Бейнелеу өнері арқылы оқушылардың патриорттық сезімдерін арттыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3

1 БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПАТРИОРТТЫҚ СЕЗІМДЕРІН АРТТЫРУ

1. 1 Қазақстан бейнелеу өнері шеберлерінің табиғатты бейнелеген туындыларымен таныстыру арқылы оқушыларды патриорттық тәрбиелеу негіздері . . . 7

1. 2 Бейнелеу өнерін оқытуда белсенділік және саналылық принциптері . . . 13

1. 3 Қазақ суретшілерінің шығармаларын таныстыру барысында

оқушыларды өнертану арқылы туған жерге деген патриорттарын дамыту. . 17

2 БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА ТҮРКІСТАН-ТҰРАНЫМ АТТЫ КОМПОЗИЦИЯСЫН САЛУ ӘДІСТЕРІ

2. 1 «Түркістаным-Тұраным» атты шығармашылық жұмыстың мазмұны, орындалу технологиясы . . . 32

2. 2 Туған жердің табиғатын салу тәсілдері . . . 38

2. 3 Бейнелеу өнері сабағында оқушылардың кеңістік туралы түсініктерін дамыту . . . 47

2. 4 Тақырыптық сурет салу сабағында композиция

заңдылықтарын үйрету . . . 49

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 53

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 54

ҚОСЫМША . . . 58


Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі: Өскелең ұрпақтың тағдырына басты жауапкершілік мектеп мұғаліміне жүктеледі. Бүгінде бұл жөнінде көп айтылып та, жазылып та жатыр. Мұғалім өз оқушысы үшін жауапты, демек ол егеменді еліміздің ертеңгі толыққанды азаматы үшін де жауапты. Мен бейнелеу өнері мұғалімі ретінде өзіме қандай жауапкершілік артылғанын сезінемін. Еліміз егемендігін алуына, қазіргі жоғары ақпараттық технологиялардың күнделікті өмірімізге күн санап дендеп енуіне және жаппай ғаламдану заманының жақындауына байланысты рухани ұлттық құндылықтарымыз қайта бағаланып, өміріміздің барлық салаларында терең өзгерістер болып жатқан дәп қазіргі қоғамымызға батыл да, шығармашыл, әрі бастамашыл азаматтар өте қажет. Жас ұрпақтың шығармашылық қасиетінің бастау көзін ашып, оны одан әрі дамыту, қоғамның келешектегі қозғаушы күшін дамыту болып табылады.

Тәуелсіздікке байланысты қоғамдағы терең өзгерістерден мектеп те тыс қалмады. Өзгерістер қоғамдық санада дүр сілкіністер туғызды. Уақыт талабына сай келмейтін барлық пәндік әдістемелерді, оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруды қайта қарауға тура келді. Бұл құбылыс, баланың жан сұлулығын қалыптастыратын, әсемдікті сезінуге баулитын өнерлық пәндер - музыка, әдебиет және бейнелеу өнерін оқытуға тікелей өз әсерін тигізді.

Мен өзімді балаларды әсемдікке баулитын пән - бейнелеу өнері пәнін мақтан тұтамын. Алайда, бұл мамандық көптеген міндеттерді: тек қана сурет салуды оқыту ғана емес, сондай-ақ он саусағынан өнері тамған ата-бабаларымыздың бізге аманатқа қалдырған, ғасырлар қойнауынан бізге аман жеткен баға жетпес рухани байлықтары, құнды жәдігерлерінің лайықты мұрагерлері бола білуге, яғни бізді өткен тарихымызбен жалғастыратын нәзік байланыстарды үзіп алмауға тәрбиелеуге міндеттейді. Демек, олардың бойында көрермендік, әсемдікті сезіну мәдениеттерін де қалыптастыру міндеті бейнелеу өнері пәнінің парызы болып табылады.

Көрермендік мәдениетке жету жолы оңай емес. Оған оқушы әр замандағы әртүрлі халықтардың мәдени құндылықтарынмен танысу, көркемдік-шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және сезінуді жетілдіре түсетін эмоциональдық-рухани тебіреністер арқылы жетеді.

Бейнелеу өнері сабағы - ерекше сабақ. Оған қойылар талап та ерекше - ол өнер талаптары бойынша құрылуы тиіс. Осыдан барып оның ерекшеліктері пайда болады. Бәрінен бұрын ол рухани-патриорттық тәрбие міндетін атқаруы тиіс. Өйткені, адамзаттың рухани- патриорттық тәжірибесі көркемдік-образдық форма түріне ене отырып, өнердің мәніне айналады. Бұл ретте, қазіргі педагогика ғылымдарында мұғалім мен оқушының тең дәрежеде қарым-қатынаста болып, бірлесе шығармашылықпен айналысуын құптайтын пікірлердің жиі орын алуы бекер емесін ескергеніміз жөн. Ал, ол бізге әке мен бала, ана мен қыз күнделікті өмірдің күйбең тірліктері мен одан да күрделі мәселелерді бірлесе, тең дәрежеде шешіп отырған халық педагогикасынан келді.

Бұл ретте белгілі орыс суретшісі Е. Флерованың «Әке мен бала» - атты тамаша картинасын көз алдымызға елестетіп көрейікші. Әке мен бала - өмірден білген-түйгені көп тәжірибелі мосқал шаруа мен жас бала екеуара бір шалғыны ұстап, екеуі бірдей аяқ баса отырып пішен орып келеді. Мүмкін, шалғыны ұлына беріп, «мен, қалай орсам, сенде соны қайтала» - деу дұрыс болар? Ал, бай өмірлік тәжірибе мұны ақылды түрде басқаша шешті. Өзінің әбден еңбекпен күстелген үлкен қолымен баласының қолының сыртынан ұстай отырып, әкесі шалғының бірқалыпты ырғағы, ора отырып жылжудың белгілі шамасы, дененің дұрыс қозғалысы арқылы өзінде жиналған әдіс-машықтарын ұлына артық сөзсіз беруде. Мінеки, бұл нағыз бірлескен әрекет өйткені, екі жақта жақсы нәтижеге жетуге барынша мүдделі.

Бейнелеу өнері сабақтарын сыныпта ерекше эмоциялық қызығушылық атмосферасын қалыптастыра отырғызып жүргізудің маңызы зор. Оған мұғалімнің бейнелі сөздері, оқушылармен көптеп диалогтар құру, көру образдары, поэтикалық мәтіндер қолдану, ойын ситуацияларын пайдалану арқылы қол жеткізуге болады. Міне, осылардың бәрі, жалпы алғанда бейнелеу өнері сабақтарының эмоциональдық драматургиясының құрылымдық элементтері болып табылады.

Ұлы орыс педагогы А. В. Луначарский - «Адам жаратылысы бойынша сезімді ақылдан бұрын қояды. Біз қандай-да бір нәрсені оны тек мимен ғана сезініп қоймай, бұған өзіміздің бар жүйке жүйемізді жұмылдырып, бүкіл жан-дүниемізбен сезінген де ғана оны түпкілікті танып-білдік деп санаймыз» - деп жазды.

Міне сондықтан бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың дұрыс болғанымен жансыз, әсерсіз жауаптарынан гөрі, олардың сәбилік эмоцияға толы, барынша пәк, жан жүрегімен сезініп, әсерленген жауаптары анағұрлым маңызды. Сабақта осындай сәттерді қалыптастырғанда ғана өнерді сезіну, қабылдау процессі бізге қажетті - «ақыл мен сезім бірлігі» түріндегі формаға енеді. Егер, біз оқушылардың бойында өнер арқылы адами, рухани қасиеттерді қалыптастырғымыз келсе, бұны әрдайым есте ұстап олардың сабақтағы әрбір кішкене жетістігі - шаттық толы жанарына немесе ойға батқан жүзіне қуана білуіміз керек.

Сабақ барысында оқушының жан-дүниесінде не болып жатыр? Тек қана педагогтық сезімталдық пен нәзік түйсік осы бір ұлы еңбек - жан еңбегін сезіп, көре алады.

Бұл ретте Луначарскийдің - «Егер оқырман немесе тыңдаушының табиғи дарыны болмаса немесе оқу барысында жан-тәнімен беріле қабылдап, тебірене сезіну қабілеті қалыптаспаса бәрі бекер» - деген сөзін қаперімізде ұстағанымыз жөн.

Бұл пікір белгілі дәрежеде оқушыға да қатысты. Егер біз баланың жан дүниесін оята білсек, яғни оқушыны жан-тәнімен оқуға ұмтылдыра алсақ, онда оның рухани жан-дүниесі баи түсіп, ол адамды да, табиғатты да, бейнелеу өнерін және көптеген басқа рухани құндылықтарды терең ұғынып, қабылдай алады. Бір сөзбен айтқанда, ол жалпыадамзаттық мәдениеттің тағы бір сатысына көтерілер еді. Міне, осы себепті де сабақтарда балаларға барынша терең түсініп, жан-тәнімен беріле оқуға қажетті алғышарттарды қалыптастыруымыз өте қажет.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: «Түркістан - Тұраным» бейнесін композициясын көрсету.

Дипломдық жұмыстың міндеті:

1. Рухани астананың тарихын сиппаттау

2. Бейнелеу өнерінің сипаттамасы мен ерекшеліктері.

3. Қазақ даласындағы суретшілердің шығармаларымен таныстырудың орны

4. Түркістан-Тұраным туындысын құрастыру әдісі

5. Құрастыру әдісі мен ерекшеліктері.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қортындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейістілігі, мақсаты, композициялық шешімдері, патриорттық сезімдерін қалыптастыру жайлы баяндалады.

І тарауда: Рухани астананың тарихнамасы мен бейнелеу өнерінің ерекшеліктері .

ІІ тарауда: «Түркістан - Тұраным» шығармашылық жұмыстардың орындалу жолдары.

Қорытындыда : Қазақ халқының өзіндік ерекшелігі бар бейнелеу өнері ұзақ уақыт бойы өзгерістерге ұшырай келе, ұрпақ жалғастығы негізінде дами отырып, әлемнің ең жақсы деген көркемдік шығармасы ретінде формаларын сақтауда және өркендетуде, қолтума өнердің бірегей туындысының бөлінбес бір бөлігі болды. Түркістан тарихы көптеген сырларды өз бойына беріп жатқаны мәлім. Оны танып білу және келешек ұрпаққа таныту кезең күттірмейтін мәселе екенін білеміз. Ертедегі көшпенділер, скифтардан бастап, ежелгі түркілердің далалық шығармашылығы қазақ халқының көркем өнері мәдениетінде ерекше із қалдырды.

Түркістан - түркі жұртының рухани орталығы Түркістан қаласын Ұлы ойшыл Ахмет Ясауи ілімінің арқасында орта Азия мен Қазақстан халықтары үшін рухани орталыққа айналғаны мәлім. Түркістан тарихы көптеген сырларды өз бойына беріп жатқаны мәлім. Оны танып білу және келешек ұрпаққа таныту кезең күттірмейтін мәселе екенін білеміз. Демек, осы бағытта ізденулер қоғамдық ортаға қажет әрі рухани тұрғыдан жалпы адамзатқа дем беріп отырады. Өйткені Ясауи әлемі, сопылық ілімі, халықтың рухани көзқарасы, ойшылдың поэзиялық туындылары сарқылмас қазына көзі іспетті.

Бейнелеу өнері арқылы - ұлттық тәрбие беруде және мәдениетін қалыптастыруда ықпалды қызмет етеді. Дипломдық жұмыстың мазмұнында, оқушылардың патриорттық сезімдерін қалыптастыру мен ерекшелігі ашып көрсету. ХІ ғасырдың ұлы тіл зерттеушісі Махмұт Қашқари өзінің «Түркі сөздігі» зерттеу кітабында көптеген мақал - мәтелдер келтіріп, оған түсініктеме береді. Сонда мынадай мақал бар: «Өнер білім ізде, үйренуден өркөкірек болма, жиренбе ». Осы мақал «Өнерді үйрен де жирен» мақалының түп - төркіні деп қарауымызға болады. Көне түркі тілінде кібіз - кілем, қалы кілем деп көрсетілген.


1 БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ

1. 1 Қазақстан бейнелеу өнері шеберлерінің табиғатты бейнелеген туындыларымен таныстыру арқылы оқушыларды патриорттық тәрбиелеу негіздері

Қазақ бейнелеу өнері, ұлттық көркем мәдениеттің бір бөлігі. Ал Қазақстан бейнелеу өнері осы өлкедегі бейнелеу өнері шеберлерінің шығармашылық шығармаларынан құралады. Қазақ суретшілері график, кескіндеме шебері, сәндік қолданбалы өнермен айналысатын суретшілер, мұсінші, көлемді өнер туындыларын жасайтын суретшілер болып бірнеше топқа бөлінеді.

Қазақ бейнелеу өнерінің қайсы турі болмасын тарихи, тұрмыстық, әскери, анималистік және т. б. жанрларға бөлінеді. Сонымен қатар графика, кескіндеме шығармаларының кейбірі натюрморт, пейзаж жанрларына жатады.

Қазақстан бейнелеу өнері шығармаларының тақырыптары сан алуан. Олар: «Ежелгі қазақ елінің салт дәстүрі», «Ұлттық ойындар», «Айтыс өнері», «Ұлттық киім», «Үй жиһаздары», «Азамат соғысы», «Қазан төңкерісі», «Ұлы Отан соғысы», «Ана образы», «Тарихи тұлғалар бейнелері», «Қазіргі еңбек, өнер, әдебиет, музыка, ғылым, қоғам қайраткерлерінің образы» деген ауқымды мазмұнды қамтиды.

Қазақстан бейнелеу өнері шеберлерінің шығармалары республикалық шет елдер мен халықаралық көрмелерге қатынасқан. Көптеген шығармалар Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік көркемсурет музейінде, Қазақстан Суретшілер одағының, Қазақстан Мәдениет Министрлігінің қорларында, суретшілердің жеке қорларында сақтаулы.

Қазакстан бейнелеу өнері шеберлерінің шығармашылығы туралы жеке кітаптар, монографиялар шығып, кезеңдік басылымдарда бірнеше жүздеген мақалалар жарияланған.

Қазақ бейнелеу өнері басқа ұлт өнері сияқты графика, кескіндеме, сәндік қолданбалы өнер, мүсін түрлері кіретін жеке ұлттық өнер. Қазақ бейнелеу өнерінің қайсы саласы болса да мейлінше кең дамыған. Оқушыларды бұл өнердің графика, кескіндеме, сәндік қолданбалы өнер, мүсін түрлері, тұрмыстық, тарихи, анималистік, портрет, пейзаж жанрларымен сабақтан тыс таныстыруға мүмкіндік мол.

Қазақстан бейнелеу өнерінің негізін қалаған көптеген суретшілеріне республикадағы сіңірген еңбегіне қарай «Қазақстан Республикасының Халық суретшісі», «Қазақстанның еңбек сіңірген өнер кайраткері» атақтары берілген.

Қазақ бейнелеу өнерінде Қ. Телжановтын есіміде ерекше орын алады. Қанафия Телжанов қазақ кескіндеме өнерінің негізін салушылардың бірі, КСРО халық суретшісі (1978) КСРО Көркемсурет акедемиясының корреспондент мүшесі. Қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаған. Көптеген өнер шеберлеріне, Ә. Қастеевке (1944), Қ. Телжановқа (1963), Х. Наурызбаевқа (1969), Н. Нұрмұхаммедовке (1975), С. Мамбеевке (1979), Е. Сидоркинге (1980), Н. Гаевке (1980), С. Романовқа (1981), М. Кенбаевке (1985), Ә. Ысмайловкқ (1985) «Қазақстанның халық суретшісі» құрметті атағы берілді.

Бейнелеу өнері саласында «Қазақстан республикасына еңбек сіңірген өнер қайраткері» құрметті атақтары мына суретшілерге берілді: Ә. Қастеев (1942), Н. В. Цивчинский (1951), А. Ненешов (1954), Х. Наурызбаев (1960), Ә. Ысмайлов (1960), А. Ғалымбаева (1961), П. Зальцман (1962), И. Гаев, М. Кенбаев, С. Мәмбеев, Н. Нұрмұхаммедов (1963), В. Антощенко-Оленов, Е. Сидоркин, К. Шаяхметов, Г. Исмайлова (1965), Е. Говорова, Қ. Қожықов, М. Лизогуб (1966), В. Крылов (1970), К. Баранов, А. Бортников (1971), С. Қожықов (1972), Ә. Хайдаров (1974), С. Романов, А. Степанов, Б. Төлеков (1976), Т. Досмағамбетов (1980), А. Дячкин, Е. Мергенов, Ш. Ниязбеков, А. Рахманов, Ж. Шарденов, А. Школьный, Ұ. Әжиев, А. Дроздов (1985), С. Айтбаев, А. Гурьев, Қ. Закіров, И. Исабаев, Б. Табиев (1988), М. Қалымов, Б. Пак, Т. Тоғысбаев (1989) .

Қазақстан суретшілерінің ішінде көптеген өнер шеберлеріне Қазақстанның мемлекеттік сыйлықтары берілді. Суретші Ә. Қастеевке «Қазақстан жерінде» атты акварельдер сериясы үшін, 1966 жылы

К. Телжановқа «Еңбек адамдары» суреттер сериясы үшін, 1967 жылы Х. Наурызбаевқа «Ш. Уәлиханов ескерткіші» үшін, Е. Сидоркинге «Ақсақалдар» графикалық сериясы үшін, 1970 жылы А. Ғалымбаеваға «Біз дәуірімізді мақтан етеміз», «Қуанышты күн», «Студент кыздар», «Қостанай нирамидалары» атты суреттер тобы үшін, 1972 жылы Т. Досмағамбетовке «Ә. Жангелдин» ескерткіші үшін, 1976 жылы Н. Нұрмұхаммедовке «Еңбек даңқының адамдары» кескіндеме шығармалар сериясы мен өнертанудағы еңбектер циклдары үшін, 1978 жылы Ұ. Өжиевке «Тың игерушілер», «Тың түлектері» акварельдер сериясы үшін, Б. Зәуірбекова, Қ. Тыныбеков, Е. Николаева, И. Яремаларға «Қазақстан» үшін, 1980 жылы Е. Сергебаевқа «М. Әуезов мұсіні» үшін 1982 жылы мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды. Мұнымен қатар суретші К. Моллашев «Қазақстан» сериялық суреттері үшін бүкілодақтық сыйлыққа 1981 жылы ие болды.

Көптеген жас суретшілер кезінде Қазақстан жастар сыйлықтарын алды: 1964 жылы П. Усачевке «Мұхтардың жастық шағы» және «Студент қыз» мүсіні үшін, 1965 жылы С. Айтбаевқа «Менің Отаным» атты бір топ бейнелеу жұмыстары үшін, 1972 жылы М. Қисамединовке графикалық жұмыстар сериясы мен кітаптарға жасаған иллюстрациясы үшін, 1978 жылы Ж. Дөненовке мультификациялық фильмдері үшін, 1980 жылы Б. Әбішевке «Т. Бокин» ескерткіші үшін, К. Молдағалиевке «Ұлы Отан соғысында қаза тапқан Қарағандылық жауынгерлерге» арналган мемориалдық комплекс үшін берілді.

1982 жылы бір топ қолданбалы өнер туындылары үшін Д. Щоқпарұлына, «Туған өлкенің бейбіт тынысы» атта суреттер тобы үшін Ә. Накысбековке, монументалдық туындылары үшін М. Ізбасқановқа, 1984 жылы «Асыққан жастық шақ», «Жастық-1», «Жастык-2», «Маңғыстаудың күнделікті тіршілігі» секілді жастарға арналған суреттері үшін Е. Төлепбаев, Б. Тулкеевтер 1986 жылы фольклорды көркемдеген иллюстрациялар үшін М. Әлинге Қазақстан жастарының сыйлығы берілді.

Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихында суретшілер шығармашылы-ғына байланысты мынадай кезеңдерді көруге болады. Бірінші кезең өнерін оқушыларға таныстыру барысында - қазақ топырағындағы алғашқы бейнелерді қамтиды. Бұл қазан төңкерісіне дейінгі Шоқан Уәлиханов пен Мақы Уәлиханов шығармашылығына қатысты. Сонымен қатар бұл кезең өнері туралы сөз қозғағанда Т. Шевченко, В. Залесский шығармашылығы айтылады.

Екінші кезең өнерін оқушыларға таныстырғанда - Қазан төңкерісі-нен Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдар арасы. Бұл кезеңнің өнеріне байланысты Н. Хлудов, Ә. Қастеев, К. Баранов, А. Бортников, Н. Крутильникова, М. Лизогуб, А. Черкасский, Ә. Ысмайлов, К. Ходжиков сияқты алғашқы суретшілердің шығармашылық еңбектері қамтылады.

Үшінші кезең өнерін оқушыларға таныстырғанда - 1950 жылдардан басталатын қазіргі халық суретшілері А. Ғалымбаева, Г. Исмайлова, Қ. Телжанов, М. Кенбаев, С. Мәмбеев, Н. Нұрмұхаммедов, С. Романов, Х. Наурызбаев, К. Шаяхметов, В. Сидоркин. В. Крылов, Н. Гаев, У. Әжиев, Ғ. Иляев, А. Хайдаров, А. Степановтардың шығармашылығы талданды.

Төртінші кезеңдегі қазақ өнерін оқушыларға таныстыруда 60 жыл-дардан басталатын Қазақстан мен Ресейде көркемдік білім алған суретшілер С. Айтбаев, О. Нұржұмаев, Т. Тоғысбаев, А. Сыдыханов, Ж. Шарденов, М. Қисамадинов, А. Молдашев, Д. Шокпаров, Т. Досмағамбетов, Е. Мергенов, Б. Төлеков, Т. Абуов, А. Исаев, Ю. Мингазитдинов шығармашылығындағы өмір құбылыстары, ел өмірі сөз болады.

Бесінші кезең - 70 жылдардан бері керкемдік ортада таныла бастаған Қ. Тыныбеков, М. Аманжолов, А. Ақанаев, К. Дүйсенбеков, Г. Жалмұханов, С. Бөлтірікова, Б. Зәуірбекова, М. Қалкабаев шығармашылығы туралы әңгіме қозғалады.

Алтыншы кезең туралы әңгіме барысында мұғалім 80 жылдардан басталатын жас суретшілер А. Нақысбеков, Б. Тулкеев, Е. Төлепбаев, Т. Ордабеков, Н. Нұрмұхаммедов, В. Халатов, А. Тұрсынов, Б. Талқанбаев, М. Әлімбаев, Г. Идяев, З. Қожамкұлов, Н. Шилібаев, А. Оспанов, Б. Байменовтердің шығармашылық жұмыстары туралы талдаулар жасап көрсетеді.

Графика саласында Н. Гаев, Б. Табиев, Е. Говорова, А. Исмайлов, Е. Сидоркин, К. Хожыков, Н. Исабеков, П. Залыдман, А. Хайдаров. А. Дячкин, Б. Чекалии, А. Бортников, И. Андреев, А. Гурьев, Б. Пак, К. Баранов, М. Кисамединов, Ю. Мингазидинов, Т. Ордабеков. А. Оспанов, Б. Байменов, Н. Нұрмұхаммедов өнімді шығармашылық еңбек етіп келе жатқандығы айтылады. Бұған М. Қисамединовтың «Махамбет», И. Исабаевтың «Мұхтар Әуезов», Е. Сидоркиннің «Абай», Ә. Қастеевтің «Турксиб», Б. Пактің «Бақыт», Е. Сидоркиннің «Абай жолы». «Қазак эпосы», П. Зальцманның «О. Сұлейменов өлендерін оқығанда», С. Романовтың «Даладағы жәрмеңке», К. Барановтың «Алпамыс», «Қобыланды», «Ер Тарғын», А. Гурьевтің «Еске алу: «Қазақ жауынгерлерінің әні». Ш. Кенжебаевтын «Жолдағы әңгіме», С. Рахмановтың «Бұғаудан босану», А. Накысбековтың «Менің жастығымның теректері», Т. Ордабековтың «Бұхар жырау» шығармалары мысал бола алады.

Қазақ бейнелеу өнерінің кескіндеме саласында халық суретшілері Ә. Қастеевтін. Қ. Телжановтың, А. Ғалымбаеваның, Г. Исмайлованың, М. Кенбаевтың, С. Мамбеевтің, Н. Нұрмұхаммедовтың, С. Романовтың есІмі оқушыларға таныстырылады. Ә. Қастеевтің «Түркісиб», Қ. Телжановтың «Жамал», «Көкпар», А. Ғалымбаеваның «Дастархан», Г. Исмайлованың «Қымыз», М. Кенбаевтың «Асауға кұрық салу», «Шопан әні», «Сары арқа», С. Мәмбеевтің «Жайлауда», Н. Нұрмұхаммедовтың «Папам келе жатыр», С. Романовтың «Жер туралы декрет», С. Айтбаевтың «Бақыт», О. Жүсіповтың «Менін Отанымның әйелдері», А. Степановтың «Жер планетасынан келген адам», А. Молдашевтың «Жер, космос, Қазақстан», О. Нұржұмаевтың «Әке қабыры басында», Е. Төлепбаевтың «Көкпар», Б. Түлкеевтің «Әке портреті», «41 жыл», А. Нақысбековтың «Р. Қошқарбаевтың портреті» мазмұнымен де көркемдік деңгейінен де жоғары, көпке танымал шығармалар екендігі көрсетілді.

Қазақ бейнелеу өнерінің мүсін саласында даңқты мүсіншілер Х. Наурызбаев, Т. Досмағанбетов, Е. Мергенов, Б. Төлеков, Е. Сергебаев, Р. Ахметов есімдері құрметпен аталады. Мүсінші Х. Наурызбаевтың жасаған Абай ескерткіші, Т. Досмағамбетовтың Ә. Жангелдин ескерткіші, З. Сергебаевтің құйған М. Әуезов ескерткіші, Б. Төленовтың, Ж. Қуанышбаев портреті, Е. Мергеновтың «Әке портреті», Р. Ахметовтың «Ашаршылық» шығармаларын өнер сүйер қауымға кеңінен танымалы, шығармалары екендігі әнгіме сабақтың арқауы болады.

Бейнелеу өнері сабақтарында сәндік қолданбалы өнер саласында суретшілер Ғ. Иляев, Қ. Тыныбеков, М. Қалқабаев, Д. Шоқпаров, Б. Зәуірбекова, С. Бөлтірікова, С. Иляев, Г. Жалмұханов, М. Әлімбаев, С. Төленбаев, Ж. Барымбетов шығармашылығы Қазақстан өнері тарихынан құрметті орын алатыңдығы айтылады.

Қазақ бейнелеу өнеріндегі соңғы кезендегі жаңа бағыт абстракция бағыты. Бұл бағыттағы суретшілер шығармаларының мазмұнының кеңдігі, бір ғана туынды шеңберінде терең мағыналы ойды білдіретін, ауқымды тақырыптарға құрылған сюжетті картиналар мен графикалық туындылар беруде. Бұлардың қатарында кескіндеме шеберлері А. Ниязбеков, М. Қасьшбеков, А. Губашев А. Мұңлыбаева, Р. Абдулов, Р. Аспандиярова, С. Сулейменова, А. Есдаулетовтар бар. Бұлардың ішінде М. Қасымбековтың «Көкпар», А. Губашевтың «Арал қасіреті», Р. Абдуловтың кескіндеме туындыларын ерекше атауға болады.

Қазақ бейнелеу өнерінде ұлттық салт, дәстүрді, тұрмыс тірлігін жан-жақты бейнелеген шығармалар көптеп саналады. Бұл бағытта Ш. Уалиханов, Ә. Қастеев, Е. Сидоркин, М. Қисамединов, Қ. Телжанов, Е. Төлепбаев, Е. Кенжебаев, В. Флорова, А. Ғалымбаева, Қ. Тыныбеков, М. Кенбаев сияқты суретшілер шығармашылық енбектер жазғандығы туралы сабақта мәліметтер беру орынды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркемөнер құралдары арқылы оқушылардың эстетикалық сезімдерін қалыптастыру
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ НЕГІЗІ
Сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің міндеті маңызы
Жасөспірімдерге эстетикалық тәрбие берудің мәселелері
Бейнелеу өнері пәнін оқыту эстетикалық сезімдерді, бейнелеу өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу
Бейнелеу өнерінде оқушылардың жан-жақты ой өрісі мен оқу-тәрбие жұмыстарын қалыптастыру
Мектепке дейінгі ұйымда музыка сабағында қазіргі заманғы музыкалық технологияларды қолдана отырып, балалардың музыкалық қабілетін дамыту жолдары
Ересектер тобындағы сурет салу
Естиярлар тобында сурет салу
Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz