Топырақ ресурстары


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

I - ТАРАУ. ТОПЫРАҚ РЕСУРСТАРЫ - АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРІСІНІҢ НЕГІЗІ

1. 1Топырақ құрамының түзілуіне әсер ететін факторлар

1. 2Топырақтың тұздануы мен онымен күрес шаралары

II - ТАРАУ. МИНЕРАЛДЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТАР, ОЛАРДЫҢ ТОПЫРАҚ ҚҰНАРЛЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДАҒЫ РОЛІ

2. 1 Азот тыңайтқыштары, олардың түрлері мен өсімдіктер үшін маңызы

  1. Топырақ құрамындағы қарашірік мөлшерін анықтау
  2. Топырақтағы қарашірік заттарын экстракциялау
  3. Минералдық тыңайтқыштардың қарашіріктің сапалық құрамына әсері

III - ТАРАУ. ӘРТҮРЛІ МӨЛШЕРДЕГІ МИНЕРАЛДЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫҢ ТОПЫРАҚТА ҚОРЕКТІК ЭЛЕМЕНТТЕР ЖИНАҚТАЛУЫНА ӘСЕРІ

  1. Топырақтағы аммонийлі және жеңіл гидролизденетін азот мөлшеріне минералдық тыңайтқыштардың әсері

ҚОРЫТЫНДЫ

ЕҢБЕК ҚОРҒАУ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Ауыл шаруашылығының негізі неолит дәуірінде пайда болды. Осы кезден бастап адамның табиғатқа әсері айқын сезіле бастады. Үй жануарларын өсіру үшін адам жайылымдық жерлерді игеріп, бұл жерлерде бұрын тіршілік еткен жабайы жануарларды қуып, аулап, олардың санының азаюына себеп болды.

Табиғатқа тигізетін зиянды әсерлердің негізгі себебі табиғи экожүйелер мен биоценоздардың мәдени ауыл шаруашылық жүйелеріне айналуы болып табылады.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуы табиғи экожүйелердің өте үлкен масштабта жойылуына әкелді. Мұндай деградацияға ең алдымен тропиктік экожүйелер ұшырады. Ормандарды кең масштабтарда кесу, жерді тиімсіз, жүйесіз пайдалану бүкіл эволюция нәтижесінде қалыптасқан экожүйелердің қалпына келмейтіндей болып бұзылуына әкеліп соқты.

Бір кездердегі құнарлы топырақтар мен ландшафттар азғантай уақыт ішінде шөл далаларға айналады. Ауыл шаруашылығы бұдан он мыңдаған жылдар бұрын Палестина мен Сирияның солтүстік аудандарында пайда болды. Қазір бұл үлкен, бір кездегі гүлденген территория құмды далаға айналған. Құнарлы топырақтарды жүйесіз, қалай болса солай пайдалану, алдымен біртіндеп ормандарды азайтты, одан кейін топырақтардың екінші қабатын, ең соңында бүкіл топырақты жойды деуге болады.

Қазіргі заманғы қоғамдық өндірістің дамуы ғалымдардың пікірінше, XVІІІ ғасырдан басталды. Осы кезден бастап негізгі Европалық мемлекеттердің экономикалық структурасы ғылым мен техниканың жетістіктеріне байланысты күрт өзгере бастады. Осы кезде ауыл шаруашылығы өндірісі де техникамен жақсы жабдықтала бастады, өсімдіктердің жаңа дақылдары пайда болып, егін және мал шаруашылықтарының тиімділігі артты.

Ауыл шаруашылығының техникамен жабдықталуы, адамның табиғатпен қарым қатынастарында түбегейлі өзгерістердің пайда болуына себеп болды.

Адам іс-әрекеті арқылы пайдаланылатын биоценоздардың түрі азая түсті. Табиғи биоценоздардан ауыл шаруашылық био-ценоздарының айырмашылығы олардың біркелкілігінде. Бір ғана дақыл түрін үлкен масштабта өсіру нәтижесінде топырақ құнарлылығы кеміп, оның структурасы бұзылады, не тұзданады.

Қазіргі заманғы ауыл шаруашылық техникасы көмегімен егіс алқаптарын көбейту нәтижесінде табиғи ландшафттардың - дала, орман, батпақ т. б. жойылуына себеп болады. Табиғи жайылымдар ауданының кемуі жабайы жануарлардың азаюына, тіпті қырылып кетуіне әкеп соғады.

