Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау


МАЗМҰНЫ
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР
Қазақстан Республикасы
Оңтүстік Қазақстан облысы
Тәуелсіз мемлекеттер достығы
Америка Құрама Штаттары
ұлттық қауіпсіздік комитеті
жалпы ішкі өнім
жалпы ұлттық өнім
аймақтық жалпы өнім
жеке шаруа серіктестігі
өндірістік кооператив
акционерлік қоғам
ашық акционерлік қоғам
жеке шаруа серіктестігі
жеке шаруа қожалығы
Гидро электро станциясы
Жылу энергиялық орталық
экономикалық қарымқатынасты және дамуды
ұйымдастыру
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Нарықтық қатынастарының дамуы мен қалыптасуы жағдайында радикалды экономикалық реформалардың ғылыми негізделуіне - аймақтық экономика маңызды роль атқарады. Аймақтық экономика - аймақтардағы өндіргіш күштердің орналасу факторларын және аймақтық дамуды зерттейтін ғылым.
Еліміздің индустриялық-инновациялық дамуын іске асыру алдағы жылдардағы басты бағыт болып табылады. Экономиканы әртараптандыру таяудағы онжылдықта тұрлаулы да теңдестірілген даму жедел әртараптандыру және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен қамтамасыз етіледі.
ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша Үкімет Жедел индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын және Елді индустрияландырудың егжей-тегжейлі картасын әзірледі. Бұл құжат - таяудағы бес жылда біз нені, қайда және қашан салатыны жөніндегі толық іс-қимыл жоспары.
Сонымен қатар, республиканың барлық аймақтарында әлеуметтік-экономикалық жобаларды, оның ішінде өнеркәсіп өндірісін дамыту, индустриялды-инновациялық жобаларды жүзеге асыру жолымен қазақстандықтардың өмір сүру жағдайларын жергілікті жерде жақсарту, біздің пікірімізше, елдегі барлық халықтың тұрмыс деңгейі мен сапасын арттырудың ең тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады.
Экономикалық қызмет салалары болып шығатын элементті аймақты басқару жүйесі ретінде қарастыра отырып және аймақта жеткілікті дәрежеде экономикалық және әлеуметтік әлеуетін жүзеге асыру қамтамасыз етілмегенін ескере отырып, аймақтық процестердің динамикалылығы аймақтардың халық шаруашылығы салаларын басқару механизмдерін қалыптастыру және іске асыру мәселелерін, оларды әлеуметтік және экономикалық дамыту мақсатында анағұрлым байсалды қарастыруды талап ететінін атап өту қажет. Аталмыш мәселелер шеңберінде аймақтардың халықшаруашылығының жетекші салаларының негізінде әлеуметтік-экономикалық өсуін қамтамасыз ететін аймақтық басқару механизмдеріне ықпал ететін анағұрлым тиімді іс-шараларды іздеу және негіздеу әсіресе өзекті болып отыр. Айтылған жағдаяттар аталмыш зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындайды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Еліміздің Ата заңында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады» деп көрсетілген. Нарықтық экономиканың талабына негізделген басқа мемлекеттер сияқты Қазақстанның стратегиялық мақсаты әлеуметтік мемлекет болып табылады. Соған байланысты соңғы жылдары экономиканы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, оның ішінде жергілікті басқаруды қалыптастыру мен оны дамыту бағытында көптеген ғылыми ізденістер жарық көруде
Әлеуметтік-экономикалық мәселелерді стратегиялық жоспарлаудың теориялары мен тәжірибелік мәселелерін Уткин Э. А., Кандауровой Г. А. и В. И. Борисевича., Кубаев Е. К., Нурмуханбетова А. А., Сагиндиков Е. Н., Аубакиров Я. А., Жулдызбаев Н. Е. және басқалар өз үлестерін қосты.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты Оңтүстік Қазақстан облысы дамуының жай-күйін жан-жақты зерттеу негізінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуде өнеркәсіп өндірісі тетіктерінің дамуын жетілдіру бойынша теориялық негіздемелер және ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан ұсыныстар дайындау болып табылады.
Аталған мақсатқа сай мына төмендегі міндеттерді шешуді қажет етеді:
− нарықтық экономика жүйесінде әлеуметтік-экономикалық жағдайды дамуын жоспарлаудың теориялық негіздерін зерттеу;
− өнеркәсіп саласының әлеуметтік-экономикалық жағдайды дамытудағы ерекшелігін айқындау және негіздеу;
− аймақты әлеуметтік-экономикалық дамытудың орны мен рөлін анықтау;
− болжамдау әдістері негізінде Оңтүстік Қазақстан облысы өнеркәсібінің дамуын зерттеу;
Алға қойған міндеттерді шешу үшін Қазақстан Республикасы бойынша қажетті теоретикалық мәліметтер мен статистикалық мәліметтер жүйеге келтіріліп, жетекші экономисттердің теориялары мен ғылыми көзқарастары зерттелді.
Зерттеу пәні болып Қазақстан Республикасының және Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамыту аспектілері таңдалды.
Зерттеудің нысаны. Қазақстан Республикасының және Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайлары зерттеу нысаны болып табылады.
Диссертацияның теориялық және әдістемелік негіздері. Ә леуметтік-экономикалық дамудың терең зерттелуіне үлкен үлес қосқан отандық және шетелдік ғалымдардың зерттемелері, ғылыми конференциялардың материалдары және басқа жарияланымдары болып табылды.
Зерттеу үрдісінде, сонымен бірге, Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілері, экономикалық дамудың бағыттары бойынша мемлекеттік бағдарламалар, отандық және шет елдік ақпарат көздері пайдаланылды. Зерттеудің талдамалық базасын Статистика жөніндегі Қазақстан Республикасы агенттігінің ресми статистикалық материалдары, Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіп және кәсіпкерлікті қолдау басқармасы мен Оңтүстік Қазақстан облысының статистика департаментінің цифрлік мәліметтері, интернет ресурстары құрады.
Дипломдық жұмыста зерттеулердің салыстырмалы, экономикалық-статистикалық, сызбалы талдау, топтастыру қолданылды.
Зерттеудің тәжірибелік мәні. Жұмыстың негізгі түйіндері, ұсыныстары және нәтижелері ұзақ мерзімді басымдықтарға аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын анықтау, кезекті жоспарлы кезеңге арналған аймақтық бағдарламаларын жүзеге асыруда, өнеркәсіп өндірісін қолдау мен дамытудың мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларын жүзеге асыруда қолдануға болады.
Зерттеу нәтижелері өнеркәсіб саласын аймақтарда дамытудың теориялық тұстарын жоғары оқу орнында оқитын студенттерді және магистранттарды дайындауда пайдалануға мүмкіндік береді.
Диплом жұмысының құрылымы. Ғылыми жұмыс кіріспе бөлімнен, үш тараудан және қортынды бөлімнен тұрады.
Кез келген коғам, өзінің болашақтағы даму перспективасың анықтап, болжаусыз өмір сүре алмайды. Экономикалык болжамдар қоғамның даму мақсатын, сол мақсатқа жетуге қажетті экономикалық ресурстар көлемін - ұзақ, орта, қысқа мерзімдік жоспардың тиімді варианттарын, үкіметтің экономикалық, техникалық саясаттарының негізігі бағыттарын анықтау үшін қажет. Экономикалық болжам дегеніміз экономикалык прогностиканың барлык әдіс-тәсілдерін, кұралдарын қолдануға және экономикалық кұбылыстарды зерттеудің ғылыми әдістемелеріне негізделген экономикалық жоспарлау процессі.
Жоспарлау - экономиканың объективті заңдары мен заңдылықтарын зерттеп түсіне білу және оларды саналы тұрде пайдалану арқылы әлеуметтік-экономикалык дамудың жоспарларьш ғылыми негізде дайындау мен олардың орыңдалуын ұйымдастыру процессі. Жоспарлаудың негізгі мақсаты - экономикада баланстык үйлесім мен макроэкономикалық тұрақтылықты камтамасыз ету үшін белгілі бір пропорциялар мен пропорционалдыққа кол жеткізу.
Өндіріс күштерінің дамуы жоғары деңгейге жеткен кезде, нарықтық үйлестіру механизмі де, кризистер де экономикалық пропорцияларды құруға жеткілікті бола алмайды.
Осы жағдайда экономикалық пропорциялар жүйесін, пропорционалдықты саналы түрде құру қажеттілігі туындайды. Саналы түрде кұрылран пропоршюналдык - жоспарлылык болып табылады.
Жосларлау төменде көрсетілген міндеттерді атқарады:
1. қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын анықтау;
2. жоспарлы кезең экономикасыпың сандык жәңе сапалык сиппатамаларын белгілеу;
3. материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалык, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешудің тиімді жолдарын таңдау;
4. жекелеген салалар мен аумақтардың даму қаркыны мен пропорцияларын аныктау.
Жоспарлау 1 суретте көрсетілген классификацияға сәйкес жіктеледі:
Жоспарлаудың деңгейіне (масштабына) байланысты: макроэкономикалык (халық шаруашылығының) ; аумақтық (облыстық, аудандық) ; ұйым ішінде (ішкі жоспарлау) ; микроэкономикалық (салалық көрсеткіштерді жоспарлау) .
Жоспарлау мерзіміне байланысты: ұзақ мерзімге жоспарлау (5 жылдан 20 жылдан арғы мерзімге) ; орта мерзімдік (1 жылдан 5 жылға дейін) ; ағымдағы жоспарлау (1 айға дейін, 1 айдан 1 жылға дейін) . Жоспарлау процессінің мазмұнына (жоспарлау объектісіне) байланысты: экономикалык жоспарлау (өндірістік катынастардьщ даму жоспары, халық шаруашылығы дамуының динамикасы) ; әлеуметтік жоспарлау (демография процесстерін, халықтың өмір сүру деңгейін, еңбек ресурстарының даму болжамы) ; ғылыми-техникалық жоспарлау (ғылыми-техникалық прогресстің даму болжамы) ; экологиялық жоспарлау (табиғи ресурстарды пайдалану болжамы, қоршаған ортаны қорғау) .
Сонымен, жоспарлаудың негізігі мақсаттарына төмендегілерді жатқызуға болады [1] :
- мемлекеттік экономика саясатын және экономиканы мемлекеттік реттеу шараларын жасау;
- экономиканың өсу қарқынын, қажетті сапасын қамту және қолдау;
- ұлттық экономиканың циклдік тепе-теңдігін орнату және қолдау;
- барлық экономикалық шешімдердің үйлестілігін қамту;
- ұлттық экономиканың тұрақты дамуын қамту.
Қазіргі кездегі басқару теориясы мен тәжірибесінде жалпымемлекеттік макроэкономикалық жоспарлаудың бюджеттік, стратегиялық, индикативті, директивті формалары бар. Солардың ішінде Қазақстан үшін стратегиялық және индикативті жоспарлардын маңызы зор болып отыр.
Ескерту: Әдебиеттер негізінде жасалынған.
Сурет 1-Жоспарлау түрлерінің жіктеуі
Стратегия - ұғымы ежелгі грек еліндегі ауқымды өкілеттілікке ие болатын басқарушыны, тура аудармасында "генерал шеберлігін" береді.
Стратегиялык жоспарлау - Үкіметтің, аумақ әкімшіліктерінің, мекеме және фирма басшыларының өндіріс сұрактары бойынша, кіріс және шығыс, бюджет. салық, баға және әлеуметтік қорғау бойынша ұзақ мерзімді жобалары.
Стратегиялық жоспарлау - ұйым алдындағы мақсатқа жетудегі басшылықтың қабылданған кешенді, жан-жақты шешімдер жиынтығын береді.
Индикативті жоспарлау - мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары және индикаторлары, соны іске асыру бойынша жоспарланған мерзімге іс шаралары және мемлекеттік экономикалық реттеуіш тізімі бар құжат.
Индикативті жоспарлаудың негізгі мақсаты - ұлттық эконоімиканың бір қалыпты дамуын, оның кұрылымдық өзгерістерін, дағдарысты жағдайлардың алдын-алу және олардың ықпалын жұмсарту, елдің экономикалық және саяси тәулсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан, индикативті жоспарлау төмендегі талаптарға сай болуы шарт [2] :
- республика экономикасын мемлекеттік реттеуде қолданылатын құралдардың тиімді болуына қол жеткізу;
- нарық механизмдерінің әрекеті негізінде экономиканың өзін-өзі реттеу деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз ету және шаруашылық жүргізуші субъектілердің өзіндік экономикалық белсенділігін пайдалануына кеңінен жағдай жасау;
- әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылып жүрген және тиімділігі дәлелденген экономикалық талдау, болжау мен реттеу әдістерін пайдалану;
- аумақтық экономикалық саясаттың тиімділігін камтамасыз ету.
Аймақтық басқару органдарының экономикалық компетенциясын кеңейту барлық сұрақ территорияның әлеуметтк - экономикалық дамуымен байланысты болса, аймақтық органдар кәсіпорын коллективімен бірлесе отырып шешімін табуы қажет, өйткені жергілікті әкімшілік құқығы нақты экономикалық мүмкіндіктермен сәйкестенуі тиіс.
Аймақтық саясат механизмдерін жүзеге асыру, соның ішінде әлеуметтік -экономикалық ұдайы өндірістің қоршаған ортамен тепе теңдігінің бұзыуына байланысты, экологиялық қауіпті аймақтарға арнайы мемлекеттік бағдарламалар жасап нақты аймақтардың дамуының өзекті проблемалары шешімін табуы қажет [3] .
Шағын және орта қалалардың өркендеуі екі - үш өндірістік кәсіпорындардың қызметіне тәуелді болады. Жалпы жағдайдың экономикалық тоқырауы, инфляцияның күшеюі, шаруашылық қатынастардың үзілуі, көптеген шикізат пен өндіріс түрлерінің сұранысының төмендеуі кәсіпорындардың жұмысын тоқтатуына алып келді. Бұның әсерінен қала және ауылды аймақтарда жұмыссыздықтың белең алуына, жоғары кадрларымыздың басқа елге кетіп қалуына, жергілікті халықтың тұрмысының төмендеуіне алып келді[4] .
Қазақстан Республикасының болашақтағы әлеуметтік-экономикалық өсуі, оның аймақтарының дамуымен байланысты. Сондықтан экономикалық механизм келесілермен қалыптасу керек:
- аймақ - мемлекет экономикасын тікелей және жанама ресурстары, ғылыми- техникалық, қаржы-несиелік, несие және әлеуметтік байланысы дамыған біртұтас бөлігі болуы тиіс;
- бұл жерде ұдайы өндіріс пен еңбек ресурстары, қаржылай айналыммен ұлттық байлықтың жартысы, үйлестіру, айырбастау, тұтынушылар өндірісі іске асады ;
- басқару органдарының біріккен әрекеті, территориялық өндірісітің дамуына орындаушы органдардың бірігуіне әкеледі ;
- аймақтың табиғи құзіретіне жоспарлау, қаржыландыру, несиелеу, ақшалай айналыммен еңбек ресурстарын жетілдіру жатады.
Әлеуметтік тұрмыс инфрақұрылымның дамуына кәсіпорын мен бірлестіктердің еңбек ресурстарының төлем ролін күшейтуге тырысады. Эквивалентті байланыстардың барлық экономикалық жүйе түйіндерімен қамтамассыз етуі, нарықтық жүйенің экономикалық механизмде талап етуі болады [5] . Экономикалық жүйелерді зерттеуді аймақтық басқару мен жоспарлау келесідей жағдайларда жүргізіледі:
- кәсіпорын - аймақтың басты экономикалық көзі болып табылады. Кәсіпкерлік қызметнің заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Осыдан келіп территориялық басқарудың міндетті шаруашылық және өндіріс-технологиялық даму шартына араласпауы аймақтық кәсіпорындардың әлеуметтік- экономикалық кешенді дамуын ынталандырады.
- облыс, қала, аудандардағы шаруашылық субъектілердің есеп принціпі мен экономикалық есептертің эквивалентті негізін басқару органдары мен жалпы қатынас.
- жергілікті бюджеттің қалыптасуы кәсіпорын мен ұйымдардың жұмысының тиімділігіне байланысты .
Ұйымдық құрылым - шаруашылықтың өзін-өзі басқаруы жаңа әдістеріне, ғылыми-техникалық прогресске сәйкес жүргізілуі керек.
Аймақтық жоспар алдындағы зерттеулерді жүргізудің басты мақсаты әлеуметтік - экономикалық дамудың комплексті жоспарының ғылыми деңгейін арттыру жатады [6] . Жоспар алдындағы зертеулер маңызды әлеуметтік-экономикалық және аймақтың дамуының ғылыми-техникалық мәселелерін анықтауы қажет. Аймақтың әлеуметтік - экономикалық даму перспективасын негіздеуге:
- аймақтың дамуының мүмкін болатын қарқыны, деңгейі мен құрлымдық алға жылжуының мақсатты бағытын анықтау қажет;
- аймақтың ресурсты потенциалын және әлеуметтік-экономикалық дамуын ұзақ мерзімді мақсатына қол жеткізідегі ролін бағалау;
- арнайы бағдарламаларды дайындауды қажет ететін ғылыми -техникалық, әлеуметтік - экономикалық басқа да әлеуметтік мәселерді анықтау қажет;
- табиғи ресурстарды пайдалану бағыттары мен жағымсыз құбылыстардың алдын алу тәсілдерін дайындау жатады.
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық жоспарын жүзеге асыру барысында мына төмендегі міндеттерді орындау қажеттілігін қарастырылады:
- өндіріс пен көмекші салалардың, қызмет көрсету, маманданған салалардың өзара байланысты дамуы негізінде жалпы мемлекеттік деңгейден міндеттерді шешуге аймақтың қатысуын қамтамассыз ету;
- өндірістік қорлар, еңбек, су, жер және басқа да жергілікті ресурстарды тиімді пайдалану;
- барлық кәсіпорындардың, ұйымдардың және фирмалардың тиімді жұмыс істеуі үшін мемлекеттік реттеу мен әлеуметтік қатынастар негізінде жағдай жасау;
- аймақтық халқының өмір сүру жағдайын тұрақты түрде жақсарту, олардың әлеуметтік - мәдени, тұрмыстық және басқа да қызмет көрсету түрлерімен қамтамассыз ету;
- меншік формасына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қоршаған ортаны қорғау мен сыртқы экономикалық қызметтің жоспарларын байыту.
Қазақстан аймақтары нарықтық экономикаға көшу кезеңінде дағдарысқа ұшырады. Аймақтардың дамуының алғы шарттарын талдай отырып, олардың арасындағы әлеуметтік-экономикалық айырмашылықтары анықталды. Қазақстан аймақтарының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіндегі айырмашылықтары әр бір аймақтардың қарқынына қана емес, сонымен қатар, оларды жеке реформалауға маңызды әсерін тигізеді.
Нарықтық экономикаға өту процесі, негізінен, Қазақстанның экономикалық кеңістігінің біріңғай еместігінен және аймақтарының нарықтық жағдайға бейімделу мүмкіншіліктерінің біршама өзгеше болмағандығынан ұзаққа созылғандығын атап өткен орынды. Аймақтық мәселелердің көбеюіне және оның өсуіне мына процестер [7] әсер етті:
- жаңа саяси және экономикалық кеңістікті құру;
- әкімшілік-жоспарлық экономикадан тұрақсыз мемлекеттік реттеуімен экономиканың нарық түріне өту;
- экономикалық дағдарыс;
- өзгеше инфрақұрылымымен, өндірісімен, гуманитарлық мәселелерімен жаңа шекаралық аймақтардың пайда болуы.
Мемлекет үшін аймақтық дамудың маңыздысы объективті жағдайларға байланысты. Қазақстанда ішкі территориялық жүйенің күрделілігі әлеуметтік-экономикалық, табиғи-географиялық және демографиялық жүйелердің күрделілігімен, аймақтың жағдайлары және ерекшеліктерінің әр түрлілігімен анықталады.
Аймақтық “модельдік” сапасы бұл кезеңде қалыптасуы мүмкін[8] . Олар:
- диверсифицировалық және қаржылық сектордың өсуі;
экспорттық шамада: шикізат, металлургия және темір - жол салаларының дамуы;
- қаржысы мықты аймақтарда ірі кәсіпорындарда ереже ретінде экологиялық реформаны курсқа алынуы;
- мемлекеттің бай табиғи ресурстарын дербес экономиканың федералді ортаға жеткізілуі;
- саясатта шығарылған “жұмсақ” нарыққа өтуі;
- дағдарысты аймақтардың жеңіл өнеркәсіп немесе машина жасауға мамандандырылуы;
- экономикалық әлсіз дамуда агралық немесе шет аймақтардың, - федералды бюджетке тәуелділігі;
Академик Н. Н. Некрасовтың, 70 жылдары айтылған, аймақтық математикалық - экономикалық моделі мынадай жағдайда қалыптасуы мүмкін екен.
- әлеуметтік - экономикалық аспектілер әрбір нақты аймақта негізгі бөлік ретніде қарастырылса;
- аймақта шаруашылықтың тиімді жақтарын жасау және территорияның экономикалық пропорциясы сақталса.
Аймақтың әр түрлі әлеуметтік - экономикалық жағдайы [9] екі факторға бөлінеді. 1. Обьективті (аймақтың даму үшін мамандықты жеке шаруашылық құрылымды, экономикалық - географиялық жағдайларды және басқаларын үйрету болып табылады. ) 2. Субьективті (саяси үкіметтің барлық аймақпен қарым - қатынасы, тұрғындардың кәсіпкерлік белсенділігі, реформалуаға кері әсері немесе көмектесуі, миграция, топтарының өзгеруі және басқалары жатады) . Дәл бағытталған субьективті факторлардың маңыздылығының әсерінен жылдамдығы анықталып өлшенеді және обьективті тенденцияның өзгерістері. Бұл жағдайдың индекаторы, обьективті факторлардың түрлері, индекатордың сапасы жоғары тәртіпте қарым - қатынастарға индекатордың субьективті факторы қатысады. Сол үшін аймақтық даму тенденциясын алдын - ала болжау және түсіну, қажеттіліктерді анықтау заңдылықтарымен байланысты және мәліметтерге индекатор көлемді әсер етеді.
Аймақтық экономиканың субьектісі, аймақтың ұдайы өндіріс процесінің мемлекеттік кәсіпорындарда және ұйымдарда, акционерлік қоғамда, кәсіпорын арендасында, кооперативтік серіктестіктерде, жеке фирмаларда, аралас кәсіпорындарда, үй шаруашылығында және тағы басқаларының да қатысы бар. Орташа субьектитті аймақтық экономикасында - территориялық тұрғындардың, - елді мекенді социоэтикалық барлық адамдардың, үй шаруашылығы маңызды қызмет атқарады.
Субьективті нарықтық инфроқұрылымдарда аймақта: коммерциялық банктер, биржалар, сақтандыру компаниялары немесе ұйымдары, инженерлер консалтингтер, аудитерліктер фирмалар, жарнамалық агенствалар және басқа да ұйымдар бар. Олардың да өз маңыздылығы сөзсіз. Сондықтан, аймақ экономикасының қай - қайсысы болмасын саласының өзіндік қажеттілігі, атқаратын маңызды қызметі болары сөзсіз.
Аймақтық экономика - бұл әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық жүйелерге және тенденцияларға терең талдау жасау арқылы мүмкін болатын әдістер мен көзқарастардың жүйесі.
Аймақтық экономика - аймақтың өндірістік потенциалы, оның табиғи ресурстарын біліп, ескермей даму мүмкін емес. Демографияға, еңбек ресурстарына, әлемдік шаруашылықта Қазақстанның алатын орны, еліміздің аймақтарындағы экономикалық даму қарқыны, ерекшеліктері - бәрі ескеріліп, талдау жасалынып дұрыс шешімдер қабылдануына үлкен әсерін тигізеді. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму барысында аймақтардың және олардың билік ететін органдарының ролі арта түсуі тиіс.
Экономикалық даму жағынан артта қалған аймақтар мен дағдарысқа ұшыраған шағын және орта қалалар, алыстағы селолық аудандардың дамуын жеделдету үшін салық, кеден және тағы басқа тәртіптеріне жеңілдіктер енгізу қажет.
Аймақтық экономика территориялық дамумен тікелей байланысқан мынадай режимде аймақтық жүйеде жұмыс істеумен хабардар етеді: халық өмірінің саласы және позитивтік динамикалық өлшемде, әлеуметтік ұдайы өндірісті байланыстыруды тұрақты қамтамасыз етеді, шаруашылықта ресурста және экологиялық потенциялды территорияда соңғы терминдермен түсіндіреді.
Тұтастай алсақ аймақ, ол - жалпы табиғи - ресурстарды пайдаланумен әлеуметтік салалардың пропорционалды байланыстылығымен, ішкі аймақтарда және аймақаралық өндірістегі технологиялық байланыстардың орнықты құрылуымен, көпшілік көрнекті түрде анықталуымен аймақталатын территориялық бірлестік.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz