Ауыл шаруашылығы саласын дамыту


Қысқартулар мен белгілеулер
ҚР - Қазақстан Республикасы
РФ - Ресей Федерациясы
АҚШ - Америка Құрама Штаттары
ЕО - Еуропалық одақ
КО - Кеден Одағы
ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
ОА - Орталық Азия
ДСҰ - Дүниежүзілік сауда ұйымы
БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы
ЭЫДҰ/OECD - Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы
ФАО/FAO - БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы
ҚР АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
USDA - Америка Құрама Штаттарының Ауыл шаруашылығы министрлігі
FASUSDA - Америка Құрама Штаттары Ауыл шаруашылығы министрлігінің Шетелдік ауыл шаруашылығы қызметі
INTA - Аргентинаның Ұлттық ауыл шаруашылығы технологиялары институты
INRA - Францияның Ұлттық ауыл шаруашылығы зерттеулері институты
АӨК - Агроөнеркәсіптік кешен
ЖІӨ - жалпы ішкі өнім
ЖҚШ - жеке қосалқы шаруашылық
АШТӨ - ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші
ІҚМ - ірі қара мал
ҰМ - ұсақ мал
АШБ - ауыл шаруашылығы басқармасы
ҚР АШМ АИ - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық инспекциясы
ҚАМ - Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Қазагромаркетинг» АҚ-ның филиалы
АШТӨ - ауыл шаруашылық тауарөндірушілер
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 5
1 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Ауыл шаруашылығы саласының мәні және экономикалық маңыздылығы . . . 7
1. 2 Ауыл шаруашылығы саласының негізгі бағыттарын дамыту бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру ерекшеліктері . . . 14
1. 3 Ауыл шаруашылығы саласының негізгі бағыттары дамыған елдердің тәжірибелері . . . 21
2 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫНЫҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ
2. 1 Аймақтарда ауыл шаруашылығы саласының ағымдағы жағдайын талдау . . . 33
2. 2 Агроөнеркәсіптік кешендерін дамыту бойынша Агробизнес- 2020 бағдарламасын жүзеге асыру жолдары . . . 40
2. 3 Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы саласының даму деңгейі . . . 49
3 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3. 1 Аймақтарда ауыл шаруашылығы саласын дамытудың басымды бағыттары . . . 57
3. 2 Ауыл шаруашылығы саласының негізгі бағыттарын дамыту жолдары . . . 63
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 71
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 72
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының маңызды салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектор дамуының деңгейі үнемі жоғары сатыда көрініп келді және мемлекеттің экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылық факторларын анықтай отырып жоғары сатыдан көріне бермек.
ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында жария еткен Елбасы қоғамымыздың келешек мүмкіндіктерін айқындады. Болашаққа бағдарланған бұл құжатта экономиканың нақты секторы ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Азық-түлікке деген қажеттілік арта береді. Сондықтан бүгінгі фермерлер тек уақытша әрі ауа райына байланысты кездейсоқ жетістіктерді малданып қалмай, өндірістің өсімі жөнінде ойлануға тиіс. Жаһандық ауыл шаруашылығы өндірісінде бәсеке өсе беретін болады. Жермен жұмыс істейтіндер, ең алдымен, жаңа технологияларды енгізіп, өнімділікті үздіксіз арттыратындар, жұмысын әлемдік стандарттар негізінде жүргізетіндер болуы керек [1] .
Қалыптасқан экономика жағдайында ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру мақсатында барлық денгейде басқару мен экономикалық ынталандырудың барынша тиімді жолдары мен әдістерін іздестіру және қолдану қажеттілігі туындап отыр. Нарықтық қатынастарға бейімделу, ауыл шаруашылық өндірісі көрсеткіштерінің, атап айтқанда, сапалы өнім көлемінің өсуі, еңбек өнімділігінің көрсеткіштерінің артуы, өндіріс, айырбас, тұтыну, өткізудің тиімді жүйелерін қалыптастыру - тиімділікті арттырудың алғы шарттары болып табылады.
Ғылыми зерттелу деңгейі. Ауылшаруашылық саласының негізгі дамыту мәселелерін зерттеуде Абалкин Л. ., Витте С. Ю., Кадиров A. M., Кассиров Л. Н., Никитина Н. В., Никинов А. А., Сафронов Б., Свободен Б. А., Райфайзен Ф., Хусанов А. Х., Югай A. M., және тағы басқа ТМД ғылымдары өз үлестерін қосты.
Отандық терең зерттеген ғалымдар: Аймен А. Т., Белгібаев К. М., Григорук В. В., Есполов Т. И., Есіркепов Т. А., Кемел М., Куватов Р. Ю., Қалиев Г. А., Кубаев К. Е., Молдашев А. В., Сабден О. С., Сатыбалдин А. А., Сигарев М. И., Сүлейменов Ж. Ж., Сундетов Ж. С, . Мырзалиев Б. С. және басқа да авторлардың ғылыми еңбектерінде кеңінен көрініс тапқан.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты ауыл шаруашылығы саласының негізгі бағыттарын дамыту жолдарының теориялық және тәжірибелік негіздерін тұжырымдау.
Аталған мақсатқа сай мына төмендегі міндеттерді шешуді қажет етеді:
- ауыл шаруашылығы саласының негізгі бағыттарын дамытуды теориялық негіздеу;
- ауыл шаруашылығы саласының негізгі бағыттарын дамыту жағдайын талдау;
- ауыл шаруашылығы саласының негізгі бағыттарын дамыту жолдарын айқындау.
Зерттеу нысаны. Аймақтардың ауыл шаруашылық құрылымдары мен жеке қосалқы шаруашылықтары, әр түрлі деңгейдегі агроөнеркәсіптік кешендері.
Зерттеу пәні. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы саласының негізгі бағыттарын дамыту жағдайын арттырудың жолдары, әдістері мен мәселелері зерттеу пәні болып табылады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Жалпы зерттеудің теориялық әдістемелік негізі ретінде заңдылық актілер, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру мәселелерін зерттеген отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектері қолданылды. ҚР статистика бойынша агенттігініңжәне нормативтік-анықтама материалдары, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жылдық есептері.
Тәжірибелік маңыздылығы. Дипломдық жұмыста тұжырымдалған ауыл шаруашылығы саласының негізгі бағыттарын дамыту негізінде қол жеткізілген қорытындылар мен ұсыныстардың қолдану мүмкіндіктері айқындалды. Жұмыстың теориялық қағидалары мен тәжірибелік тұжырымдарын жоғарғы оқу орындарында «Ауыл шаруашылығы экономикасы» және «Агробизнесті ұйымдастыру және менеджмент негіздері» және әр түрлі курстарда экономикалық пәндерді оқытуда қосымша материалдар ретінде қолдануға болады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Ауыл шаруашылығы саласының мәні және экономикалық маңыздылығы
Ауыл шаруашылығы өсімдік шаруашылығымен және мал шаруашылығымен айналысатын халық шаруашылығының негізгі саласы болып табылады. Ауыл шаруашылығы өнеркәсіптің көптеген салаларымен байланысты. Соның нәтижесінде агроөнеркәсіп кешенін, яғни елімізді өнім мен ауыл шаруашылығы шикізатымен қамтамасыз ететін саланы қалыптастырады. Өнеркәсіпке қарағанда ауыл шаруашылығы рельефтер, ауа-райы, жер құнарлығы кең аумақта жүргізіледі. Ауыл шаруашылығында көптеген өндірістік процестер мезгілдік сипатқа ие болып келеді, себебі жануарлар мен өсімдіктердің табиғи өсу жағдайымен байланысты. Табиғат жағдайлары өнеркәсіп еңбегінің нәтижесіне қарағанда ауыл шаруашылығы процесіне әсер етеді.
Қазақстанның агро өнеркәсіп секторы қоғамның әлеуметтік және саяси тұрақтылығын, экономиканың дамуында үлкен маңызы бар сала болып табылады. АӨК-нің тұрақты қызмет көрсетуі Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуінің құрамдас бір бөлігі болып табылады. Қазақстанның агроөнеркәсіп секторының, ауылшаруашылық жүйесінің тиімді қалыптасуы, ауыл шаруаылығы өнімдерінің өндірісі мен сату көлемінің өсуі үшін өте үлкен мүмкіндікке ие. Алайда қазіргі таңда ауыл шаруашылығының және ауыл территориясының дамуы әлі де тиімді жағдайда емес. Ауыл аймақтары экономикалық тиімсіз құрамда қалуда [2, 3] .
Барлық шаруашылық санаттарына ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, шаруа қожалықтары және үй шаруашылықтары жатады. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына мемлекеттік шаруашылықтар және олардың негізінде құрылған басқа өндірістік шаруашылықтар (ұжымдық ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, агрофирмалар және т. б. ), кәсіпорындар мен ұйымдардың қосалқы шаруашылықтары жатады. Үй шаруашылықтарына халықтың жеке қосалқы шаруашылықтары, ұжымдық бау-бақшалар, саяжай учаскелері жатады. Шаруа (фермерлік) қожалықтары - өмірлік мұраға қалдырылған қожалық, немесе жерді жалға алып пайдалану негізінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу және өткізу жүзеге асырылатын еркін кәсіпкерлік нысаны.
Ауыл шаруашылығының табиғи негізі ауыл шаруашылығында пайдалынылатын жер болып табылады. Ауыл шаруашылығы жерлері - ауыл шаруашылығы өнімдерін алу үшін пайдаланылатын жер учаскелері. Оның құрамына егістік жерлер, тұрақты дақылдар, егістік жерлер, шабындықтар мен жайылымдар кіреді. Ауыл шаруашылығы жерлерінің келесідей түрлері бар: шабындықтар, жайылымдар және егістік жерлері. Ауыл шаруашылығы екі негізгі саладан тұрады: өсімдік және мал шаруашылығы.
Ауыл шаруашылығының территориялық дифференциясының әлеуметтік-экономикалық факторлары. Қала тұрғындарының өсу темпін күшейту ауыл шаруашылығы территориясының тұрақты өзгеруіне әкеліп отырады.
Осы жағдайда, ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып өткен ғасыр ауыл шаруашылығы экстенсивті даму жолынан бас тартып интенсивті дамуға көшеді. Осыны алғаш болып түсінген миллиардтан астам халқы бар Қытай елі табиғи өнімдерді тұтынуға көшті, өз тұтыну өнімінің сапасын ойлай отырып, олар өндіріс көлеміне әсерін тигізіп отырды.
Ауыл аймақтарының дамуында екі альтернативті жолдары анықталады: дамыған, бай елдер және кедей елдер үшін. Алғашқы елдерге өткен еңбекті қолдану тиімді және перспективті, өйткені ол жеткілікті: ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиясын жетілдіру, ал екінші үшін тірі еңбек, яғни еңбек күштері. Бұл әдіс қолмен жұмыс атқаруға қайта көшумеханизация құралдарын қолданудан бас тарту, регресс сияқты көрінеді. Алайда, Қазақстанның реформалық тәжірибесінің өсуі көрсеткендей ол оптималды әдіс болып табылады. Жеке шаруашылықтар негізінен республика тұрғындарын тұтыну өнімдерімен қамтамасыз етеді: ет, сүт, картоп, көкөніс, жеміс-жидектермен. Ал олар тірі еңбекті қоладанады. Болашақта бұл жол да перспективалы. Жер игеруші, қойшы, т. б. өз қажетілігінен үнемдей отырып, өндіріске қажетті құралдарды алу үшін, яғни өткен еңбекке қол жеткізу үшін ақша жинақтайды. Нарықтық экономикаға көшу кезеңінде республиканың ауыл шаруашылығы секторында өмір сүру деңгейі біршама төмендеді. Себебі табыс көлемі қажетті өмір деңгейін қамтамасыз ете алмады. Қазақстанның ауыл тұрғындарының өмір сүруіне қажетті ең қарапайым жағдайы да жоқ. Соңғы он жылдықтарда ауылда көптеген қысқартулар жүруде: мектептер, мәдениет үйлері, мектеп алды мекемелері, медициналық қызмет көрсету бөлімдері азаюда. Оның себебі нарықтық экономикаға көшу себебіне келіп тіреледі. Бірақ біз бұл жерде ауыл тұрғындарының еліміздің тарихи дамуының бастауы екенін айта кету керек. Олар өндірісітік, тұтыну және ауыл шаруашылығы кешендерінің құрылуы мен дамуының негізі болып табылады.
Еліміздің ауыл шаруашылығы нарықтық экономикаға көшу барысында бірнеше кезеңге бөлінеді.
Бірінші кезең, 1990-1994 жылдарды қамтиды. Бұл уақыт аралығында бұрын қалыптасқан меншік түрлері мен шаруашылық құрылымдарының мәжбүрлеп өзгерту тән болды. Өйткені меншікке деген монополия елімізде нарықтық қатынастарды орнатуға жол бермеді, осы кезең ішінде жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Қазақстан АӨК мемлекеттік емес меншік формалары 30%-дан 92%-ға дейін өсті.
Екінші кезең, 1995-1998 жылдар аралығы. Бұл ауыл мен ауыл шаруашылық құрылымдарының қатаң нарық жағдайына бейімделе бастау кезеңі басталды. Ол процеске ішкі және сыртқы факторлар елеулі әсер етті. Кәсіпорындардың алдында нақты даму бағдарламаларының болмауы әртүрлі себептермен байланысты бақылаудың босаңсуы да өндірістің құлдырауына өз әсерін тигізді. Халықтың әл ауқаты мен тұтынушылардың қабілетінің төмендеуі ауыл шаруашылығы өніміне деген сұраныстың азаюына, бағалардың төмендеуіне алып келді. Осы кезең ішінде мал басы санының азаюы жаппай етек алды, ірі қара мал саны 1994жылы 80 млн-нан 1998 жылы 4 млн-ға, қой саны 25 млн-нан 9. 6 млн-ға дейін, құс саны 33млн- нан 18 млн-ға дейін төмендедеі. Дегенмен осы кезең ішіндегі негізгі мәселе ел басының 1995 жылдың 22 желтоқсанында қабылдаған «Жер туралы» күші бар жарлығының мәні ерекше болды. Осыдан бастап республикада 3 млн жуық адам жеке шаруашылық жүргізуге арналған жер телімдерінің иесі атанды.
Үшінші кезең, 1999-2001 жылдар аралығында ауылда тиімді шаруашылықы жүргізуге қабілетті меншік иелері қалыптаса бастады. Жүргізілген реформалардың нәтижесінде өндірілген өнімнің 99% жеке меншік құрылымдарының үлесінде болды.
Төртінші кезең 2002-2003 жылдар аралығы. Бұл кезең аграрлық өндірістегі реформаны сақтау ауыл шаруашылық жерлеріне жеке меншік және ауылдың әлеуметтік бейнесін жаңғырту мәселелерімен сабақтастыра қарастырылды.
Бесінші кезең 2003-2005 жылдар аралығы, «Ауыл жылдары» бағдарламасының аясында ауыл шаруашылығын қарқынды даму үстінде. Бұл жылдары ауыл шаруашылығының дамуына бет бұрысын сипаттайтын жер, орман, су кодекстері, астық, ветеренария, егінілік, , сақтандыру туралы заңнамалар, көптеген заңдар аясындағы актілер, сондай ақ Ауылдық аумақтарды дамытудың 2010 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламалары қабылданды. Қабылданған осы құжаттар нәтижесінде еліміздің ауыл аруашылығы саласының алдағы алдағы жолы анық. Министрліктің ұсынысы бойынша 2005 жылы «АӨК-ті және ауылдың әлеуметтік экономикалық жағдайына мемлекеттік реттеу» заңы қабылданды. Бұл заң ауыл шаруашылығы мен ауылдың әлеуметтік жағдайына мемлекетті қолдауды тұрақты етіп, АӨК қаржыландырудың көп каналды жүйесін қалыптастырып заңды негізде шешті [4, 5] .
2009-2011 жылдарда Ауыл шаруашылығын дамытудың стратегиялық жоспарын жүзеге асыру нәтижесі болып АӨК және салаларын тұрақты дамыту, 2011 жылы ауыл шаруашылығының жиынтық өнім көлемін 2007 жылмен салыстырғанда 20, 7 % көтеру, отандық өнімдірдің артықшылығын, ұлттық бәсекелестігін дамыту, елді азық-түлікпен қамтамасыз ету.
Қазақстан 1991 жылдан бастап нарықтық экономикаға өтуге бағытталған реформалаудың қатаң бағдарламасын жүзеге асыруда. Реформалар ұжымшарлар мен кеңшарларды жекешелендiрудi, ауылдық кәсiпорындарды қайта құрылымдауды, бастапқы материалдар мен ауыл шаруашылығы өнiмдерiне бағаны ырықтандыруды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнiмдерiн сатуға қойылған шектеулердi кемiтудi қоса, бастаманың кең спекторын көздеп отыр. Соңғы жылдары Қазақстан басқаларымен қатар қаржылық кiрiстерiн де өсiре отырып, өзiнiң макроэкономикалық көрсеткiштерiн едәуiр нығайтып алды. Бұл экономиканың бiршама өсуiне алып келдi. Мұнай саласынан түсетiн қаржылық кiрiстердiң өсуiне қарамастан, шығыс бөлiгiнiң едәуiр көтерілуi байқалған жоқ. Келешекте мұнайдан түсетiн кiрiстің өсуi көпшілiк халықтың, әсiресе ауыл тұрғындарының әл-ауқатын көтередi деп күтілуде. Ауыл шаруашылығы аз түсiм әкелетiн қауiп-қатерi жоғары сала болып қалып отыр. Оның ЖIӨ-дегi үлесi шамамен 8, 5 %-ды құрайды және де бұл көрсеткiштiң таяу арада өзгеретiнi байқалмайды, бiрiншi кезекте мынадай себептер бойынша: мұнай мен газдан түсетiн кiрiстiң өсуi, iшкi өткiзу рыногының шектеулілігі, сыртқы нарықтың тұрақсыздығы және жоғары көлiк шығыстары мен ескiрген технологияларға байланысты ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң бәсеке қабілетiнiң әлсiздiгi. Ауылда жұмыссыздық пен жұмыспен толық қамтылмау кең тараған, ауыл тұрғындарының кедейлiк деңгейi 38 %-ды құрайды, соның салдарынан отбасылар ауылдық елдi мекендердi тастап, қалаға қоныс аударуда.
2030 жылға дейiнгi Қазақстанның даму стратегиясы ауыл халқының тұрмыс деңгейiн жақсартуға және қала мен ауылдың арасындағы айырмашылықты төмендетуге бағытталған ұзақ мерзiмдi мақсатты көздейдi. ҚР-сы Президентiнiң 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N735 Жарлығымен бекiтілген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi стратегиялық даму жоспары Қазақстанның ЖIӨ-н екi есе арттыруға және ауыл шаруашылығы саласының бәсекелестік қабілетiнiң дамуына ықпал ету арқылы ауылдағы тұрмыс деңгейiнiң тұрақты түрде ұзақ мерзiмдi өсуiне бағытталған. ҚР-сы Президентiнiң 2002 жылғы 5 маусымдағы N889 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк аграрлық азық-түлiк бағдарламасы бәсекеге қабілетті өнiмдер шығаратын тиiмдi агроөнеркәсiптiк кешен қалыптастыру арқылы тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған. Ауылдық елді мекендердiң әлеуметтiк-экономикалық, инфрақұрылымдық және экологиялық проблемаларын шешу жөнiндегі шараларды анықтауда
Ең төмен ЖIӨ тiркелген және елдегі кедей тұрғындардың жартысынан астамы тұратын Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында да шетiн жағдай қалыптасқан. Бұл 4 облыстың тұрғындары ауыл экономикасына түгелдей дерлiк тәуелдi. Жердің бос қалуы Оңтүстiк Қазақстан мен Жамбыл облыстарының ауыл шаруашылығы егiстерiне терiс әсер етуде.
Соңғы кезде Республикада экономиканың аграрлық секторды тұрақтандыруға бағытталған белсенді шаралар жасауда, негізінен ауыл шаруашылығын басқару процесіндегі жеткіліксіздіктерді жоюға бағытталған нормативтік актілер мен заңдар жиынтығы қабылданған.
Сонымен бірге, жоғары нәтижелікке қол жеткізе алмағанымызды мойындауымыз қажет, еліміздің ауылдарының дамуын тежейтін процесстерге әлі де тоқтаулар болмауда, оларға мыналарды жатқызуға болады:
- тұрғындардың миграциялық көшіп қонуының интенсивтілігі әлі де төмендемеуде және негізгі көрсеткіштердің өндірісі жақсармауда;
- ауылдың әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымы онсызда төмен деңгейге жеткен. Ол мемлекеттің денсаулық сақтау, білім, байланыс, тарнспорттық байланыстың әлеуметтік кепілдігіне толық жауап бермейді;
- өзін өзі жою немесе олардың біршама қысқаруы ауыл аймақтарының жүйесінде маңызды өзгерістер байқалуда;
- ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігі көтерілмеуде, оның еліміздің ЖІӨ құруда оның үлесі біршама төмендеуде;
- ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейінің өсуі байқалмауда.
Сонымен, ауыл аймақтарын дамыту мақсатында:
• біріншіден, аграрлық қайта дамудың идеологиясын өзгерту, әлеуметтік кепілдерді экономикалық мақсаттылқпен теңестіру, яғни еліміздің аграрлық саласы мен оның жеке аймақтарындағы өзіндік ерекшелігіне қарай реформалаудың қарқыны мен масштабын келтіру қажет, сонымен бірге әлеуметтік, экономикалық және құқықтық жағдайдың болуы;
• екіншіден, барлық реформалау шараларын жүзеге асыруда ауыл тұрғынының маңызды ролін орнату: саяси, экономикалық, шаруашылық шешімдер қабылдауда жұмысшыныңоған қатысу құқығын кеңейту, оның қандай да құндылықтарды қабылдау дайындығын ескеру, жаң
• еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда сенімді кәрілікпен қамтамсыз етілуі;
• үшіншіден, аграрлық реформалардың негізгі заңнамаларын жетілдіруді жалғастыру: аграрлық саланы кеңейтуге бағытталған заңдар мен нормативтік актілерді қабылдау;
• төртіншіден, ұсақтауарлы аграрлық өндірісті мемлекеттік қамтамасыз ету, шаруа қожалықтары мен тұрғындардың азықтану базасын және материалдық-техникалық дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік субсидиялар көлемін ұлғайту; жалпы қолдампаздықтан экономикалық күшті және орта шаруашылықтарды қолдауға көшу; ауыл шаруашылығына қолдануға берілген жерлерді пайдалануды қатаң бақылауға алу; орталықтың жергілікті басшылық іс-әрекетімен қаржылық ресурстарды бөлістіру мен пайдалану; жеке, қосалқы және шаруа қожалықтарының еңбектері үшін әлеуметтік жеңілдіктерді көбейту: еңбек өтілін есептеу арқылы, уақытша немесе толық еңбекке қабілетілігінен айырылғанда, т. б. [6, 7] .
Қазiр ауылды жерде ел халқының 43 % тұрады. Егер Қазақстан тек ауыл шаруашылығына ғана арқа сүйеген ел болса, бұған түсiнiстiкпен де қарауға болар едi. Бiрақ бiздiң бағымызға қарай елiмiздiң мұнай-газ секторы, кен-металлургия саласы, басқа да өндiрiс түрлерi жақсы қарқынмен дамуда. Қалалар мен тұрмысқа қолайлы кенттерде, тiптi кейбiр ауылдық жерлердiң өзiнде шағын кәсiпкерлiк бел алып, оның нәтижесiнде ел экономикасындағы қызмет көрсету салаларының үлесi күрт артып келедi. Алайда, қала мен ауыл арасындағы тұрмыс алшақтығы әлi де сақталып отыр, тiптi, барған сайын тереңдей түсуде. Ресми статистика деректерiне қарағанда, қазiр ауылда тұратындардың үштен бiрiнiң табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен де төмен. Егер бiз ауылымыздың дамуын шын мәнінде қолға аламыз десек, ондағы тұрмыстың жақсаруын көптеген өркениеттi елдердегi секiлдi стандартты өлшемдерге көшiруiмiз керек. Ауыл шаруашылығы кешенді сала, сондықтан да оны мемлекеттік реттеу, қолдау қызметі түрінде жүзеге асырылады [8, 9, 10] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz