, типтік аппаратуралық қамтамасыздандыруды және белгілі бағдарламалық құрал-жабдықтарды пайдалану; басқа кітапханалық АЖ, кітапханалық интеграциялар және кооперациялар жүйелерімен сәйкестікте қамтамасыз ету».
Ресейлік нарықта бағдарламалық кешендер әзірлемелерінің барынша кең таңдауы ұсынылған. РФ Мәдениет министрлігі БАЕО (Бас ақпараттық-есептеу орталығы) кітапханалық жүйелерді әзірлеушілердің арасында «АЖ-Кітапхана», «АЖ-Бибиофил», «Зағиптар үшін Кітапхана»; БЕН РАН («SOLAR», «Сочи», «DIISKAT») ; Қазақстандағы ГПНТБ («АС ГПНТБ», «ИРБИС») және т. б. секілді КАРО АЖ әзірлемелерін орындаған. Бағдарламалық құрал-жабдықтар кешендері ПО автоматтандырылған жұмысшы орындары модулдерінен тұрады. Яғни, төмендегі функцияларды орындауды қамтамасыз ететін АЖО жасалады: бағдарламалық құрал-жабдықтар кешенін таңдауға байланысты толықтырма, өңдеу, абонементке және басқаларға қызмет көрсету.
Ірі кітапханалардағы ЭК дамуымен бірге олардың библиографиялық ресурстарына тек кітапхана оқырмандарының ғана емес, сонымен бірге Интернетті қолданушылардың кең шеңберінің де қол жетімділігі арта түседі. Теле қолжетімділікке шектеудің болуы, негізінен, отандық телефон желілерінің төмен сапасына, кітапханалар мен олардың қолданушылары үшін тораптық қызметтің біршама жоғары құнына байланысты. Осыған қарамастан, көптеген кітапханалар e-mail бойынша хабарламалармен алмасып, өздерінің Интернетке қолжетімділігін қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен бірге өзінің жеке сервері арқылы әр түрлі қызмет түрлерін қолдануды ұсынады. Сондай-ақ, 2001 жылдан бастап ведомствоаралық кітапханалық торап РФ LIBNET (ағыл. «Library Network») дамуда. Ол корпоративтік каталогтандырудың ұлттық жүйесін жасау жөніндегі қызметті жүзеге асырады. Оның Интернеттегі мекен-жайы http://www. nilc. ru/.
Корпоративтік АЖ ендірудің және ақпараттық торапқа қолжетімділігінің арқасында кез келген кітапхана виртуалды кітапхана бола алады, яғни ол құжаттары мен өздерінің құжаттарының мәтіндері туралы жеке ақпараттарын электронды түрде ұсынып қана қоймай, сонымен бірге әр түрлі құжаттарға және басқа да ИР-ға және Интернеттегі ақпараттық қызмет көрсетулерге сілтеме жасай алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz