Қазақстан Республикасындағы діни экстремизммен күресу
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4
1 Қазақстан Республикасындағы діни экстремизмнің әлеуметтік сипаттамасы
1.1 Діни экстремизм мен терроризм ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 12
1.2 Діни экстремизмді зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
19
2 Экстремистік бағыттағы қылмыстарды қылмыстық.құқықтық талдау
2.1 Экстремистік бағыттағы қылмыстардың түсінігі мен түрлері ... .. 34
2.2 Экстремистік бағыттағы қылмыстардың объективтік және субъективтік белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
2.3 Экстремистік бағыттағы қылмыстардың басқа ұқсас қылмыстардан айырмашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
44
3 Қазақстан Республикасындағы діни экстремизммен күресудің криминологиялық аспектілері
3.1 Діни экстремистік бағыттағы қылмыстардың ахуалы, құрылымы және динамикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
47
3.2 Діни экстремизмнің таралуы мен дамуының себептік.факторлық
кешені ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
51
3.3 Діни экстремистік бағыттағы қылмыс жасаушы тұлғалардың криминологиялық сипаттамасы және оның типологиясы ... ... ...
56
3.4 Діни экстремизмді ескерту, алдын.алу және оның жолын кесудегі құқық қорғау органдары әрекетінің тиімділігі ... ... ... ... ... ...
58
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
69
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
74

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасындағы діни экстремизммен күресудің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектілері зерттелінеді. Халықаралық және Қазақстандық нормативті құқықтық базаның діни экстремистік бағыттағы қылмыспен күрес саласындағы талдауы жасалынады, діни экстремизнің әлеуметтік-құқықтық және этно-психологиялық құбылыс ретінде криминологиялық сипаттамасы ашылып, оның категориялық аппараты қарастырылады. Зерттелетін құбылыстың пайда болып, дамып, таралуына негіз болатын факторларды зерттеу негізінде діни экстремистік әрекеттерді күштермен, құралдармен, әдістермен және ішкі істер органдарына тән қызметтермен алдын-алудың жалпы шараларының дифференцияланған жүйесі ұсынылады.
1 «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты, Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы // www.zakon.kz
2 Абдиров Н. Концептуальные проблемы борьбы с наркотизмом в Республике Казахстан. Монография. А., 1999.
3 А.Ж. Шпекбаев «Діни фундаментализм және экстремизм: саяси өлшем» дөңгелек үстел материалынан. Астана, 12.04.2003 ж.
4 Криминологические аспекты борбы с экстремизмом в Республике Казақстан. Автореферат. Дарменов А.Д. Астана, 2006 г.
5 Организация деятельности органов внутренних дел в сфере противодействие проявлениям религиозного экстремизма. Автореферат. Поминов С.Н. Москва, 2007г.
6 Yeni Yüzyıl газеті, 28.03.1997 күнгі саны
7 Çanga, Mahmut., Kuran-ı Kerim Lugatı, Timaş Yayınları, Istanbul, 1994, 249-251 беттер
8 İbni Hişam, Siretü’n Nebeviyye, I-том, 267-бет
9 Büyük İslam Tarihi, Çağ Yayınları, Istanbul, 1992, 1-том, 263-бет. Көбірек мағлұматтану үшін осы мәтінді терең зерттеген профессор Мұхаммед Хамидұллаһтың мына кітаптарын оқыңыз: Muhammed Hamidullah, İslamda Devlet İdaresi, Istanbul, 1973; İslam Peygamberi, Istanbul, 1980; әл-Уәсаиқ ұс-Сиясия, Бейрұт, Лұбнан, 1969 ж.
10 «Ислам терпимо относился к местным традициям и в то же время удерживал их в приемлемых для себя рамках… все участвовали в формировании исламской культуры, сами развивались и сохранились под покровительством ислама». Қараңыз: Кривец, Е.А., Ислам в Центральной Азии, Леном, Москва, 1999, 23-бет
11 Бартольд, В.В., Культура Мусульманства, Москва, 1998, 23-бет: «Стремление каждого возвеличить свой народ и свою веру не мешало этим культурным элэментам учиться друг у друга; христианин мог иметь учеником мусульманина или язычника, и наоборот»
12 Бартольд, В.В., Культура Мусульманства, 24-бет.
13 Бартольд, В.В., Культура Мусульманства, 12-бет.
14 Бартольд, В.В., Культура Мусульманства, 22-бет.
15 Бартольд, В.В., Культура Мусульманства, 23-бет: «Даже самый передовой из восточнохристианских народов, сирийцы, не выдвинули ни одного ученого, который мог бы сравниться с Фараби, Ибн Синой и Ибн Рушдом»
16 Бартольд, В.В., Тюрки-Двенадцать лекции по истории турецких народов Средней Азии, Алматы, Жалын, 1993, 54-бет
17 Hee-Soo Lee, İslam ve Türk Kültürünün Uzak Doğuya Yayılması, Türkiye Diyanet Vakfı, Ankara, 1991, 40- беттер

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4
1 Қазақстан Республикасындағы діни экстремизмнің әлеуметтік
сипаттамасы
1.1 Діни экстремизм мен терроризм ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 12
1.2 Діни экстремизмді зерттеудің теориялық және әдістемелік
негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 19
2 Экстремистік бағыттағы қылмыстарды қылмыстық-құқықтық талдау
2.1 Экстремистік бағыттағы қылмыстардың түсінігі мен түрлері ... .. 34
2.2 Экстремистік бағыттағы қылмыстардың объективтік және
субъективтік белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
2.3 Экстремистік бағыттағы қылмыстардың басқа ұқсас қылмыстардан
айырмашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44
3 Қазақстан Республикасындағы діни экстремизммен күресудің
криминологиялық аспектілері
3.1 Діни экстремистік бағыттағы қылмыстардың ахуалы, құрылымы және
динамикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 47
3.2 Діни экстремизмнің таралуы мен дамуының себептік-факторлық
кешені ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51
3.3 Діни экстремистік бағыттағы қылмыс жасаушы тұлғалардың
криминологиялық сипаттамасы және оның типологиясы ... ... ... 56
3.4 Діни экстремизмді ескерту, алдын-алу және оның жолын кесудегі
құқық қорғау органдары әрекетінің тиімділігі ... ... ... ... ... ... 58
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 69
Пайдаланылған әдебиеттер 74
тізімі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл дипломдық жұмыста Қазақстан
Республикасындағы діни экстремизммен күресудің қылмыстық-құқықтық және
криминологиялық аспектілері зерттелінеді. Халықаралық және Қазақстандық
нормативті құқықтық базаның діни экстремистік бағыттағы қылмыспен күрес
саласындағы талдауы жасалынады, діни экстремизнің әлеуметтік-құқықтық және
этно-психологиялық құбылыс ретінде криминологиялық сипаттамасы ашылып, оның
категориялық аппараты қарастырылады. Зерттелетін құбылыстың пайда болып,
дамып, таралуына негіз болатын факторларды зерттеу негізінде діни
экстремистік әрекеттерді күштермен, құралдармен, әдістермен және ішкі істер
органдарына тән қызметтермен алдын-алудың жалпы шараларының
дифференцияланған жүйесі ұсынылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кеңестік Одақтың ыдырауы нәтижесінде,
мемлекет тәуелсіздігінің жариялануы Қазақстан Республикасында
демократиялық, құқықтық институттардың, ашық нарықтық экономикалық және
әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесі бар әлеуметтік мемлекет пен дүнияуи
азаматтық қоғамның құрылуына негіз болды. Қазақстан Республикасы әлемдік
қауымдастыққа халықаралық-құқықтық қарым-қатынастардың толыққанды
субъектісі ретінде кіреді. Аталған жиынтық бүкіл елдердің бейбіт өмір
сүруін қамтамасыз ететін жоғары әлеуметтік құндылықтардың сақталуына және
әлемдік қауымдастықты сақтау мен дамытудың жаңа жолдармен анықтайды.
Соңғы 17-18 жылда Орта Азия аумағында жалпы экстремизм түрлерінің
қаупі күшейді. Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және ішінара Қазақстан
Республикаларындағы әртүрлі экстремистік бағыттағы ұйымдар тарапынан болған
жағдайлар, жалпы экстремизмнің түрлерінің, оның ішінде діни экстремизм
құбылысын зерттеудің маңыздылығын көрсетеді. Аталған Республикалардағы
нақты қалыптасып келе жатқан әлеуметтік-саяси ауыртпалық Қазақстан
Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қажетті шаралардың
жасау керектігін айқындайды.
Кез-келген қоғамның діни, ұлттық, саяси қарсылықтары экономикалық
қиындықтарды бұзып шыға отырып, жалпы экстремизм түрлерінің идеологтары
оларды жанжалды тұтандырудың құралы ретінде пайдаланып, Қазақстан
Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.
Діни экстремизм өте ауыр әлеуметтік-құқықтық және этно-психологиялық
мәселе бола отырып, көпаспектілі болып табылады. Яғни діни артықшылық, діни
алауыздық, жеккөрушілік, дінді саясаттандыру сияқты ең шеткі қисынсыз
көзқарастары мен әрекеттері арқылы пайда болатын қоғамға қауіпті құбылыс
болып табылады.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.
Назарбаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауы - Қазақстан-2050
Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты еңбегінде айтып
өткендей, Мемлекет пен азаматтар радикализмнің, экстремизмнің және
терроризмнің барлық түрлері мен бой көрсетулеріне қарсы біртұтас шеп құруға
тиіс.
Діни экстремизм қаупі ерекше алаңдаушылық тудырып отыр. Дінбасылар да
ортақ алаңдаушылық білдіруде.
Біз Жаратушыға деген кіршіксіз сенімнің агрессиялы және қырып-жойғыш
фанатизммен алмасуына жол бермеуіміз керек.
Соқыр фанатизм біздің бейбітсүйгіш халқымыздың психологиясы мен діліне
мүлде жат. Ол Қазақстанның мұсылмандары ұстанатын ханафи мазһабына қарама-
қайшы.
Қазақстандағы экстремизм мен терроризмде идеялық емес, қылмыстық негіз
бар. Жалған діни көпірмеліктің артында қоғамның негізін күл-талқан еткісі
келетін қылмыстық іс-әрекет жасырынып жатыр.
Бұл – біздің еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа шабуыл. Бұл –
біздің мемлекеттігіміз бен азаматтық кемелдігіміздің мықтылығының сынға
түсуі.
Біз діни радикализм мен экстремизмнің пайда болуын бейтараптандыру
мақсатында заңдарымызды жетілдіруіміз керек. Біз терроризмге қарсы заңдарды
да жетілдіруге тиіспіз. Мемлекет қайдан бой көтерсе де, радикализм мен
экстремизмнің жолын кесу керек [1]. Қазақстан Республикасы Президентінің
болжамдық көзқарасын Н.М. Әбдіров былай нақтылай түседі: экстремизмге
қарсылықты іске асыруда кешенді және жүйелі жол қажет. Сонда реттеуші ғана
емес тиым салушы да шаралар қарастырылатын еді [2].
Көпконфессиялы Қазақстан үшін діни экстремизм құбылысы ішкі және
сыртқы саясаты үшін бірдей ауқымды маңызға ие.
Криминологияның, қазіргі саясаттанудың және саяси әлеуметтанудың
шеңберінде соңғы жылдары діни экстремизмнің мәні мен мазмұнына қатысты
ғылыми пікірталастар белсенді жүріп жатыр. Діни экстремизм ұғымы тек
әлеуметтік ғылымдардың түсініктік аппаратында ғана емес, БАҚ –да белсенді
қолданыла бастады. Осындай әр түрлі түсінік мемлекеттік органдар мен
үкіметтік емес ұйымдардың діни экстремизм мен оның пайда болуына қарсы
тұруда белгілі бір қиындықтар тудырады.
Діни экстремизмнің пайда болып таралуына ықпал ететін факторлар мен
себептерін ашуға бағытталған зерттеулер бақылау шараларының жүйесін
ұйымдастырып, жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осыған байланысты ішкі істер
органдары арқылы діни экстремистік әрекеттің алдын-алудың арнайы шараларын
жүзеге асыру қарастырылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қарастырылып отырған тақырып турасындағы
арнайы әдебиеттердің зерттеу мен талдау, діни экстремизмнің алдын-алу
мәселесі ішкі істер органдарында жеткілікті жетілдірмегендігін көрсетеді.
Мәселенің маңыздылығы мен практикалық мәніне қарамастан, қазіргі кезде
Қазақстан Республикасында оны жалпы теориялық және ғылыми- қолданбалы
аспектіде фундаменталды жұмыстар жүргізілмеген. Сонымен қатар діни
экстремизмді алдын-алу жүйесін жасау бойынша кешенді зерттеулер осы кезге
дейін жоқ.
Қазіргі уақытта әлеуметтік патология құбылысы ретінде діни экстремизм
әлеуметтік ғылымдардың әр түрлі бағыттарының назарын өзіне аудартып отыр.
Оны негізінде саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, конфликтология бойынша
мамандар, әлеуметтік және мінез-құлық психологтар, криминологтар,
теологтар, философтар, заңгерлер және басқа мамандар зерттеуде. Алайда
пәнаралық сипаттағы еңбектер жеткіліксіз.
Діни экстремизм құбылысын зерттелуіне қатысты Ресей ғалымдарынан Э.С.
Абдулаев, А.Б. Агапов, Ю.А. Бабинов, Ю.А. Дмитриев, Ю.Н. Демидов, П.В.
Дозорцев, С.В. Дьяков, А.Г. Залужный, И.А. Куницин, В.В. Клочков, А.С.
Ловинюков, С.П. Познышев, А.В. Портнов, Е.М. Шевкопляс.
Діни құқықтық сананың ерекшеліктері туралы Г.П. Лупарев пен А.А.
Могилевскийдің монографиялық еңбектері бар.
Дәстүрлі емес діншілдіктің мәдени, діни, қылмыстық-құқықтық және
криминологиялық мәселелері жөнінде Л.Д. Башкатова, А.Л. Дворкин, И.И.
Добаев, Е.А. Димитрова, Ф.В. Кондатрьев, Ю.И. Полищук, А.Н. Хвыли-Олинтер,
Г.Л. Касторский, Т.Н. Кузнецова, С.А. Лукьянов және О.В. Старковтардың
еңбектері жазылған.
Экстремизмнің әр түрлері (саяси, діни, этно-діни) саяси, әлеуметтік,
геосаяси аспектілері бойынша В.И. Арестов, Л.М. Дробижева, В.И. Худавердян,
С.Г. Москаленко, Д.В. Новиков, В.Б. Коробков, А.А. Ярлыкапов, П.А. Романов,
В.Б. Козлов, Т.А. Скворцова, Т.Н. Кильмашкин, М.И. Телякавов, С.Н. Бокарев,
В.А. Тишков және В.В. Черноусовтардың зерттеу еңбектері бар.
Ұйымдық әрекеттің мәні және ұйым теориясы туралы белгілі шетел
ғалымдары Ф.В. Тейлорь, Г. Файоль, М. Вебер, сонымен қатар Ресейлік В.Г.
Афанасьев, А.И. Берг, А.А. Богданов, В.В. Новожилов, Г.Г. Зуйков, Г.И.
Демин, Н.А. Вознесенский, В.Д. Малков, А.И. Пригожин, В.М. Глушков, В.А.
Лукашов, Г.А. Туманов және басқа ғалымдар еңбектер жазды.
Саяси экстремизмге әлеуметтік позициядан талдау жасаған Ресейлік В.Н.
Арестов, А.С. Грачев, И.В. Манацков, Э.Г. Филимонов сияқты ғалымдардың
еңбектерін атап өтуге болады.
Экстремизм құбылысын зерттеудегі жалпы әдістемелік базасы Ю.М.
Антонян, М.Д. Давитадзе, В.В. Смирнов, Д. Ольшанский, М.П. Киреев сияқты
ресейлік ғалымдардың ұжымдық және жеке ізденістерімен жасалған.
Діни экстремизмнің пайда болып, тарлауына ықпал ететін себептер
сарапталынатын еңбекке М.А. Ражабованың докторлық еңбегін жатқызуға болады.
Ол діни экстремизмді Өзбекстан жағдайында зерттеді. Жұмыстың ерекшелігі
экстремистік бағыттағы діни ұйымдардың экстремизмнің пайда болуы мен іске
асуындағы рөлі және әлеуметтік экономикалық факторлардың экстремистік іс-
әрекеттердің мазмұны мен бағыттылығына ықпал етуін қарастыру.
Жаппай санада экстремизм, діни экстремизм және терроризм
ұғымдары агрессиялықтың, жеккөрушіліктің, қатігездіктің зарядын алып жүруші
синонимдер болып табылады. Терроризм мен экстремизмге көптеген мақалалар,
монографиялар, диссертациялар, ғылыми оқулықтар арналған. Экстремизм-
терроризмнің біршама қауіпті көріністерін зерттеген отандық ғалымдарға С.Т.
Абдрахмановты және Р.Т. Завотпаевты жатқызуға болады.
А.Ж. Шпекбаев ішкі істер органдарының ұйымдасқан қылмыспен күресудің
қиындығын және оның экстремизммен өзара қарым-қатынасын сараптай келе, оған
мемлекет мен оның құқық қорғау органдарының қарсы әрекетінің әсерін
жоғарлату бойынша негізгі жағдайлар мен ұсыныстарды береді [3].
Экстремизмнің алдын-алу мәселесін зерттеу барысындағы Қазақстандық
саясаттанушылардың еңбектеріне ерекше қызығушылық тудырады: Е.В. Тукумов,
Діни-саяси экстремизм Орта Азия елдерінің аумақтық және ұлттық
қауіпсіздігінің қаупі ретінде, К.Н. Бұрханов Орта Азиядағы экстремизм,
сондай-ақ Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты және ішкі саясат
пен талдау орталығының ұжымдық еңбегі: Қазіргі заманғы терроризм: Орта
Азиядан көзқарас профессор М. Әшімбаевтың редакциялығымен.
А.Д. Дәрменовтың Қазақстан Республикасындағы экстремизммен күресудің
криминологиялық аспектілері [4] атты монографиялық еңбегінде экстремизм
құбылысының құқықтық табиғатын ашу, экстремизм, экстремистік әрекет,
экстремистік ұйымдар, экстремистік бағыттағы қылмыстар деген ұғымдарға
құқықтық анықтамалар береді. Қазақстан Республикасындағы экстремизмнің
таралуы мен дамуының себептік-факторлық кешенін айқындайды. Экстремистік
бағыттағы қылмыстарға қарсы кешендік жолдарын негіздеп, қарастырады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі мен басқа нормативтік құқықтық
актілерге өзгерістер мен толықтыруларды енгізуге нақты ұсыныстарды ұсынады.
Қазақстан Республикасындағы ішкі істер органдарына экстремизмді ескерту
жайында бағытталған шаралар жүйесін жасады. Экстремизмнің қоғамға қауіпті 4
(саяси, діни, қылмыстық, ұлттық) түрін ұсынумен қатар, діни экстремизмнің
құқықтық анықтамасын береді.
Ресейлік С.Н. Поминовтың Ішкі істер органдардың діни экстремизм
құбылыстарына қарсы күрес аясындағы қызметін ұйымдастыру [5] атты
диссертациясында діни экстремизм, діни экстремизмнің құбылыстарына қарсы
күрес деген ұғымдарға құқықтық анықтама береді. Діни экстремистік
бағыттағы қылмыстардың алдын-алу, ескерту, болдырмау және оның жолын кесу
үшін ішкі істер органдары қызметі мен әрекетін ұйымдастырудағы құқықтық
нормалар жиынтығын және принциптерін ұсынады. Діни экстремизм құбылыстарына
қарсы күрес аясындағы ішкі істер органдарының қызметінің негізгі бағыттарын
көрсетеді.
Аталған зерттеулер діни экстремизммен күрес практикасы үшін құнды
ақпарат болып табылады. Дегенмен қарастырылып жатқан мәселе бойынша
жинақталған мүмкіндіктерге қарамастан, діни экстремизм ғылыми категория
ретінде жетілмеген. Нақты өмірде діни экстремизмнің барлық мүмкін түрлері
мен формалары қоғамдық қатынастар мен жүргізіліп жатқан әлеуметтік-
экономикалық реформаның ахуалына өзінің әсерін тигізіп келе жатыр.
Діни экстремизм құбылысы деңгейін сараптау келесі тұжырымдарды жасауға
мүмкіндік береді:
- осы құбылысқа арналған жарияланбалардың сандық өсіміне қарамастан,
қазіргі кезге дейін отандық криминологияда діни экстремизммен күреске
арналған кешенді жұмыстардың жетіспеушілігі;
- криминологиялық ғылымда теориялық және қолданбалы деңгейде, діни
экстремизмнің қылмысқа ықпал етуіне арналған еңбектер жоқ, саясаттану,
әлеуметтік психология және криминология негізіндегі діни экстремизм бойынша
фундаменталды еңбектердің аздығы;
- ішкі істер органдарының діни экстремизм пайда болуымен күресуіндегі
алдын-алу әрекеттерін жетілдіру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстардың
жоқтығы;
Жоғарыда аталған аргументтер діни экстремизмге әлеуметтік патология
құбылысы ретінде кешенді әлеуметтік-құқықтық және криминологиялық талдауды
қажет ететіндігіне куә.
Сонымен қатар біздің өзіндік зерттеулеріміз бойынша 2012-2014ж.ж.
аралығындағы Қазақстан Республикасындағы діни экстремизм қылмысы бойынша
салыстырмалы түрде статисткалық мәліметтерге талдау жасадық.
Нәтижесінде байқағанымыз: 2012жыл бойынша жалпы 36 іс қозғалған. Оның
ішінде кәмелет жасқа толмағандар мен әйел адамдар да бар. Кәмелет жасқа
толмағандар бойынша-1, әйел адамдарға қатысты-1 іс қозғалған. 2013 жыл
бойынша: жалпы саны-11, кәмелет жасқа толмағандар бойынша-2, әйел адамдарға
қатысты-1 іс қозғалған. 2014ж бойынша діни экстремизмге қатысты іс
қозғалмаған. Дегенмен Қазақстан Республикасының ҚК 256-1тармағы
(терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде
шақыру, сол сияқты көрсетілген мазмұндағы материалдарды тарату мақсатында
дайындау, сақтау, тарату) бойынша іс қозғалған. Жалпы саны-3.
Дипломдық зерттеудің мақсаты. Діни экстремизмнің құқықтық мәні мен
табиғатын ашу, экстремистік бағыттағы қылмыстарды жасағаны үшін
жауаптылықтың қылмыстық-құқықтық нормаларын талқылау, діни экстремизмнен
күресудің криминологиялық аспектілерін қарастыру, діни экстремизмнің пайда
болуының алдын-алу заңдылықтары мен практикасын ішкі істер органдарында ары
қарай жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.
Мақсат қою келесі міндеттердің шешілуін анықтады:
- діни экстремизммен күрес бойынша халықаралық құқықтық актілерінің
және ұлттық заңнаманың нормаларын салыстырмалық әдіспен, сондай-ақ
жинақталған эмприкалық материалдардың теориялық зерттеулері негізінде діни
экстремизм, діни экстремистік әрекет, діни экстремистік ұйымдар,
дін деген ұғымдарға құқықтық анықтама беру, сонымен қатар діни
экстремизм мен дін деген ұғымдарға дінтану аспектілері бойынша анықтама
беру;
- экстремистік бағыттағы қылмыстардың объективтік және субъективтік
белгілеріне талдау жасау;
- экстремистік бағыттағы қылмыстарды өзге де ұқсас қылмыстардан
айырмашылыған салыстырмалы түрде анықтау;
- діни экстремистік бағыттағы қылмыстардың ахуалын, құрылымын және
динамикасын зерттеу;
- діни экстремизмнің таралуы мен дамуының себептік-факторлық кешенін
қарастыру;
- діни экстремистік бағыттағы қылмыс жасайтын тұлғалар әрекетінің
криминологиялық өлшемдерін негіздеу және олардың іс-әрекетінің типологиясын
жасау;
- ішкі істер органдарының діни экстремизммен күресу процесін
басқарудағы тиімділігін жоғарлату бойынша ұсыныстар жасау;
- діни экстремизмді алдын-алудың қажетті шарасы ретінде мемлекеттік
және қоғамдық ұйымдардың құқық органдарымен бірге заңға сәйкес және қатаң
тәртіпке негізделген жүйе бойынша күресуге ұсыныстар жасау.
Зерттеудің объектісі – қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету
процесінде діни экстремизм құбылыстарынан туындайтын қоғамдық қатынастар.
Зерттеудің пәні – Қазақстан Республикасында діни экстремизм
құбылыстарына қарсы күрес аясындағы криминологиялық, құқықтық және
ұйымдастырушылық шаралары.
Зерттеудің әдістемелік базасы - әлеуметтік-құқықтық құбылыстарды тану
процесіне диалектикалық әдістеме жолы, философия, басқару социолгиясы,
әлеуметтік психология, криминология, мемлекет пен құқық теориясы, теология
және басқа ғылымдардың әдістері. Зерттеудің негізгі әдістері жүйелік-
құрылымдық, талдау, синтез, нақты-социологиялық, салыстырмалы-құқықтық,
статистикалық, теориялық негізде қылмыстық кодекс, құқықтық психология,
философиялық, филологиялық, теологиялық, құқықтық герменевтика әдістері мен
тәсілдері және бақылау мен эмприкалық материалдар пайдаланылды.
Зерттеудің нормативтік базасы - халықаралық, конституциялық,
әкімшілік, қылмыстық, қылмыстық іс-жүргізу және Қазақстан Республикасының
экстремимзмен күресті реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілері.
Зерттеудің эмприкалық базасы – ішкі істер органдары, прокуратура,
ұлттық қауіпсіздік комитеті, сот және қылмыстық-атқару жүйесінің
статистикалық мәліметтері. Діни экстремизмге қарсы күрес туралы отандық
және шетелдік ғалымдардың зерттеу нәтижелері бойынша діни экстремизмнің
құбылыстарына қарсы қолданылған алдын-алу шараларының іс-тәжірбиесі.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы - діни экстремизмнің қоғамға қауіпті
құбылыс екендігін әлеуметтік-құқықтық, криминологиялық, теологиялық
аспектілері тұрғысынан дәлелденуі. Негізгі ғылыми жаңашылдық мына төмендегі
мазмұнда қамтылады:
- діни экстремизмнің құқықтық табиғаты криминологиялық, құқықтық және
теологиялық ғылымдары арасында синтезделген негіздері тұрғысынан ашылуы;
- діни экстремизм, діни экстремистік әрекет, діни экстремистік
ұйымдар, діни экстремистік бағыттағы қылмыстар және дін делінген
ұғымдарға құқықтық анықтаманың берілуі;
- Қазақстан Республикасындағы діни экстремизмнің таралуы мен дамуының
себептік-факторлық кешеннің анықталуы;
- Қазақстан Республикасында діни экстремизмді ескертудің, алдын-
алудың, жолын кесудің, болдырмаудың қажетті іс-шарасы ретінде құқық қорғау
органдары, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың бірлесіп, күресуге және
онымен ішкі істер органдарының мақсатты заңды күресуінің түсініктік
аппаратын теория жүзінде көрсету.
Қорғауға ұсынылған ережелер:
1. Қазақстан Республикасы ҚК 256 бабымен қарастырылған қылмыстың
объектілік жағының алғышарттарын экстремистік сипаттағы істерге шақыруды
қылмыс ретінде қабылдау анық көрсетілетіндей етіп өзгерту. Дегенмен, осы
берілген экстремистік бағыттағы істер тізіміне терроризмді халық алдында
ақтау және басқа да террористік істерді қосудың қажеті жоқ, себебі ол
Қазақстан Республикасы ҚК 255 бабында қылмыс ретінде танылған;
2. Экстремистік қоғам анықтамасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық
Кодексінің заңды техникасының деңгейіне сәйкес келу үшін Қазақстан
Республикасы ҚК 258 бабына қосымша ретінде осы терминнің экстремистік
қоғамның қылмыстық қоғамнан және ұйымдастырылған адамдар тобынан
ерекшелендіретін сипаттарын анықтайтын легальді түсініктемесін тіркеу
қажет. Мысалы, өз қызметін ортық басшылықпен жүзеге асыратын, мүшелері
экстремистік бағыттағы бір немесе бірнеше қылмыстарды жасау мақсатында
бірігетін құрылымдық ұйымдастырылған топ немесе ұйымдастырылған топтардың
бірлесуі экстремистік қоғам болып табылады.
3. Діни экстремизмнің құқықтық табиғаты дегеніміз, шынайы діннің
өзіндік негізінен экстремизм шықпайды, тек өзінің діни сенімі және әрекетін
дұрыс дейтін, дінге тән қағидаларды ұстанбайтын, көрсоқыр сенімнің
жетегінен шыға алмайтын, әсірешіл, өз эмоциясын ұстай алмайтын, бір діни
ұйым (секта) мүшелерінің немесе жеке сенуші тұлғалардың, басқа дүниетаным
мен діни сенімдеріне қарсы мақсаты мен күштеуін қолданатын әрекетінен
туындайтын қоғамға қауіпті құбылыс.
4. Діни экстремизм – қоғам өмірінде құқықтық категориялық құбылыс
ретінде, бір діни ұйымның, сектаның немесе басқа бір қылмыстық
субъектілердің базасында құрылған, ең шеткі қисынсыз көзқарастардың
жақтаушылары болып табылатын, басқа дүниетанымдар мен діни сенімдерге
шыдамсыздықпен қарайтын, бір немесе бірнеше конфессия, секта және басқа да
қылмыстық субъектілердің шеңберінде заңға қайшы тікелей қасақана мақсат
ұстанатын, азаматтардың, тарихи қалыптасқан қоғамның, ұлттық мемлекеттің
құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға бағытталған, діни ұйым, секта және
басқа қылмыстық субъектілер мүшелерінің немесе жеке сенуші тұлғалардың
қоғамға қауіпті іс-әрекеттері.
5. Діни экстремистік әрекет – арнайы ұйымдасқан адамдардың немесе
жеке тұлғаның діни идеологиялық міндеттері арқылы діни экстремистік
мақсатқа қол жеткізуге бағытталған іс-әрекеттерінің жүйесі немесе жүйелігі.
6. Діни экстремистік ұйым (секта) – діни харизматикалық жеке тұлғаның,
діни көзқарастары ортақ адамдардың, басқа қылмыстық субъектілердің
ұйымдастыруымен немесе соттың діни экстремистік ұйым (секта) деп таныған
жалпы діни экстремистік мақсаттарына байланысты құрылған ұйым (секта).
7. Діни экстремистік бағыттағы қылмыстар – конституциялық құрылымға,
қоғамдық және ұлттық қауіпсіздігіне, мемлекеттің тұтастығы мен аумақтық
мызғымастығына, конституция кепілдік беретін азаматтардың және басқа да
субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне, діни сенім бостандығы
немесе ар-ождан бостандығын бұзуға бағытталған қоғамға-қауіпті, қылмыстық-
жазаланатын, тікелей қасақана ниетпен жасалынатын іс-әрекеттер жиынтығы.
8. Дін дегеніміз – Жаратушы тарапынан Пайғамбарлары арқылы
жеткізілген, өзіндік тарихи жолдарымен қалыптасқан, өзіндік жүйесімен
әлемдік ортаға, қоғамға, мемлекетке қауіпті салдары болмайтын негіздер
жиынтығы.
9. Діни экстермизм құбылыстарына жалпы қарсы күрес – мемлекеттің діни
экстремизмге қарсы стратегиялық бағдарламасы негізінде, барлық құқық қорғау
органдарының және қоғам болып жұмылған заңды іс-шаралар кешені арқылы діни
экстремизмнің туындауының себептік жағдайын табу, анықтау және себептерін
жою; діни экстремистік сипаттағы қылмыстарды жасауы мүмкін адамдарды
анықтау, әрі оларға осындай әрекеттерді жібермеу мақсатында заңды іс-
әрекеттермен әсер етуге, өз еркімен бұндай іс-әрекеттерден бас тартыруға
ықпал ету.
10. Діни экстремизм құбылыстарына қарсы ішкі істер органдарының күресі
– діни экстремизм құбылыстарын алдын-алу, ескерту, болдырмау, жолын кесу,
осы бағыттағы қылмыстарды ашу мен тергеу және профилактикалық шараларды
жүргізуге мақсатты бағытталған, ішкі істер органдарының арнаулы қызмет пен
барлық бөлімшелерінің заңды іс-әрекеттері.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК
СИПАТТАМАСЫ
1.1 Діни экстремизм мен терроризм
Ғылым және технология дамудың шырқау шегіне шыққанына және адамзат
бірін-бірін оңайлықпен тани алатын мүмкіншіліктерге ие болғанына
қарамастан, соңғы жылдары діни экстремизм мен терроризм тақырыптарды
бұқаралық ақпарат құралдарында жиі орын алуда. Хақ дін Исламды да шарпып
өтетін осы мәселенің мән-жайы хақында өзімнің ойларымды былайша түсіндіргім
келеді.
Исламият адам және табиғат жаратылысымен толық санасатын, адамның
тумысынан пайда болған қажеттіліктерін жауыз санамайтын, оларды дұрыс һәм
қажетті деп көретін нағыз орта жол. Мәселен, үйлену, жеп-ішу, жұмыс істеу,
байлық тілеу, меншік жинау, араласу, ғылым іздену, тазалық, жыныси қажеттер
т.т. осылардың күллісі де жұмыр басты пенденің бәріне қажетті нәрселер.
Ислам жыныстық қатынасты шектемейді, не болмаса дін жолында жүрмек
болғандар үйленбесін, жанұялы болмасын демейді, қайта, үйленуді, балалы-
шағалы болуды, жанұя мен қоғамды сақтауды насихаттайды. Тек, адамның
жаратылысымен пайда болған әр түрлі қажеттіліктерін халал жолмен табуды,
қанағаттандыруды бұйырады. Сондықтан, зинақорлық, өсімқорлық, маскүнемдік,
нашақорлық сықылды жат қылықтарды лағынеттейді.
Түркілер кіріп-шыққан манихейшілдік, бұддашылдық, маздак сықылды
діндерде ет жеуге, мал союға мүлдем тыйым салынғаны белгілі. Кейін
қабылданған христиандықта болса монахтардың (еркек яки әйел) үйленуіне,
бала қызығын көруіне тыйым салынған. Кейбір діндер дүниелікті жауыз,
күнәкарлық деп санаған да дүние-мүлік жинауды жексұрын ғып көрсеткен.
Пайғамбарымыз жомарт байларды мадақтап, мұсылмандарды саудамен шұғылдануға,
саудада адал болуға және қайырымдылық жасауға шақырған. Исламият дүниелік
байлықты харам деп санамайды. Әбу Бәкір, Осман сықылды сахабалар өз
уақытында дәулетті адамдар еді. Бірақ, дүниелік жинау өмірдің, жаратылыстың
басты мақсаты болмауы керек. Аллаһ Тағалаға жақындататын жолдың бәрі халал,
ал Оның разылығынан алшақтататын әр нәрсе жағымсыз, харам болып саналады,
міне, критериямыз осы болмақ.
Маркстік фәлсәфә жеке меншікті (мүлкият) жамандық атаулының қайнар
көзі деп санаған; сондықтан, меншікті құрытсақ, қоғамдағы барлық жамандықты
жоямыз деп ойлаған. Бірақ, тәжрибе мұның солай болмағанын көрсетті.
Үйткені, меншік сезімі адамның жаратылысында (фитрат) бар нәрсе, меншікті
жою жаратылыс заңдарына қайшы келеді. Адам болмысындағы нәпсі, меншік
хұқұғы болмаса да өзінің арманына жету үшін басқа қайла-шарғыларды іздейді,
табады. Бұл болса қоғамда жаман қылықтардың көбеюіне, ахлақсыздыққа,
құлдыраушылыққа (коррупция) апарып соқтырады. Сондықтан, Исламияттың нағыз
орта жол екені, қайталап айтқанда машрұғ (шарғи, заңды) талаптардың харам
саналмағаны анық болады.
Исламиятта фұндаментализм, экстремизм, терроризм деген нәрселер жоқ.
Бұл Исламияттың өзегіне сәйкес келмейді, үйткені, Ислам дегеннің өзі
бейбітшілік, тыныштық деген сөз. Исламның басты мұраты адамдар арасында
бейбітшіліктің болғаны. Сондықтан, экстремист, террорист деп аталған
топтардан діннен басқа себептерді, мақсаттарды іздеу керек. Олардың саяси,
экономикалық, әскери т.т. мақсаттары, ойлары болғанын тексеру керек. Екінші
мәселе, сондай саяси-экономикалық топтар туралы айтқанда не жазғанда
міндетті түрде Исламдық террористер деген тіркеуді қосатындардың ойы
бөтен. Егер, олардың мақсаты терроризмді, экстремизмді қаралау болса, онда
тек террористтерді немесе экстремистерді айыптар еді олар, Ислам сықылды
бәшериет (күллі адамзат) жаралғалы бері жеткен ең жоғары өркениет
дәрежесіне, ең таза имандылыққа тіл тигізбес еді олар.
Нағыз экстремистік топтардың тауқыметін батыс елдері көруде. Соңғы
жылдары АБД, Еуропа елдерінде саңырау құлақша қаптап кеткен христиан
фундаменталист ұйымдары мен түрлі-түрлі секталар салдарынан мыңдаған
адамдар аянышты халде қаза тапты. Мәселен, АБД-нің Калифорния уилаятындағы
(штатт) Сан Диего қаласында Ұлық бұлақ деп аталған сектаның 39 мүшесі 26
наурыз 1997 күні өздерін улап өлтірген. 18 қараша 1978 күні Оңтүстік
Америкадағы Гуяна мемлекетінің Джеймстаун (Jamestown) қаласында Халықтың
храмы деген сектаның 912 мүшесі циан газымен өз-өзін өлтірген. Фырансаның
Сен Пиер қаласындағы Күн храмы сектасының 16 мүшесі 23 желтоқсан 1995
күні өз-өздерін өртеп өлген. Осы сектаның Швейцарияның екі қаласындағы
мансұбтары (мүшелері) 5 қазан 1994 күні өздерін өртеп өлді. Күн храмы
сектасының Канададағы белсенділері де тыныш тұрған жоқ: шығыс аймақтағы
Морин төбесі деп аталатын мекендегі 5 адам 4 қазан 1994 күні, ал, Сен
Касмирдегі 5 адам болса 23 наурыз 1997 күні өздерін атып не өртеп өлтірген.
Американың Тексас уилаятындағы Вако қалашығындағы Давидиан сектасына мүше
80 адамның 19 сәуір 1993 жылы өздерін өртеп өлтіргені әлем жұртшылығының
әлі де есінде. Филипиндегі рұһбан (монах) Дату Мангайаның сектасының
акциясында 19 қыркүйек 1985 күні 60 адам өзін улы газбен өлтірген [6].
Жуықта, Орталық Африкадағы бір мемлекетте католик шіркеуінің бірнеше мың
мүшесі бірге жан қию рәсімін жасағаны есімізде. Мұның бәрі де
адастырушылардың ісі, бейкүнә адамдарды жалған уағдалармен алдаушылық.
Жалпы ел болып, осындай қауіпті секталардан сақ болуымыз, балаларымызға
лайықты дәрежеде көңіл бөліп, кесірлі ағымдардың қыянаттығынан сақтауымыз
керек.
Соңғы кездерi баспасөз беттерiнде, теледидар хабарлары мен әуе
толқынындағы таралымдарда бiзге орыс тiлi арқалы енген фундаментализм
(iргешiлдiк) сөзiн жиi кездестiрiп жүрміз. Осы мағлұматтарда фундаментализм
сөзі көбінесе мұсылмандық һәм осы дiнге сенушi халықтарға тән мағыналарда
ғана қолданылады! Осы даурықпа хабарлар исламдық фундаменталисттер,
мұсылман фундаменталисттер немесе мұсылмандардың заңнан тыс қауiптi
ұйымдары мен зиянды iс-әрекеттерi деп жырлайды. Бұл терминдi, шын
мағынасын бiлетiн адамдар да бiлмейтiн адамдарша кез келген жерде қолданып,
әйтеуiр, шулата бередi. Ал, ғылыми тұрғыдан екшеп, аталмыш терминнiң сөздiк
һәм энциклопедиялық мағыналары мен дiни-саяси әдебиеттерде пайда болу
барысына қарағанымызда, фундаментализм деген сөздiң хақ дiн Исламмен және
осы хақ дiнге сенушi имандылармен үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын
анықтаймыз.
Ең алдымен, мұсылмандарға пәле болып жабысқан осы фундаментализмнің
сөздiк һәм энциклопедиялық мағыналарын түсiнiп алғанымыз жөн. Бұл сөздiң
түбiрi, көне латын тiлiндегi fundare (фундаре) деген етiстiк. Фундаре –
жерге төсеу деген мағынаны бiлдiредi. Осы етiстiктен fundamentum
(фундаментум) зат есiмі пайда болған. Оның мағынасы – төсегiш, iрге. Кейiн
келе мағынасы толығып, жер тағаны немесе iрге тасы деген түсiнiктердi
беретiн болған. Жә, жоғарыдағы фундаментум, яғни осы күнгi батыс Еуропа
тiлдерiндегi fundament (фундамент) пен онымен бір түбiрден өндiрiлген
фундаментализм сөзiнің мағыналары тым алшақ.
Фундаментализм дегенiмiз дүниежүзiлiк әдебиеттерде бiрiншi ретi
Америкада пайда болған дiни-саяси термин. Мен осы мақаламда терминологиялық
һәм этимологиялық анықтамалы екi беделді деректi алдарыңызға ұсынбақшымын.
Бiрiншiсi күллі әлемге әйгiлi Oxford Advanced Learners’ Dictionary of
Current English (Бүгiнгi ағылшын тiлiн кәмiл үйренушiлердiң Оксфордтық
Сөздiгi) деп аталады. Менiң қолымдағы нұсқасы Оксфорд университетiнiң
баспасы тарапынан 1982 жылы он алтыншы рет басылғаны. Бұл құнды деректе
фундаментализм былай деп түсiндiрiлген; maintenance of the literal
interpretation of the traditional beliefs of the Christian religion (such
as the accuracy of everything in Bible), яғни христиан дiнiнiң дәстүрлі
сенiм-нанымдарын үзiлдi-кесiлдi сақтау (мисалы, Библияда жазылған
нәрселердiң барлығының мүлтiксiз хақ екенiне сену).
Жә, Америкада екi ғасырдан берi қарай жарияланып келе жатқан беделді
Webster’s New World Dictionary of the American Language (Американ тiлiнiң
Вебстер жаңа дүние сөздiгi), 1986 жылғы басылымы. Мұнда фундаментализмнiң
екi мағынасы берiлген;
Жаһан ғалымдары дәрiптеген осы екi беделдi деректе мұсылмандарға жала
болып жабылған фундаментализм сөзінiң хақиқи мағыналары көрсетiлген. Демек,
фундаментализм мұсылмандармен ешқандай қатынасы жоқ ұғым. Христиан
әлемiнiң, әсiресе, солтүстiк Америка мен батыс Еуропа християндарының,
өздерiндегi рухани шиеленiстiктер мен қақтығыстар үшiн тапқан атауларын,
сондай нұқсандар мұсылмандарда да бар шығар-ау деп, жаңылыстықпен
қолдануының салдарынан осы күнi кенедей жабысқан, сүлiктей сорған, осы
мұхиттың аржағынан келген жаладан құтыла алмай жүрмiз!
Ислам деген сөздiң өзi араб тiлiндегi силм - бейбiтшiлiк, тыныштық,
берілу деген сөзден, жә, мұсылман деген мағнаны бiлдiретұғын мұслим сөзі
– бейбiтшiлiкке берiлген, тәсiлiм болған һәм оны сақтаушы деген мағынадан
шыққан. Демек, фундаменталист секiлдi дөрекi де кертартпа сөздер
мұсылмандыққа әсте жараспайтынын, әлбетте, оңайлықпен аңдауға болады.
Мұсылмандар амандасқанда-ақ Әс-саламұ алайкұм! яғни Саған бейбiтшiлiк
болғай! деп, біріне-бірі татулық, тыныштық тілейді ғой. Ал, хақ дiн
Исламның пайғамбары Әз Мұхаммед Ғалайһиссалам бір хадисінде хайрұн нас,
ман йанфағұн нас!, яғни адамзаттың ең жақсысы, ең хайырлысы, адамзатқа ең
пайдалысы! деген. Пайғамбарымыз тағы да бiр сөзiнде әс-салату ғимад-ұд-
дин, яғни дұға дiннiң дiңгегi, негiзi! деген. Ислам ұғымындағы
бейбiтшiлiк Аллаһ Тағаланың ризалығына ие болумен, яғни, жақсы ғамалдар
iстеумен ғана пайда болады. Он төрт ғасырлық тарихында ғылымның,
мәдениеттiң, әдебиеттiң ең озық және пайдалы үлгiлерiн мұралатқан хақ дiн
Исламға және мұсылмандар хақында батыс өлшемдерiндегi атаулардың мағналары
мен шығу тегіне мән берiлместен қолданылуы, бұл ғажайып байлық пен пәктікті
жете түсiнбегендiктiң салдарынан дер едiм!
Ислам және түбірлес сөздер Құран Кәрімде мынандай мағынада
қолданылған; құтылу, сәлеметте болу (68-сүре43-аят), таза жүректі болу
(2689 және 3784), бейбітшілік, амандық, азаттық (2208, 861, 4735),
бейбіт бітім, тыныштық, татуластық (490-91, 1628-87), жамандықтан,
жауыздықтан ада болу, сәлемдесу (654, 746, 1010, 1169, 1324 т.т.),
берілу, тәсілім болу (1933, 2047, 843), құтылған, ыхыласты (271, 492,
4125, 614 т.т.) [7]. Бір жолы, Мәдинедегі Хазраж руынан бір топ адам
Расұлұллаһқа келіп, Ислам туралы сұрайды. Әбден ұғынып болған соң
мұсылмандықты қабылдаған олар былай деген: Біз өшпенділік пен күншілдік
билеп алған бір қоғамның мүшелеріміз. Сенің дініңнің арқасында Аллаһ Тағала
екі ру арасындағы өшпенділікті жояды деп үміт етеміз. Елімізге барып,
үгіттеріңді түсіндіреміз. Аллаһ оларды сенің маңайыңда жинасын деп
тілейміз! [8]. Иә, Исламға дейін үнемі теке-тіресте, шайқаста болған
Мәдинедегі Әус және Хазраж рулары мұсылмандықтан кейін татуласып,
бауырласып кетеді.
Әлем тарихын парақтағанымызда мұсылмандардың әр дәйім бейбітшілік
жағында болғанын көреміз. Үстіміздегі ғасырда болған уақиғалар осыны
растайды. Сондықтан, әлемдік бейбітшіліктің басты кепілі мұсылман үмметі
десек қателеспесбіз.
Пайғамбарымыз Мәдинеге келген соң (622ж.) қаланың саяси тұрақтылығы
мен мұсылмандардың амандығын қамсыз ету мақсатымен іске кіріседі. Үйткені,
Мәдине тұрғындары Мекке сықылды біркелкі араб факторларынан емес, сонымен
қатар йаһұдилер мен басқа жамағаттарды да қамтушы еді. Бұған дейін Мәдинеде
орталық билік пен қала тұрғындары ортақ ымыраға (консенсус) келген басқару
жүйесі болмаған еді. Сахаба Әнес Мәлікұлының (614?-715?) үйінде мұсылмандар
мен ғайри-мұслимдердің уәкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, барлығы
келіскен ортақ жазба мәтін дайындалады. 623ж. Мәдине тұрғындарының барлығы
ұйғарысқан осы келісімшарттың жазба нұсқалары бүгінге жеткен. Осы тоқтамды
Мәдине Ислам Мемлекетінің конституциясы деп атайды ғалымдар [9]. Осы
негізгі заңда қамтылған тақырыптар мен баптардан, және де Пайғамбарымыздан
кейінгі халифалардың жаңа ашылған елдерде ұстанған жолынан мұсылман
билігінің басқа мәдениеттерге кең рұқсат бергенін байқаймыз.
Исламият бөтен мәдениеттерді жатсынған емес. Қайта, оларды өзіне
баулып, олардың жақсы жақтарын алуда ешқандай оқа көрмеген [10].
Пайғамбарымыздың түрік-соғды сауытын киюі, қытайдан әкелінген заттарды
пайдалануы, түрік шатырында соғысқа шығуы, Арабыстанның төрт жағындағы
Мысыр, Бизантия (395-1453), Сасани (224-651) қатарлы патшалықтарға елшілер
жіберіп (630ж.) оларды хақ дінге шақыруы, тіпті император Ираклиймен хат
алмасып тұруы, Оның күллі адам баласына жіберілген елші екенін растайтын
айғақтар. Халифалық дәуірінде де басқа діндер қудаланған жоқ, қайта,
олардың еркін жұмыс істеуіне рұқсат етілді. Мұсылмандар ғайримұслимдердің,
ал олар мұсылмандардың шәкірті, ұстазы болды [11]. Тіпті, академик Бартольд
(1869-1930) христиан ғұламалардың өз діндестерінен гөрі мұсылман
шәкірттерінің көбірек болғанын жазады [12]. Бұл факт мұминдердің ғылымға
деген талабының бәрінен де жоғары болғанын көрсетеді. Ғылымды кім іздесе
және дамытса, әрине сол қызығын көрмек. Ғылымға кім көбірек үлес қосса,
соның ғылымы билемек. Сондықтан, мұсылмандар ғылымның жетекшілігін қолға
алған соң, эллинизмнің беделі төмендеді де мұсылман мәдениеті жоғарылады;
араб тілі һәм мұсылмандардың һәм ғайри-мұслимдердің ғылым тіліне айналды.
Халифа әл-Мансұр (709?-775) Бизантия патшасына хат жолдап математика туралы
кітаптар жіберуін өтінген. Грек, ибрани (иврит), сұрия, парсы тілдерінен
көптеген әдебиеттер арабшаға аударылды. Грекшеден тәржімелер сонау VII
ғасырдың аяғы мен VIII ғасырдың бас шенінде басталды. Әбу Сұфйанның
немересі, Йәзид Мағауияұлының (уаф. 683) баласы Халидтің ханзадалық
дәуірінде кейбір астрономия, медицина, химия кітаптарын грекшеден арабшаға
аудартқызғаны белгілі. Арабшадан да көптеген туындылардың кейінгі
ғасырларда аталмыш тілдерге тәржімеленгенін байқаймыз. Ғайри-мұслимдер
мұсылман билігінде алтын дәуірін бастан кешіріп жатқанда, Еуропадағы
халықтардың тым примитивті өмір сүргенін байқауға болады. Академик Бартольд
литовцылардың сонау XII ғасырға дейін, ал Хиндұқұштағы кафирлардың XIX
ғасырға дейін жабайылар болғанын атап көрсетеді [13].
Ешқандай мәдениеттің өздігінен пайда болмайтыны рас. Әлемді тамсантқан
Ислам мәдениеті пайда болғанда өзінен бұрынғы Мысыр, Месопотамия, Грек,
Парсы, Үнді мәдениеттерін пайдаланғаны, олардың Исламның өзегімен ұштасатын
тұстарын алып, дамытқаны белгілі. Мәселен, әл-Фарабидің басқа дін мен басқа
ұлттың өкілі болғанына қарамастан Стагирит Аристотелдің (м.б. 384-322)
пікірлерін дамытқаны осының бір айғағы. Осы орайда айта кететін бір жәһіт;
ерте дәуірдегі мұсылман зерттеушілері грек, ибрани, парсы, үнді және түркі
тілдеріндегі көп мұраларды хатқа түсіру не аудару арқалы әлемдік
мәдениеттің маңызды мирастарының сақталып қалуына үлкен үлес қосты. Егер
мұсылман ғалымдары мен көрегенді билеушілерінің осы қызметі болмағанда,
бәшәриет көп нәрседен махұрым қалар еді, бүгінгі өркениет сәуиесіне жете
алмас еді.
Мұсылман ғалымдар бар ғылымын жұртшылықтың пайдалануына ұсынды.
Ғылымды күнкөріс пен мәртебе алудың құралы деп көрмеді олар. Бір мисал
келтірелік: Иран патшасы I Шапұр кезінде (241-272) Хұзистан аймағында
Жұндишапұр деген қала орнатылады. Осы шағын қалашық Сасани билеушісі I
Хұсраудың кезінде (531-579) патшалықтың екінші үлкен қаласына айналады.
Мұнда атақты дәрігерлік мектебі пайда болады. Алайда, Жұндишапұрлық
дәрігерлер өздерінің кәсіби сырларын тек өз топтарында ұрпақтан ұрпаққа
қалдырып сақтайды да монополия мен кірістен айырылмас үшін басқа ешкімге
білдірмейді һәм үйретпейді [14]. Аталған аймақ мұсылман билігіне
қаратылғаннан соң ғана мұсылман ғалымдар олардың кейбір ғылымын ашып,
пайдалана алған-ды. Алайда, Ибни Сина сықылды біртуар дәрігерлер болса
жазған кітаптары тек мұсылман елдерінде ғана емес, сонау Еуропаның өзінде
кем дегенде алты ғасыр бойы бас оқулық есебінде оқытылған. Со ғасырлардың
ең мықты батыс елдерінде мұсылман ғалымдарымен салыстырарлық ілімдарлардың
шыға алмағаны осыдан [15]. Бұл жөнінде Бартольд (1869-1930) былай дейді:
Исламның басты артықшылығы, мұсылман әлемінің сол дәуірдегі білімді
халықтардың алдында болуы, әрине, материалдық һәм рухани мәдениет жағынан
бірдей мәдени біріншілікті ұстауында жатады [16].
Мұсылмандардың басқа мәдениеттерге қамқорлық жасағанының енді бір
белгісі олардың жер-су атауларын, кісі есімдерін өзгертпеуі. Күні бүгінге
дейін мұсылман елдерінде Исламнан бұрынғы жағырапиялық атаулар сол қалпында
(дыбыс үндестігінен басқа) қалғаны мұны растайды. Мисалы, Түркиядағы жер,
су, қала, аудан атауларының басым көпшілігі грек тіліндегі бұрынғы атауымен
қалған. Тек, түрік тілінің үндестік заңына сәйкестендірілген; Ыстамбұл,
Анкара, Измир, Трабзон, Анталя, Бұрса т.т. бәрі де ежелгі атауында. Бұдан
басқа Солтүстік Африкадағы Триполи (Либия), Константин (Жазайыр),
Казабланка (Мағриб), Александрия (Ескендерие, Мысыр) т.т. айтуға болады.
Жә, мұсылмандар тарапынан Испанияда, Портұғалияда, Балқан елдерінде
салынған қалаларды санап шығуға сан жетпейді. Мисалы; Италиядағы Палермо
қаласының негізін мұсылмандар қалаған.
Тарихта бірінші рет халифалықтар дәуірінде дүние жүзі мәдениеттері
тығыз араласты; қиыр шығыстағы Қытай мәдениетінің жетістіктері батысқа,
мұсылмандардың ғылыми-мәдени табыстары болса қытай еліне мәлім болды. Талас
(751ж.) соғысынан кейін Атлант мұхитынан Қытай мұхитына дейінгі халықтардың
бірін-бірі жақын тануына мұмкіншілік ашылды. Мұсылмандар 3 құрлықтағы
билігінің арқасында халықтар арасында мәдени байланыстардың орнатылуына
орасан зор үлес қосты. Халифалар батыстағы франк, герман, рим патшаларымен
және шығыстағы қытай ханадандарымен тығыз мұғамалада болды; мәселен, қытай
деректерінде халифалықтан 651-798жж. аралығында 37 рет, ал 908-1168жж.
аралығында болса 49 рет елшілік келгені жазылған [17].
Қорыта айтатұғын болсақ, тарихта мәдениет қатынастарының дамып, өзара
бірігуі һәм кірігуі (интеграция) тек Исламнан кейін ғана мүмкін болды. Оған
дейін мәдениеттер арасында өшпенділік пен пышақ сырты ғана байланыс болған
болса, Исламмен бірге шығыс пен батыстың барша мәдениеттері жамырасып,
үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Оған дейін белгілі бір мәдениетке ғана
тән боп есептелген нәрселер мұсылмандардың арқасында бүкіл әлемдік
мәртебеге ие болды. Мисалы, араб цифрлары деп атағы шыққан сандардың ежелгі
дәуірде тек Үндістандықтарға ғана мәлім болғаны белгілі. Мұсылмандар осы
цифрларды жетілдіріп қана қойған жоқ, оларды құр символдықтан шығарып,
мағналы белгілерге айналдырды. Бәшериет тарихында бірінші рет нөл (сыфыр)
цифрін мұсылман ғалымдар тапты уә еңбектерінде пайдаланды; мәселен, нөлді
бірінші рет сан ретінде қолданған Мұхаммед Мұсаұлы әл-Хорезми (780-850)
болды [18]. Арал теңізі маңында дүниеге келген дана бабамыз сонымен қатар 1-
ден төмен қарайғы сандарды белгіледі, жүздік, мыңдық және ондықтарды
жүйелеп, бөліп жазуды көрсетті. Оның бұл табыстары мүмкін тарихтағы ең
маңызды ғылыми жаңалықтарға жатады. Үстіміздегі информация ғасырында,
телекоммуникация дәуірінде мұсылмандар ашқан осы жаңалықтың қызығын бүкіл
әлем көруде. Орыс тіліндегі цифр мен батыс тілдеріндегі cipher сөздері
арабша нөл дегенді білдіретін сыфыр сөзінен алынған. Шындығында араб
сандары рим сандарымен салыстырғанда қолданымы өте икемді һәм оңай. Әл-
Хорезми ашқан бұл жаңалық Еуропаға тек X-XIIғғ. ғана мәлім болған; осы
жаңалықты батысқа жеткізген Герберт есімді адамның абырой-беделінің артқаны
соншалық, кейін ол Рим Папасы сайланған [19]. Оның есімі Папа Силвестер II
болып, Еуропа тарихында қалды. Әл-Хорезмидің Китаб әл-жәбір уә-л Мұқабала
(Алгебра мен теңдіктер кітабы) латын тіліне аударылғанда (XIIғ.) әл-жәбір
сөзі алгебра деп аударылғандықтан осы сөз термин боп қалыптасты. Оның
екінші бір кітабы латыншаға Algorithmi de numero Indorum деп
аударылғандықтан, алгоритм сөзі тағы да терминге айналды.
Адам хұқұқтары жөніндегі үндеудің ХХ ғасырда ғана бекітілгенін
ескерсек, он төрт ғасыр бұрын Раббымыздың Құран Кәримінде барлық адамдардың
хұқұқтарын қорғау міндетін бұйырғанын көріп таң қаламыз:
26183: Адамдардың хұқұқтарын қыспаңдар! Жер бетінде бұзақылық
шығарып, бүлік жасамаңдар! [20].
Міне, көптеген аяттар мен хадистер мұсылмандарды орта жолға,
қанағаттылыққа, адамгершілікке шақыруда. Сондықтан, Аллаһ Тағаланың
бұйрығын орындағысы келетін мұсылман ешқашан да экстремист, террорист т.т.
бола алмайды. Ислам дініндегі автоконтроль жүйесі мұсылмандарды асыра
сілтеушілікке жібермейді. Ислам дінінде дүниедегі өмір мен ахиреттің,
құлшылық пен пендеуи өмірдің, дүнияуилік пен ұхрауиліктің балансы жасалған.
Мұсылман сондықтан ифрат уә тәфриттен, яғни әр түрлі әсірешілдіктен аулақ
болады. Қоғамдағы һәм жанұядағы орнын сақтайды, көршілерімен тату-тәтті
қатынас орнатады, мемлекеттің дамуына үлес қосады. Мұсылмандар ешқашанда
құлатушы болған емес, қайта тұрғызушы болған үммет. Ал, Ислам атын
жамылып адамзатқа зиянды іс-әрекет жасаушылардан сақ болған жөн, олардың
негізінде Исламнан басқа нәрселерді іздестірген жөн. Үйткені, Ислам діні
күллі адамзатқа рахмет ретінде жіберілген дін. Басты мақсаты адам нәсілін
қорғау, көркем ахлақты уағыздау, бейбітшілікті орнату. Дініміздің қадірін
білейік ағайын һәм дінімізді қанаушыларға жол бермейік.
1.2 Діни экстремизмді зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері
Қазіргі кезде әлеуметтік патология құбылысы ретінде діни экстремизм
әлеуметтік ғылымдарының әр түрлі салаларының назарын өзіне аудартуда. Оны
саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, конфликтология бойынша мамандар,
әлеуметтік және мінез-құлық психологтары, теологтар, криминологтар,
философтар, заңгерлер және басқа мамандық иелері зерттеуге талпынуда. Бұл
зерттеушілер өз пәндерінің аспектілері бойынша зерделеу, зерттеу жұмыстарын
жүргізіп жатса да, әлі де барлығының бірлескен ұжымдық кешенді зерттеу
еңбектері жеткіліксіз. Себебі діни экстремизм өте күрделі әлеуметтік-
құқықтық, саяси және этно-психологиялық мәселе бола отырып, көпаспектілі
болып табылады, яғни артықшылық, діни алауыздық, жеккөрушілік, дінді
саясаттандыру және тағы басқа сияқты ең шеткі қисынсыз көзқарастары мен
әрекеттері арқылы пайда болатын қоғамға қауіпті құбылыс болып табылады.
Ең алдымен терроризм, сепаратизм, экстремизм, радикализм,
фундаментализм деп қолданылатын, қоғамға аса қауіпті құбылыстардың
анықтамаларын, өздеріне тән құқықтық табиғаттарының мәнін, пайда болу
себептері мен жағдайларын талдаудан бастау қажет. Өйткені осындай
талдаулардан зерттеліп жатқан тақырыптың мағынасы ашылады.
Ғылыми әдебиеттерде терроризмнің әлемде таралуы трансұлттық жағдайдағы
құбылыс екендігі айтылған [21]. Терроризмнің ұшқындауы мемлекеттік
аппараттың әлсіздігіне, ішкі және сыртқы саясаттың аумағындағы үлкен
есептерге, тарихи, этнопсихологиялық заңдылықтардың туындауына байланысты
болады. Әр түрлі қоғамдық топтардың, бұқаралық ақпарат құралдардың бұл
құбылысқа қатынастарының жүйесі, террорризмнің дамуына немесе оны
қорғаштаудың жанама факторы болып табылады. Көбіне террористік әрекеттерге
жағдайдан шығудың лажсыздық сезімі түрткі болады. Яғни қайсыбір азшылықтың
өзінің жағдайын психологиялық тұрғыдан кемсітілген болып саналуына, әрі
солай бағалауға итермелейді. Көптеген жағдайда мотивациясы (сылтауы) ұқсас:
біздің халық, біздің мәдениет, біздің тіл, біздің сеніміз жоғалудың шегінде
тұр, бізге бәрі жаман қарайды, әрі санаспайды деген сөздер. Жеке террорист
тұлғаның мінез-құлқына тән, оған түрлі террористік әрекетке итермелеуші
бірқатар факторлар бар. Біріншіден, оларға әлемнің идеалдық моделдік
кейіптің арасындағы нақты жағдайда сәйкессіздігі және өз-өзін туындату
мүмкіндіктері. Бұл идеалмен қарама қарсылығы жеке субъективтік сезімге және
әлеуметтік адекватсыздыққа ұласады да; нәтижесінде террорист жеке тұлғаның
санасында мына ой қалыптасады Мен жақсымын, әлем жаман, бұл оның өзінің
заңсыз әрекеттерін бүркемелеудің, әрі өз-өзін моралдық қорғаштаудың,
ақталудың құралы ретінде пайдалануына түрткі болады. Осындай жағдайлардан
кейін, құрылымсыз, жүйесіз, негізсіз дүниетаным мен дүниені сезіну
туындайды. Бұның детерминациясында түрлі этностардың сәйкессіздігі,
этнопсихологиялық қарама қайшылығы жатыр. Құрылымсыз культтардың ядросы
болып, өзінің сенімі үшін өлімге бас тігуге дайын тұратын фанаттардың іс-
әрекеттері болады.
Терроризм термині ең алғаш 1798 жылдан бері қолданылып келеді.
Терроризмнің алғашқы толқыны француз революциясынан басталды. Екінші
толқыны ХІХ ғасырдың соңғы үшінші бөлігінде болды. Ирландия, Македония,
Сербия және бірқатар мемлекеттерде ұлттық-радикалистік терроризм (мақсаты –
ұлттық мемлекетті құру); Франция, Италия, Испания мемлекеттеріндегі
революциялық-демократиялық терроризм (мақсаты – мемлекетті бұзу); Ресейдегі
Халықтық ерік мен Социалист-революционерлер партияларының революциялық-
демократиялық терроризмі (мақсаты – революцияға серпіліс беру); 1910, 1914
- 1934 жылдары аралағында, дүниежүзілік соғыс, 1945 – 1975 жылдардағы
оқиғалар. 1960 – 1970 жылдары жаңа саяси терроризмнің толқыны пайда болды.
Бұл Италия, Германия, Жапония мемлекеттеріндегі соғыстан кейінгі
экономикалық ғажайып жағдайында әлеуметтік құрылымдар мен институттар
экономикалық өзгерістерімен дамып үлгерместен болып жатты. Яғни Қызыл
бригада, Қызыл Армия фракциясы, Жапон Қызыл Армия және көптеген
экстремистік-солшыл ұйымдар (экстремистік-оңшыл ұйымдар аз) жоғары да
аталған мемлекеттердің саяси жағдайын шындығында қиындатты. Бұл ұйымдардың
террроры француз революциясы моделі негізінде қалыптастып, саяси-
идеологиялық күрес құралы ретінде пайдаланылды.
Мемлекеттің реттеуге күші жетпейтін кейбір аумақтарға француз
журналисі Ж.-К. Рюфэн сұр аумақтар деп атауға ұсыныс жасады [22]. Бұл
термин негізінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz