Photoshop қолданбалы бағдарламасына электронды оқулық құру


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
КІРІСПЕ . . . …. 4
1. ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТАРДЫҢ НЕГІЗГІ ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 1 Электронды оқулықтар . . . …. 5
1. 2 Электронды оқулықтардың құрылымы…. . . . …. . …9
1. 3 Компьютермен сауаттылыққа үйретуге қойылатын негiзгi педагогикалық талаптар. . . . …13
2. PHOTOSHOP ҚОЛДАНБАЛЫ БАҒДАРЛАМАСЫНА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ ҚҰРУДЫҢ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ
2. 1 Компьютерлік графика . . . …36
2. 2 Photoshop құрал-саймандар панелі . . . 39
2. 3 Каналдар және маскалар. . …. 45
2. 4 Мәтінмен жұмыс жасау. Гpафикалық жазу құрастыру . . . 47
2. 5 Photoshop қолданбалы бағдарламасының электронды оқулығы-
ның интерфейсі. . . . . …49
ҚОРЫТЫНДЫ . . 55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . ……… . . . ……… . . . 56
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр - білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
Компьютерлік графиканың жоғары білім беру жүйесіндегі ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.
Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, Web-дизайн, жүйелік программалушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Мектеп бітірушілер компьютерлік сауатылықты меңгеріп шығады, бірақ келешекте олар программист, инженер, жүйе администраторы болуы міндетті емес. Дегенмен кез-келген шығармашылық мамандық сізден қазіргі заманға сәйкес компьютерлік технологияларды меңгеруге талап етеді. Шығармашылық жұмыстын қорытындысы әр қашан жаңа білім, жаңа ақпарат.
Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты жаңа технологияларды қолдана отыра Adobe Photoshop қолданбалы бағдарламасын оқып үйрететін электронды оқулық жасау болып табылады.
Жұмыс екі бөлімнен тұрады, бірінші бөлімде: электронды оқулықтардың негізгі ұйымдастыру мәселелері қарастырылған. Ал екінші бөлімде Adobe Photoshop қолданбалы бағдарламасының негізгі қасиеттері көрсетілген.
1. ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТАРДЫҢ НЕГІЗГІ ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 1 Электронды оқулықтар
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Сондықтан халықаралық ұйымдар әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігінің рейтингін анықтауға кірісті. Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.
Қай заманда да өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде жасалынған, әлі де солай болып келеді. Шығармашылық адам санасының жасампаздығын және іс-әрекетінің биік белсенділігін көрсетеді. Адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлік шеберлігі, бизнес пен кәсіпкерліктің нәтижелілігі, жаңалық ашуы тұлғаның шығармашылық ойлауына қатысты анықталады.
Мұғалім жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті, көп оқитын, көп тоқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйрете алатын болу керек. Бұл өмір талабы. Мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеті болуы шарт. Ол сонымен қоса ұлттық құндылықтарды яғни, этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгеру қажет. Ғаламдасуға байланысты «интернет» жүйесін жетік меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары, жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болуы қажет. Осыған қарап ХХІ ғасырда мұғалімге қойылатын талаптар зор екенін көреміз.
ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мұғалімге тек пән мұғалімі ретінде қабылдау олқылық көрсетеді. Мұғалім қоғам айнасы.
Ертеңгі күнімізге аттамас бұрын бүгінгі ұстаздың кім екендігіне баға беріп көрейік. Бүгінгі мұғалім ата-ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері. Мұғалім - оқытушы, мұғалім - ұстаз, мұғалім - оқулық авторы, мұғалім - технолог, мұғалім-жаңалықты дәріптеуші, таратушы.
Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Жаңа ақпараттық технологияларға (ЖАТ) ғалымдар әр түрлі анықтама беріп отыр. Мысалы, Н. Макарова «ЖАТ - қысқаша компьютер негізіндегі технология» деп тұжырымдайды. М. И. Жильдак бұл терминнің неғұрлым кеңірек анықтамасын береді. Ол «ЖАТ - адамдардың білімін кеңейтіп, олардың техникалық және әлеуметтік үрдістерді басқару мүмкіндігін дамытатын, ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу, тасымалдау және жеткізудің техникалық құралдары мен әдістерінің жиынтығы» дейді.
Біз жоғарыдағы анықтамаларды өз іс-тәжірибемізге қолдану бағытында оларды негізге ала отырып жұмыс істеп жатырмыз. Әсіресе ақпаратты оқушыға компьютер арқылы әзірлеу мен тарату үрдісіне ерекше мән беріп отырамын. Себебі әр түрлі зерттеулерге қарағанда дәстүрлі оқыту кезінде кез келген жақсы оқитын оқушы Компьютерлік графика заңдылықтарын тұжырымдайды, мысалдар келтіреді. Оқушылардың көпшілігі алған білімдерін практикада қолдана алады. Бұл оқушылардың оқу материалын формальды жағынан да жақсы білетінін көрсетеді. Кез келген сабақта электронды оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды.
Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.
Компьютерлік оқыту үрдісінің құрылымдық сызбасын қарастырайық.
Сурет - 1 - Компьютерлік оқыту үрдісінің құрылымы
Оның құраушы элементтері мұғалім, оқушы, дидактикалық материалдар мен дербес компьютер. (Сызба 1) Осы элементтердің барлығы да бір-біріне өзара әсер ететін ақпараттар ағынымен байланысқан. Осы құрылымда алғашқы маңызды аспект ролін мұғалім мен оқушының компьютерлік сауаттылығын қамтамасыз етуі, яғни олардың компьютермен және оның сыртқы құрылымдарымен жұмыс істей білу деңгейлері, компьютердің жалпы қызмет ету принциптерін түсінуі, осы жүйенің жалпы мүмкіндіктерін ұғынуы саналады.
Дәстүрлі оқыту меңгерудің 4 деңгейінің (репродуктивтік, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық) тек алғашқы екеуін ғана қамтиды, нәтижесінде материалдар жеткілікті дәреже меңгерілмейді, білімнің жүйелілігі, беріктілігі қалыптаспайды. Компьютердің көмегімен тақырыпты оқу, зерттеу негізінде меңгеруді эвристикалық және шығармашылық деңгейге жатқызуға болады. Оқушылар электронды оқулықтан оқығанын, көргенін елестете отырып тақырыпқа берілген тест сұрақтарын шешеді. Ал электронды оқулықта тест сұрақтары күрделенген тест және жеңілдетілген тест түрінде болады. Қорыта айтқанда компьютерді сабақта қолдану барысында оқушылар:
- Қарастырылып отырған тақырыптың мағынасын терең түсінеді;
- Оқушы жұмысты орындау барысында ғылыми зерттеу жұмысына тартылады, оның бойында зерттеушілік қабілет пен ынта қалыптаса бастайды.
Кез келген пән мұғалімін компьютерлік кабинетке тартып отырған не? Ең бірінші кезекте сабақты түрлендіру және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Компьютерлік сыныпта өткен сабақта үйреншікті тыныштық жоқ. Сабақ кезінде оқушылар проблемаларды талқылайды, сабақтың барысын қызығушылықпен бақылайды. Бұл кезде мұғалім - оқушы арақашықтығын ұстау болмайды.
Енді электронды оқулықты пайдаланудың тиімді және тиімсіз жақтарына тоқталайық.
Кесте 1
- Оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалын іздеп отырмайды.
- Оқушы оқулықты қажет етпей-ақ Компьютерлік графика негіздерінен кез келген мәліметті алып, оқып үйренуіне болады.
- Тақырыптың үлкен, қиын бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар, клиптер, аудиохабарларды пайдаланады.
- Таңдап алған хабарды көшіруге мүмкіндік бар.
- Сарамандық жұмыстар жылдам түсіндіріледі.
- Бағдарламаны меңгеруге арналған тест сұрақтармен қамтамасыз етілген.
- Көрнекілік құралдарға деген мұқтаждықты азайтады.
- Мүғалім әр оқушымен дербес жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік туғызады.
- Оқушының ой өрісін, дүниетанымын кеңейтуге, тану үрдісіне ықпал етеді.
- Зерттеушілік қабілеті бар тұлға қалыптасады.
- ҰБТ-ге даярлаудағы тиімділігі жоғары
- Психология-педагогикалық талаптардың жоқтығы.
- Пән аралық байланыстың аздығы.
- Көрнекілік материалдарда бірыңғай таңдау.
- Оқып үйренудегі мамандық бойынша бағыты ескерілмеген.
- Материалды толық қамтуы немесе оқулықтарды толық аудару.
- Оқушының жеке ерекшелігі, денсаулық жағдайы ескерілмеген.
- Берілген материалдағы санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталмауы.
- Компьютердің графикалық мүмкіншілігінің қолданылуының нашарлығы және әлсіздігі.
- Оқушының тіл мәдениетінің төмендеуі «тірі» қарым-қатынасқа түсе алмауы.
Жоғарыда айтылған тиімсіз жақтарды болдырмау үшін төмендегідей ұсыныс жасауға болады:
- Компьютерді сабақтың белгілі бір кезеңдерінде ғана пайдалану;
- Компьютерді пайдалану уақытын сақтау;
- Компьютерді пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтау;
- Дәстүрлі және электронды оқытуды кіріктіру арқылы жүргізу. Себебі электронды оқыту - оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу, тестілеу т. б. бағдарламалар жиынтығы. Электрондық оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда:Кері байланысты іс жүзінде тез арада қамтамасыз етеді; Жай оқулықтағы кездеспейтін қосымша материалдарды электронды оқулықтардан қысқа уақытта табуға болады; Гипермәтінді түсіндірмелерге өту барысында уақытты үнемдеуге көмектеседі.
Кез келген сабақ бойынша ең бастысы электронды оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірілген заңдылығы болуы керек.
Осыған байланысты электронды оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескерген жөн:
- Белгілі бір пәнге байланысты дайындалған оқулықтың сол пәннің типтік бағдарлаиасына сәйкес болуы;
- Электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты дәріс конспектісін қамтитын негізгі сарамандық және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша материалдарға анықтама, библиографиялық көмекші, аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест материалдарды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуы;
- Белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмау.
Түрлі сабақтарда электронды оқулықпен жұмыс нәтижелерін бағалау үшін түрлі диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар:
- Білім мониторингісі;
- Сауалнамалар;
- Түрліше тестілік бақылаулар;
- Жеке оқушылармен әңгіме, пікір алмасу т. б.
- Оқушыларды сырттай бақылау
Электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығын жоғарыда айттық. Сондай-ақ мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан қолдана алады.
Заман табына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды география сабағында пайдалану - оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой өрісі дамыған шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу қажет деп ойлаймыз.
ЭО негізгі қасиеттері:
- Жинақтылық
- Жүйелілік
- Эстетикалық көркемділігі
- Жылдамдылығы және т. б.
1. 2 Электронды оқулықтардың құрылымы
- Материалдың мәтін, сурет, график, кескін, кесте және т. б. түрде баяндалуы. Ол оның дәстүрлі оқулықтан ерекшелігін көрсетеді.
- Материалддың кескін түрінде баяндалуы-оқулық мазмұнының графиктік-мәтіндік түрде бейнеленуі. Онда оқу материалының негізгі идеясын айқындайтын үзінділерін оқушының меңгеруіне ыңғайлы етіп, графиктік түрде бейнелеу.
- Өзіндік тексерудің (өзіндік бақылаудың) тестілік жүйесі. Онда оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін айқындайтын сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.
ЭО құрылымдық элементтері:
- Сыртқы беті;
- Титулдық экран;
- Мазмұны;
- Аннотация;
- Оқу материалының толық баяндалуы;
- Оқу материалының қысқаша мазмұны;
- Қосымша әдебиеттер;
- Өзіндік білімді тексеру жүйесі;
- Өзіндік бақылау жүйесі;
- Мәтіндік үзінділерді іздеу функциясы;
- Авторлар тізімі;
- Терминдік сөздер;
- Оқулықтың элементтерін басқару бойынша анықтамалық жүйе;
- Оқулықпен жұмысты басқару жүйесі.
ЭО қойылатын талаптар:
- Жан-жақтылығы
- Ізгіліктілік
- Бейімділігі
- Модульдік
- Экономикалық тиімділігі
- Тұтынушыға бағдарлау
ЭО топтау
Сурет-2- Белгіленулер деңгейі
ЭО құрастыру алгоритмі:
- Оқу пәнінің мазмұндық көлемін бағалау
- Үйренушінің білімділік, икемділік дағдыларын қалыптастыру
- Оқу материалын өзіндік білім алу деңгейіне бөлу
- Глоссарий дайындау
- Лекциялар конспектісін дайындау
- Тест материалын дайындау
- Материалдарды электрондық түрде дайындау
- Өзіндік және практикалық сабақтардың материалын дайындау
ЭО құрамы:
- аннотация;
- пән туралы қысқаша ақпарат;
- жұмыс бағдарламалары;
- электрондық оқулықпен және оның бөлiктерiмен жұмыс жасау туралы әдiстемелiк нұсқаулар;
- ұсынылатын бiлiм беру бағдарламалары;
- теориялық материалдар (лекция конспектiлерi) ;
- теориялық материалдарға негiзделген оқу құралы;
- практикалық жұмыстарды орындауға негiзделген әдiстемелiк құрал;
- практикалық жұмыс пен бақылау жұмыстарының тапсырмаларының тiзiмi;
- бақылау тапсырмалары;
- лабораториялық жұмыстардың әдiстемелiк нұсқалары;
- бiлiмдi бағалау критерийлерiн айқындайтын тапсырмалар;
- бақылау тестiлерiнiң жинағы;
- телекоммуникациялық құрылғыларды қолдану арқылы консультация түрлерi мен графигi;
- глоссарий;
- әдебиеттер тiзiмi және Интернеттiң ақпараттық ресурстарына сiлтемелер;
- озат мұғалiмдердiң жасақтаған қосымша авторлық материалдары;
- үйренушiнiң жұмыс папкасы;
- мұғалiмнiң жұмыс папкасы.
ЭО ортасында жұмыс жасау құрылымы
Сурет-3-ЭО ортасында жұмыс жасау құрылымы
1. 3 Компьютермен сауаттылыққа үйретуге қойылатын
негiзгi педагогикалық талаптар
Компьютерлiк техниканың барлық салаға екпiндi енуi, соның iшiнде бiлiм беру саласына енуi компьютерлiк оқыту технологиясын және компьютердi бiлiм беру саласында колданудың психологиялық-педагогикалық негiзiн iргелi зерттеудi талап етедi. Компьютермен сұхбаттасудың интерактивтiк процессiн жєне компьютердiң көрнектiлiк мүмкiндiктерiн жоғары деңгейге көтеретiн жаңа ақпараттық технологиялардың бiрi мультимедиа (multimedia) құралы екеңдiгi белгiлi.
Оқытушы программалардың iшiнде имитациалық-моделдеушi программалары өмiрде, табиғатта болатын кұбылыстар мен процестердi көрнектi бейнелей алатындығы белгiлi. Оқыту процесiнде компьютерлiк оқыту программалары, ақпаратты iздеу және ақпаратты анықтамалық, оку процесiне арналған оқытушы орта - экспертгiк жүйелерi колданылады.
Осы күнде белгiлi компьютерлiк программаларды зерттей келе компьютерлiк окыту жүйесi оқытушы программалардың жеке дара түрiнен ғана емес, комплекстi, көп функционалды болу қажеттiгi, сонымен катар, компьютерлiк оқытушы жүйеге қойылатын негiзгi талаптар анықтайды.
Психология көзқарасы тұрғысынан қарағанда компьютерлiк оқытушы жүйелерге қойылатын ең негiзгi талаптарға:
• керi байланысты ұйымдастыру;
• оқудың мотивациясын қалыптастыру;
• компьютерлiк оқыту жуйесi негiзiнде жеке оқыту;
• сұхбаттасуды жүргiзу жатады.
Оқушының компьютермен сұхбаттасуын ұйымдастыруға койылатын талаптарды қарастырайық.
Оқушы мен компьютер арасындағы оқыту сұхбаттасуын проектiлеуде оны симметрия параметрi бойынша бағалау маңызды. Компьютердiң функциясына оқу бағыты мен тақырыпты анықтау, сұхбаттасуды кұрастыруды жатқызсақ, сұхбаттасу ассиметриясы компьютердiң пайдасына шешiледi. Оқушыдан тек қана пассивтiк жауап қайтару талап етiледi. Мұны педагогикалық тұрғыдан дұрыс деп санауға болмайды. Сұхбаттасу қадамдарын бастауда оқушы мен компьютерге тең мүмкiндiк берiлуi керек. Оқушының сұхбаттасуды кез-келген уақытта бастауға мүмкiндiгi бар, ал компьютердiң кез-келген уақытта сұхбаттасуды бастауға мүмкiндiгi жоқ. Бұл жерде оқушының сұхбаттасуға дайындығы, оның сұхбаттасуға мұқтаждығы, сонымен бiрге компьютердiң сол сәтте сұхбаттасуды жүргiзу мүмкiншiлiгi сияқты факторлар iске қосылады.
Сұхбаттасуды құрастыруда оқушы өзiнiң iс-әрекеттерiнiң толық жарамдылығын түсiнiп, өз iс-әрекеттерiнiң субъектiсi ретiнде сезiнетiндей, орындайтын iс-әрекеттерiн кеңiнен жоспарлап, қажет болғанда оны логикалық соңына жеткiзе алатындай, немесе, ойын қандайда бiр критикалық нүктеге жеткiзiп, үйреншiктi деңгейде өзiн бағалай алатындай болуы керек.
Оқушыны сұхбаттасуға тарту мәселесiн шешуде мiндеттi түрде окушыда сол сәтте сұхбаттасу қажеттiлiгi бар ма екендiгiн анық-тап, сұхбаттасу оның ойын бұзбайтындығын ескеру қажет. Сұхбаттасудың бағытын анықтауда оқушының дайындық деңгейi ескерiлуi керек. Оқушының дайындық деңгейi тапсырманы орындаудың қандай кезеңiнде болғандығымен анықталады. Оқушының сұхбаттасуы өзiндiк максат емес, оның шектен тыс жиiлiгi өзiн-өзi ақтамайтындығын ескеру керек.
Оқытушы жүйелерде сұхбаттасудағы өзара байланысты ұйымдастыруда келесi ескерiлмеген жағдайлар кездеседi:
- компъютердiң шектен тыс көмек беруi, яғни оқушыға қате жiбергенде шешу жолын толық көрсету;
- жеткiлiксiз көмек, яғни тусiнiктеменiң және көмектiң оқушыға тусiнiксiз болуы.
Сондықтан, сұхбаттасуды ұйымдастыруда төмендегi жағдайларды ескеру керек:
- кездесетiн қиыншылықтың ерекшелiгiн анықтап, оқушыны ескерту;
- оқытушы программаның көмек беру мумкiндiгiмен оқушыны таныстыруды iске асыру қажет.
Оқушы мен компьютер арасындағы сұхбаттасу байланысын бұзатын негiзгi себептердiн бiрi - бағалау пiкiрлерде адекваттықтың болмауы. Адекваттықтың жоқтығы оқытушы программаларда оқушыны шектен тыс мақтау элементтерi. Егер оқушы еш қиындықсыз тапсырманы орындағанда компьютер оны мақтаса, оқушының жұмысқа жауапкершiлiгi төмендейдi.
Оқушының компьютерде беретiн жауабына қойылатын негiзгi талаптардың лингвистикалық аспектiлерiн қарастырайық.
1. Оқушының жауабы неғурлым қысқа болып, оның клавиатурадағы жұмысы азаюы керек, тышқан манипуляторының көмегiмен жауапқа қажеттi объектiнi белгiлеу «drag and drop» арқылы iске асырылу қажет.
2. Оқытушы программаның барлық, фрагменттерiне бiрдей қысқартулар, синтаксистiк таңбаларды қолдану, хабарды берудi шектеудiң аспектiлерi (мысалы, зат есiмнiң аттары тек атау септiгiнде жiктеледi) анықталады. Бұл шектеулердi оқушылар жақсы меңгеруi керек. Қысқартулар оқушыға тусiнiксiз болғанда, жылжыма көмек iске асырылуы орынды (компъютерде ескертуi механизмi - арқылы) .
3. Жауаптарды кодтау рұқсат етiледi. Бiрақ, бұл кодтар табиғи және тұрақты болулары керек. К, ысқарту мүмкiндiгiн ескере отырып, олардың қолданылу және ундестiрiлу мумкiндiктерiн нақты дәл айтып кету қажет.
4. Барлық форматтық ережелер алдын ала толық ескертiлiп, айтылуы керек.
Оқушы мен компьютердiң сұхбаттасуын проектiлеуде дизайн теориясы (көркемсурет теориясының негiзгi принциптерi: пропорция, рет, акцент, бiр-тұтастық және тепе-теңдiк) ескерiлуi керек.
Пропорция принципi объектiлердiң өлшемдерi мен олардың кеңiстiктегi орналасуының ара қатынасына байланысты болады. Мәлiметтердi дисплей экранында ұйымдастыра отырып, логикалык байланысқан мәлiметтер айқын топталып, басқа мәлiметтер категориясынан ерекшеленуiне ұмтылу қажет. Мәлiметтердi реттi көрсету үшiн топтау GroupBox, Panel панельдерiн (1-сурет) колдану, табуляция, бос позиция пернесiн қолдану мүмкiндiктерi бар.
Рет деп, көздiң қозғалысын ескеретiн дисплей экранындағы объектiлердiң ұйымдастырылуын айтамыз. Оқуға әдеттенген көз, әдетте, қозғалысты сол жақ жоғары бұрыштан, экран бойынша, оңға қарай оң жак төменгi бұрышқа дейiн жылжиды. Сондықтан, бастапқы қабылдау нүктесi экранный сол жақ жоғары бұрышында орналасуы керек. Ал, жылдам көретiн тiзiмдер сол жағына келтiрiлiп вертикаль бойынша тегiстелуi керек.
Акцент деп, бiрiншi қабылдану керек ең маңызды объектiнi ерекшелеу принципi. Бұл принциптi сактағанда окушының көз қарасы акцент зонасына бағытталады. Мұндай акцент жасау үшiн әр түрлi құралдарды пайдалануға болады: ең маңызды мәлiметтi центрге орналастыру, оларды бос кеңiстiкте баска ақпараттан бөлек орналастыру, ашық түстердi колдану. Артық әшекейлеуден, түстердi қажеттен тыс көп пайдаланудан, артық кодтаудан және енгiзiлетiн акпараттың көлемi өте үлкен болуынан аулақ болып, экранның анықталған бiр бөлiгiнде түрлi-түстi бояудың көмегiмен көмектi арнайы ажыратқан дүрыс.
Критикалык ақпаратты, ерекше мәлiметтердi, өзгерiстi талап ететiн элементтердi, жоғары приоритеттi мәлiметтердi, енгiзу қателерiн, команданың салдары жайлы ескертулердi, есептi шешуге арналған нұсқауларды, ережелердi белгiлеу керек.
Негiзгi объектiге оқушылардың назарын аудару үшiн түстi дакты қолдану орынды, яғни, ең ашық түспен негiзгi объект, ал қосымша түспен оның қалған бөлiктерi белгiленедi. Егер түстер гаммасы суреттi қабылдау психологиясын есепке алмай құрастырылса, бұл негiзгi бөлiктi белгiлеудi қиындатады, көздi талдырады. Ашық түстер жабық фонда көрерменге жақындатылып, ал жабық түстер, ашық фонда алыстатылып көрiнедi. Эвристикалық ұсыныстар болған жағдайда түстi кәдiмгi бейнелеумен сәйкестендiру керек (яғни, қызыл- рұқсат жок, жасыл - рұқсат, сары - алдын - ала ескерту) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz