Қазақстан Республикасының депозит нарығы


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 5

1. Банк капиталының мазмұны және құралу көздері . . . 7

1. 1 ҚР екінші деңгейлі банктердің меншік капиталын құралу көздері . . . 7

1. 2 ҚР екінші деңгейлі банктердің тартылған қаражаттарының құралу көздері. 19

1. 3 Банк капиталын жұмылдырудың шетел тәжірибесі . . . 30

2. ҚР депозит нарығын және «Каspi bank» АҚ қаржылық қызметін талдау . . . 37

2. 1. Қазақстан Республикасының депозит нарығын талдау . . . 37

2. 2. «Каspi bank» АҚ активтерін талдау . . . 45

2. 3 «Каspi bank» АҚ қарыз қаражаттарын талдау . . . 47

2. 4 «Каspi bank» АҚ меншікті капиталын талдау . . . 54

2. 5 «Каspi bank» АҚ кіріс пен шығындарын талдау. 56

3. ҚР коммерциялық банктердің капиталын жұмылдыру мәселелері және оны жетілдіру жолдары58

3. 1 ҚР екінші деңгейлі банктердің депозит операцияларын жетілдіру мәселелері . . . 58

3. 2 Екінші деңгейлі банктердің капиталын басқаруды жетілдіру жолдары . . . 62

Қорытынды . . . 70

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 72

Қосымшалар . . . 73

Белгілеулер мен қысқартулар

АҚ - акционерлік қоғам

VIP - жоғары дәрежелі персона

ЖЗҚ- Жинақтаушы зейнетақы қоры

ЖҰӨ- Жалпы Ұлттық өнім

ҚР ҚБА - Қазақстан Республикасының қаржылық бақылау агенттігі

КИК- Казақстан ипотекалық компаниясы

ҚР - Қазақстан Республикасы

Млрд. тенге- миллиард тенге

СИК- салықтөлеушінің идентифицирленген коды

СТН - салық төлеушінің нөмері

ҰБ - Ұлттық банк

% - пайыз

ROA - активтер рентабельдігі

ROE - капитал рентабельдігі

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі Коммерциялық банктер басқа да шаруашылық қатынастар субъектілері сияқты өзінің коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз етуі үшін ақша қаражаттарының, яғни ресурстардың белгілі бір сомасына иелік етуі қажет. Экономика дамуының қазіргі жағдайларында ресурстарды қалыптастыру мәселесі бірінші дәрежелі мәнді болып табылады. Бұл экономикалық нарықтық моделіне көшумен, мемлекет - монополиясының банктік іске ауыстырылуы, банктік жүйенің екі деңгейлі жүйесін құрумен, «банктік капитал» ұғымының сипаты маңызды өзгерістерге ұшырауда.

Банк капиталы - бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активті операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.

Қазіргі кезеңде банктік капиталдың құрылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден, коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттарға: Ұлттық Банк тен және басқа да несиелік мекемелерден алынған несиелер, басқа банктердің, корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операциялар нәтижесінде алынған тауарлы-материалдық құндылықтар жатады.

Банк капиталы нарығының пайда болуымен қатар бағалы қағаздар нарығы қалыптасады. Сонымен бірге банктер жаңа қызмет түрлері ретінде бағалы қағаздармен, факторинг, лизинг және басқа операциялармен жұмыс жасай бастады. Бұл, яғни банктің ресурстық құрамына тек қана ақшалай қаражаттар емес, сол сияқты тауарлы - материалдық құндылықтар және бағалы қағаздар кіреді дегенді білдіреді. Ұлттық банк «банктердің банкі» болып табылатындықтан, коммерциялық банктердің ресурстарының бір бөлігі сол банктен алған ресурстардан да құрылады.

Демек, коммерциялық банктер ерекше бір кәсіпорын ретінде делдалдық қызметке байланысты, банктік ресурстар нарығында ақшалай ресурстарды сатып ала отырып, оны қажет ететін кәсіпорынға, ұйымға және халыққа сатып отырады

Қазақстан Республикасының банктік секторы соңғы 20 жыл аралығында қарқынды даму үстінде. Ол - ТМД елдеріндегі ең жоғарғы капиталдандырылған коммерциялық банктері бар алғашқы қатардағы ел болып табылады. Дегенімен, бүгінгі таңда өте маңызды мәселелердің бірі - жалпы банктік жүйенің тұрақтылығын қамтамасызету болып табылады. Себебі 2008 жылы басталған әлемдік қаржылық дағдарыстың басты себебінің бірі болып банк капиталының жеткіліксіздігі болып табылады. Осы нормативке байланысты сарапшылар Базель ІІІ келісімінің талаптарын өзгерту керектігін атады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі Банк капиталын жұмылдыру мәселелері көптеген белгілі шетел және қазақстандық ғалымдардың, мысалы В. И. Колесниковтің, О. И. Лаврушиннің, С. Сейткасимовтің, М. С. Саниевтің еңбектерінде зерттелген.

Зерттеу объектісі: ҚР екінші деңгейлі банктердің капиталы.

Диплом жұмысының мақсаты - банк капиталын қалыптастыру тәртібі мен қазіргі таңдағы отандық банктердің капиталын жұмылдыруды ұлғайту перспективаларын айқындау.

Жоғарыда аталған мақсаттарға сәйкес келесі міндеттерді орындау қажет:

- «банк капиталы» ұғымының теориялық негіздерін зерттеу;

- банк капиталын қалыптастыру көздері соның ішінде меншікті капиталды және тартылған ресурстарды талдау;

- банк капиталын жұмылдырудың шетелдік тәжірибесін зерттеу;

- «Каspi bank» АҚ-ның қаржылық көрсеткіштерін талдау ;

- «Каspi bank» АҚ-ның меншікті капиталын және қарыз қаражаттарын талдау.

-зерттелген мәліметтер негізінде теориялық және тәжірибелік қорытындылар жасау;

-банктің капиталын жұмылдыруды дамыту үшін нақты ұсыныстар жасау.

Әдістемелік негіз ретінде: ҚР «Банк және банк қызметі туралы» Заңы, ҚР қаржылық ұйымдар мен қаржы нарығын қадағалау мен реттеу Агенттігінің және ҚР Ұлттық банкінің шығарған нормативтері, шектеулер мен ережелері, сонымен қатар шетелдік және отандық авторлардың еңбектері, бұқааралық ақпарат көздерінен алынған мәліметтері, статистикалық көрсеткіштер, ҚР ҰБ 2012-2013 жылдар аралығындағы есептері, «Каspi bank» АҚ 2012-2013 жылдар аралығындағы жылдық есептері негіз болды.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен құрылған.

1 Банк капиталының мазмұны және құралу көздері

1. 1 ҚР екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталының қүралу көздері

Банк капиталы - бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.

Нарықтық қатынастарға өту барысында банк капиталының құрылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден, коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық Банктен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің, корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынған тауарды-материалды құндылықтар жатады.

Коммерциялық банктердің капиталының құрылымы олардың мамандануы, әмбебаптығы және қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді [1] .

Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:

1) Банктің меншікті капиталы.

2) Банктің тартылған қаражаттары.

Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен. Меншік капиталға барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10% - ға жуық бөлігі өтелсе, ал қалғаны тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.

Сонымен, қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптар құрайды:

- Жарғылық капитал;

- Резервтік капитал;

- Қосымша капиталдар;

- Банк операциялары бойынша тәуекелді төмендету мақсатында құрылған қорлар (резервтер) ;

- Бөлінбеген банк пайдасы.

Банктің меншікті капиталы банктің несиелік ресурсы ретінде тартылған ресурстармен тығыз байланыста болып, олармен бірге айналымға қатысады. Банктің меншікті капиталы, банк үшін маңызы өте зор.

Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды қадағалау және реттеу агенттігімен қоятын пруденциялдық нормативтер туралы ережесіне сәйкес, меншік капиталға деген негізгі талаптарының бірі - меншік капиталдың жеткіліктілігін сақтау болып табылады. Оны 3 әдіспен шешуге болады:

1. Әрбір кезең арқылы капиталдың мөлшерін ұлғайту;

2. Жалпы активтердің соммасын қысқарту;

3. Тәуекелділігі жоғары салымдардың көлемін қысқарту

Банк қызметін қадағалау жүйесінде ағымды, есеп айыру, депозиттік шоттардағы қалдықтар бойынша міндеттемелерді орындау үшін, өтімділігі жоғары активтер көлемінің жеткіліктілігін сақтаудың маңызы өте зор.

Банк капиталы пассивтік операцияларды жүргізу нәтижесінде пайда болады әрі банктегі баланстың пассивінде көрсетіледі.

Банк капиталын банктердің өзіндік қаражаты, қарыз қаражаты және тартылған қаражаттары құрайды. Банк жұмылдырылған ресурстарды пайда табу мақсатында орналастырады [2] .

Пассивті және активті операциялар бір-бірімен тығыз байланысты. Мәселен, пассивтердің құрылымы мен сипаты көп жағынан банктің активті операцияларды жүргізудегі мүмкіндігін анықтайды, ал несие саласындағы банк саясатының өзгеруі ресурстардың сипатына елеулі әсерін тигізеді.

Банк капиталын қалыптастырудың негізгі көздеріне банк клиенттерінің салымдары жатады. Алайда, бөтен капиталды тарту үшін банктердің меншік капиталы болуы керек. Бұл қиын сәттерде несие берушінің сенімділігін арттыруға қажет қаражаттар.

Банктің меншік қаражатына жарғылық және резервтік қорлары, сондай-ақ, банк пайдасы есебінен қалыптасқан өзге де қорлар, сақтандыру резервтері және бөлінген пайда жатады.

Банктің жарғылық қоры - банк ісін ұйымдастырудың бастапқы нүктесі. Оның формасына қарай жарғылық капиталдың қалыптасуы әртүрлі болады. Банктің ұйымдық-құқықтық формасына қарамастан оның жарғылық қоры толықтай қатысушылардың - заңды және жеке тұлғалардың салым ақшаларының есебінен емес, тек ақшалай қаражатпен ғана, әрі-беріден соң банк қатысушыларының өзіндік қаражатымен құрылады. Тартылған ақшалай қаражат жарғылық жарнасы үшін пайдаланылмайды.

Банктің жарғылық капиталына акционерлер қаражаттарды салумен қатар жыл сайын дивидендтер түрінде банк пайдасының бір бөлігін алып отырады.

Аударылатын дивиденттердің мөлшері, аударылатын кезегі мен тәртібі акциялардың түрлерімен және шығарылатын шарттарымен байланысты.

Банкке түскен пайда жеткіліксіз болған жағдайда артықшылығы бар акция бойынша дивиденттерді есептеу резервтік қордың есебінен жүргізіледі.

Коммерциялық банктің резервтік қоры активтік операциялардан болған залалдың орнын толтыруға арналған, банк облигациясы бойынша төлем көзі ретінде әрі алынған пайда жеткіліксіз болған жағдайда артықшылығы бар акция бойынша дивидендтердің көзі ретінде қызмет етеді. Резервтік қор түскен пайдадан жыл сайын аударылатын аударымдардың есебінен қалыптасады. Оның шекті мөлшері банктің жарғысында жарғылық қор шамасының 25-100% деңгейінде анықталған. Шекті мөлшерге жеткеннен кейін қалыптасқан резервтік қор, жарғылық қорға аударылады және оны есептеу қайтадан басталады.

Коммерциялық банктерде резервтік қормен қатар банктің таза пайда есебінен арнайы қорлар құрылады. Олардың қалыптасуы мен жұмсалуы банктің коммерциялық есеп айырысу туралы ережесімен реттеледі.

Банктегі өзіндік қаражаттың айрықша құрамдас бөлігіне банктің нақты операцияларды орындау арқылы қалыптастыратын сақтандыру резерві жатады.

Сақтандыру резерві - банк сатып алған құнды қағаздардың нарықтық құнының нақты төмендеуіне және берілген ссуданың қайтарылмауына байланысты орын алатын жағымсыз салдарды жою үшін тағайындалады. Бұл резервті қалыптастырудың міндетті сипаты бар [3] .

Банктегі өзіндік қаражаттың маңызды функциясы - банктің өз салымшылары алдындағы міндеттемесін қамтамасыз етеді. Ол шама ретінде қарастырылуы мүмкін, оның шегінде банк өз міндеттемесі бойынша жауапкершілігіне кепілдік береді. Банк іс-тәжиірбесінде өзіндік қаражат ресурстардың ысырапқа ұшырауы салдарынан залалдың орын алатынына қарамастан банктің төлем қабілетін сақтауға мүмкіндік беретін резерв ретінде саналады, өйткені, өзіндік қаражат акционерлерге міндетті түрдегі қайтарымға жатпайды. Банктегі өзіндік қаражаттың мөлшері оның қызмет ауқымын анықтап береді. Әдетте, Ұлттық банк экономикалық нормативтерді банктердің материалдық базасын дамытудың көзі болып табылатын өзіндік қаражаттың мөлшеріне қарай белгілейді. Оның есебінен банк өзіне қажетті үй-ғимаратты, машинаны, құрал-жабдықты, есептеуші техниканы және тағы басқа керек жарақтарды сатып алады. Аталмыш шығынды қаржыландырудың тікелей көзіне пайданың есебінен қалыптасатын, банктегі өндірістік және әлеуметтік жағынан қор жатады.

Өзіндік қаражаттың мөлшерін коммерциялық банктер көптеген факторларға қарай дербес анықтайды. Оның ішінде ол:

1) банктегі активтік операциялардың шекті мөлшерін анықтайды;

2) өз клиенттерінің өзіндік ерекшеліктеріне тәуелді;

3) өзінің актив операцияларының сипатына тәуелді,

4) Ұлттық банктің жүргізіп отырған несие саясатына және несиелік ресурстар нарығының даму деңгейіне тәуелді. Дамыған нарық жағдайында несие саясатын ырықтандыратын болсақ, коммерциялық банктер несие ресурстарына оңай қол жеткізеді әрі банкке қажетті өзіндік қаражаттың деңгейін кемітеді. Қаржы нарығының жеткіліксіз дамуына қарай ұштастыра отырып несие саясатын күшейтетін болсақ, өзіндік қаражатты тұрақты түрде өсіріп отыруға тура келеді.

Бұл арада банктегі өзіндік қаражаттың мөлшерін жинақтау түрінде арттырудың екі әдісі пайдаланылуы мүмкін:

- банктегі өзіндік қаражаттың мөлшерін;

- пайданы немесе шығарылатын акциялардың санын (банк пайшыларының санын) арттыру.

Пайданы жинақтау банктің резервтік және өзге де қорларын жылдам құру әрі оларды кейін капиталдандыру формасында жүзеге асырылады. Жылдың соңында пайданың бір бөлігін жарғылық қорға тікелей қосу арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл әдіс ең арзан әдіс болғандықтан акцияларды шығаруда қосымша шығынды қажет етпейді. Алайда, пайданы жинақтау өз кезегінде банктің нарықтағы позициясын әлсіретуге әкеп соқтырып мынадай жағдайға жол беруі мүмкін: пайданы жинақтау ағымдағы жылдың ішінде акционерлерге төленетін дивидендтерді кемітеді [4] .

Отандық коммерциялық банктер әбден қалыптасқан нарықта өз орнын тұрақты, сенімді, берік ету үшін әрекеттенетіні белгілі. Алайда, оларды көбінесе пайданы ұзақ мерзімді келешекте өсіруден гөрі ағымдағы дивидендтер проблемасы қинайды. Сол себепті де олар өзіндік қаражаттың мөлшерін жаңа акцияларды шығарудың есебінен қалыптасады. Банк қаражатының құрамы әртүрлі. Оның негізгі түріне банктің өз клиенттерінен жұмыс істеу процесінде тартқан қаражаттар және өзге несие мекемелерінен қарызға алынған қаражаттар жатады

Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдардарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие.

Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын және тағы басқа шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капитал есебінен банкте қажетті резервтер құрылды. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.

Меншікті және тартылған коммерциялық банк ресурстары Ұлттық Банкте ашылатын корреспонденттік шотта көрсетіледі. Бұл активтік шот, сондықтан да дебеті бойынша ресурстар, ал кредиті бойынша несиелік жұмсалымдар беріледі. Демек, дебеттік қалдықтың шамасы банктің бос резервінің мөлшерін көрсетеді. Банктің бос резервінің мөлшерін көрсетеді. Банктің бос резервінің мөлшері активтік операцияларға жұмсалмаған оның ресурстарының шамасын білдіреді. Осы бос резервтер сомасы қаншалықты жоғары болса, банктің тұрақтылығы соғұрлым жоғары, бірақ пайдасы төмен болады. Керісінше, егер бос жатқан қаражаттарының шамасы аз болса, онда тұрақтылығы төмен, пайдасы жоғары келеді. Сондықтан да, әрбір коммерциялық банк өзінің корреспонденттік шоттағы қалдығын үнемі ықшамдауға ұмтылады.

Банктің меншікті капиталы - банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әртүрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.

Банктің меншікті капиталы пассив операцияларына жатады және ол келесі баптардан тұрады:

  • Жарғылық капитал - жай акциялар (мерзімі шексіз бағалы қағаздар), ерекшелігі бар акциялар (дауыс беруге құқығы жоқ бағалы қағаздар) ;
  • Банктік резервтер - яғни, алдағы уақыттағы әр түрлі шығындарды жабуға, дивиденттер төлеуге, қайтарылмаған қарыздардың орнын жабуға арналады;
  • Қосымша төленген капитал - жай және ерекшелігі бар акциялардың сату курсы мен номеналдық курсы арасындағы айырмадан құрылады;
  • Қосымша төленбеген капитал - активтерді қайта бағалаудан құрылады;
  • Бөлінбеген таза кіріс - банк меншігінде қалатын, жылдан жылға жинақталатын кіріс сомасы;

1-сызба. Меншікті капиталдың құрылымы.

Ескерту: [4] пайдаланылған әдебиеттер негізінде кұрастырылған

Банктің ресурсы ретінде меншікті капитал акционерлердің диведенді формасындағы құнға ие. Бұл ресурстың көбеюі екі әдіспен жүруі мүмкін:

  1. Жарғылық капиталды көбейту;
  2. Таза кірісті көбейту;

Банктік қаражаттар құрылымындағы жарғылық капитал мен оған теңестірілген баптар, банктің тұрақтылығы мен оның жұмыс тиімділігін қамтамасыз етуде өте үлкен роль атқарады.

Мемлекеттік қадағалау органдарымен қойылатын пруденциялдық нормативтер негізінде банктің меншікті капиталының көлемімен байланысты болады. Осы қарастырылып отырған классификация негізінде реттеуштік функцияға банк капиталын несиелік пен инвестициялақ операцияларын шектеу мақсатында қолданылатын құрал ретінде жатқызады.

Басқа аналитиктердің айтуы бойынша, капиталдың басты мақсаты болып тәуекелділікті төмендету ретінде басшылыққа алып, капиталдың келесі функцияларына көңіл аударады:

  • Капитал, барктің шығындарын жаба алатын, сондай ақ оның төлем қабілетін сақтай алатын буфер ретінде қолданылуы;
  • Банктің төлем қабілетімен байланысты проблемалардан сақтап, қаржылық ресурстар нарығына жол ашуға мумкіндік береді;
  • Тәекелділікті төмендетіп, оның өсуіне жол бермейді;

Капиталдың несиелерге қатысты шығындарға қарсы буфер ретінде қызмет етуінде маңызы өте зор. Оның маңыздылығын келесі мысалмен келтіруге болады: егер банк клиенттері алған несиелер бойынша өз мінднттемелерін орындауды тоқтатса, лезде пайыздар мен негізгі төлемдер бойынша ақша қаражаттарының түсімі азаяды. Ақша шығымы өзгермейді. Түсім сомасы шығым сомасынан артық болып тұрған жағдайға дейін, банк өзінің төлем қабілеттілігін сақтайды. Мұнда да капитал өзінің буферлік қызметін атқарады, себебі ол міндетті шығымдарды азайтып отырады. Банк төлем қабілеттсіз болғандықтан, акциялар бойынша дивиденттердің төлем мерзімін ұзарта алады. Ал банк қарызы бойынша пайыздар төлеу міндетті. Жеткілікті капиталы бар банктер қосымша акциялар мен міндеттемелер шығарады, себебі аз түсімнен келген шығындардың орнын жаңа қаражаттармен жабу және уақыттан ұту керек. Неғұрлым банк капиталы жоғары болса, соғұрлым банк төлем қабілетсіз болғанға дейін, активтердің көп бөлігі төленуі мумкін және соғұрлым банктің тәекелділігі төмен болады.

Капитал дәстүрлі көздерден кәдімгі жай пайыздық ставка бойынша банкке қарыз алуға мүмкіндік береді.

Капитал қарыздың көмегімен қаржыланатын активтердің тәуекелдігінің өсуін азайтады және шектейді. Бұл қызметтер капиталдың ативтерге белгілеген мемлекеттік органдардың нормативтерімен тығыз байланысты. Егер банк қарыз мөлшерін көбейтуді немесе басқа активтерді сатып луды жоспарласа, онда олар жарғылық капиталды қосымша қаржыландыру көмегімен өсімді ұстап отыруы керек.

Сонымен, аталған банк капиталының аталған қызметтері көрсеткендей, меншікті капитал - банктің коммерциялық қызметінің негізі. Ол банктің тәуелсіздігіне жәе оның қаржылық тұрақтылығына кепіл болады, банктің түрлі қауіпті-қатерлі тәуекелділіктерді реттеу көзі бола алады. Меншікті капиталдың құрамында банктің жарғылық капиталының үлес салмағы маңызды екені белгілі. Ол меншікті бағалы қағаздарды шығару жолымен қалыптастырылады және сондықтан кеңінен оны акционерлік капитал деп атайды. Банктің жарғылық капиталының шамасы акционер-қатысушылардың акция ұстаушылардың жарнасынан жинақталады. Жарғылық капиталды қалыптастыру және көбецту меншікті акцияларды шығару мен орналастыру арқылы жүргізіледі. Бағалы қағаздардың шығарылуы тіркелуі тиіс, проспект эмиссиясы жарияланады, одан кейін теңгеге және шетел валютаға өткізіледі немесе материалдық құндылықтармен төленеді.

Банктің басқа да меншікті қаражаттарының капитализациясы жасалуы мумкін, ол бұрын шығарылған конвертацияланатын облигацияларды акцияға ауыстыру жолымен де іске асырылады. Шығарарылған бағалы қағаздарды толық орналастырған соң, банк талдау жасап, шығарылған бағалы қағаздар туралы қорытынды есеп жасацды. Ол Қазақстан республикасының Ұлттық банкімен бекітіледі. Ұлттық банк шетел валютасындағы капиталдың күшін заңды түрде жоюды және оны ұлттық теңгемен қайтта шығаруды ұсынды. Мұндағы негізгі проблема - курс, себебі онымен айырбас жүргізіледі, айырбас түрінен түскен табыстар мен шығындардың есебі жасалады. Кез келген табысты дивидент ретінде акционерлерге үйлестіруге болмайды. Ең басты мақсат- қандай бухгалтерлік есеп әдісі қолданылса да, бінші деңгейлі капиталға әсер етпейтінін қамтамасыз ету.

Конвертацияланатын курсы ретінде - ақша шығару кезінде тарихи курс болуы мүмкін. Бұл әдістің кемшілігі теңге түріндегі жаңа акцияның теңгедегі бірнеше номеналды шамасын алуға алып келеді, сол себепті тарихи курсты келісу кезінде кейбір қиындықтар туындайды.

Ұлттық банк белгілеген айырбастау өтетін күнінің датасын көрсету балама нұсқа болуы мүмкін және онда осы күнгі ресми курс пайдаланылады. Бұл әдістің артықшылығы айырбастан болған шығын немесе табысты есептеу де оңай.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банк
Қазақстандағы депозиттік нарық
Депозит нарығының экономикалық мәні мен мазмұнын, оның құрылымын, даму болашағы
Қазақстан Республикасындағы банк қызметтері
Банктің депозиттік (аманат) операциялары
Депозит нарығы туралы
Қаржы нарығының құрылым
Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларын қалыптастыру мен жетілдіру жолдары жайлы
Экономикалық ұғымдар
БАНК ДЕПОЗИТТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz