Sigil программасында Адам анатомиясынан электронды оқулық құрастыру


МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 4
: 1.
Кіріспе . . . 4: Әдебиетке шолу . . . 11
:
: 1. 1
Кіріспе . . . 4: Электронды оқулық туралы жалпы түсінік . . . 12
:
:

1. 2.

1. 3

Кіріспе . . . 4:

Электронды оқулықты пайдалану саласы . . . 18

Электронды оқулық және оның құрылымы . . . 22

:
:
Кіріспе . . . 4: Электронды оқулыққа қойылатын негізгі талаптар . . . 30
:
: 2.
Кіріспе . . . 4: Негізгі бөлім . . . …. 40
:
: 2. 1
Кіріспе . . . 4: Зерттеу нысаны, әдістемесі және зерттеу нәтижелері . . . 50
:
: 2. 2.
Кіріспе . . . 4: Sigil программасында Адам анатомиясынан электронды оқулық құрастыру технологиясы . . . 52
:
: 2. 3
Кіріспе . . . 4: Зерттеу нәтижелері . . . 53
:
:
Кіріспе . . . 4: Қорытынды . . . 59
:
:
Кіріспе . . . 4: Пайдаланылған әдебиеттер . . . 60
:
  1. КІРІСПЕ

Қазіргі кезде қоғам әрекеттерінің барлық саласында компьютер көмегімен ақпараттық ресурстар орын алады. Яғни, ХХІ ғасыр бүкіл дүние жүзі ақпараттық қоғамға көшіріле басталды деуге болады. Оған қоғамдағы барлық білім, ғылым, экономика және басқару салалары арқылы ақпараттандыру белгісіне қол жеткізуге болатындығы. Қазіргі таңда негізінен білім жүйесінің барлық сатыларын үшін электрондық оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Электрондық оқулық студент үшін ақпарат көзі болып, сонымен қоса электрондық оқулықтармен жұмыс істеу әрбір студенттің өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады. Ақпараттық көптеген мәселе, әсіресе оның ішінде ең негізгісі білім беру (оқыту) мәселесі болып табылады . Демек білім беру мен пайдаланушы білімінің бақылау сұрағына қажетті нәтижелерді өңдеуі үшін қолданады. Білім беру компьютерлік техналогиямен жүзеге асыру ақпарат алушының сұранысын қанағаттандыратын оқу құралының басылымымен қатар тұрады. Мұндағы негізгі таралымдар оқулық шығару, оқу процестерінің бірігуін қамтамасыз ету және жоғарғы сапалы, инновациялық ғылыми зерттеулердің, яғни жаңа ақпараттық технологиялардың қолданылу мақсатында оқу процестеріне және сонымен қатар, әртүрлі «электрондық оқулықтардың» түбі бір дәл осылай аталатындығы. Компьютерлік техникалар құралдарын қолданудың жақсы тиімділігіне маман иесі пәндік облыста ақпаратты ұсынулардың құралдарын шектемей, коммуникациялардың және жұмыстың базалары мен білімдердің нәтижесінде қол жеткізуі мүмкін.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру- жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, жеке тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Бұл негізінен адамдардың білім көкжиегін кеңейтіп, олардың техникалық және әлеуметтік үрдістерін басқару мүмкіндігін дамытатын, ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу, сұрыптау болып отыр. XXI ғасыр - бәсеке ғасыры, олай болса, ұлттық тарихымызды, мәдениетімізді қастерлейтін, ертеңгі Қазақстанның тізгінін ұстайтын, өмірдің әр түрлі мәселелерінен хабардар, кез келген тапсырманы орындауға қабілетті, қолынан іс келетін құзырлы азаматтарды осы бастан тәрбиелеуіміз керек. Әр қырлы оқытушы - тәрбиеші мұғалім даярлау күрделі үрдіс. Ал оған бағыт беруші, жол сілтеуші - білікті, шебер, парасатты ұстаздар. Мұғалім - бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Яғни, балаларды тәрбиелеуде тиімді жағдайлар жасау көбіне мұғалімге тікелей байланысты. Сондықтан жаңашыл мұғалім даярлауға қойылатын талаптар - ертеңгі күні оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра отырып, қазіргі уақыттағы дағдыларды игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздейді. Кез келген жаңа ақпараттық технологияның мақсаты - әрбір оқушының іскерлігі мен мүмкіндігін дамытуға жағдай жасау. Оқуға қызықтырудың басты элементтерінің бірі - нәтижеге жетуге ынталандыру.

Мектептің оқу үрдісіне ақпараттық технологияларды енгізуде мектеп басшысының бірінші мақсаты - мұғалімнің инновацияға қатынасын және жаңа пікірлерді сауалнамалар арқылы жинақтау, құрастыру. Мұнымен қатар жаңаруға көзқарас мұғалімінің жеке бас ерекшеліктеріне де байланысты болады, әсіресе жеке тұлғаның жүйке жүйесі жұмысының: үрейлену, белсенділік, білімдарлығы, өзін-өзі баға беру дәрежесі және т. б. түрлеріне тікелей байланысты. Сондықтан жаңалық енгізуде жариялылық пен нұсқау беру басты орын алады. Әрбір мұғалім бұл үрдісте өз орнын білуі керек. Егер мұғалім өзі атқаратын міндетін жетік білсе, онда оның санасында өзін-өзі басқару, жаңа іске бет бұру, өзіндік белсенділігі мен өзіндік дамуы пайда болады. Қазіргі заманғы ақпараттық ортада қашықтан білім беруде интернет мүмкіндіктері мен сервисті толық пайдаланылуына байланысты жаңа ерекше-ліктерге ие болуда. Электрондық оқулықпен оқыту студенттің дербес жұмысын әдістемелік түрде дұрыс ұйымдастыруға және олардың үйренгені мен іскерлігін дамытуға рұқсат беретін қосымша ғылыми-методикалық құрал ретінде қарас-тыруға болады. Электрондық оқулықтың дұрыс жасалуын, айқын логикалық құрылымды болуын, зерттеліп жатқан материалдың базалық көлемін, ғылым-дағы жаңа тенденцияны және жақын болашақтағы технологияларды ескеру керек. Осыған байланысты техника ғылымының перспективті даму бағытын талдау негізінде электрондық оқулыққа материалдар таңдалуы қажет.

Қашықтан оқыту жүйесінің ең негізгі құрамдас бөлігі болып осы немесе басқа пәндерді табысты игеруге жағдай жасайтын материалдық базаның болуы болып саналады. Бұлар әр түрлі электрондық оқу құралдары, өз бетімен жұмыс жасауға арналған блоктар және осы электрондық оқулықтар құрамына кіретін немесе кірмейтін өзін-өзі басқаруға арналған блоктар [4] .

Электрондық, қашықтан оқыту құралдарын енгізу мен пайдаланудың өзектілігі бүгінгі күні жоғары басымдылыққа ие болып отыр. Батыс елдерінде көптеген университеттер студенттерінің көпшілігін қашықтан білім беру жүйесінің көмегімен оқытады. Көптеген әдістемелік құралдар, дәрістер элек-тронды түрге ауыстырылған. Қазіргі заманғы технология бүкіл әлемдік желіге қосылған барлық пайдаланушыларға виртуалды тестілеу жүйесін құруға мүмкіндік береді. Бүкіл әлемді қамтыған осындай ақпараттандыру жүйесі Қазақстанды қоспағанда, студенттерді қарапайым электрондық құжаттармен ғана қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге білім беруде жаңа техно-логияларды қолдану есебінен олардың танымын едәуір мөлшерде ұлғайтатын білім берудің басқа деңгейіне көшуді талап етеді [5] .

Елімізде компьютерлік оқыту бағдарламалары және электрондық оқулықтар арқылы білім берудің жаңа ақпараттық технологиясына ауысу маңызды мәселе екендігі мәлім. Оқу жүйесіне компьютерлік оқыту бағдарламаларын енгізу сабақтың көрнектілігін кеңейтеді, көзге көрінбейтін құбылыстар көрсетіліп, студенттердің өзіндік талаптары бойынша оқыту жүзеге асырылады. Компьютерлік график пен анимацияның мүмкіндіктері көптеген пәндерді оқытуды жеңілдетеді. Жаңа ақпараттық технологияның көмегімен студенттің оқу материалын қабылдау процесін тереңдету үшін сынақ өткізу бағдарла-масын жүйелі түрде енгізуге болады. Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту. Білім берудің кез келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалану оқушының танымдық балсенділігін арттырып қана қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Еліміздің саяси, әлеуметтік- экономикалық өзгерістерге сай білім беруді жетілдіру бағыттарының бірі-білім беруді ақпараттандыру. Бүгінгі таңдағы біртұтас ақпараттық ортаны құру. Бүгінгі таңда білім саласында ақпараттық технологияларды пайдалану, ақпараттық кеңістікпен сабақтастыру болып отыр. Қазіргі кезеңдегі негізгі мәселелердің бірі - оқыту үрдісінде де білім, тәрбие берудің пәрменділігін, білімнің тәрбиелік, тәрбиенің білімділік мәнін жоғары дәрежеге жеткізу болып отыр. Білім беруде мұғалім құзырлығы ақпараттық-технология құралдарын игерумен тығыз байланысты. Қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану кезінде әр ұстаз шебер әрі мазмұнды яғни нәтижеге қол жеткізетіндей қолдана білуі керек. Білім беруге жаңа ақпараттық технологияны қолдану мұғалімге бүгінгі таңдағы адамзаттық ақпаратттық жетістіктерінің алуан түрінде жол таба алатын, өз бетінше ойлай білетін жаңа адамды қалыптастыруға септігін тигізеді.

Компьютерлік технологияны қолдану- оқыту үрдісін тиімді ұйымдастырудың бір жолы. Бұл технология мұғалімнің өздігінен үздіксіз жетілуді, оқытудың заманауи құралдарын қолдануда педагогтың кәсіби құзыреттілігін дамытуды талап етеді.

Оқушы үшін кез келген сабақта қабылдайтын ақпараттың көлемі өте ауқымды. Сондықтанда сынып оқушыларымен жұмыс жасауда мультимедиялық кешендер, ғаламтор ресурстарын қолдану кеңінен қарастырылады. Жаңа бетбұрысқа аяқ басқанда мұғалімнің айтқаны, ізденісі аздық етеді, заман ағымына сай электрондық оқулықтарды пайдалану өте

тиімді. Ол ақпараттық белсенділікті арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен ізденуге, алынған ақпарат көздерін сұрыптауға зор ықпал етеді. Электрондық оқулықтарды пайдаланудың негізгі мақсаты білім беру, білімді пысықтау, бекіту, бақылау, ақпараттық ізденіс жұмыстарын қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту, таным көкжиегін кеңейту. Электронды оқулықтар уақытты ұтымды пайдаланып, үнемдейді.

Электрондық оқулық - бұл дидактикалық әдіс-тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негіздеген жүйе болып табылады.

Электронды оқулықпен оқыту мұғалімнің оқушымен жеке шығармашылықпен жұмыс істегенімен пара-пар. Ал, электрондық оқулықтар білім беру үдерісін ақпараттандыру құралының бірі деп айтуға болады. Бұл жерде тек оқушы үшін ғана емес, ұстаз қауымы үшін де әдістемелік құрал болып табылады. Компьютерлерге арнайы орналастырылып оқу үрдісінде автоматтандырылған жүйе болып отыр. Бүгінгі таңда бірнеше пәндер бойынша электронды оқулықтар жасалып, кеңінен қолданысқа ие. Электронды оқулықтың тиімділігі суретінің тартымдылығы, мазмұны, құрылымы, бірізділік жүйесімен баурап алады. Осындай оқулықтар барлық пәндерден түбегейлі қолданылса нұр үстіне нұр болары хақ. Бүгінгі таңда ғаламтормен, компьютермен жұмыс жасау өміріміздің мәніне айналды.

Электронды оқулықтағы сан алуан қызықты материалдар, тест түрлері, диалогтық оқу түрлері, кестелер, сәйкестендіру тапсырмалары, мәтін түрлері және құрылымына байланысты тапсырмалар оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыра түседі, шығармашылыққа жетелейді, өз бетінше ізденіп, көш озық болуына итермелейтіні анық.

Мультимедиялық технологиялармен жұмыс істеу кезінде оқушылар басынан бастап, қызықты танымдық әрекеттерге араласа алады. Жаңа сабақ барысында қосымша қызықты материалдарды ұсынуға, көлемді қиын тақырыптарды тірек-сызбалар арқылы жеткізуге, өзінің жаңа идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсетуге болады. Топпен, жекелей жұмыс жасауға зор ықпалын тигізеді. Алдын-ала дайындалған презентациялар, графикалық сызбалар, мәтіндік ақпараттар, бейне және аудио материалдар, алдын ала үйлестірілген жаңа сабақты меңгертуге арналған ойындар, гиперсілтемелер арқылы сабақтың оқушы үшін қызықты да, тартымды өтуіне көмегін тигізеді.

Ақпараттың қажетін сезіну, тиімді қолдану ең бастысы шығармашылыққа жетелеуде электронды оқулықтардың орны ерекше. Адамзат баласының алға қарай сатылай өркениет өріне жетуі әр оқушының дұрыс ой түюіне, өнегеге жол сілтеуі, ғылым жетістіктерін терең меңгертіп оқыту, білімге деген мәңгілік құштарлық та ұстаз парыздылығының кемел көрінісі болмақ. Мұғалімнің өз жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге, оқушылардың жеке қабілеттілігін дамытуға, оқудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқу процесін ұйымдастырудағы бір бағыты электронды оқулықтар үнемі жаңадан жаңа дүние жасауға мүмкіндік береді. Ақпараттандырылған қоғамның талабына сай мұғалім де, оқушы да жаңаша көзқарасты, терең ойлы болуы керек. Сондықтан заман талабына сай жас ұрпақты көкірегі ояу, ізденімпаз, өзіндік шығармашылық жұмыспен айналыса алатын дәрежеге жеткізу жолында бірқатар жұмыстар өз нәтижесін береріне сеніміміз мол.

Қазіргі замандағы білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар және компьютерлік телебайланыстарды белсене пайдалануда. Қашықтан білім беру жүйесі ерекше қарқынды даму үстінде. Бұл жағдай себепкер ретінде әсер етуде, бәрінен бұрын білім беру мекемелерін қуатты компьютерлік техникамен жабдықтауға және Интернет жүйесімен қамтамасыз етуге.

Дәрісті-семинарлы оқыту түрі әлдеқашан өзінің өнімділігін жоғалтқаны практикада дәлелденіп, 50%-дай оқу уақыты босқа өтетіні белгілі болды. Шет елдер тәжірибесін зерт-тей отырып, келесі маңызды аспектіні бөліп алуға болады: оқытушы ақпаратты таратушы рөлінде емес, кеңесші немесе ақылшы, кейбір кезде білім алушының әріптесі ретінде болады.

Мұндай жағдайдың кейбір оң жақтары бар: студенттер оқу процесі кезінде белсенді қатысады, ешкімнің көмегінсіз ойлануға, өзінің көзқарасын алға тартуға, нақты жағдайларды модельдеуге үйренеді.

Ақпараттық техологиялардың дамуы жаңа дәріс берудің таптырмайтын мүмкіндігі - қашықтықтан оқыту түрін енгізуді берді. Бұл жүйенің артықшы-лықтарын төменде көрсетуге болады:

  • ол студентке өзіне оқудың уақытын және орнын таңдауға мүмкіндік береді;
  • әйтеуір бір жағдайлармен дәстүрлі білім ала алмай қалған адамдарға мүмкіндік береді;
  • оқыту саласында жаңа ақпараттық технологиялар қолданылады;
  • белгілі бір дәрежеде оқуға кететін шығынды қысқартады.

Басқа жақтан қарасаң, қашықтықтан білім беру өзіндік мүмкіндіктерін күшейте түседі. Қашықтықтан білім беру түрінде заң бойынша электрондық оқулықтар қолданылады. Бұл оқулықтардың артықшылығы:

  • олардың ықшамдылығы;
  • компьютерлік жүйелердің дамуына байланысты қол жеткізуге ыңғайлы;
  • қазіргі заманғы ғылыми білімнің даму дәрежесінің шапшаңдығы.

Басқа жақтан алғанда, электрондық оқулықтардың жасалуы ақпараттық материалдарды тұрақты түрде жаңарту сияқты мәселені шешуге көмектеседі. Олардың құрамында көптеген жаттығулар мен мысалдардың болуы, әртүрлі ақпараттарды егжей-тегжейлі бейнелеуі мүмкін. Сонымен қатар, электрондық оқулықтағы компьютерлік тестілеу көмегі арқылы білім дәрежесін тексеру жүргізіледі.

Қазіргі заманда қашықтықтан оқыту дүние жүзіндегі білім берудің кең таралған түріне айналуда. Университеттер және колледждер желілерінде алыстан білім беру әдісімен оқитын студенттер бес континенттен сабағын оқи алады. Электрондық оқулықтарды практика жүзінде қолдану, студенттердің берілген матриалдарды сапалы түрде қабылдауына себеп болады, оған дәлел ретінде тестілеу нәтижелерінің көрсеткішін атап айтуға болады. Ақпараттық технологиялардың дамуы білім саласында жаңа әдістер ашу үшін кең мүмкіндіктер береді және соған қоса оның сапасын арттырады [8] .

Қазіргі заман - ғылыми және ақпараттық технологиялар заманы. Ақпараттық технологиялардың білім беру жүйесінде белсенді пайдаланылуы оның нақты педагогикалық есептерді шешуге арналған кұралы қызметін атқаруымен қатар, оқыту мен білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін, формаларын құруға алып келеді. Мысалы, Internet технологияларының кеңінен таралуы қашықтықтан оқыту әдісінің жедел дамуына мүмкіндік туғызуда.

Сондықтан олар қашықтықтан оқыту түріне негiзделiп, қазіргі талаптарға сай келуі керек, яғни интерактивті және алшақ рұқсат етілген мүмкіншілігі үшін серверде орналасуы қажет.

Электрондық оқулықты құрғанда келесі негізгі нұсқаулар жетекшілікке алынды:

  •  навигациалау жүйесінің жақсы дамуы;
  •  барлық теориялық материалды меңгеруге және есте сақтауға ыңғайлы түрде ұсынуы;
  •  әрбір меңгерілген дәрістен кейін тест болу қажет;
  •  әрбір тестілеуден кейін алынған білімге баға мен пәннің ары қарай меңгерілуіне ұсыныстар берілуі тиіс.

Әрине, электрондық оқулық студент үшін дайын материал, сондықтан қазіргі таңда білім жүйесінің барлық сатыларында электронды оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді.

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезде негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электронды оқулықтар жасаумен шүғылданып келеді. Электронды оқулық студент үшін дайын материал. Студенттер үшін электрондық оқулық- ЖОО-да оқыған жылдардың барлығында да өздері толықтырып отыра алатын және нәтижелік емтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып келеді. Электронды оқулықтармен жұмыс істеу әрбір студенттің өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады.

Мұғалім үшін электронды оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады.

Зерттеудің мақсаты: Адам анатомиясынан Sigil программасында электрондық оқулық құрастырудың технологиялық схемасын жасау және студенттер үшін қолданып оның әсерін бақылап зерттеу.

Зертеудің міндеттері:

  • Электрондық оқулықтардың пайда болу себептері және оның студенттер үшін маңызына сипаттама беру;
  • Sigil программасын пайдалану;
  • Студенттер үшін Sigil программасының тиімділігін анықтау;
  • Sigil программасында Адам анатомиясынан электрондық оқулық құрастыру және технологиялық схемасын жасау.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Адам анатомиясын Sigil программасының әсерінен электронды оқулықтың студенттер үшін ыңғайлы әрі тиімді болғаны анықталды.

Практикалық маңызы. Электрондық оқулықтарды пайдалану студенттердің оқуға қабілеттілігін және білім сапасының жоғарлауын қамтамасыз ететіні белгілі. Сондықтан да оқу үдерісінің мәселелерін кешенді зерттеу барлық уақытта маңызды.

2. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

2. 1. Электронды оқулық туралы жалпы түсінік

Электронды оқулық деп өз бетiмен немесе оқытушының қатысуымен оқу курсын немесе оның бiр бөлiмiн компьютердiң көмегiмен меңгерудi қамтамасыз ететiн программалық - әдiстемелiк кешендi айтады. Электрондық оқулықтар барынша ыңғайлы және көрнекті дидактикалық материал беруге немесе оқуға назар аударылады және білім алуда қиындықтарды жоюға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, оларға ұқсас оқулықтарды бағалау, нәтижелі құралдарымен, тиісті жабдықталу және білімдердің бақылау процесін меңгеру және дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Соңғы жылдары біз білім беру жүйесі алдында тұрған мәселелерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері жайлы жиі айтып жүрміз [9] .

Ақпараттық технологияны білім беру жүйесіне енгізу жаңа ғасырдағы ақпараттық қоғамда толықтай өмір сүре алатын және қызмет етуге дарынды бітірушіні дайындап шығуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде ақпараттың көздері өте көп болғанына қарамастан электрондық оқулық-тардың орны ерекше. Электрондық оқу құралдары ақпараттық білімді жетіл-діріп қана қоймайды, сонымен бірге оқу материалын жалпыға бірдей қол жетер-ліктей етеді, ол ақпаратты толықтырады және білім алушыны ақпараттық қоғамда өмір сүруге тәрбиелейді.

Енді «қашықтықтан білім беру» дегеніміз не деген сұраққа жауап беретін кез келді. Яғни қашықтықтан білім беруді үйренуші және үйретуші уақытқа немесе кеңістікке қарамай кез келген білімді бере алады деп түсінеміз. Егер осы анықтамамен келісетін болсақ, онда қазіргі заманғы қашықтықтан білім беру бұрынғы сырттай оқудың түрі болып қалады.

Қазіргі компьютерлер осы уақытқа дейінгі бізге белгілі барлық ақпаратты беру түрлерін өте жоғары тиімділікпен жасай алатындықтан және де бізге өте маңыздысы - олар білім берудегі алгоритмдерді нақтылайды және оқытушыны білім беру материалымен қамту процесін объективті және оперативті түрде қамтамасыз ету мүмкіндігін беретін болғандықтан, қашықтықтан білім берудің әдеттегі сырттай оқудан принципиалды айырмашылығы «қалам мен қағазды» - компьютер, «көгершіндік поштаны» - Интернет ауыстыратынын байқаймыз.

Мультимедиялық компьютер - бұл тек жаңа интегралданған ақпаратты тасы-малдағыш емес, бұл - «face to face» моделін өте толық және біркелкі көрсететін құрылғы болып отыр. Бұдан басқа, компьютерлерде ғана гипермедиалық сілтемелер негізінде жасалынатын ақпараттық-ізденгіш жүйелер нақтылана алады, бұл оқытудың жекеленуінің маңызды бір құраушысы екенін білеміз[15] .

Электрондық оқулық дегеніміз қолданушыға көптеген материалдарды оқып үйренуге, мысалы, электр тогы желі арқылы қалай қозғалады деген немесе тағы сол сияқты сұрақтарды ұғынуға көмектесетін компьютерлік прог-раммалық кешен. Кітаптар осы жұмыстардың мағынасын көрнекі түрде түсі-нуге көмектеседі және де бұл процесстерді қолданушының өзі басқаруына мүмкіндік береді. Сонымен қатар электрондық оқулықтарда пайдалануға ыңғайлы тестілеу жұмыстары және тағы да басқа көптеген қызықтар бар.

Электрондық оқулық термині бір-бірін алмастыра алатын басқа көптеген: ППҚ (педагогикалық программалық құрал), БББПҚ (білім беруге бағытталған программалық құрал), АББЖ(автоматтандырылған білім беру жүйесі) және тағы басқалай айтуға болатын терминдердің орнын басады.

Электрондық оқулықтар - педагогикалық және ақпараттық-коммуника­циялық мультимедиалық технологиялық интеграциялар негізінде құрылады.

Электрондық оқулықтар - бұл пән бойынша методикалық және ақпараттық-анықтамалық материалдардан тұратын автоматтандырылған білім беру жүйесі, сонымен қатар білімді өзіндік алу үшін кешенді түрде қолдануға мүмкіндік беретін программалық жабдық болып табылады.

«Электрондық оқулық» пен кәдімгі оқулықтың айырмашылығына келетін болсақ, әдетте, электрондық оқулық оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұны бейнеленген ДЭЕМ-дердің магнитті тасымалдағыштарында (қатты немесе жұмсақ дискілерде) болатын білім беру, бақылау, модельдеу және басқа да программалардан тұратын кешен ретінде қарастырылады. Электрондық оқулық мына кездерде ерекше тиімді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық коммуникациялық технологиялар
Орындалды бағдарламалық құралдар
Электрондық оқулықтың құрылымы
VBSCRIPT программалау технологиясы көмегімен Web сайт құру
Электронды оқулық құрылымы
Қазақстан экологиясын инновациялық технологиялар көмегімен оқытудың жолдарын ұсыну
Электронды оқулықтарды жасау
ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТҮСІНІКТЕР
Macromedia Authorware программасын қолданып, Macromedia Authorware программасының мүмкіндіктеріне эолектронды оқулық жасау
Қорыта келе электрондық оқулықтың құрамында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz