Қазіргі таңдағы сабақты жүргізуде жаңа технологияларды қолдану


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 2-6

І тарау. Бастауыштағы сабаққа қойылатын талаптар . . . 7-12

1. 1. Көркем шығарма түрлерін оқыту . . . 13-20

1 . 2. Дұрыс оқу . . . 21-28

ІІ тарау. Қазіргі таңдағы сабақты жүргізуде жаңа технологияларды қолдану.

2. 1. Саналы түрде түсініп оқу . . . 29-35

2. 2. Мәнерлеп оқу . . . 36-41

Қорытынды . . . 42

Пайдаланылған негізгі әдебиеттер . . . 43-44

Кіріспе

Диплом жұмысының өзектілігі:

Оқыту процесінде мектеп оқушыларын тәрбиелеп, олардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру бастауыш мектептердің бағдарламалары аса бай материалдар береді.

Бастауыш кластарда ана тілі пәні - балаларды оқуға үйретудің негізгі құралы.

Ана тілі пәнінің білімдік, тәрбиелік мәні сананы, дұрыс оқуға үйрету арқылы ғана аталады.

Оқуға үйрету сауат ашуға үйрету кезеңнен басталады. Бұл кезде оқұшылар әрбір дыбыстық ерекшелігімен танысу барысында, дыбыстан буын, сөз құрап оны дыбысган дұрыс оқуға жаттығады. Буын сөз құралтып дауысты дыбыстардың қасиетіне ерекше көңіл бөлінді. Жеке оқушылардың дыбыс буын, сөз сөйлемдерді санасы, дұрыс, анық дауыстап оқуы талап етіледі. Сондай-ақ тексті оқу кезінде сөз мәніне мағынасына назар аудару, сөйлемдер арасындағы байланысты түсіну, сөйтіп түсініктерін біртіндсп күрделендіру бағытында мәнерлер оқуды жетілдіру мақсаты көзделеді.

Диплом жұмыстың мақсаты: Бастауыш мектеп оқушыларына сауатты түрде оқыту.

Диплом жұмысының міндеті:

  1. Көркем шығарма түрлерін оқыту;
  2. Балаларды оқытуға машықтандыру;
  3. Оқу сабақтарын жүргізу.

Диплом жұмысыиың нысанасы болып: Бастауыш мектепте оқыту процесі.

Диплом жұмысының әдістері: Диплом жұмысында баяндау, талдау, салыстыру, сараптау, жинақтау, жүйелеу, қорыту әдістері.

Оқу сабақтарына қойылатын негізгі талаптар Бүкіл халқымыздың мәдени дәрежесін үздіксіз жоғары сатыға көтерілу, жас ұрпақты патриоттық, ұлтжандылық мораль рухында тәрбиелеу мәселелеріне қамқорлық жасап, күнделікті басшылықе етіп отырады. Өйткені адам баласының ғасырлар бойы арман еткен жарқын болашағы - егеменді қоғамды құру ісі - жаңа адам тәрбиелеу мәселесімен тығыз байланысты. Қазіргі кезде ғылым негіздерін тиянақты меңгеруді, дүниеге көзқарастың коммунистік принциптерін меңгеруді, ғылым мен техниканың өскелең даму дәрежесіне сәйкес еңбек ету мен п олитехникалық дайындықты, қоғамның қажеттерін, оқушылардың қабілеттері мен тілектерін есепке ала отырып, өскелең ұрпаққа адамгершілік, эстетикалық және дене шынықтыру тәрбиесін беру қамтамасыз етіледі. Мектеп реформасының негізгі талаптарында: "Білім беру мен тәрбие беру сапасын арттыруда, оқушыларды еңбекке баулу мен оларға кәсіптік бағдар беруді түбегейлі жақсартуға, жастардың бойында жоғары адамгершілік қасиеттерді, отанға деген сүйіспеншілікті жөне оны қорғауға әзірлікті қалыптастыруға бағытталып, реформада көзделген шараларды дәйекті түрде мүлтіксіз жүзеге асыру бірінші дәрежелі міндет болып табылады" (1), демек , бүгінгі оқу- тәрбие ісіне үлкен міндет жүктелетіні және бұл міндетті бұлжытпай орындауға мұғалімдердің ерінбей, жалықрпай еңбектенуі қажет екені айтылады.

Оқыту процесінде мектеп оқушыларын тәрбиелеп, олардың дүниеге көзқарасын қалыптастыруда бастауыш мектептердің бағдарламалары аса бай материалдар береді. Оқушыларға саяси-идеялық, адамгершілік, еңбек, эстетикалық тәрбие берудің жалпы жүйесінде көрнекті қоғам қайраткерлерінің өмірі мен күресінің, алға қойған идеясының, қазақ халқының мақсаттарын жүзеге асыру фактілері ерекше маңызды роль атқарады.

І-ІІ кластарда "22 наурыз - қазақ халқының жаңа жылы", "9 мамыр Жеңіс күні" тақырыптарына сай, қазақ батырлары туралы бірнеше шығармалардан үзінді оқу арналады. III класта "Қазақтың билері ", "Жаңа дәуір, жаңа өмір" тақырыптарындағы материалдар халық бақыты үшін күресі туралы, мемлекетімізге және елімізде бақытты өмір орнатудағы тарихи жағдайлар туралы, халық өсиетінің орындалуы туралы мәліметтермен таныстырады.

Қазақ халқы өкімет басшылығымен аталар өсиеттерін орындап отырғандығын бағдарлама бойынша ғылыми, публицистикалық мақалалар мен көркем шығармалар арқылы мағлұмат беріледі. Бұған "Жақсы деген немене, жаман деген немене?", "Біздің Отанымыз - Қазақстан", "Кең байтақ Қазақстан", "¥лы Отан соғысының Батырлары", "Өнегелі өмір" атты тараулардағы тақырыптарды айтуға болады.

Оқу сабағының бағдарламасы бастауыш класс оқушыларына үздіксіз білім беру мен тәрбиелеуді мақсат еткен. Ондай материалдар "1 Мамыр", "1 Мамыр - еңбекшілердің халықаралық мерекесі", "Халықтар арманы - бейбітшілік" т. б.

Бастауыш кластарда ана тілі пәні - балаларды оқуға үйретудің негізгі құралы.

Ана тілі пәнінің білімдік, тәрбиелік мәні саналы, дұрыс оқуға үйрету арқылы ғана ашылады.

Оқуға үйрету, сауат ашуға үйрету кезеңінен басталады. Бұл кезде оқушылар әрбір дыбыстың ерекшелігімен танысу барысында, дыбыстан буын, сөз құрап, оны дыбыстап дұрыс оқуға жаттығады. Буын, сөз құрайтын дауысты дыбыстардың қасиетіне ерекше көңіл бөлінеді. Жеке оқушылардың дыбыс, буын, сөз, сөйлемдерді саналы, дұрыс, анық дауыстап оқуы талап етіледі. Сондай-ақ тексті оқу кезінде сөз мәніне, мағынасына назар аудару, сөйлемдер арасындағы байланысты түсіну, сол арқылы текст мағынасын түсініп, айтып беруге үйрену, сөйтіп, түсініктерін біртіндеп күрделендіру бағытында мәнерлеп оқуды жетілдіру мақсаты көзделеді.

Оқуға үйрету кезінде мұғалімнің басшылығымен іштен оқу немесе өздігінен оқу әдісі қолданылады. Класта өте баяу оқитын, басқаларға қарағанда нашар оқитын оқушылар үшін арнайы оқушылар үшін арнайы карточкалар (үлестірмелі) дайындап, оған оқитын тексті анық етіп жазу керек.

Кластағы озат оқушыларға да арнайы тапсырма (күрделірек) дайындалады. Мәселен: кластағы жалпы оқушыларға 1-2 ғана тапсырма берілсе, озат оқушыларға 3-4 тапсырмадан беріледі. Оқулықта текстің соңына берілген сұрақ-тапсырмаларды оқушылардың түсінігіне, ұғымына лайықтау және олардың өздігінен оқуды талап ету қажет. Жеңілдетіліп талданатын тапсырмаларды карточкаға жазып таратуға болады (нашар үлгеретін оқушылар үшін) .

Оқу сабағы оқушылардың білімін, танымдық қабілетін, тіл байлығын дамытып, қалыптастыру барысында пән аралық байланыстарды да үнемі іске асырады.

Оқу сабағының бұл міндеттері балаларды оқуға үйрету жұмысын дұрыс басқарған жағдайда ғана орындалмақ.

Екінші класта оқу техникасын жетілдіруге көп көңіл бөлінеді. Саналы түрде түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету дауыстап оқу, іштен оқу, өздігінен оқуға үйрену жұмыстарын бір-бірімен байланыстырып жүргізу арқылы жүзеге асады.

Мәнерлеп оқуға үйретуде оқушыларға таныс емес, жаңа текстті дауыстап, жарыстырып оқу тиімді.

Баяу оқитын оқушылар бұл кезде іштен оқып дайындалады.

Екінші класс оқушылары жыл аяғында оқу техникасын толық меңгеріп, оқыған шығарманың мазмұнын, оның идеясын дауыс сазы, үні арқылы анықтап, мәнерлеп оқуға жаттығады.

Үшінші класта оқуға үйретуге қойылатын негізгі мақсат - дауыстап, мәнерлеп және іштен оқуды меңгерту. Оқушылардың өздігінен оқуына берілетін тапсырмалардың көлемі мен мазмұны біртіндеп күрделене түседі.

Оқуға үйретудің сапалы болуы оқу сабағын дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Ол үшін оқушыларды оқулықпен, оқулықтағы жеке текстпен жұмыс жасауға үйрету қажет. Оқуға үйретудің әдіс-тәсілін шығарма жанрларына қарай (көркем шығарма, ғылыми көпшілік мақала, ертегілер, мысал өлеңдер т. б. ) ойластырған жөн.

Көркем шығармаларды ерекше дауыс құбылысы, екпінімен мәнерлеп оқып, негізгі кейіпкерлердің іс-әрекетін, көңіл күйін дәл бейнелейтін сөздер мен сөз тізбектерін даралай оқу қажет.

Кейбір түсінікке жеңіл тексті класта да г үйде де қайталап оқи беру балаларды жалықтырады. Кластағы озық және үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрін әр сабақ сайын жоспарлап отырған жөн.

"Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының Негізгі бағыттарында": "Халық мұғалімі - жас өспірімнің рухани дүниесінің мүсіншісі, қоғам өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы - балаларды, өзінің үмітін, өзінің болашағын сеніп тапсыратын сенімді өкілі . . . ", - дейді. Қорыта келгенде, реформа талаптарын ойдағыдай жүзеге асыру үшін мұғалім, ең алдымен, өзінің педагогтік шеберлігін ұдайы жетілдіріп, білім негіздері мен тәрбие идеясын баланың ақыл-ойы мен жүрегіне жеткізетін ұтымды әрі тиімді әдістерді іздестіреді.

Көркем шығарма түрлерін оқыту

Көркем шығарманы оқудан бұрын алдын ала дайындық жұмысы жүргізіледі. Ол дайындық оқылайын деп отырған шығарманың мазмұны мен көлеміне байланысты болмақ. Шығарма әуелі тұтас оқылғаны тиімді: өйткені бөлініп оқылса, балалар оның мазмұнын толық ұғына алмайды. Шығарманың мазмұнын бір рет оқығанда-ақ тыңдаушылардың көкейіне қондырып, санасына жеткізу үшін, ол нақышына келтіре, шабытпен оқылуға тиіс. Бала психологиясының нәзік сырларын жете білген атақты совет педагогы А. С. Макаренко баланың жан жүйесіне әсер етуде дауыс ырғағына өзінің қаншалықты мән беретінін білдіре келе: " . . . қайткенде де сіздің сөзіңізден еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшеліктеріңізді сезіне алатындай болсын", - деп көрсетеді. Бастауыш мектеп жасындағы балаларға нақышына келтіре сөйлеген сөздің керемет әсер ететіні, олардың есту сезімін дамытып, санасын оятатыны, шығарманың психикалық мәнін түсінуғе мүмкіндік беретін жөнінде методикалық әдебиеттерде басым айтылады. Дауыс ырғағы дұрыс сақталып оқылған текстің оқушыларға қонымды әсер ететінін айта келіп, К. Д. Ушинский: " . . . Мүмкін егерде біз: бізде анық дауыстап, ырғағына келтіріп, әсерлі етіп оқиалатын төменгі төменгі кластың мұғалімін табу өте қиындыққа түседі десек, кейбіреулерге ерсі болып көрінер еді, бірақ зейінінің қабілеті әлі жетілмеген балаларға мұндай мұғалім ерекше қажет", -дейді.

Сонымен, мұғалім шығарманы оқуға дайындалу барысында жүргізген әңгімеде, шығарманы оқуда немесе мазмұнын қысқаша айтып беру жұмыстарында болсын, дауыс ырғағына қатты көңіл бөліп, сөздерді анық, дұрыс айту мәнеріне өзі жақсы жаттыққан болу тиіс. Бұл айтылғаннан шығатын қорытынды - мұғалім шығарманы әуелі өзі оқып көрсеткені дұрыс; кейде оқу техникасын меңгерген, мәнерлеп, жақсы оқитын балаларға да оқытуға болады. Бірақ әсіресе ұйқасы қиын немесе жолдары ұзақ, бала демі жетіңкіремейтін өлеңдер, көркем фразалар мен сөз өрнектері арқылы бейнелене суреттелген көріністер кездесетін шығармаларды мұғалімдердің өзі оқығаны жөн.

Егер текст оқушыларға оқытылса, бастан-аяқ бір оқушы ғана ақымайды. Тексті бөліп-бөліп бір бөлімін біреуі, екінші бөлімін екіншісі сөйтіп жалғастыра, кезекпен бірнеше бала оқиды. Бірақ текст қалай болса солай, кез келген жерден тоқталмай, әр бөлім белгілі бір аяқталған ойды білдіретін үзінді болғаны жөн. Оқу барысында түсініксіз сөз кездесе қалатын болса, бала оқып тұрғанда, мұғалім ол сөздің синонимін (мысалы, лашық -үй) айта қояды, бірақ баланың оқуын тоқтатып қойып, сөзді түсіндіруге болмайды. Сөйтіп, текст аяғына дейін оқылады. Көлемді шығарманы оқытудың екінші жолы - бөлімге бөліп оқу. Әр бөлімді оқып біткеннен кейін, бірнеше сұрақ арқылы оның мазмұны айтқызылады. Келесі сабаққа шығарманың екі-үш бөлімін (көлеміне қарай) оқып келу тапсырылады. Бұл әдістің екеуі де пайдалы: бірінде оқушы оқиғаны аяғына дейін білуге асығып, шапшаң оқуға төселетін болса, екіншісінде көркем шығарманы асықпай, онда әңгімеленіп отырған оқиғаны жан-жақты мән бере ойланып, түсініп оқуға жаттығады. Оқылған шығарманың көлемі қандай болмасын, оны оқушылардың қаншалықты меңгергенін байқау үшін мұғалім қорытынды әңгіме жүргізеді. Бұл жұмыс та түрлі жолдармен ұйымдастырылады. Әңгімені ұйымдастыру. Шығарма мазмұнынан түсінгенді айтып беру, әдетте қорьғгынды әңгіме деп саналады. Мұнда оқушылар көбіне мұғалімнің қойған сұратары бойынша әңгімелейді. Әңгіме қызу жүріп, оған оқушыларды түгел қатыстыру үшін оқушыларды бір-біріне сұрақ қоюға үйретуге болады. Шығарманың мазмұнын ашу, талқылау мақсатында қойылатын сұрақтардың оқылған материалды терең түсінуге, меңгеруге жәрдемі тиеді.

Оқулықтағы материалдардың көпшілігінде қорытынды сұрақтар берілген. Мұғалім қорытынды сұрақтарды әр текстің аяғында берілген сұрақтар арқылы өткізуіне болады. Шығарманың мазмұнын қорыту мақсатында ондағы кейіпкерлерге қарапайым түрде мінездеме беру, көркем сөздер мен сөз тіркестерін талдау, көркемдік қасиетін таныту, сол әңгімеге салынған суреттерді қарау секілді жұмыстар жүргізіледі.

а) Шығармадағы кейіпкерлерге мінездеме беру. Қандай шығарманың болмасын, онда белгілі бір кейіпкерлері болады, сол кейіпкерлердің көңіл-күйі, олардың айналасында әр алуан оқиғалар суреттеледі. Ол кейіпкерлерге мінездеме беру әңғіменің жалпы мәнін аңғартуға көмектеседі. Кейіпкерлерге мінездеме беру жұмысы шығармада айтылатын барлық түйінді мәселелерді қамтиды. Сонымен қатар мұндай жұмыстарда балалар сол кейіпкерлердің өз басына тән қасиеттерді автор көрсеткендей жеткізіп беруге тырысып, текстегі суреттеме сөздерді қолданады.

ә) Шығармадағы әр түрлі мәселелерді әңгімелеу. Шығармадағы кейіпкерлерге мінездеме беру барысында оның өмір сүрген ортасына, заманына тоқталуға тура келеді. Мысалы, Б. Майлиннің "Күлпаш" әңгімесіндегі қарға көміліп қалған, аштықтан өліп жатқан екі адам, С. Торайғыровтың "Кедей" поэмасындағы кедейдің күні-түні дамылсыз қанша еңбек еткенімен, қарны тойып, тәуір тамақ ішіп, тәуір киім кимей, жоқшылықпен өткен бақытсыз да, сорлы өмірімен балалар саналы түрде танысады, - мұның бәрі оқушыларды әділетсіздік пен зорлыққа төзбеушілікке тәрбиелеп, олардың бойында қайырымды да, кішіпейіл болу қасиеттерін қалыптастыра береді.

б) Шығарманың көркемдік ерекшеліктерін таныту. Балаларды әдеби шығармалар оқуға дайындауда олардың оқыған әңгімелерінің тіліне, автордың қолданған бейнелі сөз тіркестеріне көңіл аударып, мәнін аңғартып отырудың маңызы бар. Шығармадағы бейнелі ұғымдар әдетте текстің мазмұны бойынша істелетін жұмыстан кейін, өз алдына бөлек талданады. Мұғалім оқылған шығармадан талдануға тиіс сөздер мен ұғымдарды іріктеп алады да, бірінен соң екіншісін түсіндіре бастайды.

Шығармадағы кейіпкерлерге мінездеме беру, табиғатты сипаттау, еңбекті суреттеу сол шығарманың мазмұны бойынша жүргізіледі. Мысалы "Аққулы көлде" (С. Сейфуллин) тексін өткенде, жаздың алтын нұрлы тамылжыған күндеріндегі көл көрінісін оқушылардың көз алдына елестететіндей және онан балалар әсер алатындай етіп суреттеу үшін, әңгімедегі метафоралар мен теңеу сөздердің мәні түсіндіріледі. Сонан кейін "Аққулардың көлдің үстіндегі қалқи жүзгенін автор қандай сөздер арқылы көрсетеді?" деген сұрақ қоюға болады. Мұндай сұраққа жауап қайтару үшін, оқушылар аппақ денесін күміс суға төсеп, әсем жүзіп, күміс айнадай мөлдірін шымырлатып сызады деген сияқты бейнелі тіркестер қолданылады. Немесе ондай тіркестерді сұрақтың ішіне енгізіп: "Автор неліктен суды күміс айнадай дейді?", "Меруерт, гауһар, меншақ тізіледі деп отырғаны не?" т. б. сияқты сұрақтар қоюға болады. Сонда оқушылар жауаптарында автордың күміс суды айнадай деуі тұнық, мөлдір судың желсіз күнгі тып-тыныш күйін көрсету үшін, меруерт, гауһар тізіледі деген тіркестерді көл бетіндегі аққулардың жүзген іздерін бейнелеу үшін қолданғанын айтады. Сондай-ақ Л. С. Пушкиннің "Балықшы және балық" ертегісін оқығанда, теңіз бетінің бірте-бірте түнере түскен өзгерісіне оқушылардың көңілін аударып, оны автордың неліктен солай суреттегенін балалар өз беттерімен таба алатындай жағдай жасайды. Шығарманың көркемдік ерекшелігімен таныстыруда текске берілген суреттермен жұмыс жүргізудің мәні зор.

Сабақта суреттерді пайдаланудың мынадай түрлерін атауға болады. Сурет бүкіл текстке берілген болса, оны қорытынды әңгімеде пайдалану керек, ал сурет текстің бір бөліміне ғана берілсе, сол бөлімді талдағанда қараған жөн. Сондай - ақ суреттерді тексті оқуға дайындық әңгіме кезінде де, оны оқығаннан кейін де қарауға болады. Мысалы, оқулықтағы жыл мезгілдерін көрсететін суреттерді сол бөлімге берілген шығармаларды оқуға кіріспес бұрын, алдын-ала қарап, көктем мен жаздың немесе күз бен қыстың белгілерімен оқушыларды таныстырып алған жөн. Ал текстің мазмұнына байланысты салынған суреттердің көпшілігін оны оқып болғаннан кейін ұсынуға болады. Көлемді шығармаларға берілген суреттер оқу барысында пайдаланылады (Балықшы мен балық) ертегісі, "Бақыршы бала" әңгімелеріне берілген суреттер. Мұнда оқушыларға әңгімеден сол суреттерде берілген жерлерді тауып оқу тапсырылады.

Осылайша текске берілген суреттерді көңіл қоя қарау оқушыларға бір жағынан, шығармадағы әңгімеленген жағдайлар мен бейнелерді анықтай түсіп, нақты түсініктер берсе, суретті қарап, оның мазмұнын ұға білуге үйретеді.

Мысал оқу. Көркем шығарманың басқа түрлерінен мысалдың мынадай өзгешеліктері бар: а) аллегориямен айтылатындығы; ә) мысалда белгілі бір үгіт, тәлім-тәрбиелік мән болатындығы; б) оның оқылу ерекшелігі. Осыдан келіп мынадай методикалық сұрақ туады: мысалдағы аллегорияны ашу керек пе, жоқ па? Мұндай сұраққа жауап беру үшін, мысалдың сипатын, қасиетін байқаи қараған дұрыс.

Шынында бастауыш класс оқушылары мысалды оқығанда суреттелген оқиғаның тартымдылығына қызығады, оны шындық деп қабылдайды. Сондықтан мысалды оқып шығысымен, автордың бейнесі, оны кім деп түсінесіңдер дегендей сұрақ қою қателік болған болар еді. өйткені жұмысты мұндай өдіспен жүргізу - оқушылардың мысалды оқығанда алған әсерлерін жояды; сондықтан балалардың одан алған әсерлері әлсіремей, қайта күшейе түсетіндей жағдай жасайтын әдіс-тәсілдер қарастырылады. Ол үшін алдымен мысалдарда суреттелгендер шындық болмыс жөнінде балаларға қате түсінік береді, өйткені қарға, түлкі сөйлемейді ғой деген сияқтылардан қауіптенудің қажеті жоқ. олардың сөйлемейтінін балалардың өздері де жақсы біледі, сонда да оны шындық сияқты қабылдайды. Мысалдың екінші ерекшелігі - онда белгілі бір үгіт, тәлім- торбиелік түрде текстің басында не аяғында беріледі. Мысалы, "Қарға мен түлкі" мысалынан шығатын қорытынды текстің басында берілген:

Жұрт біледі, күледі

Сұрқия тілдің жаманын,

Қошеметшілер амалын,

Сонда да солар қайда жоқ,

Ептеп айтса, ересің,

Артынан өкінсең де пайда жоқ, -деген сияқты.

Мысал оқытуда осындай қорытынды пікірді пайдаланып, құрғақ сөзбен "Мұндай жаман мінез-құлықтан, іс-әрекеттен аулақ болу керек" . . . деген мораль оқып, үгіт айтып, жүргізілген жұмыстың бастауыш класс оқушыларына әсері шамалы болады. Ондай үгітті тіпті сол оқылып отырған мысалдан үзінді келтіре отырып айтқанда да, кішкене балалардың санасына бірден қона қояды деу қиыы. Сондықтан мысал оқытуда ондағы айтылатын үгітті табуға тырыспай, оның кейіпкерлері мен сол кейіпкерлердің іс-әрекеті, өзара қарым-қатынасы, бір-біріне айтқан сөздеріндегі ой анық ашылуға тиіс. Осыган орай, мысалдан шығатын қорытынды пікірді оның мазмұны талданып болғаннаи кейін оқуга болады.

Мысал оқытудың үшінші ерекшелігі - оның дауыстап оқу тәсілінде. Мысалдағы айтылатын сөз автордың атынан айтылмай, кейіпкердің атынан баяндалатын болса, сол кейіпкердіц басындағы ерекшелігіне қарай дауыс сазы да құбылып отырады, Мысалы, "Шал мен малайда" ол екеуінің сөзі бір сөзбен немесе "Қарға мен түлкіде" түлкі мен қарғаның сөзі бір үнмен оқылмайды. Тіпті бір кейіпкердің сөзін оқу әдісі де оның қылығына қарай түрлене береді. Шалдың "Бауырым, түгеншежан, айыршы", - дегені жалынышты үмен оқылса, "Әумесер, ақылың жоқ г ит, доңыз" - деғеи сөздерді ақыру, жекіру, ұрсу мәнерінде, ал малайдың:

Ұрсасың неге, шалым, маған, - дсді.

Сөккендей не істедім саған? - деді,

Жазғаным менің сені ал жаудан

Айырып алғаным ба аман?! - деді

деген сөздері шарасыздық сезіммен, сұраулық мәнерінде бірқалыпты оқылады. "Қарға мен түлкі" мысалында автор сөзі бір әуенмен оқыла келе, түлкінің сөзі басталған кезде қулық, өтірік мадақтау мәнеріне келтіріліп, дауыс бірнеше құбылып оқылады. Кейіпкерлердің мінез-құлқы мен автордың сөз қолдануына қарай, дауыс ырғағының құбылып отыруы балалардың ынтасын арттырып, мысалдың кейбір жолдарын бір-екі оқығанда-ақ жаттап алуларына жағдай жасайды.

Қорыта айтқанда, мысалдарды төмендегідей жүйемен оқытуға болады: 1. Оқылатын материалдар жөпінде мұғалім алдын ала әңгіме мысалдың ішінде кездесетін кейбіреулерін кірістіре отырып, олардың мағыналарын аша түседі.

2. Мысалды мәнерлеп мұғалім оқиды, сонан кейін
оқушыларға оқытады.

  1. Оның мағынасы талданады.
  2. Мысалдардың кей жерлерінен үзінді келтіреотырып, ондағы негізгіойды қорытындылайды.

5. Мысалдың мазмұнына ұқсас өмірде кездесетін
жагдайлардан
мысалдар келтіріледі.

6. Рольге бөліп оқылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интерактивті тақтаны пайдалану
Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері
Бейнелеу өнері сабақтарын мектепте оқыту барысында ақпараттық технологияны пайдаланудың теориялық негіздері
Ағылшын тілі интерактивті тақтаны қолдану
АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану
Биологияны компьютерлік технологияға негіздеп оқыту ерекшеліктері
Мультимедиялық технологиялардың қолданылуы
Биология пәнін оқыту процесі кезіндегі ақпараттық және коммуникативтік технологиялар
Ақпараттық қоғам дәуірі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz