Аймақ өнеркәсібін инновациялық дамыту
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1 АЙМАҚ ӨНЕРКӘСІБІН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫН АРТТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... 8
1.1 Инновациялық дамудың экономикалық мәні және құрылымы ... ... ... ... ... ... 8
1.2 Өнеркәсіпті инновациялық дамытуды қалыптастыру және жүзеге асыру факторлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
1.3 Аймақ өнеркәсіп инновацияларын басқару технологиясы мен инновацияны дамытуды бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
2 ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІБ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40
2.1 Өнеркәсіп саласының жағдайы мен оның инновациялық даму сатысындағы орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
2.2 Оңтүстік Қазақстан облысы өнеркәсібінің инновациялық дамуын қалыптастыру саласындағы ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52
2.3 Аймақтың кәсіпорындарында инновациялық даму басымдылықтарын қамтамасыз етудегі мәселелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..66
3 АЙМАҚ ӨНЕРКӘСІБІН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫН АРТТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..76
3.1 Өнеркәсіпті дамытудың индустриалды.инновациялық ерекшеліктері және оның негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 76
3.2 Оңтүстік Қазақстан облысы өнеркәсібін инновациялық дамыту басымдықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...82
3.3 Өнеркәсіптік кәсіпорындардың инновациялық дамуын бағалау әдістемесін жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...88
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..103
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..106

Зерттеу тақырыбының өзектелігі. Бүгінде аймақтың өнеркәсіптік кәсіпорындардың дамуы мен экономиканың қайта құрылуы инновациялық даму жолына өтумен тікелей байланысты.
Бұл мәселені шешудің ең маңызды құралдарының бірі аймақтық инновациялық жобаларды толыққанды іске асыруға және жаңа өнімнің өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде (новация – инновация – ғылым – инвестиция – өндіріс – маркетинг – тұтынушы) инновациялық кешеуілді азайту арқылы жаңа өнімдер мен қызметтерді шығаруға мүмкіндік беретін біртұтас инновациялық-өндірістік жүйені құру мақсатында инновацияларды, өндіріс құралдарын бірге жұмылдыру болып табылады.

1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2014 жылғы 17 қаңтар.
2. «Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1145 Қаулысы.
3. Кошанов А.К. Индустриально – инновационная стратегия и экономический рост/А.К. Кошанов. – Алматы: Қазығұрт, 2012. – 384 с.
4. И.Шумпетер. Теория экономического развития.-Москва: Экономист, 2000.-С.79
5. Пригожин А.И. Нововведения: стимулы и препятствия. Социальные проблемы инноватики.- М., 1989.-с. 192
6. 12. Завлин П.Н., Васильев А.В. Оценка эффективности инноваций. Санкт-Петербург: Издательский дом «Бизнес-пресса»,1998. – 216 c.
7. Степаненко Д.М. Классификация инноваций..., 2004, с. 77.
8. «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері». Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы // Мысль. — 2010. — № 3. — 2-14 беттер.
9. Переходов, В. Н. Основы управления инновационной деятельностью.- М.: ИНФРА-М, 2005.
10. Құдайбергенова Ф.Қ. Өндірістік кәсіпорындардың инновациялық әлеуетін бағалау. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, E-mail: m15102012@mail.ru
11. Жексенбаев С. Кәсіпкерлік қалашығы. «Оңтүстік Қазақстан» газеті, 1 мамыр 2014 жыл, № 64-65, 5-б.
12. Толыбаев А. Қазақстандағы инновациялық іс-әрекет: жағдайы мен болашағыы// Транзиттік экономика. – 2014. - №2. – с. 43-54.
13. В.Я.Горфинкель, Г.Б.Поляк, В.А.Швандар; «Предринимательство», «»Юнити», Москва, 2000
14. Журнал «Экономический анализ: теория и практика», 1(304) - 2013 январь.
15. Обзор инновационного развития экономики Казахстана, Алматы, 2013 год, - 211с
16. Алдашов Б.А., Ткач Е.В. Инновационная инфраструктура: понятие, основные элементы и направления развития //2009
17. Арыстанов А.К. Экономика будущего – это инновационная экономика //Альпари. - 2013. - №4
18. М.Д. Гумарова Қазақстан Республикасының инновациясы негізінде өндірісті дамыту тетіктері
19. «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы // Мысль. — 2010. — № 3. — 15-42 беттер.

МАЗМҰНЫ
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 3
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1 АЙМАҚ ӨНЕРКӘСІБІН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫН АРТТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... 8
1.1 Инновациялық дамудың экономикалық мәні және
құрылымы ... ... ... ... ... ... 8
1.2 Өнеркәсіпті инновациялық дамытуды қалыптастыру және жүзеге асыру
факторлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
1.3 Аймақ өнеркәсіп инновацияларын басқару технологиясы мен инновацияны
дамытуды
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .27
2 ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІБ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ДАМУЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ
ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..40
2.1 Өнеркәсіп саласының жағдайы мен оның инновациялық даму сатысындағы
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..40
2.2 Оңтүстік Қазақстан облысы өнеркәсібінің инновациялық дамуын
қалыптастыру саласындағы ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .52
2.3 Аймақтың кәсіпорындарында инновациялық даму басымдылықтарын қамтамасыз
етудегі
мәселелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...66
3 АЙМАҚ ӨНЕРКӘСІБІН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫН АРТТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ
БАҒЫТТАРЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 76
3.1 Өнеркәсіпті дамытудың индустриалды-инновациялық ерекшеліктері және оның
негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .76
3.2 Оңтүстік Қазақстан облысы өнеркәсібін инновациялық дамыту
басымдықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 82
3.3 Өнеркәсіптік кәсіпорындардың инновациялық дамуын бағалау әдістемесін
жетілдіру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 88
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 103
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .106
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР ТІЗІМІ
ҚР - Қазақстан Республикасы
ЖҰӨ - Жалпы Ұлттық Өнім
АҚШ – Америка Құрама Штаттары
ДСҰ - Дүнижүзілік Сауда Ұйымы
ЖШС - Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
АҚ - Акционерлік қоғам
ЖСҚ - жобалық сметалық құжаттары
ОҚО - Оңтүстік Қазақстан облысы
ТМД - Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектелігі. Бүгінде аймақтың өнеркәсіптік
кәсіпорындардың дамуы мен экономиканың қайта құрылуы инновациялық даму
жолына өтумен тікелей байланысты.
Бұл мәселені шешудің ең маңызды құралдарының бірі аймақтық инновациялық
жобаларды толыққанды іске асыруға және жаңа өнімнің өмірлік циклінің барлық
кезеңдерінде (новация – инновация – ғылым – инвестиция – өндіріс –
маркетинг – тұтынушы) инновациялық кешеуілді азайту арқылы жаңа өнімдер мен
қызметтерді шығаруға мүмкіндік беретін біртұтас инновациялық-өндірістік
жүйені құру мақсатында инновацияларды, өндіріс құралдарын бірге жұмылдыру
болып табылады.
Өнеркәсіптік кәсіпорындарды дамытуда тек қана өндірілетін өнімнің
сапасын жақсарту мен өндіріс шығындарын қысқарту мақсатында өндіріс
үдерісін ұйымдастыруға бағытталған өндірістік менеджмент емес, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының жаңа экономикасындағы өнеркәсіптік кәсіпорын-
дардың инновациялық даму жолын айқындайтын инновациялық басқару да елеулі
рөл атқарады. Қазіргі экономикалық теория мен практикада кәсіпорындардың
инновациялық әлеуетін пайдалануға қатысты келелі мәселелер әлі оңтайлы
шешімін таппады.
Аймақтың кәсіпорыны өзара әрекеттесу арқылы кәсіпорын қызметінің
нәтижесін қалыптастыратын бірқатар дербес жүйелі категориялардан
құралатындықтан аймақтық өнеркәсіптік кәсіпорындарда инновациялық дамуын
басқару тиімділігін арттыру негізінде аймақтың өнеркәсіптік
кәсіпорындарының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған
инновациялық даму жүйесін қалыптастыру қажет. Бұл – аймақтың өнеркәсіптік
кәсіпорын деңгейінде ғылыми дәйекті, теориялық-әдістемелік ережелердің
әзірленуін талап ететін күрделі де ұзақ үдеріс.
Бүгінгі таңдағы жаңа экономикалық шарттарда инновациялық жобалардың
небәрі 30%-ы ғана өндіріске жетуде. Сондықтан, инновациялық және өндірістік
дамытуды біріктіру мәселесі нарықты іздеу және орнықтыру, ғылым мен өндіріс
арасындағы интеграцияны нығайту, өндірісті, сондай-ақ, өнеркәсіптік
кәсіпорындардың инновациялық дамуын қамтамасыз ету мақсатында өнеркәсіптік
кәсіпорындардағы ғылым мен техниканы дамыту секілді көптеген мәселелерден
жинақталады. Ендеше, диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі
өндірісті, инновацияларды дамыту негізінде өнеркәсіптік кәсіпорындардың
инновациялық дамытудың теориялық және әдістемелік ережелерін әзірлеу
қажеттігінен туындайды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Диссертациялық зерттеу тақырыбы көптеген
экономист ғалымдардың еңбектерінде қарастырылғанымен, аймақтың
өнеркәсібінің инновациялық дамуына қатысты мәселелері де жіті зерттелмеген.
Ғылыми әдебиетте аймақ өнеркәсібінің инновациялық саясаты, инновацияларды
дамудың экономикалық мәнін айқындау мәселелеріне Н.А.Назарбаев,
Р.А.Алшанов, Т.А.Есіркепов, С.С.Еспаев, К.К.Қажымұрат, Г.А.Қалиев,
Р.С.Каренов, М.Б.Кенжегузин, А.К.Қошанов, Ш.К.Купешов, Б.С.Мырзалиев,
О.С.Сабден, А.А.Сатыбалдин, т.с.с. отандық белді экономист ғалымдардың
еңбектері арналған. Сонымен қатар, И.Ансофф, П.Блау, Д.Вудворд, Н.Гаузнер,
Дж.Гелбрейт, Дж.К.Грейсон, П.Друкер, Г.Кунц, Д.Ларш, П.Лоуренс,
М.Макконели, Дж.Марч, С.О(Доннел, Дж.О(Шейнсси, Г.Саймон, Дж.Томпсон,
П.Хайт, Л.И.Абалкин, В.П.Баранчеев, А.Л.Гапоненко, Е.Г.Ясин сынды т.б.
шетелдік ғалымдардың да еңбектері кеңінен тараған.
Дегенмен, аймақтың өнеркәсібінің инновациялық даму тиімділігін арттыру
мақсатында өнеркәсіптік кәсіпорынның инновациялық дамуы бағыттары әлі де
болса жетік қарастырылмаған.
Диссертациялық зерттеу нысаны – инновациялық нарықтың субъектілері
ретінде аймақтың өнеркәсіптік кәсіпорындары.
Диссертациялық зерттеу пәні – аймақтың өнеркәсіптік кәсіпорындарының
инновациялық дамуын арттыру үдерісінде туындайтын экономикалық және басқару
қатынастары.
Диссертациялық зерттеу мақсаты нарық жағдайында аймақтың өнеркәсіптік
кәсіпорындарының инновациялық даму жүйесін қалыптастыру негізінде
инновациялық дамуды басқаруға және дамытуға қатысты теориялық-әдістемелік
ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
Диссертациялық зерттеу мақсатына жету үшін келесі міндеттерді орындау
көзделді:
- өнеркәсіптік кәсіпорындардың инновациялық дамуын арттыру саласындағы
теориялық ережелерді зерттеу;
- аймақ өнеркәсібінің инновациялық дамуын арттыру жүйесінің сызбасын
дайындау;
- Оңтүстік Қазақстан облысы өнеркәсібінің инновациялық жағдайын
өнеркәсіптік-инновациялық даму тұрғысынан талдау және бағалау;
- болжамдау әдістері негізінде Оңтүстік Қазақстан облысы өнеркәсібінің
дамуын зерттеу
- өнеркәсіптік кәсіпорындардың инновациялық әлеууетінің тиімділігін
арттыруға бағытталған нақты іс-шараларды ұсыну.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізін зерттеу тақырыбына
қатысты отандық және шетелдік экономист ғалымдардың еңбектері, ғылыми-
практикалық конференциялар мен семинарлардың материалдары, Қазақстан
Республикасының заңдары мен нормативті-құқықтық актілері құрады.
Диссертациялық зерттеу қызметтік-қисындық, техникалық-экономикалық,
факторлық және статистикалық талдау әдістеріне, мәселелерді шешудің жүйелік
және үдерістік тәсілдеріне, экономикалық-математикалық зерттеу әдістеріне
негізделген жалпы ғылыми әдістемеге сүйенді.
Зерттеудің ақпараттық негізі ретінде ҚР Статистика агенттігінің
деректері, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Статистика басқармасының
мәліметтері, Оңтүстік Қазақстан облысындағы бірқатар өнеркәсіптік
кәсіпорындарды зерттеу материалдары және мерзімді басылым беттерінде
жарияланған мәліметтер пайдаланылды.
Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы бәсекелестік жағдайында
салалық өнеркәсіптік-инновациялық даму жүйесін қалыптастыру негізінде
аймақтың өнеркәсіптік кәсіпорындарының инновациялық дамуын арттыруға
бағытталған ғылыми дәйекті теориялық ережелер мен әдістемелік ұсыныстарды
әзірлеуімен ерекшеленеді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы қорғауға ұсынылатын
келесі ғылыми нәтижелермен расталады:
- өнеркәсіптік кәсіпорынның инновациялық дамуын алға қойылған міндеттер
мен қолдағы бар ресурстарға қарай инновацияларды ендірудің кезегін
бекітетін мүмкіндіктер мен құралдар жиынтығы деген анықтама беріліп, осы
анықтаманың теориялық дәйектемесі жасалды;
- аймақ өнеркәсібінің инновациялық дамына әсер ететін көрсеткіштердің
нақты сызбасы ұсынылды, инновациялық даму түсінігіне тұтынушылар мен
тапсырыс берушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жаңалық
(новация) ендіру, инвестиция салу, өндірісті және маркетингті жүргізу
қағидаларының, әдістерінің және ұйымдық түрлерінің жиынтығы деген анықтама
берілді;
- қазіргі таңдағы талдау және бағалау үлгілерінің негізінде аймақтың
өнеркәсіп кәсіпорындарының инновациялық әлеуетіне сандық және сапалық
тұрғыдан экономикалық баға беріліп, әлеуметтік-экономикалық дамыту жүйесі
ғылыми негізделді;
− өңірдің өнеркәсібі дамуы мен экономикалық тиімділігіне болжау
үлгілері жасалынды;
− әлемдік нарыққа Оңтүстік Қазақстан облысы өнеркәсіп өнімдерін шығару
мақсатында оның бәсекелестік қабілетінің басымдықтары анықталып, ұсынылды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы алынған теориялық және ғылыми-
әдістемелік нәтижелерді өнеркәсіптік кәсіпорындардағы инновациялық дамуды
арттыруға қатысты міндеттерді шешу, инновациялық дамуды басқарудың
әдістемелік негізін толықтыру және оның деңгейін көтеру үшін пайдалануға
болатынымен айқындалады. Зерттеу барысында әзірленген әдістемелік
материалдарды кәсіпорынның жоғарғы деңгейдегі басшылары мен мамандары
инновацияларды басқару саласындағы ағымдық жағдайды талдау мен шешім
қабылдаудың негізгі әдістері мен процедураларын таңдау кезінде пайдалануына
болады. Ал, бұл өнеркәсіптік кәсіпорындарға инновацияларды ендірудің едәуір
жоғары тиімділігін қамтамасыз етуге және жалпы қазақстандық өнеркәсіптің
бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Зерттеу нәтижелерінің сыналуы және қолданылуы. Зерттеудің негізгі
ережелері мен нәтижелері келесі халықаралық ғылыми-практикалық
конференцияларды талқыланып, мақұлданды: -----------------------------------
--
Жариялануы. Диссертациялық зерттеудің негізгі ережелері жалпы көлемі
... ... баспа табақтан тұратын 2 ғылыми мақалада жарияланды.
Жұмыстың құрылымы және көлемі. Диссертация кіріспеден, үш тараудан,
қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың көлемі – 109 бет, оның
ішінде 12 кесте және 16 сурет берілген.
Кіріспе бөлімінде диссертациялық жұмыс тақырыбының өзектілігі, мақсаты
мен міндеттері, зерттеу нәтижелерінің ғылыми жаңалығы мен практикалық
маңыздылығы баяндалып, қорғауға ұсынылатын басты ережелер нақтыланды.
Аймақ өнеркәсібін инновациялық дамыту жолдарын арттырудың ғылыми және
теориялық негіздері атты бірінші тарауда инновациялық дамудың мәні,
инновациялық дамуды басқару тиімділігін арттырудың объективті қажеттілігі
және өнеркәсіптік-инновациялық дамудың оңтайлы жүйесін құру негізінде
инновациялық әлеуетті басқарудың мазмұны қарастырылды.
Аймақ өнеркәсібін инновациялық дамытудың экономикалық тұрғыдан бағалау
және талдау деп аталатын екінші тарауда Қазақстанның және оның
аймақтарының өнеркәсіптік кәсіпорындарында инновациялық дамуын пайдаланылу
жағдайына сараптама жасалып, өнеркәсіптік кәсіпорынның инновациялық дамуын
бағалау үлгісі ұсынылды.
Аймақ өнеркәсібін инновациялық дамыту жолдарын арттырудың негізгі
бағыттары атты үшінші тарауда өнеркәсіптік кәсіпорындардың инновациялық
дамуын арттырудың басым бағыттары айқындалып, өнеркәсіптік кәсіпорындардың
инновациялық дамыту факторы ретінде жаңалықтар мен инновацияларды құру
тәртібі ұсынылды, инновациялық орталықты ұйымдастыру және дамыту жөнінде
маңызды ұсыныстар әзірленді.
Қорытынды бөлімінде өнеркәсіптік-инновациялық дамудың тиімді жүйесін
қалыптастыру негізінде өнеркәсіптік кәсіпорындардың инновациялық дамуын
арттыруға арналған тұжырымдар мен ұсыныстар жасалды.

ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Инновациялық дамудың экономикалық мәні және құрылымы
Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудің
материалдық негізіне инновациялық даму тікелей әсер етеді. Инновациялық
дамудың сандық және сапалық сипаттамасы өндірістіке жаңалық пен ғылымды,
техника мен технологияны байланыстыру.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев 2014 жылғы 11 қарашада
Нұрлы жол-болашаққа бастар жол атты Қазақстан халқына Жолдауында Біз
экономиканың тұрақты өсіміне жедел индустрияландыру және инфрақұрылымды
жетілдіру арқылы қол жеткізуіміз қажет. Сондай-ақ, болашақтың экономикасы
нәтижелі де тиімді қызмет ететін ұлттық инновациялық жүйеге негізделуі
тиіс. Индустриялық-инновациялық даму – еліміздің жаңа өркендеуінің өзегі
бола бермек және 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан-2050 стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына
Жолдауында Инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясаты. Бүкіләлемдік
тәжірибенің көрсетуінше, бүкіл инновациялық өндірістік циклды жеке бір елде
жүзеге асыруға тырысу. Бұл - өте қымбатқа түсетін және әрдайым нәтижелі,
жемісті бола бермейтін іс. Табысқа жету үшін ғалымдардың талай буынының
тәжірибесіне, тарихи қалыптасқан ғылыми мектептердің арнаулы ақпарат және
білімдерінің көп терребайт көлеміне негізделген дербес ғылыми база қажет
болады. Жаңа технологиялық толқын жалына жармасып, теңдессіз инновациялар
жасау барлық елдің қолынан келе бермейді. Біз осыны жете түсінуге тиіспіз.
Сондықтан біз өте шынайы, барынша прагматикалық стратегия құрғанымыз жөн.
[1,2].
Барлық мемлекеттер қазіргі жаһандану кезеңінде мақсаттары әлеуметтік-
экономикалық жағдайларын дамыту негізінде инновациялық типті экономиканы
құру болып табылады.
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жаһандандыруда
инновацияны дамыту негізді. Сондықтан, инновацияны дамыту: өндіріске жаңа
технологияларды енгізу, ғылыми әлеуетті жетілдіру. Жаңа технологиялар
еңбек өнімділігін арттырып, ел экономикасына серпін беру үшін жоғары
біліктілік пен мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуі керек.
Қазақстанда қазіргі кезеңде қырықтан астам бизнес инкубатор жұмыс
істейді. Еліміздің инновациялық әлеуетін анықтауда, ашуда және дамытуда,
сонымен бірге экономиканың инновациялық өнімге деген сұранысын
қанағаттандыруда экономикаға тиімді әсер етеді. Сондықтан аймақтарда
осындай технопарктерді құрып, оны дамыту бәсекеге қабілетті өнеркәсіптерді
тұрғызады. Заманауи технологияларды енгізу арқылы еңбек өнімділігін өсіруге
болады.
Аймақтарда инновацияны дамыту негізінде индустриялық-инновациялық
дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы
әзiрленiп, үкiмет отырысында бекiтiлдi. Оның мақсаты – экономиканың орнықты
және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, экономиканың басым секторларын
әлеуметтік тиімді дамытуды күшейту және инвестициялық жобаларды іске асыру,
индустрияландыру үшін қолайлы орта құру және әлеуетті, ұтымды аумақтық
ұйымдастыру негізінде экономикалық өсім орталықтарын қалыптастыру.
Сонымен бірге, инновацияны дамытудың тағы бір көзі – инвестиция тарту.
Ал қажетті инвестицияларды тарту үшін мемлекет ғылыми-техникалық өндірістік
басқару жүйесін жетілдірі керек. Мемлекетке 2005 жылдан бері 2013 жылдың
алғашқы жарты жылдығын есепке алғанда 172 млрд. доллар инвестиция
тартылған. 2012 жылы инвестиция көрсеткіші 28,8 млрд. долларды құрап, 2011
жылғы көрсеткішінен 8,9%-ға артқан. Инновациялық бағдарламалар аясында
көптеген ірі жобалар жүзеге асырылса, қазіргі уақытта фирмалар толық
қуатпен жұмыс істеп өнімдерін экспортқа шығару негізді болар еді.
Инвестициялар тарту ұлттық экономиканың экономикалық өсімі мен оның
бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауын анықтайтын, сондай-ақ оның әлемдік
өндірістік үдерістермен ықпалдасуына ықпал ететін аса маңызды факторлардың
бірі болып табылады. Қабылдаушы елдің экономикасына шетелдік инвестициялар
ағыны кәсіпорындардың дамуын, адами капитал сапасын жоғарылатуды, жаңа
жұмыс орындарын ашуды жеделдетіп, озық технологияларды тарта және олардың
жанама салаларға таралуын ынталандыра алады. Сондықтан соңғы екі он
жылдықта жаһандық инвестициялар үшін бәсекенің күшеюі байқалады, бұл өз
кезегінде мемлекеттің алдына елдің инвестициялар үшін тартымдылығын
жоғарылатуға бағытталған экономикалық саясаттың кешенді шараларын әзірлеу
мен жүргізу міндетін қояды [3].
Жалпы Инновация түсінігін алғаш рет Й.Шумпетер өзінің Экономикалық
даму теориясы (1912ж) және Капитализм, социализм және демократия (1942)
жұмыстарында колданды.Й. Шумпетердің пікірінше инновацияның негізгі қайнар
көзі ірі корпорациялардың ғылыми-зерттеушілік іс-әрекеті болып табылады. Ол
инновацияны тек жаңалық енгізу үшін ғана емес, жаңа өндіріс функциясы
ретінде анықтады. Жалпы инновациялық теориясының негізін қалаушыларды және
оған үлес қосушылардың көзқарастары инновация термині бойынша жақын
болғанымен, әртүрлі болуда. Өйткені, бұл термин күрделі ұғым, оның мәнін
бір ғана анықтамамен ашып көрсетуге болмайды [4].
Инновация - өндірістік факторлардың ғылыми ұйымдастырылған
комбинациясы, қозғаушы кәсіпкерлік күш деп Й.Шумпетер анықтама берді .
Инновация ағылшын тілінен аударғанда - жаңалык енгізу, жаңашылдық
деген ұғымды білдіреді. Яғни, жаңа өндірістік үрдісті, өнімді немесе
қызметті игеру, әйтпесе жаңалықты инвестициялау деген ұғымды білдіреді. Ал,
бұл термин латын тілінде жаңару, өзгеру сөздерімен баламаланып, бұдан бұрын
болмаған жаңалық, қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандырудың жаңа әдісі
деген түсінікті ұғындырады[4]..
Инновация түсінігіне оны іске асырудың барлық сатыларын – зерттеу,
дайындау, өндіріс және маркетингке ендіру мақұлданған Й.Шумпетердің
көзқарасы бойынша, инновацияның батыл толқындары ескі салаларды шайып
кетеді, экономиканың жаңашылдары көбіне өмірмен келеді. Ол техникалық
прогрестің жеделдету сипатын тірек етті, ал көптеген экономистер оның
эволюциялық сипатына ерекше көңіл аударды[4]..
Ғылыми әдебиетте жаңалық енгізу, инновациялық үрдіс, инновациялық
өндіріс терминдері бар. Сонымен, инновацияны жаңа өнімдер немесе
қызметтер, жаңа технологиялық үрдістер түрінде жүзеге асатын инновациялық
іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады.
Инновация теориясының мәселелері қазіргі кезде көп зерттелуде,
инновацияның мазмұны мен анықтамасына шексіз ұғым (термин) әртүрлі мағынада
берілумен сипатталады. Сонымен, бұл өз кезегінде инновация мәнін анықтаудың
өзектілігін күшейтері сөзсіз.
Инновация – ғылыми зерттеу мен өңдеу нәтижесінде өндіріс тиімділігін
арттыруға мүмкіндік беретін өнеркәсіпте қолданылатын жаңа технологияларды,
экономика салаларын ұйымдастыру мен басқарудың жаңа тәсілдерін, әлеуметтік
қызметтердің жаңа түрлерін шығару дегенді білдіреді.
Инновацияның іс-әрекетінің нәтижелерінің бағытталуына қарай инновация
өнімдік және процестік болып бөлінеді. Өнімдік инновациялар өнімдердің
жетілген және жаңа түрлерін қолданысқа ендіруді, дәлірек айтқанда, жартылай
өнімдердің, толық өнімдердің, қосалқы бөлшектердің және өнімдердің жаңа
түрлерін өндіруді қамтиды. Процестік инновациялар технологиялық, ұйымдық-
басқарушылық және әлеуметтік болып топтастырылады. Технологиялық инновация
– өнім өндірісінің жаңа технологияларын өндіруге; ұйымдық-басқарушылық
инновация – өнім өндіру, тасымалдау, өткізу және жабдықтау жұмыстарын
ұйымдастырудың жаңа әдістері мен басқарудың жаңа ұйымдық құрылымын
қалыптастыруға; әлеуметтік инновация – еңбек және демалыс шарттарын
жақсартуға, адамның денсаулық сақтау, білім алу және мәдениетті болу
қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады.
Орыс ғалымы А.И.Пригожин инновациялардың мынадай толық жіктемесін
ұсынады[5]:
- Таралу деңгейіне қарай: тұрақты, ішінара өзгермелі (диффузиялық).
- Өндіріс цикліндегі орнына қарай: шикізаттық, қамтамасыз етуші
(байланыстырушы), өнімдік.
- Нарықты қамту үлесіне қарай: жергілікті, жүйелік, стратегиялық.
- Инновациялық әлеуеті мен жаңалық деңгейіне қарай: радикалдық,
комбинаторлық, жетілген.
Инновацияны төмендегідей жіктеуге болады:
- өндірісте жаңа өнімдер мен технологияларды шығару мен игеруге,
құрал-жабдықтарды жаңартуға, ғимараттарды қайта қалпына келтіруге
және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды атқаруға
бағытталған технологиялық инновациялар;
- өндіріс қуатын күшейтуге және өндірістік қызметті әртараптандыруға
бағдарланған өндірістік инновациялар;
- өткізу (сату) қызметін мақсатты өзгертуге бағытталған сауда-саттық
инновациялар;
- еңбек шарттарын жақсартуға және ұжымның әлеуметтік жағдайын
көтеруге бағытталған әлеуметтік инновациялар;
- ұйымдық құрылым мен шешім қабылдау әдістерін жақсартуға
бағдарланған басқару саласындаға инновациялар.
Инновация кәсіпкер үшін пайданы ұлғайтудың және жаңа нарықтарын
табудың негізгі құралы болса, ал Үкімет үшін әлеуметтік-экономикалық
дағдарыстан шығудың бірден бір жолы болып табылады.
Инновация ол жаңа, жақсартылған өнімді немесе өндіріс процесін
қалыптастыру дегенді білдіреді. Сонымен қатар, нарықтағы белгілі тауардың
өндірісі үшін сапалы арзанырақ шикізатты пайдалану, маркетинг саясатын
тиімді өзгерту, жаңа нарықтарға немесе жаңа қызмет көрсету деңгейіне шығу
да инновация болып табылады.
Кәсіпкерлер пайдаға кенелтетін жаңалықты қалай ойлап табуды және
қолдану туралы жиі ойлана бермейді, олар шикізат және технология
нарығындағы, салық салу жүйесіндегі, демографиялық ахуалдағы және геосаяси
ортадағы мезеттік өзгерістер мен құбылыстарды пайдалана отырып, қиналмастан
ақша табады; осылайша, жаңа нарықтарды қалыптастырады немесе қолдағы
өнімдерді сатудың жаңа әдістерін ойлап шығарады.
1800 жылы француз экономисті Жан-Батист Сей экономика ғылымына
антрепренер ұғымын енгізеді. Оның пайымдауынша, көп мөлшерде соңғы өнім
алу және өнімділікті арттыру үшін қолындағы экономикалық ресурстарды
пайдаланудың едәуір тиімді тәсілін табатын тұлға антрепренер деп аталады.
П.Н.Завлин инновацияларды мынадай 12 қасиеті бойынша, атап айтқанда,
маңыздылығына; бағыттылығына; салалық құрылымына; өзгеріске ұшырау
деңгейіне; әзірлемелерге деген байланыстылығына; таралу ауқымына; өндіріс
процесіндегі орнына; қанаттандыратын қажеттіліктерінің сипатына; жаңалық
дәрежесіне; нарыққа шығу уақытына; пайда болу себебіне; қолданылу аясы мен
пәніне қарай жіктеу керектігін алға тартады[6].
Ал, Д.М.Степаненко ТМД елдері үшін озық үлгідегі жаңалықтар мен
инновацияларды келесідей тізбекпен топтастырудың орынды екендігін
айтады[7]:
- Инновацияның жаңалық деңгейіне қарай: радикалдық инновациялар;
жақсартушы инновациялар.
- Инновацияның жаңалық ауқымына қарай: әлемдік ауқымдағы жаңа
инновациялар; республикалық ауқымдағы жаңа инновациялар; республикадағы
салалар үшін жаңа инновациялар; кәсіпорындар үшін жаңа инновациялар.
- Инновацияның сипатына қарай: өнімдік инновациялар; процестік
инновациялар; ұйымдық инновациялар; экономикалық инновациялар; әлеуметтік
инновациялар.
- Инновацияның қолданылу жиілігіне қарай: бір реттік инновациялар;
қайталанбалы инновациялар.
- Инновация ендірілетін халық шаруашылығы салаларына қарай: материалдық
өндірістегі; ғылымдағы; қызмет саласындағы; әлеуметтік саладағы
инновациялар.
- Инновацияның қолданылу саласына қарай: кәсіпорын ішінде қолданылатын
инновациялар; кәсіпорында жинақталатын инновациялар; сатуға арналған
инновациялар.
- Инновация түрлеріне қарай: ашылымдар, жаңалықтар, патенттер;
оңтайландырушы ұсыныстар; ноу-хау; тауар белгілері, тауар төсбелгілері және
эмблемалары; технологиялық, өндірістік және басқарушылық процестерді,
құрылымдарды, әдістерді және құрылыстарды сипаттайтын жаңа құжаттар.
- Инновацияны ендіру нәтижесінде алынатын әсер (эффект) түріне қарай:
экономикалық; экологиялық; ғылыми-техникалық; әлеуметтік және интегралдық.
Сонымен, инновация экономикалық қатынастың жаңа түрі және оны кең
мағынада алғанда жаңа өнім және қызмет, жаңа технологиялар, өндірістік,
коммерциялық, қаржылық және әкімшілік немесе басқа да сипаттағы әлеуметтік-
экономикалық шешім және ұйымдастырушылық-техникалық түрлеріндегі жаңалықты
табысты қолдану.
Кәсіпорынның инновациялық дамуы кәсіпорын нарыққа сай жаңа өнімдермен
қамтамассыз ету негізінде тұрақты дамуның стратегиялық алғышарттары мен
факторларының жиынтығын білдіреді. Сонымен қатар, кәсіпорынды дамытуға
бағытталған қандай да бір бағдарламаны қаржыландырудың қосымша және жаңа
көздерін іздестіру жайында сөз қозғалғанда, бірінші кезекте, нақ осы
кәсіпорынның инновациялық дамуы жан-жақты зерттеледі.
Инновациялық даму әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелерді
шешу мен жаһандану үдерісі аясында ұлттық экономикалық бәсекеге
қабілеттілігін нығайту арқылы халықтынаң өмір сүру деңгейін жақсарту.
Сонымен қатар, инновациялық даму – бұл жаңа нарықта жаңа тауарлар мен
қызметтер ұсынысының артуы адамның өмір сүру сапасын жоғарылатады.
Инновациялық даму дегеніміз жаңа жаңалық пен ғылымды, технологияны
өндіріспен тығыз байланыстыру көзделген экономикалық даму бағыты. Елбасы
Н.Ә. Назарбаевтың Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның
жаңа мүмкіндіктері атты ел халқына Жолдауында елді әрі қарай инновациялық
бағытта дамыту қажеттігі көзделеді. Экономикалық дамудың маңызды
факторларының бірі өндірістік әлеуетті сақтап, тиімді дамыту қажеттігімен
шартталған тиімді инновациялық саясат болып табылады [8].
Оны мына төмендегі келтірілген мәселелерден көруге болады:
• экономиканың шикiзат бағыттылығы;
• әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi;
• ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың
босаңдығы;
• өңдеушi өнеркәсiп өнiмдiлiгiнiң төмендiгi; кәсiпорындардың жалпы
техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалуы;
• ғылым мен өндiрiс арасында ұтымды байланыстың болмауы;
• отандық ғылымның нарықтық экономика жағдайларына нашар бейiмделуi,
• ғылыми-техникалық өнiмдi тауар деңгейiне дейiн жеткiзудiң ықпалды
тетiктерiнiң болмауы, соның салдарынан тұтастай алғанда инновациялық
ұсыныстар деңгейiнiң төмен болуы;
• мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазiргi
заманғы жүйесiнiң болмауы;
• менеджменттiң экономиканы ғаламдану үрдiстерiне және сервистiк-
технологиялық экономикаға өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.
Инновациялық даму жаңалық пен ғылымды, технологияны өндіріспен тығыз
байланыстыру көзделген экономикалық даму бағыты.
Инновациялық дамуда инновациялық жүйені жүйелеу негізді. Инновациялық
жүйе тиiсiнше осындай элементтердi қосып алатын төмендегідей негiзгi
жүйелерге бөлiнедi:
- Ғылыми әлеует коммерциялық пайдалану деңгейiне дейiн iргелiк
әзiрлемелердi "жетілдiрудi" жүзеге асыратын қолданбалы зерттеулердiң
дамыған саласын құру жолымен инновациялық даму үшiн сөзсiз қажеттi фактор
қалыптасады;
- Мемлекеттiк ғылыми ұйым – ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу
институттары, жоғарғы оқу орындары, жобалық институттар;
- Ұлттық компаниялар жанындағы ғылыми ұйымдар, iрi кәсiпорындар
жанындағы зертханалар;
- Жеке ғылыми-зерттеу және жобалық институттар;
- Ғылыми зерттеулермен айналысатын шағын және орта кәсiпкерлiктер;
- Ғылыми кадрлар және дербес өнер тапқыштар;
- Материалдық-техникалық база.
Инновациялық кәсiпкерлiк бизнесті, кәсiпорындарды, инновациялық
менеджерлерді және инновациялық қызметтi iске асыру үшiн қызмет көрсететiн
және жағдайларды қамтамасыз ететiн өзара байланысты өндiрiстiк,
консалтингтік, білiм және ақпараттық құрылымдардың кешенi айқындалатын көп
деңгейлi инновациялық инфрақұрылымды қамтиды.
Инновациялық құрылым – Қазақстан Республикасы инновациялық қызметінің
бір-бірімен өзара іс-қимыл жасайтын мамандандырылған субъектілерінің
жүйесі.
Инновациялық инфрақұрылым элементтері:
- ұлттық технологиялық парктер;
- өңiрлiк технологиялық парктер;
- технологиялық бизнес-инкубаторлар;
- ғылым қалашықтары.
Қаржылық инфрақұрылым элементтеріне мемлекеттiк даму институттары,
венчурлiк қорлар, кәсiпорындар, жеке кәсiпкерлер, екiншi деңгейдегі
банктерден тұрады.
Республикамыздың 2003-2015 жылдары Индустриалды-инновациялық дамуы
Стратегиясының басты мақсаты да тұрақты өсім траекториясына шикізаттық
бағыттан сервистік-технологиялық экономикаға көшу мақсатында өндіріс
салаларын девирсификациялау көзделген. Инновациялық даму жолын таңдау
себептерінің негізгілері: әлемдегі өнеркәсіптің технологиялық жолмен
қарқынды дамуы, әлемде жаһандану процесінің өріс алуы, Қазақстанның БСҰ-на
кіру мақсатына байланысты өнеркәсіпті бәсекелестікке дайындау қажеттілігі
және бәсекеге қабілетті еңселі елу елдің қатарына қосылудағы мақсатқа жету.
Инновациялық даму – ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру негізінде
қоғамның өмір сүру сапасын жақсартуға жағдай жасайтын даму. Инновациялық
даму құрылымы (1-сурет).
Ескерту- зерттеулер негізінде автор құрастырған
1-сурет Инновациялық дамудың құрылымы
Сапалы экономикалық өсу экологиялық және әлеуметтік-экономикалық
дамуға тікелей байланысты бұл инновациялық даму құраушылары болып табылады.
Халықтың қажетті материалдық игіліктермен қанағаттандыру және
шарттарының заңды түрде орындалуы, қоғам құқықтарының қорғалуы, мәдени
қажеттілікпен қамтамассыздандырылуы, білім алуға қабілеттілігі, денсаулығы,
адамның өзін-өзі жетілдірілуіне қажетті уақытының бар болуы, әлеуметтік
қамсыздандырылуы және басқалары сапалы экономикалық өсудің негізгі
көрсеткіштері болып табылады.
Табиғи ресурстардың жылдан-жылға коп қолданылуы, экологиялық
шиеленістердің үдеуі, осы аталған проблемаларды шешудің теориялық және
тәжірибелік деңгейде нақты әдістерінің, тәсілдерінің жеткіліксіздігі оның
экологиялық құраушы бөлігінің маңызын анықтайды. қоршаған ортаны ластанудан
қорғау, экологиялық зардаптарды жою талаптарының жыл жылға қатаң
қадағалануы энергетика, биотехнология, химия, нанотехнология сияқты ғылыми
бағыттардың дамуын жеделдетеді. Сонымен, инновациялық дамудың аталмыш
құраушылары экономикалық дамудың тек сандық жағына емес, сонымен қатар,
сапалық көрсеткіштерін де маңыздылайды.
Кәсіпорынның инновациялық дамуы оның жаңа өнімдерінің нарықта бәсекелік
қаблеттілігінің болуы. Инновация өндірістік кәсіпорынның бәсекелік
қабілетін көтеру мақсатында жаңа және жетілдірілген тауар өндіруді
ұйымдастыруға бағытталған техникалық, технологиялық ғылыми жаңалықтарды
енгізу бағытында жүргізілетін шаралардың жиынтығын және соның нәтижесінде
қол жеткізуге болатын экономикалық және әлеуметтік салдарын айтады. Соған
орай, жаңа ой-пікірлерді, ғылыми жаңалығы бар білімді, технологияны,
өнімнің жаңа түрлерін енгізу мақсатында жүргізілетін қызметті инновациялық
қызмет деп атаймыз[9].
Инновацияның дамуына қозғаушы тетік - бірінші кезекте нарықтық
бәсекелестік болып табылады. Нарық жағдайында өнім өндірушілер немесе
қызмет көрсетушілер әрдайым өндірістік дағдарысты болдырмаудың жолдары мен
тауарын өткізетін жаңа нарықтарды іздестірумен болады. Сондықтан,
инновацияны бірінші болып тиімді игерген кәсіпорындар өз бәсекелестіктері
алдында басымдылыққа иеленеді. Қазіргі кезеңде жаңа тауарлар түрлері өсіп,
тұтынушы талғамы артып отырған уақытта, әсіресе шағын кәсіпорындардың
икемділік қабілеттерін күшейту аса тиімді саналады[10].
Бәсекеге қабілеттілік нысанның қасиетінің(тауардың, кәсіпорынның)
бәсекелес нысандар қасиетіне сәйкес болу мүмкіндігі. Бұл қасиеттердің
ауқымы кең және ол әр түрлі экономикалық категориялармен ажыратылады.
Мәселен, сүт өнімінің бәсекеге қабілеттілігі оның тек сапасында ғана емес,
сондай ақ, оның тұтынушылар санында, сапалы түрде өндірілу барысы мен
жасалу технологиясында, сыртқы қорабы мен бағасына да байланысты.
Қазақстанда өнідірілген сүт өнімдерінің 13%, еттің 16%-ы, жеміс жидектің
0,5% және көкөністің 0,2% ғана өнеркәсіптік өңдеуден өтеді [11]. Сонымен
қатар, елімізде кәсіпорындардың және отандық тауар өндірушілердің бәсекеге
қабілеттілігін арттыру мәселесі маңызды. Бәсекелі ортада шығарылған өнім
сапасының артуын, бағасының төмендеуін, тұтынушылар сұранысын кең көлемде
қанағаттандыруды қамтамасыз ете алады.
2013 жылдың қорытындылары бойынша бәсекеге қабілеттілік рейтингінде
Қазақстан 2012 жылғы нәтижемен салыстырғанда 21 позицияға көтеріліп,
әлемнің 144 елінің арасында 51-ші орынды иеленді (46-орын). Ресей 67-ші
орында, Украина – 73, Грузия – 77, Армения – 82, Молдова – 87, Тәжікстан –
100, Қырғыз Республикасы – 127 орында [12].
XI ғасыр талабы елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру кәсіпорындардың
инновациялық даму мүмкіндіктерін қолдану. Қатаң бәсекелестік жағдайға тек
инновациялық процестер, жаңа технологиялар, ғылыми зерттеулер арқылы ғана
төтеп беруі мүмкін.
Инновациялық дамуды белсенді түрде жүзеге асуы үшін келесі іс
шараларды ескеру қажет:
- Инновациялық шаралардың экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық
негіздерін қалау;
- Өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін технологиялық жаңалықтыр енгізу
арқылы арттыру;
- Кәсіпкерліктің инновациялық белсенділігін арттыру және оған бөлінген
мемлекеттік қаржыны тиімді пайдалану;
- Отандық инновациялық өнімді халықаралық нарықта өткізуде қолдау.
Жаңа инновациялық дамуға қол жеткізгеннен кейін келесідей нәтижелерді
көреміз:
- Ғылыми техникалық әлеуеттің дамуын;
- Халықтың әл ауқат, өмір сүру деңгейінің жақсаруын;
- Өндірістік жүйедегі ресурстарды қолданудың тиімділігін арттыру, яғни
еліміздің шикізаттық тәуелділіктен арылуын;
- Отандық тауарлардың әлемдік нарықта бәсекге қабілеттілігінің
артқанын;
- Экспортқа бағытталған өңдеуші салалардың дамуын.
Елімізде осындай нәтиже беретін инновациялық жүйенi дамытуға арналған
барлық алғышарттар бар: ғылыми әлеует, инновациялық және қаржылық
инфрақұрылым, инновациялық кәсiпкерлiк. Бұл технопарктер мен бизнес -
инкубаторлардың құруын, ғылыми зерттемелерге гранттердің бөлінуін, сонымен
бірге өндірісте инновациялық жобалардың іске асырылуы мемлекеттiк -
жекеменшік әріптестік тәсілдерінің кеңінен қолдануын көздейді.
Инновация жаңа технология ғылыми техникалық прогрес нәтижесі, бұл
процесс өндірістік қорларды жаңартады.
Кәсіпорындағы инновациялық стратегияның қалыптасуы мынадай жағдайларға
байланысты:
- жаңа техниканы жасап іске енгізудің тиімділігін арттырудағы
ғылымның айрықша ролі;
- өндірістің техникалық деңгейінің өсуі;
- жаңа техниканы жасап және іске асыру мерзімдерін қысқартудың
қажеттілігі;
- өндіріс дамуының интенсивті факторларының артуы, олардың ғылыми
техникалық прогресті экономиканың барлық саласында қолданылуына
ықпал жасау;
- ойлап тапқыштардың творчествасын дамыту;
- жаңа өнімді шығаруда, кәсіпорынның шығындарының көбейіп,
экономикалық көрсеткіштерінің нашарлауы;
- техника мен технологияның тез арада моральдік тозуы;
- техника мен технологияны жылдам енгізудің қажеттілігі және т.б.
Кәсіпорынның инновациялық қызметінің құрлымы жұмысының көлемі
инновацияның түрлеріне және кәсіпорынның әлуетіне байланысты.
Инновацияның негізгі белгілеріне тоқталсақ: жаңалық, жаңа
технологияларды пайдалану мен жаңа өнімдер шығару; белгісіздік және
тәуекелділік бұл жаңа идеяларды пайдалануда күтілетін белгісіздік пен
тәуекелділік.
Кәсіпорынның инновациясын дамыту негізінде қолданылатын инновацияның
түрлері:
- жаңалығына байланысты: базистік инновациялар, олар ірі зерттеулерді
іске асырады; жақсарту инновациялары, кіші және орта зерттеулерді
іске асырады; жалған инновация, техника мен технологияның ескірген
бөліктерін біртіндеп жақсартуға қолданалы.
- қолданылуына байланысты: өнімдік инновациялар, жаңа өнімдерді
шығарып қолдануға бағытталған; технологиялық инновациялар, жаңа
технологиялар шығарып, қолдануға бағытталған; әлеуметтік
инновациялар, жаңа құрылымдарды құруға бағытталған; нарықтық
инновациялар, жаңа нарықтағы өнімдер мен қызмет етуді тұтынуды іске
асыруға бағытталған.
- шығу көздеріне байланысты: ғылым мен техниканың дамуынан пайда
болған инновациялар; өндірістің қажеттілігінен пайда болған
инновациялар; нарықтың қажеттілігінен пайда болған инновациялар.
- қайта өндіру процесіндегі рөліне байланысты: тұтыну инновациялар;
инвестициялық инновациялар.
- масштабына байланысты: күрделі және жай инновациялар.
Кәсіпорынның инновациялық дамуының құрылымына, әдетте, мынадай бірқатар
маңызды факторлар әсер етеді:
-өндірістің инновациялық дамуының ғылыми негізін жетілдіру;
-өнідірстік кәсіпорындағы өнімдерге инновациялық технологияны қолдану,
жетілдіру;
-инновациялық өнім сапасын көтеру мақсатында персонал білімін
бағдарламалар арқылы жетілдіру;
-өндірістік қауіпсіздік жүйесін жетілдіру;
-инновациялық өндірістің үрдісін басқару жүйесі жетілдіру.
Кәсіпорындарындағы өнімдерді инновация арқылы өндіру концепцясын
жетілдіру қажет. Кәсіпорынның инновациялық дамун құрастыру, қолдану, дамыту
және іске қосу негізделген.
Сонымен өндірістік кәсіпорындардың инновациялық дамуы, ол технологиялық
прогресі, инновациялық факторлар әсерінен кәсіпорын тиімді өзгерістерді
көрсетуі.
Кәсіпорынның инновациялық дамуын талдау кезінде ескерілетін
факторлардың тізімі мұнымен шектелмейді. Іс жүзінде әр кәсіпорынның
қызметіне, аумақтық орналасу жағдайына, салалық бағыныштылығына, т.б.
шарттарына қарай бірқатар өзіндік ерекшеліктері болады. Сол себептен,
неғұрлым көп факторлар мен ерекшеліктер назарға алынса, кәсіпорынның
инновациялық дамуы да соғұрлым сапалы бағаланады [4].
Кәсіпорынның инновациялық дамуы кәсіпорынның инновациялық қызметінің
даму бағыттары мен мүмкіншіліктерін сипаттайтын инновациялық саясатында
айқындалған мақсаттар мен міндеттерді орындауға негізделеді. Олай болса,
кәсіпорынның инновациялық дамуы оның даму стратегиясымен тікелей байланысты
болып табылады.
Инновация – жаңа практикалық әдісті тарату және қолдануды құрудың
комлекстік үрдісі немесе ғылыми-техникалық шешімнің, адамдардың,
ұсыныстапдың, жаңа идеялардың тәжірибеге енуі, іске асырылуы және де
соңында қолданылуы. Инновация туралы осындай көптеген түсініктемелер беруге
болады. Инновация ұғымын бірнеше мағынамен түсіндіруге болады, бірақ та ең
бастысы “инновация” мен “жаңалық” терминдерін айыра біліп, ол ұғымдардың
мағынасын білу керек. Жаңалық қандай да қызмет саласында оның тиімділігін
жоғарылату бойынша фундаменталды, қолданбалы, тәжірибелік жұмыстардың
рәсімделген нәтижесі болып табылады. Жаңалық мынадай түрлерде рәсімделеді:
жаңалық ашу; патенттер; тауар белгісі ; рационализаторлық ұсыныстар;
жаңа немесе өндіріс процесі құжаттары; ұйымдастыру, өндіріс немесе басқа
құрылымдар; ноу-хау; ұғымдар; ғылыми тұрғыдағы принциптер; құжаттар
(стандарттар, ұсыныстар, әдістемелер, нұсқаулар және т.б.); маркетингтік
зерттеулердің нәтижелері және т.б. жаңалықты жасаудағы инвестиция –
жұмыстың жартысы. Ең бастысы — жаңалықты енгізу, жаңалықты инновация
формасына айналдыру, яғни инновациялық диффузияны жалғастыруға болады.
Жаңалықты жасау үшін маркетингтік зерттеулер жүргізу қажет. Ал, инновация –
жаңалықты енгізуде басқару обьектісін өзгерту мақсатында және экономикалық,
әлеуметтік, экологиялық, ғылыми-техникалық немесе басқа тиімділік
түрлерінің соңғы нәтижесі. Яғни, жаңалықты ендіріп, іске асырылғанда
инновация пайда болады. Қысқаша айтқанда, инновация – жаңалықты енгізудің
нәтижесі[13].
Сонымен қатар, шетелдік және отандық экономикалық әдебиеттерде
“жаңалық” және “инновация” деген сөздер кездеседі. Жаңалық- деген сөз
айқын жаңалыққа мінездеме береді, сонымен қатар, ойлап табу деген ұғымға
таяу, “инновация” деген түсінік жаңалық, жаңа өнім мен қызмет, жаңа
технология, ойлап табу дегенді білдіреді.
“Жаңалық енгізу”- бұл әдістердің жаңа техника мен технологияны
ұйымдастыру, меңгеру мен басқаруды айқындайды.
Біздің ойымызша, инновацияның мынадай жалпы анықтамасын жасауға
болады: инновация –бұл адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін
жасалынатын жаңа өнімдер мен жаңа технлогиялар жалпы жаңалық енгізудің
үздіксіз процессі мен таратылатын жаңалық, қоғамның даму әсеріне тікелей
байланысты өзгеріп отырады. Сонымен қатар, иновация ол жаңа өнім түрлерін,
технологиялары мен қызмет жасауға ізденіс, және оны таратуға бағытталған
қызмет.
Мемлекеттік экономикада инновацияны дамыту қазіргі экономикалық
шарттарда ең маңызды міндеттердің бірінен саналады. Бұл міндетті инновация
үшін нақты бір өңірдің инновациялық дамуын жоғарлату арқылы шешуге болады.
Яғни, мұндағы басты міндет – инновацияны дамыту (кәсіпорынды, фирманы,
корпорацияны, қаланы, өңірді, елді, т.б. инновациялық дамыту жобасын)
таңдауына әсер ететін, инновациялауға қажетті шарттарды оңтайландыру болып
табылады.
Экономикалық ғылымда аймақтың өнеркәсібін инновациялық дамыту
түсінігінің нақты анықтамасы жоқ. Сондықтан, осы түсініктің мән-мағынасын
ашуға және оның экономикалық анықтамасын жасауға тырысып көрелік.

факторлары
Кәсіпорынның өнімділігін ғылыми-техникалық әлеуетті пайдаланбай,
инновацияны дамуытпай, сонымен қатар, бәсекеге қабілетті өндірісті құрмай
өнеркәсіпті дамыту мүмкін емес.
Өнеркәсіпті инновациялық дамыту саласындағы мемлекеттік саясат ұлттық
инновациялық жүйенің мынадай элементтерін қалыптастырудан және дамытудан
тұрады: инновациялық инфрақұрылым, ғылыми әлеует, инновациялық кәсіпкерлік
қаржылық инфрақұрылым,.
Қазақстанда өнеркәсіптердің инновациялық даму деңгейі жоғарлауда.
Қазақстанның инновациялық өнімінің құрылымында жетілдіруге ұшыраған өнім
елеулі үлес (64% астам) алады. Қайта енгізілген және елеулі технологиялық
өзгерістерге ұшыраған өнімнің үлесіне инновациялық өнімнің жалпы көлемінен
28,6% келеді[14].
Қазақстан өнеркәсібін дамытудың басты бағытына ішкі тұтыну нарығын
бәсекеге қабілеті жоғары отандық тауарлармен толықтыру мақсатында импорттық
тауарларды ығыстыру көлемін 15-20%-ға дейін төмендету болып отыр[15].
Сонымен, өнеркәсіптің инновациялық даму деңгейін көтеру, экономикалық
даму механизмін әзірлеу және оның тиімді жұмыс жасауы экономикада ілгерлік
дамуға әкеледі.
Инновация – жаңа немесе жетілдірілген өнім (жұмыс, қызмет) немесе
технологиялар түрінде іске асырылған, практикалық қызметте пайдалану
кезінде сапалық артықшылықтарға ие әрі экономикалық және қоғамдық пайдасы
бар ғылыми техникалық нәтиже [16].
Барық мемлекеттер экономикасын өсірудің және бәсекеге қаблеттілігін
күшейтудің факторы ғылыми және білімді яғни өнеркәсіпте инновацияны дамыту.
Қазақстанда инновацияны қалай дамытамыз? Ол үшін өндіріске жаңа
технологияларды ойлап тауып, енгізу керек. Шын мәнінде өнеркәсіп
орындарында сапалы, инновациялық өнім шығарып, Қазақстан экономикасының
дамуына елеулі үлес қосып жатқан кәсіпорындар кемде-кем болып табылады.
Сондықтан жаңа технологиялар еңбек өнімділігін арттырып, ел экономикасының
гүлденуіне көмектесу үшін әлі де керекті жаңа білім мен мемлекет тарапынан
қолдау көрсетілуі керек. Ондай шаралардың біріне 2013 жылғы Қазақстанның 1
млрд. 725 млн. теңге көлемінде бөлінген инновациялық грантын атауға болады
[17].
Әр ел өз экономикасының, даму деңгейінің ерекшеліктерін есепке ала
отырып, жаһандық инновациялық экономикада өз орнын табады. Қазақстанның
артықшылықтары – дамыған іргелі ғылым, білім берудің, әсіресе,
математикалық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық білімнің жоғары деңгейі
болып отыр. Осы артықшылықтарды біздің еліміздің инновациялық экономикаға
көшуінің алғышарттары ретінде санайды[18].
Инновациялық дамудың ұзақ мерзімді Инновациялы Қазақстан-2020
форумында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев мемлекеттің
реттеуші рөлінің қажеттілігі және инновациялық қызметті қолдау және
ынталандыру бойынша нақты шараларды жүзеге асыру қажеттігі негізделді[19].
Өнеркәсіп өндірісін және қызмет көрсету салаларын бәсекелі экспортқа
бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндiрiсi инновациялық
дамудың басты нысанасы болып саналады.
Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы
бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды
жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға
ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және аймақаралық
экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi нарықта тауарлар мен қызметтерге
деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және
әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және
технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында
ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-құрастырымдық
жұмыстарға қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы ғаламдану
процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне
сәйкес келмеуi[20].
Инновациялық даму жолын таңдау себептерінің негізгілері: əлемдегі
өнеркəсіптің технологиялық жолмен қарқынды дамуы, əлемде жаһандану
процесінің өріс алуы, Қазақстанның ДСҰ-на кіру мақсатына байланысты
өнеркəсіпті бəсекелестікке дайындау қажеттілігі жəне бəсекеге қабілетті
еңселі елу елдің қатарына қосылудағы мақсатқа жету [21].
Әлемдік тәжірибенің өткізген талдамасы осыған қатысты біздің
мүмкіндіктеріміз жөнінде ойландырады. Бұл үшін инновациялық қызметтің
белсенді дамуы негізінде өндірістің озық тәсілдеріне сапалы ауысуды жүзеге
асыру талап етіліп отыр. Бұл ауысу АҚШ-та орын алғандай, өндірістің үнемі
сапалы жетілдірілуімен эволюция түрінде өткізілуі мүмкін. Онда өндірістің
қазіргі заманғы даму деңгейіне жету үшін бірнеше онжылдықтар қажет болған
екен. Мемлекетіміздің қабылдаған аса маңызды индустриалды-инновациялық даму
стратегиясы мен елді индустрияландырудың егжей-тегжейлі картасын қамтитын
үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы мен
басқа да бағдарламаларында айқындалған ұстанымдары, атап айтсақ тиімді
нормативтік-құқықтық база құру, ұлттық инновациялық жүйені құру,
интелектуалды меншікті қорғау, ғылым, білімді және әлеуметтік саланы
қолдау, ғылыми-техникалық қызметті ақпараттық және кадрлық қамтамасыз ету
Қазақстанның инновациялық дамуын ынталандыру механизмі болып табылады.
Қазақстандық отандық инновациялық тауарларды тұтынуға тырысуымыз қажет. Сол
кезде ғана әрбір қазақстандық мемлекетіміздің дамуын бір қадам болса да
алға жылжытады. Жаһандану заманында ең басты құндылық ақпарат болып
табылатындықтан, әлемде болып жатқан өзгерістерден тыс қалмай көбірек
ізденіп, оқып білуге талпыну жөн. Қазақстанда жаңа инновациялық жобалардың
жүзеге асып, экономикасының дамуына барлығының атсалысуы қажет.
Қазіргі таңда мемлекеттердің әлеуметтік және экономикалық жаңғыруының
негізгі міндеттерінің бірі ретінде өнеркәсіптік инновацияны дамыту. Бұл
бағдарламалардың мақсатты өндірістік жүйені жаңғыртуды қажет етеді. Ұлттық
инновациялық жүйелердің модельдерін зерттеу өндірістің, ғылымның және
инновацияның дамуындағы мемлекеттің рөлін дәлелдеді. Мемлекеттің
өнеркәсіптік инновациялық дамуды қалыптастыруға бағытталған инновациялық
қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру. Инновациялық даму технология
мен ғылымның даму болашағына және болжауына негізделеді. Инновациялық
дамудың негізгі бағыттары индустриалдық саясаттың бағыттарымен анықталады
және инновациялық қызметті ынталандыру мен мемлекеттік қолдауды іске асыру
мен байланысты. Қазақстандағы инновациялық экономиканы қалыптастыру ХХІ
ғасырдағы даму бағыты болып табылады.
Инновациялық кәсіпорындардың негізі қызметі - ғылыми-техникалық пен
өндірістік сфералар арасында делдалдық рольді жүзеге асыру, бәсекелік
жағдайда олардың арасындағы автоматты экономикалық айырбасты қамтамасыз
ету. Инновациялық кәсіпорындар ғылыми техникалық қызмет саласындағы өнімді
өндірістік сферада қолдануға мүмкіндік беретін жағдайға жеткізуден басқа
жаңа қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыруға қабілетті коммерциялық
серіктес іздеуді жүзее асырады. Осылайша инновациялық фирмалар ғылыми
техникалық сферада құрлыған өнімді шаруашылық сферада құрылған өнімге
трансформациялау процесінде пайда болатын шығындарды қысқартуға қоғамдық
қажеттілік салдары ретінде туындайды. Инновациялық кәсіпорындар
шығындардың кейбірін жоюға және өндіріс шығындарын азайтуға мүмкіндік
береді, яғни олар напрықтық қатынастар шеңберінде ғылыми техникалық
институттар мен жеке шаруашылық жүргізуші субъектілердің тиімді өзара
әрекетін қамтамасыз ететін институционалды форма ретінде көрінеді.
Инновациялық кәсіпорындардың өздері дербес шаруашылық жүргізуші субъект
ретінде қызмет ете алады [22].
Өнеркәсіптік трансакцияларды сандық өсіру жағдайында өнеркәсіптің
инновациялық кәсіпкер жүзеге асыра алатындай жағдаймен салыстырғанда
инновациялық өнімді құруға қорларды тиімсіз орналастыруы мүмкін. Қорларды
өндірістік емес пайдаланудан болатын шығындар ашық нарықтың
трансакциялық шығындарын арттыруы мүмкін. Сондықтан инновациялық
кәсіпорын, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, нарықта инновациялық
өнімді сатып алумен байланысты трансакциялық шығындары шаруашылық
жүргізуші субъектілердің өзімен ұқсас өнімдерді құрумен байланысты ішкі
шығындарынан аз болған жағдайда пайда болады.
Инновациялық кәсіпкерлік – экономикалық қызметтің көпқырлы түрі.
Кәсіпкер ретінде ұдайы өндірістік циклымен байланысты инновациялық өнімнің
келесі инновациялық қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды және жеке
тұлғалар жатады:
- инновациялық өнімді құру;
- делдалдық қызметтер орындау (инновациялық өнімнің қозғалысымен
байланысты қызметтер көрсету);
- қаржы сферасында қызметті жүзеге асыру негізінде инновациялық
қызметті қамтамасыз ету.
Инновациялық ортадағы кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастыру-құқықтық
формасы, операциялар мазмұны мен оларды жүзеге асыру тәсілдері бір-
бірінен ерекше. Инновациялық кәсіпорын формасын таңдауда қызмет сферасы мен
ақша құралдарының болуы қажетті. Шетелдік тәжірибе көрсеткендей,
инновациялық сферадағы шағын кәсіпкерлік - өнеркәсіптік дамыған елдердің
нарықтық инновациялық потенциалының құрылымдық құраушысы болып табылады.
Технологияның ғылымнан өндіріске өтуі инновациялық қызметтің барлық
субъектілерінің (ғалымдар, инвесторлар, кәсіпкерлер, мемлекет және
тұтынушылар) белсенді ынтымақтастығы және интеллектуалды меншік құқығын
толық жүзеге асыру жағдайында тиімді бола алады. Бұл құқықты жүзеге асыру
формаларының бірі – шағын инновациялық кәсіпкерлік, шағын ғылыми сыйымды
бизнес болып табылады. Шағын бизнес кәсіпорындары инновацияның маңызды
субъектісі бола отырып, техникалық алдыңғы қатарлы салаларда өндірістің
дамуына елеулі үлес қосуы мүмкін. Жаңа экономика жағдайында
ақпараттандырумен қатар маңызды құраушысы инновация болып табылады,
венчурлық капитал көмегімен шағын бизнестің инновациялық процеске кеңінен
тартылуы жүреді.
Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің артуына кері әсерін
тигізетін факторлар:
- инветициялаудың және несиелеудің тиімсіз шарттары;
- тапсырыс берушілердің төлемқабілеттілігінің төмен болуы;
- жаңа өнімдер (инновациялар) құнының жоғары болуы;
- меншікті қаржылық құралдардың жеткіліксіздігі;
- мемлекет тарапынан қаржылық қолдаудың аз болуы.
Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін арттыру негізінде
инновациялық стратегия қалыптастырады. Кәсіпорындағы инновациялық
стратегияның қалыптасуы мынадай жағдайлардан құралады:
- жаңа техниканы мен технологияны жасау және оны іске енгізудің
тиімділігін арттырудағы ғылымның ерекше рөлі;

ықпал жасауы;
- ойлап тапқыштар мен рационализаторлардың творчествосын дамыту;
- жаңа өнімді шығаруда, кәсіпорындардың шығындарының көбейіп,

- техника мен технологияның тез арада моральдық тозуы;
- жаңа техника мен технологияны жылдам енгізудің қажеттілігі және
т.б.
Инновациялық қызмет кәсіпорынның жұмыстары мен кезеңдерінің орындалуын
қарастырады. Осы жұмыстардың көлемі мен мазмұны инновацияның түрлеріне және
кәсіпорынның бар әлеуетіне байланысты.
Кәсіпорынның инновациялық дамытудың негізгі элементі өнеркәсіптерді
басқару болуы қажет. Өнеркәсіптіктің ғылыми техникалық және өндірістік
қызметтің негізгі бағыттарын келесідегідей салалар бойынша анықтау болып
табылады:
- шығарылатын өнімді дамыту;
- өнеркәсіпті одан әрі дамыту;
- өндірістен ескірген өнімді шығару.
Индустриялық-инновациялық дамыту саласындағы проблемалар:
- өңдеу секторы өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің төмен болуы;
- негізгі қорлардың тозуы және ескі технологияларды пайдалану;
- айналым қаражатының жетіспеушілігі және пайыздық ставкасы төмен ұзақ
мерзімді кредитке қол жеткізе алмау;
Өнеркәсіптің инновациялық даму мәселесінің бірі кәсіпорындардағы
құралдардың ескілігін және тозуын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz