Аймақтың инвестициялық тартымдылығын бағалау мен мемлекеттік реттеу



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Аймақтың инвестициялық тартымдылығын бағалау мен мемлекеттік реттеудің әдістемелік шешімдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2. Оңтүстік Қазақстан облысының қазіргі кезеңдегі инвестициялық тартымдылығын бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
3. Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасына шетелдік инвестицияларды тартудың тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Соңғы уақытта инвестициялық тартымдылықты талдау белсенді ғылыми зерттеулердің объектісі болып табылады. Инвестициялық тартымдылықтың кешенді талдауын әдістемелік қамтамасыз ету мәселесі теориялық қана емес, тәжірибелікте қызығушылық танытады. Сәйкес әдістемелік тәсілдерді жасау аймақтың даму бағыттары және нәтижелерін бағалау және қажетті реттеу шаралары бойынша ұсыныстар жасау үшін керек. Алайда аймақтағы инвестициялық ортаның жағымдылық дәрежесін бағалау мәселелеріне арналған еңбектерде бірқатар маңызды мәселелер шешілмегендігін айту керек, дәлірек:
– аймақтың инвестициялық тартымдылығын талдау мен болжаудың әдістемелік ережелерін ғылыми негіздеу;
– аймақтың инвестициялық тартымдылығының интегралдық ағымдық және болжамдық бағасының деңгейін тұтас әдістеме негізінде есептеу;
– жоғарыда аталған әдістемені пайдалану үшін қабылданатын негіздік нышанды анықтау.
1. «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері». Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Егемен Қазақстан, 2010 жыл 31 қаңтар.
2. www.goverment.kz Қазақстан Республикасы Үкіметінің сайты
3. «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. Егемен Қазақстан, 2003 жыл 11 қаңтар.
4. Игонина Л. Л. Инвестиции: Учеб./ Л. Л. Игонина; Под ред. В. А. Слепова. - М.: Юристъ, 2002. - 480 с.
5.Марголин А.М. Методы государственного регулирования процесса преодоления инвестиционного кризиса в реальном секторе. –М.; Дело, 1998.
6. Управление инвестиционной активностью/ Ю. П. Анискин, А. Ю. Бударов, А. Н. Попов, В. В. Привалов; Под ред. Ю. П. Анискина. - М.: ИКФ "Омега-Л", 2002. - 272 с
7. Игошин Н. В. Инвестиции. Организация управления и финансирование: Учебник для вузов/ Н. В. Игошин. - М.: Финансы; ЮНИТИ, 2000. - 413 с
8. Ревинский И. А. Инвестиционный бизнес: мировой опыт: Учебное пособие/ И. А. Ревинский. - Новосибирск: Изд-во Новосибирского ун-та, 2000. - 437 с
9. Шахназаров А. Ройзман И. Инвестиционная привлекательность регионов. // Инвестиции в России, N9, 1996.
10. «Сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
11. «Сыртқы қарыз алу мен басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
12. «Шетел инвестициялары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 1994 жыл 27 желтоқсан.
13. «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 1997 жыл 28 ақпан.
14. «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 2004 жыл.
15.«Қазақстан Республикасындағы инвистициялық қорлар туралы» Заңы.
16. Қ.Р.Ұлттық статистикалық агенттігінің статистика жинақтамасы 2011 ж.
17. Мәжитов Д. Ақша айналысы – экономиканың айнасы //Егемен Қазақстан.- 2007.-№127.- 6б.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.Аймақтың инвестициялық тартымдылығын бағалау мен мемлекеттік реттеудің әдістемелік шешімдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2. Оңтүстік Қазақстан облысының қазіргі кезеңдегі инвестициялық тартымдылығын бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
3. Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасына шетелдік инвестицияларды тартудың тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

Кіріспе
Соңғы уақытта инвестициялық тартымдылықты талдау белсенді ғылыми зерттеулердің объектісі болып табылады. Инвестициялық тартымдылықтың кешенді талдауын әдістемелік қамтамасыз ету мәселесі теориялық қана емес, тәжірибелікте қызығушылық танытады. Сәйкес әдістемелік тәсілдерді жасау аймақтың даму бағыттары және нәтижелерін бағалау және қажетті реттеу шаралары бойынша ұсыныстар жасау үшін керек. Алайда аймақтағы инвестициялық ортаның жағымдылық дәрежесін бағалау мәселелеріне арналған еңбектерде бірқатар маңызды мәселелер шешілмегендігін айту керек, дәлірек:
- аймақтың инвестициялық тартымдылығын талдау мен болжаудың әдістемелік ережелерін ғылыми негіздеу;
- аймақтың инвестициялық тартымдылығының интегралдық ағымдық және болжамдық бағасының деңгейін тұтас әдістеме негізінде есептеу;
- жоғарыда аталған әдістемені пайдалану үшін қабылданатын негіздік нышанды анықтау.
Жаңа әдістемелер мен оларды қолдану нәтижелерін егжей-тегжейлі салыстырмалы талдау аймақтардағы инвестициялық жағдайды зерттеу мен бағалауда соңғы жылдары жеткен нақты позитивті қозғалыстар бар екендігін көрсетті. Сонымен қатар жобалардың көбісіне тән бірқатар әдістемелік кемшіліктер салдарынан алынған нәтижелер жеткілікті сенімді болмады.
Атап айтар болсақ, көптеген әдістемелерді аймақтық инвестициялық ортаның сапасын анықтауда көбінесе қарастырылған факторлардың әр біріне сараптамалық ұпайлық бағалар таңдалады. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, сараптамалық ұпайлық бағалар амалсыз субъективті болып табылады. Олар әдетте аймақтық сипаттамалардың нақты шашырауын жасырады немесе қысады. Көбірек тараған келесі әдіс - статисткалық (сараптамалық емес) ұпайлық бағалар. Ол жиі қандайда бір шкала бойынша статистикалық көрсеткіштің сандық мәнін ұпайлық бағаға келтіруді пайдалану арқылы қолданылады. Бұл әдіс те алдын ала берілген ұпайлық баға ауқымы себепті немесе шекті санды деректерді бөлу аралықтарын пайдалану мүмкіндігі себепті аймақтар бойынша статистикалық көрсеткіштердің дифференциялану дәрежесін көрсете алмайды. Іс жүзінде екі әдіс те субъективті сипаттамалардан тәуелді. Сәйкес деректердің нақты шашырауын елемейді.
Әрине статистикалық өлшемге берілмейтін, кейбір белгілер үшін (мысалы аймақтың географиялық жағдайын бағалау үшін) сараптамалық ұпайлық бағаларды қолдану аса қажеттілік болып табылады. Бірақ мұндай белгілер көп емес, және олар басты рөлді атқармайды. Үлкен объективтілікке орай, басты рөлді нақты мемлекеттік статистика деректері және инвестициялық маңызды экономикалық, әлеуметтік және табиғи-географиялық аймақтық көрсеткіштер бойынша сандық сипаттамалар атқару керек.
Кең қолданылатын жеке көрсеткіштері интегралдық көрсеткішке келтіру әдістері, яғни ұпай сомасы және тәртіптік орындар сомасы әдістерінде де айтарлықтай кемшіліктер бар.
Нәтижесінде, аталған әдістемелердің көбісін қолдану, біріншіден, бірқатар көп еңбек және қымбат сараптама жүргізуді талап етеді, екіншіден - әдістеме объективтіліктің шамалы болуы себепті алынған нәтижелердің бірнақтылығына көз жеткізу мүмкіндігін бермейді.
Инвестиция барлық қоғамда да экономиканы нығайтудың негізі болып табылады. Сондықтан да, оны тиімді пайдалану жолдарын анықтау және қосымша көздерін ашу - еліміздің қазіргі даму сатысындағы басты міндет. Осы міндетті шешу үшін республикамызда ғылыми тұрғыдан негізделген инвестициялық саясат жүзеге асырылуы керек. Ол халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал қорын жасауға бағытталғаны жөн. Инвестициялық саясат негізделген болуы үшін қаржыны тиімді пайдалануды, қоғамдық өндірісте тепе-теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын анықтау керек.
Экономиканы дамытуда ішкі және аймақтық нарықтың тұрақтылығы өте маңызды рөл атқарады. Инвесторлар оның өсуіне жағдай жасау үшін өз елімізде сапалы тауарлар шығарып, оны шетелдік тауарлармен бәсекелестік дәрежесіне дейін көтеру керек. Бұл бағыттағы басты міндет - отандық тауарладың сапасын жақсартып қана қоймай, оларды өндіруге кететін шығындарды азайтып, бағасын төмендету. Егер отандық тауарлар шетелдік тауарларынан арзан, әрі сапалы болса, халықтың өзіміздің тауарды алуға ұмтылатыны белгілі.
Сырттан қаржы ресурстарын тарту макроэкономикалық тұрақтану кезеңінде де мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып қала береді. Өйткені ішкі қаражат қорларының жеткіліксіздігі әлі де болса еліміздің экономикасының өзіндік ерекше сипаты болып табылады. Сондықтан да үкіметіміздің жоғарыда аталғандай ел экономикасын дамыту кепілдіктерін іздестіруі және оларды іске қосуға талпыныс жасауы уақыт талабынан туындаған заңды құбылыс саналса керек.
Жалпы Қазақстанда инвестициялық саясаттың қалыптасуы мен дамуы ел экономикасында үлкен маңызға ие. Бұл саясатты қалыптастыру қалдықсыз технологияларды кеңінен ендіре отырып, елдің табиғи ресурстарын тиімді игеру мүдделеріне де негізделеді және маңызды инновациялық үрдістерді ынталандыру, реттеу, ал жеке жағдайда жаңа енгізілімге тікелей қатысу өндірістің дамуы мен қоғамға маңызды өнім тұтынуда және қызмет көрсетуде үлкен маңызы бар. Тиімді инвестициялар жаңа жоғары пайдалы өнімді өндіруді болжайды және капиталдың қорлану қарқынын қалыптастырады. Технологиялық инвестициялар табиғи және сапалық ескірген техникаларды алмастыруға ынтагерлік білдіреді, қуаттылығын көбейту, өндіріс шығындарын азайту және нарықтағы өнімнің бәсекеге жарамдылығын арттыру. Меншікті инвестициялық қаржылардың көздері амортизация мен бөлінбеген пайда болып саналады. Инвестицияның бұл көздерінің мүмкіндігі, сипаты, ауқымы мемлекеттің экономикалық тактикасымен анықталады.
Сонымен қатар, бұл саясат республиканың экспорттық әлеуетін арттыру, яғни шетелдерге барлық жағынан әлемдік стандарттарға сәйкес келетін дайын өнім шығаруға мүмкіндік беруі қажет. Біз инвестициялық жағдайымызды жоғарғы қарқында дамыту үшін ең бірінші кезекте шетел тәжірибесін қолдануымыз керек. Сондай-ақ, инвестициялық климатты жақсартумен шетелдік және отандық инвесторларды экономикаға тарту үшін мынанадай шарттар бекітілген болатын: республика деңгейінде бақылау үшін арнайы банктік шоттарды амортизациялық шегерімдерді орналасатыру бойынша талаптарды шешу, халық жинақтарын міндетті сақтандыру жүйесіне бекіту болып табылады. Халықтың банктік жүйеге сенімін арттыру шараларын жүргізу арқылы ішкі жинақ әлеуетін жүзеге асыру; үкімет деңгейінде ұлттық мүддені сақтау; әрі қарайғы экономикалық даму мен ынтымақтастық үшін нақты секторды несиелеу аясында коммерциялық банктерге өзінің белсенділігін арттырудың жарамды тәсілдерін табу қажет.
Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы отандық және шет елдік инвестициялардың қаншалықты көп болуымен байланысты болып келеді. Елімізде шет елдік инвестицияларды тартуға бағдарлану негізгі бағытқа айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды талап етеді. Қазақстанда ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуды жандандыру үшін институттық және нормативтік-құқықтық алғышарттар жасалды. Мәселен, мамандандырылған өкілетті орган және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі пайда болды. Инвестициялар туралы заңдар қабылданды, инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы, қосарланған салық салуды болдырмау туралы бірқатар үкіметаралық келісімдер жасалды.

1. Аймақтың инвестициялық тартымдылығын бағалау мен мемлекеттік реттеудің әдістемелік шешімдері
Аймақтағы инвестициялық процестерді сипаттайтын ортақ түсінік оның инвестициялық ортасы болып табылады. Аймақтық инвестициялық орта бірнеше жылда қалыптасқан осы аймақтың негізгі капиталына инвестиция тарту көлемін анықтайтын, түрлі әлеуметтік, экологиялық, саяси және т.б. жағдайлар жиынтығын танытады. Ол 2 бөліктен тұрады - аймақтың инвестициялық тартымдылығы және ондағы инвестициялық белсенділік.
Аймақтық инвестициялық ортасының негізгі құрылымдық элементтері мен олардың арасындағы өзара байланыс 1-қосымшада көрсетілген.
Аймақтық инвестициялық ортасының тартымдылық дәрежесінің сандық бағаларына қолданылатын әдістің басты ерекшелігі - инвестициялық тартымдылық пен белсенділікті өзара байланыста қарастыру болып табылады. Олардың арасындағы себеп-салдарлық байланыс: инвестициялық тартымдылық-жалпыланған факторлардың белгісі (тәуелсіз өзгеріп), ал аймақтағы инвестициялық белсенділік - нәтижелердің белгісі (тәуелді өзгергіштер) болып табылады. Басқаша айтқанда инвестициялық тартымдылық дәлел (Х), ал инвестициялық белсенділік - инвестициялық тартымдылықтың нәтижесі (Х). Екі көрсеткіштің өзара қатынасы келесі функцияның туындауына әкеледі: Y=F(х).
Аймақтағы инвестициялық белсенділік (аймақтық инвестициялық белсенділік) аймақтың негізгі капиталына инвестицияны тарту қарқыны болып табылады. Ол нақтылық, оның ішінде ағымдық (яғни соңғы есептік кезең үшін) және анықталуы көкейкесті мәселе болатын, болжамдық болуы мүмкін. Ол кешенді (интегралдық) көрсеткіштермен өлшенеді.
Аймақтың инвестициялық тартымдылығы аймақтың негізгі капиталына инвестицияларды тарту қарқынын негіздейтін, түрлі объективті белгілер, құралдар, мүмкіндіктер мен шектер жиынтығы болып табылады. Талдаудың, басқарудың және болжамдаудың уақытына, кеңістігіне орай аймақтың инвестициялық тартымдылығы нақтылық ағымдық және болжамдық болып бөлінеді. Оларды анықтаудың негізгі әдістемелік жағдайлары бірыңғай болып табылады.
Аймақтың инвестициялық тартымдылығы өз кезегінде екі кешенді факторлардан құралады: инвестициялық мүмкіндік және инвестициялық тәуекелдер.
Осы ғылыми-зерттеуде аймақтық мүмкіндік туралы түсінікке анықтама беру үшін оның негізгі құрауыштарын қарастыру қажет.
Мүмкіндік (потенциал) сөзі кең мағынада, былай айтылуы мүмкін: әрекетке келтірілуі мүмкін болған және қандайда бір мәселені шешу үшін қолданылатын, нақты мақсатқа жеткізуші қайнарлар, мүмкіндіктер, құралдар, қорлар.
Тар мағынада мүмкіндікті ғылыми әдебиетте бір салада мүмкіндік ретінде, бір қатынаста қуат дәрежесі ретінде қолданылады.
Экономикалық меже ретінде мүмкіндік былайша талқылану мүмкін: белгілі бір уақытта толық немесе салыстырмалы артықшылығы бар болатын қызмет пен өндірістің түрлеріне мамандалуға парыз субъектілерінің мүмкіндіктері мен дайындығы.
Осылайша инвестициялық мүмкіндік категориясы пайда алу мақсатымен немесе басқа шаруашылық нәтижелерге жету үшін ұзақ қолданыс активтеріне, соның ішінде құнды қағаздарға қаражат салу мүмкіндігінің дәрежесін көрсетеді.
Дегенмен, бұл термин осындай талқымен шектелмейді. Осылайша, әсіресе, кейбір авторлар инвестициялық мүмкіндікті - қолдануда синергизм әсерін алуға мүмкіндігін беретін, инвестициялық қорлардың белгілі бір түрде ретке келтірілген жиынтығы деп түсінеді.
Бұл анықтама менеджмент пен ұйымдастыру теориясы шегінде қарастырылатын, синергизм түсінігін анықтаудан шығады. Дегенмен, ол жағдайды ашпайды, себебі синергетикалық әсердің сандық өлшемі әлі жасалмағандықтан инвестициялық ресурстардың тәртіптелген жиынтығын анықтау мүмкін емес.
Ф.С.Тумусов ұсынған, аймақтың инвестициялық мүмкіндігін қалыптастыру мен іске асыруды талдау тәсілдері назарға алыну керек. Автор капиталды ұдайы, өндірістің материалдық, қаржылық және санаткерлік қажеттіліктерінің қанағаттандыруын қамтамасыз ететін нақты инвестициялық сұранысқа айналу мүмкінідігі бар және қабілетті, ықтимал инвестициялық сұраныс түрінде инвестициялық нарыққа ұсынылған жинақталған капитал бөлігін құрайтын инвестициялық ресурстардың жиынтығы ретінде инвестициялық мүмкіндікке өз түсінігін береді.
Біздің көзқарасымызша, аймақтың инвестициялық мүмкіндігі нақты аумақта орналасқан, қолданылуы барысында күтілген әсерді алуға жағдай жасайтын, инвестициялық ресурстардың қарапайым емес, тәртіптелген жиынтығы.
Екінші жағынан аймақтық инвестициялық мүмкіндікті аумақтағы өндірістің негізгі құралдары түсінігімен ұқсастыру қатерлік болар еді. Біз инвестициялық мүмкіндік терминін алдында жинақталған негізгі қаражатқа біршама жанама тәуелді болғанымен, бұл тәуелділік тікелей анықталмайтын болашақтағы ықтимал салымдарды сипаттау үшін қолдандық.
Осылайша аймақтық инвестициялық мүмкіндік категориясы ретінде тұрақсыз ресурстары бар шаруашылық субъектілерге уақыт аралығында тұрақты экономикалық кірісті қамтамасыз ете алатын қабілетті беретін және еңбектің капиталдық жасақталуын арттыра алатын салалық тұрақсыз ресурстардың жиынтық мүмкіндігін түсінеміз.
Аймақтық инвестициялық мүмкіндіктің жоғарыда келтірілген түсініктерін қорыта келгенде, біздің ойымызша оның барынша нақты мағынасы мынадай: аймақтың инвестициялық мүмкіндігі - бұл жағымды инвестициялық орта жаратылған жағдайда аймақтың әлеуметтік-экономикалық саясатымен анықталған мақсаттар мен көлемдерде инвестициялық қызметті қамтамасыз ете алатын өзіндік және аймаққа тартылған экономикалық ресурстардың жиынтық мүмкіндігі.
Инвесторлардың қалауына көбірек әсер ететін бір қатар факторларды бөліп көрсетейік. Осылай, аймақтың инвестициялық мүмкіндігін бағалау үшін мынадай маңызды факторлар бар:
- шикізаттық ресурстар;
- өндірістік (аймақтағы шаруашылық қызметтің жиынтық нәтижесі);
- тұтынушылық (аймақ халқының жиынтық сатып алу қабілеті);
- институционалдық (нарықтық экономикалық институттардың даму деңгейі көрсеткіші);
- инновациялық (аймаққа ғылыми техникалық прогресс жетістіктерін енгізу деңгейі).
Инвестициялық тәуекел инвестициялық ортаның ең маңызды құрамдастарының бірі. Ол инвестицияның шығыны мен пайда мүмкіндігін сипаттап, бұл корпорацияға, салаға, аймаққа немесе елге неліктен инвестиция салмау керектігін көрсетеді.
Инвестициялық аймақ тартымдылығы қарқынды инвестициялық қызмет үшін анықтаушы шарт болып табылады, одан басқа аймақтағы инвестициялық қызмет тәуекелдерінің келесі түрлерімен түйіндеседі: қаржылық; экономикалық; әлеуметтік; экологиялық; құқықтық; ақпараттық.
Жоғарыда аталғандай тәуекелдер үлкен кірістің талап ету негізі, яғни инвестицияланатын қорлар көлемін айтарлықтай төмендетеді.
Аймақтағы қаржылық тәуекелдер аймақ пен республикалық бюджет арасындағы қарыз балансымен қатар, аймақтық кәсіпорындардың өзара қарыздарымен сипатталады. Аймақтағы қаржылық тәуекелдерді талдауда негізгі назар мына факторларға бөлінуі керек:
- аймақтың қаржылық дәрежесі;
- жалпы аймақтық өнім;
- инвесторларға қаржылық кепілдіктердің болуы және т.б.
Аймақтық экономикалық тәуекелдер ең алдымен, аймақтық экономиканың құрылымымен анықталады. Бұл тәуекелдерді талдауда мына факторларды қолдануға болады:
- табыссыз кәсіпорындардың үлестік салмағы;
- тұтыну себетінің құнының өсу индексі;
- жалпы ұлттық өнімде аймақтың үлесі және басқалар.
Аймақтық әлеуметтік тәуекелдер өнеркәсіпті өндіріс орындарын құру мен дамыту арқылы жаңа жұмыс күшін тартумен мүмкіндігін анықтайды. Бұған байланысты әлеуметтік тәуекелдерді бағалауда қолданылатын факторлар:
- баспана мен әлеуметтік инфрақұрылымның болуы;
- халықтың табыс деңгейі;
- аймақтағы еңбек нарығының жағдайы;
-аймақтағы денсаулық сақтау саласының жағдайы мен медициналық қызмет көрсету деңгейі;
- демографиялық пен экологиялық ахуал және басқалар.
Ақпараттық тәуекелдер жоғарыда аталған барлық тәуекел түрлеріне еніп және аймақтағы инвестициялық қызметтің ақпараттық механизмі мен ақпарат жүйесінің даму деңгейіне тәуелді.
Дегенмен, жеке түрлер бойынша инвестициялық тәуекелдері бағалау нығайған тәуекелдің анықсыздығын кеңейтеді. Біздің пікірімізше аймақтағы инвестициялық тәуекелді бағалауда инвестициялық бағдарламаны іске асырудан инвестордың ықтимал шығындары деңгейі бойынша нығайған инвестициялық тәуекелді бағалау балама болып табылады.
Егер инвестициялық тәуекел деп қауіпті шешімді іске асыру нәтижесінде туындауы мүмкін инвесторлардың материалдық және басқа шығындық ықтимал қаупін түсінсек, онда тәуекелді бағалауда онық 3 деңгейін бөліп қарастыруға болады:
- инвестордың пайда көлемінің төмендеуіне әкелетін мүмкін тәуекел;
- инвестордың күрделі шығындалуына әкелетін шектік тәуекел;
- инвестордың толық қаржылық құлдырауына әкелуі мүмкін алапат тәуекел.
Тәуекел дәрежесінің межесі болып инвестордың инвестициялық бағдарламаны іске асырудағы шығын деңгейі табылады. Егер болжамдалатын шығындар жоспарланған пайдадан аспаса, онда тәуекел орынды болып табылады, егер болжамдалған шығындар есептелген пайдадан асса, онда ол шектік тәуекел. Ал ықтимал шығындар инвестордың инвестициялық мүмкіндігінен асқан жағдайда, тәуекел алапат болып табылады.
Осылайша, инвестициялық тәуекел инвестициялық бағдарлама тиімділігінің негізгі факторларының бірі болғандықтан, оны есептеу қажетті шара болып табылады. Инвестициялық бағдарлама бойынша тәуекелді айтарлықтай объективті бағалауға мүмкіндік беретін, бірқатар арнайы әдістер бар. Мұндай әдістердің барлығын үш топқа біріктіруге болады.
1. Ықтималдық талдау (оның мәні бойынша, бастапқы деректердің өлшемінің әр бірі үшін мысалы, тауарды сатудан пайда үшін, мәндер ықтималдығының қисығы құралады. Одан әрі талдау орташа өлшенген көлемдерді анықтау мен қолдану тәсілі мен, немесе келтірілген көлемдердің әрбір ықтимал үйлесімі бойынша есептер жүргізу мен ықтималдау ағашын құру тәсілімен жүреді. Мұндай талдау жобаны іске асырудың әрбір сатысы үшін жүргізіле алады).
2.Шектік нүктелерді есептеу (әдетте, шығынсыздық нүктелері) нәтижесінде, инвестициялық бағдарламаның корпорацияға зиян жеткізуі мүмкін болған ішкі және сыртқы көрсеткіштерінің шектік мәндері анықталады.
3.Бастапқы деректердің басты өлшеуіштерінің өзгеруіне жобаның сезімталдығын талдау, басқаша айтқанда, бастапқы деректердің түрлі мәнінде (өнімнің сату бағасы, сату көлемі, шығындары мен т.б.) инвестициялық пайдалылығы немесе таза пайданың қалай өзгеретіндігі зерттелінеді.
Жоғарыда айтылған әдістердің барлығы бастапқы ақпаратқа тәуелді. Мұндағы дәстүрлі әдістердің басты кемшілігі - аймақтың инвестициялық тартымдылығы мен туындайтын тәуекел белсенді өзгерістер мүмкіндігін ескермейтін, дерек ретінде қарастырылады. Аталған фактор мен тәуекелдерді талдау мүмкіндіктердің айтарлықтай шектеленетінін көрсетеді. Мұны дәлелдейтін авторлардың қорытындысы бойынша аумақтың инфрақұрылымдық игерілуі, инвестициялық мүмкіндік пен халықтың ақыл ой мүмкіндігі секілді шаруашылық әрекеттің процесінде жинақталған факторлар инвестициялық мүмкіндіктің дамуына үлкен үлес қосады.
Аймақтағы инвестициялық мүмкіндіктердің жеке факторларының тізімі, олардың салмақтық коэффициенттері мен интеграциялану әдісі (аймақтың инвестициялық тартымдылығының деңгейі - интегралды көрсеткіштерді есептеуге жеке факторларды қосуда) бірқатар маңызды шарттарды сақтаумен іріктелініп алынуы керек. Бір жағынан инвестициялық тартымдылықтың барлық ірі бөлшектері ескерілуі керек (қажеттілік пен жетерлік қағидаларын сақтаумен), екіншіден аймақтың инвестициялық тартымдылығының интегралдық көрсеткіштері (х) өзінің нұсқалығымен барынша мүмкін дәрежеде аймақтағы инвестициялық белсенділік көрсеткіштердің нұсқалылығын түсіндіруге болатындай қалыптасуы керек.
Инвестициялық тартымдылықты бағалау әдістемесінің негізделген объективті межесі, біздің ойымызша созылмалылық коэффициенті және корреляция коэффициенті арқылы өлшенетін инвестициялық белсенділік пен инвестициялық тартымдылық арасындағы корреляциялық байланыс тығыздылығының дәрежесі болып табылады. Егер әдістемені қолдану нәтижесінде У=Р(х) регрессиялық теңдігіне қалыпты қателіктің төменгі деңгейімен корреляция коэффициентінің жоғарғы деңгейіне қол жетсе, онда инвестициялық тартымдылықты анықтаудың мұндай әдісі дәлелді деп мойындалуы мүмкін.
Теория жүзінде аймақтың инвестициялық тартымдылығының интегралдық көрсеткішінің құрамына қосуға болатын, жеке факторларының саны шексіз үлкен көлем болып табылады. Дегенмен, жүйелер теориясының бірқатар жағдайларын қолдану негізінде, дәлірек жүйе элементтерінің көп түрлілігі, элементтерінің минимальды жеткіліктігі мен мақсаттық бейінділігі қағидаларының негізінде жеке факторлық белгілер санын инвестицияның маңызды көрсеткіштерінің кішігірім шеңберімен шектеуге болады.
Көптеген факторларды іріктеу ең алдымен сапалық талдау негізінде іске асуы мүмкін. Нәтижесінде, жеке факторлар құрамына аймақтардың түрлі әлеуметтік, саяси, экологиялық және табиғи қорлық сипаттамалары кіреді. Мысалы, өнеркәсіптің өндірістік қарқыны, жылжымалы көлік құралдарымен аймақтың қамтамасыз етілуі, аймақ халқының нарықтық экономиканы қалыптастыру процестеріне қатынасы, экологиялық ластану деңгейі, минералды шикізат қорлары табиғи қорының болуы мен т.б. Мұндай сипаттамаларды есепке алу қажеттігі олардың инвесторлар үшін аса қажеттілігімен түсіндіріледі.
Аймақтың өндірістік - қаржылық мүмкіндігін сипаттайтын инвестициялық тартымдылықтың жеке факторларын іріктеуде әр көрсеткіш факторлық жүктілігін анықтауға мүмкіндік беретін көлемдік әдістерді де қолдануға болады.
Осындай жеке факторлардың әр бірі мен аймақтың инвестициялық белсенділігінің арасындағы байланысты сипаттайтын жұп корреляция коэффициенттерін талдау аймақтың өндірістік - қаржылық мүмкіндігінің аса маңызды факторларын іріктеп алуға мүмкіндік жасайды (мысалы, өнеркәсіптік өндірістің көлемі, шағын кәсіпкерліктің даму деңгейі, бөлшек тауар айналымының көлемі және т.б.).
Аймақтың интегралдық инвестициялық тартымдылығын анықтау үшін инвестициялық маңызды көрсеткіштер құрамы өзгеріссіз қалмай және экономикалық дамудың әр бір кезеңінің ерекшелігіне орай біршама өзгеру керек.
Нәтижесінде деректер көздері бойынша ұсынылатын көрсеткіштер былайша бөлінеді .
Зерттеу мен тәжірибе көрсеткендей инвестиция тарту әдістері мен инвестициялау әдістері және көздері, инвестициялау объектілері арасында тәуелдік бар. Бұл тәуелдіктерді есептеу тиімдірек инвестициялық саясатты таңдауға мүмкіндік береді. Мұнда инвестор бұл сипаттамаларға ғана емес, оларды және аймақтағы басқа қорларды қолдану әдісіне назар аударады. Ол өз кезегінде аймақтың инвестициялық тартымдылық рейтингінің интегралдық сипаттамасын көрсетеді.
Осылайша инвестициялық ортаның жағымдылық дәрежесі бойынша аймақтарды былайша топтауға болады:
1. Аймақтың нарыққа енуінің бастапқы жағдайлары өзгеріс процестеріне септігін тигізетін немесе кедергі жасайтын, реформаларды жүргізудің басында қалыптасқан объективтік және субъективтік алғышарттарды сипаттайды.
2. Жеке аймақтың деңгейінде жүргізілетін реформалардың тактикасы мен стратегиясын бағалау. Оның ішінде аймақты арнайы республикалық қолдау бағыттарын бағалау.
3. Реформалардың нәтижелігі және нарықтық қатынастарға аймақтың бейінделу деңгейі олардың нарықтық өндірістегі орнын, кейінгі қайта түзетулерге дайындық деңгейін, инвестициялық өзгеру болашағын анықтап береді.
Аймақтық инвестициялар - аймақтың әлеуметтік - экономикалық даму деңгейін өмірде теңестіру және мемлекеттің аймақтық процестерді басқару жолы әсерімен халықтың өмір сүру көлемін жоғары деңгейге қамту және аймақтың маманданған шаруашылықтарына тиесілі шетел инвестицияларын тарту. Аймақтардың экономикасын дамытуда, көбіне өндірістік қорлардың тез жаңаруы мүмкіндігінен және осының негізінде өндірістің техникалық жарақтануы - аймақтардың экономикасының құрылымын өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл үшін экономиканың нақты секторына қаржы салуды талап етеді. Соңғы жылдарда инвестициялық процеске талдау жасаудың нәтижесінде Қазақстанның аймақтарында бұл мәселені шешу керек екені анықталған. Соңғы жылдары байқалған ұлттық экономиканың жандануы, оңды макроэкономикалық және әлеуметтік-экономикалық жағдай, экономикадағы құрылымдық реформалар, заңдардың қайта жаңаруы инвестициялық әрекеттің белсенденуіне алып келді.
Республика экономикасының инвестициялық сферасына талдау жасау нәтижесінде инвестициялық белсенділіктің жоғарылағандығы, яғни бұл жетістіктерге экономиканың шикізат секторының тұрақтануы арқылы жеттік, бірақ өңдеу секторында инвестициялық белсенділік әлі де төмен дәрежеде.
Қазақстанның барлық аймақтары инвестицияны тартуды көздеуде, себебі нәтижесінде халықтың тұрмысы жоғарылап, жұмыспен қамтылады, экономикалық инфрақұрылым дамып, бюджет табысы көбейіп, тұтыну нарығы дамып, т.б оңды нәтижелер береді.
Республиканың әр аймағының өзінің шикізаттық, экономикалық, өндірістік және инфрақұрылымында айырмашылықтар болғандықтан, инвестиция тартуда түрлі қиындықтар туындайды. Осыған байланысты, әр аймақтың билік органдары өз аумағына инвестицияларды тартудың, мысалға, келесідей кешенді шараларын ұйымдастыруы тиіс.
- аймақтық деңгейде инвестицияларға мемлекеттік қолдау;
- арнайы экономикалық және техникалық даму зонасын құру;
- инвесторларды ынталандырудың қосымша механизмін ұйымдастыру;
- аймақтың инвенстицияларға тартымдылығы жөнінде жарнама
қызметін ұйымдастыру;
- инвестициялық әрекетке қаржылай көмектесу;
- аймақтағы адам ресурстарының сапасын жоғарылату.
Аймақтық билікпен инвесторларға мемлекеттік қолдау бюджеттік кепілдемелерді беру негізінде жүзеге асырылады. Капитал тартуға қызығушылығы бар аймақтар инвесторларға салған инвестициялық капиталдарын толық немесе оның бір бөлігін бюджеттік көздер негізінде, егер табиғи апаттар болған жағдайда, табыстың ауыстырылуы жүзеге аспаса, ұлттық валютаның алмастырылмайтын жағдайы мен қарастырылмаған жағдайларда қайтарылуы жөнінде кепілдемелер беруі мүмкін.
Сонымен қатар, шетел инвестицияларын сақтандыру жөнінде агенттіктер құрып, ірі инвесторлармен бірлесе отырып, қолайлы инвестициялық климат құру жайлы кеңестер өткізу шараларын ұйымдастырып, заңдылықтардың орындылуын қадағалауы тиіс.
Инвесторларды ынталандырудың арнайы шараларының механизмі -аймақтың бәсеке қабілеттілігін жоғарылату. Мұндай шаралар 3 негізгі топтарға жіктеледі:
* инвестициялардың рентабельділігін жоғарылату;
* инвесторларға тәуекелділік деңгейін төмендету;
* тікелей инвесторларға тәуекелділік деңгейін төмендету.
Е.В.Жуковтың анықтауы бойынша: егер макроэкономикалық мақсаттар бюджеттік шектеуден шығып, инвесторлар мен аймақтың әлеуметтік - экономикалық және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызығушылықтарында теңділік болса, инвестициялық әрекетті ынталандырушы жүйе тиімді деп саналуы мүмкін.
Қатал бәсекелестік жағдайда жетістікке жетудің тағы бір жолы -аймақтың қолайлығы жөнінде жарнама жасау шараларын ұйымдастыру. Қазіргі кезде инвестицияларды тартуда тиімді жағдайларды жасап қою жеткіліксіз, осы жайлы ақпараттың инвесторларға жетіп, оларды қызықтыруы шарт. Мұндай ақпараттарды қоғамдық ұйымдарда, іскерлік ассоциацияларда, сауда өкілдері мен арнайы семинарларда, ғылыми-тәжірибелік конференцияларда, арнайы брошюралар мен статистикалық буклеттер арқылы таратуға болады. Қазіргі кезде ақпаратты таратудың ең тиімді жолы - Интернет желісі болып табылады. Интернет әлемдік іскер ортаның бөлінбес бөлшегіне айналды. Аймақтық әкімшіліктің ақпараттың серверінде аймақтың географиялық жағдайы, аймақтың заңдылықтарының ерекшеліктері, инвестициялық жобаларға әкімшіліктің әсер ету шегімен жұмыстары, аймақтың несиелік рейтингі есебінің нәтежелері, сонымен қатар, аймақтық кәсіпорындар мен инвестицияларды тартуға ұсынған жобалары болуы шарт.Инвестициялық қызметпен айналысатын инвесторларға аймақтық биліктер тарапынан көрсетілетін қаржылық қолдаулар мен көмектер, сөзсіз, аймақтың инвестиция тартудағы бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге айтарлықтай деңгейде септігін тигізеді.
Аймақтық биліктер, әсіресе, экономикалық инфрақұрылым саласындағы ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін сол жобаларға қомақты қаржыны тартуға және тәуекел деңгейін азайтуға мүмкіндік беретін аймақтық, ұлттық және халықаралық корсорциумдарды құруға талпыну қажет.Қазақстанның кейбір аймақтарында аймақтық қаржы-өнеркәсіп топтарын құру үрдісінің жүріп жатқандығы байқалады. Кей жағдайда аталмыш үрдіске аймақтық биліктер тарапынан қолдау көрсетіліп, ықылас танытылып жатыр. Аймақтық кәсіпорындардың белгілі бір бөлігін қаржы-өнеркәсіп топтарына біріктіру - көп салалы өндірістерді басқаруға, инвестициялар ағымын тартуға, қаржы мәмілелерін орталық компанияға шоғырландыруға және коммерциялық қызметті ұштастыруға қолайлы ортаны қалыптастырады. Аймақта қаржы-өнеркәсіп топтарын құру нәтижесінде өндіргіш күштерді жаңалау мен жетілдіру есебінен бәсекеге қабілетті өнім өндіруге мүмкіндік туындайды.
А.Г.Санниковтың пікірінше, қазіргі таңда инвестициялар күннен күнге ақша түрінде емес, технология, патент және ақпарат түрінде күшейіп келеді. Сондықтан, осындай бағыт-бағдарды ескере отырып, аймаққа инвестиция тартудың ең шешуші шарттарының бірі - адам ресурстарының сапасы деуге болады. Осы орайда, адам ресурстарын жетілдіруге Қазақстан-2030 ұзақ мерзімді даму стратегиясында да бірінші кезекте орын берілгенін айта кеткен жөн.
Мұндай инвестиция қаржы тартуда жаңалықтарды қабылдауға қабілетті жұмысшы күшін дайындау мен ұйымдастыру шарттары болған жағдайда ғана жеткілікті дәрежеде тиімді деп есептеледі. Сол себептен, еліміздің әр бір аймағы өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, адам ресурстарын есептеу, жинақтау және дамыту жөніндегі іс-шаралар кешенін белсенді түрде жүзеге асыру қажет. Аталмыш бағдарламаның құрамында аймақтық білім беру, қайта дайындау және жұмысшылардың біліктілігін арттыру жүйелеріне инвестициялық қаражаттарды тарту шаралары да маңызды орынға ие болуы мүмкін. Біздің ойымызша, адам ресурстарын жетілдіру жүйесіне инвестиция тарту - аймақтық инвестициялық саясаттың тиімді де табысты жүзеге асуының маңызды шарты болып табылады.
Қазіргі таңдағы мемлекетіміз бен аймақтарымызға шетел инвестицияларын тарту мынадай салаларда қажет етеді: толық халық тұтынатын өнімдерді өндіруге, тамақтар, дәрі - дәрмек өнімдерін өндіруге, қызмет көрсету саласында және басқа да өмірге қажетті өнімдерді өндіру өндірісінде. Бұл салаларда шетел инвестицияларын тарту толық жұмыс істеген жағдайда, халық қажетті өнімдермен қамтамасыз етіледі және шетелдерден әкелінетін сапасыз өнімдер саны қысқартылып, валюта шығындары азаяды.Сонымен қатар, агроөнеркәсіп кешенін қайта құру және модернизациялау ірі қаржы салымын қажет етеді. Агроөнеркәсіп экономикасын технология жағынан қамсыздандыру және шетел капиталы арқылы ауыл шаруашылығында кіші және орта өнеркәсіп құрып, экономикалық тиімділікке тартуға болады.Шетел инвестициясының басымды бағытының қатарына қазіргі инфрақұрылымды құрумен қоса, транспорт, телекоммуникация, инфрақұрылым іскерлігі және тұрмыстық сервис кіреді. Бұл ең перспективалы орта, себебі тез шығынын өтейді. Бүгінгі таңда іске салынған қаржыны тез қайтарып алу қажетті, себебі, дағдарыстан шығу жолын қысқартады, тиянақты халықаралық инвестициялық қарым-қатынастың беделін көтеруге болады.Аймақтардың дамуы жоғары көлемде еңбек ұжымдары кәсіпкерлер, басқарушылық құрылымдар мен олардың қабылдаған шешімдерінен тәуелді болады, сонымен қатар бұл даму өндірістік және қаржылық ресурстардан, оларды ұтымды пайдалану мен перспективалық инвестициялық саясатқа байланысты. Міне сондықтан, инвестициялық саясаттың басты мақсаттары анықталған. Алдымен аймақта жүргізіліп одан кейін мемелекет көлемінде қолданылады.
Инвестициялық саясатты жүзеге асыратын мүмкіндіктермен олардың нәтижелерінің жиынтығы ретінде кестемен көрсетуге болады (3 сурет).

Инвестициялық
ағымдар
Бюджеттік
құралдар
Мемлекеттік бюджеттен ассигнациялау;
Мемлекет субъектілерінің бюджеттен ассигнациялау;
Жергілікті бюджеттен ассигнациялау

Бюджеттік емес
құралдар
Жекеменшік
капитал
Табыс;
Амортизациялық аударымдар;
Сақтандыру төлемдері;
Құнды қағаздардың эмиссиясы

Тартылған капитал
Шетел капиталы

кіру

Үдеріс
Инвестцияларды қолдану бағыттары
Экономика салалары
бойынша
Өндірістік қызметтер
Қайта өндіру түрлері бойынша
Жаңа құрылыс;
Өндірістің кеңеюі;

Өндірістің реконструкциялануы; Техникалық қайта жарақтандыру;
Инвестициялардың сатып алыну мерзімдері бойынша
Қыска мерзімді;
Орта мерзімді;
Ұзақ мерзімді;
кіру

Инвестицияның тиімділіктері
Экономикалық тиімділік
Әлеуметтік
тиімділік
Бюджеттік
тиімділік

1 сурет - Аймақтың инвестициялық саясатын қалыптастырудың
жүйелік бағыттары
Жоғарыдағы көрсетілген суретке сәйкес инвестициялар, яғни инвестициялану мүмкіндіктері мен инвестициялық ағымдар толығымен келесілерден құралады:
- бюджеттік құралдар;
- бюджеттік емес құралдар;
- жекеменшікті капитал;
- тартылған капитал (заемды);
- шетел капиталдары;
- қайтарылымдық қоры.
Аймақтың инвестициялық саясаты - бұл алға қойған мақсатқа жетуде қолда бар инвестициялық ресурстарды тиімді бөлуде аймақ әкімшілігінің іс-әрекет жүйесі.
Аймақ деңгейінде инвестициялық саясат, егер әкімшіліктің бақылауымен қолындағы бюджеттік құралдарды қажетті салаға жіберу мәселесі туындағанда, әкімшілік бақыламаса да қажетті нәтижеге қол жеткізуге ерекше тәсілдермен әсер еткенде жүзеге асырылады.
Өндірісті экономикалық тұрғыдан дамытудың ауыртпашылық орталығы кәсіпорындар мен оларға теңестірілген субьектілерге ауып отырған шаруашылық жүргізу механизмінің қазіргі жағдайында, сондай-ақ, шетелдік инвестициялардың экономикаға құйылуын қамтитын белсенді инвестициялық стратегия тиімділік сұрақтарын жоғары деңгейге көтеріп отыр. Шетелдік инвестициялар ағымы - шетелдік инвестордың пайда көздеп жасайтын шығындары. Инвестор міндетті түрде инвестициялық хал-ахуалды, өзінің кәсіпкерлік тәуекелдіктерін, сонымен қатар, өзінің инвестициялық талаптары нәтижелері мен нақты құйылатын салымдарын бағалайды.
Нарық әрбір инвесторлар мен шаруашылық жүргізуші субьектілердің жаңа жобаларға, жұмыс атқарып тұрған өндіріске, бизнеске және тұрғын үй құрылысына салынатын ресурстарының тиімділігін арттырудың жолдарын іздеуге мәжбүрлейтін қатаң талаптар қояды. Ресурстардың шектеулілігі мен бәсекелестік шарттарымен толықтырылған нарық қана инвестициялық саланы идеялар мен ұсыныстарды жүзеге асыру саласына айналдырады. Мұнда қаржы құралдарын таба және оларды орналастыра білетіндер емес, өз іс-қимылдарын ақылмен тиімді орналастыру арқылы бұл салымдардың нәтижелерін алдын ала білетін немесе болжай алатындар ұтады. Қазіргі нарықтық экономика табиғатына сай келетін инвестициялардың экономикалық тиімділігін анықтаудың ғылыми жүйесін құру инвестициялық-құрылыстық іс-шаралардың нормативтік-басқару базасын жақсартуға мүмкіндік береді. Біздің пікірімізше, өзіндік отандық нормативті-экономикалық базаны құру тиімді. Мұндай база, біріншіден, толық жүйелі болуы қажет. Ал, екіншіден, жобалаудан құрылысқа дейінгі және өндіріс қуаттылықтары мен обьектілерді пайдалануды қамтитын инвестициялық-құрылыс процесінің барлық кезеңдерінің ерекшеліктері мен сипатын, көлемін, жергілікті ерекшелік шарттарды ескеруі қажет.

2. Оңтүстік Қазақстан облысының қазіргі кезеңдегі инвестициялық тартымдылығын бағалау
Кез келген мемлекетке шетел инвестицияларының келуі және олардың тиімділігі инвестициялық жағдайдың қолайлығымен түсіндіріледі.
Жалпы еліміздің бизнес климатын талдау барсында күрделі қаржы бөлудің барлық параметрлерін баллмен бағалайды, содан кейін жалпы қорытындыға келеді. Қорытындысында инвестициялық тәуекел көрсеткішін немесе елдің инвестициялауға сенімділік көрсеткіші арқылы инвестициялық климатты сандық жағынан өлшеу мүмкін болады. Бұл көрсеткіш инвестордың тәуекелі мен шығынын, сондай-ақ шетелдік капиталды тартуға тұтынушы елдің шығынын білдіреді.
Елде инвестициялық климат нашар болған сайын күрделі қаржыны тарту шығыны жоғары болады. Демек, инвестициялық климаттың жағдайы дерексіз түсінік емес, керісінше өзінің материалдық көлемін білдіреді. Айта кететін жәйт, бүгінде шетелдік компаниялар өздерінің салалық, өндірістік кешенін қосымша жетілдіріп ұлғайту үшін шетелдерде қызмет атқарып жатқан кәсіпорындарға күрделі қаржы енгізу арқылы жүргізіп жатыр. Сондықтан инвестициялық климатты бағалауға республика салаларының жағдайына ғана емес, экономикадағы құрылымдық өзгерістер, мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру үдерісі, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды игеріп алу мүмкіндігі де әсер етеді (1 кесте). Шетелдік инвестицияны тартуға өте үлкен әсер ететін себеп ол - ұлттық экономиканың даму деңгейі болып саналады. Мемлекетке қолайлы инвестициялық климат жасау - бұл әр түрлі шаралардың кешені:
- мемлекет нарығының әлеуетті сипаттамасы;
- табиғи және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі;
- экономикалық реформалардың жағдайы мен оның жүзеге асырылуы;
- инвестициялық қызметке арналған заң шығарушы базасы;
- нарықтық инфрақұрылым мен валюталық нарықтың дамуы;
- банктік жүйенің тұрақтылығы;
- саяси климаттың тұрақтылығы мен бағыттылығы.

1 кесте - Қазақстандағы инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар
Әсер етуші факторлар
Негізгі әсер (0-ден 7-ге дейін)
Әсер ету белгісі
Бюрократия
6,7
-
Елдегі қаржы-салық режимі
3,6
+
Құқықтық инфрақұрылым
3,1
+
Қаржы нарығы
4,6
+
Бөлу арнасының жетіспеушілігі
1,3
-
Саяси тұрақсыздық
3
-
Айырбастау бағамын реттеу
2,8
-
Заң шығару тұрақсыздығы
3,9
-
Бұқаралық ақпарат құралдары
2,9
+
Коррупция
6,1
-

Сонымен, шетелдік инвесторлар жоғарыда айтылған барлық көрсеткіштер бойынша зерттеп, жоспарлап, шешім қабылдайды.
Қазақстан өзінің табиғи байлығымен жақсы қамтамасыз етілген салалары - шикізат пен энергия болып табылады. Қазақстанның жер көлемі Еуропалық Экономикалық Одаққа (ЕЭО) кіретін мемлекеттердің территориясынан үлкен. Сонымен қатар, территорияның қолдануының қарқындылығы салыстырмалы түрде аз. Отын-энергетика комплексі кен орнының әлеуетті (потенциалды) бағасы: көмір бойынша 658,5 млрд., мұнай 222,5 млрд. АҚШ доллары.
Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, кең байтақ Қазақстан жерінде 7 триллион доллардың минералдық шикізаты шоғырланған. Мұнай өндіруден 2015 жылға қарай 180 млн. тоннаға жетуді межелеп отырған елімізде қазір жыл сайын оның 60-80 млн. тоннасы өндірілуде. Яғни, Қазақстан - ресурстарға бай, инвестиция салуға тұрақтылығы басты кепілдік бола алатын ел. Нақты деректерге арқа сүйесек, Қазастанның ішкі қаржы ресурсы мен шетелдік капиталды қоса есептегенде негізгі капиталға түскен инвестиция мөлшері әр жылы 15-20 % -ға өсіп отырады.
Инвестицияның жоғары қарқынмен дамуының жақсы экономикалық көрсеткіштердің халықтың әл-ауқатына тікелей әсері мол. Бұған дәлелді инвестициямен жан-жақты қамтылған батыс аймақтардан көптеп келтіруге болады. Мысалы, Маңғыстау облысындағы Өзенмұнайгаз кәсіпорны мен Өзен қаласы әкімшілігі арасында 2010-2015 жылдарға арналған екі жақты келісім шарт негізінде әлеуметтік инфрақұрылымды қаржыландыру көздері анықталып, іске асырылып келеді. Қазақстан Республикасына инвестиция салуға қызығушылыққа саяси тұрақтылық пен шикізаттың және табиғи ресурстардың байлығы себеп болып отыр. Шетелдік инвестицияларды мұнай өңдеу өнеркәсібінде пайдалануды талдау барысында, саланың тартымдылық деңгейі және жобалардың экономикалық болашағы бойынша орташа көрсеткішке жататыны анықталды, сондықтан шетел инвесторлары осы бағытта инвестициялау шараларын жұргізуге сақтықпен қарайды.
Аймақтың инвестициялық тартымдылығы әртүрлі объективті белгілер, құралдар, мүмкіндіктердің жүйесінен тұрады. Бұл элементтер аймақтың инвестицияға потенциалды төлемқабілетті сұранысын анықтайды. Уақыт факторына байланысты ағымдағы және ұзақ мерзімдік инвестициялық тартымдылық болуы мүмкін.Инвестициялық тартымдылықтың факторларының басым бөлігі экономиканың барлық немесе құрамдас деңгейлері үшін ортақ болған көрсеткіштермен анықталады. Сондай көрсеткіштерге мысалы, ішкі инвестициялық ресурстардың көлемі, өндірістің көлемінің және пайданың өзгеру қарқындары, зиянмен жұмыс істеп отырған кәсіпкорындарың жалпы санындағы үлесі жатады.
Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық тартымдылығын бағалау үшін келесідей көрсеткіштерді пайдаланған дұрыс болады: аймақтың экономикалық даму деңгейін бағалау; аймақтағы инвестициялық инфрақұрылымның деңгейін бағалау; аймақтың демографиялық сипаттамасы; нарықтық қатынастардың даму деңгейін бағалау; аймақтағы инвестициялық іс-әрекеттің қауіпсіздік дәрежесін бағалау. Инвестициялық тартымдылық туралы толық және біртекті мәліметке ие болу үшін жоғарыда атап өтілген критерийлерді жалғыз ортақ көрсеткіш арқылы көрсете білу қажет. Бұл мәселені шешу үшін аймақтың әлеуметтік - экономикалық жағдайын анықтайтын көрсеткіштеріне алдын ала рейтінгтік баға беру қажет.
Инвестордың қаржылық ресурстарының шектеулігі белгілі. Сондықтан инвестор үшін қаржылық ресурстарды балама (альтернативті) салудың салыстырмалы пайдалығын анықтау маңызды болып табылады. Осы мақсатқа аймақтың инвестициялық тартымдылығын бағалау арқылы қол жеткізуге болады.
Талдау көрсетіп отырғандай 2008 жылы жалпы республикалық рейтингте Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық әлеуеті айтарлықтай төмен болған. 2009 және 2010 жылдары бұл тенденция сақталып қалған.
2010 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖІӨ құрылымында Оңтүстік Қазақстан облысының үлесі 4,14%-ды құрады. Жалпы аймақтық өнімнің (ЖАӨ) жан басына шаққандағы көрсеткіші бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы 1,148 индексі бойынша 16, ал негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы республикалық инвестициялар көлеміндегі үлесі 3,54 пайызды ұүрап, аймақтар арасында 11- орынды иеленеді (2 кесте).

2 кесте - Жан басына шаққандағы ЖАӨ-ні өндіру бойынша аймақтардың жіктелуі
Аймақтар
2010 ж. (индекс)
1. Жоғарғы деңгей
1,400 ден жоғары
Маңғыстау
1,401
Қызылорда
1,644
2. Орта деңгей
1,200-1,400
Қостанай
1,216
Павлодар
1,263
Ақмола
1,239
Алматы
1,231
Астана
1,239
Қарағанды
1,301
Атырау
1,331
Батыс Қазақстан
1,347
Ақтөбе
1,356
Шығыс Қазақстан
1,306
Алматы қаласы
1,312
3. Төменегі деңгей
1,200 ден төмен
Оңтүстік Қазақстан
1,148
Солтүстік Қазақстан
1,188
Жамбыл
1,189

Аймақтың әлеуетін анықтауда жергілікті бюджеттің құрылымы маңызды көрсеткіш болып табылады. Оңтүстік Қазақстан облысы жергілікті бюджеті дотацияланатын аймақтар қатарына жатады. Оның себептеріне облыстық халық санының, оның ішінде кәмілетке жетпеген жастардың көп екендігі, аймақтың көбірек ауыл шаруашылығына мамандандырылғандығы және дағдарыс жылдарында орын тапқан аймақтағы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың құлдырауы және соңғы жылдардағы құрылып отырған ірі кәсіпорындардың аймақ үшін аз екендігі және т.б. жатады.
Қорыта айтқанда Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық және инвестициялық әлеуетін талдау аймаққа инвестициялар тартудың өте қажеттілігін және ол үшін мүмкіндіктер бар екенін көрсетеді.
Сонымен қатар негізгі жұмыстарды аймақтың жергілікті қаржы ресурстарын пайдалану және жеке капиталдың қаржыларын тарту бағытында жүргізу қажет.
Тағы да айтып өтетін жайт, экспорттардың экономикалық және қаржылық құрылымын және елдегі жалпы макроэкономикалық жағдайды талдау негізінде қорытынды жасайтын болсақ, жақын болашақта шетел инвесторларының (портфельдік) несиелеу әдісімен инвестициялау деңгейі төмендейді. Сондықтан шетелден тікелей инвестицияларды тарту жөнінде белсенді жұмыс жүргізу қажет. Әрбір бағыттың өзіндік әдістері, механизмдері, құралдары және іске асыру формалары бар.
Мұндай жағдай аймақтың ішкі инвестициялық саясатын қалыптастыру және іске асыру қажеттілігін жоймайды, керісінше ішкі саясат аймақтың ішкі экономикалық потенциалының жинақталып баруын қамтамасыз етеді. Егер экономиканың құрылымы, табиғи-климаттық, географиялық факторлар жергілікті билікке тәуелсіз қалыптасқан болса, қалған жоғарыда атап өтілген көп факторлардың дамуы немесе өзгеруі облыстық әкімшіліктің жұмысының тікелей нәтижесі болып табылады.Осыған сәйкес облыстық әкімшіліктің саясаты мақсатты түрде қалыптасуы қажет.
Инвестициялық тартымдылықтың кешенді талдауын әдістемелік қамтамасыз ету мәселесі теориялық қана емес, тәжірибелік те қызығушылық танытады. Сәйкес әдістемелік тәсілдерді жасау аймақтың даму бағыттары мен нәтижелерін бағалау және қажетті реттеу шаралары бойынша ұсыныстар жасау үшін қажет. Алайда аймақтағы инвестициялық ортаның жағымдылық дәрежесін бағалау мәселелеріне арналған еңбектерде бірқатар мәселелер шешілмегендігін айту керек.
Жаңа әдістемелер мен оларды қолдану нәтижелерін салыстырмалы талдау аймақтардағы инвестициялық жағдайды зерттеу мен бағалауда соңғы жылдары жеткен нақты позитивті қозғалыстар бар екендігін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аймақтардың инвестициялық тартымдылығы
Қаржылық инвестицияның маңызы және жіктелуі
Аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдары
Инвестициялық саясаттың мемлекеттік реттеу құралы
Аймақтың инвестициялық тартымдылығын жақсарту жолдары
Инвестициялық әрекеттің объектілері
Өндірісті кеңейтуге салынатын инвестициялар
Алматы облысы обл
Туристік саланы дамыту перспективалары
Мемлекеттің қаржылық жоспарлары
Пәндер