Басқару жүйесі



Кіріспе
1. Басқару тәсілдері және басшылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2. Басқару стилдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2.1.Бір өлшемді басқару стилдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5 2.2.Көп өлшемді басқару стилі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
3. Лидерлік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
4.Билл Гейтс және Стив Джобс лидер мысалы ретінде ... ... ... ... ... ... 9
Қорытынды
Пайдаланылған мәліметтер
Басқару - реттеуге, қорғауға, қойылған мақсатқа сай нысанның жүйесін өзгертуге немесе жоюға бағытталған, субъектінің нысанға әрекет ету процессі. Басқару адам іс-әрекетінің түрі ретінде адамдардың бірлесіп қызмет ету пайда болғаннан бар. Әрбір тарихи кезең басқару субъектілерінің қатынасын, ынталандыру әдістерін, ұйымдастыру процессінің көлемін қырлап, өз түзетулерін енгізді, дегенмен тек XX ғасырда ғана басқаруға ғылыми көзқарас пайда болып, дами бастады. Басқару өндірісте еңбек бөлінісінің нәтижесінде пайда болды. Басқару адам тұрмысының ажырамас бөлігі, онсыз адамдардың ортақ қызметі де, жалпы қоғам да мүмкін емес. Тиімді басқару дамудың негізгі факторларының бірі. Басқару теориясын белгілі бір ереже- лерге сүйенген қисынды реттелген принциптер, әдістер және өңделген ақпарат негізінде эмпирикалық жолмен немесе бірқатар нақтылы ғылымдардан алынған басқару технологияларыжүйесі ретінде қарастыруға болады.
Басқару –1.машинаның, механизмнің жұмыс тәртібін және күйін өзгертетін оператордың іс-әрекеті; 2. машинаны, механизмді басқару органыньң комплекті; 3. механикалық системаның функциясының жұмыс реттерін бақылау және бағдарламаларымен мақсаттарын ұқсату.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
1. Басқару тәсілдері және басшылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
2. Басқару стилдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2.1.Бір өлшемді басқару стилдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5 2.2.Көп өлшемді басқару стилі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...7
3. Лидерлік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
4.Билл Гейтс және Стив Джобс лидер мысалы ретінде ... ... ... ... ... ... 9
Қорытынды
Пайдаланылған мәліметтер

Кіріспе
Басқару - реттеуге, қорғауға, қойылған мақсатқа сай нысанның жүйесін өзгертуге немесе жоюға бағытталған, субъектінің нысанға әрекет ету процессі. Басқару адам іс-әрекетінің түрі ретінде адамдардың бірлесіп қызмет ету пайда болғаннан бар. Әрбір тарихи кезең басқару субъектілерінің қатынасын, ынталандыру әдістерін, ұйымдастыру процессінің көлемін қырлап, өз түзетулерін енгізді, дегенмен тек XX ғасырда ғана басқаруға ғылыми көзқарас пайда болып, дами бастады. Басқару өндірісте еңбек бөлінісінің нәтижесінде пайда болды. Басқару адам тұрмысының ажырамас бөлігі, онсыз адамдардың ортақ қызметі де, жалпы қоғам да мүмкін емес. Тиімді басқару дамудың негізгі факторларының бірі. Басқару теориясын белгілі бір ереже- лерге сүйенген қисынды реттелген принциптер, әдістер және өңделген ақпарат негізінде эмпирикалық жолмен немесе бірқатар нақтылы ғылымдардан алынған басқару технологияларыжүйесі ретінде қарастыруға болады.
Басқару - 1.машинаның, механизмнің жұмыс тәртібін және күйін өзгертетін оператордың іс-әрекеті; 2. машинаны, механизмді басқару органыньң комплекті; 3. механикалық системаның функциясының жұмыс реттерін бақылау және бағдарламаларымен мақсаттарын ұқсату.
Басқару қызметкерлерінің мәдениеті әр түрлі қасиеттері бойынша көрініс тапса да, олардың мәдениетінің толық және нақты бағасын жұмыс істеу стиліне қарап беруге болады. Басқарушылық қызмет стилі дегеніміз - билік органдарының, қызметкерлерінің күнделікті қызметінде қолданатын әдіс-тәсілдер, құралдар жүйесі, бағынышты қызметкерлерге қатысты жүріс-тұрыс үлгісі. Оның қоғамның басқа салаларындағы қызмет стилінен ерекшеліктері мемлекеттік-биліктік өкілеттіліктерге сүйеніп, оны қолданумен байланысты болатын, нақтылай және толықтай нормативтік реттеліп отыратын, басқару әсерін қалыптастыруды және іске асыруды мақсат тұтатын басқару қызметкерлерінің әлеуметтік белсенділігімен айқындалады.
Стиль ұжымдағы әлеуметтік қатынастардың бүкіл біртұтас ықпалымен қалыптасқанымен, ол белгілі дәрежеде басшыға да байланысты болады. Өйткені шаруашылық пен тәрбие жұмысының табиғи байланысын практактикада жүзеге асыратын тек басшы ғана. Оның қызметінің жемісті болуы көптеген күрделі факторлар арқылы анықталады.

1.Басқару тәсілдері
Бұл ұжым, топ, жұмысшыларға деген мақсатты ықпалдың әлеуметтік тәсілдерінің жиынтығы. Әрбір көрсетілген деңгейде басқару ерекше мәселелерге тап болады, сондықтан сәйкесінше әдістерді құрайды. Олардың біреулері әрбір үш жағдайға да қолданылады, ал келесілерін қолдану нақты бір жағдаймен шектеулі.
Жеке кәсіпорын жұмысшысына қатысты оның мінез-құлқына түрлі ықпал етудің түрлерін бөлуге болады:
1) тікелей (бұйрық, тапсырма);
2) мотивтер мен қажеттіліктер арқылы (ынталандыру);
3) құндылықтар жүйесі арқылы (тәрбие, білім және т.б.)
4) қоршаған әлеуметтік орта арқылы (административтік және бейресми ұйымдарда және т. б.еңбек жағдайларын, статусты өзгерту).
Кәсіпорынның өндірістік ұжымына кіретін топқа қатысты әлеуметтік басқару тәсілдері келесідей бөлінеді:
1) топ құрамының мақсатты құрылуы (квалификациялық, демографиялық, психологиялық белгілері бойынша жұмыс орнының саны мен орналастырылуына байланысты);
2) топтардың ынтымақтастығы (жарыс ұйымдастыру, басқару стилін жетілдіру, әлеуметтік-психологиялық факторларды және басқа әдістерді қолдану);
Кәсіпорынды әлеуметтік ұйымдастыру денгейінде мынадай тәсілдер қолданылады:
а) ресми және бейресми құрылымдарды үйлестіру (жоспарланған және шындығындағы байланыс пен нормалар арасындағы қарама-қайшылықтарды жою);
ә) басқаруды демократиялау (қоғамдық ұйымдар рөлін жоғарылату, жұмысшыларды біріккен шешімдерді жасап шығаруға жұмылдыру, өндірістің кейбір баскарушыларын таңдалуы, еңбек активтілігін арттыру және т. б. арқылы);
б) әлеуметтік жоспарлау (жұмысшылардың квалификациясын жоғарлату, ұжымның әлеуметтік құрылымын жетілдіру, тұрмысты жақсарту және басқа шаралар).
Басшылық - бағынушы қатынасы
Басшылық ұғымы басқару ұғымына жақын және ұйымдастырушылық қатынастың басты түрін, атап айтсақ, қызмет бабындағы міндеттерді шешу үшін басшылықтың бағынушылармен ұйымдастырудың ерекше түрін бөлу үшін қолданылады.Осыған байланысты, әлеуметтік көзқарас басшылықты ұйым ішіндегі адамдар арасындағы ерекше үш жақты қатынасты талдауды көздейді.
Біріншіден, басшылық - бұл түрлі статустар, административті құрылым деңгейлерінің арасындағы қатынас. Ол бір жұмысшының басқамен біржақты тәуелділігінің құқықтық негізін қамтиды.
Екіншіден, басшылық - бұл ортақ еңбек процесіндегі жеке жұмыс функцияларының қатынасы: бірі - тым жалпы болса, екіншісі - тым жеке. Онда (еңбек процесінде) бір жағынан ұйымдастыру функциялары, екінші жағынан атқару функциялары байланысады.
Үшіншіден, басшылық - бұл сонымен бірге жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастың ерекше түрі. Соңғы жағдайда оның әлеуметтік-психологиялық мазмұны - бірін-бірі мойындау, ықпал ету, стиль, мүдделер қарастырылады.
Аталмыш басшылық -- бағынушы қатынасының жақтары бір-бірінсіз өмір сүре алмайды, олар бір-бірімен тығыз байланысты болса да, салыстырмалы дербестікке ие. Басшылық-бағынушы байланысын әлеуметтану жекелілік денгейдегі басқару бойынша жалпы қатынастардың көрінісі түрінде зерттейді. Басшылықтың бағынушыларға ықпал етуі, оларды ұйымның талаптарына сай және өз ойларына сай белгілі бір еңбек тәртібіне итермелеуді мақсат етеді.

2.Басқару стилдері

Стиль сөзі қолтаңба деген мағынаны білдіреді. Басшылық стилі дегенміз менеджер іс әрекетндегі таңба. Толық анықтама беретін болсақ, басшылық стилі деп- менеджер тәжірибелік әрекетіндегі салыстырмалы тұрақты тәсіл, әдіс,формалар жүйесі.
Стиль қатар басқарушылық шешімдер дайындау мен жүзеге асырудағы менеджердің жүріс тұрыс тәсілі.
Стиль - тұрақты қолданылатын басшылық әдістернің жүйесі. Стиль және басшылық әдісі ортақ бірлікте жүзеге асырылады. Бірдей басшылық стилі болмайды. Әрбір басшы өзінің практикасында қолданатын басқару стилін таңдайды, бірақ ол көптеген объективті және суъективті жағдайлар мен себептерді есепке ала отырып, соған байланысты стиль өзінің нақты көрінісін береді. Оған жататындар: басшы мен бағынушының жеке қасиеттері, олардың өзара қатынасы сипаты, бағын.кемелдену деңгейі, жауапкершілік алуға дайын болуы, қызмет мазмұны т.б.
Дұрыс стиль алдын ала белгілі бола алмайды, өйткені өмірлік басқарушылық жағдайлар стандартты емес, ал басшы мен бағын.жеке қасиеттері басқарылатын орта өзгерісімен олда өзгеруі мүмкін.
2.1Бір өлшемді басқару стилдері
Бір факторға негізделген басқару стилі бір өлшемді деп аталады. Оларға авторитарлық, демократиялық, либералдық (салғырттық) жатады.
Авторитарлық стиль концепцуалдық негізі және оның эксплутациялық тілектестік әртүрлілігі адам факторына алғашқы көңіл бөлген авторлардың бірі Д. Мак-Грегор Х теориясына сай келеді.
Бағынушымен шектеулі байланыс, адамдармен қатаң, бұйрық беру, сұрау жоқ, жаңа әсерді қорқынышпен қабылдайды не мүлдем қабылдамайды, өйткені бір ғана әдіс қолданылады. Жиылыс жүргізудегі орны орталықтан. Автократ өз қасиеттері адамдар деңгейінен төмен болса немесе бағынушылар жалпы кәсіби мәдениеті ең төмен. Жұмыс тиімділігі артпайды. Қанағат жоқ.
Демократиялық стиль өкілеттіліктің жоғары деңгейдей орталықтан тыс болуы, шешім қабылдауға бедсене қатысқан қызметкерлерге қызмет міндеттерін орындаса, ол ынталандырылады. Тәжірибеде екі түрі: кеңестік және партисипативтік.
Арнайы зерттеулер негізінде авторитарлық стиль жағдайында сандық көрсеткіштер деп санап қарағанда екі есе көп жұмыс жасалады, бірақ жұмыс сапасы, қайталанбастығы, жаңалығы, шығармашылық элементтер төмен болады. Авторитарлық стиль сандық нәтижеге, қарапайым, ал демократиялық стиль сапалық, күрделі түрде.
Сынға жақсы көзқарспен қарау. Тұрақты байланыста болады. талап қоя біледі, әділетті. Жиылыс жүргізгенде топ ортасында отырады.
Либералды стиль шығармашылық көзқарасты ынталандыру қажеттілігі үшін қойылған міндеттерді шешуде қолданылады. Екі түрге бөлінеді: либералды және бюроратиялық. Бұл стиль қолданысы Ғылыми Техникалық Революция және тәжірибелік-конструкторлық өңдеуде кең қолданыста. Біруақытта бюрократиялық болады.
Либерал өте сыпайы, ұжымға өтініш білдіру арқылы әсер етеді. Басқарушылық функцияларды орындауда өте пассивті, ағыммен жүзеді. Шиеленістен қорқады, бағын.көзқарасымен келіседі. Жұмсақтық беделге кедергі болады. дистанция маңызды емес.
Автократ басшы көбінесе сапасы бойынша бағынушылардың деңгейінен төмен болады. Жиналыстарда топ көз алдында болуын қалайды.
Либерал (демократ) басшық теориясы бойынша мынадай қағиданы ұсынады:
Адамға ойнау немесе демалу қажет болса, кез келген жұмысты орындау үшін ақыл-ой мен дене күшін жұмсау соншалықты қажет.
Тыйым мақсатына жету үшін сырттан бақылау және жазамен қорқыту күш-жігерді жүмылдырудың бірден -бір құралы емес. Мақсатты шынайы түсінген адам өзін-өзі бақылап, өзіне-өзі басшылық ете алады.
Мақсатқа берілгендік -- соған жетуге байланысты мадақтау қызметі.
Қабілеті орташа адамдар тиісті жағдай болғанда, өзіне жауапкершілік алып қана қоймай, соны орындауға тырысады.
Тапқырлық және ұйымдық проблемаларды іскерлікпен шешу - адамдарда көп кездесетін белгінің бірі.
Кәзіргі өнеркәсіп революциясы жағдайында орта буынның интелектуалдық потенциалы мен қабілеті жарым-жартылай ғана пайдаланылады.
Либерал басшылар ықпал етудің осындай механизмдерін дұрыс деп санайды, ал демократ басшылар қол астындағыларға өз пікірін зорлап міндеттеуден бас тартады.
Демократтық менеджер іскерлік жиналыстарда топтың ортасынан орын алады. Ол еркін сөйлесуге мүмкіндік береді.АҚШ-тың ойдағыдай жұмыс істеп отырған барлық корпорацияларының теориясын ұсынады.
Жапон менеджерлері қызметшілерді баскарудың өзіндік - теориясын үсынады. Бұл адамға қамқорлық жасаудың жапондық ерекшеліктеріне негізделген (қалай тұрады, немен тамақтанады, бос уақытын қалай өткізеді, оның балалары қайда оқиды т.б.).
Үш стилде де өз араларында белгілі бір кедергі болмайды. Істе бірінен екіншісіне ауысып отырады.
Жалпы аталған басқару стильдері шеңберінде басшы мен бағынушылар арасында әсерлесу мүмкін:
-Басшы шешім қабылдайды және бағынушыға команда беріледі.
-Басшы шешім қабылдайды, бағынушытүсіндіреді
-Басшы белгілі бір шешім ұсынып, бағынушы кеңескен соң түзетулер енгізуі мүмкін
-Басшы мәселені алға қойып, бағынушы кеңес пен ұсыныстар ала отырып соның нәтижесінде шешім қабылдайды.
-Басшы шеңбер бекітіп, сол бойынша бағын.өзі шешім қабылдайды.
Әрбір басқару стилінің тиімділігін бағалау үшін американдық ғалым Рэнсис Лайкерт либералды-автократиялық коэффициентін (ЛАК) анықтады. Ол бойынша тиімді нәтиже алу үшін басшылар зорлықтың орнына, екі есе сендіру элементтерін қолдану керектігі айтады. Әрбір нақты жағдайларда стилдер арасында белгілі бір баланс, және олардың біреуінің үлесінің көбеюі басқалардың азаюына әкеледі.

2.2Көп өлшемді басқару стилі
Екі көзқарасқа негізделген: адамзаттық қатынастарды ретке келтіретін қолайлы психологиялық-моральдық климат және ұйымдастырушылық-техникалық жағдай құру арқылы адам өзінің мүмкіндіктерін ашуы. Бұл подходтың үйлесімі басқарушылық тор Р.Блейк және М.Муттонмен берілген.
Басшы стилін таңдауда келесідей негізгі критериялар қолданылады:
-Жеткілікті ақпарат пен бағынушының тәжірибесінің болуы
-Шешім қабылдауға қойылған талап деңгейі
-Мәселенің нақтылығы мен құрылымы
Б-ағынушының ұйым істеріне қатыстық деңгейі және олармен шешім қабылдауға келісім қажеттілігі
-Жеке басшы шешімінің орындаушылардан қолдау табу ықтималдығы
-Мақсатқа жетудегі орындаушылар мүдделігі
-Шешім қабылдау нәтижесі мен бағынушы арасындағы шиеленіс туындаудың ықтималдылық деңгейі
Басшы үш негізгі ақпарат түріне жүгінеді:
1. Қаншалықты бағынушыңың жүріс тұрысы тапсырма ерекшелктеріне негізделген
2. Қаншалықты тұрақты
3. Ерекшелігі

3.Лидерлік

Кез келген басқарушының біліктілігі, тәжірибесі және білімімен қатар, белгілі бір лидерлік қасиеттері болуы қажет.
Лидерлік -- бұл жеке адамдар немесе бір топта адамдарға әсер ету және оларды белгілі бір мақсатқа жету үшін жұмыс процесін басқара алу қабілеті болып табылады.
Бихевиорист ғалымдар лидерліктің анықтамасының мағынасын тиімді қолданудың 3 тәсілін атап көрсеткен:
Жеке адамның қасиеті мен көзқарасы жағынан қарағандағы тәсіл;
-Тәртіптілік тәсіл;
-Жағдайлылық тәсіл.
-Жеке адамдардың лидерлік теориясымен келісілген немесе әйгілі адамдар теориясы жағынан қарастырғанда, басқарушылардың таңдаулылары жеке адамдардың барлығына қатысты қасиеттерге ие болғандары анықталынған. Бұл ойды жетілдіре отырып, былай атап көрсетуте болады: егер адамдар бұл қасиеттерді өз бойларынан таба білсе, онда олар бұл қасиеттерді тәрбиелей алар еді және осымен бірге тәжірибелі жетекші (басқарушы) бола алар еді.
Бұл ерекшеліктер төмендегідей:
1. Интеллектуалды білім деңгейі;
2. Әсерлі сыртқы келбет (бейне);
3. Адалдык;
4. Дұрыс бағыттағы ақыл;
5. Экономикалық және әлеуметтік білім;
6. Өзіне деген сенімділік.
Бірақ әр жағдайда әр түрлі қабілеттілік пен қасиет қажет.
Тәртіптілік тәсіл -- басқарушы стилін жіктеудің негізін немесе тәртіптілік стилін білдіреді. Бұл тәсілде тиімділік басқарушының жеке қасиетімен емес, оның бағынушыларға деген көзқарасымен, қарым-қатынасымен анықталады. Тәртіптілік тәсіл лидерліктің көздеген мақсатының алға жылжуына үлес қосқанымен, оның кемшілігі де бар. Ал ол кемшілік төмендегідей болжамнан туады, яғни басқарудың жалғыз оптимальды стилінің бар екені.
Жағдайлылық тәсіл -- бұл тәсілді жақтаушылардың айтуы бойынша, лидерліктің оптимальдық стилі жағдайға байланысты өзгеріп отыруында. Енді әр тәсілді тереңірек қарастырайык.
Тәртіптілік тәсілдің лидерлік теорияға қосқан үлкен бір үлесінің бірі мынау, яғни бұл тәсіл талдау жасау мен басқару стильдерін жіктеп құрауға көмек көрсетті, дәлірек айтқанда, бұл -- басқарушының өзінің қол астындағы бағынушыларымен ара қатынасы басқарушының тарапынан белгілі бір тәртіптілікке байланысты.

4. Билл Гейтс және Стив Джобс лидер мысалы ретінде

Уи́льям Ге́нри Гейтс III (ағылш. William Henry Gates III; қазанның 28, 1955}}, Сиэтл[4]), немесе Билл Гейтс (ағылш.Bill Gates) -- АҚШ кәсіпкері әрі қоғам қайраткерң, бағдарламалық қамсыздандыру саласының әлемдік көшбасшысы болып табылатын Microsoft Corporation компаниясының негізін қалаушысы (Пол Алленмен бірге) және бұрыңғы президенті, негізгі акционері. 2008 жыл маусым айына дейін оның басқарушысы болған, ал одан бері директорлар кеңесінің атқарушы емес төрағасы лауазымында. Қайырымдылық Билл және Мелинда Гейтстер қоры төрағаларының бірі.
Билл Гейтс -- Форбс журналы бойынша әлемдегі екінші бай адам. Оның байлығының ең биік шыңы 120 млрд. долларға дейін жеткен еді. Майкрософт акцияларына биржалық бағалардың ауытқуына байланысты Гейтс санаулы секундтар ішінде миллиардтарын жоғалтып, оны қайта қалпына келтіре алды. Мемлекет Майкрософтпен соттасады, ал президенттер Гейтсті құрметпен қабылдайды. Алайда қазір ол ақша табудан гөрі, жоқшылықпен күреске ақшасын жұмсауға ерекше мән беруде. Гейтс өсиет хатына сәйкес оның үш баласының әрқайсы тек $10 млн. алады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызметкерді басқару әдістері
Сапа менеджментінің принциптері
«Кәсіпорын немесе ұйым менеджментіндегі персоналды басқару»
Технологиялық процестерді автоматты басқару жүйесі
Жетілдірілген құралдарды басқару
Автоматты реттеуіштің функционалды сұлбасы
Персоналды жоспарлауды ұйымдастыру және персоналдың құрылуы
Автоматтандырылған жүйелердің жіктелуі
Диспетчерлік орталықтандыру құрылғылары
CENTUM VP Станция Операторы
Пәндер