Психология ғылымы және оның зерттейтін пәні мен міндеттері



Жоспары

І. Психологияның зерттеу объектісі.
ІІ. Психология пәнінің мақсаты мен міндеттері.
ІІІ. Психологиялық құбылыстардың классификациясы.
І. Психологияның зерттеу объектісі.

Психология — психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, мінез, әдет т. б.) көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды — сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Греция. "Психология" термині гректің екі сөзінен түрады: оның біріншісі - "псюхе" (жан), екіншісі — "логос " (сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз "жан туралы ілім" деген ұғымды білдіреді.
Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім нанымдар мен кейбір зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша, адамда тәннен тәуелсіз "жан" болады, мәңгі бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық, тіршілігінің (ойының, сезімінің, еркінің) иесі де, себепшісі де. Жан туралы осындай жалған түсініктің пайда болуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды.
Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан оқшау тұратын ерекше бір сиқырлы күш бар, ал жан болатын болса, соның бір көрінісі, ұйқы кезінде ол денеден уақытша шығып кетеді де, адам оянған кезде қайтып келеді, егер келмей қалса, адам өледі деп тұжырымдады. Жан туралы осындай анимистік (барлық нәрседе де жан бар дейтін түсінік) пікірлер кейбір тайпалардың арасында күні бүгінге дейін кездеседі. Мәселен, Лусан аралының (Филиппин) тұрғындары тагалдар ұйықтап жатқан адамды еш уақытта оятпайды. Өйткені олар ұйқы кезінде адамның жаны басқа жақта жүреді дейді. Тасманиялықтардың тілінде жан мен көлеңкенің, ұғымы бір сөзбен беріледі, өйткені олардың ойынша, жан мен көлеңке бір іспеттес нәрсе. Абипон тайпасының индеецтері "лоакаль" деген сөз арқылы көлеңкенің, жанның, дыбыс берудің, бейненің ұғымын береді. Жан туралы осы тектес қарапайым түсініктердің пайда болуы адамдардың өздерінің дене құрылысы жайында ғылыми түсінігі жоқ кездерде, яғни жан мен тәннің толысуы бір-бірінен байланысын дұрыс ажырата алмай жан өлгеннен кейін денеден шығып кететін, мәңгібақи өмір сүретін нәрсе деп ұғынудың нәтижесі еді.
Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б. з. д. 384—322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану т. б.) аралас, астарласа дамып келді. ХІХ-ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын (түйсік, ес, ойлау, қиял т. б.) эксперимент (тәжірибе) жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірибелік ғылым ретінде дамыды. Ғылымның осы саласына экспериментті тұңғыш енгізген неміс ғұламасы В.Вундт (1832—1920) болды. Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы жоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой-пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшылдарының бірі Демокрит (б. э. д. 460—370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон (427-347) керісінше "жан мәңгі, өлмейді, өшпейді", - деп тұжырымдады.
Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну, қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады: Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (870—950) дүние материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден
Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Жарықбаев. Жантану негіздері.
2. Алдамұратов. Жалпы психология. Алматы, 1996.
3. Бап-баба. Жалпы психология. Алматы, 2005.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Психология ғылымы және оның зерттейтін пәні мен міндеттері

Жоспары

І. Психологияның зерттеу объектісі.
ІІ. Психология пәнінің мақсаты мен міндеттері.
ІІІ. Психологиялық құбылыстардың классификациясы.

І. Психологияның зерттеу объектісі.

Психология — психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу,
даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен
құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік,
елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, мінез, әдет т. б.) көпшілігімізге
өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір
қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де
сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну
арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен
баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды — сөз болып отырған
психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатқан
білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Греция.
"Психология" термині гректің екі сөзінен түрады: оның біріншісі - "псюхе"
(жан), екіншісі — "логос " (сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз "жан туралы ілім"
деген ұғымды білдіреді.
Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім нанымдар мен
кейбір зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша,
адамда тәннен тәуелсіз "жан" болады, мәңгі бақи жасайтын жан адамның барлық
психикалық, тіршілігінің (ойының, сезімінің, еркінің) иесі де, себепшісі
де. Жан туралы осындай жалған түсініктің пайда болуына алғашқы адамдардың
табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды.
Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан оқшау тұратын ерекше бір
сиқырлы күш бар, ал жан болатын болса, соның бір көрінісі, ұйқы кезінде ол
денеден уақытша шығып кетеді де, адам оянған кезде қайтып келеді, егер
келмей қалса, адам өледі деп тұжырымдады. Жан туралы осындай анимистік
(барлық нәрседе де жан бар дейтін түсінік) пікірлер кейбір тайпалардың
арасында күні бүгінге дейін кездеседі. Мәселен, Лусан аралының (Филиппин)
тұрғындары тагалдар ұйықтап жатқан адамды еш уақытта оятпайды. Өйткені олар
ұйқы кезінде адамның жаны басқа жақта жүреді дейді. Тасманиялықтардың
тілінде жан мен көлеңкенің, ұғымы бір сөзбен беріледі, өйткені олардың
ойынша, жан мен көлеңке бір іспеттес нәрсе. Абипон тайпасының индеецтері
"лоакаль" деген сөз арқылы көлеңкенің, жанның, дыбыс берудің, бейненің
ұғымын береді. Жан туралы осы тектес қарапайым түсініктердің пайда болуы
адамдардың өздерінің дене құрылысы жайында ғылыми түсінігі жоқ кездерде,
яғни жан мен тәннің толысуы бір-бірінен байланысын дұрыс ажырата алмай жан
өлгеннен кейін денеден шығып кететін, мәңгібақи өмір сүретін нәрсе деп
ұғынудың нәтижесі еді.
Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель
(б. з. д. 384—322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау
кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет,
жаратылыстану т. б.) аралас, астарласа дамып келді. ХІХ-ғасырдың екінші
жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын (түйсік, ес, ойлау, қиял
т. б.) эксперимент (тәжірибе) жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың
көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес
отау тігіп, тәжірибелік ғылым ретінде дамыды. Ғылымның осы саласына
экспериментті тұңғыш енгізген неміс ғұламасы В.Вундт (1832—1920) болды.
Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы жоғарыда аталған
екі бағыттың үздіксіз ой-пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек
ойшылдарының бірі Демокрит (б. э. д. 460—370) сол кездің өзінде-ақ жанды
(психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның
мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым
жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон (427-347) керісінше
"жан мәңгі, өлмейді, өшпейді", - деп тұжырымдады.
Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну,
қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе орта ғасырлар заманынан бермен
қарай кең өріс ала бастады: Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби
(870—950) дүние материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге
көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші
бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс
пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский (1225—1274) жанның мәңгі
өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары
қарай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік береді.
Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның
біріншісі — шамамен 2500 жылға созылған, көш басы Аристотельден басталатын
жан дүниесі жайлы түрлі ой пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде
психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді.
Оның екінші тарихы 1879 жылдан басталады. Осы жылы неміс ғалымы В. Вундт
(1832—1920) Лейпцигте тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, мұның дербес
эксперименттік ғылым болуына себепкер болды.
Психологияның даму тарихы жоғарыда аталған ғұламалармен қатар Герофил,
Эразестрат, Гиппократ, Гален, Әбуәлі Ибн Сина, Декарт, Гоббс, Спиноза,
Лейбниц, Локк, Гартли, Дидро, Вольф, Галлер т. б. оқымыстылардың есімімен
тығыз байланысты. Жан дүниесінің сыры жайлы дәйекті пікірілерді қазақ
ойшылдары да айтқан. Тіпті мұндай ой-пікірлер фольклорда, әсіресе, мақал-
мәтелдерде көптеп кездеседі. Мәселен, "Тән ауырса, жан ауырады", "Тәні
саудың жаны сау", "Тән өледі, демек жан да өледі", "Жан бар жерде қаза бар"
"Жан - кеудеге қонақ" т.б. осындай мақалдарда жан мен тәннің ара қатынасы
шындыққа сәйкес дұрыс пайымдалғанын байқау қиын емес. Жан қазақ ұғымында
жан-жануарға, адамға тіршілік, күш-қуат беретін рух. Ал Асанқайғы, Шалкиіз,
Жиембет, Ақтамберді, Бұқар, Шал, Дулат, Махамбет т. б. қазақ ақын-жыраулары
мен ойшылдарының толғауларында да көшпенді ата-бабаларымыздың жан
дүниесінің сырлары әр қырынан сөз болып, осылар жайлы сындарлы пікірлер
айтылған. Өресі биік, материалистік психологиялық ой-пікірлерді Шоқан,
Ыбырай, Абай, Сұлтанмахмұт шығармаларынан да көптеп кездестіруге болады.
Мәселен, С. Торайғыров (1893—1920) жан мен тән ылғи да бірлікте,
байланыста болады ("Дене азыққа тоюдан жан ер жетер, жан ер жетіп,
дүниенің сырын табар"), адамның тәні өсумен қатар, жаны да (ақыл-ой, сана-
сезім) бірге өсіп, жетіліп отырады, осы екеуінің қоса өзгеруінің негізі
тәнде, адам өлгеннен кейін, онда қимыл жоқ, сезім жоқ... жек көру жоқ,
махаббат жоқ... Өмір жоқ, яғни, бір сөзбен айтқанда, тәннен бөлінген жанда
еш уақытта өмір болмайды деп тамаша материалистік қорытынды жасайды. Осы
іспеттес пікірді Шәкәрім Құдайбердиев те (1858-1931) айтқан болатын ("Жан
тәнге, ақыл жанға маталып тұр"). Психикалық құбылыстың табиғи ғылыми
негізін жасауда, оны материалистік тұрғыдан түсіндіруге орыстың, ұлы
ғалымдары И. М. Сеченовтің (1829-1905) рефлекстер жөніндегі пікірлері мен
И. П. Павловтың (1849-1936) жоғары жүйке қызметі туралы ілімінің маңызы зор
болды.

ІІ. Психология пәнінің мақсаты мен міндеттері.

Психология пәні. Психикалық құбылыстарды зерттеп, оның сыр сипатын ашып
көрсету. Күнделікті өмірдегі психикалық құбылыстар мен ғылыми психология
арасындағы айырмашылықтар және оларды өзара салыстыра отырып ерекшеліктерін
талдау. Психологиялық ғылыми зерттеу нәтижелерінен мысалдар келтіру арқылы
олардың теориялық және қолданбалы мән-жайын көрсету.
Психология ғылымының табиғи және қоғамдық сипаты. Психологиялық
білімінің өзіндік ерекшелігі. Психология - субьектінің (адам мен
жануарлардың) іс-әрекеттерін, тіршілік ету нәтижелерін және амал-
тәсілдерінің құрылымын бейнелейтін ғылым.
Психика туралы жалпы түсінік-жанды нәрселердің болмыстағы шындықты
бейнелеудегі өзіндік формасы. Жанды және жансыз нәрселердің болмысты
бейнелеу ерекшеліктері. Психика - объективті болмыстың субъективті бейнесі,
психиканың бағдарлаушы және реттегіштік қызметі. Саналы әрекет пен
санасыздық.
Психология пәніне берілген анықтаманың әр түрлі кезеңдерде түсіндірілу
сипаттары. Психология ғылымының философия мен жаратылыстану ғылымдарынан
дамып шығуы. Психология ғылымының тарихында психиканың дамуы жайындағы
материалистік және идеалистік бағыттарының күресі. Психиканың табиғаты
туралы механикалық көзқарастарға сын. Биология ғылымының ми мен тірі
организмнің мінез-құлқын зерттеп, адам мен хайуанаттардың іс-әрекеттерін
тіршілік бейнесін талдауда қолданылатын ұғым-түсініктерді іздестірудің
қажеттілігі. Қоғамдық тарихи тәжірибенің маңызы.
Психика мен сананың дамуын маркстік ұстаным тұрғысынан қарастыру.
Психология ғылымының салалары және психологиялық тәжірибенің
міндеттері. Жалпы психология, әлеуметтік психология, жас даму кезеңдері мен
тәлім-тәрбие психологиясы, еңбек пскхологиясы, инженерлік психология,
медициналық психология, психофизиология, жануарлар психологиясы.
Психологияның теориялық және қолданбалы міндеттерінің өзара байланысы.
Тәжірибе мен психология ғылымының бірлесіп атқаратын міндеттері және оларды
жүзеге асыру жолдары. Жалпы және дара адам психологиясы,
психодиагностиканың негізгі міндеттері. Психология, психотерапия,
психологиялық консультация. Жеке адамның (тұлғаның) адамгершілік
қасиеттерін қалыптастырып, кәсіптік білімді меңгерудегі психология
ғылымының тигізетін пайдасы. Адамдардың денсаулығын сақтап, оның мәдениетін
және халық шаруашылығын дамытуда психология ғылымының атқаратын қызметі мен
міндеттері.
Психология ғылымының пәнаралық байланысы.
Психологияны зерттеу әдістері. Психиканы зерттеуде итроспекция (өзін-
өзі бақылау) әдісінің жеткіліксіздігі. Психикалық үрдістердің қызметі мен
қалыптасуын зерттеудің объективті әдістері К.Маркстің өндірісті "адамның
мән-жайын білдіретін" ашып қойған кітап деп бағалауы.
Психологиялық зерттеу әдістері: бақылау, әңгімелесу, адам жасаған
туындыларды талдау. Табиғи және лабораториялық эксперименттер. Психикалық
үрдістерді мөлшерлеп өлшеу әдісі. Диагаостикалық сынақ.
Салыстырмалы-генетикалық әдіс. Психикалық үрдістср үлгісін жасау,
оларды қалыптастыруды зерттеу әдісі. Салыстырмалы-патологиялық әдіс.
Психологиялық зерттеулерде математикалық әдіс пен техникалық аспап-
құралдарды қолдану.
Психологияның түрлері:
1. Тәлім-тәрбие (педагогикалық) психологиясы. Бұл пәннің зерттейтіні –
адамды оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі психологиялық заңдылықтар. Ол
оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың
тиісті оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-
қатынастарды реттеудің түйінді мәселелерін қарастырады. Сөйтіп, оқушылар
ұжымындағы өзара қатынастармен, олардың психологиялық даралық
ерекшеліктерімен санасып отырудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Оқу-тәрбие
жұмыстарын және балалардың психологиялық ерекшеліктерін қарастырып,
бірқалыпты даму заңдылықтарынан ауытқыған балалармен тәлім-тәрбие жұмысын
жүргізу әдіс-тәсілдерінің психологиясын зерттейді. Сондай-ақ, ересек
адамдармен жұмыс істеудің ерекшеліктерімен және оларды қалай оқыту
мәселелерімен де шұғылданады.
Тәлім-тәрбие психологиясының мынадай тармақтары бар: а) Оқыту
психологиясы – дидактиканың психологиялық негіздерін, оқыту мен білім
берудің жекелеген әдістеме мәселелерін, бағдарлап оқыту мен балалардың ақыл-
ойын қалыптастыру сияқты өзге де мәселелермен шұғылданады. ә) Тәрбие
психологиясы – гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің
психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының
психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді іздестіреді. Бұлардан басқа
мұғалімдер психологиясы кемтар балаларды (ересектерді де) оқытып тәрбиелеу
мәселелерін қамтиды.
2. Жас кезеңдерінің психологиясы - әр қилы психикалық процестердің
табиғи негізі мен үнемі дамып отыратын азаматтық қасиеттерін, психологиялық
сапаларын зерттейтін бұл сала мынадай тармақтардан құралады: балалар
психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жастар психологиясы, ересектер
психологиясы, қарт адамдар психологиясы. Бұл сала оқыту мен ақыл-ойдың
дамуын және олардың өзара байланысы мен іргелі мәселелерін зерттеп, оқыту
ісіндегі адамның ақыл-ойын, сана-сезімін жетілдірудің тиімді жолдарын
нендей әдістер арқылы өрістетуге болады деген мәселелерді іздестіреді.
3. Арнаулы психология. Бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан
ауытқуын, ми ауруына ұшырағандардың психикалық күйзелістері мен осы
саладағы әр қилы аурулардың себептерін қарастырады.
Арнаулы психологияның мына тармақтары, атап айтқанда:
олигофренопсихология – ми зақымы ауруымен туған адам психологиясының
дамуын, сурдопсихология – саңырау не керең болып туған балалар психикасын,
тифлопсихология – нашар көретіндер мен соқырлардың психологиялық дамуын
зерттейді. Ал туа пайда болған ауру адамдар психологиясын зерттейтін тармақ
патопсихология деп аталады. Бұл сөз грек тілінде патос - зардап шегу,
ауру деген мағынаны білдіреді. Патопсихология медицина ғылымы мен оқу-
тәрбие істерін зерттейтін пән педагогика мен жан дүниесінің сырын
қарастыратын психология ғылымының түйіскен торабына жатады.
4. Еңбек психологиясы – адамның іс-әрекет түрлерінің психологиясын,
еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастыру мәселелерін қарастырады.
Еңбек психологиясының мақсаты - әр түрлі еңбектегі мамандық
ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының қалыптасуын, өндірістік-кәсіптік
жағдайдың адамға тигізетін әсерін, құрал-аспаптардың құрылысы мен
орналасуын, хабар жүйелерінің қажетті заттарын қарастыру. Бұл салалардың
әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерімен бірге бірімен-бірі байланысты болып
келетін мынадай тармақтары бар: инженерлік психология – бұл, негізінен,
автоматталған жүйелерді басқару мен әр түрлі операторлардың жұмысын
зерттейді. Инженерлік психологияда ең өзекті мәселе эргономика деп аталады.
Бұл термин гректің ергон - жұмыс және номос - заң деген екі сөзінің
бірігуі нәтижесінде пайда болған. Бұл орайда, өндіріс пен адам арасында
қатынас орнатудың түйінді мәселелері болып саналатын еңбек әрекетіндегі
адамның өнімді ісі, оның психологиялық ерекшеліктері, жүйке жүйесінің
қызметі мен еңбек гигиенасы, адамның өнім өндірудегі жетекші ролі,
техникалық құрал-жабдықтар эстетикасы және автоматтанған тетіктер
теориясына қатысты мәселелер қарастырылып, олардың сыр-сипаты зерттеледі.
Эргономика, негізінен, адам – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психология ғылымының салалары, әдістері
Психика обьективті дүниенің субьективті бейнесі
Психологияға кіріспе
Қазіргі заман психологиясы және міндеттері
Психология пәні, міндеттері
Заң психологиясы – психология ғылымының бір саласы ретінде
Психология пәні туралы
Психология пәні, оның міндеттері, даму тарихы
Психология ғылымының зерттеу әдістері мен салаларын анықтау әдістер
Психология ғылымы жайында мәліметтер
Пәндер