Әр түрлі биотоптарда өндіріс қалдықтарының жинақталуы заттар айналымын бұзады.

Ғылыми техникалық прогресс ғасырында адамның шаруашылық іс-әрекеті әсерінен биосфераның түрлі орталары айналымындағы табиғи элементтерге енді біраз мөлшерде түрлі жасанды элементтер қосылды. Бұлардың ішіндегі ең негізгілерінің бірі ауыл шаруашылығында минералды тыңайтқыштар мен пестицидтер пайдалану - қазіргі заманғы егін шаруашылығын химияландыру болып табылады.

Қазіргі ғылыми техниканың өрлеу заманында аграрлық экожүйелерде минералдық тыңайтқыштар қолданбай тиімді ауыл шаруашылық өнімін алу мүмкін емес. Бұл аксиома. Бірақ минералдық тыңайтқыштарды ұзақ мерзімде және оларды шамадан тыс көп мөлшерде қолдану агроценоздың табиғи көрінісін өзгертіп, топырақ құнарлылығын күрт төмендетеді. Бұл жағдай қазіргі таңда, экология саласының проблемалары шеңберінен шығып, табиғи ресурстарды және табиғатты қорғаудың ауқымды мәселесіне айналып отыр.

Ауыл шаруашылық дақылдарына қажетті деңгейден көп мөлшерде топыраққа түскен минералдық тыңайтқыштар топырақтың қышқылдануына әкеліп, нәтижесінде қарашіріктің қарқынды ыдырауына және топырақтағы органикалық қосылыстардың азотының минералдану процестерінің белсенділігі артуына жағдай жасайды /1-3/.

Минералдық тыңайтқыштарды кең көлемде қолданудың осындай негативті әсері, көптеген елдердің (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Ресей, ФРГ) ғалымдарын ойландырып, олар соңғы кезде жиі айтылып жүрген биологиялық егіншілік жүйесіне көшудің жолдарын іздестіруде /4-10/.

Тақырыптың өзектілігі . Арал теңізінің жойылуы Қазақстанның оңтүстік өңірінің ауыл шаруашылығы мен экономикасын үлкен экологиялық дағдарысқа әкеліп отыр. Бұрынғы теңіз түбінде жатқан әртүрлі тұз қосылыстары ауа және жауын-шашын арқылы осы аймақтың топырақ, су обьектілерін одан әрі ластауда. Нәтижесінде, бұрыннан құнары аз, сұр топырақ күріш дақылынан кейін шалғынды-батпаққа айналып, топырақтың терең дегра-дациялануына жол берілді. Осы ретте, топырақ құрамындағы қарашірік заттарының төмендеуі салдарынан оның эрозияға, одан әрі құмдану процесіне төтеп беру мүмкіндігінен айрылып, топырақ жедел құнарсыздана бастады.

Топырақ қарашірігінің төмендеуі, негізінен күріш дақылының физиологиялық ерекшеліктеріне және минералдық тыңайтқыштарды, әсіресе азотты тыңайтқыштарды шамадан тыс көп мөлшерде қолдануға байланысты болып отыр.

Минералдық тыңайтқыштардың топырақ пен және онда тіршілік ететін топырақ микробиотасымен байланысын, қарым-қатынасын зерттеу қазіргі таңдағы егін шаруашылығындағы ең өзекті мәселе, өйткені ол ауыл шаруашылық дақылдарының қоректену деңгейін және топырақтың құнарлану дәрежесін анықтайды. Топыраққа минералдық тыңайтқыштардың жоғары мөлшерін қолданғанда, ондағы органикалық қосылыстардың минералдану процестері өршіп, топырақ құрамындағы қарашірік заттарының қоры кемитіні белгілі. Сондықтан, ауыл шаруашылығында қолданылатын минералдық тыңайтқыштардың (азот пен фосфор тыңайтқыштары) топырақтың түріне және дақылдың физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты анықталған оптимальды мөлшері топырақта жүретін қарашіріксіздену процестерін тежеп, оның құнарлылығын көтеруге қолайлы жағдай туғызады.

Минералдық тыңайтқыштар өсімдіктер үшін тек қана қоректік элементтер көзі ғана емес, сонымен қатар топыраққа тікелей әсер ететін абиотикалық фактор. Өсімдіктер минералдық тыңайтқыштар әсерінен жақсы өсіп дамыса, азот - фосфор тыңайтқыштарының микроорганизмдерге әсері әрқилы. C:NP қатынасының жоғарғы деңгейінде топырақта органикалық заттар қоры молайып, гетеротрофты микроорганизмдердің дамуына қолайлы жағдай туады, олардың биомассасы көбейеді және қарашірік заттары синтезделеді. Бұл кезде көміртектік қорек ретінде қарашірік заттарын пайдаланатын олиготрофты бактериялар тірішілігі шектеледі. C:NP қатынасының төменгі деңгейінде топырақта органикалық қалдықтардың мөлшері өте аз жағдайда топырақта қарашірік заттарын пайдаланатын олиготрофты бактериялар қарқынды өсіп-дамып, нәтижесінде топырақтағы қарашірік мөлшері кемиді.

Биологиялық белсенділік - топырақ құнарлылығының бірден-бір көрсеткіші. Топырақ құнарлылығының негізгі микробиологиялық көздеріне: органикалық қосылыстардың синтезделуі, атмосфералық азоттың топыраққа сіңіріліп, оны байытуы, минералдық тыңайтқыштардың трансформациялануы, өсімдік қалдықтарының ыдырауы нәтижесінде қарашірік қорының жасалуы жатады /11/.

Осыған байланысты, топырақтың құнарлылығын жоғалтпай сақтай отырып, ауыл шаруашылық дақылдарынан жоғары өнім алу үшін топырақтың оптимальды биологиялық белсенділігі қажет. Оптимальды биологиялық белсенділік топырақтағы биологиялық және биохимиялық процестер шығын болатын қоректік элементтердің орнын толтыратындай жылдамдықпен және қарқынмен жүрген сәтте ғана айқындалады. Ал, осы нәтижеге жеткізетін шараларға топырақты минералдық тыңайтқыштардың ғылыми негізделген қолайлы және үйлесімді мөлшерімен өңдеу, суару, т. б. жатады.

Соған қарамастан, қазіргі кезге дейін, топырақты минералдық тыңайтқыштардың әртүрлі мөлшерімен өңдегенде, олардың топырақтың физикалық және химиялық қасиеттеріне қалай әсер ететініне көбірек көңіл бөлінді, ал осы антропогендік фактордың топырақтың экологиялық жағдайын кеңінен сипаттайтын - биологиялық белсенділігіне және микробиологиялық қарашіріктену процесіне әкелетін өзгерістерді зерттеу жұмыстары өте аз жүргізілді.

Минералдық тыңайтқыштардың топырақ пен және онда тіршілік ететін топырақ микробиотасымен байланысын, қарым-қатынасын зерттеу қазіргі таңдағы егін шаруашылығындағы ең өзекті мәселе, өйткені ол ауыл шаруашылық дақылдарының қоректену деңгейін және топырақтыңқұнарлану дәрежесін анықтайды. Топыраққа минералдық тыңайтқыштардың жоғары мөлшерін қолданғанда, ондағы органикалық қосылыстардың минералдану процестері өршіп, топырақ құрамындағы қарашірік заттарының қоры кемитіні белгілі. Сондықтан, ауыл шаруашылығында қолданылатын минералдық тыңайтқыштардың (азот пен фосфор тыңайтқыштары) топырақтың түріне және дақылдың физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты анықталған оптимальды мөлшері топырақта жүретін қарашіріксіздену процестерін тежеп, оның құнарлылығын көтеруге қолайлы жағдай туғызады.

Осыған байланысты, топырақтың құнарлылығын жоғалтпай сақтай отырып, ауыл шаруашылық дақылдарынан жоғары өнім алу үшін топырақтың оптимальды биологиялық белсенділігі қажет. Оптимальды биологиялық белсенділік топырақтағы биологиялық және биохимиялық процестер шығын болатын қоректік элементтердің орнын толтыратындай жылдамдықпен және қарқынмен жүрген сәтте ғана айқындалады. Ал, осы нәтижеге жеткізетін шараларға топырақты минералдық тыңайтқыштардың ғылыми негізделген қолайлы және үйлесімді мөлшерімен өңдеу, суару, т. б. жатады.

Соған қарамастан, қазіргі кезге дейін, топырақты минералдық тыңайтқыштардың әртүрлі мөлшерімен өңдегенде, олардың топырақтың физикалық және химиялық қасиеттеріне қалай әсер ететініне көбірек көңіл бөлінді, ал осы антропогендік фактордың топырақтың экологиялық жағдайын кеңінен сипаттайтын - биологиялық белсенділігіне және микробиологиялық қарашіріктену процесіне әкелетін өзгерістерді зерттеу жұмыстары өте аз жүргізілді.

ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

Агроценоздарда қолданылатын минералдық тыңайтқыштардың топырақпен байланыс, қарым-қатынасы топырақтың экологиялық жағдайын білдіреді. Өйткені, топыраққа түскен әртүрлі мөлшердегі минералдық тыңайтқыштар онда тіршілік ететін топырақ биоталары - әртүрлі бактериялар мен саңырауқұлақтар, насекомдар мен олардың личинкаларына тікелей әсер етіп, топырақта жүретін қарашіріктену процесін жеделдетіп не баяулатып, оның құнарлылығын айқындай түседі. /12-15/. Осы тұста пайдаланылатын минералдық тыңайт-қыштардың қолайлы мөлшерін анықтау ғалымдардың алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі.

И. Н. Ромейко және т. б. /16/ ғалымдар егістікте азотты минералдық тыңайтқыштардың көп мөлшерін қолданғанда, ондағы биологиялық белсенділіктің жылдам өзгеретінін байқаған. Мысалы, топырақтағы қарашірік қосылыстарының ыдырау процестеріне қатысатын автохтонды микроорганизмдердің сан көрсеткіштері онда тіршілік ететін барлық микроорганизмдерге қарағанда біршама көбейген.

В. В. Кидин мен О. Н. Ионова /17/ азотты минералдық тың-айтқыштардың топырақтың микробиологиялық белсенділігін тез арттыратынын, нәтижесінде өсімдіктерге сіңімді топырақ азотының мөлшерінің көбейетінін анықтаған. Ал, азотты минералдық тыңайтқыштардың мөлшері көбейген сайын оның топырақтан жоғалуы 1, 5 еседей өскен.

Топырақ қойнауында жүретін барлық процестерге минералдық тыңайтқыштардың қалай әсер ететінін білу мақсатында мик-робиологиялық тестілерді пайдалану өте тиімді, өйткені мик-роорганизмдер биотасы минералдық тыңайтқыштарға өте сезімтал бола тұрып топырақтағы әртүрлі зат айналымы процестерінің бағытын анықтайды /18/.

Далалық тәжірибе жағдайында С. А. Абрамян /19/ минералдық тыңайтқыштардың жоғарылатылған мөлшерінің топырақтағы гид-ролитикалық ферменттер жүйесі белсенділіктеріне кері әсер ететінін байқаған. Ғалымның пікірінше, бұл құбылыс топырақтағы минералдық және жеңілгидролизденетін азот мөлшерінің шамадан тыс көбею салдарынан болған. Сондықтан, автор, гидролаза ферментерінің белсенділіктерін топыраққа түсетін азот қосылыстарының мөлшерімен реттелуі керек деген қорытындыға келген.

Азот тыңайтқыштарының жоғары мөлшері топырақтың биологиялық белсенділігіне және агрофизикалық көрсеткіштеріне күшті әсер етеді. Жоғары мөлшердегі минералдық тыңайтқыштар топырақтың микробиоценозындағы олиготрофты және гетеротрофты микроорганизмдер қарым-қатынасын өзгертіп, біріншілерінің үлесін кемітеді.

Сол себепті топырақ қойнауындағы органикалық және минералдық азот қатынастары да жылжиды.

Азот тыңайтқыштарының 120 кг/га (ә. е. з. ) мөлшерін егістікте қолданған кезде оның көп бөлігі иммобилизацияланып, яғни органикалық қосылыстарға бекініп, кейінірек топырақ биотасының тіршілік іс-әрекеті нәтижесінде минералданады /20/.

Е. Х. Ремпе және Р. У. Рагимовалардың /21/ пікірінше, топы-рақты азот тыңайтқыштарының жоғары мөлшерімен өңдегенде, ондағы нитрлеу мен денитрлеу процестеріне қатысатын мик-роорганизмдер саны тез көбейіп, еркін жүретін азот сіңіруші бактериялар мен аммонификаторлардың мөлшері кемиді. Сонымен қатар, топырақтың "тыныс алуы" төмендеп, оның табиғи органикалық қосылыстарының минералдануы өршиді.

Аграрлық экологиялық жүйелерде азотты минералдық тыңайтқыштардың көп мөлшерін үздіксіз қолдану цианды бактериялардың тобына жататын гетероциста немесе азотсіңіруші түрлердің белсенділіктерін төмендетіп, сандық көрсеткіштерін кемітеді. Осыған байланысты, топырақ жүйесінің өзінің табиғи құнарлылығын бұрынғы қалпына келтіру мүмкіндігі жойылады /22/.

Азотты минералдық тыңайтқыштар топырақта болатын азот сіңіруші бактериялардың және азотфиксация процестерінің бағытына күшті әсер ететін бірден-бір фактор болып саналады.

Көптеген авторлардың айтуынша /23-25/ минералдық азот, яғни тыңайтқыш құрамындағы азот азотфиксация процесіне тікелей әсер етеді. Бұл негізінен, тыңайтқыштың мөлшеріне байланысты. Ауыл шаруашылығында жиі қолданылатын азотты минералдық тыңайтқыштарының мөлшері (120-150 кг/га) осы процесті тек қысқаша уақытқа ғана тұншықтырады. Ал азот фиксацияның толық тоқталуы тыңайтқыштардың өте көп мөлшерінде (800-1000 кг/га) ғана байқалады екен.

Ж. И. Николаенко мен И. А. Геллердің /26/ далалық тәжірибе зерттеулерінде топырақты 60 кг/га минералдық тыңайтқыштармен (N, P, K) өңдегенде бақылаумен (тыңайтқышсыз вариантпен) салыстырғанда, бактериялардың саны 2 есе, саңырауқұлақтар 1, 5 есе, актиномицеттер кешені 3 есе өскен. Топырақтағы микробтық ценоздың сан көрсеткіштерінің көбеюі минералдық тыңайтқыштардың 90 кг/га мөлшеріне дейін болған. Ал, тыңайтқыштарды (NPK) жоғарыда аталған мөлшерден көп деңгейде қолданған кезде, топырақтың биологиялық белсенділігі күрт төмендеп, бактериялардың, актиномицеттердің саны біршама азайған.

Күріш асты топырағының басқа типті топырақтардан өзгешелігі, олардың қабатында қоныстанған микро-организмдердің өте көп болуы. Ондағы микрофлораның ең бай тобына бактериялар - жалпы микроорганизмдер әлеміндегі олардың үлесі 99%, ал қалған топқа - саңырауқұлақтар мен актиномицеттер (0, 1%) жатады. Осыған байланысты топыраққа минералдық тыңайтқыштар берілгенде бактериялар саңырауқұлақтарға қарағанда өте тез өзгеріске ұшырайды /27/.

В. Г. Алехин мен Л. В. Алехиналардың /28/ ғылыми деректері бойынша, минералдық тыңайтқыштардың топыраққа деген жағымды әсері тек микроорганизмдер белсенділіктерін ынталандырғанда ғана жүзеге асады.

Минералдық тыңайтқыштардың өсімдіктер әсерінен қоныс-танған топырақ микробиоценозымен байланысы топырақтың фитосанитарлық жағдайын анықтап қана қоймай, өсімдіктердің қоректену мәселесін және оның құнарлылығының өсуін де қадағалайды.

А. Б. Әбжәлеловтың /29/ жұмысында күріш асты шалғынды-батпақты топырақты әртүрлі мөлшердегі азотты тың-айтқыштармен өңдеген кездегі гетеротрофты микроорганизмдер мен олиготрофты бактериялардың тіршілігі баяндалған. Топырақты тек азотты минералдық тыңайтқыштармен өңдеген кезде олиготрофтардың сандары гетеротрофты микроорганизмдерге қарағанда өскен, ал топырақты минералдық тыңайтқыштарды органикалық қалдықтармен қосып өңдегенде, олиготрофты бактериялардың сандары біршама төмендеген. Олиготрофты бактериялардың ең төменгі белсенділіктері топыраққа азотты тыңайтқыштардың 90кг/га мөлшерінде берген варианттарда ғана болған.

Далалық тәжірибе жағдайында топыраққа минералдық тыңайтқыштарды, сабанды және биогумусты беріп, ондағы бактериялардың, саңырауқұлақтардың, актиномицеттердің және микроорганизмдер биомассаларының сандық көрсеткіштерін, яғни биологиялық белсенділікті зерттеген. Авторлар /30/, топырақ биотасының ең жоғарғы белсенділіктерінің көктемде және күзде болатынын анықтап, минералдық тыңайтқыштар қолданған варианттар топырағының, сабан және биогумуспен өңдеген вариантқа қарағанда, өте белсенді екенін байқаған. Осы ретте бактериялар мен актиномицеттер популяцияларының қарқынды өсіп, саңырауқұлақтар популяцияларымен салыс-тырғанда жоғары деңгейде екені белгілі болды.

Топырақтағы доминантты түрдегі микроорганизмдердің құрамы өте тербелісте болады және белгілі уақыт аралығында өзгеріске ұшырайды (микробтық сукцессия) . Топыраққа түскен минералдық тыңайтқыштардың әртүрлі мөлшері сукцессияны ынталандырып, біріншіден, саңырауқұлақтардың (аэробты топырақ қабатында), сонан соң бактериялардың сандарын жоғарылатып, биологиялық белсенділікті арттырады. /31/.

Суға бастырылған күріш егістігінің топырағында денитрлеуші микроорганизмдер тіршілігінің жандануына қолайлы жағдай жасалынады /32/, ал осы топырақта қоныстанған анаэробты азотсіңіруші микроорганизмдер атмосфералық ауадан сіңірілген азоттың 80%-ға жуығын қоршаған ортаға бөледі. /33/. Демек, осы аталған факторлар күріш дақылының өнімін өсіруге тікелей әсер етеді.

М. М. Panda /34/ және B. P. Dhuanі мен B. Mіshra /35/ күріш асты топырағын судың әр деңгейіне бастырып, және азотты тыңайтқыштардың әртүрлі мөлшерін беріп, олардың топырақтың биологиялық белсенділігіне, аммонийлі азот мөлшеріне тигізетін әсерін зерттеген. Суға бастырылған топырақта аммонификаторлардың сан мөлшері көбейіп, керісінше нитр-леуші бактериялардың (туыстары Nіtrosomonas, Nіtrobacter), сандарының тез кемігенін анықтаған. Азотты минералдық тыңайтқыштардың 120 кг/га мөлшерін қолданған кезде күріш вегетациясының бастапқы кездегі азотты қосылыстарының ысырабы жоғары деңгейде болған. Ғалымдар осы аталған құбылыстарды топырақта жүретін денитрлеу процестерінің әсерінен деген тұжырымға келген.

Минералдық тыңайтқыштарды пайдалану топырақтағы аммонификациялық, целлюлоза ыдырататын бактериялардың санын көбейтіп қана қоймай, олардың белсенділіктерін де жандандырады. Нәтижесінде топырақ қойнауы минералдық және органикалық азотты қосылыстармен қорланады. Сонымен қатар, минералдық тыңайтқыштармен өңделген варианттар топырақтарында оксидоредуктаза, гидролаза ферменттер жүйелерінің белсенділіктері де артады /36/.

Минералдық азотты тыңайтқыштардың ауыл шаруашылығында қолданылуының тиімділігін арттыру, азоттың шайылуын кемітіп, және қоршаған ортаны (су, топырақ) қорғау үшін олардың қолайлы мөлшерін анықтау аса өзекті мәселе. Сонымен бірге, құнарлы топырақтың құрылу процесінде жүретін барлық биохимиялық реакциялар сондағы микроорганизмдер мен мезофауна өкілдері, дақылдың тамыр жүйесінің тіршілігі нәтижесінде пайда болатын ферменттер жүйелерімен атқарылады. Олардың ішіндегі ең негізгілеріне гидролитикалық ферменттер- целлюлаза, протеаза, т. б. жатады /37/.

Микроорганизмдер популяциялары топырақтың көптеген қасиеттеріне: органикалық қалдықтардың ыдырауына, (қарашірік синтезі, органикалық қосылыстардың минералдануы) ; өсімдіктерге сіңімді элементтерді көбейтуге; биологиялық азотфиксация, т. б. жағымды, оң әсер ете алады /38/.

Авторлар, топырақтың сапасының микробиологиялық көрсеткіштеріне: органикалық көміртектің мөлшерін; микробтық биомассаны; топырақтың "тыныс алуын"; ферменттер мөлшерін, т. б. жатқызады. Олардың пікірінше, микробиологиялық құры-лымдар қоршаған ортаның тез өзгеруіне ылғи да үйренген және де соған байланысты топырақтың биологиялық белсенділігін топырақ сапасының сезімтал көрсеткіші ретінде ұсынады.

Биогеоценоздың көміртек айналымында атмосфераға топырақ қуысынан бөлінетін көмірқышқыл газы үлкен роль атқарады. Ол топырақ пен атмосфера арасындағы газ алмасу процесінің жиілігін сипаттайды және топырақтың биологиялық белсенділігі болып саналады.

Топырақтың құнарлылығы мен "тыныс алу" көрсеткіштерінің арасында тікелей коррелятивті байланыс болады /39/.

Егістік топырағын минералдық тыңайтқыштармен өңдегенде, оның газ алмасу режимі өзгеріп, әсіресе көмірқышқыл газын бөлу процесінің қарқыны қатты өзгеріске ұшырайды. Бұл туралы ғылми әдебиеттерде қарама-қарсы пікірлер бар.

Ғалымдардың бір тобы /40, 41/, топырақтың көмір қышқыл газын бөлу процесі оны минералдық тыңайтқыштармен өңдеген кезде жоғарылайды деп тұжырымдаса, ал екінші бір авторлар /42, 43/ керісінше, топырақтың "тыныс алу" жиілігі, азотты тыңайтқыштарды әсіресе көп мөлшерде қолданған кезде төмендейді деген пікір айтады.

Әрине, бұндай қарама-қарсы пікірлердің болуы топырақтың құрамына, экологиялық жағдайына және агротехникалық өңдеу әдістеріне, топырақтың типіне байланысты болса керек. Бірақ көптеген ғалымдар бір ортақ пікірге толық қосылады, ол топырақтың "тыныс алу" мүмкіндігі ондағы органикалық қосылыстардың (қарашіріктің, өсімдік қалдықтарының, микробтық биомассаның) минералдануынан болатындығы /44-46/.

Л. В. Помазкина және т. б. /46/ топырақтың "тыныс алуын" оның биологиялық белсенділігінің өзектісі деп баға беріп, осы аталған процесті бүкіл әлемдік экологиялық проблемаға айналған "парниктік эффекті" құбылысымен біріктіреді. Өйткені, аталған экологиялық проблеманың шығуы, негізінен атмосфералық ауа қабатындағы көмірқышқыл газы концентрациясының жоғарылауынан екені белгілі.

I-ТАРАУ. ТОПЫРАҚ РЕСУРСТАРЫ - АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРІСІНІҢ НЕГІЗІ

Топырақ - құрлықтың өсімдік өнімін бере алатын борпылдақ құнарлы қабаты.

Топырақ - ең маңызды және бағалы с алыстырмалы қалпына келтірілетін ресурстардың бірі. Ол тірі организмдер мен климат әсерінен біртіндеп қалыптасады. Топырақтың құнарлы қабатының 1 см бірнеше ғасырлар бойы түзіледі, ал бұзылуы не жойылуы үшін бірнеше жыл не тіпті күн жетіп жатыр.

Қазіргі кезде құрлықтың жер ресурстарының 10, 4% өңделеді, бұл немесе бүкіл жер шарының беткі ауданының 2, 95%.

Біздің еліміздің жер ресурстары ұлан-байтақ болғанымен шексіз емес. Оның үстіне, халық санының өсуіне байланысты әрбір адамға келетін жердің үлесі азаюда. Мысалы, біздің елімізде бір адамның үлесіне 2 га жер, Арменияда -0, 18 га, Грузияда - 0, 16 га келеді екен.

Кезінде топырақ тану ғылымының негізін салушы В. В. Докучаев қаратопырақ таскөмірден де, алтыннан да, мұнайдан да қымбат деп жазған.

Жер бетіндегі барлық тіршілікке қажетті жағдайлармен қамтамасыз етіп, топырақ өсімдіктер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауа, су, топырақ құрамы өзгеруінің өсімдіктердің биоалуантүрлілігіне әсерін зерттеу
Жер ресурстары туралы түсінік
Ресурстардың жіктелуі
Ресурстар мен жер қойнауын қорғау әрі оңтайлы пайдалану
Ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаның ластануы
ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
Табиғат ресурстарын пайдалану принциптері
Ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаның ластануы
Қазақстандағы табиғи ресурстарды пайдаланудың осы заманғы жағдайы
Сырдария суының химиялық құрамын қалыптастырушы табиғи факторлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz