5-7 сынып оқушыларына технология сабақтарында ағашты өңдеудің әдістемесі


Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3
1 ТЕХНОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА АҒАШТЫ ӨҢДЕУДІҢ
ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 5-7 сыныпта ағаш өңдеу тақырыбының «« Технология» оқу бағдарламасындағы мазмұны . . . 6
1. 2 Конструкциялық ағаш материалдары . . . 8
1. 3 Ағаш тектес материалдарға сипаттама . . . 15
2 5-7 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ТЕХНОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА АҒАШТЫ ӨҢДЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2. 1. Мектеп шеберханасында ағаш өңдеу жұмыстарына оқушыларды
баулу жолдары . . . 18
2. 2Ағашты қол аспаптарымен кесудің жолдары мен тәсілдерін меңгерту . . . 28
2. 3 5-7 сынып оқушыларына ағашты өңдеуді оқыту әдістері . . . 45
3 БҰЙЫМ ДАЙЫНДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
3. 1 Кадесыйлық сандық жасау технологиясы . . . 55
3. 2 Бұйым жасаудың экономикалық есебі . . . 61
Қорытынды . . . 63
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 65
Қосымша (сандық жасау сәті)
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Елімізде оқушыларды тәрбиелеуде, оларды еңбекке баулуда, өмірге бейімдеуде тың жолдарды, тиімді шығармашылық жұмыстарды іздестіру қажеттілігі бүгінгі күн тәртібінде тұрған негізгі мәселе.
Дамыған елімізде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияның қолданылуына байланысты жаңа технологиялық революция басталды. Сондықтан адамдардың алдына жаңа функцияналдық талаптар қойыла бастады. Жұмыскер өндірістік міндеттерді жақсы атқарып қана қоймай, оған қосымша жобалай алуы, шешім қабылдай білуі және шығармашылық жұмыстарды да орындай білуі керек. Осы қасиеттер баланың жас кезеңнен қалыптасып, оқу және еңбек әрекеттерін орындау кездерінде әрі қарай дамиды.
Бүгінгі таңда мектеп қабырғасында және жоғары оқу орындарында оқып білім алып жатқан жас ұрпақ алдында «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілген «Барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі мен әлауқатының артуы» сияқты ұзақ мерзімдік стратегиясын үшінші мыңжылдықта жүзеге асыру міндеті тұр [1] . Демек, бұл қоғамдық саладағы өзгерістерге сай жоғары талаптар қоя отырып, экономикалық бәсекелестік жағдайында сапалы мамандар даярдау қажеттігін алға тартады.
Оқушыларды еңбекке тәрбиелей мәселесі Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектептер білім мазмұнының тұжырымдамасында және Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері оқушыларының еңбекке окыту мен тәрбиелеу тұжырымдамасында орын тапқан [2; 3] .
Қазіргі ғылым мен техниканың кең қанат жайған кезеңінде ғылыми-таным әдіснамасы өте зор маңызға ие. Білім ауқымы адам айтқысыз кеңейді, технология дамып, ақпаратты таңдай білу мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Ендеше мұғалім алдында «Жаңа технологияны ғылыми негізде меңгеру және терең білімді, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу» мәселесі тұр. Міне осы мәселені өз жұмысына арқау еткен мұғалімнің мақсаты мына төмендегідей болуы тиіс;
- озық тәжірибелерді, түрлі педагогикалық әдістерді, жаңа педагогикалық технологияны ұтымды пайдаланудың соңғы нәтижелерін дамыту;
- білімін жетілдіру негізінде оқушының жеке тұлға болуына ықпал ету;
- оқушының маңызды мәселелерді өздері талдап, қорытындылауына жол ашу;
- оқушы өзінің ғылыми-таным әдістерін саралай отырып, ойлауын дамыту және бүгінгі көзқарастың қалыптасуына негіз салу, т. б.
Білім беру мақсаты, оның ұйымдастырушылық құрылымы, технологиялық жағынан жабдықталуы, оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан туындайды.
Педагогтар оқушылардың оқуға деген ынтасының және танымдық қызығушылықтарының дамуының төмендігін ескере отырып, оқытудың моделін, тиімді әдістері мен формаларын құрастыруға тырысуда.
Білім берудің жүйесінде жалпы білім беретін мектептердің өзіндік орны бар. Жалпы орта білім беру жалпы білім беретін мектептердің негізгі мақсаттарының бірі жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасы сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу және әрбір шәкірітті жеке тұлға деп санап, оны жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау болып табылады. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін жалпы білім беретін мектептерде бір қатар міндеттерді шешу керек екендігі айқын. Жалпы білім беретін мектептің мақсат, міндеттері шешуде мектеп көлемінде оқытылып отырған оқу пәндерінің, еңбекке баулу пәнінің өзіндік орны ерекшеліктері бар.
Технология пәні оқушылардың талғамы мен еңбектік ептіліктері мен дағдыларының қалыптасуына ықпал ететін пән болып табылады. Мектеп оқушыларын еңбекке баулу міндеттері еліміздің қоғамдық - экономикалық дамуын онан әрі арттыру мүдделерімен және адамды қалыптастырудың жалпы мақсатымен анықталады. Бұл міндеттер, негізінен балаларды еңбекті сүйюге тәрбиелеу, қоғам игілігі үшін еңбек ету, халық даулетін көздің қарашығындай сақтау болып табылады. Мұның бәрі сайып келгенде жеке адамның жан-жақты дамуына игі ықпалын тигізеді.
Кез келген материалдық өндіріс үшін еңбек құралдармен жұмыс жасаушы маман керек. Осындай мамандар мектеп қабырғасынан бастап дайындық сатыларынан өтеді. Еңбек тәрбиесінде, политехникалық оқытуға және мектеп оқушыларын болашақ еңбек жолына жан-жақты әзірлеудің ролі айрықша және барынша жан-жақты мектеп ісіндегі жетілдіру бойынша айтылып келген.
Технология сабақтарының сапалы өту оқушылардың білім сапасын арттыруға әсер ететін фактор болып табылады. Оқыту процесі үшін оқыту бағдарламалары мен оқулықтардың, оқу құралдарының, дидактикалық құралдармен сапалы қамтамасыз етілуі мектептің оқу-материалдық базасының жақсартылуы, мектептердің қажетті көрнекі құралдарымен толық жабдықталуы, мұғалімнің әдістемелік шеберлігі т. с. с. сабақтың нәтижелігін арттырады.
Оқушылардың білім сапасын арттыру, ең алдымен, мұғалімнің кәсіби шеберлігіне, оқушылардың оқу іс-әрекетін педагогикалық сауатты ұйымдастыра білуге байланысты. Сабақтың нәтижелі болуына оқытудың әдістері мен тәсілдерінің де өзіндік орны бар. Оқушыларды сабақтарын ұйымдастырудың теориялық негізін мазмұндайтын, педагогикалық оқулықтарды жазған: Ю. Н. Бабанский, Г. А. Ильина, В. И. Харламовтың т. б. еңбектері мұғалімдер үшін педагогикалық қызмет үшін қажетті әдебиеттер болып табылады және әрбір мұғалімнің жұмыс столында болуы қажет әдебиеттер[4; 5; 6] . Еңбекке баулу сабағында ұйымдастыру жақтары мен мазмұнын П. Р. Атутов, В. А. Поляков, Д. А. Тхоржевский және т. б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған [7; 8; 9] .
Жалпы оқушыларды еңбекке баулу барысында тәрбиелеу мәселелері бір қатар педагог - ғалымдардың еңбектерінде де қарастырылады. Атап айтқанда: Ж. Б. Қоянбаев, С. Әбдіғаппарова, Қ. Қожахметова. Жастар тәрбиесін негізгі орын алады [10; 11; 12] . Оқытудың жаңа технологиялар бойынша Қ. Қабдықайырұлы, кәсіпке оқыту Б. Ортаев және т. б. [13; 14] .
Болашақ мұғалімдерді дайындау мәселелерін төмендегі ғалымдар еңбектерінде қарастырған О. А. Абдуллина, Ф. Н. Гоноболин, Э. А. Гришин, Н. В. Кузьмина, М. А. Кудайкулов [15; 16; 17; 18; 19; 20] .
Оқушыларды еңбек сабағында оқыту әдістемесіне оқу процесін ұйымдастыруда Л. Н. Крейнулин, О. Сыздықов, Д. Қ. Пошаев, Б. Т. Ортаевтардың жұмыстары өте маңызды болып есептеледі [21; 22] .
Қазіргі кездегі ағашты көркем өңдеіу технологиясын жүзеге асыруда келесі арнайы әдебиеттерге талдау жасалынды: Л. П. Антонов, П. С. Моргулис, В. А. Рузаков; Л. Н. Крейндлин; Е. М. Муравьев, В. П. Молодцов; Е. В. Васильченко, А. Я. Лабзина; В. А. Кальней, В. С. Капралова, В. А. Поляков [23; 24; 25; 26] .
Еңбекке баулу мәселелері төмендегі әдебиеттерде орын тапқан: «Технология. Казіргі заман талабының түрмыс мәдениеті пәндерінен бағдарламалар жинағы (5-11сыныптар) »; «Трудовое обучение: Проб. учеб, пособие для 4 кл. сред. шк. »; «Трудовое обучение: Проб. учеб, пособие для 6 кл. сред. шк. »; «Трудовое обучение: Проб. учеб, пособие для 7 кл. сред. шк. » [27; 28; 29; 30] .
Осы аталған ғылыми, зерттеу және арнайы әдебиеттерді зерделеу нәтижесінде біз өз тақырыбымызды көкейтесті дей келе: «ТЕХНОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА АҒАШТЫ ӨҢДЕУ ӘДІСТЕМЕСІ (5-7 СЫНЫПТАР) .
деп таңдап алдық.
Диплом жұмысымыздың мақсаты: Технология сабақтарында ағашты өңдеудің теориялық негіздері.
Зерттеу объектісі: «Технология» пәні
Зерттеу нысанасы: 5-7 сыныптардағы ағаш өңдеу процессі.
Зерттеу міндеттері:
- 5-7 сыныпта ағаш өңдеу тақырыбының «« Технология» оқу бағдарламасындағы мазмұнын анықтау;
- Ағашты қол аспаптарымен кесудің жолдары мен тәсілдерін меңгеру
- 5-7 сынып оқушыларына ағашты өңдеудің әдіс-тәсілдерін анықтау.
Зерттеу базасы: 7 б сыныбы, ЖОМ, Созақ ауданы Ғ. Мұратбаев атындағы Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы: 5-7 сынып оқушыларын ағаш өңдеуге үйретудің жолдарының тиімді әдістері мен формалары анықталып, материалдық және технологиялық ерекшеліктері ашып көрсетілді.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, қосымшадан, жасалған бұйымнан тұрады.
1 ТЕХНОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА АҒАШТЫ ӨҢДЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 5-7 сыныпта ағаш өңдеу тақырыбының ««Технология» оқу бағдарламасындағы мазмұны
Оқушыларды техника мен технологияның даму бағыты, жаңа материалдар, еңбек және тұрмыс мәдениеті, өндірістік процестердің аутоматтандырылуы, компьютерлендірілуі мен экологияландыруымен қоса қазіргі өндірістің технологиялық процестерімен таныстыруға бағытталған «Технология» білім беру аймағы жалпы білім берудің міндетті компоненттері болып табылады.
«Технология» оқу пәнінің жалпы мақсаты - жас ұрпақты әлеуметтік белсенділікке, өндіріс пен қоғамның арасындағы байланысын түсінуі сонымен қатар қоршаған ортаға технологияның әсерін білу, технологиялық сауаттылығын қалыптастыра отырып, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, қоғамның арасындағы байланысын түсінуі сонымен қатар қоршаған ортаға технологияның әсерін білуге тәрбиелеу болып табылады.
Оқу пәнінің міндеттері:
Қойылған мақсаттарға сәйкес келесі міндетттер анықталған:
- оқушы тұлғасының, әлеуметтік және кәсіби қалыптасу проблемаларын
түсіну негізінде өзіндік саналылығы мен өмірлік тәжірибесінің бірлігі
арқылы қабілеттерін дамыту;
- оқыту процесін ұйымдастыруға денсаулық сақтау көзқарастарын
қамтамасыз ету;
- технологиялық жүйелік ойлау қабілетін қалыптастыру, - жобалық қызметті ұйымдастыру, графикалық мәдениетін қалыптастыру, технологиялық және техникалық қызмет аймағында сұранысқа сәйкес қолданбалы міндеттерін шеше білуін қалыптастыру;
Оқу пәнінің мазмұны біртұтастық ұстанымына сай құрыла отырып, концентрлік тұрғыда дамиды. Оқу пәнінің құрылымы «жекеден жалпыға», «жақыннан алысқа» ұстанымдарына бағынады, оқу пәні арқылы білім алушылардың жеке өмірлік тәжірибесіне негізделген дүниенің қарапайым бейнесінен ғылыми дүниетанымдық бейнесіне өту арқылы қамтамасыз етіледі. Әртүрлі қызмет аймағында технологияға бағыттау біліктілігін қалыптастыру; еңбек нарығында тиімді өзіндік қызмет етуге және кәсіби білім беру жүйесінде білімін жалғастыруға дайындау.
Өз мазмұнында «Технология» білім беру аймағы оқушылардың жалпы білім беру даярлығының политехникалық және қолданбалы құрылымдарын ашады, мемлекет, қоғам мен тұлғаның қызығушылықтары мен мүмкіншіліктерінің үйлесімдігі Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті мемлекеттік жалпы орта білім беру стандарты негізінде қарастырылған [31] .
Ағаш өңдеу тақырыбы Технология пәнінде барлық сыныпта өтеді.
5-сыныпта «Сәндік қолданбалы өнердің элементтері негізінде материалдарды көркемдеп өңдеу» тарауында ағаш өңдеу жұмыстырыының мазмұны төмендегідей берілген:
Ағашты көркемдеп өңдеу
Техникалық-технологиялық мәліметтер. Ағашты көркемдеп оюды дамыту мен оның түрлері туралы мәлімет. Оқушының жұмыс орны. Құрал-жабдықтар.
Ағаш - көркем еңбекке арналған материал. Тақтайды таңдау және кептіру. Сақтау.
Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясы. Көркем сызу. Ою-өрнектер. Трафарет жасау.
Ағашты өңдеу негізі: аралау, сүргілеу, белгілеу, ұштау, әрлеу.
Кесу құралдарымен жұмыс істеу қауіпсіздік ережелерінен негізгі мәлімет. Жұмыс киімі. Оқушының жеке басы тазалығы. Ағашқа көркемдеп оюды жүргізудің бастапқы түрлерінің техникасы.
Ағашқа геометриялық оюды орындау технологиясы.
Құрал-жабдықтар. Ағаш шеберлігі мен ағашты көркемдеп оюға арналған құрал-сайман топтамалары. Қарындаш, сызғыш, қағаз, тақтайлар, жұқа қатырмақағаз.
Көрнекілік. Құрал-саймандар және ағашты көркемдеп өңдеу технологиясы түрлерінің плакаттары. Геометриялы өрнекті оюдың түрлері, диафильм, диапозитивтер.
Демонстрациялау. Ағашты өңдеу элементтерін пайдалану. Құрал-жабдықтарды сақтау орны, олардың жұмыс үстеліңде орналасуы. Ағашты өңдеу және көркем өңдеу үшін тиісті құралдарды пайдаланудың қауіпсіз тәсілдері
Топсеруен. Мұражай, көрме, ағаш өңдеу шеберханалары.
Практикалық жұмыс. Ағашты алғашқы өңдеу, тақтай бетіне өрнекті белгі салу. Өрнек оюдың алғашқы түзу және жіңішке сызықтарын, бейнелі сызық сызуға, геометриялық өрнек бейнелерін пышақпен немесе қашаумен орындаудың тәсілдеріне қолды жаттықтыру. Өсімдік, жануар текті және геометриялық денелер бейнесіндегі ("Төртбұрыш", "Үшбұрыш", "Квадрат") өрнектерді сызу. Өрнекті қатар және тізбектей сызу. Ағаш тақтайшаға ою-өрнек тізбегін салу, бедерлеу, түрлендіру.
Табиғи материалдармен жұмыс.
6-сынып
Ағашты көркемдеп өңдеу
Техникалық-технологиялық мәліметтер. Қазақтардың және басқа ұлттардың қолданбалы қолөнер түрлері туралы мәлімет. Туған өлкемізде ағаштың көркем өңделуі туралы мәлімет, олардың ерекшеліктері.
Ағашты көркем өңдеудегі материалдардың түрлері. Текстуралық ағаштың маңызы. Ағаштың сапасы. Материалдарды өңдеу. Контурлық оюдың техникасы.
Ағаш бөлшектерінің желімі. Ағашты желімдеу. Желімдеу материалдары. Қауіпсіздік жұмыстарының ережелері.
Құрал-жабдықтар . Ағаш өндеуге пайдаланатын құралдар жиынтығы. Ағаштарды әртүрлі көркемдеп ою құралдары, жіңішке темір кескіш, трафареттер.
Көрнекілік. Әртүрлі ағаш түрлерінің жиынтығы және плакаттар. Жұқпалы ауруы бар ағаштар кесінділері, ағаштың текстуралары. Халық шеберлерінің ағашты көркем өңдеуде жасаған экспонаттары.
Демонстрациялау. Диафильмдер, слайдтар. Рельфтік және контурлық оюлардың орындалуы.
Топсеруен. Ағаш өңдеу орындары, шеберханалар.
Практикалық жұмыс. Тақтай бетіне "Түйе мойын" ою-өрнегін салу. Ағаш және фанерден әр түрлі формада розетка, брелок жасап, оларға өрнек салу. Табиғи материалдармен жұмыс.
7 сынып
Ағашты көркемдеп өңдеу
Техникалық-технологиялық мәліметтер. Ағашты көркемдеп өңдеу. Ағаш өңдейтін токарлық станоктар. Қайрау, бұрғылау, токарлық станоктармен жұмыс істеудің қауіпсіздік техникасы. Ағаш бөлшектерін біріктірудің қарапайым технологиясы. Халықтық дәстүрі үлгісіндегі ағаш жиһаздар: сандық, кебеже және т. б. Ою-өрнектің әртүрлілігі: сандық, кебеже, төсек ағаш өрнектері. Өрнегі бар бетті әрлеу әдістері және күйдіру.
Құрал-жабдықтар. Ағаш шеберханасындағы құралдар топтамасы. Токарлық, бұрғылау, қайрау станоктары. Өрнекті экспонаттар: сандық, жүк аяқ, кебеже және т. б. Ағаштан жасалған қарапайым біріктіру бөлшектері. Күйдіргіш құрал. Бөлшек бетін әрлеу пигменттері.
Көрнекілік. Экспонаттар: сандық, жүк аяқ, кебеже. Демонстрациялау. Бөлшектерді біріктіру. Сандық пен кебеже жасаудың құрылымдық айырмашылықтары.
Топсеруен . Мұражайлар, көрмелер.
Практшалық жұмыс. Геометриялық формадағы және өсімдік формалы өрнектерді пайдалану арқылы үй іші бұйымдарын жасау. Қарапайым сувенирлік бұйымдар жасау. Сандықтың немесе кебеженің бетін әрлеу.
1. 2 Конструкциялық ағаш материалдары.
Ағаш және оның түрлері
Ағаш деп негізі бағана, тамыр және бұтақтан тұратын тығыз материалдарды айтады. Ең керекті ағаш материалдарын ағаштын бағанасын бірнеше бөлікке тілу арқылы алады. Ағаш материалдары халық шаруашылыгында кеңінен қолданылады. Олардан құрылыс конструкцияларын (терезе, есік, еден), жиһаз, қағаз, музыкалық аспаптар және т. б. бұйымдар дайындайды. Ағашты лак, шайыр (смола) және т. б. заттарды жасайтын өндірістерде де қолданады. Біздің елдің ормандарында 100 -ден астам әр түрлі ағаш породалары өсіріледі. Ағаш породаларының барлығы қылқан жапырақты (хвойный)
(шырша, қарағай, балқарағай), жапыракты (лиственный) (емен, шамшат, қайың, көк терек) болып бөлінеді. Ең ажарлы текстура бағананы өсіне көлденең өзегінен біршама ара қашықтықта кескен кезде болады (тангенциальды) . Ағаштың сақиналық көріністері. Ағашты кескенде ерекше бейнелі суреттер байқалады. Бейнелік суреттер неғұрлым күрделене түскен сайын олардың көзге көрінуі соғұрлым қиындай береді. Осы көрініс арқылы ағаштың жылдық сақиналарын, өзегін, бұтағының орнын анықтауға болады. Мұндай көріністер шпон кесінділерінен жасалған саз аспаптарына, басқа бұйымдарға әсем де әшекейлі әр береді. Жаңғақ шпонының кесінділері қара қоңыр түсті, шамшат, емен, шетен және қарағаштікі ашық қызыл қоңыр түсті болады.-бір тектес тұнық түсті жолақтар қарағаш, алмұрт, жөке ағаштарында
кездеседі;
-қысқа өзекті жолақтар шамшат, емен, шетен және шынар ағаштарына тән. Олар өзегінің ортасынан шпон кесіліп алынса да, өз бейнесін аса жоғалтпайды;
-қарама-қайшы жолақтар көбінесе қызғылт түсті ағаштарда кездеседі, мысалы, сүр үйеңкі, қайың, т. б. ;
-ұзынша жолақты ағаштар: шырша, қарағай, самырсын, т. б.
- жолақтардың ара қашықтығы ағаштың жасына қарай алыс немесе жақын, жуан немесе жіңішке болып келеді;
-ирек жолақтар ағаштың өсу өрісіне, климатқа, жер құнарлылығына
байланысты болады, бірақ бұл өте сирек кездесетін құбылыс.
Ағаштың діңі оның 50-ден 90 %-ға дейінгі бөлігін алып жатыр. Оның көлденең кесіндісінен жылдық сақиналарын, өзегін және қабығын көре аламыз. Ағаш құрылысындағы негізгі де күрделі қызмет атқаратын бөліктің бірі - қабығы. Сыртқы қабық қалыц, кезге айқын көрінеді, ол климаттың күрт өзгеруінен, ыстық-суықтан, ағаш құрамындағы қоректі шырынның булануынан және әр түрлі бактериялардан қорғайды. Ал ішкі қабығы жапырақтарды керекті қорекпен қамтамасыз етеді. Ағаштың өзегі діңнін ортасында орналасқан жұқа әрі жұмсақ клеткалардан құралады. Көлденең кесілген ағаш діңіндегі өзекті көбінесе дөңгелек түрінде көреміз, кейбір кесінділерде өзектің үшбұрышталып, төртбұрышталып немесе жұлдыз сияқты болып келген формаларын байқауға болады. Өзектің түсі қоңыр болып, ерекше айқындалып тұрады. Ал ағаш сақиналарының ашықтау бөлігін табалдырық аймақ дейміз. Мұндай көрініс ядролық ағаштарда болады. Ядролық ағаштарға сағыз, қарағай, самырсын, бал қарағай, шетең, терек, т. б. жатады. Ал ядролық аймағы мен табалдырық аймақ біркелкі келетін ағаштар "ядросыз ағаштар" деп аталады. Олар - шырша, көк терек, т. б. Кейбір ағаштардың (қайың, шамшат, т. б. ) ядролық аймағы көмескі болып көрінеді. Ағаштың өзегі, яғни ядролық аймақ ортадағы клеткалардың біртіндеп өз қызметінен шығуынан пайда болады. Ағаш өзегінің табалдырық аймақтан ядролық аймаққа көшуі қарағай тұқымдастарда өте тез, кейде керісінше өте бәсең өтеді. Өсіп тұрған ағаштың табалдырық аймағы минералды заттар мен ылғалды жоғары карай өткізіп тұру қызметін атқарады. Ал ядролық бөлігі неғұрлым жоғары нығыздықты қамти отырып, ағаш діңінің мықты тұруын қамтамасыз етеді. Ядроға қарағанда табалдырықтың нығыздығы төмен және оңай шіриді. Жас ағаштарда ядролық бөлік көбінесе болмайды, ол өсе келе пайда бола бастайды. Ағаштың көлденең кесіндісіндегі жылдық сақиналары пайда болу мезгіліне қарай көктемгі және күздік болып екіге бөлінеді- Көктемгі бөлігі неғұрлым ашық түсті және жұмсақ болады, ал күздік сақиналар ағаштың сыртқы қабығымен байланысты қатты және қоңыр түсті болып келеді. Ағаш сақиналары механикалық функция қызметін атқарады. Жылдық сақиналар ағаштың өзегінен, яғни ортасынан қабығына қарай үлкейіп өседі. Оған қарап ағаштың қанша жыл өмір сүргенін білуге болады, яғни қанша сақина болса, сонша жыл өмір сүргені. Сақиналардың қалыңдығы ағаштың түрлері мен сыртқы климатқа байланысты. Жылдам өсетін ағаштардың, мысалы, терек, талдың сақиналары қалың болады. Әр түрлі аймақта өсетін, бір түрге жататын ағаштың сақиналары сыртқы қоршаған ортасына қарай жуан және жіңішке болып келеді, ол әр жердің құнарлылығына да байланысты. Қатты аяз бен сыртқы механикалық күштердің әсерінен кейбір ағаштардың жылдық сақиналарының көрінісі бұзылуы минералды сулардың жоғары көтерілуіне өзегінің ұшқындары үлесін қосады. Көлденең кесіндідегі өзектің ұшқындарын жылтырақ сарғыш түсінен аңгаруға болады, ал кейбір ағаштардан оны байқау қиын, бірақ ол ағаштардың барлық түрінде бар. Өзектің үлкеюінен ағаштарда жіңішке және өте жіңішке өзек ұшқындары пайда болады, бұлар қайың, көк терек, үйеңкі, шегіршін, т. б. кездеседі, ал шамшат, емен сияқты ағаштарда өте анық көрініс береді. Қызыл қайың, қандыағаш, жаңғақ ағашында айқын да анық түрде жуан және жіңішке ұшқындар ұшырасады, жуандықтары 0, 015-тен 0, 6 мм-ге дейін жетеді. Өзек ұзынынан кесілген ағаш кесіндідіен жіңішке сары жолақ болып көрінеді. Бірақ олар барынша ашық түсті, кейде барынша қоңыр түсті болып келеді. Өзек ұшқынының әр түрлі болуы ағаштардың түріне байланысты, мысалы, қылқан жапырақты ағаштарға қарағанда жалпақ жапырақтылардың өзек ұшқындары 2-3 есе көп болады. Минералды қоректі діңнің бойымен жоғары өткізетін клеткалар жалпақ жапырақты ағаштарда көзге жақсы көрінеді. Олардың өзі екі түрлі болады: кең көлемде көзге түсетін өткізгіш арналар және көзге көрінбейтін арналар. Жалпақ жапырақты ағаштарда су өткізпш арналар үлкен, ал қылқан жапырақтыларда жіңішке болып келеді.
... жалғасы- бұтақ көріністі жолақтар бұтақтары өте көп қылқан жапырақты ағаштарда кездеседі, мысалы, шырша, қарағай, т. б. ;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz