Мектеп оқушыларына кәсіптік білім беруде инновациялық әдістерді қолдану


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер
3
:
Нормативтік сілтемелер: Анықтамалар. .
3: 4
:
Нормативтік сілтемелер: Белгілеулер мен қысқартулар. .
3: 5
:
Нормативтік сілтемелер:
3:
:
Нормативтік сілтемелер: Кіріспе
3: 6
: 1
Нормативтік сілтемелер: Мектеп оқушыларына кәсіптік білім беруде инновациялық әдістерді қолданудың теориялық негіздері.
3: 10
: 1. 1
Нормативтік сілтемелер: Мектеп оқушыларын кәсіпке баулудың психологиялық -педагогикалық ерекшеліктері . . . .
3: 10
: 1. 2
Нормативтік сілтемелер: Технология пәнін оқытуда инновациялық әдістерді оқу үрдісінде қолданудың маңыздылығы .
3: 15
:
Нормативтік сілтемелер:
3:
: 2
Нормативтік сілтемелер: 7 -сынып оқушыларына белшалғыны конструкциялау мен модельдеуге үйрету әдістемесі . . . .
3: 21
: 2. 1
Нормативтік сілтемелер: Белшалғыны конструкциялау мазмұнына шолу . . . . .
3: 21
:

2. 2

2. 3

Нормативтік сілтемелер:

Белшалғыны конструкциялау мен модельдеуге үйретудің әдістері

Оқу шеберханасын жабдықтауға қойылатын эргономикалық талаптар

3:

23

33

: 2. 4
Нормативтік сілтемелер: Педагогикалық тапсырма «Белшалғыны құрастыру » . .
3: 39
:
Нормативтік сілтемелер:
3:
: 3
Нормативтік сілтемелер: Әйел киімдерін модельдеудің негіздері………
3: 45
: 3. 1
Нормативтік сілтемелер: Мата таңдау, сәннің сырт көрінісін анықтау . . .
3: 45
: 3. 2
Нормативтік сілтемелер: Киімнің атқаратын қызметі және оны топтастыру . . .
3: 47
:

3. 3

3. 4

3. 5

Нормативтік сілтемелер:

Киімнің пішімі және адам тұлғасының құрылымы, өлшемді алу . . .

Түрік халқының әйел көйлегін тігу технологиясы . . .

Бұйымның өзіндік құны . . .

3:

48

57

60

:
Нормативтік сілтемелер:
3:
:
Нормативтік сілтемелер: Қорытынды
3: 62
:
Нормативтік сілтемелер:

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Қосымшалар

Түрік халқының киім үлгілері (1-қосымша)

Түрік халқының киім үлгілерінің сызбасы (2- қосымша)

3: 63

НОРМАТИВТIК СIЛТЕМЕЛЕР

Дипломдық жұмыста келесi нормативтік құжаттарға сiлтеме жасалған:

- Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» заңы;

- Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;

Университеттің ішкі нормативтік ережесі:

- УЕ-ХҚТУ-015-2014 Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар;

- УЕ-ХҚТУ-027-2014 Қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізу ережесі.

АНЫҚТАМАЛАР

Дипломдық жұмыс (жоба) - тиісті саланың нақты мамандығының өзекті проблемасын студенттің өз бетінше зерттеуінің нәтижелерін жинақтауы болып табылатын бітіру жұмысы;

Білімнің базалық мазмұны - жалпы орта білім беретін ұйымдардың меншік нысанына, типі мен түріне қарамастан, меңгеруге міндетті, орта білім берудің келесі деңгейлерінде оқуды жалғастыруға жеткілікті болатын білім мазмұнының құрамы мен көлемі;

Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үдерісі.

Міндетті оқу бағдарламасы - үлгілік оқу жоспарының инварианттық компонентіне енетін әрбір оқу пәні бойынша білім, шеберлік және дағды мазмұны мен көлемін анықтайтын құжат.

Білім алушының дайындық деңгейі - тұлғалық, жүйелік-әрекеттік және пәндік нәтижелерінен көрінетін білім алушылардың орта білім мазмұнын меңгеру деңгейі.

Білім мазмұнын меңгерудің базалық деңгейі - білім алушылардың білім, шеберлік және дағдының міндетті көлемін меңгеру деңгейі.

Білім мазмұнын меңгерудің жетік деңгейі - білім алушылардың білім, шеберлік және дағдының кеңейтілген және тереңдетілген көлемін меңгеру деңгейі.

Оқу үдерісі - оқытудың арнайы ұйымдастырылған түріндегі жеке тұлғаның жалпы дамуы мен тәрбиесінің, білім беру мақсатын айқындайтын біртұтас педагогикалық үдерістің нақты көрінісі.

Инновация (ағылшынның іnnovatіon - жаңалық енгізу, жаңару) - бұл жүйе ішіндегі өзгеріс.

Модификациялық инновация - бұл қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысуы.

Комбинаторлық инновация - бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңа құрастыру.

Радикалдық инновация - білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады.

Педагогикалық технология - мақсаттар қою, оқу жоспары мен оқу бағдараламасын үнемі жақсартып отырудың, педагогикалық жүйелердің тиімділігі.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ТОПБ - технология оқу пәні бағдарламасы;

Университет - Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік

университеті;

Технология мұғалімі - мектеп технология пәнін оқытатын мұғалім;

ОТ - оқыту технологиясы.

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында "Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді акпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу" деп, білім беру жүйесін одағы әрі дамыту міндеттері көзделеді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күндслікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-катынасқа өту қажеттігі туындайды.

Қазақстан Республикасының алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық міндеттерінің аса күрделілігіне қарамастан, оның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуының сипаты, халықтың рухани, адамгершілік көзқарасы жастар арасындағы тәрбиеге байланысты. Ал ұрпақ тәрбиесі - Қазақстанда өтіп жатқан реформалар мен ғылыми-техникалық прогрестің алғы шарттарының бірі.

Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мүғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі - маңызды мәселердің бірі.

Бүгінгі таңда Қазақстанда Ш. Қаланованың, Ж. Қараевтың, Ш. Таубаеваның, Қ. Қабдықайыровтың, С. Лактионованың, М. Жанпсйісованың, Ә. Жүнісбек пен Қ. Нағымжанованың, С. Көшімбетованың, т. б. ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылады [1-9] .

Елбасымыз Н. Назарбаевтың "Қазақстан-2030" Қазақстан халқына арнаған Жолдауында "Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады" деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш - білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы ~ бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдeй талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздсп оқыту - бүгінгі күннің өзекті мәселесі [10] .

Сондықтан да оқушылардың ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі инновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелейді.

Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы өкілі ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Бүгін мектеп табалдырығын аттаған жас өркеннің ертең қандай адам болып шығатыны ата-аналар мен ұстаздар қауымының арасында мәңгілік таусылмас тақырып болып қалып отырғандығы да сондықтан. Бұл білім мен тәрбиенің егіз ұғым екенін көрсетеді. Сол себепті де білім беру жүйесінде жалпы азаматтық және ұлттық негізде жеке түлғаны дамыту және калыптастыру үшін қажетті жағдайлар жасалуда.

Бүгінгі мақсат - әрбір оқушыларға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау.

"Инновация" ұғымын анықтайтын нақтылы анықтама әлі де жасала қойған жоқ. Біз Ш. Таубаева мен Қ. Құдайбергенова берген анықтамаға сүйенгенді жөн көрдік, яғни "инновация" - бұл нақты қойылған мақсатқа жетуде ойға алынған жаңа нәтиже. Нақты мақсат дегеніміз не? Нақты мақсатқа қандай әдіс-тәсілдердің көмегімен жетуге болады? Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып, педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен нәтиже - жаңалыққа бет бұрудың кілті.

"Инновация" ұғымына шет елдік ғалымдардың көбі оған әр түрлі анықтамалар берген. Мысалы. Э. Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: "Инновация нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея". Майлс "Инновация - арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз" дейді [11] .

Инновациялық үрдістің негізі - жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді.

Инновация мәселелерімен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың еңбектерін, жазған анықтамаларын қарастырып, талдай келе біз бұл ұғымның түп-төркінін белгілі уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау деп айтқанды жөн көрдік. Сәл ертерек кездің өзінде белгілі қолданылып жүрген идеялар жаңа бағытта ұсынылса, мұның өзі инновациялы деп аталған. Осыларды негізге ала отырьш, инновацияны "жаңалық", "жаңа әдіс", "өзгеріс", "әдістеме", "жаңашылдық", ал инновациялық үрдісті "жаңа әдістеме құралы" деп ұғатын боламыз.

Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Кейінгі кезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп, тарату мәселесін қарастырады.

Мемлекеттік білім стандарты деңгейіңде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Ал жаңа педагогикалық технологияның түрі, қолдану ерекшелігі, одан туындайтын ділгір мәселелер бүгінгі таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген дүние.

Қазіргі оқу орындары мен педагогикалық ұжымдар ұсынылып отырған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай тандап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа сапалы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің басты талабы.

XXІ ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау бағытында Қазақстан жоғары оқу орындарының міндеті - әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру, ал жетекші оқу орындарының дипломдары күллі әлемге танылуы тиіс. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін шәкірттер мен мамандарды қазіргі қоғам үрдісіне сай инновациялық технологияларымен білім беру негізінде меңгерту қажет дей келе біз дипломдық жұмысымыздың тақырыбын « Мектеп оқушыларын инновациялық әдістермен белшалғыны конструкциялау мен модельдеуге үйрету әдістемесі (Түрік халқының киім үлгісінде) », - деп алуды жөн көрдік.

Оқу-тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялар мыналар: дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л. Занков, Д. Эльконин, В. Давыдов, В. Репин, В. Левин) ; оза отырып оқыту (С. Лысенкова) ; іс-әрекетті бағалау (Ш. Амонашвили, И. Волков) ; тірек және тірек конспектілері арқылы оқыту (В. Шаталов) ; саралап оқыту; шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесі; деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту; жобалап оқыту технологиясы.

Зерттеу мақсаты: Оқушыларды белшалғыны конструкциялау мен модельдеуге үйретуде инновациялық әдістерді пайдалану жолдарын анықтау.

Зерттеу нысаны: Оқушыларды белшалғыны конструкциялау мен модельдеуге үйрету барысы.

Зерттеу пәні: Технология сабақтарында инновациялық әдістерді пайдалану.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Мектеп оқушыларына кәсіптік білім беруде инновациялық әдістерді қолданудың теориялық негіздерін тұжырымдау;

- Оқушыларды белшалғыны конструкциялау мен модельдеуге үйрету әдістемесін айқындау;

  • Технология пәні бойынша оқушыларды белшалғыны конструкциялау мен модельдеуге баулу мазмұнына шолу;

- Оқушыларды белшалғыны конструкциялау мен модельдеуге оқытуда инновациялық әдістері мен формалар тиімділігін анықтау;

- Тігін шеберханасын жабдықтау және оларға қойылатын эргономикалық талаптарды қарастыру;

- Бұйымның бағасы мен өзіндік құнын есептеу.

Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық, әдістемелік, арнайы әдебиеттерді, мектеп оқулықтарын оқып үйрену және оларға теориялық талдау жасау; мұғалімдермен және оқушылармен әңгімелесу.

1 Мектеп оқушыларына кәсіптік білім беруде инновациялық әдістерді қолданудың теориялық негіздері

1. 1 Мектеп оқушыларын кәсіпке баулудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық міндеттерінің аса күрделілігіне қарамастан, оның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуының сипаты, халықтың рухани, адамгершілік көзқарасы жастар арасындағы тәрбиеге байланысты. Ал ұрпақ тәрбиесі - Қазақстанда өтіп жатқан реформалар мен ғылыми-техникалық прогрестің алғы шарттарының бірі. Білім беру саласындағы кейбір жағымсыз әрекеттердің орын алуы, мектептердің оқу-тәрбие жұмысының мазмұны, басқа да ТМД елдеріне қатысты халықтың ежелгі даму жолын анықтауда қазақ, мемлекетінің білім беру жәнс тәрбие туралы тұжырымдамаларының мақсаты - өрелі идеялар мен қағидалардың ғылыми жүйесін түзу. Бұл ретте халықтың этнопедагогикалық мұрасын ұрпақ тәрбиесінде пайдаланудың мәні зор. Алдымен, халықтық педагогиканы іс-ерекетте пайдаланып, адамгершілік сипат пен мінез-құлықты жастар арасында жаңартудың басты қағидалары: жеке тұлғалар арқылы қоғамды дамыту, демократикаландыру, ізгілендіру.

Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбсн бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мүғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі - маңызды мәселердің бірі.

Бүгінгі танда Қазақстанда Ш. Қаланованың, Ж. Қараевтың, Ш. Таубасваның, Қ. Қабдықайыровтың, С. Лактионованың, М. Жанпейісованың, Ә. Жүнісбек пен Қ. Нағымжанованың, С. Көшімбетованың, т. б. ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылады.

Елбасымыз Н. Назарбасвтың "Қазақстан-2030" Қазақстан халқына арнаған Жолдауында "Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады" деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш - білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы ~бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту - бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Сондықтан да оқушылардың ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі инновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелейді.

Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы өкілі ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Бүгін мектеп табалдырығын аттаған жас өркеннің ертең қандай адам болып шығатыны ата-аналар мен ұстаздар қауымының арасында мәңгілік таусылмас тақырып болып қалып отырғандығы да сондықтан. Бұл білім мен тәрбиенің егіз ұғым екенін көрсетеді. Сол себепті де білім беру жүйесінде жалпы азаматтық және ұлттық негізде жеке түлғаны дамыту және калыптастыру үшін қажетті жағдайлар жасалуда.

Бүгінгі мақсат - әрбір оқушыларға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздеріи беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау.

"Инновация" ұғымын анықтайтын нақтылы анықтама әлі де жасала қойған жоқ. Біз өз зерттеу жұмысымызда Ш. Таубаева мен Қ. Құдайбергенова берген анықтамаға сүйенгенді жөн көрдік, яғни "инновация" - бұл нақты қойылған мақсатқа жетуде ойға алынған жаңа нәтиже. Нақты мақсат дегеніміз не? Нақты мақсатқа қандай әдіс-тәсілдердің көмегімен жетуге болады? Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып, педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен нәтиже - жаңалыққа бет бұрудың кілті.

Инновациялық үрдістің негізі - жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді.

Инновация мәселелерімен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың еңбектерін, жазған анықтамаларын қарастырып, талдай келе біз бұл ұғымның түп-төркінін белгілі уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау деп айтқанды жөн көрдік. Сәл ертерек кездің өзінде белгілі қолданылып жүрген идеялар жаңа бағытта ұсынылса, мұның өзі инновациялы деп аталған. Осыларды негізге ала отырьш, инновацияны "жаңалық", "жаңа әдіс", "өзгеріс", "әдістеме", "жаңашылдық", ал инновациялық үрдісті "жаңа әдістеме құралы" деп ұғатын боламыз.

Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Кейінгі кезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп, тарату мәселесін қарастырады [12] .

Мемлекеттік білім стандарты деңгейіңде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Ал жаңа педагогикалық технологияның түрі, қолдану ерекшслігі, одан туындайтын ділгір мәселелер бүгінгі таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген дүние.

Қазіргі оқу орындары мен педагогикалық ұжымдар ұсынылып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай тандап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа сапалы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің басты талабы.

Тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор. Кәсібін терең түсінетін, өзінің білімі мен іскерлігі жан-жақты қолдана білетін мамандар кажет. Осы айтылған міндеттер - мамандар дайындайтын жоғары оқу орындарының алдында тұрған негізгі мәселелер. Өйткені халыққа білім беру реформасы "ғылыми негізге сүйенген пәнді оқытудың жоғары деңгеймен камтамасыз етуді" міндеттеп отыр .

Осы міндеттерді жүзеге асыру адамзаттың айға аяқ басып, жерді жеті айналуы арасында жеткен мол жаңалықтар "топтамасы" ақыл иесінің бірде төрткүл "дүниеге төрелік етсем" деген ұшқыр ойымен ұштасып, енді бірде өскелең ұрпақ өмірін қоғам талабына сай "инновациялық технологияны меңгеру кабілеттерін дамытсам" деген ізгілік ниетімен бірігіп жатыр. Қалай десек те, ізденіспен жаңалык дөңгеленген дүние тіршілігінің бойында айналған канмен тең. Қан айналымы тоқтаса, каңсыған күбідей тіршілік те суалмақ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепте Дизайн өнерін оқыту
Орта мектепте технология пәнін оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Педагогикалық үдерістегі инновациялық оқыту әдістері
Біліктілікті арттыру жүйесінде шетел тілі мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін дамытуды теориялық – әдіснамалық тұрғыда негіздеп, мәселені тиімді шешудің педагогикалық шарттарын анықтау
Химияны оқытудағы интерактивті технологиялар
GPS навигациялық жүйелерді қолдану
Ағылшын тілі сабағын оқыту барысында жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдалану
Мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін дамыту
Педагогикалық инновация педагогикалық жүйедегі жанашылдық
Тәлімгерлікті ұйымдастыру тәртібі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz