Азаматтық іс жүргізудегі адвокат қызметінің құқықтық мәселелері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . . . 4
1 Адвокаттың негізгі құқықтық ұйымдастырушылық қызметі
1. 1 Адвокатура қызметінің негізгі құқықтық ұйымдастырушылық міндеттері. . 7
1. 2 Адвокаттың құқықтық мәртебесі . . . 11
1. 3 Азаматтық істерді жүргізудегі соттың 1-ші сатысында өкілдік ету-
адвокатура қызметінің негізгі бағыттарының бірі . . . 15
1. 4 Азаматтық істерді жүргізу өкілдігінің түрлері . . . 19
2 Адвокаттың азаматтық іс жүргізудегі құқықтық мәртебесі
2. 1 Азаматтық іс жүргізудегі адвокат-өкілдің өкілеттіліктері . . . 23
2. 2 Адвокат-өкілдің құқықтары мен міндеттері . . . 29
2. 3 Адвокат-өкілдің сот жарыссөзіне қатысуы . . . 34
2. 4 Апелляциялық сатыдағы адвокат-өкілдің қызметтері . . . 40
3 Азаматтық іс жүргізудегі адвокат қызметінің құқықтық мәселелері
3. 1 Адвокаттың азаматтық істер бойынша консультациялық қызметі . . . 47
3. 2 Адвокаттың азаматтық іс жүргізуге тапсырма қабылдау шарттары . . . 50
3. 3 Адвокатура қызметінің азаматтық іс жүргізудегі өзекті мәселелері . . . 54
Қорытынды . . . 62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 64
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы адамның құқығына және бостандығына кепілдік береді. Қазақстан Республикасы Конститутциясының 14-бабы тегіне, әлеуметтік, лауазымды және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзғарасына, намысына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез-келген өзге жағдайлар бойынша ешкімді де кемсітуге болмайды және заң мен сот алдында бәрі тең деп жариялайды [1] . Осыған сәйкес, құқықтық мемлекеттің және өркениетті қоғамның азаматтарының қалыпты өмір сүруіне заңдылық негіз болады.
Ал заңдылық азаматтардың заң алдындағы нақты теңдігін қамтамассыз етуге қабілетті қоғам жағдайында ғана орын алуы мүмкін. Мұндай жағдай барлық азаматтарға, қажеттіліктерін қанағаттандыруға тиімді жағдай жасау, нарықтық экономикалық қатынастардағы материялдық игіліктерді өндіру саласында теңдікті қамтамассыз ету арқылы қалыптасады. Әрі бұл құқықтық мемлекеттің басты міндеті.
Қазақстан Республикасының Конституциясында адам құқықтарына, оны заңмен тиым салынбаған кез-келген әдіспен қорғауға кепілдік берілген. Демек, адвокаттардың өкіл ретінде осы құқықтарды пайдаланудың бір көрінісі болып табылады: Алайда барлық азаматтардың заңмен берілген өз құқықтары мен бостандықтарын пайдаланып, оны заңмен берілген тәсілдермен қорғай алмайтын кездері тәжірибеде жиі кездесіп отыратындығы жасырын емес. Міне, сондықтан да заң оларға өкілділікті-өзгенің көмегін, дәлірек айтқанда заңи білікті көмек алуына мүмкіндік беріп отыр. Міне, осы орайда мен бітіру жұмысымда құқықтың теориялы әрі қолданбалы саласы болып табылатын азаматтық іс жүргізу құқығының ауқымды институты-өкілділік институтындағы тапсырма шарты бойынша азаматтық іске қатысатын адвокаттар қызметі, адвокатураның азаматтық іс жүргізудегі ролі, ерекшеліктері, маңызы жөнінде ғылыми жұмысымды ұсынбақпын.
Азаматтық іс жүргізудегі адвокаттық қызмет, адвокатураның ролін қарастыруымның себебі мыналар:
1. Қазіргі таңда Қазақстанда азаматтардың құқықтық мәдениеті; санасының өсуімен олардың қандай да болмасын құқықтары бұзылған жағдайда адвокаттар алқасына көбірек жолдануы, сонымен байланысты сот тәжірибесіндегі қаралатын істердің басым көпшілігін түрлі азаматтық істер құрайтындықтан процеске адвокаттардың қызметі мен адвокаттың кеңесіне көбірек жүгінетіндігі;
2. Осыған орай елімізде тапсырма бойынша өкілділік етудің, соның ішінде адвокаттың азаматтық іс жүргізу саласында көрсететін қызметінің әлі толық зерттелмеуі;
Дипломдық жұмыста аталған мән-жайлар сонымен бірге тақырыптың өзектілігін де көрсетеді.
Зерттеу мақсаты мен міндеттері. Тақырыпты зерттеудегі мақсатым:
1. Қазақстан Республикасының адвокат-өкілдерінің азаматтық іс жүргізуге қатысуының, олардың алатын орнын теориялық-тәжірибелік тұрғыдан зерттеп зерделеу;
2. Адвокатура мәселелерін саралап оның шешу жолдарын қарастыру.
Бұл жұмыстың бірінші бөлімінде адвокатура қызметінің қоғамда даму тарихы мен ролі және қызметінің негізгі құқықтық ұйымдастырушылық міндеттері, соттағы өкілдік ұғымы, оның түрлеріне жалпы сипаттама беріліп, түрлері аталып, азаматтық істер бойынша өкілділік етудің адвокатура қызметінің негізгі бағыттарының бірі екендігі; екінші бөлімде адвокаттың азаматтық іс жүргізуге қатысуы және оның іс жүргізуде алатын орны; адвокат-өкілдің өкілеттіліктері жеке-жеке, сатылар бойынша-азаматтық істерді сотта қозғау, бірінші инстанциялы сотта істі мәні бойынша қарауға, апелляциялық инстанцияда іс қарауға, қадағалау тәртібімен және жаңадан ащылған мән-жайлар бойынша заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарауға қатысты қарастырылады. Сонымен бірге адвокат сөзі де кеңірек талқыланады. Үшінші бөлімде кеңес беру қызметі, атқару өндірісіне қатысуы, сонымен қатар қазақстандық адвокаттардың азаматтық іс жүргізудегі өзекті мәселелері топтарға бөлініп талқыланады.
Аталған аспектілерді зерттеу барысында әрбір бөлімде белгілі ғалымдар В. А. Мусин, Н. А. Чечина, Д. М. Чечот, В. А. Елизаров, О. В. Арсентьев, М. Ю. Барщевский, Б. С. Антимонов, С. Л. Герзон, Р. И. Давиденко, П. Я. Трубников, З. Х. Баймолдина, С. Т, Тыныбеков, Е. А. Борисова т. б. еңбектері пайдаланылды. Аталған тақырыпта бітіру жұмысын жазу барысында сонымен қатар негізгі заңымыз-Конституцияны басшылыққа ала отырып Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу туралы Кодексін; Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы Заңын, Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы Заңын және ғылыми-теориялық конференциялар мен ғылыми еңбектердің жинақтарын, республикалық баспасөз беттерінде жарияланған материалдарды да қолданылды.
Еліміздің сот тәжірибесіндегі адвокат-өкіл қызметінің мәселелері атты бөлімді жазу барысында қазіргі таңдағы мәселелер жоғарыда аталған ғылыми еңбектерде аталғанымен де, өзектілігі қоғам талабына сай келе бермейтіндіктен, көбінесе баспасөз беттерінде жарияланған материалдарға сүйене отырып өзімнің болашақ заңгер ретінде пікірімді білдірдім.
Елімізде қазақстандық адвокат-өкілдердің азаматтық іс жүргізуге қатысуы жөнінде жеке дара еңбектерді жұмыс жазу барысында кездестіре алмадым. Алайда, С. Т. Тыныбеков, З. Х. Баймолдина, О. В. Арсентьев, т. б. білікті заңгер-ғалымдар осы тақырыпты өз еңбектерінде қарастырғанын айтқым келеді.
Өзге мемлекеттерде, айталық Ресей Федерациясында адвокат-өкілдің мәртебесі, қызметі, ұйымдастырылуы келелі мәселелерімен қатар терең зерттеліп жазылған. Осы тақырыпта еңбектері жарық көрген бірнеше ғалымдарды атауға болады. Олар: Д. П. Ватман, В. М. Шерстюк, И. М. Ильинская, Л. Ф. Лесницкая, В. А. Елизаров, М. Ю. Барщевский, т. б. Латын заңгері Я. А. Розенбергтің «Представительство по гражданским делам в суде и арбитраже деген еңбегінде сотта азаматтық істердің қаралуына адвокаттың қатысу негіздері, сатылары кеңірек жазылған.
Тәуелсіз Қазақстанның адвокаттық қызмет туралы Заңы 1997 жылы 5 желтоқсанда қабылданды. Осы заңға сәйкес адвокаттар заңда көрсетілген барлық тәсілдермен азаматтардың құқықтарын кез келген қол сұғушылық пен бұзудан қорғау жөніндегі міндеттерін жүзеге асырады. Атап айтсақ, қылмыстық істер бойынша қорғаушы қызметін атқару; жауапкер, талапкер және іске қатысушы өзге тұлғалардың өкілі ретінде азаматтық істерді сотта қарауға қатысу; ұйымның тапсырмасы бойынша сотта өкілділік; заңи мәселелер бойынша кеңестер беру; өзге де заңи көмек көрсету.
Жұмыста қолданылған негізгі терминдер: азаматтық іс жүргізу, адвокатура, адвокат, өкіл, өкілділік, тапсырма бойынша өкілділік, консультациялық қызмет, сот жарыссөзі, адвокат сөзі, апелляциялық инстанция, атқару өндірісі.
1 Адвокаттың негізгі құқықтық ұйымдастырушылық қызметі
1. 1 Адвокатура қызметінің негізгі құқықтық ұйымдастырушылық міндеттері
Азаматтарды квалификациялық заңды көмекпен қамтамасыз ету-бұл маңызды конституциялық ереже болып табылады [2, 5б. ] . 1995 жылдың 30-шы тамызында қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясының 13-ші бабына сәйкес әрбір тұлға сот арқылы қорғалуына, заңда көрсетілген әдістер негізінде өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, білікті заң көмегін алуға құқылы. Ата заңымыздың осы бабын негізге ала отырып, азаматтардың құқықтары тек мемлекеттік органдармен ғана емес, сонымен қатар қоғамдық ұйымдармен де қорғалынады. Заңды әдіс ретінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын арнайы адвокаттар алқасы болып табылады. Белгілі бір тұлғаның мүддесін әділдікке сай қорғау адвокаттық қызметтің бағытының саяси мәні болып саналады.
Адвокатура-адвокаттық қызмет атқаратын азаматтардың құрылған ерікті қоғамдық ұйым. Адвокатураның шынайы құралы- «демократия» Қазақстан Республикасының адвокатурасы - өзін-өзі басқаратын, шаруашылық есептегі қоғамдық ұйым. Қоғамдық ұйымдардың беделі көтерілген сайын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары кеңейтілген сайын адвокаттардың ролі күннен-күнге дейін өсуде. 1997 жылдың 5-ші желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет туралың заңы адвокатураның қазіргі кездегі жұмысын, қызметінің бағытын, мақсатын анықтайды. Осы қабылданған заң арқылы адвокатураның беделі өседі деген ойдамын [3] .
Аталып кеткен Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет туралы» заңның 1-ші бабында адвокаттық қызметтің, яғни адвокатураның мақсаты белгіленген Қазақстан Республикасындағы адвокатура-адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етілген құқығын жүзеге асыруға жәрдем беру мақсаты болып табылады. Қоғамда «Адвокатура» ұғымына бірнеше анықтама берілген, көбіне: адвокатура-адвокаттық кәсіп, яғни сотта адамның мүддесін қорғаудан тұратын қызметтің белгілі бір түрі.
Адвокатура-адвокаттардың сословиясы, яғни өздерінің кәсібін өздеріне арнаған тұлғалар тобы. Адвокатура-сот өкілдігінің қарама-қайшылықтарына құқық қорғаушылық. В. О. Арсеньтев адвокатураның ең толық ұғымын былай деп айтқан. Адвокатура-бұл заң негізінде жергілікті халыққа және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсететін кәсіби ұйым [4, 15б. ] . Адвокатураның даму тарихын қарастыратын болсақ, соттар сияқты адвокатураны ежелгі институт деп айтсақ ол біздің қателескеніміз.
Классикалық дәуірдің грек және рим тарихында ерікті азамат, сот алдында өзі жауап беруге міндетті болатын. Сондықтан ежелгі Грецияда негізгі заңдарды білу халықтың білімін көтеру үшін зерделеп оқытуға әкелді. «Отбасы өкілдігі» бұрын пайда болған өкілдіктің бір түрі. Отбасы өкілдігі адвокатураның туындауына ең басты маңызды себептер болып келген. Осы өкілдіктің барысында отбасы ағасы өзінің отбасы мүшелерінің әрқайсысының мүдделерін сот алдында қорғаған және де бұған қоса ол тек өзінің қандас туысқандарының мүдделерін ғана емес, сонымен қатар, қорғау қажеттігін талап еткен басқа да отбасы мүшелерінің мүддесін қорғайтын. Осыдан басшылар мен қорғалынушылар деген ұғым тараған. Біріншісі-адвокаттардың қатарына жатса, екіншісі-қорғалатын істерін адвокатқа тапсырушылар қатарына жатты. Сол кездер аралығында заңды тұлғалардың өкілдігі туындаған болатын. Мысалы: ақ сүйек заңдарымен танысып, дәріс алған монахтар, сотта монастырь мүддесін қорғаған.
Орта ғасырда сотта өз өкілді пайдалану тек патша тұқымының айырықша құқығы болып есептелінген. Сонымен қатар ерекше қызметке ие болғандар бұл құқықты қолдана алатын. Кәсіпкерлік пен сауданың өсіп дамуына орай кәсіпкерлердің сот алдында өз мүдделерін қорғау туралы кеңес беру қажеттілігі пайда бола бастағандықтан жоқтан барды қарастырушылар мамандығы пайда болған. Осыдан соң бұл мамандар ортағасырдың цехтық ұйым болып бірігіп заңгерлерді дайындап шығаратын болған. Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып XІV-XV - ғасырларда Англияда Шиндерге біріктірілген берристтер-заңгерлерінің ассоциациясы пайда болды.
Бұл корпрациялар әлі күнге дейін жұмыс жасауда. Лондонда қазіргі кезде төрт институт бар. Әрқайсысы өзінің құқық мектебіне сүйенеді, келуші клиенттерді қабылдайтын бөлмелерімен өздерінің кітапханалары бар және өздерінің символикалық белгілері бар. «Барристтер»- деген сөз ағылшын тілінен «вач»- қабырға, қорған деген сөзден шыққан [5, 6б. ] . Сол кезде осы сөз арқылы магистрлер мен оқушыларды ажыратқан болатын және сол кезде Англияда солистер институты дамыған. Яғни, егер барристер сол алдында сөйлесе, онда солистер оған қажетті құжаттар жинаумен айналысқан, біріктіре отырып іздеуші ретінде салық салуға, сақтандыруға байланысты берілген тапсырмаларды, нотариустың қызметін қосып жұмыс жасайтын. Қазіргі уақытта солисттер кіші магистрлік соттарға біріктірілген, кейбіреулері-тәж соттарына енгізілген.
XVІІ-XІІІ-ғасырда Европада мемлекеттік Үкіметтік адвокатура институты дамыған. Оның бастаушысы болып Пруссия патшасы Ұлы Фридрих-ІІ-ші болған. 1780 жылы ол Пруссияда адвокатураны жойып оның орнына белгілі бір еңбекақы алып тұратын сот ассистент-чиновниктерімен ауыстырды. Бұл чиновниктер туралы/бұлар жалдамалы немесе қарапайым іс басқарушулар емес, соттың көмекшілері яғни, істі қарауда соттың ақиқатқа жетуіне көмектесетін тұлғалар болып саналды. Бірақ сол дәуірдегі адвокаттар өз қызметін тек қана қай соттың құрамында болса, сол сотта сөйлеу құқығын пайдалана алған. Мемлекеттік адвокатура өзінің даму жолын ала алмағандығы осыдан келіп шыққан. Бұған И. Фойницкий былай деген: «Адвокаттар лауазымды тұлғаға айнала бастаса, сотта өзіне сеніп берген міндеттемелерді қорғауға беретін бостандықты, дербестік және тәуелсіздікті жоғалтады» [6, 12б. ] . Цехтік және мемлекеттік ұйымды қорғаумен өкілдіктің орнына адвокатура өзіндік басқарылатын еркін мамандық иелерінің ұйымы келген.
Ең бірінші рет бұл түрде Францияда пайда болған. Бірақ Франциядағы 1789 жылғы төңкерістен кейін ерекше орын алатын адвокаттар қауымы таратылған. Бұған себепкер төнкерістен кейін 1790 жылы 2-ші қыркүйекте қабылданған Декрет болып келді. Осы Декрет бойынша әрбір адамзат сотта сөйлей алатын және оған рұқсат берілген 1803 жылы адвокатура Наполеон- 1 мен жартылай орнына келтірілген болатын. Қандай да бір диктатор болмасын, әрқайсысы адвокаттарға сыншыл, білікшілер қатарына жатқызып, жаңа көзқараспен қарайтын. Наполеон-І-ші олардың қатарында болатын, бірақ бәрібір де адвокатураны қанша сынап, жойғысы келсе де, оны жоя алмады. Адвокатура өзінің даму жолын Францияда жалғастырды.
Ресей адвокатурасы 1864 жылғы сот ережелеріне сәйкес дамыған және бұдан бастап ресей адвокатурасы ерекше ашылу жолына түскен болатын. Адвокат ортадағы басты кейіпкер болып табылды. Сот мәжілісінде адвокаттың сөйлеу дәрежесі сотқа қатысушыларға ғажайып әсерлер қалдырған. Қоғамға әйгілі ресей адвокаттары да пайда болған. Олар: Плевако, Спасович, Кони, Карабчевский, Андриевский және тағы басқалары [7, 125б. ] .
1917 жылы қазан төңкерісінен кейін орнаған құқықтық диктатура ресей адьюкатурасын жойып жіберуге әкеп соқтырды. 1922 жылы 22 мамыр айында ВЦИК-тің адвокатура туралы Ережесінде қылмыстық және азаматтық істер бойынша қорғаушылар алқасын тудыру ескертілді. Бәрібірде 1930-1940 жылдар мен 1950 жылдар арасында мемлекетке төнген жазалау шараларының арқасында адвокатура тереңдетілген ауыр зардапқа ие болды. Адамдарды шексіз нысанда адвокаттардың қорғауынсыз, сотта қарастырылмай-ақ ату жазасына берген болатын, қазіргі кезде әділетсіз жазаланып кеткен азаматтар ақталынған [8, 15б. ] . Кеңес адвокатурасының Қазақстанда орын алуы көптеген қиындықтарға соқтырды, ол қиындықтар объективті және субъективті сипаттарға ие болды. Ең бірінші ол кәсіби дайындығы бар кадрлардың болмауы. Екіншіден Халық комиссариаты басқарушылары адвокатураға немқұрайды қарады олардың ойынша кеңес соты өздерінің пролетарлық мәнімен қателеспейді және әр түрлі азаматтық және қылмыстық істерді өздері шешуге қабілеті бар деп айтты. Үшішіден, адвокатура хан заманының қалдығы, біздің қоғамымызға сай емес деп түсінді.
Жоғарыда аталынып кеткен тарихи оқиғаларға қарамастан адвокатура қазіргі кезде қарқынды түрде өз қызметін атқаруда. Адвокатураның қазіргі кездегі ролі саналы түрде сапалы жағынан үлкейген.
Әрбір құқықтық мемлекет тұлғаның бостандығын және құқығын қорғауды бірінші орынға қояды. Сондықтан да ол күшті тәуелсіз соттық қорғалудың дамуында және сақтап қалуында өзінің көзқарастарының бар екедігін анықтайды. Адвокаттық қызметтің дамып жетілуіне ең басты себепкер болған демократия, заңдылық, адам құқығын сақтау, өзіндік бостандық, ар-ождандық және қадір қасиет деп ойлаймын.
Соңғы жылдары адвокатураның беделі ерекше өсті. Ол мемлекеттік, саяси басқарудан, оның ішінде қызметтеріне қол сұғушылықтан босатылған, адвокаттардың даусы сотта еркін ашық естілуде. Қазіргі қабылданып жатқан заңдар, жұмыс жасап жатқан заңдар тұлғаны қорғау үшін қажетті жағдайлар жасаған. Адвокатураның қоғамдағы рөлі Қазақстан жерінде кең ауқымды көлемде артуда. Себебі қандай да бір қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік істерді жүргізу барысында азаматтардың мүдделерін адвокат қорғаушы ретінде, өкіл, заңды өкіл ретінде заңды өкілдік жасайды. Осы қызметтерді жүзеге асыруда Қазақстан Республикасында көптеген жұмыс атқарылуда.
Соның бірі болып жоғарыда айтылып кеткен адвокатураның қызметін реттейтін заң, заңды орындауда әрбір адам өзінің тарапынан іс-әрекет жасауы қажет. Егер де заңдар орындалмаса, онда өзіміз бір қалыпты жұмыс жасай алмайтындығымыз әшкереленеді. Адвокатура-сотқа өз тарапынан кәсіби көмек көрсету үшін құрылған мекеме. Сотта іс жүзінде адвокат әділдікті орнатуға көмек береді. Адвокатура тұрғындарға заңды көмек беретін қоғамдық ұйым. Әрбір адвокат көмек сұрап келген тұлғаның құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін шақырылған тұлға болып есептеледі.
Адвокаттың қызметінің құқықтық негізі «Адвокаттық қызмет туралы» заңның 2 бабында адвокаттық қызметтің реттелуі тәртібі осы Заңмен және басқа да адвокаттық қызметті реттейтін заңдармен бекітіледі деп айтылған [4, 7б. ] . Қазақстанда адвокатура қызметінің ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны ретінде адвокаттар алқасы болып табылады. Бұлар он құрылтайшының басымдылығы бойынша аумақтық белгілер бойынша құрылады. Адвокаттар алқасын құруға мемлекеттік органдардың арнайы рұқсаты талап етілмейді [9] .
Адвокат алқаларының қызметін белгілейтін негізгі құжат адвокат алқаларының жалпы жиналысында қабылданған оның жарғысы болып табылады. Адвокаттық қызметінің ұйымдастырушылық формасы:
- заң консультациясы;
- адвокаттық кеңселер;
- заңды тұлға ретінде тіркелмей жеке-дара адвокаттық қызмет атқару.
Өз міндеттерін орындау барысында адвокат сотта азаматтардың, ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін қорғау үшін қызмет жасайды. Адвокат-заңдылықтың нығайтылуына жәрдем беретін, сонымен қатар жоғарыда айтылып кеткен қызметті жүзеге асыратын қоғамдық қызметкер. Адвокаттық қызметті бір мезгілде мамандандырылған және қоғамдық қызмет болуның қажеті жоқ. Адвокаттың бүкіл қызметі-оның қоғамдық қызметі. Адвокат әр уақытта заңның түсінігін әділ және барлық талаптарға сай түсіндіру керек. Адвокаттың мақсаты азаматтарға заңды көмек көрсетуден тұрады. Шарттың жасалуы мен бұзылуын, сотта өкіл болу мен алын-ала тергеуден өтетін айыпкерді сотта қорғауды, мекемелерге заңды сауал беретін құқықтық кеңестен туындайтын көмектен құрылады. Жалпы сауал бойынша адвокаттың міндеттері Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет туралы» заңның 15-ші бабында көрсетілген 6-шы тармақтың жалпы сипаттамасы.
Ең басты міндеті: біріншіден, адвокат заң талаптарын орындауға, адвокатураны ұйымдастыру мен оның қызметінің қағидаларын басшылыққа алуға, кәсіптік мінез-құлық нормаларының талаптары мен адвокаттық құпияны сақтауға және заң көмегін көрсетуге байланысты өзіне мәлім болған мәліметтерді құпия сақтауға міндетті.
Екіншіден, іс бойынша көмек сұрап өтініш сұраған тұлғаның жағдайын нашарлататын құқықтық позиция ұстауына тыйым салынады, адвокаттың қылмыстық немесе азаматтық істер бойынша қабылданған тапсырмадан бас тартуға құқығы жоқ және ол қорғауындағы тұлғаның немесе адвокат өзінің бастамасы бойынша әділетсіз үкім, шешім, ұйғарым, қаулы шығарылған жағдайда оған белгіленген тәртіппен шағым жасауға міндетті.
Үшіншіден, адвокат оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметпен айналысудан басқа, мемлекеттік қызметте болуға және кәсіпкерлік қызметтен айналысуға және өзге де ақы төленетін қызметпен айналысуға тыйым салынады.
1. 2 Адвокаттың құқықтық мәртебесі
ҚР Адвокаттық қызмет туралы заңына сәйкес адвокат-міндетті түрде адвокат алқасының мүшесі болып табылатын және адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы. Қазіргі заманғы сөздіктерде «адвокат» термині латын сөзінен аударғанда advocatus, advoco сөзінен приглашаю, призываю/ -заңгер, яғни кеңес беру, қорғау арқылы сотта кәсіби құқықтық көмек көрсету; біреуді қорғау үшін қатысу деген ұғымдарды білдіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz