Ес және іс-әрекет
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
І . Ес және іс.әрекет
ІІ. Естің түрлері
ІІІ. Ес процестері
ІV. Ес және іс.әрекетті дамыту жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
І . Ес және іс.әрекет
ІІ. Естің түрлері
ІІІ. Ес процестері
ІV. Ес және іс.әрекетті дамыту жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Тақырыптың өзектілігі. Жан немесе психика құбылыстары туралы әр кезде өмір сүрген қазақ ойшылдары да аз айтпаған. Асан қайғы, Шалкиіз, Мұхаммед Хайдар Дулати, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы, Қадырғали Жалайри, Ақтамберді, Бұхар, Шал, Дулат, Махамбет және т.б. ақын-жыраулар мен ғұлама –ойшылдардың шығармаларында көшпенді ата-бабаларымыздың жан дүниесі әр қырынан сөз болғаны байқалады.
Қазақ халқы тәлім-тәрбиелік, психологиялық мұрға аса бай халықтардың бірі. «Адам болІ» ұстанымы – қазақ өркениетінің, сайып келгенде, сан ғсырлар бойына қордаланып келген психологиялық ой-түйіндерінің алтын діңгегі.

1. Бабаев С. Психология. – Түркістан. – 1998.- 68 бет.
2. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері.- Алматы. – 2002.- 79-85 беттер
3. Жарықбаев Қ. Психология. – Алматы.- 1982.- 113-114 беттер.
4. Немов . Психология. В 3-хт. – Москва. – 1996.- 93-95 стр.
5. Ушинский К.Д. Балаларды тәрбиелеу және оқыту. – Алматы. – 1951. – 59-61 беттер
6. Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 10 томды. 2-том. – Алматы. – 2005. – 139 бет
7. Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 10 томды. 7-том. – Алматы. – 2006. – 79-85 бет
8. Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 10 томды. 10-том. – Алматы. – 2007. 129-135 бет
9. М.Жұмабаев. Жалпы педагогика. – Алматы. – 1987.
10. Ж.Аймауытов. Психология. – Алматы. – 1996.- 47-49бет

МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
І . Ес және іс-әрекет
ІІ. Естің түрлері
ІІІ. Ес процестері
ІV. Ес және іс-әрекетті дамыту жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Жан немесе психика құбылыстары туралы әр
кезде өмір сүрген қазақ ойшылдары да аз айтпаған. Асан қайғы, Шалкиіз,
Мұхаммед Хайдар Дулати, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы, Қадырғали Жалайри,
Ақтамберді, Бұхар, Шал, Дулат, Махамбет және т.б. ақын-жыраулар мен ғұлама
–ойшылдардың шығармаларында көшпенді ата-бабаларымыздың жан дүниесі әр
қырынан сөз болғаны байқалады.
Қазақ халқы тәлім-тәрбиелік, психологиялық мұрға аса бай халықтардың
бірі. Адам болІ ұстанымы – қазақ өркениетінің, сайып келгенде, сан
ғсырлар бойына қордаланып келген психологиялық ой-түйіндерінің алтын
діңгегі. Бұл туралы Елбасы Н.назарбаев : Менің ойымша, қазақтардың
қайталанбас этникалық, психологиялық әлемі әлі жете зерттелмей, зерделенбей
жатқан тылсым дүние деген болатын.
Мысалы, ортағасырлық ғұлама ғалым Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының жан
туралы пайымдаулары ерекше назар аудартады. Оның басты еңбегі Шипагерлік
баянда көптеген психологиялық ұғымдар туралы қызықты мағлұматтар бар. Ол
өзінен бұрын өмір сүрген ұлы ғұламалардың жан туралы түсініктеріне сүйене
келе, бүкіл тіршіліктің басқарушы, реттеушісі жүрек дейді. Сөйте тұра жан
құбылыстарын басқаруда мидың атқаратын рөлін де жоққа шығармайды. Оның адам
есіне, ойлауына байланысты айтқандары ғылыми тұрғыдан дәйекті нанымды.
Ол – ес - көрген, естіген нәрсені жадта сақтау үшін аса қажет дейді.
Адам тез аңғарғыш, байқағыш және есте қалдырғыш болуы тиіс. Белгілі ғалым
психолог Қ.Жарықбаев өзінің Жантану негіздері атты еңбегінде есті дамыту
үшін көптеген тау-тас, жер-су және жан-жануарлардың аттарын жаттап алудың
қажеттілігіне үлкен мән береді.Адамның есте сақтау қабілетінің ойдағыдай
дамуына негіз болатын қасиеттің бірі – зерделілік пен зейінділік. Оның
пікірінще, санады іс-әрекет зейінсіз іске аспайды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті – ес және іс-әрекетті дамыту
жолдарын жан-жақты қарастыру.
Жұмыстың нысаны – ес және іс-әрекет.
ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі психологиялық ой-пікірлердің дамуы –
Ш.Құдайбердіүлы, С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов,
М.Ж.Көпеев және т.б. еңбектерімен айрықша ерекшеленсе, ХХ ғасырдың екінші
жартысы Қазақстанда психология ғылымының дамуына үлес қосқан академик
Т.Тәжібаев пен профессор М.Мұқанов, доцент Ә. Сыдықов, С.Балаубаев және
т.б. қазақ ғалымдарының еңбектерін қамтиды [7].
Ойлау процесінде сезім мүшелері арқылы затты, іс-әрекетті жан-жағынан
қара, қолыңмен ұстап көр, бір-бірімен салыстыр, содан соң барып толғанған,
өйткені толғану сараланбаса, ойлау дараланбайды дей келе, ойлау, сөйлеу
қызметіне байланысты екендігін баса айтады.Ойдың сөз арқылы бейнеленуінің
арқасында адам өзінен бұрынғылардың ілім-білімдерін есінде сақтап қалады,
оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырады. Айтар ойымызды қағаз бетіне
түсіргенде ғана оны түгелдей есте сақтай аламыз.
Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлімнен, үш тарау, қорытынды бөлімнен
және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
І . Ес және іс-әрекет
Ес дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында
сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс.
Ес күрделі психикалық процесс. Ес есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану,
ұмыту секілді процестерден тұрады. Естің физиологиялық негіздерін бір
кезде И.П.Павловтың жүйке жүйесінің пластикалық қасиеті туралы ілімімен
түсіндірілетін. Жүйке жүйесінің пластикалылығы дегеніміз түрлі қозулардан
қалған әсерлердің қайтадан уақытша байланысқа түсе алу қабілеті. Уақытша
байланыстардың тікелей тітіркендіргіштер әсер етпеген жағдайда да мида
жасалынуы ойда бұрынғы байланытардан із қалып отыратындығын көрсетеді.
Өйткені адам есінің мимен қалайша байланысты екендігі жөнінде ғылымда әлі
нақтылы деректер жоқ. Мысалы, ес құбылысының табиғатын зерттеуші
ғалымдардың бір тобы оны мидағы электр құбылыстарымен байланыстырса, енді
бір зерттеушілер есті мидың нейро-химиясына қарай түсіндіргісі келеді[2].
Бір нәрсені есте сақтау – оны байланыстыру деген сөз. Ес процесінің
негізі болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация деп атайды.
Егер бұрын бірнеше объектіні бір мезгілде немесе бірінен соң бірін
елестетсек не ойласақ бұлардың арасында байланыс пайда болады. Кейін
объектінің біреуін ғана елестетсек миымызда оның қалған бөлегін тудыруға
себеп болады. Ассоциациялық принципті алғаш рет ойлап тапқан ежелгі грек
ойшылы Аристотель болды. Аристотель ассоциацияларды тек тікелей елестетумен
байланыстырып, психикалық әрекеттің, қалған түрлерін түсіндіруге бұл
принципті қолданбады. Ғылымда алғаш рет ассоциация ілімін шартты рефлекс
теориясымен дәлелдеген, осы негізде көптеген психикалық процестердің
табиғатын түсінуге болатындарын көрсеткен ұлы орыс ғалымы И.П.Павлов
болды.И.П.Павлов психологияда ассоциациялар деп аталатын құбылыс ми
қабығында екі қозу процесінің қабаттасып келуі не байланысты пайда болып,
сан рет қайталаудың нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар екенін
түсіндірді. Уақытша жүйкелік байланыс жануарар дүниесінде де, біздің
өзімізде де байқалатын жан-жақты физиологиялық құбылыс. Сонымен қатар
олтүрлі әрекеттерден, әсерлерден құрылса да психикалық құбылыс болып
табылады, оны психологтар ассоциация деп атайды. Ассоциациялардың
Аристотель заманынн белгілі үш түрі бар. Олар: іргелестік, ұқсастық, және
қарама-қарсылық ассоциациялар. Бұл ассоциациялар жөнінде И.П.Павлов былай
дейді: Шартты байланыс.. бұл сірә, біздің бір мезгілдік ассоциация
дейтініміз болса керек. Шартты байланыстардың генерализациясы ұқсасаық
ассоциациясы дегенге сәйкес келеді. Шартты рефлекстің анализі мен синтезі,
сайып келгенде, ой әрекетінің негізгі процестерімен мәні бірдей нәрсе[3].
Ес процестерінсіз адам баласы мәденеттің қандай саласы болмасын,
қалағанынша меңгере де, жан-жақты жетіле де алмас еді. Егер біздің есімізде
ертеректе қабылданған нәрселер сақталмаса, бізге өмірді әр кез қайта жасап
отыруға тура келер еді, не болмаса өмірдегі заттардың барлығы да әр уақытта
белгісіз, не жаңа нәрсе болып көрінеді.
Ес адамның басқа да жан құбылыстарымен де тығыз байланысып жатады. Ол
әсіресе ойлау үшін қажет. Нәрсе есте дұрыс сақталмаса, бұл жәйт ойлауға
қиындық келтіреді. Ж.Аймауытов : ...еске түсіру өнері дегеніміз –ойлау
өнері...Байланыстардың мәнісі –ойлау деген сөз, - деген [9].
Баланың жеке басын қалыптастыруда оның есін тәрбиелеу айрықша орын алады.
Мектептегі оқу-тәрбие процесінің негізгі мақсаттарының бірі – баланың есін
үздіксіз дамытып отыру. Әр жастағы оқушылардың есінің қалайша дамып
отыратындығы психологиялық зерттеулерде жақсы көрсетілген, олрдың біразы
заңдылықтар ретінде дәлелденген. Осы заңдарға сүйеніп, баланың оқу
материалдарын ұмытпай, есте сақтауына қолайлы жағдайлар жасау - әрбір
мұғалімнің міндеті.
Американдық ғалым, Невада-Рено университетінің профессоры Роберт
Солсоның Есте сақтаудың модельдері деген еңбегінде ес, есте сақтау туралы
бірқатар құнды пікірлер айтқан[10].Естің екі жақтылы құрылу
тұжырымдамасында тек бір ғана есте сақтау қоймасы бар, оның ішінде
процестер болып жатады деп дәлелдеуші балама көзқарас қарсы тұрды. Көптеген
ғалымдар естің екіжақтылық моделін мойындайды. Бірақ бұған қарсы ұсыныстар
мен дәлелдемелер де бар. Қазіргі кездегі кейбір ғалымдар естің көпшілік
мақұлдаған, онда қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді бөлімдері бар екендігін
қарастыратын моделінен, иконикалық және эхоикалық предперцептивтік қоймадан
бас тартуда. Олардың дәлелдемелерінің мәні қысқа мерзімді естегі ақпаратты
өңдеу үшін, мысалы, сөзді өңдеу үшін бұл элемент естің неғұрлым ұзағырақ
сақтау қоймасында танылуы керек. Егер зерттелушіден жай сөздердің жиынтығын
есте сақтауын өтінсе, онда алдымен қысқа мерзімді есте сақталуы үшін ол
сөздердің әрқайсысы алдымен танылуы керек, басқаша айтқанда өз қызметін
атқара алуы үшін біраз өңделуі қажет.
Әрине мұндай пайымдауларды жоққа шығару қиын, бірақ олардың авторлары
екі жақты ес метаформасын тым сөзбе-сөз қабылдайтын тәрізді. Бұл
тұжырымдаманы, ойдың бүкіл теориялық модельдері сияқты, ғалымдар зерттеудің
нәтижелерін қалай да жүйелеу, еспен жасалатын тәжірибелердің мәліметтерін
дәлірек сипаттауға және осы ғалымдар арасындағы қарым-қатынасты жеңілдетуге
бағытталған бақылаулардың практикалық ұғымын қамтамасыз етуге мүмкіндік
беретін неғұрлым толық құрылым түрінде орындау мақсатында жасап шығарды.
Бұл болжаммен айтылған құрылым – ҚМЕ және ҰМЕ –махаббат, жек көру және
салыстыруға қарағанда анағұрлым физикалық емес, бірақ оларда құбылыстар
туралы біздің ақпаратты қабылдау әдістеріміз қорытындыланған. Есте
сақтаудың екі жақтылық теориясы толық жетілмеген, бірақ та когнитивті
модельдердің маңызын есепке ала отырып қарасақ, ол бәрібір де керек; одан
басқа жақсы модель жоқ болғанда одан бас тарту бізді бірдемеге үйретуден
гөрі, шатасуға алып келеді.
Осы түсініктердің барлығының негізінде, бұл модельді, қажет жерінде
оның шектеулерін айқын нұсқай отырып, әдебиеттерде бейнеленген, кең
эксперименталды мәліметтерді ұйымдастырудың тәсілі ретінде ұстану
ұйғарылды.
Есте сақтауға жасалған эсперименттерге алғаш болып ғылыми тұжырымдама
берген Германия тұрғыны герман Эббингауз өзінің еңбегінің есте сақтауды
зерттеуі мен оның оқытылуы тарихына тигізген орасан зор әсерін алдын ала
болжай қоюы екіталай. Оның өз жұмысын қандай жағдайда бастағанын қарастырып
көрейік: есте сақтаудың не екендігін бәрі білетініне қарамастан және
философтар оның қандай мақсат үшін қажет екендігін жүздеген жылдар бойына
талдағанына қарамастан, естің құрылымы туралы бірде-бір жүйелік елестеулер
тексерілмеді, негізделінген аналитикалық аппарат ұсынылмады, алдыңғы
жүргізілген эксперименттер бойынша мәліметтер аз болған жоқ. Мұндай
жағдайда есте сақтауды толық зерттеу мүмкін болмады. Сондықтан ол естің
белгісіз қасиеттерін зерттеуді қолға алды[8].
ІІ. Естің түрлері
Ойда қалдырылатын не қайта жаңғырылатын нәрсенің сипатына қарай ес
төртке бөлінеді. Олар: қозғалыс, образдыө, сөз логикалық және эмоциялық
естер.
1) Қозғалыс есі деп ойын, еңбек әрекетіне байланысты туып отыратын қимыл-
қозғалыстарды есте қалдыру мен қайта жаңғыртып отыруды айтады. Естің
осы түрі қозғалыс дағдыларын қалыптастырудың негізі болып табылады.
Мысалы, әріп таңбаларды жаңадан үйренген кезде бала жазуға қатысатын
қолының қозғалыстарын есінде сақтайды.
2) Заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақтылы бейнесін ойда
қалдыруда, қайта жңғыртуда көрініп отыруын образды ес деп атайды.
Суретшілер мен сәулеткерлердің, сазгерлер мен актерлердің есі көбінесе
нақты, көрнекті болып келеді. Мұндай адам оқып шыққан кітабының
мазмұнын есіне түсіргенде ондағы ұсақ бөлшектеріне дейін көз алдына
жақсы келтіре алады. Мысалы, француздың белгілі карикатурашысы Гаварни
бір көрген адамын бет-ажарынан тани қоюда орасан зейінді болған. Ол
көшеде серуендеп жүріп, кенеттен қасындағы жолдасына : Қарашы, мынау
адам есіңізде ме? деп сұрйды екен. Танысы : жоқ, білмеймін десе,
Қалай білмейсіз, осыдан 20 жыл бұрын пәлендей көшеде кездестірген жоқ
па едік - дейді екен.
3) Адам ойының түрлі формаларын, еске қалдыра алу қабілеті сөз-логикалық
ес деп аталады. Сөз жүйесін есте сақтау – ойлау жұмысына байланысты.
Естің осы түрі көбінесе философтар мен математиктерде жиі кездеседі.
Сөз-логикалық естің оқу процесінде маңызы аса зор. Өткен тақырыптарды
есте қалдыру, оны қайта жаңғырту есі онша дамымаған адамға қиынға
соғады.
4) Сезімдерді еске қалдырып отыруды эмоциялық ес дейді. Мысалы, жас
кезімізде тұрған жерге келсек, сол кезде бізге ерекше әсер қалдырған
нәрселердің бәрі есімізге оп-оңай түседі. Өткендегі оқиға бір қуанышқа
байланысты болса, ол өмір бойы естен кетпейді. Мысалы, біздің
әрқайсымыз Ұлы Отан соғысының жеңісін тойлаған күн – 9 Мамырды немесе
Ұлыстың Ұлы күні- Наурыз мерекесін, Қазақстан Республикасының
тәуелсіздік алған күні – 16 желтоқсанды еш уақытта ұмытпаймыз.
Адам сондай-ақ, бір нәрседен қатты қорықса да, тентектік жасап, өзін
ұялтқан күнді басынан кешірсе, мұндайды ешуақыт ұмытпайды.
М.Жұмабаев өзінің Педагогика деген еңбегінде ес туралы былай деп
жазады: Суреттеуді жанның жоғалтпай сақтай білуі ес деп аталады. Ал енді
сақталып тұрған суреттеулерді бұрынғы түрі, бұрынғы ретімен жанның тірілтіп
алып келе білуі еске түсіру деп аталады[7].
Әр адамның есі әр түрлі. Кейбіреулер тез жаттап алып, тез ұмытады.
Кейбіреулер шабан алады, бірақ тез ұмытпайды. Кейбіреулер тез алады, сонда
да ұмытпайды. Адмның білімді болуына, әрине, естің осы төртінші түрі, одан
соң үшінші түрі пайдалы. Адамның есі тағы төмендегі түрлерге бөлінеді:
1. Көру есі. Көру есі күшті адам нәрсенің сыртқы түрін есінде ұстайды.
Мысалы, таныс адамдардың пішіні есте болады, аты , фамилиясы есінде
болмайды. Яки бір шәкірт бір пәннің бір жерінен жауап беріп тұрғанда
сол пән кітабының айтып тұрған сөздер жазылған бетін көргендей болады.
2. Есту сөзі. Есту есі күшті адам заттың дыбысын есінде ұстампаз
болады.Мысалы, кейбір адам таныс адамдарының аты, фамилиясы, пішінін
де ұмытып қалып, жалғыз дауысын ғана есінде ұстайтын болады. Яки
кейбір шәкірт сабақты өзі оқығаннан да, мұғалімнің сөйлегенін
тыңдағанда, тез жаттап алатын болады.
3. Қозғалу есі яки мотор есі. Қозғалу есі күшті адам заттың қозғалуын
есінде ұстайтын болады. мысалы, кейбір адам таныстарының жүріс-тұрысын
ұмытпайтын болады. Адамда осы ес түрлернің біреуінің күшті болуы
көбінесе тұқым қуалайды. Мысалы, әнші өлеңші, домбырашының баласында
есту есі күшті болады. Және бір адам көңіл қойған нәрселеріне есті
болып, көңіл қоймағандарына ессіз болуы мүмкін.Мысалы, өлеңші өлеңді
тез жаттампаз болады. Атақты жаратылыс ғалымы Карл Линней өсімдік
аттарын жаттауға шебер болған да, шет тілдерді үйренуге тыс-ақ топас
болыпты.
ІІІ. Ес процестері
Адам өмірі үшін ес өте қажет. Ес болмаса, бүгін жаттағанын бүгін
ұмытып тұрса, өмірінде адамның білімі артпас еді. Адам адамды білмес еді.
Ес болса ғана адам білімді болады. Ес болса ғана адам дұрыс ойлай алады. Ес
неғұрлым мол, бай болса, ой да терең болады. Терең ойлы адамдардың аса есті
болғандығы бізге тарихтан мәлім.Балада ес болмаса, оған ешнәрсе үйрету
мүмкін емес. Сондықтан да тәрбиеші баланың есті болуына аса көп күш жұмсауы
керек.
Ересек адамның есіне қарағанда, баланың есі тым әлсіз. Бала тез
ұмытады. 2-3 жасар бала аз уақыт ішінде ата –анасынан айырылып тұрса,
оларды танымай қалады. 9-10 жасар бала шет елде ана тілін біржола ұмытып
қалды. Бала ұмытып қалып, бір нәрсенің атын қайта-қайта сұрай береді, бір
көрген нәрсесіне қайта-қайта қарай береді.
Ес түрлерінен балада есту есінен көру һәм қозғалу есі күшті.
Ес өте күрделі процесс, оның өзі бірнеше жеке процестерден тұрады.
Бұлардың негізгілері: есте қлдыру, қайта жаңғырту, ұмыту. Ол арнайы есте
қалдыру және еріксіз есте қалдыру болып екіге бөлінеді[3].
Еріксіз есте қалдыруда адам алдына арнаулы мақсат қоймайды, есте
қалдырудың арнаулы тәсілдерін пайдаланбайды. Айналадағы өмірдің түрлі
көріністері сол әрекеттің ағымына қарай есте қалып отырады. Ал есте қалдыру
арнаулы тәсілдерді қажет етеді, оны тудыратын тиісті мотивтер болады.
Қандай объектіні болмасын әдейілеп есте қалдыру үшін мына төмендегі
шарттарды орындап отыру қажет болады:
1) Есте қалдыруда әр кез мақсат қойып отыру зор маңызды. Оқу материалын
жақсы меңгеру үшін, оған қатты зейін қою жеткіліксіз, ол үшін алға
айқын, анық мақсат қою керек. Мысалы, оқушыларға бір әңгіме айтып,
оны үш-төрт күннен кейін қайта сұраса, балалардың біразы әңгіменің
негізгі бөлімдерін қайта жаңғырта алмай қиналады. Ал енді осы
оқушыларға екінші бір әңгіме айтып, үш-төрт күннен кейін қайтып айтып
бересіңдер десе, балалардың біразы сол әңгімені ұмытпай жадында ұстап
қалады. Бұл екі тәжірибенің арасындағы айырма: соңғыда материалды
есте берік сақтау мақсат етіп қойылған, ал бірінші жағдайда мұндай
анық мақсат қойылмаған еді.
2) Есте қалдырудың қоғамдық, тәжірибелік мәні адамның қажетіне де
байланысты болады. Мысалы, оқушылар қандай бір шығарманы оқымасын,
бір қажетіме керек болар деп оқитын болса, оны есте қалдыру қиынға
соқпайды.
3) Оқылатын шығарманы жоспарлай алу – есте қалдыруға көп жеңілдік
келтіреді. Жоспар мүмкін болғанша анық, айқын, дәл болуы керек. Қалай
болса солай құрыла салған жоспар есте берік сақтауға негіз бола
алмайды. Оқитын шығарманың ішінен еске тірек боларлық жерлерін
іздестіріп, оны бірнеше мағыналы бөлшектерге бөлу, бөлшектің
әрқайсысының мағынасына лайықты ат ойлап табу – есте қалдыруды
нәтижелі етеді.
4) Мағыналы есте қалдыру дегеніміз – нәрсенің мәніне түсіну. Сондықтан
мағыналы түсіну ойлау процесімен тығыз байланысты. Матреиалды жақсы
ұғынып, терең түсіну, мағыналы байланыстар жасау, маңызды ьелгілерін
анықтай алу – оны талдай, синтездей, салыстыра, жүйелей білуді қажет
етеді.
5) Оқып шыққан шығарманың байланысын, жүйелерін елестетуге, еске тірек
боларлық ой-желісін табуда схема, сызба, кестелермен қатар, арнаулы
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz