Г. Киссинджер:тұлға әрі саяси қайраткер


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР . . . 2

КІРІСПЕ . . . 3

І -ТАРАУ : Г. КИССИНДЖЕР:ТҰЛҒА ӘРІ САЯСИ ҚАЙРАТКЕР

РЕТІНДЕ . . . 5

1. 1. Жас Киссинджердің әлемі . . . 5

1. 2. Жаһандық элитадағы Г. Киссинджердің рөлі . . . … . . . 11

ІІ - ТАРАУ: ҚЫРҒИ - ҚАБАҚ СОҒЫС КЕЗІНДЕГІ

Г. КИССИНДЖЕРДІҢ

ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ . . . 15

2. 1. Въетнамдағы соғыстың аяқталуы . . . 15

2. 2. Таяу Шығыс мәселесін реттеу . . . 18

  1. . 1970ж КСРО-АҚШ-ҚХР қарым - қатынастары . . . 20

ІІІ - ТАРАУ: Г. КИССИНДЖЕР ТҰЖЫРЫМЫ БОЙЫНША: АҚШ

ЖӘНЕ ЖАҢА ӘЛЕМДІК ТӘРТІП . . . 28

3. 1. Г. Киссинджердің қырғи-қабақ соғыстан кейнгі әлемді құрудағы

рөлі . . . 28

3. 2. Г. Киссинджердің жаңа әлемдік тәртіп моделін әзірлеуі . . . 34

3. 3. 2001ж кейінгі Жаңа әлемдік тәртіп . . . 48

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 52

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДИБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 54

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР

АҚШ - Америка Құрама Штаттары.

ҚХР - Қытай Халық Республикасы.

КСРО - Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы.

CFR - Халықаралық қатынастар жөнінен Кеңес

КИМД - Халықаралық істер бойынша Корольдік Институт

НАТО -Солтүстік Атлантикалық Келісім ұйымы

БҰҰ- Біріккен Ұлттар Ұйымы

СМО - Халықаралық қатынастар жөнінен Кеңес

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Халықаралық қатынастардағы қырғи - қабақ соғыстың аяқталуы, әлемдік құрылыстың қайта құрылуына бастау береді. Алайда қазіргі кездегі болып жатқан жаһандық процесстердің бірқатарын, қазіргі халықаралық жүйеде өтпелі кезеңде тұр деп бағалауға болады.

Қазіргі таңдағы әлемдік тәртіптің контурларын түсіну үшін, әртүрлі халықаралық қатынастар қатысушылары арасындағы қарым- қатынастардың өткендері мен сол уақытта жиып - терген, мол интеллектуалдық қорын мұқият анализден өткізбеске болмайды.

Осы орайда, Генри Киссинджердің сыртқы саяси көзқарастарына зерттеу заңдылық тудырады.

Гарвард университетінің профессоры, Р. Никсон және Дж. Форд әкімшіліктерінде сыртқы саясат бағытын қалыптастыруда басты тұлғалардың бірі болған. Киссинджердің идеяларында халықаралық саясаттың соңғы елу жыл көлеміндегі негізгі мәселелері, тарих, философия және саясаттың өзге сфералары айтылған. Алайда, әлемдік тәртіп мәселесі, Киссинджердің академиялық жұмыстары мен саяси қызметінде де көрсетілген маңызды тақырыптардың бірі.

Киссинджер әрдайым халықаралық саясаттағы ұлттық мемлекет рөлін алға тарта отырып, жазады. Оның тағы да бір қозғаған тақырыптарының қатарына - АҚШ- тың сыртқы саяси дәстүрлері мен саясатын интерпретациялау. ХХ ғасырда АҚШ әлемдік тәртіптің дамуында қалыптастырушы рөл атқарады. Және осы үрдісін ХХІ ғасырда да жалғастырмақ ниетте.

Дипломдық жұмыс үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда Халықаралық аренада үлкен саяси беделге ие Генри Киссинджердің өмірбаянына жалпылама шолу жасалынған. Екінші тарауда Киссинджердің дипломатиялық қызметі туралы қарастырған. Осы орайда Генри Киссинджердің Въетнамдағы соғысты аяқтаудағы, КСРО және ҚХР мен АҚШ арасын жақсартудағы және Таяу Шығыс мәселесін реттеудегі рөлі сарапталған. Бұған қоса, 1960-1980 жж. АҚШ-тың сыртқы саяси тұжырымдамаларының құрылуына қосқан үлесі сипатталған.

Ал үшінші тарауда қырғи-қабақ соғыстарынан кейінгі Киссинджердің АҚШ сыртқы саяси бағытының дамуына қосқан үлесі талданған. Осы мақсатта диплом жұмысында Генри Киссинджер тарихи беделі бар тұлға және саяси қайраткер ретінде қарастырылып, АҚШ дипломатиясын дамыту қызметіне сипаттама берілген. Диплом жұмысында Киссинджердің ұстаздарымен байланысына терен талдау жасалып, Киссинджердің дипломатиялық көзқарастарының қалыптасуына олардың ықпалы көрсетілген. Қысқаша айтар болсақ, диплом жұмысында Генри Киссинджер - көрнекті дипломат, әрі профессор және мемлекет қайраткері екендігі айтылған. Генри Киссинджер қазіргі кездегі әлемдік саясатта беделі бар әйгілі тұлға екендігі көрсетілген.

Диплом жұмыс тақырыбының өзектілігі - диплом жұмысы қазіргі кездегі халықаралық қатынастардағы өзекті тақырыптарының бірі болып табылады. Алдыңғы жылы әлемге деген көзқарасымда төңкеріс жасайтындай ақпарат таптым. Осы ақпарат арқылы әлемдік әлеуметтік кеңістіктің құрылымы мен қызметіне деген ой-тұжырымым біршама өзгерді. Жоғарыда аталған ақпаратты Дж. Коулманның «Комитет 300» атты кітабынан оқып, әлемдегі шынайы билік иелерінің кімдер және мақсат мүдделерінің қандай екенін ұғыну мен үшін қазіргі көзқарастарымның түбегейлі өзгеруіне әкеліп соқтырды. Осы тақырыпта материалдарды зерттеуге деген құлшынысым, диплом жазу қажеттілігімен тұспа - тұс келгендіктен, осы құлшынысым мен қажеттілігімді біріктіруге шешім қабылдадым. Бұл мәселе төңірегінде мәлімет мөлшері аса көп және оларды әлемдік тарихтың осы уақытқа дейінгі тарихи, экономикалық, саяси жақтарынан жан-жақты зерттеу қажет болғандықтан, жұмысымның негізі ретінде соңғы уақыттары пайда болған ерекше жаһандық элита - суперкласстардың біріне саналатын ең ұзақ өмір сүруші, стратегиялық аналитик, дипломат және саясаткер

Г. Киссинджердің дипломатиялық қызметі туралы зерттеуді жөн көрдім.

Диплом жұмысында талқыланған мәселе - Генри Киссинджердің дипломатиялық қызметі туралы.

Диплом жұмысының мақсаты және міндеттері: Зерттеу жұмысының мақсаты - Генри Киссинджердің халықаралық қатынастарға қосқан үлесін зертеу болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін жұмыста төмендегідей міндеттерді алдына қойды:

- Генри Киссинджердің келешек саяси тұлға ретінде қалыптасуын қарастыру.

- Киссинджердің АҚШ сыртқы саяси бағытын қалыптастырудағы рөлі, дипломатиялық жұмысында атқарған қызметі жайлы қарастыру.

- Әлемдік тәртіпті қалыптастырудағы Киссинджер көзқарастарының қалыптасуын зерделеу.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі . Жұмыстың құрылымы алдына қойған мақсаттарға байланысты қысқартылған сөздердерден, кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және дипломдық жұмысқа сілтеме жасаған еңбектердің тізімінен тұрады

І - ТАРАУ Г. КИССИНДЖЕР:ТҰЛҒА ӘРІ САЯСИ ҚАЙРАТКЕР РЕТІНДЕ

  1. Жас Киссинджердің әлемі

Г. Киссинджердің қазіргі күрделі әлемдегі орны мен оның тұлғасына деген қызығушылықтан бұрын, оның кім екенін біліп алған дұрыс. Хайнц -Альфред Киссингер 1923 жылы 27 мамырда Германия аумағындағы, Форт қаласында еврей отбасында дүниеге келді. Әкесі әйелдер гимназиясында дәріс беретін. Германияда билік басына ұлтшылдар келіп, он жасар Хайнцты гимназиядан шығарып жібереді. Отбасын Германиядан Америкаға көшіру идеясы Генридің анасы Паулеге келеді. 1938 жылы ата-анасымен бірге туған жеріндегі озбырлықтан қашып, АҚШ-ты паналайды. Германияда Г. Киссинджердің көптеген туыстары өлім лагерлерінде азап шегіп, бірінен соң бірі сол жерде жан тапсырады. Осының барлығы жас Г. Киссинджердің көзқарасына өшпес таңба қалдырады. Оны озінің бір сөзінде: «Бұл әлемде жаманшылықтың бар екенін білемін, оны өзім көрдім және өмірдің қиялдағы әлемдей идеальды бола алмасын түсініп, онымен күресуді үйрендім»- айтқанынан ескеруге болады. Джереми Суридің «Генри Киссинджер және Америка ғасыры» атты кітабында Киссинджердің өмірін түсінуге деген талпыныс жасалған. Оның өмірін түсіну үшін ең маңызды мән беру керек жайт - оның еврейлік тәрбиесі. Суридің пікірінше, 1923жылы Германиядағы гиперинфляция; 10 жасқа келгенде билік басына Гитлер келуі; 1938жылы жасы 15-ке таяғанда, оның отбасының АҚШ-қа эмиграция жасауы; - міне осылардың барлығы Киссинджер пессимистік ой - көзқарас негізін қалыптастырады. Киссинджер өзінің гарвардттық «Тарих мәні» атты диссертациясында: «Өмір деген қиыншылық, туылу өліммен пара пар»- деуі оның көзқарасындағы пессимистік тұжырымдамалардың болғандығын дәлелдей түседі.

Отбасының АҚШ- на көшіп келу кезін Г. Киссинджер өзінің естеліктерін былайша сипаттайды: «Америкаға қоныс аударардан алдын мен және менің туыстарым өз жерімізде, өзгелер тарапынан шектетушілік пен кемсітушілікті сезінген болатынбыз. Сол бір қараңғы қиын жылдарда менің отбасым мен өзге еврей отбасылары үшін Америка бет-бейнесі ерекше шабыт беретінін, ешқашан ұмытпаспын». 1

1923 жылы орта мектепті тамамдап, Америка азаматтығында осы жылы алады. Сонымен қатар, сол жылы әскер қатарына шақырылады. Неміс тілін жетік білетіндіктен, оны 84 - ші жаяу әскер дивизия құрамында аудармашы болып қызмет етуге жібереді.

Соғыстан кейінгі жылдары Американың оккупациялық зонасында әскери контразведка бөлімінде қызмет атқарады. Сол уақыттары Г. Киссинджер АҚШ-тың әскери және азаматық әкімшілік қызметкерлерімен, сонымен қатар ірі кәсіпкерлердің ықыласына ие болып, олармен байланыс орната бастайды. Германияда кезінде Қола жұлдыз медалімен марапатталады. Әскер қатарында қызмет етуі тұста, оның интеллектуалдық мүмкіншіліктерін неміс иммигранты Фриц Кремер жоғары бағалайды.

1947 жылдың көктем айында АҚШ-қа қайта оралған соң, саясатпен айналысуды жөн көргенімен, ол үшін білімінің жеткіліксіз екеніне байланысты, Гарвард университетіне жоғары білім алу мақсатында түседі.

Университет қабырғасында Генриді оқытушылар, соның ішінде Уильям Эллиот шәкіртінің ерекше және таптырмас ақылына тамсанып, оның философиялық білімін «Кант пен Спиноза» қосындысы деп таниды. Білім ордасында бірге оқитын курстастары да оның қабілетін жоғары бағалағанымен, эгоизмге, өз-өзін ұнатушылыққы және мақтангершілікке бейім екенін атап өткен. Киссинджер өзіне артылған үмітті еке еселеп қайтарады. Гарвард қабырғасында ауқымды көлемдегі диссертацияны қорғап шығады. Киссинджерге ғылыми және саяси көзқарасын қалыптастыруға У. Эллиоттың ықпалы зор болды.

1949жылы Киссинджер Энн Флэйшер мен бірге отау құрады. Екеуінің арасында ұл мен қыз бала дүниеге келеді. 1950жылы Генри бакалавр дәрежесін иемденеді. Бітіруші Генридің дипломдық жұмысы: «Тарихтың мәні - Шпенглер, Тойнби және Канттың сын-пікірі», - деген атпен белгілі. Ал, 1951 жылғы докторлық диссертациясын: «Қайта құрылған бейбіт тәртіп. 1812-1822 жж Каслри, Меттерних және әлемді қайта құру», - атымен қорғап шығады. Осы еңбегі баспаханадан көптеп таратылып, Генридің саясаттану докторы лауазымын алуға мүмкіндік туады. Міне, осылайша Г. Киссинджер сол университетте саясаттану профессоры ретінде ғылыми - зерттеу жұмыстарымен және оқытушылықпен айналысуы басталады. 2

1952жылы Киссинджерді Халықаралық істер бойынша Корольдік Институтқа қарасты Тависок Институтына оқуға жібереді. Ол жерде оны ағылшын монархтарының идеологиясы бойынша тәрбиелеп, саясат пен тарихқа деген көзқарасын өзгертеді. 3

Г. Киссинджердің қызметінде айрықша көңіл аудартатыны, 1955жылы жас кезінде «Халықаралық қатынастар жөнінен Кеңес»(CFR) атты зерттеу тобына қабылдануы еді.

«CFR - АҚШ -тың және әлемнің супер элита құрамына кіретін Рокфеллер мен Морган отбасыларының ат салысуларымен құрылған топ. Бұл топ ресми емес академик ғалымдардан құралды. Олардың басты мақсаттары - соғыстан кейінгі әлемде АҚШ сыртқы саяси стратегиясын қалыптастыру еді. Топ құрамында: В. Вильсон кеңесшісі Мандель Хаус, Уолтер Липпман, ірі банкир Пол Уорбург, Герберт Гувер, Лайонел Кертис және өзге де осы секілді тұлғалар болды. Орталығы Нью-Йорк қаласы. Штаб квартирасы бүгінге дейін АҚШ-тың сауда және мәдениет астанасында орналасқан.

CFR қызметі құрылғаннан бастап, құпия күйінде жұмыстары атқарылуда. Бұл ұйымда АҚШ-тың екі ірі партия өкілдері мен ірі магнаттар қатысады. Қызметтері туралы және олардың қашан, қай жерде жиналатынын БАҚ беттерінде жарияланбайтын болғандықтан, оның жиналыстарына қатысатын адамдарға, арнайы шақыру қағаз жіберіледі, осы арқылы жиналысқа кіруге мүмкіндік алады.

Дәл осы CFR - жабық элитарлы клуб тәріздес. Осы ұйым, билік етуші элитасына елді басқаруға көмектесетін кәсіби мамандар даярлап, өз ісінің шеберлерімен қамтамасыз етіп отырды. Мысалыға, Ален Даллес, Дж. Буш, Г. Киссинджер, Александр Хэйг және т. б. Сонымен қатар, бұл ұйым АҚШ-тың жаһандық саясатты жүргізудегі ұстанымына жауап береді. CFR-дің стратегиялық мақсаты- жер шарының барлық аумағын тура немесе жанама түрде аннексиялау. Яғни, бұл дегеніміз жер шарындағы бүкіл процесске ықпал етуді меңзейтіні көрінуде». 4

Жоғарыда аталғандай, CFR ұйымы Д. Рокфеллердің мұнай және қаржы империясы мен банкир Морган империясы арқылы негізін қалайды. ХХ ғасырдың басынан бастап, мұнай индустриясы үлкен маңызға ие бола бастайды. Осыған байланысты, жас Киссинджер эпохасын және оның әлемдік саясат пен дипломатиядағы фигурасының маңыздылығын түсіну үшін Дж. Рокфеллердің мұнай және қаржы империясының қалай пайда болғандығын білу қажет секілді. Сол себепті әлемдік саясатта маңызды рөл ойнайтын, аталмыш империяның қалыптасу технологиялары мен стратегияларына түсініктеме берейін.

Д. Рокфеллер империясын зерттеу барысында түсінген қызық жайттардың бірі, ол өз бизнесінде қолданатын стратегиялар мен технологиялар, ежелгі еврей өркениетінің стратегияларымен сәйкес келетіні.

Бірінші стратегия - ықпалдастық және өзара көмек стратегиясы. Азаматтық соғыс аяқталып, америкалық өндірістің өрлеу тұсы. 1865 жылдың ақпанында Огайо штаты, мұнай арқасында өркендеуші Кливленд қаласында аса қызықты аукцион өтеді. Қаладағы дамып келе жатқан мұнай өңдеу компаниясындағы басты әріптестер арасында қызмет аясын кеңейту үшін не істей керегін шеше алмай, екеуара дау туады. Дауды аукцион арқылы шешпекші болады. Бұл аукцион ережесі бойынша, үлкен баға ұсынған әріптес компанияның билігін өз қолына ала алады. 500 доллардан 72500 долларға келгенде Морис Кларк женілісін мойындап билік тізгінін Рокфеллерге береді. Осылайша бір-бірінің қолдарын алысып, бейбіт турде тарасады. Осы кол алысу, қазіргі мұнай индустриясының бастауына жол ашады. “Стандард Ойл” компаниясы XIX ғасырдың соңы мен XX басына қарай әлемдегі ең күшті және ірі трансұлттық корпорациялардың біріне айналады.

Екінші стратегия - шығармашылық стратегиясы. Мұнай өңдеу ісінің алғашқы қадамдары сәтті болып Америка тарихындағы жаңа экспансиялық кезеңге жол тартады. Өндірістік кәсіпорындар жаңа технологиялармен бірге дами түседі. Шындығында да XX ғасырдың 30-шы жылдары Америкада шынайы және қайталанбас бизнес уақыты болған еді. Барлық американдықтардың ой өрісімен амбициялары және бойындағы куаттары осы аталмыш мақсатта жұмылдырылатын. Жақында ғана Азаматтық соғыс отымен оралып жатқан аграрлы ел, техникалық жанашылықтар және жаңа ұйымдастыру әдістерін қолдана отырып, әлемдегі ұлы индустриялды державалардың біріне айналды.

Дж. Рокфеллер аталмыш үлкен ойында өзінің мұнай империясын, мұнай өңдеу ісіне капитал кұюуы арқылы кеңейте түсті. Рокфеллер компаниясы темір жол кызметтерінде ең төмен тарифтермен жеңілдіктер алады. Бұл өз кезегінде компанияның өзге бақталастарының алдында баға және пайда мәселелері бойынша сұрақтарына біршама артықшылықтар берді.

Үшінші стратегия - үйлесімділік стратегиясы. Дж. Рокфеллер өзінің ғұмырын, бизнес саласын кеңейту, нығайту, сонымен қоса өнім сапасын жоғарлату және шығындарын жеке бақылауға алуға арнады. Өзінің бақталастарына және нарықтағы өзгерістерге тойтарыс беруі үшін, Рокфеллер өз ұйымының жеткізу және дистрибуция процессін кауіпсіздендіруді қолына ала бастады. Осы максатқа орай үйлесімділік стратегиясы қолданылды. Бұл дегеніміз Дж. Рокфеллер өзінің бөшке өндіру ісі үшін қажетті, ақ емен өсетін жеке меншік жер, цистерналар мен Нью-Йорктан қойма және гудзон аймағынан кемелерді сатып алып, өндірістің қарқынды дамуын ұйымдастырып отырды. Рокфеллер өмірін соңына дейін ұстанған кағида - мықты қаржылық позицияны тұрғызып, оны соңына дейін ұтап тұру.

1860 жылдың соңына қарай, ол өз компаниясының банкир, қаржыгерлер мен алыпсатарларға тәуелді болмауы үшін жеткілікті қаржылық қорларын жинастырып алады. Қол жетімді ақшаның қалтада болуы, компанияның нарықтағы күрт құлдыраулар мен экономикалық дағдарыстардан қорғай алатын болды. Сонымен қатар, күрделі экономикалық жағдайлардан пайда табуға мүмкіндік беретін. Осы стратегия арқылы Рокфеллер, өз компаниясының қайда бара жатқандығын және күнделікті қызметтін бақылауға мүмкіндік алады. Бұл стратегияны қолдану нәтижесінде 1860 жылы соңына қарай Дж. Рокфеллер әлемдегі ең ірі мұнай өндіру компаниясының иесі болды.

Төртінші стратегия - «Көк теңіз» стратегиясы. 1860 соңына қарай мұнайды артық өндірулеріне байланысты, бұл жаңа өндіріс түрі тоқырауға ұшырап, қайта өңдеушілер біршама қаржыларынан қағылады. Осыған байланысты Дж. Рокфеллер, өзге компаниялар қолы жете бермейтін қосымша капиталдарды бизнеске тартып, өзінің бірлестігін акционерлік қауымдастыққа айналдырады. 1870жылдың қаңтарында Дж. Рокфеллер, Г. Флеглер және бес адамның қолдауымен, сапаға негізделген «Стандард Ойл» компаниясының негізін қаланады. Осы стратегия нәтижесінде Дж. Рокфеллер компаниясы жаңа деңгейге көтеріледі. 1979жылы Рокфеллер империясы Американың қайта өңдеу, құбыр желілері және мұнай қоймасы жүйелері мен негізгі транспорттық құралдардың 90% -ын бақылауда ұстады.

Бесінші стратегия- кез-келген жүйе өзін құқықтық құралдармен қорғай алатын, түзу емес және жанама іс әрекеттер стратегиясы. Құқық қорғау органдарымен күресте, қоғамдық ой-пікірлерден компанияны қорғау үшін, Дж. Рокфеллер ішкі тәртіпті нығайта түседі. Заң бойынша, корпорациялар өзге корпорациялардың акцияларын иеленуге болмайды. Осы стратегия нәтижесінде, акцияларды компания емес, оның акционерлері ұстай алды.

Алтыншы стратегия - ақпарат үстемділігі стратегиясы. Осы негізгі стратегия ғасырлар өте толығысып, компанияның басты назарында болады. Ол дегеніміз- өзіндік құны төмен өндіруші ретінде танылу. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін, жаңа технологияларды назарда ұстау, бағаларды бақылауға алу, нарықта кеңеюге жол ашу және қажетті іс-әрекеттер жасауды талап етті. Ақпараттық басымдылыққа орай, «Стандард Ойл» компаниясы бақталастарының алдын орап, Нью-Йорк, Филадельфия, Кливленд және Антверпенде, сонымен қатар Европада өзінің ықпалын кеңейте түседі. Сонымен қатар, компания өзінің осы саладағы бақталастары туралы мәлімет жинауда және нарық жағдайынан хабардар болып отыруы үшін ерекше тыңшылық жүйесін қолдана бастайды.

Жетінші стратегия - қайырымдылық стратегиясы. Мұнай империясы басшыларының ішіндегі ең ақылдысы-Дж. Рокфеллер, 40 жасына қарай АҚШ-тың ең бай адамдарының ондығына кіреді. Ол осы байлығымен қоғаммен бөлісе алатын. Дж. Рокфеллер баптистік шіркеуге баратын және оған жәрдем беруді естен шығармайтын. Кейініректеу, ол ғылымға және медицина мен білім саласының дамуына жәрдемдеседі. ХІХ ғасыр 80жылдардың соңына қарай өз қаражатына қор ұйымдастырып, Чикаго баптистік университетін құруға ат салысады. Уақытының көп бөлігін осы университеттің дамуына және бюджеттің сақталуына жұмсады. 1910жылдарға таяу Дж. Рокфеллердің университетке көрсеткен көмегі шамамен 35 миллион доллар құрады. Ал, жалпы қайырымдылық мақсатта 550 миллион долларды үйлестіріп берген екен. Осындай іс-әрекетімен өзгелерге байлықты бөлісу керек екенін ұқтырғандай болды.

Сегізінші стратегия-бизнестің өркендеуіне қажетті, әлемді ғылыми тұрғыда зерттеу стратегиясы. Рокфеллер компаниясы 1980-1990жж дамуын жалғастырады. Нарық жүйесін дамыту - ең маңызды міндеттердің біріне айналды.

Тоғызыншы стратегия - жаңғырту стратегиясы. Осы уақытқа дейін «Стандард Ойл» компаниясы жер шарына мұнай өнімдерін таратумен айналысқан болса, енді мұнай өндіру ісіне қол жеткізуді мақсат тұтады. Солтүстік -батыс, Огайо штаты, Лайма -Индиана аймағында мұнайдың жаңа қайнар көздері ашылып, әлемдегі мұнай серпілісіне әсер етеді. Осыған байланысты, Дж. Рокфеллер мұнай өндіру ісімен айналысу жөнінде стратегиялық маңызы бар шешім қабылдайды. Осылайша, компания аса ірі көлемдегі шикізат қорына бақылау орнатып, мұнай өндіру әдісін жетілдіруге және өндіріс көлемін, нарық сұраныстарымен баланста ұстауға мүмкіндік алады. Стратегия нәтижесінде, Рокфеллер империясындағы мұнай өндіру ісі жаңғыртылып, кірістер ұлғая түседі.

Оныншы стратегия - әлемге, этникалық құндылықтарды қоса алғанда жаһандық және тұтастық әдісімен жол табу. Рокфеллер өзінің бизнес әлеміндегі әдеттерін жеке өмірінде де қолдана беретін. Дж. Рокфеллер заманы «Алтын ғасыр» кезеңі болатын, мафиоздар үлкен қаражат жиып, асып - тасып өмір кешетін. Ал, Рокфеллердің Нью-Йорктегі мен Понантикодағы жекеменшік үйі сәнді болғанымен, өзге қатарластары секілді байлығын шашып, мақтанушылыққа және әдепсіздікке бармайтын еді. Балаларының тәрбиесіне тың көңіл бөлетін. Бәріне ортақ бір велосипед болатын, осы арқылы балаларын бір-бірімен бөлісуге үйретеді. Рокфеллердің үлкен ұлы мектепке өзге байлардың балалары секілді машинамен емес, жаяу барып, жаяу қайтатын. Және қалта ақша алу үшін әкесінің қожалықтарының бірінде өзге жұмысшылар секілді жұмыс жасап, солармен қатар айлық алатын. 5

Жоғарыда аталған барлық стратегиялар, осыдан бірнеше мыңдаған жылдар бұрын еврейлердің ойлап тапқан стратегияларымен тұспа -тұс сәйкес келеді екен. Осы тәріздес білім ортасында Генри Киссинджерде тәрбиеленеді.

Иудаизмның барлық білім байлығы Генри Киссинджерге ең қуатты стратегиялық аналитик болуға, батыс жобалаушыларының иудей -протестанттық нұсқасында зиялы тұлғаға айналуына мүмкіндік берді.

1. 2. Жаһандық элитадағы Г. Киссинджердің рөлі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАНЖАЛДАРДЫ ҚЫЗМЕТТЕРІ
Қазіргі әлемдік қауіпсіздік мәселесіндегі АҚШ-Ресей сыртқы саяси ұстанымы туралы
ХХ ғасырдың 40-90 жылдарындағы АҚШ-Қытай қарым – қатынастары
Ресейдің дипломатиялық қызметі
Оңтүстік Корей мен Жапония мемлекеттерінің саяси жағдайы
Ұлттық саяси жүйесі
Қытай халық республикасының сыртқы саясаты және әлемдік экономикадағы рөлі
ЧЖОУ ЭНЬЛАЙ – ҚЫТАЙДЫҢ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ САЯСИ ҚАЙРАТКЕРІ
Халықаралық қатынастарды сараптаудың теориялық негіздері
Жаһандану үрдісінің Қазақстанда ұлттық идея қалыптасуына ықпалы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz