«Жасыл» экономика


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

М а з м ұ н ы

Кіріспе . . . 6

I «Жасыл» экономика . . . 8

I. 1 Қазақстандағы «жасыл» экономиканы дамыту тұжырымдамасы . . . 8

I. 2 Дүние жүзінде балама энергия көздерін қолдану және оның өзекті мәселелері . . . 13

II Қазақстанда балама энергия көздерінің жетекші салалары және оларды географиялық орналастыру . . . 19

II. 1 Қазақстанда балама энергия көздерінің жетекші көздері және оларды географиялық орналастыру . . . 19

II. 2 Қазақстанда жел энергиясын географиялық орналастыру . . . 23

II. 3 Қазақстанда күн энергиясын географиялық орналастыру . . . 33

III Қазақстанда балама энергия көздерінің қосалқы салалары және оларды географиялық орналастыру . . . 37

III. 1 Биологиялық газды - Қазақстан жерінде орналастыру . . . 40

III. 2 Қазақстанда гидроэнергетикасын географиялық орналастыру . . . 48

III. 3 Қазақстанда геотермалды энергиясын географиялық орналастыру . . . 50

Қорытынды . . . 56

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 59

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі таңда пайдалы қазбалардың қорының азайуы, экологиялық мәселелердің ушығуы, дүниежүзілік энергия тапшылығы және халықтың эканомикалық, әлеуметтік жағдайдың тұрақсыздығы үрдістері ұлғаю үстінде. Аталған мәселелердің алдын алу және болдырмаудың бірден-бір жолы ол «жасыл экономика» және балама энергия көздерін айқындап, олардың қорларын тиімді пайдалану.

«Жасыл экономика» және балама энергия көздерінің - халыққа тигізер пайдасы орасан. Қазіргі кезде Дүние жүзі шаруашылығы жер қыртысының пайдалы қазбаларын көп тұтынуда, соның салдарынан пайдалы қазбалардың қоры жылдан-жылға азаю үстінде. Осындай келеңсіз құбылыстар төмендегі жағдайға әкеліп соқты.

Дүние жүзі халықтары өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында орасан зор энергия тұтынуда, соның салдарынан қазіргі таңда энергия тапшылығы байқалуда. Осы мәселенің алдын алу, энергия тапшылығын жою үшін балама энергия көздерін пайдалану өте маңызды. Балама энергия көздері бірінші кезекте, қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған (пайдалы қазбалар - мұнай, газ, көмір) ресурстарды үнемді тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған. Туындаған проблеманы шешудегі энергетикалық сұранысты қанағаттандыра алатын энергия көзі - жел, күн, биологиялық газ, гидроэнергетика, геотермалды энергияларын пайдалану және географиялық орналастыру. Ал балама энергияның алға қойған мақсаты экалогиялық таза, табиғи өнімдерді шығару болып табылады. Аталған мәселелерді зерттеп қордаланған жайттарды шешу жолдарын ұсыну өзекті деп есептейміз.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақстанда «жасыл экономика» және балама энергия көздерін анықтап, оларды пайдалану мен географиялық негіздегі орналастыру мәселелерін қарастыру.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Қазақстанда «жасыл экономиканы» дамыту жолдарын қарастыру;
  • Дүние жүзілік тәжірбиеге сүйене отырып Қазақстанда балама энергия көздерін тиімді пайдалану жолдарын қарастыру;
  • Қазақстанда балама энергия көздерінің жетекші салалары және оларды географиялық орналастыру;
  • Қазақстанда балама энергия көздерінің қосалқы салалары және оларды географиялық орналастыру;
  • Қазақстанда «жасыл эканомика» және балама энергия көздерін географиялық орналастыруда ұсыныстарды айқындау;

Зерттеу жұмысының дерек көздері: Ғылыми әдебиеттер: Қойшиев Т. Қ., «Жаңартылған энергия көздері», Тлеуов А. Ч., Тлеуов Т. Ч. «Использование нетрадиционных видов энергии в Казахстане», Уәлиев Т. О., Жангелдина Д. І., Сарқытқан Қ., Тұрғынбеков Н. М., «Өндірістік география» т. б. Бұқаралық ақпарат құралдары: Егемен Қазақстан «Жасыл эконимиканы дамыту», Егемен Қазақстан «Ұлттың ұлылығын ұлықтайтын тұс», Егемен Қазақстан «Болашақ энергиясы», География және табиғат «XXI ғасырдың қайтарымды балама қуат көздерін игеру-кезек күттірмейтін іс». ЭКСПО-2017 арналған алдын-ала материалдар және статистикалық мәліметтер.

Зерттеу жұмысының әдісі: Теориялық зерттеу, ғылыми әдебиеттерді талдау, жаңа техналогияларды қолдану.

Зерттеу жұмысының қолданбалы маңыздылығы: Қазіргі таңда пайдалы қазбалардың қорының азайуы (мысалы статистикалық мәліметтерге сүйенсек жер асты қорларын дәл осындай қарқынмен пайдаланған жағдайда мұнай 40 жылға, газ 56 жылға, көмір 197 жылға ғана жететінін көрсетіп отыр), экологиялық апаттардың жиілеуі (2010 жылы Мексика шығанағында болған мұнай құбырының жарылуы, 2011 жылы Жапонияда болған жер сілкінісінің нәтижесінде АЭС жарылуы, екі апаттың нәтижесіндеде экологияға орасан зор шығын алып келді) . Аталған мәселелердің алдын алу және болдырмаудың бірден-бір жолы ол «Жасыл экономика» және балама энергия көздерін айқындап, оларды географиялық тұрғыда орналастыру. Баламалы энергетиканың тағы бір артықшылығы, шалғай жатқан ауылдық елді мекендерді электрмен жабдықтау, қуат беру тораптарының құрылысын жүргізу шығындарын төмендетеді. Қазір халық сирек қоныстанған (5, 5 адам/км 2 ) қазақтың байтақ даласына (2, 7 млн. км 2 ) энергия жеткізу экономикалық тұрғыдан тиімсіз болып отырғаны белгілі. Экономистер «Жасыл экономика» және балама энергия көздерін тек экономикалақ тұрғыда ғана зерттеу жұмыстарын жүргізе алады, бірақ географиялық тұрғыда тиімді орналастыра алмайды. Бұл тұрғыдан алғанда география ғалымдарының бәсі жоғары. Балама энергия бұл - болашақтың энергиясы.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Дипломдық жұмыстың мәтіні компьютерде терілген 60 беттен тұрады, қолданылған әдебиеттер тізіміне 44 дана әдебиеттер енгізілген. Жұмыс кестелермен диограммалармен және суреттермен безендірілген.

1 «Жасыл экономика»

Қазіргі кезде қоғам «жасыл экономика» сөзінің мәнісін әр түрлі түсінеді. Бірі бұл елдің табиғатын жақсартатын экономиканың жаңа салалары деп түсінеді. Басқалары бұл сөзді табиғатқа көмектесуге және пайда келтіруге бағытталған жаңа технологиялар ретіндегі экожүйенің өзіндік түрі деп есептейді. Үшіншілері, бұл мақсаты экологиялық таза өнімдерді құру болып табылатын дамудың жаңа кезеңіне ауысу деп есептейді.

Түсінікті анықтаудың барлық осы жолдары сөздің мағынасына өте жақын. «Жасыл экономика» - бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ соңғы пайдалану өнімдерін өндірістік циклге қайтаруды қамтамасыз ететін экономика. «Жасыл экономика» бірінші кезекте, қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған (пайдалы қазбалар - мұнай, газ) ресурстарды үнемді тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған.

«Жасыл экономиканың» негізінде - таза немесе «жасыл» технологиялар жатыр. Мамандардың айтуы бойынша «жасыл экономиканы» дамыту, көптеген постиндустриалды елдерде өзінің ауқымымен қозғаған экологиялық дағдарысты біздің елде болдырмауға мүмкіндік береді.

1. 1 Қазақстандағы «жасыл экономиканы» дамыту тұжырымдамасы

Өткізілген «РИО + 20» Саммитінен кейін қазақстандық қоғамның күші «жасыл экономикаға» ауысу бойынша стратегияны іске асыруға бағытталған. Н. Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша «Жасыл экономикаға» ауысу бойынша тұжырымдама әзірленді. Тұжырымдамада бірінші кезекте басты түрде экономиканың белгілі бір салаларын реформалауға бағытталған басым міндеттер тізбесі ұсынылды [2] .

«Жасыл экономикаға» ауысу аясында:

  • қорлардың тиімділігін арттыру;
  • қазақстандық инфрақұрылымды жетілдіру;
  • халықтың әл-ауқатын жақсарту болжанады;

Тұжырымдаманы іске асыру үш кезеңде жоспарланады:

  • бірінші кезең - 2013-2020 жж. - қорларды пайдалануды оңтайландыру және табиғатты пайдалану қызметінің тиімділігі арттыру, сондай-ақ, «жасыл» инфрақұрылымды құру;
  • екінші кезең - 2020-2030 жж. - табиғи қорларды тиімді пайдалану, жоғары технологиялар базасында жаңартылатын энергетиканы енгізу;
  • үшінші кезең - 2030-2050 жж. - олардың жаңартылуы жағдайында негізіне табиғи қорларды пайдалану қойылған, ұлттық экономиканың «үшінші өнеркәсіптік революция» қағидаттарына ауысуы.

«Жасыл» экономиканы дамытудың жеті негізгі бағыттары. Бірінші бағыт - жаңартылатын энергия көздерін енгізу.

Пайдалы қазбаларды ары қарай сақтау туралы мәселе орасан ауқымға ие болады. Біздің мемлекет табиғи қорлары өте бай ел ретінде танылған. Мұнай, газ - бүкіл дүние жүзінде ең ірі энергетикалық қорлардың бірі ретінде есептеледі, бірақ тіпті олардың өзі уақыты келгенде сарқылады, демек өмір үшін жаңа ресурстар табу қажет. Бұл ретте Қазақстаннның жақсы экожүйеге, жер қыртысына және орманға ие болуы айғағы басқа елдер алдындағы өзінің ұстанымын айтарлықтай арттырады.

Екінші бағыт - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы энергия тиімділігі.

Қалалық тұрғын үй қорының маңызды бөлігі кеңестік дәуірден кейінгі уақытта салынғандықтан, тұрғын үй кешендерінің көпшілігі тиімсіз жылу изоляциялық құрылымдармен және жылумен қамтамасыз ету жүйелерімен жабдықталған, ол маңызды жылу шығындарына алып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда жылумен қамтамасыз ету аспаптарының жұмысының істен шығуы саласындағы іс-шараларды жүзеге асыратын энергия сервистік компаниялары әрекет етеді.

Үшінші бағыт - ауыл шаруашылығындағы органикалық егін шаруашылығы.

Бірінші кезекте бағыттың аталмыш түрі әр түрлі азық қоспаларынан, синтетикалық тыңайту өнімдерінен (пестицидтерден) бас тартуды қарастырады. Дақылдық өсімдіктердің шығымдылығын, өсуін қамтамасыз ету үшін органикалық тыңайтқыштарды пайдалану туралы сөз болып отыр. Ауыл шаруашылығын «көгалдандыру» табиғи қорларға зиян келтірместен, халыққа азық-түлікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстан мынадай бағыттар бойынша әрекет етуді жоспарлайды:

  • жердің құнарлылығын басқару;
  • суды тиімді пайдалану;
  • өсімдіктер және жануарлар денсаулығын басқару;
  • фермаларды механикаландыру.

Төртінші бағыт - қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру.

Қалдықтарды басқару мәселесі ерекше танымалдылыққа ие болды. Лас көшелер, үйінділер және қандай да бір болып жатқанға бақылаудың жоқтығын жиі кездестіресіз. Қалыптасқан жағдайларға байланысты қалдықтарды өндірістік өнімнің қайталама өнімі ретінде пайдалану ұсынылған. Осылайша, мысалы қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді қайта өңдеу және балама отынды алу технологиясы Алматыда іске асырылуда.

Бесінші бағыт - су қорларын басқару жүйелерін жетілдіру.

Су адамзаттың өмір сүруін және экожүйелердің тұтастығын қамтамасыз етудің шешуші табиғи құрылымы болып қала береді. Осыған байланысты су қорларын тиімді пайдалану орасан ауқымға ие болатын мәселе болып қала береді.

Алтыншы бағыт - «таза» көлікті дамыту.

Қазақстандағы тасымалдардың көпшілігі дизелде, бензинде жүргізіледі. Қазіргі уақытта тасымалдардың басым бөлігі бензин (дизель) негізінде жүзеге асырылады. Бірінші кезекте бұл парник газдарының жоғары шығарындыларына жағдай жасайды.

Жетінші бағыт - экожүйелерді сақтау және тиімді басқару.

Осы бағыттағы қызмет басты түрде біздің елдің бірегей табиғат байлығын сақтауға бағытталған.

«Жасыл» экономика ел үшін басымдылықтар әкеледі.

«Жасыл экономикаға» ауысу барынша үлкен танымалдыққа ие болып келеді және ауқымды қызығушылық тудырады. «Жасыл экономика» бірінші кезекте экономикалық прогреске жағдай жасайды және мыналарды қамтамасыз етеді:

  • ішкі жалпы өнімнің өсімі;
  • елдің табыстарын ұлғайту;
  • елдегі жұмыссыздық көрсеткіштерін азайта отырып, халық үшін жұмыс орындарын құру.

Бұл жерде «жасыл экономикаға» ауысу климаттың өзгеруі, пайдалы қазбалардың сарқылуы және су ресурстарының тапшылығы сияқты жаһандық қауіптен тәуекелдерді төмендетеді [2] .

«Жасыл экономиканы» дамыту бағдарламасы аясында Қазақстан экономиканың 10 шешуші секторына құралдарды инвестициялауды жоспарлайды:

  • ауыл шаруашылығы;
  • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы;
  • энергетика;
  • балық аулау;
  • орман шаруашылығы;
  • өнеркәсіп;
  • туризм;
  • көлік;
  • қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу;
  • су қорларын басқару.

«Жасыл экономикаға» ауысу институттары.

«Жасыл экономикаға» ауысу бірінші кезекте тиісті ұйымдарды құрумен белгіленеді.

Есептеу бойынша 2050 жылға қарай «жасыл экономика» шеңберіндегі жаңартулар ЖІӨ-ні 3 пайызға қосымша ұлғайтып, 500 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құруға, өнеркәсіп пен қызмет көрсетулердің жаңа салаларын қалыптастыруға, халық үшін сапалы өмір сүру стандарттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Жасыл» бизнес академиясы . Академия жұмысының мақсаты табиғи және өзге де ресурстарды жинау саласындағы саясатты тұрақты дамыту үшін бағдарламалар, жобалар және оқыту курстарын әзірлеу болады. Академияда онлайн семинарларды өткізу, инновациялық әдістерді қолдану жоспарлануда. Академияның онлайн семинарлары қоршаған ортаны қорғау саласындағы сарапшылар (мамандар) арасындағы диалогқа, сондай-ақ «жасыл өсу» стратегиясын құруға бағытталған. «Жасыл өсу» және тұрақты даму тақырыбы бойынша жаңашыл электронды қорлар барлық студенттер үшін қол жетімді болады. Жасыл бизнес академиясы тұрақты дамыту стратегиясын іске асыру жағдайында, әсіресе әлеуметтік қажеттіліктер және мәселелерді барынша ұстанатын тәжірибе, табиғи қорларды кешенді пайдалану саласында болатын барынша тәжірибелік кәсіби жұмыс күшін дайындауға көмектеседі.

«Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы . Бағдарлама инвестициялық жобаларды іске асыру, саясаттарды реформалау жолымен жасыл бизнестің жаңа салаларын құру және дамыту бойынша мемлекеттердің, халықаралық, ғылыми ұйымдардың және бизнестің бірлескен әрекеттерін болжайды. Бағдарламаның міндеті тек мемлекеттер мен аймақтар арасында ғана емес, сонымен қатар мемлекет пен бизнес арасында да - серіктестіктің жаңа деңгейін құру және көптеген үдерістер арасындағы байланыс болып табылады. «Жасыл көпірдің» мәнісі - жасыл бизнестің жаңа салаларын дамыту және ол үшін ұзақ мерзімді және тұрақты негіздерді құру арқылы экономиканы көгалдандыру. Жасыл көпір жаңашыл жасыл технологиялар - жасыл бизнес үшін қолайлы шарттарды тудыру үшін төлемнің жаңа тетігін ұсынады. Табиғатты бірге сақтайық.

Біздің мемлекетіміз «жасыл экономикаға» ауысу саласындағы саясатты белсенді жүргізіп жатқанда, біз осы үдерістің бөлігі ретінде қазірден бастап «таза» болашақты құруға қадамдар жасай аламыз және дегенмен біздің көпшілігіміз олардың үлесі ештеңе білдірмейді, бұл табиғатты қорғауға жатпайды деп санайды. Біздің әрқайсымыз қоршаған ортаны қорғау ісіне өз үлесін қоса алады және сенің үлесің теңіздегі тамшы болады деп ойлау қажет емес. Күн сайын біз әлемді тазартып, жақсарта аламыз. Сол себепті біз бүгіннен бастап «таза» болашақты қалай құруға болатындығы туралы ұсыныстардың кішігірім тізімін құрдық [3] .

Жабдықты ажыратыңыз! Мысалы, егер сіз бөлмеде болмасаңыз бөлмедегі жарықты сөндіріңіз, сондай-ақ егер оларды сол сәтте пайдаланбасаңыз құралдарды розеткада қосылған күйінде қалдырмаңыз.

Синтетикалық аспаптардан құралдардан бас тартыңыз! Біздің барлығымыз әр түрлі химикаттарды пайдаланумен жаңа тазалау құралдарын пайдалана отырып, ыдыс-аяқты жууға дағдыланғанбыз. Дәл осындай құралдар бірінші кезекте қоршаған ортаға, сондай-ақ адамның өзіне де зиян келтіреді.

Энергияны үнемдеңіз. Тіпті қазірден бастап үйге күн жылытқыштарын сатып алуға және орнатуға, сондай-ақ энергия үнемдегіш шамдарды пайдалануға болады.

Қоқысты сұрыптауды бастаңыз! «Жасыл экономикаға» ауысудың маңызды бағыттарының бірі қалдықтарды кәдеге жарату, сондай-ақ оларды қайталама өнім ретінде пайдалану болып табылады.

Электрондық тасымалдағыштарды пайдаланыңыз! Қағазды пайдалану кесілген ағаштардың үлкен санын талап етеді.

Экологиялық таза өнімдерді сатып алыңыз! Бұл біздің әрқайсымыздың денсаулық жағдайымызды айтарлықтай арттырады, сондай-ақ экологиялық таза ауыл шаруашылығын құруға көмектеседі.

Жаяу көбірек жүріңіз. Пайдаланылған газдар табиғатты ластаудың маңызды көздерінің бірі болып табылады. Пайдаланылған газдың шығуының сәл де болса азаюына біздің әрқайсымыз жасай аламыз.

Браконьерлікке жол жоқ! Адамдардың заңсыз әрекеттерінен өсімдіктер мен адамдардың сирек түрлері қазіргі кезде мүлде жоғалып кетті. Табиғаттың бірегейлігін сақтау - әрқайсымыздың міндетіміз.

Табиғатты қорғайық! Өзіңнен кейін қоқысты қалдырмау, ағаштардың бұтақтарын сындырмау немесе гүлдердің байламдарын үзбеу сияқты ережелерді қарапайым сақтау табиғат жағдайында маңызды көрініс табады.

«Жасыл экономика» жетістіктері.

Заман көші алға озып, экономика дамыған сайын қоршаған ортаны қорғау қиынға соғып барады. Өндірісті дамытпаса, экономика алға баспайтыны белгілі. Бұл жолдан өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай аман-есен алып шығудың жалғыз жолы - «жасыл экономиканы» дамытудың маңызы зор. Осы ретте біздерге Астана қаласында өтетін «ЭКСПО - 2017» халықаралық көрмесі дәстүрлі емес қуат көздерін өндіруге ерекше серпіліс беріп отыр [4] .

Қазақстанда балама энергия көздерін дамытудың әлеуеті аса жоғары екені даусыз. Мамандар еліміздің гидроэнергия, жел және күн энергиясынан алынатын қуат көзінің ресурстық әлеуеті 1 трлн. кВт/сағатқа тең келетінін алға тартуда. Ақиқат айтсақ, Қазақстанда жел энергиясының қуаты ешқашан сарқылмайды. Бұл ретте Жоңғар қақпасында толассыз соғатын қуатты жел екпінін және Алматы қаласындағы Шелек ауданындағы жел энергиясы көздерін айтсақ жетіп жатыр. Сондай-ақ, оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлеріндегі сарқылмас жел энергиясы да келешектегі балама қуат көздерін өндіру үшін таптырмас ресурс екенін айта кетуіміз керек. Бүгінде Қазақстан «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі Тұжырымдамасын дайындау үстінде. Болашақта Қазақстан бұл салаға жыл сайын бөлетін қаржылық ресурстарды жалпы ішкі өнімнің 1 пайызына дейін көтеруді қарастырып отыр. Бұл ақшаға шаққанда 3-4 млрд. долларды құрайды. «Жасыл экономикаға» көшу үшін бірінші кезекте табиғи ресурстардың тиімділігін арттыру, инфрақұрылымды жаңғырту, жетілдіру, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күш салуымыз керек. Бұл орайда, тұрмыстық қалдықтарды өңдеу жұмысын жандандырудың да мәні зор. Тұжырымдамада тұрмыстық қалдықтарды өңдеу секторын құруға баса мән берілген. Оның халықты жұмыспен қамтудағы әлеуеті үлкен. Құжатта 2030 жылға қарай елді мекендерде тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару және санитарлық сақтау деңгейін 95 пайызға жеткізіп, оларды өңдеуді 40 пайызға дейін көтеру қарастырылған. Ал 2050 жылы елімізде тұрмыстық қалдықты кәдеге жарату 50 пайызға дейін жоғарылайды деп күтілуде. Бұл кезеңде бір ғана «жасыл экономикаға» көшу арқылы біздер 500 мың адамды тұрақты жұмыспен қамтитын боламыз. Өз кезегінде Қоршаған ортаны қорғау эксминистрі Нұрлан Қаппаров: «Қытай ЖIӨ-нiң 1, 5 пайызын «жасыл экономикаға» инвестициялау турасында шешiм қабылдағанын білеміз. Ал Оңтүстік Корея бұл бағыттағы жұмыстарға ішкі өнімнің 2 пайызын құюды мойнына алған. Бiз қазір өзге мемлекеттердiң модельдерiн жан-жақты салыстыра келе, Қазақстанның «жасыл экономикаға ЖІӨ-нің 1 пайызынан кем инвестиция бөлмеуі тиіс деп отырмыз», - деген болатын. Министр «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы мен «ЭКСПО - 2017» көрмесінің «жасыл экономика» аясындағы ынтымақтастықты дамытып, экономиканың барлық секторына «жасыл» инвестициялар мен технологияларды тартуға серпіліс беретінін атап өткені есімізде [5] .

1. 2 Дүние жүзінде балама энергия көздерін қолдану және оның өзекті мәселелері

Жұмыр жерді мекендейтін жеті миллиард адамның күннен-күнге өсіп бара жатқан энергетикалық сұранысын қанағаттандыру планетамыздың болашақтағы ең бір өзекті проблемасына айналып бара жатыр. Электр қуатын өндіру үшін көмірсутегі шикізатын көптеп пайдалану - ауаны ластап, атмосферадағы тепе-теңдікті бұзды. «Жаһандық жылыну үрдісі» атты дәуірлік қауіп қыр астынан бас көтерді. Ғалымдардың пікірінше, осы жүзжылдықтың соңына таман ауаның температурасы 6, 4 градусқа жылынып, әлемдік мұхиттардың деңгейі 58 сантиметрге көтеріледі екен. Сондықтан бүгінгі таңдағы түйінді мәселе - дәстүрлі энергетикалық қуат шикізаттарына тиімді балама табу.

Адамзат алдында тұрған бүгінгі таңдағы ең басты міндет ауаға таралатын көмірқышқыл газын (СО 2 ) азайту болып отыр. Дүние жүзіндегі ауаға таралатын көмірқышқыл газының 30 пайызын көмірмен жұмыс істейтін электр стансалары шығарады. Ал электр энергиясына деген сұранысы күннен-күнге артып келе жатқан Қытайда электр қуатының 62 пайызы көмірмен жағылатын электр стансаларынан алынады. Егер Қытай шұғыл түрде ауаны ластайтын СО 2 көлемін шектемейтін болса, 2030 жылға таман дүние жүзі бойынша шығарылатын көмірқышқыл газының 40 пайызы осы елдің үлесіне тиеді екен.

Сондықтан да қазіргі таңда әлем сарапшылары дүркін-дүркін дабыл қағып, электр қуаты шикізаттарына тиімді балама табу мәселесін күн тәртібіне кеңінен қойып отыр. Барған сайын адамзат үшін ерекше үлкен қауіпке айналып бара жатқан жаһандық жылыну үдерісін тежеу электр энергиясын өндірудің негізгі көзі - көмірсутегі шикізатына балама табу болып табылады. Мамандардың пікірінше, қазір көмірсутегі шикізатына балама ретінде қолданылып отырған биологиялық отын, жел және күн қызуынан алынатын әлемдегі энергия қуатының үлесі әлі де аз.

Қазірдің өзінде Қазақстан бұл көкейкесті мәселе бойынша бірқатар ғылыми жаңалықтар мен озық ойларды алға тартуда. Әрине, «Болашақтың энергиясы» тақырыбының ауқымы өте кең. Бұл - негізінен болашақта адамзат игілігіне айналатын балама қуат көздерін ашу үшін жаңа технологияларды өмірге әкелу. Бұл - жаңа балама қуат көздерін игеруге халықаралық қоғамдастықтың назарын аудару.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасыл экономикаға көшу міндеттері
Жасыл экономика жайлы
«Жасыл экономика»: болашақ экологияның негізі
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДАҒЫ PR-ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Жасыл экономиканы дамытудың жеті негізгі бағыттары
Адамзаттың табиғатты қорғау іс-әрекетінің болашағы. Әлемдегі халықтың төтенше жағдайлардан жаппай өлімге ұшырауына әкелетін жағдайлар
Жасыл экономика және акмэ-қоғам
Жасыл университеттің артықшылықтары
Жасыл экономика парламентшілер мен сарапшылардың басты назарында
Экономикалық факторлар және мемлекеттің төлем балансы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz