Принцип ұғымына жалпы түсінік



Жоспар

КІРІСПЕ

1. Принцип ұғымына жалпы түсінік
1.1 Шыншылдық принцип
1.2 Халықтық принцип
1.3 Гуманистік принцип

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ


Тақырыптың өзектілігі: осы принциптердің бір-бірінен айырмашылығын анықтау. Олардың баспасөздегі әр принциптің өзіне тән қасиеттерін белгілей отырып, мақалаларға зерттеу жасау, оның қай принципке тән қасиеттері бар екенін анықтау.
Реферат жұмысының мақсаты: Осы журналистік принциптерді зерттей отырып, ол жөнінде өз білімімді толықтыру. Принциптердің түрлерін анықтау. Олардың бүгінгі таңдағы баспасөзіміздегі бет алысы жайында сөз етіп, газет бетіне жарық көрген материалдар арқылы принциптерге талдау жасау. Оларды аудиторияға жеткізіп, саралай отыра, қорытындылау алдыма қойған негізгі мақсатым.




1. Принцип ұғымына жалпы түсінік
1.1 Шыншылдық принцип

Кез келген ғылым саласының өзіне тән негізі болады. Оны анықтауда «принцип» термині пайдаланады. Философиялық еңбектердерде принцип ұғымына мынандай түсінік берілген - ол алғашқы бастама белгілі ұстанымның ережесі, сол белгігің, көріністің табиғатын қамтушы болып табылады. Бұл ұғым журналистикада орын алған. Ол БАҚ жүйесін ұйымдастыруда жұмыста сондай- ақ журналистиканың жетелеген әдіс кәсіптерінен көрініс табады. Принцип ұғым журналистикада жүре қалыптасқан. Ол өзінің субьективті және обьективті табиғи ерекшелілігімен дамиды. Осы екі бастама үйлесіп келіп жеке шығармашылық еңбек үрдісіне журналистиканың мәдени көзқарасына ұштастырады.
Принцип ұғымы екі деңгейде қалыптасады:
1. Идеялық методиялық
2. Ұстамдық
Бұл аталған қағидалар журналистиканың шығармашылық әрекетін шектемейді, керісінше журналист әрекетін белгілі бір жүйеде келтіреді. Журналистиканың ұстанымдық принципі алғаш рет 1950 жылы қабылданады. Ол 1980 жылы ЮНЕСКО өкілдері журналисттік мамандықтың этикасын халықаралық принціпін қабылдады. Ал әлемдік деңгейдегі принцип туралы деректер алғаш рет ұлттық кәсіпке қажетті құжаттарда сақталған.
Принцип негізінен, сонау кеңес заманынан кележатқан құбылыс деп айтуға болады. Сонымен қатар, принцип бұл жүре пайда болатынында ескерген жөн, себебі, журналистика – бұқаралық ақпарат құралы күнде өзгеріс үстінде. Ал принцип сол өзгерістерге ыңғайланып, өзгеріп, қалыптасып отыратыны анық.
Сонау кескілескен идеологиялық күресте газеттердің, журналдардың, баспалардың, радиохабарлары мен телевизия комитеттерінің жұмысында идеялық ұстамдылықтың, партиялық пен принциптіліктің маңызы өсе түсіп отырды. Олардың аса маңызды парызы — буржуазиялық идеологияға қарсы шабуыл жасай күрес жүргізу, советтік қоғамның социалистік идеологиясына жат көзқарастарды әдебиеттің, өнердің жекелеген шығармаларына енгізу әрекеттеріне белсенді түрде қарсы пікір жазу болды.
Жаңа адамды қалыптастыру ісі коммунизм қүрылысына белсене қатысу, зкономикалық және қоғамдық өмірде коммунистік негіздерді дамыту барысында партияның, мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың бүкіл тәрбие жұмысы жүйесінің ықпал жасауы жағдайында жүргізіледі, бұл жұмыста баспасөзге, радио, кино мен телевизияға маңызды роль жүктеді. Қоғам құрылысының коммунистік формаларының жасалу барысында тұрмыста, еңбекте, адамдар арасындағы қатынастарда коммунистік идеялылықтың барған сайын күшті, барған сайын берік орнығатын болады, коммунизмнің игілігін орынды пайдалана білу дағдысы жасалатын болатындығы белгілі еді.
Баспасөз, радио мен телевизия жас жеткіншектерді халкымыздың даңқты революцияшыл, жауынгерлік және еңбеккерлік дәстүрінде тәрбиелеуге үнемі қамқорлық жасап отыруға тиіс. Кейбір газеттер әскери-патриоттық тақырып-тарға жиі әңгімелер жариялап, жастарға аға ұрпақтың даңқты еңбек және ерлік жолдары туралы баяндап отыр. Мұндай істі дұрыс деуге де негіз бар.
Баспасөз, радио,телевизия күн сайын нақты мысалдар аркылы адамдарды Отанды шексіз сүюге, еліне деген берілгендік рухта тәрбиелеуге, қоғамымыздың борыш сезімталдығын дамыта түсуге, қажырлы еңбек пен шығармашылық үлгілерін жаркын да тартымды етіп көрсетуге тиіс. Біздің өміріміз адамдарының патриоттық үлгілеріне толы. Бұл үлгілерді насихаттап, оларды калың бұқараның игілігіне асыру - журналистердің қүрметті міндеттерінің бірі.
Журналистің қоршаған ортамен байланысын сипаттауда, журналистік іс-әрекетті ұйымдастыруда олар: шыншылдық, халықтық, бұқаралық болып бөлінеді. Енді кезекте осы принциптерге жеке-жеке тоқтала кетсек.
Бірінші, журналистік қызыметтегі шыншылдық принципіне тоқталсақ. Біздің баспасөзіміздің жоғары идеялылығы оның негізгі принциптерінің бірі — халықты шыншылдықпен қамтамасыз етуінде екендігі баршаға аян. Бұл принциптің кеңес кезінде қалай өрбігендігіне назар аударсақ. Совет баспасөзі В. И. Лениннің өсиеттерін мүлтіксіз басшылыққа алып отырды, ол газет қызметкерлері мен тілшілерінен оқиғаларды шыншылдықпен жазуды әрдайым талап етіп, оны қатаң бақылауда ұстады. 1905 жылдың аяғында «Новая
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Богданов Н.Г. Журналист анықтамалығы / Алматы: Мектеп, 1978.
2. Амандосов Т.С. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы/ Алматы: Мектеп, 1978.
3. Багиров Э.Г. Место телевидение в системе СМИ/ Москва: 1990.
4. Скуленко М.И. История политической пропаганды/ Киев: 1990.
5. Барманкулов М.К. Телевидение: деньги или власть?/ Алматы: 1998.

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
КІРІСПЕ

1. Принцип ұғымына жалпы түсінік
1. Шыншылдық принцип
2. Халықтық принцип
3. Гуманистік принцип

ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: осы принциптердің бір-бірінен
айырмашылығын анықтау. Олардың баспасөздегі әр принциптің өзіне тән
қасиеттерін белгілей отырып, мақалаларға зерттеу жасау, оның қай принципке
тән қасиеттері бар екенін анықтау.
Реферат жұмысының мақсаты: Осы журналистік принциптерді зерттей отырып,
ол жөнінде өз білімімді толықтыру. Принциптердің түрлерін анықтау. Олардың
бүгінгі таңдағы баспасөзіміздегі бет алысы жайында сөз етіп, газет бетіне
жарық көрген материалдар арқылы принциптерге талдау жасау. Оларды
аудиторияға жеткізіп, саралай отыра, қорытындылау алдыма қойған негізгі
мақсатым.

1. Принцип ұғымына жалпы түсінік
1.1 Шыншылдық принцип

Кез келген ғылым саласының өзіне тән негізі болады. Оны анықтауда
принцип термині пайдаланады. Философиялық еңбектердерде принцип ұғымына
мынандай түсінік берілген - ол алғашқы бастама белгілі ұстанымның ережесі,
сол белгігің, көріністің табиғатын қамтушы болып табылады. Бұл ұғым
журналистикада орын алған. Ол БАҚ жүйесін ұйымдастыруда жұмыста сондай- ақ
журналистиканың жетелеген әдіс кәсіптерінен көрініс табады. Принцип ұғым
журналистикада жүре қалыптасқан. Ол өзінің субьективті және обьективті
табиғи ерекшелілігімен дамиды. Осы екі бастама үйлесіп келіп жеке
шығармашылық еңбек үрдісіне журналистиканың мәдени көзқарасына ұштастырады.
Принцип ұғымы екі деңгейде қалыптасады:
1. Идеялық методиялық
2. Ұстамдық
Бұл аталған қағидалар журналистиканың шығармашылық әрекетін
шектемейді, керісінше журналист әрекетін белгілі бір жүйеде келтіреді.
Журналистиканың ұстанымдық принципі алғаш рет 1950 жылы қабылданады. Ол
1980 жылы ЮНЕСКО өкілдері журналисттік мамандықтың этикасын халықаралық
принціпін қабылдады. Ал әлемдік деңгейдегі принцип туралы деректер алғаш
рет ұлттық кәсіпке қажетті құжаттарда сақталған.
Принцип негізінен, сонау кеңес заманынан кележатқан құбылыс деп
айтуға болады. Сонымен қатар, принцип бұл жүре пайда болатынында ескерген
жөн, себебі, журналистика – бұқаралық ақпарат құралы күнде өзгеріс үстінде.
Ал принцип сол өзгерістерге ыңғайланып, өзгеріп, қалыптасып отыратыны анық.
Сонау кескілескен идеологиялық күресте газеттердің, журналдардың,
баспалардың, радиохабарлары мен телевизия комитеттерінің жұмысында идеялық
ұстамдылықтың, партиялық пен принциптіліктің маңызы өсе түсіп отырды.
Олардың аса маңызды парызы — буржуазиялық идеологияға қарсы шабуыл жасай
күрес жүргізу, советтік қоғамның социалистік идеологиясына жат
көзқарастарды әдебиеттің, өнердің жекелеген шығармаларына енгізу
әрекеттеріне белсенді түрде қарсы пікір жазу болды.
Жаңа адамды қалыптастыру ісі коммунизм қүрылысына белсене қатысу,
зкономикалық және қоғамдық өмірде коммунистік негіздерді дамыту барысында
партияның, мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың бүкіл тәрбие жұмысы жүйесінің
ықпал жасауы жағдайында жүргізіледі, бұл жұмыста баспасөзге, радио, кино
мен телевизияға маңызды роль жүктеді. Қоғам құрылысының коммунистік
формаларының жасалу барысында тұрмыста, еңбекте, адамдар арасындағы
қатынастарда коммунистік идеялылықтың барған сайын күшті, барған сайын
берік орнығатын болады, коммунизмнің игілігін орынды пайдалана білу дағдысы
жасалатын болатындығы белгілі еді.
Баспасөз, радио мен телевизия жас жеткіншектерді халкымыздың
даңқты революцияшыл, жауынгерлік және еңбеккерлік дәстүрінде тәрбиелеуге
үнемі қамқорлық жасап отыруға тиіс. Кейбір газеттер әскери-патриоттық
тақырып-тарға жиі әңгімелер жариялап, жастарға аға ұрпақтың даңқты еңбек
және ерлік жолдары туралы баяндап отыр. Мұндай істі дұрыс деуге де негіз
бар.
Баспасөз, радио,телевизия күн сайын нақты мысалдар аркылы
адамдарды Отанды шексіз сүюге, еліне деген берілгендік рухта тәрбиелеуге,
қоғамымыздың борыш сезімталдығын дамыта түсуге, қажырлы еңбек пен
шығармашылық үлгілерін жаркын да тартымды етіп көрсетуге тиіс. Біздің
өміріміз адамдарының патриоттық үлгілеріне толы. Бұл үлгілерді насихаттап,
оларды калың бұқараның игілігіне асыру - журналистердің қүрметті
міндеттерінің бірі.
Журналистің қоршаған ортамен байланысын сипаттауда, журналистік
іс-әрекетті ұйымдастыруда олар: шыншылдық, халықтық, бұқаралық болып
бөлінеді. Енді кезекте осы принциптерге жеке-жеке тоқтала кетсек.
Бірінші, журналистік қызыметтегі шыншылдық принципіне тоқталсақ.
Біздің баспасөзіміздің жоғары идеялылығы оның негізгі принциптерінің бірі —
халықты шыншылдықпен қамтамасыз етуінде екендігі баршаға аян. Бұл
принциптің кеңес кезінде қалай өрбігендігіне назар аударсақ. Совет
баспасөзі В. И. Лениннің өсиеттерін мүлтіксіз басшылыққа алып отырды, ол
газет қызметкерлері мен тілшілерінен оқиғаларды шыншылдықпен жазуды әрдайым
талап етіп, оны қатаң бақылауда ұстады. 1905 жылдың аяғында Новая жизнь
газетін басқара жүріп, В. И. Ленин Петербург телеграф агенттері берген
жалған хабарларды газетке жариялаудан үзілді-кесілді бас тартты. Ол
революциялық окиғалардың барысы туралы шындықты баяндайтын хабарлар алу
үшін газеттің тілшілер жүйесін үлғайту жөнінде шараларды белгіледі.
Правда газетінің бірінші нөмірінің бас мақаласында былай
делінген: Жұмысшы табына шындықты білу керек! Жұмысшы газеті Правда
өзінің атына сай болуға тиіс: ол сонда ғана өз міндетін орындайды. Міне
бұл, коммунистік партияның орталық органының аты сонымен бірге бүкіл совет
баспасөзінің ұраны да болып табылады. Бұдан көп жылдар бұрын, Октябрьге
дейінгі дәуірде шыққан большевиктік газеттер мен журналдар сиякты советтік
баспасөз халыққа шындықты баяндап келді. Азамат соғысы мен соғыс
интервенциясы дәуірінде, Юденичтің әскерлері Петроградқа ентеледі, Колчак
Волгаға төнгенде, ал Деникин Москваға бет қойған нағыз ауыр жылдарда
большевиктік баспасөз төнген қауіп туралы шындықты айтты, бұл шындық сөз
табандылықты нығайтып, жас Совет мемлекетін корғаушылардың революцияшыл
рухын көтергендігі рас.
Өздерінің листоктарының бәрінде ақгвардияшылар: большевиктердің
үгіті тамаша жақсы жолға қойылған, олар үгітке ақшаны аямай жұмсайды деп
жазады. Бірақ халық әр түрлі үгітті — ақгвардияшылардың да үгітін, кұрыл-
тайшылардың да үгітін естіді ғой. Халық большевиктерге ергенде, олардың
үгітінің неғұрлым шебер жүргізілгендігінен ерді деп ойлау адам күлерлік.
Жоқ, олай емес, әңгіме олардың үгітінің ақиқаттылығында
Бейбіт құрылыс кезеңінде советтік баспасөз шаруашылық пен
мәдениеттің сан саласындағы кемшіліктерді батыл сынап, оны жоюға
көмектесті.Ұлы Отан соғысы жылдарында баспасөздің шыншыл үні қайсарлана
шықты. Баспасөз біздің Отанымызға елеулі қауіп төнгені туралы, советтік
қалалар мен селоларды қиратып, уақытша басып алған аудандардағы халықтың
қайғы-қасірет пен өлімге ұшыратып жатқан жаудың зұлымдығы мен айуандығы
туралы жазды. Фашизммен күрес совет адамдарын біртұтас жауынгерлік лагерьге
біріктірді, олардық жауға деген өшпенділігін тудырып, жауды талқандауға
барынша құлшындырды.
Коммунистік партия мен оның баспасөзі өздерін халыққа қызмет етуге
арнаған және халық игілігі үшін күресті өз қызметінің ең жоғарғы заңы деп
есептеді. Сондықтан да олар Сталиннің жеке басына табыну кезінде жіберілген
қателіктер туралы, ауыл шаруашылығы басқа да салаларындағы кемшіліктер
туралы шындықты айтты. Партия қуатты өнеркәсіппен қатар гүлденген, жан-
жақты дамыған ауыл шаруашылығын жасау, коммунизмнің материалдық-техникалық
базасын жасап, оны дамытудың кең программасын қабылдады. Сол кездегі
баспасөз бұл мәселелердің бәрін кеңінен жазды.
Буржуазиялық баспасөздің бір әдісі әрқашан және барлық елдерде не-
ғүрлым өтімді, қатесіз жарамды болып шығып жүр. Өтірік айт, даурық, ай-
қайла, өтірікті қайтала — әйтеуір бірдеңе калады,— деп жазды В. И. Ленин.
Бүл сөзді қазіргі күндердің тәжірибелері айқын дәлелдеп отыр. Гарвард
университеті ғалымдарының бірі Нью-Йорк Тайме газетінің тікпелерін зерт-
теген. Ол: бұл газет 30 жыл бойы Совет Одағының өмірі туралы не жазып келді
және қалай жазып келді екен ?— деген мәселеге баса назар аударып, көңіл
бөлді. Америка ғалымының советтік кұрылысқа ешқандай іш тартуы болмай-ақ
Нью-Йорк Тайме газетінде жарияланған барлық материалдардың 87 пайызы
тұтас ойдан шығарылған, жала жабу деген қорытындыға келген. Совет Одағы
туралы материалдардың 13 пайызында өмірде болған фактілер келтіріле тұрса
да, олар бұрмаланып берілген , бұрмаланып жазылған.
Совет Одағы мен басқа да социалистік елдерге жала жабу және жалған
айту — буржуазиялық газеттердің әдеттегі әдісі. Істі бұрмалау үшін, совет
адамдарын көріксіз пішінде көрсету үшін, социализм елдерінің барлығын жаман
етіп көрсету үшін буржуазиялық баспасөз неше түрлі айла-шарғыға тырысып
бағады.
Біздің газеттеріміз бен журналдарымыз қоғамдық өмірдің барлық
кұбылыстарын сол болған күйінде көрсететін дәл де даусыз фактілерді келтіре
отырып, барлық оқиғалар туралы шындықты жазады. Мен осы принциптерді
өзіміздің баспасөздерімізде бет алуын зерттеу үшін, республикалық газет
“Жас Алашты” алуды жөн көрдім.
Мысалы, осы шыншылдық принципіне, қазан айының 25-де, №86, 2007
жылы Д. Төлебаевтың “Нанның қымбаттауына да етіміз үйрене бастады” деген
мақаласын назарларыңызға ұсынамын. Онда: “Халыққа қажетті өнімдердің
қымбаттап кетуі- ақылға сыймайтын жағдай. Ол туралы айтудың өзі ұят.
Қазақстан үкіметі кәсібилігін көрсетіп, осы мәселені халықтың пайдасына
шешіп беруі тиіс еді, олай жасай алмады. Демек, үкімет жарықтың қатал
заңына төтеп бере алмай отыр, деуге толық негіз бар. Биыл елімізде бидайдың
көлемі әлдеқайда артты, тіпті көп ойланбай, экспортқа да шығарып жібердік.
Пайданы көздеген мемлекет өз халқының жағдайын ойлауды ұмытты ма, сонда?
Меніңше, үкімет халыққа еш қажетті өнімдерді қымбаттатпай, бір деңгейде
ұстап тұруы тиіс еді. Демократиялық қоғамда үкімет әрқашан халықтың
мәселесін бірінші кезекке қояды.
Нан бағасының қымбаттауынан емес, бидай өнімінің шетелге
экспортталуынан кейбір адамның қалтасы қомпаюда. Нан бағасының қымбаттауына
кім кінәлі екенін деп басып айту қиын, сол баяғы жаһандауға жаба салғанымыз
оңайырақ болатын шығар. Бірақ жаһанданудың нанның бағасына ешқандай қатысы
жоқ, нан бағасын көтеріп, халықтың үрейін туғызатындар – басқалар. Ал
олардың кім екенін анықтауға біздің үкімет дәменсіз болып отыр,-деген
пікірлер айтылып, журналист батыл қадамдарға барады. Бұл мақаланың халыққа
керектігі қаншалықты десеңізші. Себебі, сол уақыттағы нанның қымбаттауы
халыққа ешқандай түсіндірусіз, ескертуінсіз жасалды. Бұл нағыз шыншылдық
прнципінің көрініс табуы деп есептеймін.
Осыған қоса тағы бір мысал келтірсем, Шудың кітапханашылары неге
шулап жүр? деген Оралхан Дәуіттің мақаласын алға тартқым келеді. (№76
20 қыркүйек 2007ж 4 бет)
Жас Алаш газетіне Жамбыл облысы, Шу аудандық орталықтандырылған
кітапханасындағы келеңсіз жәйттерді баяндаған екі бет арыз түсті. Аты-
жөнімізді көрсетуге қорқамыз деген хат жолдаушылар арыз соңына Бір топ
кітапханашылар деумен шектеліп, кітапхана директоры Ақсұлу Байтүгелованың
адам төзгісіз тірліктерін тізіпті.
Байтүгелова Шу қалалық Гайдар атындағы кітапхананың
қызметкерлері, бір баласы бар жесір әйел М.Жаңылованың момындығын әбден
пайдаланып, қолына зорлап қалам ұстатып, жұмыстан кету туралы өтінішін
жазуға мәжбүр етті. Тасөткел ауылындағы кітапханада соңғы бес жылда алты
кітапханашы ауысты... Бірлікүстем ауылдық кітапханасында да үш қызметкер
ауысып, қазір төртіншісі кітапханашы кілтін қолына алды. 35 жыл еңбек өтімі
бар Қ.Қамбарбаеваны ескертусіз орнынан алып, К.Райымбекованы қойды. Оның да
әр күнін тозаққа айналдырып, басына сөрені құлатып, екі ай ауруханада
емделіп шықты. Жылдық, жарты жылдық есеп алу барысында әр ауылдың кітапхана
қызметкерлері үй-күйін тастап, екі аптадан бір ай көлемінде кітапхананың
алдында сенделіп жүреді. Бастық әр нәрсені сылтауратып, олардың есебін
алмай, жоспарын бекітпей жүгіртіп қояды. Қызметкерлерге іссапар куәлігін
толтыртып алғанымен, төлеуге тиісті қаржыны төлейді. Есеп алу барысында
әбден шаршаған 19-20 ауылдық кітапхана қызметкерлерін қорқытып-үркітіп,
жылда әрқайсысынан үш мың теңгеден жинап алады. Бұл ақшаны облыстағы
басшыларға беремін деген уәж айтады. Ал ай сайын қызметкерлерден мың теңге
жинайды, Мұны аудандық әкімшіліктегі бастықтарға беремін дейді...
Астанада антимонополияда Сағынтаевым, облыста ревизор Бостановым, облыста
да бір мықты ағам отыр, сендер маған не істей аласыңдар? деп берекемізді
әбден алып бітті.
Осы хаттың анық-қанығын тексермек мақсатта ең алдымен Шу аудандық
әкімінің орынбасары А.Наметқұловпен хабарласып, пәлен күні барамыз деп
келістік. Бардық. Бізді аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі
Е.Айманбетов бастап алып жүрді. Ол алдымен арыздың басты кейіпкері
А.Байтүгеловамен таныстырды. Біз келерден бір күн бұрын мәдениет бөлімі
кітапханада жиналыс өткізіп, Жас Алашқа арызды кім жазуы мүмкін неге
сүйеніп жазды, жазғандары рас па, өтірік пе? деген мәселені талқылаған
екен.
Соншама жерден келіп тұрған соң олармен де тілдесе кетейік деген
ниетпен кітапханаға бас сұқтық. Оқу залына жиналған қызметкерлердің алдында
арызды бастан-аяқ оқып берген соң кімде сұрақ бар? бұл арыз туралы не
айтасыздар? деген сауал тастадым. Қызметкерлердің біреуі тырс етпеді.
Сосын жанымдағы екі басшыға сыртқа шыға тұруды өтіндім. Сол кезден бастап
кітапханашылар тіл қақты.
Яғни, бұл жерде басшы тарапынан бір кілтипанның бары анық. Ай
сайын ақша жинап, аудандағы, облыстағы басшыларға жібереді деген
кітапханашының сөзіне аудандық әкімшілік не деп жауап қайтарады? Біз бұл
мәселені алдағы уақытта да назарда ұстап, Шу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Менеджмент, менеджмент проблемалары
Сот ұғымына жалпы түсінік
БАСҚАРУДЫҢ ЗАҢДЫЛЫҒЫ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
Микроорганизм ұғымына жалпы түсінік
Этнопсихологияның негізгі теориялық мәселелері
Саяси жүйелер
Тұлғаның тәрбиелеудегі ойынның ролі
Аударма кезіндегі сөз құрылымын өзгерту
Орта мектептерде оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру жолдары
Денсаулық сақтау технологияларының мақсаты мен оқу-үрдісіндегі маңызы
Пәндер