Мемлекеттік және жергілікті бюджеттерді қаржыландыруды басқарудың тиімділігін арттыру (ОҚО және Түркістан қаласы бюджеті мысалында)


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 127 бет
Таңдаулыға:   

Мемлекеттік және жергілікті бюджеттерді қаржыландыруды басқарудың тиімділігін арттыру (ОҚО және Түркістан қаласы бюджеті мысалында)

МАЗМҰНЫ

Қысқартулар мен белгілеулер . . .

Кіріспе . . .

4

5

: 1.
Қысқартулар мен белгілеулер . . .Кіріспе . . .: Мемлекеттік және жергілікті бюджеттерді қаржыландыруды басқарудың теориялық негіздері . . .
45: 8
: 1. 1.
Қысқартулар мен белгілеулер . . .Кіріспе . . .: Мемлекеттік бюджетті басқару, реттеу түсініктері және оның ұйымдастыру ерекшеліктері . . .
45: 8
: 1. 2.
Қысқартулар мен белгілеулер . . .Кіріспе . . .: Бюджеттік реттеудің тиімділігін арттырудың негізгі факторлары . . .
45: 17
: 1. 3.
Қысқартулар мен белгілеулер . . .Кіріспе . . .: Мемлекеттік бюджетті басқарудағы шетелдік тәжірибелер . . .
45: 32
:
Қысқартулар мен белгілеулер . . .Кіріспе . . .:
45:
: 2.
Қысқартулар мен белгілеулер . . .Кіріспе . . .: Бюджет жүйесін қалыптастыру мен оны басқарудың қазіргі жағдайы . . .
45: 45
: 2. 1.
Қысқартулар мен белгілеулер . . .Кіріспе . . .: Қазақстандағы қаржы жүйесін басқарудың ерекшеліктері . . .
45: 45
: 2. 2.
Қысқартулар мен белгілеулер . . .Кіріспе . . .: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік бюджетінің түсім мен шығын бөлімдерінің орындалу деңгейін талдау . . .
45: 54
: 2. 3
Қысқартулар мен белгілеулер . . .Кіріспе . . .: 2013-2015 жылдарға арналған ОҚО бюджетінің негізгі параметрлері . . .
45: 67
:
Қысқартулар мен белгілеулер . . .Кіріспе . . .:
45:
: 3.
Қысқартулар мен белгілеулер . . .Кіріспе . . .: Мемлекеттік және жергілікті бюджеттерді қаржыландыруды басқару мәселелері мен оны жетілдіру жолдары . . .
45: 79
: 3. 1.
Қысқартулар мен белгілеулер . . .Кіріспе . . .: Мемлекеттің қаржылық басқару саясатын жетілдіру жолдары . . .
45: 79
: 3. 2.
Қысқартулар мен белгілеулер . . .Кіріспе . . .:

Мемлекеттік органдарда бюджеттік жоспарлауды жетілдіру

жолдары . . .

45: 85
: 3. 3
Қысқартулар мен белгілеулер . . .Кіріспе . . .: Аймақ бюджетін қаржыландыруды басқаруды жетілдіру мәселелері және дамыту жолдары . . .
45: 94
:
Қысқартулар мен белгілеулер . . .Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
45: 99
:
Қысқартулар мен белгілеулер . . .Кіріспе . . .: Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .
45: 104
:
Қысқартулар мен белгілеулер . . .Кіріспе . . .: Қосымшалар.
45: 107

Қысқартулар мен белгілеулер

ҚР - Қазақстан Республикасы

НББ - Нәтижеге бағдарланған бюджет

бюджет базасының нығаюы (ББН),

АЭА - Арнайы экономикалық аймақ

АСР - Арнайы салық режимі

АЕК - Айлық есептік көрсеткіш

ДСҰ - Дүниежүзілік сауда ұйымы

ЖІӨ - жалпы ішкі өнім

ЖӨӨ - жалпы өңірлік өнім

ОҚО - Оңтүстік Қазақстан облысы

БН - Бюджеттік нәтиже

БТ - Бюджет табыстары

БШҚҚ - Бюджет шығындарын қаржылай қуаттандыру

ЖББ - Жергілікті бюджет базасы

ЖБПҚ - Жергілікті бюджеттің потенциалдық қуаттылығы

РББ - Республикалық бюджеттің базасы

ОББ - Облыстық бюджеттің базасы

ҚББ - Қалалық бюджеттік базасы

АББ - Аудандардың бюджеттік базасы

РБПҚ - Республикалық бюджеттің потенциалдық қуаттылығы

ОБПҚ - Облыстық бюджеттің потенциалдық қуаттылығы

ҚБПҚ - Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің потенциалдық қуаттылығы

АБПҚ - Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің потенциалдық қуаттылығы

БПҚН - Бюджет потенциал қуаттылығын нәтижелеу

ЖБШ - Жергілікті бюджет шығындары

ББШ - Бюджет жүйесінің базалық шығыстары

т. б. - тағы басқа

т. б. с. с. - тағы басқа сол сияқты

тг. - теңге

т. с. с. - тағы сол сияқты

% - пайыз

млн. - миллион

млрд. - миллиард

Кіріспе

Диссертацияның жұмыс тақырыбының өзектілігі. «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясында атап көрсеткендей «Біз бюджет саясатының жаңа принциптерімен қарулануға - өз мүмкіндіктеріміз шегінде ғана шығындануға және тапшылықты барынша мүмкіндікте қысқартуға тиіспіз. Ұзақ мерзімде олардың сақталуын қамтамасыз ете отырып, «қиын-қыстау» күнге резервтер жинау қажет.

Бюджеттік-қаржылық процеске деген көзқарас жекелей салымдарға көзқарас секілді ұқыпты да ойластырылған болуға тиіс. Басқаша айтқанда, бірде-бір бюджеттік теңге ысырап болмауға тиіс.

Мемлекет бюджеті ұзақ мерзімді перспектива тұрғысынан қарағанда өнімді, мәселен, экономиканы әртараптандыру және инфрақұрылымды дамыту секілді жалпыұлттық жобаларға бағытталуы тиіс»[1] .

Қазақстанда жүргізіліп отырған бюджеттік реформа бюджетті басқарудағы міндетті қайта бөлуге, бюджет жүйесінің әрбір элементінің: мемлекеттік бюджет, мемлекет субъектілерінің территориялық бюджеттері мен жергілікті бюджеттің рөлі мен маңызын арттыруға бағытталды. Қазақстандық экономиканың жаңа моделін жасау, оның ауыр жағдайы, бюджетаралық қатынастарға байланысты мәселелердің шиеленісе түсуі, тіпті көптеген территорияларға қажетті ең аз мөлшердегі шығынның баланс жасалмауы бюджеттік реттеу жүйесінің өзгеріске түсуі, экономикалық және әлеуметтік процестерге әсер ету тәсілдері мен амалдарын жетілдіруі керек дегенді білдіреді. Сондықтан да біз жүргізген зерттеулер теориялық тұрғыдан да, оларды практикалық жағынан шешу жағынан да өзекті деп санаймыз.

Қазақстандық экономиканың жұмыс істеп кетуінің басты шарты - территориалдық дамуды тиімді реттеумен қамтамасыз ету. Мемлекеттік реттеу субъектілерінің әлеуметтік және экономикалық проблемаларды шешуге байланысты жаңа концептуалдық тәсілі - негізін бюджет құрайтын олардың қаржы потенциалын қалыптастыру механизмін қайта қарау болып табылады.

Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Қоғамды экономикалық реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің жоспары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылуы үрдісінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолы арқылы іске асырылады. Демек, мемлекетпен қаржы ресурстарын тиімді басқарудың теориялық және әдістемелік тұстарын үйренуге және келешекте қаржы төңірегінде қатысты нақты шешімдерді қабылдауға арналған зерттеулердің маңыздылығы арта түседі. Осыған байланысты елімізде мемлекетпен қаржы саясатын жүргізудің негізін қалыптастыруда оның басқару жүйесін жетілдіру толық зерттеуді қажет етеді.

Мемлекеттік бюджет және оны басқару мәселелері бойынша келесі отандық авторлардың жұмыстарында көрініс тапты: К. Ильясов, С. Ж. Ынтықбаева, С. М. Өмірбаев, Б, С. Мырзалиев, Р. С. Парманова, К. Кубаев, Б. М. Дандаева, Р. И. Ерманкулова т. б. Бюджет теориясы, бір территорияның қаржы потенциалын қалыптастыру, бюджетті реттеу, аймақтық және жергілікті бюджет жүйесін дамыту мәселелері В. В. Барчук, О. Богачева, В. Г. Болдырева, Н. Ж. Бримбетова, О. Д. Василик, М. Д. Васильева, Э. А. Вознесенский, Л. Г. Дробозина, В. П. Дьяченко, К. Ермеков, А. Игудин, А. Лавров, Л. П. Павлова, И. Подпорина, Г. Б. Поляк, В. М. Родионова, Б. М. Сабанти, Д. Г. Черник, М. И. Ходорович, Г. К. Шеховцова, Н. А. Ширкевич және т. б. ғалымдардың еңбектерінде зерттеледі.

Дегенмен қаржы мен экономиканың қазіргі кездегі даму тенденциялары бюджеттік проблемалар мен оны реттеудегі мемлекеттің рөлін терең зерттеуді талап етеді. Сонымен, бұл зерттеудің өзектілігі нарықтық қатынастарға ауысу кезеңінде экономикалық процестерге мемлекттік әсер ету шаралары жүйесінде алдыңғы қатарға шығатын экономиканы қаржы жағынан реттеу проблемаларын теориялық өңдеу қажеттігінен туындап отыр.

Жоғарыда аталған жайттар диссертациялық зерттеу тақырыбын таңдауға, оның мақсаты мен міндеттерін, еңбектің мазмұнын анықтауға себі тиді.

Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері. Қазақстанда мемлекеттік қаржылық басқару жүйесін зерттей отырып, мемлекеттің реттеу шаралар жүйесін жетілдірудің экономикалық тетіктері мен тиімді қызмет етуінің теориялық және тәжірибелік тұрғыдан негізін жасау. Осы алға қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер айқындалады:

- нарық жағдайында экономикада қаржылық басқарудың теориялық негіздерін зерттеу мен оның қағидаларын қарастыру;

- жалпы мемлекеттік қаржылық басқарудың шетелдік тәжірибесінің ерекшеліктерін және оны Қазақстан экономи-касына пайдалану мүмкіндіктерін талдау;

- Қазақстан Республикасының жалпы қаржы жағдайына талдау жүргізу, түйткіл мәселелерді анықтап, елдің дамуына қауіп төндіретін жағдайларды қарастыру;

- қалыптасқан мемлекеттік бюджет қаржы ресурстарын тиімді бөлуді басқару жолдары;

- қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының қаржы саясатын жүргізу, негізгі бағыттарын анықтау және қаржылық басқару жүйесін жетілдіру жолдары;

- мемлекет тарапынан қаржыны басқарудың бағыттары, ынталандыру тетіктерін келешекте жетілдіру жөніндегі ұсыныстар жасау.

  • жергілікті бюджетті қалыптастырудың теориялық негіздерін зерттеу;
  • ҚР әртүрлі деңгейдегі бюжеттерді жоспарлау параметрлері мен олардың атқарылуын талдау;
  • мемлекеттік органдарда бюджеттік жоспарлауды жетілдіру жолдарын анықтау;

Зерттеу пәні. Мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің қаржыландыруын басқару.

Зерттеу объектісі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік және жергілікті бюджет жүйесі.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі болып мемлекеттік және жергілікті бюджетті басқару саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың теориялық тұжырымдамалары мен тәжірибелік ұсынымдары табылады. Зерттеу барысында әлем елдерінің мемлекеттік бюджеттік басқару жүйелері мен Қазақстан Республикасының нормативтік актілері зерттеліп қарастырылды.

Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде Қазақстан Республикасының заңдық және нормативтік актілері, ҚР Президентінің қаулылары, Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі Агенттігінің, ҚР Ұлттық банкінің, ҚР қаржы Министрлігінің мәліметтері, статистикалық жинақтардың материалдары мен мерзімдік басылымның тақырыптық материалдары, сондай-ақ Интернет желісінен алынған деректер пайдаланылды.

Зерттеу нәтижелерінің ғылыми жаңалығы. Мемлекеттік және жергілікті бюджетті басқаруды жетілдіру болып табылады.

Жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңыздылығы. Диссертацияда берілген теориялық ұсыныстар мен қорытындыларды, оның ішінде ұғымдар мен олардың анықтамалары, мемлекеттік және жергілікті бюджеттің түсіндірмесі, «Мемлекеттің бюджет саясаты», «Мемлекеттік бюджет», «Қаржылық талдау» және «Қаржылық менеджмент» оқу курстарында пайдалануға болады.

Жүргізілген зерттеудің нәтижелері жергілікті бюджетті басқаруда пайдаланылуы мүмкін.

Еңбектің мақұлдануы. Зерттеу нәтижелері 2 халықаралық ғылыми конференциялар мен республикалық кезеңдік басылымдарда баяндалып жарық көрді

Диссертациялық зерттеу жұмысы бойынша 2 ғылыми мақала ресми басылымдарда жарияланды.

Жұмыстың құрылымы. Диссертациялық жүмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

  1. МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕРДІ

ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Мемлекеттік бюджетті басқару, реттеу түсініктері және оның ұйымдастыру ерекшеліктері

Қандай да бір жағдайда, мемлекет әрқашан, әр уақытта және барлық елдерде, экономиканың қызмет етуіне негізгі ықпалын тигізетін және соның салдарынан, қоғамның дамуына да әсер етті. Осылайша, мемлекеттік реттеу экономиканың қызмет етуінің маңызды бөлігі болып табылады, сондықтан, көп назар аударуды талап етеді. Нарықтық экономикаға мемлекеттің араласуы деген қатынас, оның пайда болуы мен дамуының түрлі кезеңдерінде әр түрлі болды. XVII - XVIII ғ. ғ. нарықтық қатынастардың қалыптасу кезеңінде үстемдік еткен меркантилизм атты экономикалық доктринасы - мемлекетте сауда және өнеркәсіпті дамыту үшін мемлекеттік реттеудің қажеттілігін тануға негізделген. Нарықтық экономиканың дамуымен, күш жинап келе жаткан кәсіпкерлердің тобы мемлекеттік араласу және онымен байланысты шектеулерді, өзінің қызметіне келтіретін кедергі ретінде қарастыра бастады. Экономикалық либерализмнің идеяларын бірінші болып негіздеген А. Смиттің «Исследование о природе и причинах богатства народов» атты кітабы. «Исследование о природе и причинах богатства народов» атты кітабы, көптеген окырмандардың арасында қолдау тапты. А. Смиттің пікірінше, нарықтық жүйе өзін өзі реттеуге кабілеті бар, оның негізінде пайда табуға ұмтылуымен байланысты жеке мүдде жатыр. Ол экономикалық дамудың басты итермелейтін күші болып саналады. Адам Смит идеяларының бірі, экономика мемлекеттік реттеуді алып тастаған уақытта өнімді болады. А. Смиттің ойынша, басты реттеуші тетік нарық болғандықтан, нарыққа толық еркіндік беру қажет. Классикалық мектептің қалаушысы болып саналатын А. Смиттің ізбасарлары нарықтық бәсекелестік механизмге жетуді түсіне отырып, мемлекеттің дәстүрлі қызметтерді атқару қажеттілігі туралы тезиске негізделген болатын. Бұл, ең алдымен, қоғамдық тауарларға қатысты, яғни ұжымдық түрде тұтынылатын тауарлар мен қызметтер ұлттық корғаныс, білім беру, көлік жүйесі, денсаулық сақтау және т. б. ) . Мемлекет өз мойнына олардың өндірісі мен сол өнімге азаматтар арқылы ұйымдастыру мәселесін алуы қажет. Нарықтық бәсекелестік механизм шешпейтін мәселелердің қатарына сыртқы және жанама әсерлер жатады. Нарық механизмі жиі кезде адамзат үшін нағыз қайғы болған құбылыстарға әсер етпейді. Сыртқы, немесе жанама әсерлерді, мемлекеттің тікелей бақылауына негізделе отырып, реттеуге болады, яғни мемлекет туындайтын мәселелерді экономикалық перспективалар тұрғысынан бағалауы тиіс.

Нарықтық экономикада мемлекеттің теориялық танудағы маңызды кезеңі танымал ағылшын экономисі Дж. М. Кейнс есімімен байланысты. «Кейнсиандық революция» барысында ұсынылған идеялар, экономикалық кұлдыраудың өз-өзін сауықтырудың мүмкін еместігіне көз жеткізді, жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысты теңдестіруге кабілетті мемлекеттік саясаттың қажеттілігін, дағдарыстық жағдайдан экономиканы шығару, оның ары қарай тұрақтануына ықпал ету сияқты идеялар орын алған. Тиісті несие - ақша және қаржы инструментарий арқылы жиынтық сұраныс реттелген уақытта, Кейнстің идеясын айқындайтын экономикалық саясаттың тәжірибелік жоспарын, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемнің көптеген дамыған елдері жүзеге асырған. Сол елдердегі циклдық ауытқулардың бәсеңдеуіне ықпал тигізді деп есептеледі.

XX ғасырдың екінші жартысында нарықтық экономиканың дамуы мемлекет қызметі аукымдарының кеңею және экономикада оның рөлінің күшею беталыстарын белгіледі, яғни мемлекетті басқару үрдісі енді.

Мемлекеттік басқару түсінігін ашудағы менеджмент теориясының оның құрамдас екі «мемлекеттік» және «басқаруды» түсіндіруде ерекше маңызы бар. Оның мәнісі, әрбір осы түсініктің қосындысында түрлі мағыналар мен түсінік берулер келтірілген, тіпті мамандардың өзіне не туралы сөз болып отырғандығын түсіну қиынға соғады. Әсіресе «басқару» түсінігіне көптеген түсініктемелер берілген, соның нәтижесінде басқару түсінігі өте көп түрлі құбылыстар, қатынастар мен процестерді қамтиды.

Табиғаттың, қоғамның, адамның өзінің құрамдас бөлігі немесе элементтердің белгілі бір санының өзара әрекетін ретке келтіруді сипаттайтын басқаруды негізгі түсінік ретінде тану пайда болды. Басқаруды кеңінен кибернетика қарастырады (Н. Винер), ол өзара байланыстар мен өзара әрекеттердің ең жалпы қасиетін механикалық, биологиялық және әлеуметтік жүйелерден бөліп алып қарайды. Сондықтан да осыған сәйкес басқарудың математикалық және ақпараттық теориясы жасалынды (К. Шеннон, У. Росс Эшби) . Дәл осындай «жалпы» тәсілдерден басқарудың көптеген аспектілері жүйелердің жалпы теориясымен (Людвиг фон Бернталанфи), синергетикамен (Г. Хакен), «басқарудың организмикалық теориясы» (А. Н. Колмогоров) және басқа да салалармен сипатталады[2, 16 б. ] .

Мемлекеттік басқарудың өзіне тән қасиетіне оның бүкіл қоғамға таралуы, тіпті оның шегінен тыс, адамдардың басқа қоғамына мемлекет жүргізген халықаралық саясат шеңберінде таралуы жатады. Көбінесе бұл тезис басқарушылық құбылыстарын түсінуде былықтарға тап келтіреді, немесе мемлекет адамдардың барлық әрекеттері мен қылықтарына араласады, олардың барлық өзара қатынастарын басқарады деген түсінік тудырады. Тек тоталитарлық мемлекет қана дәл осындайларға жол беруге әрекет етеді, бірақ та оны жүзеге асыруға қоғамға тоталды бақылау орнату мүмкін еместігінен, ол оның қабілетсіздігін көрсетеді. Ал, мемлекет пен қоғамның қалыпты нұсқасы адамдардың өмірі мен қызметі бостандықтың, дербестігі мен өзін-өзі басқарудың кең ауқымын білдіреді. Бірақ та осы бостандықтың, дербестігі мен өзін-өзі басқарудың шекарасы, «жағалауы» бірқатар қоғамдық институттар мен мемлекетпен анықталады. Тек мемлекет қана заңдар арқылы қоғам өмірінің барлық салаларында адамдардың мінез-құлқының негізгі, жалпы, типтік ережелерін белгілейді және олардың сақталуын өзінің билік ету күшімен қамтамасыз етеді.

Дәл осы жалпы мемлекеттік міндеттер мен артықшылықтар арнасына мотивациялық шаралармен тұлғалық кәсіби потенциалын жүзеге асыруға бағдар алу шағын, бастамашыл және тиімді әрекет етуші мемлекеттік басқару аппаратын қалыптастыруға мүмкіндік береді [3, 8 б. ] .

Басқарудың тиімді мемлекеттік аппаратын түсіндіруде мына төмендегідей бағыттармен келісуге болады:

- мемлекеттік билік органдарының адекватты жүйесін құрудың маңыздылығы - бұл тиімді әрекет етуші мемлекеттік басқару аппаратын қалыптастыру, бұл кезде бірінші кезекті қарсылық көрсетуді басып тастауға қабілетті жүйе емес, азаматтарға қолдау көрсетуді біріктіруге қабілетті жүйе тиімді деп есептелінеді;

- биліктің тіктігін қалыптастыру мен нығайту - бұл басқарудың тиімді мемлекеттік аппаратын құру. Дәл осы міндетті сәтті шешуде Наполеон Бонапарт Францияның ұлттық күштерін бүкіл Европаны жаулап алу үшін және елдің экономикасын нығайту үшін жұмылдыра білді. Оның шешімінің сәттілігінен сол кезеңінің ұзақтығы, келесі кезеңнің сипаты байланысты болады[4] .

Мемлекеттік биліктің тиімділігінің мәселелерін К. Кубаев қарастыра келіп, былай деп жазады, мемлекеттік басқару жүйесінде билік бағынудың иерархиялық құрылымы мен мансаптық өсу жүйесін білдіреді. Алайда терең талдау жасау мемлекеттік агенттердің өзінің мотивациясымен олардың мінез-құлқының өзара әрекетінің күрделі механизмін ашады. Бұл жерде мемлекет - бұл жалпыұлттық нормаға сәйкес, жеке мүдделерді алуға жол берместен, ұжымдық байлықты жасайды. Және де бүгінгі таңда мәселе мемлекетті ұйымдастыруда емес, мемлекеттік биліктің тиімділігінде, яғни қоғамның қаншалықты осы билікті оған қажет ұжымдық байлықтың өндірісі үшін ұтымды жүзеге асыра алады және де қаншалықты қоғамның өзі мемлекеттік қызметіне бақылау жасауды тиімді жүзеге асыра алатындығында [5, 9 б. ] .

«Мемлекеттік басқарудың тиімділігі» түсінігін анықтай келе, негізгі мәселені - тиімділік критерийлері туралы негізгі мәселені анықтауға өту қажет. Мәселенің мәні осында. Мемлекеттік басқару «тиімділігінің критерийі» түсінігі басқару жүйесінің тиімділігі, сондай-ақ соның негізінде жекелеген басқарушылық шешімдердің тиімділігі бағаланатын белгілердің жиынтығын немесе белгілерін білдіреді. Бұл түсініктің өзекті элементіне «баға» термині жатады. Оның спецификалық мағынасы адамдардың басқарушы субъектінің әрекеті мен шешімдерінің нәтижелері мен салдарын бағалау процедурасының біржақтылығының алдын алады.

Мемлекеттік басқару тиімділігін бағалау биліктің мемлекеттік органдары үшін де, қоғам үшін де қажет. Қоғамға ол мемлекеттік институттардың қызметінің сапасын бақылауға мүмкіндік береді. Ал басшылар мен мемлекеттік қызметшілерге өзін-өзі бақылау үшін, басқарушылық процесті жетілдіру үшін қажет. Тиімділікті бағалау мәселесі - бұл басқарушылық қызметті және қабылданған шешімді талдау мәселесі.

Мемлекеттік басқару тиімділігінің критерийі қоғамдық-мемлекеттік құрылыстың идеологиясынан көрінетін субъективтік құндылықтар жүйесінің базасында қалыптасады. Мемлекет пен экономика арасындағы қатынастардың дамуының қазіргі заманғы кезеңінде экономиканы мемлекеттік басқару аппаратының қызметінің тиімділігін арттыруға алып келуге қабілетті принциптер шарттарына мыналар жатады:

- қызметтің тиімділігін бағалау үшін пайдаланатын белгілердің бірлігі (экономиканы мемлекеттік басқару аппаратының қызметінің принциптері мен мақсаттарының нақты айқындалуы) ;

- мемлекеттің айқын ұйымдасқан әкімшілік-территориалдық құрылымы (өзара тиімді экономикалық, басқарушылық және аймақтық ерекшелікті есепке алу негізінде құрылған) ;

- экономиканы мемлекеттік басқару аппаратының құрылымына қызметтің мазмұнының сәйкес келуі.

Шағын, тиімді жұмыс істейтін мемлекеттік аппаратты құру оны жүйелендірудің - «мемлекеттің қызметін нақтылау - оның органдары мен бөлімшелерінің құрамы арасында қызмет пен жауапкершіліктерді бөлісу - қызметті ұйымдас-тыруды жетілдіру - оның құқықтық негізін жаңаландыру - кадрларды жаңарту мен бекіту, еңбекті ынталандыруды жақсарту - өзінің көлемі, құрылымы мен механизмдері бойынша сол жүйеге адекватты - қаржыландыру бірқатар кезеңдерін жүзеге асыруды талап етеді».

Жүргізілген жұмыстар мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесінің орнықты құрылымы мен аппараттың штаттық санын қалыптастыру бойынша елдің Президентінің ұстанымдарын негізге ала отырып құрылуы тиіс .

Мемлекеттік қаржылар республикалық және жергілікті деңгейлерде іс-әрекет етеді және бюджетті, мемлекеттік несие, мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындардың қаржыларын қамтиды. Аталған буындардың түрлі функционалдық айналымының арқасында мемлекет экономикалық, әлеуметтік, саяси процестерге, салалық және аумақтық мәселелерді шешуге ықпал етеді. Мемлекеттік қаржылардың құрамында республикалық және жергілікті деңгейлерде қалыптасатын бюджеттік өзара байланыстар маңызды рөл атқарады. Бюджеттік қатынастар көмегімен мемлекеттік құрылымдардың қарамағына қаржылық әдіспен қайта бөлінетін ұлттық табыстың едәуір бөлігі жұмылды-рылады. Түрлі деңгейлердің бюджеттері - республикалық, жергілікті бюджеттер тиісінше өкімет пен басқарудың республикалық және жергілікті органдары үшін тіршіліктің қаржы базасы болып табылады [6] .

Қазақстан - бірыңғай мемлекеттік бюджеті бар унитарлық мемлекет. Мемлекеттік бюджет - республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін жинақтаушы бюджет. Қазақстан Республикасы аумағында жалпы функцияларды орындау үшін республикалық бюджет қалыптастырылады. Оның ресурстары мемлекеттік мақсатты кешенді бағдарламаларды қаржыландыруға, республикалық функцияларды орындауға, сондай-ақ қарулы күштер мен басқару органдарын ұстауға байланысты мемлекеттік шығындарды қамтамасыз етуге арналған. Республикалық бюджетті Қазақстан Республикасының Парламенті қарайды және бекітеді. Жергілікті бюджеттер облыс, қала, аудан бюджеттерінен тұрады және сәйкес маслихаттармен бекітіледі. Бюджеттер бюджеттік жоспарлау бойынша өкілетті органдармен жасалады. Бюджеттік комиссия бюджет жобасын дер кезінде және сапалы жасау, бюджетті нақтылау мен орындау бойынша ұсыныстар жасау мақсатында құрылады [7, 21б. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті бюджеттің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру
Кәсіпорындaғы инвестицияның экономикалық негіздері ретінде
Жергілікті бюджеттің қалыптасуының теориялық ерекшеліктері
Жергілікті бюджеттің қалыптасуы мен тиімді пайдалануының есебі мен аудитін ұйымдастыру
Жергілікті бюджеттің экономикалық мәні және мазмұны
Жергілікті бюджеттің табыстарын қалыптастыру
Жергілікті бюджет жайлы
Қазасктан Республикасының бюджет жүйесі және бюджет құрылымы
Қазасктан Республикасының бюджет жүйесі және бюжет құрылымы
ҚР мемлекеттік бюджеті және оның құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz