Қазақстан Республикасының ұлттық құқығы мен халықаралық құқықтың арақатынасы (басымдылықтың қалыптасу мәселелерi)



Мазмұны

1 Халықаралық және ұлттық құқық арақатынасының теориялық.әдiстемелiк негiздерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3
1.1 Халықаралық және ұлттық құқық арақатынасының теориялық негiздерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3
1.2 Халықаралық және ұлттық құқық арақатынасының нысандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
15
1.3. Салыстырмалы әдiс және салыстырмалы құқықтанудың әдiстемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
30
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 42
2 Қазақстанның ұлттық құқығы мен халықаралық құқық арақатынасының қазіргі басымдықтары ... ... ... ... ...
46
2.1 Қазақстан Республикасында халықаралық шарттарды конституциялық қамтамасыз ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
46
2.2 Халықаралық құқық нормалары мен қағидаларының Қазақстан Республикасының қазіргі құқығының иерархиясындағы орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

65
2.3 Қазақстан Республикасындағы халықаралық құқық нормаларын имплементациялаудағы басымдықтар ... ... ... ... ...
84
2.4 Адам құқығы халықаралық және ұлттық құқықтың негізгі басымдығы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
105
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 126
3 Қазақстанда сот билігін қалыптасуындағы халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың арақатынасы
131
3.1 Қазақтың әдет.ғұрып құқығының генезисі мен типологиясы және халықаралық құқық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
131
3.2 Сот билігі туралы халықаралық құқық пен Қазақстан заңнамасымен арақатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
146
3.3 Халықаралық құқық нормаларын ұлттық соттар қолдану мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
168
3.4. Саяси қуғын.сүргін құрбандарының құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық және ұлттық нормалар ... ... ..
186
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 201
4 Еуропалық Одақ және Тәуелсіз Мемлекеттер Одағының аумақтық бірлестіктерін қалыптастыру: жалпы және ерекше ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

206
4.1 Еуропалық Одақ және Тәуелсіз Мемлекеттер Одағын құрудың тарихи.құқықтық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
206
4.2 Қазақстан Республикасының Егемендігі және ТМД аумақтық бірлестіктері бойынша ұлтүстілік құқық және ұлтүстілік органдардың құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

225
4.3 Қазақстан Республикасы заңнамасы және ТМД парламентаралық Ассамблеясы ұсыныстық заңнамалық актілерінің қарым.қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

248
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 263
5. Қазақстан Республикасының ұлттық құқығы мен халықаралық құқықтың өзара әрекеттесуін жетілдіру ... ...
268
5.1 Жаһандану жағдайындағы халықаралық құқық ролінің артуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
268
5.2 «Адаптацияланған, яғни қалыптасқан жаңғыру»: мықты және құқықтық мемлекеттің үндестігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
280
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 294
1.1 Халықаралық құқық пен ұлттық құқық арақатынасының теориялық негiздерi
Өзара әрекеттесу, өзара ықпал, сонымен бiрге қазiргi ғаламдану процестерінiң қарқынды ықпалы жағдайында халықаралық және ұлттық құқықтың өкiлеттiктерi шеңберiнiң шектелуi маңызды практикалық және теориялық мәні бар көп жоспарлы ғылыми проблема ретінде қалып отыр. С.И.Ожеговтың орыс тiлінің сөздiгіне сәйкес «өзара байланыс», «өзара әрекеттесу» сөздері «екi құбылыстардың өзара байланысы», «қатынас» мағынасында қолданылады, мысалы, өзара әсер ету, өзара тәуелділік, өзара пайда сияқты. Сондықтан «арақатынас» термині аталған сөздікке сәйкес «бiр нәрселердің арасындағы өзара байланыс, қатынас» мағынасын білдіретін болғандықтан, халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың арақатынасындағы өзара әсер етуді, өзара тәуелдiлiкті және өзара тиiмдiлiкті сипаттайтын термин ретінде бiздiң жұмыста қолданылды. Осы өзара байланыс, арақатынас жүйелiк сипатта болады, және жүйедегі негізгі фактор зат емес, олардың арасындағы байланыс екенін ғылым әлдеқашан дәлелдеп қойғаны белгілі. /1, 21б./ А.К.Гульдің пікірінше, халықаралық және мемлекетішілік құқықтың арақатынасы құқық нормаларының екі жүйесінің өзара байланысын, өзара тәуелділігін, өзара әсерін, сонымен бiрге «белгілі бір мемлекеттің ішкі құқығы нормаларының қазіргі заманғы жалпы демократиялық халықаралық құқық нормаларына сәйкестiгін немесе айырмашылығын» білдіреді. /2, 1б./.
Бірақ бұл екі құқықтық жүйенің өзара ықпалының ұзақ дамуына қарасақ, оның әр кезеңде тең болмағанын, бір жүйенің екінші жүйеден басым болуға ұмтылған бәсекелестік болағаны көрінедi. Кеңес ғалымдары өздерінің социализмнің құқықтық жүйесіне арналған белгiлi еңбектерінде халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың дамуы мен қызмет етуінің әлеуметтік нормативтік ортақтығы олардың бір бірінен басымдығы туралы сұрақтың қойылуының орынсыздығын көрсетеді деп атап өтедi.
Бiз бұл құқықтық сипаттағы емес, саяси сипаттағы көзқарас және социализмнің құқықтық жүйесі жоғары немесе халықаралық құқықтың жалпыға танымал қағидалары мен нормаларына сай келеді деген ережені қорғаудан туындаған деп санаймыз. Бұл шындыққа
5 Бөлімде пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Баймаханов М.Т. Заключительное слово. Материалы Международного круглого стола «Проблемы современного правопонимания»//Научные труды «Әділет». – 2000. – №1 (7). – С. 160.
2. Мукамбаева Г.А. Правопонимание на личностном уровне//Научные труды «Әділет». – 2000. – №1(7). – С. 45.
3. Ударцев С.Ф. Метаправо и правопонимание (о трансформации правопонимания на новом уровне правового развития) //Материалы Международного круглого стола «Проблемы современного правопонимания». Научные труды «Әділет». – 2000. – №1 (7). – С. 29.
4. Котов А.К. Конституционализм в Казахстане: опыт становления и эффективность механизма власти. – Алматы: КазГЮА, 2000. – 288 с.
5. Матюхин А.А. Государство в сфере права: институциональный подход. – Алматы: ВШП «Әділет», 2000. – 596 с.
6. Тихомиров Ю.А. Право: национальное, международное, сравнительное //Государство и право. – 1999. – №8. – С. 5-12.
7. Марченко М.Н. Сравнительное правоведение. Общая часть: Учебник для юридических вузов. – М.: Зерцало, 2001. – 560 с.
8. Российское государство и право на рубеже тысячелетий (Всероссийская научная конференция). – Государство и право. – 2000. – №7. – С. 5-14.
9. Нерсесянц В.С. Право и закон. – М., 1983. – С. 342-353.
10. Токаев К.К. Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации. – Алматы: АО «САК», НП ПИК «GAUHAR», 2000. – 584 с.
11. Дахин В. Контуры имперской системы//Свободная мысль – XXI. Теоретический и политический журнал. – 2001. – №11. – С. 46-55.
12. Либаль М. Основные направления Германской внешней политики//Вестник КазГУ. Серия «Международные отношения и международное право». – 2000. – № 3 (5). – С. 4-8.
13. Тойнби А.Дж. Постижение истории: Пер. с англ. /Сост. Огурцов А.П. – М.: Прогресс, 1991. – 736 с.
14. Тарасов А. «Зардоз» наяву//Континент. – 2001. – №39 (559). – С. 35.
15. Али Хаджи. Ковбойскими методами терроризм не победишь //Юридическая газета. – 2001. – 26 сентября.
16. Сенаторы требуют сухопутной войны//Известия. – 2001,30 октября.
17. Казахстанская правда. – 2001, 30 ноября.
18. Казахстанская правда. – 2001, 29 ноября.
19. Қазақша рефераттар www.temakosan.net
20. Лукашук И.И. Глобализация и международное право//Международное право. Специальный выпуск, июнь 2000. – С. 15 - 33.
21. Юсин М. Битва за Совет Безопасности. Франция вступает в дипломатический поединок с Соединенными Штатами//Известия. – 2003, 26 февраля.
22. Вейсман С. Для Буша невеселое время: его холодно встречают в ООН, а дома популярность идет на убыль//Экспресс К. – 2003, 25 сентября.
23. Ашимбаев М. Мы не должны стать инструментом Белого дома //Экспресс К. – 2003, 1 апреля.
24. Сахаров А.Д. Мир, прогресс, права человека: Статьи и выступления. – Л.: Сов. писатель, 1990. – 128 с.
25. Ландрам Д. Гении, которые ломали правила. – Ростов-на-Дону: Феникс, 1997. – 640 с.
26. Европа в этой войне не участвует. Интервью бывшего советника по национальной безопасности З. Бжезинского//Время ПО. – 2001, 16 ноября.
27. Мелихов И.А. Арабские монархии Персидского залива на этапе модернизации (70-90-е годы)//Автореф. дис. … д-ра истор. наук. – М., 2000. – 41 с.
28. Халабузарь Н. Польские оценки казахстанским реформам: 10 лет суверенитета: взгляд со стороны//Экспресс К. – 2001, 22 декабря.
29. Гражданское общество и правовое государство: предпосылки формирования. – М.: ИГПАН, 1991. – 119 с.
30. Гегель. Философия права. – Собр. соч. 1932-1959 гг., т.7. – с. 255.
31. Фирулева Л.Д., Бучкин А.В. Гражданское общество (проблемы типологии)//Социально-политическое развитие России: Проблемы, поиски, решения. – Ижевск, 1996. – С. 6.
32. Назарбаев Н.А. Без подлинного конституционализма нет открытого цивилизованного общества//Толковый словарь Конституции Республики Казахстан. – Алматы: Жеты Жаргы, 1996 – 366 с.
33. Черниловский З.М. Гражданское общество: опыт исследования // Советское государство и право. – 1992. – № 6. – С. 151.
34. Нерсесянц В.С. Философия права: Учебник для вузов. – М.: Издательская группа ИНФРА-М – НОРМА, 1997. – 652 с.
35. Абсалямова Н. Чтобы суд означал справедливость //Казахстанская правда. – 2001, 7 июня.
36. Баймаханов М.Т. Конституция и процесс построения правового государства//Известия МОиН РК, НАН РК. Серия общественных наук. – 1999. – №4. – С. 5.
37. Абрамов И. Транспарентность и эффективные экономические методы управления//Влияние международно-правовых документов на законодательство Республики Казахстан: Сборник материалов международной научно-теоретической конференции. – Алматы: ОФ политико-правовых исследований «Интерлигал» в Казахстане, 2001.– С. 10.
38. К демократии через целеустремленные реформы//Казахстанская правда. –2001, 27 ноября.
39. Халиков К.Х. Особый характер, исключительность и полнота судебной власти//Зангер. – 2003. – №5. – С. 14-19.
40. Капица П.Л. Наука и общество//Коммунист. – 1987. – №13. – С. 87-88.
41. Кабылбеков М. Наперекор. Казахстан: страна, лидер, оппозиция… Взгляд со стороны//Мегаполис. – 2003, 8 мая.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 207 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi

Абайдiлдинов Е.М.

Қазақстан Республикасының ұлттық құқығы мен халықаралық құқықтың
арақатынасы
(басымдылықтың қалыптасу мәселелерi)

Астана 2010
ӘОЖ 341
ББК67.412
А13

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Ғылыми кеңесімен жариялауға ұсынылған

Пiкiр берушi: заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан
Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигi М.Т.Баймаханов

Абайдiлдинов Е.М. Қазақстан Республикасының ұлттық құқығы мен
халықаралық құқықтың арақатынасы (басымдылықтың қалыптасу мәселелері). –
Астана: ЕҰУ РББ, 2010.-300 б.

ISBN 978-601-7252-52-6

Екiншi өзгерiстермен толықтырылған монография әлемдік қауымдастықта жаңа
саяси-құқықтық шындықтың туындауымен тығыз байланысты, сонымен қатар ұлттық
заңнаманың шұғыл дамуымен, халықаралық құқықпен ұлттық құқық
аспектілерінің, кеңеюімен байланысты шығарылып отыр. Кiтапта халықаралық
және ұлттық құқық арақатынасы нысаны талданған, халықаралық шарттарды
конституциялық қамтамасыз ету, халықаралық құқық нормаларының сот-құқықтық
реформасына тигізіп отырған ықпалы, халықаралық құқықтық нормалар және
қағидаларының ұлттық құқық сәйкестiгiнiң жетiлдiруіне бағытталған ұсыныстар
енгiзiлген.
Басылым заңгерлерге, оқытушыларға және кәсіби қызметкерлерге,
магистранттарға, студенттерге арналған.

УДК341
ББК67.412

ISBN 978-61-7252-52-6 © Е.М.Абайдiлдинов
1 Халықаралық құқық пен ұлттық құқық арақатынасының теориялық-
әдiстемелiк негiздерi

1.1 Халықаралық құқық пен ұлттық құқық арақатынасының теориялық
негiздерi
Өзара әрекеттесу, өзара ықпал, сонымен бiрге қазiргi ғаламдану
процестерінiң қарқынды ықпалы жағдайында халықаралық және ұлттық құқықтың
өкiлеттiктерi шеңберiнiң шектелуi маңызды практикалық және теориялық мәні
бар көп жоспарлы ғылыми проблема ретінде қалып отыр. С.И.Ожеговтың орыс
тiлінің сөздiгіне сәйкес өзара байланыс, өзара әрекеттесу сөздері екi
құбылыстардың өзара байланысы, қатынас мағынасында қолданылады, мысалы,
өзара әсер ету, өзара тәуелділік, өзара пайда сияқты. Сондықтан
арақатынас термині аталған сөздікке сәйкес бiр нәрселердің арасындағы
өзара байланыс, қатынас мағынасын білдіретін болғандықтан, халықаралық
құқық пен ұлттық құқықтың арақатынасындағы өзара әсер етуді, өзара
тәуелдiлiкті және өзара тиiмдiлiкті сипаттайтын термин ретінде бiздiң
жұмыста қолданылды. Осы өзара байланыс, арақатынас жүйелiк сипатта болады,
және жүйедегі негізгі фактор зат емес, олардың арасындағы байланыс екенін
ғылым әлдеқашан дәлелдеп қойғаны белгілі. 1, 21б. А.К.Гульдің пікірінше,
халықаралық және мемлекетішілік құқықтың арақатынасы құқық нормаларының екі
жүйесінің өзара байланысын, өзара тәуелділігін, өзара әсерін, сонымен бiрге
белгілі бір мемлекеттің ішкі құқығы нормаларының қазіргі заманғы жалпы
демократиялық халықаралық құқық нормаларына сәйкестiгін немесе
айырмашылығын білдіреді. 2, 1б..
Бірақ бұл екі құқықтық жүйенің өзара ықпалының ұзақ дамуына қарасақ,
оның әр кезеңде тең болмағанын, бір жүйенің екінші жүйеден басым болуға
ұмтылған бәсекелестік болағаны көрінедi. Кеңес ғалымдары өздерінің
социализмнің құқықтық жүйесіне арналған белгiлi еңбектерінде халықаралық
құқық пен ұлттық құқықтың дамуы мен қызмет етуінің әлеуметтік нормативтік
ортақтығы олардың бір бірінен басымдығы туралы сұрақтың қойылуының
орынсыздығын көрсетеді деп атап өтедi.
Бiз бұл құқықтық сипаттағы емес, саяси сипаттағы көзқарас және
социализмнің құқықтық жүйесі жоғары немесе халықаралық құқықтың жалпыға
танымал қағидалары мен нормаларына сай келеді деген ережені қорғаудан
туындаған деп санаймыз. Бұл шындыққа сай еместігін уақыт көрсетті, М.Т.
Баймаханов өзінің Противоречия в развитии правовой надстройки при
социализме атты еңбегінде қарама қайшылықтар социализмнің құқықтық
жүйесінің өзінде ғана емес, оның басқа құқық жүйелерімен қатынасында да
әрдайым болғанын жазады. Және бұл процесс идеология мен мемлекеттің өмір
сүрген уақытына қарамастан қоғам мен құқықтың диалектикалық дамуына тән,
сондықтан бiз халықаралық және ұлттық құқықтың нормаларының
арақатынасындағы басымдықты анықтау туралы мәселе қоямыз.
Басымдық ұғымы (бір нәрсенің жоғары, артық болуы 4, 508 б.) саяси
құқықтық тұрғыдан алсақ біздің пікірімізше үш негізгі мағынаға ие:
басты, маңызды, негізгі бағыт (құқықтың дамуы, мемлекеттің саясаты,
экономиканың қалыптасуы және т.б.);
белгілі бір норманың, құқықтық институттың, саланың, құқықтық жүйенің
пайда болу уақытына қарай алғашқылығы;
құқықтық нормалардың иерархиясында олардың алатын орны, бір құқықтық
норманың екіншісінен жоғарылығын анықтау, халықаралық құқықтың жалпыға
танымал қағидалары мен нормаларының, халықаралық шарттардың ұлттық
нормативтік құқықтық актілер иерархиясында алатын орны;
Басымдық термині бiрiншi мағынада саяси, экономикалық зерттеулерде,
құжаттарда, бағдарламаларда пайдаланылады. Осылай, Қазақстан Республикасы
жүздеген халықаралық ұйымдар және көптеген конвенциялардың мүшесі және
қатысушысы болып табылады және 64 бірлестіктің алдында қаржы мiндеттемелерi
бар. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы
бойынша сарапшылық кеңес оларды басым және басым емес деп бөлдi. Жарналар
да деңгейіне қарай төленеді. Жарна ең алдымен БҰҰ, ЕҚЫҰ, ДДҰ, ХЕҰ, ЭЫҰ
(экономикалық ынтымақтастық ұйымы), Азық-түлiк және ауылшаруашылық ұйымына,
ЮНЕСКО-ға төленеді. ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның бұл ұйымдарға
мүшелiгi егемендiк пен мемлекеттiң тәуелсiздiгiн күшейтуге мүмкiндiк
туғызады және әлеуметтiк-экономикалық реформалардың жүзеге асыруға қолайлы
жағдай жасайды деп санайды 5. Бiрiншi мағынада бұл термин 2003 жылы
біздің еліміздің сыртқы саяси және сыртқы экономикалық саясатының ең
маңызды аспектілерін қозғаған Парламенттің ратификациялық қызметін айқындау
кезінде де қолданылған. Мысалы, 2003 жылы екiншi шақырылымның төртiншi
сессиясының жұмысы барысында 46 халықаралық шарттар ратификацияланған.
Олардың ішінде Каспийдің солтүстік бойынша түбінің шекарасын белгілеу
туралы Ресей Федерациясымен келісім, Орта Азия аймағындағы көршілерімізбен
шекараны делимитациялау туралы келісімдер бар.
Кез келген елдiң дамуының басым бағыттарын саясаткерлер дамудың барлық
кезеңдерінде ішкі мемлекеттік даму мен халықаралық жағдайдың объективтік
күйі мен мақсаттарын ескере отырып анықтайды. Осылай, жас посткеңестік
мемлекеттер тәуелсiздiктiң алғашқы он жылдығында бұрын жоғалтқан
мемлекеттiктi қалпына келтiру, егемендiктi күшейтуi мәселелерiне көңіл
аударды. Мұны Испан Корольдігінің Қазақстан мен Қырғызстандағы Төтенше және
өкiлеттi Елшiсi Франсико П. де ля Парте нақты байқады: Қазақстан - жас
демократияның типтiк мысалы және осы жағдайда ел басшылары мемлекеттің өмір
сүруі, аумақтық тұтастыққа, саяси құрылымдардың негізгі шеңберіне кепілдік
беру, егемендiкті нығайту сияқты өз мемлекетi үшін басым бағыттарды
анықтауы керек 6.
Қазақстанның Республикасының Президентi Н.А.Назарбаев жаңа мыңжылдықтың
басында бiздiң елдің жаңа басымдықтарын ұсынды: Жаһандану заманының
онжылдығы күн тәртібіне жаңа типтегі жаңа проблемаларды қойды. Біз ұлттық
тәуелсіздігімізді нығайтумен қатар жалпыәлемдік жүйенің өзара тәуелділігін
күшейтуге ат салысуымыз қажет. Біз өзіміздің ұлттық экономикамыздың дамуына
жағдай жасауымыз керек және бұл бізге көрші елдердің өркендеуіне бөгет
болмауы тиіс, керісінше біз бір-бірімізге көмектесуіміз қажет. Біз
өзіміздің қалыптасқан саяси институттарымызды нығайтып қана қоймай аумақтық
ынтымақтастықты да бірге дамытуымыз керек. Біз Орта Азия, Кавказ және Ресей
Федерациясын қамтитын ортақ экономикалық кеңістікке ие бола отырып аумақтық
интеграцияны дамытқымыз келеді 7.
Халықаралық ұйымдар да өзi үшiн басымдылықтарды (қызметінiң ең маңызды
бағыттарын) анықтайды. Мысалы, ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы
жұмысының басты басымдықтарының бiрi лаңкестікпен, экстремизммен,
наркотизммен және ғасырдың басқа да жағымсыз көріністерімен күресу
табылады. Экономикалық қатынастарда да басымдықтар анықталады: 2002 жылдың
сәуiрiнде Манилада Азия Даму Банкiнің штаб-пәтерінде Орта Азиядағы
экономикалық ынтымақтастық бойынша конференция өттi және оның жұмысына
Қазақстанның делегациясы да ат салысты. Жұмыс нәтижесiнде ынтымақтастықтың
неғұрлым басты салалары анықталды: көлiк, энергетика және сауда.
Басымдылықтар нормативтiк құқықтық актілерде де анықталады. Мысалы,
Қазақстан Республиканың Президентiнiң Қазақстан Республикасында шағын
кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың басымдықтары және аймақтық
бағдарламалары туралы Жарлығында үкiметке 1997-1998 жылдарда аумақтық
жағдайларды ескере отырып, тауарлар өндiру мен қызмет көрсету түрлерi
жөнiнде шағын кәсiпкерлiктi дамытудың басымдықтарын анықтау туралы тапсырма
берілді.
Осы терминнің екінші мағынасын (норманың, құқықтық институттың, саланың,
құқықтық жүйенің пайда болу біріншілігін) төменде толық ашпақпыз.
Халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың арақатынасындағы басымдық үшінші
мағынасында бір құқық жүйесі нормасының екінші құқық жүйесінің нормасынан
заңдық күшінің жоғарлылығын білдіреді. Әрине, бұл жоғарылылық абсолюттi
емес, ситуациялық сипатта болады. Салыстырмалы зерттеу сипатында болатын
жұмысымызда бiз халықаралық құқық нормалары мен қағидаларының ұлттық құқық
нормаларының иерархиясына әсер ету деңгейі мен осы иерархиядағы олардың
алатын орнын анықтауды міндеттеріміздің бірі етіп қойдық. Осы жерде
адамзаттың даму процесінде бірде халықаралық құқық ұлттық құқықтан, енді
бірде ұлттық құқық халықаралық құқықтан басым болғанын айта кетуіміз керек.
Кеңес Одағы мен социалистік елдер лагері болған кезде халықаралық құқық пен
ұлттық құқықтың бәсекелестігі анағұрлым теңескен болатын, кеңестік ғылыми
доктрина олар өзара тең деген көзқарасты қатал ұстанды. Қазіргі
постсоциалистік кезеңде халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың өзарақатынасы
жаңа сатыға көтерілді және мұнда халықаралық құқық мемлекетаралық сала да,
мемлекетішілік салада да ұлттық құқықтан басым.
Жұмысымызда біз басымдық (приоритетность) және басымдылық
(примат) терминдерінің екеуін де қолданамыз, бірақ алғашқы термин көбірек
қолданылады. Себебі, бұл термин Қазақстан Республикасының қолданыстағы
Конституциясында қолданылған және халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың
өзара қатынасының заңдық мазмұнын неғұрлым дәл көрсетеді.
Өз зерттеуімізде біз мемлекетішілік құқық, ішкі құқық терминдерін
емес, ұлттық құқық терминін қолданамыз. Мұны атақты өзбек ғалымы
А.Х.Саидов дәл тұжырымдаған: Құқық – бұл жалпыадамзаттық және ұлттық
мәдениет құбылысы, белгілі бір өркениеттің көрінісі. Құқық жалпы, ерекше,
біртұтас бірлік элементтерді құрайды және бұл арада әрі абстрактілі, әрі
нақты ұлттық табиғатқа ие 8, 400б. Бұл ежелгі римнің халықтар, ұлттар
құқығы және халықтар, ұлттар арасындағы құқық деген мағыналарды беретін
res gens және res inter gens терминдерінен де көрінеді. Н.Н.Деев өзінің
еңбектерінің бірінде мемлекеттік-саяси және этникалық даму байланысының
әдістемелік алғышарттарына сүйене отырып, Батыс Еуропаны мысалға ала
халықтардың арасындағы байланысты қарайды. Ғалым тарихта ұлт ұғымы әр
түрлі мазмұнда болғанын айтады. Ежелгі дүниеде natio ұғымы ортақ шығу тек
деген мағынаны берген және gens – тайпа ұғымымен синоним ретінде
қолданылған. Орта ғасырда ұлт деп ортақ тілі бар жергілікті қауымдастықтар
атала бастады, ал Лютер заманында ұлт термині мемлекеттегі барлық
сословиелердің қауымдастығын білдіретін болды. Кейін Ұлы Француз
революциясы кезінде ұлт ұғымы саяси мағынада түсініле бастады, яғни,
мемлекеттегі ортақ заңдарға бағынатын азаматтардың жиынтығын білдіре
бастады. Қазір ұлтты этникалық мағынада да, саяси мағынада да түсіну кең
таралған және олардың мазмұны мен арақатынасына қатысты ортақ пікір жоқ
9.
Ұлттық құқық, ұлттық құқықтық жүйе терминдерін А.А.Рубанов қолданады
10. Ғалым бұл терминдерді қолдануын зерттеу объектісін шектеумен, яғни,
құқық жүйелерінің халықаралық аренада туындайтын барлық қатынастарын емес,
әр түрлі елдердің құқықтары арасындағы қатынастарды ғана
қарастыратындығымен түсіндіреді. Ұлттық құқық немесе ішкі құқық
терминдерін латынамерикандық зерттеушілер де қолданады. Географиялық,
экономикалық, мәдени және т.б. салада Америка Құрама Штаттарымен тығыз
байланыстағы (Қазақстан мен Ресей Федерациясының байланысы сияқты) елдердің
ғылыми ойының тәуелділігі немесе дербестігінің көрсеткіші ретінде олардың
пікірі бізді қызықтырады.
Заңтануда халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың арақатынасы мәселесі
бойынша негізгі екі теория бар – монистік (ұлттық құқықтың халықаралық
құқықтан басымдығы теориясы мен халықаралық құқықтың ұлттық құқықтан
басымдығы теориясы) және дуалистік (халықаралық құқық пен ұлттық құқық
өзара байланысты екі құқықтың жүйесі деген теория).
Бірінші концепция негізінде ұлттық құқықтың халықаралық құқықтан
басымдығы теориясы дайындалды. Оны Гегельдің көзқарасын қолдайтын неміс
заңгерлері қалыптастырды. Халықаралық құқықты мемлекеттің сыртқы құқығы
ретінде сипаттау арқылы Гегель мемлекеттің сыртқы саясатта абсолютті
шектелмейтіндігін, халықаралық құқықтың ұлттық құқыққа (тек қана мемлекет
анықтайтын біртұтас нормалар жүйесі ретінде) тікелей тәуелділігін баса
айтқысы келді 11, 239 б..
Ғалымның бұл жорамалы бүкіл әлемде 1789-жылғы адам мен азамат құқығының
Декларациясына негізделген Ұлы Француз революциясының идеялары, Еркіндік,
Теңдік, Меншік ұранымен қабылданған 1804-жылғы Француз азаматтық кодексі
кең тараған уақытта XIX ғасырдың басында дайындалды. Бұл кодекстің негізгі
ережелері осы уақытқа дейін Францияда және басқа көптеген мемлекеттер де
әрекет етуде. Бұл бір мемлекеттің ұлттық құқығының басқа мемлекеттердің
ұлттық заңнамасының қалыптасуына әсер етуінің нақты мысалы болып табылады
және сонымен бірге олар халықаралық әдет-ғұрыптық нормалардың, кейін
халықаралық шарттық нормалардың пайда болуына да өз әсерлерін тигізді.
Әр түрлі халықтардың көшіп-қонуынан, шекараларға қарамай біреудің жерін
иеленуінен туындаған ұлы көштер кезеңіндегі алғашқы мемлекеттердің пайда
болуы кезінде, одан кейінірек те неғұрлым күшті мемлекеттің, империяның
құқығы басым болды. Соғысу құқығы жаңа заманға дейін мемлекеттер арасындағы
дауды шешудің заңды құралы болып қалды, ал аннексия бір мемлекеттің аумағын
иеленудің заңды тәсілі болды. Мысалы, қазіргі Ресейдің Калининград облысы
бұрынғы Пруссияның бір бөлігі болды және Кеңес Одағы екінші дүниежүзілік
соғыстан кейін оны жеңілген Германиядан алып алды.
Халықаралық құқықтың элементтері өте ерте замандарда қалыптаса бастады.
Бірақ көбінесе ол жеңуші халықтардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін
қалыптасқан болатын. Бұл қасиет Еуропа елдеріне де тән болды және ХVI-XVII
ғасырларда осы ортада қазіргі халықаралық құқық туындады.
М.А.Сарсембаев тек орта ғасырларда егемендік, бейтараптық, тұрақты
елшіліктер мен консулдық өкілдіктер сияқты ұғымдар пайда болғанын айтады,
дегенмен, антикалық дәуірде Ежелгі Рим мемлекеті халықаралық шарт жасады
және онда өздері бағындырған немесе әлі де болса бағына қоймаған
халықтардың тағдырын шешті. Олар мәңгілік бейбітшілік, мәмілеге келу,
достық қатынастар орнатып, одақтар құра алды. Және олардың көпшілігі
тараптардың теңсіздігіне негізделді, Рим оларды басқа халықтарға күшпен
таңды, Ежелгі Римнің халықаралық құқығы ізгілікке сүйенген жоқ. Оларды
тұтқындарды өлтірді, құлдарға айналдырды, басып алған қалаларын тонап,
жойып жіберіп отырды.
Өзінің қалыптасып дамуының алғашқы сатыларында-ақ мемлекетішілік құқық
халықаралық құқыққа әсер ете алды және керісінше халықаралық құқық та
мемлекетішілік құқыққа әсер етті, халықаралық құқықтың бір түрі ретінде
аймақтық құқық, сонымен бірге, дамыған мемлекеттердің құқықтары көрші
елдердің құқығының пайда болуына, қалыптасып дамуына әсер етті. Мысалы,
еуропа (әсіресе, неміс) құқығы Ресей құқығының қалыптасуына, ал орыс құқығы
өз кезегінде ХІХ ғасырдың басында Қазақстанның еуропаланған құқығың пайда
болуына әсер етті. Бұл үрдіс осы күнге дейін жалғасуда, Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай, француз заңнамасы,
соның ішінде Франция Конституциясы 1995-жылы қабылданған Қазақстан
Республикасының Конституциясын дайындауға әсер етті 13, 18 б..
ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында неміс ғалымы А.Цорн Халықтар
құқығының (халықаралық құқық) негіздері, Венцель Юриспруденция негізгі
мәселелері атты жұмыстарында халықаралық құқықты мемлекеттердің сыртқы
құқығы ретінде қарастырады және олар ұлттық құқыққа енгізілген бөлігінде
ғана заңды болады деп айтты.
Қазіргі неміс ғалымы Ф.Куниг халықаралық құқықтың ашықтығы Offenheit,
оның мемлекеттер мен халықаралық құқықтың басқа субъектілерінің арасындағы
достық қатынастардың Völkerrechtsfreundlichkeit қалыптасуына бағытталуына
қатысуы туралы жазады.
Егер ұлттық заңнаманың жаңа халықаралық құқықтың нормаларының пайда
болуына әсері туралы сөз етсек, Н.В.Мироновтың пікірінше, мемлекеттердің
заңнамасында халықтар арасындағы қатынастардың жаңа қағидалары жарияланады
және осыдан кейін олар халықаралық практика кезінде халықаралық-құқықтық
нормашығармашылық нәтижесінде міндетті халықаралық-құқықтық сипатқа ие
болып, халықаралық конвенциялық немесе әдет-ғұрыптық нормаға айналады.
Сонымен бірге, ұлттық заңнама деңгейіне көтерілген бұл қағидалар тиісті
сыртқы қатынастардың ұлттық органдары үшін жүріс-тұрыс ережесіне айналып,
олардың қызметінің бағдарына айналады, осы мемлекеттің сыртқы саяси
ұстанымын айқындайды оның халықаралық тәжірибесі арқылы халықаралық-
құқықтық нормашығармашылыққа әсер етеді. Ішкі құқық халықаралық құқыққа
әсер етуі елдің сыртқы саясатының қағидалары арқылы да жүзеге асырылады
15, 76 б..
Қазақстандық зерттеуші О.Н.Сафонова мемлекетішілік құқық пен халықаралық
құқықты қағаз жүзінде ғана бөлуге болады, ал іс жүзінде олар ұлттық
құқықпен де, халықаралық құқықпен де реттелетін қатынастардың біртұтас
жүйесі деп өте дұрыс айтады 16, 22 б..
XIX-XX ғасырда неміс ғалымы Трипельдің Халықтар құқығы (халықаралық
құқық) және ел құқығы атты еңбегінде дуализм теориясын қалыптастырды.
Дуализм теориясы әлемде, соның ішінде Кеңес Одағында кең тарады. Кеңестік
уақытта ғылымда халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың арақатынасының
деңгейі мен нысаны туралы әр түрлі пікір болды.
Ұлттық заңнама мемлекет ішіндегі қатынастарды реттейді, сондықтан ол
мемлекетішілік құқық, ал халықаралық құқық нормалары мемлекеттік
егемендіктің иесі ретінде мемлекеттер мен халықаралық құқықтың басқа
субъектілерінің арасындағы қатынастарды реттейді деген пікір кең тараған
болатын.
Халықаралық құқықтық жүйе мен ұлттық құқықтық жүйенің табиғатын түсінуге
олардың дамуы мен арақатынасының тарихи тәжірибесін ескеру көмектеседі.
КСРО-ның оқшаулануы мен қырғиқабақ соғыс жылдарында әлемнің екіге бөлінуі
кезінде халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың қатар өмір сүруі кеңестік
саясаткерлер мен халықаралық құқық мамандарына халықаралық құқықтың ұлттық
құқықтан жоғарылылығын мойындамауға негіз болды. Олардың өзара тәуелділігі
де мойындалмады. Сондықтан бұл екі жүйе дербес, олар бір-бірінен туындайды
деген шетелдік ғалымдардың еңбектерін қолдады.
Р.А.Мюллерсон бұл пікірді қолдай отырып ары қарай дамытады. Ол
халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың арақатынасына тән ортақ заңдылықтар
туралы айтады. Формацияның пайда болуы кезеңінде ұлттық құқықтың басымдығын
мойындау тенденциясы байқалады, өркендеп дамуы кезінде халықаралық құқық
пен ұлттық құқықтың теңесуі, яғни дуалистік теорияға сәйкеседі, кейін
формацияның құлдырауы, дағдарысы кезінде халықаралық құқықтың басымдығы
теориясы қалыптасады және оны практикада іске асыруға тырысу байқалады
дейді 17.
ХХ ғасырдың екінші жартысында австриялық ғалым Г.Кельзен ұсынған
халықаралық құқықтың басымдығы теориясы кең тарады. Мемлекетішілік
заңнамада бұл теорияның қолданылуы бір қатар елдердің Конституциясында
халықаралық құқық ішкі құқықтан басым екендігі туралы норманы енгізуден
көрінеді. Қазақстан Республикасының Конституциясының 4 бабының 3 тармағында
Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы
болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап
етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолданылады делінген. Бұл ереже
өзгеріссіз Қазақстанның көптеген нормативті құқықтық актілерде көрсетілген.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Нормативті құқықтық
актілер туралы Заңының 42 бабының 1 тармағы Қазақстан Республиакасының
нормативті құқықтық актілерінің әрекеті Қазақстан Республикасының
азаматтары мен заңды тұлғаларына, сондай-ақ заңнамалық актілер мен ҚР-сы
ратификациялаған халықаралық шарттар қарастырылған жағдайларды қоспағанда,
Қазақстан аумағындағы шетелдік тұлғалар мен азаматтығы жоқ тұлғаларға да
таралады. Дипломатиялық өкілдер және шетелдік мемлекеттер мен халықаралық
ұйымдардың мемлекеттік органдарының кейбір қызметкерлеріне Қазақстан
Республикасының нормативті құқықтық актілері халықаралық шарттармен және
халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидалары, нормаларымен
қарастырылған шегінде таралады (дипломатиялық иммунитет). 1995 жылғы 28
маусымдағы Мұнай туралы Заң күшін иеленуші ҚР-сы Президенті Жарлығының 2
бабының 4 тармағында ҚР-сы мүше болып табылатын халықаралық шартта осы
Жарғыда көрсетілгеннен өзге ережелер бекітілсе халықаралық шарттың
ережелері қолданылады деп көрсетілген. Бұған ұқсас ереже Қазақстан
Республикасының 1994 жылғы 17 желтоқсандағы Шетелдік инвестициялар туралы
Заңында да бекітілген. Осы Заңның 3 бабының 4 тармағында Қазақстан
Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қарастырылғаннан
өзгеше ережелер бекітілсе, халықаралық шарт ережелері қолданылады деп
жарияланған. Бұл ереже 1999 жылғы 10 желтоқсандағы ҚР-ғы еңбек туралы
Заңда өзгешелеу көрсетілген. Заңның 3 бабының 2 тармағында Заңның әрекеті,
егер Конституциямен, заңдармен, ҚР-сы ратификациялаған халықаралық
шарттармен өзге ережелер қарастырылмаса, Қазақстан Республикасында еңбек
қызметін жүзеге асырып жатқан шетелдік тұлғалар мен азаматтығы жоқ
тұлғаларға таралады.
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасының ерекшелігі, Қазақстан
Республикасының ҚК-нің 1 бабында белгіленгендей, оның Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінен құралуында. Қылмыстық жауапкершілікті
қарастырушы өзге заңдар олардың осы Кодекске қосылуынан кейін ғана
қолданылуға жатады. Сондықтан Қылмыстық кодекстің кейбір баптары ұлттық
және халықаралық құқықтың болуы мүмкін коллизияларына сілтемелерді қамтиды
және басымдылықты халықаралық құқық нормаларына береді. Мысалы, ҚК-тің 6
бабының 3 тармағы бойынша Қазақстан Республикасының портына тіркелген
Қазақстан Республикасының шегінен тыс ашық су немесе әуе кеңістігінде
жүрген кемеде қылмыс жасаған адам, егер Қазақстан Республикасының
халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша қылмыстық
жауапқа тартылады. Тағы осы бап бойынша шет мемлекеттердің дипломатиялық
өкілдерінің және иммунитетті пайдаланатын өзге де азаматтардың қылмыстық
жауаптылығы туралы мәселе, егер осы адамдар Қазақстан Республикасының
аумағында қылмыс жасаған жағдайда халықаралық құқық нормаларына сәйкес
шешіледі. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкімшілік
құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 1 бабының 4 тармағында да Қазақстан
Республикасы бекіткен халықаралық шарттар осы Кодекс алдында басымдыққа ие
болады және халықаралық шартты қолдану үшін заң шығару қажет болатын
реттерді қоспағанда, тікелей қолданылады деген конституциялық ереже
қарастырылған. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарында
көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың
ережелері қолданылады. 1994 жылы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Кеңесінің Қаулысымен күшіне енген Қазақстан Республикасының
Азаматтық Кодексінің Жалпы бөлімінің 3 бабында егер Қазақстан Республикасы
қатысушысы болып табылатын халықаралық шартта Қазақстан Республикасының
азаматтық заңдарындағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, аталған
шарттың ережелері қолданылады деп бекітілген. Халықаралық шарттан оны
қолдану үшін республика ішінде құжат шығару талап етілгеннен басқа
жағдайларда, азаматтық қатынастарға Қазақстан Республикасы қатысушысы болып
табылатын халықаралық шарттар тікелей қолданылады. Осылайша азаматтық
заңнама ұлттық құқықтық нормалар үстінен тек қана Парламентпен
ратификацияланған нормалардың ғана емес, Қазақстан Республикасы бекіткен
халықаралық шарттардың өзге де нормаларының басымдығына жол береді.
Кейбір нормативтік құқықтық актілерге жасаған шолу ратификацияланған
халықаралық шарттар нормаларының ұлттық заңнамадан басымдығы туралы
конституциялық ережені салалық заңнамалар түрліше іске асыратындығын
көрсетті. Бір қарағанда үлкен емес көрінетін бұл айырмашылық халықаралық
шарт нормаларын ішкі мемлекеттік құқықта іске асырудың екі жолы бар
екендігін көрсетеді: 1. Ұлттық нормативті құқықтық актілерге сәйкес
өзгертулер мен толықтыруларды міндетті түрде енгізу жолымен (Қылмыстық
кодекс, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекс); 2. Халықаралық құқық
нормаларының тікелей әсер етуі жолымен (азаматтық құқық).
Бірақ ұлттық нормативтік құқықтық актілерде егер Қазақстан Республикасы
қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда осы заңда көрсетілген
ережелерден өзге ереже көзделсе, халықаралық шарт ережесі қолданылады деп
көрсетеді.
Бұл жерде мынадай сұрақ туындайды: егер бұл ереже елдің Конституциясында
бекітіліп қойған болса, нормативтік-құқықтық актілерде қайталап көрсету
артық емес пе?
Біздің ойымызша артық емес. С.В.Поленина пікірінше, мұндай норманың
берілуі тиісті заңды a piori тиісті халықаралық стандарттарға сай деп
жариялау арқылы сот немесе басқа да құқық қолдаушының сол заңды халықаралық
конвенция нормаларына сай екендігін тексеру мүмкіндігін жоққа шығарады
18. Шынымен, халықаралық ұйымдардың тиісті органының ұлттық заңнаманы
халықаралық құқықтың жалпыға танымал нормалары мен қағидаларына сәйкестігін
тексеру процедурасының өзі мемлекеттің беделіне жағымсыз әсер етуі мүмкін.
Сондықтан, жоғарыдағыдай ескерту мұндай жағдайдың болуын жоққа шығарады,
өйткені заң шығарушының өзі ұлттық заңнаманың халықаралық құқыққа
сәйкестігіне кепілдік беріп тұр.
Құқық жүйелері арасындағы қатынастарды жалпы түрде халықаралық құқықтық
жүйенің құрылымына сай келетін үш типке бөлуге болады. Қазіргі ғалымдардың
пікірінше, халықаралық-құқықтық жүйенің ядросын барлық мемлекеттерге
міндетті жалпы халықаралық құқық құрайды. Сонымен бірге, мемлекеттер
тобының арасындағы қатынастарды реттейтін аймақтық халықаралық-құқықтық
кешендер бар. Көптеген нормалар екіжақты қатынастарды реттейді. Аймақтық
және екіжақты нормалар жалпы халықаралық құқыққа сәйкес болуы керек және
олардың жиынтығы жаһандық халықаралық құқықты құрайды 19, 100б.
Бірақ әлемдік құқықтық тәртіптің стратегиялық мәселелері халықаралық
құқықтың жалпыға танымал қағидалары мен нормаларының және әлемнің көптеген
мемлекеттері қатысатын көпжақты шарттардың негізінде шешіледі, ал аймақтық
деңгейдегі стратегиялық мәселелер мен тактикалық мәселелер екіжақты
(мемлекетаралық) шарттар негізінде шешіледі.
Бұл концепциялардың өзектілігі дау тудырмайды. Қазіргі әлем қарама қайшы
тенденцияларға толы: бір жағынан ХХ ғасырдың ортасынан бастап соңына дейін
саяси аренада ондаған тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, қазіргі күні
олар өздерінің ұлттық мемлекеттілігін қалпына келтіруде немесе жаңадан
қалыптастыруы бұл мемлекеттерді сыртқы жағымсыз процестерден қорғауы мүмкін
халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларының олар үшін маңыздылығын
айтады.
Соның нәтижесінде бұл жас мемлекеттер халықаралық құқықтың ішкі ұлттық
құқықтан басымдығының жақтаушысы болады, ал бұл өз кезегінде ішкі ұлттық
құқық нормаларын құруға әсер етеді. Керісінше, әлемнің мықты елдерінде,
экономикалық жағынан дамыған державаларда өз елінің құқығын жетілген,
үлгілі деп санайтын, сондықтан басқа елдердің ішкі құқықтары мен
халықаралық құқық соған сәйкес қалыптасуы тиіс деп есептейтін идеологтар да
табылады. Бұл ұлттық құқықтың халықаралық құқықтан басымдығы туралы
теорияның қазіргі жақтаушылары. Әлемнің көпшілік мемлекеттері іс жүзінде
халықаралық құқықтың қағидалары мен нормаларын ішкі ұлттық құқықпен икемді
үйлестіріп, дуалистік концепцияның өзектілігін көрсетеді.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 1989 жылы 17 қарашада ХХ ғасырдың соңғы он
жылдығын (1990-1999 жж.) Халықаралық құқықтың Онжылдығы деп жариялауы
қазіргі әлемде оның рөлін біршама көтерді. 1989 жылы 17 қарашада
қабылданған БҰҰ Бас Ассамблеясының 44.23 Қарары бойынша Халықаралық
құқықтың Онжылдығының басты мақсаттары болып табылады: а) халықаралық
құқықтың қағидаларының қабылдануы мен құрметтелуіне көмектесу; б)
мемлекеттер арасындағы дауларды бейбіт шешу құралдары мен тәсілдеріне,
соның ішінде Халықаралық Сотқа жүгіну және оны толық сыйлауға көмектесу; в)
халықаралық құқықтың прогрессивті дамуы мен кодификациялануын көтермелеу;
г) халықаралық құқықтың оқытылуын, зерттелуін, таратылуын және кең танылуын
көтермелеу;
1997 жылы 30 қаңтардағы 15157 Қарарында Бас Ассамблея Халықаралық
құқықтың Онжылдығына байланысты әлемнің мемлекеттерін халықаралық құқыққа,
бірінші кезекте, БҰҰ Жарғысына сәйкес қызмет етуге, халықаралық құқықтың
қағидаларының қабылдануы мен құрметтелуіне көмектесуг е, бар көпжақты
шарттарға, соның ішінде халықаралық құқықтың прогрессивті дамуы мен
кодификациялануы саласындағы шарттарға қосылуға шақырды.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, халықаралық қатынастардың
күрделі жүйесіндегі тәртіпті сақтайтын қажетті құрал ретінде халықаралық
құқық әлемнің құндылықтар жүйесінде алғашқы орынға жылжығанын айтуға
болады. Ол әлемдік қауымдастықтың мүдделерін ескере отырып, жаһандық
дамудың маңызды факторы бола алады. Бұл жайтты Біріккен Ұлттар Ұйымы
бірнеше рет атап өткен болатын. Құқықтың үстемдігін, саясатта құқықтың
басымдығын қамтамасыз ететін, құқыққа негізделген қауымдастық, яғни
халықаралық құқықтық қауымдастық құрылуда. Құқықтық қауымдастық құрудың
маңыздылығы сондай, халықаралық құқық Комиссиясы өзінің алғашқы жобасында —
1949 жылғы мемлекеттердің құқықтары мен міндеттерінің Декларациясында
мемлекеттер халықаралық құқық басқаратын қауымдастық құрады деді. Бұл
ережені БҰҰ Бас Ассамблеясы 1949 жылы 6 желтоқсанда қабылдаған Қарарында
бекітті.
Халықаралық құқықтың ұлттық құқықтан басымдығын бекіту ең алдымен ұлттық
құқықта халықаралық құқықтың қағидаларын, нормалары мен түсініктерін
қолданумен қатар жүреді. Бұл мемлекеттердің халықаралық құқықтық нормалар
мен шешімдерді қабылдауға қатысуы мен оларды орындау үшін жауапкершілік
механизмі халықтар мен мемлекеттердің егемендігін қамтамасыз етумен қатар
үйлесуі қажет.
Даулы жағдайлар жекелеген елдердің құқықтарын бұзбайтын арнайы
механизмді талап етеді. Әсіресе, бұл ХХІ ғасырға аяқ басқан әлемдік
қауымдастық үшін өте өзекті, себебі халықаралық саяси жүйеде әр түрлі
полюстілік күшейіп, мүдделер векторы мен олардың соқтығысы кеңеюде.
Сондықтан халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың бір бірімен жолығу шегін
терең зерттеу талап етіледі, ұлттық құқықтық жүйені жетілдіру үшін үнемі
жұмыстар жүргізілуі қажет және бұл халықаралық құқықтық нормалар мен
қағидалармен өзара әрекетінің тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Осы
өзара әрекеттің сипатын, нысанын және құралдарын нақты білу қажет. Қазіргі
таңда Еуропалық аумақтық құқық бар, Тәуелсіз мемлекеттер Достастығының, ТМД
аясында құрылған әр түрлі аумақтық бірлестіктердің құқығы дамуда, жаһандану
күші артуда. Адам құқықтарының басымдығы жарияланып, оларды қорғауға және
қамтамасыз етуге ұлттық құқықтың да, халықаралық құқықтың да күші
бағытталуда.
Біздің зерттеуімізде халықаралық жария құқық пен ұлттық жария құқықтың
арақатынасы қаралады, өйткені мамандардың пікірінше, халықаралық жеке
құқықтың қалыптасу логикасы басқаша, ол ұлттық құқықтан халықаралық құқыққа
айналады және онда өзінің ерекше орны бар.

1.2 Халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың арақатынасы нысандары
Халықаралық және ұлттық құқық арақатынасын жалпы сипаттағанда түрлі
анықтамалар қолданылады: өзара байланыс, бір біріне әсер ету,
бейімделу және т.б. Аталған құқық жүйелері арақатынасының нысандарына
талдау жасаған кезде ғалымдар түрлі терминдер қолданады: жіберу, рецепция,
трансформация, имплементация, ұлттық-құқықтық имплементация, адаптация
(бейімделу), легитимация және т.б. Ұлттық құқыққа халықаралық құқық
нормаларын енгізу процесін сипаттайтын транформация сөзі барынша жиі
қолданылады. Трансформация терминін көптеген ғалымдар қолдамайды. Мысалы,
А.Гринберг итальяндық заңгерлердің (А.Пергола, К.Мортати) тәжірибесіне
талдау жасай отырып, транформация емес, бейімделу терминін қолдану екі
құқықтық тәртіп арақатынасының дуалистік теориясы тұрғысынан барынша
ақталған және процестің өзінің заңды мәнін нақтырақ көрсетеді және соның
арқасында халықаралық-құқықтық норманың қайта құрылуы емес, нақты
халықаралық нормаларға сәйкес келетін ішкі құқықтық нормалардың құрылуы
туралы айтады. Халықаралық және ішкі құқық арақатынасы нысандарын
сипаттайтын терминдердің көптігі әбден ақталған, себебі халықаралық құқық
нормаларының әрекет ету мәселесін әр мемлекет өз бетінше шешеді, өйткені
мемлекеттің мойнына алған халықаралық міндеттемелерді (нормаларды)
орындауды қамтамасыз ету нысандары мен әдістері әр мемлекеттің жеке
құқығына тиесілі, ол ұлттық құқықты жетілдірумен қатар, әрі қарай жемісті
жұмыс жасау үшін халықаралық және ұлттық құқық арақатынасы аясындағы
терминологияны белгілі жүйеге келтіруді талап етеді, өйткені ғылыми
зерттеуге деген маңызды талаптардың бірі зерттеуші қолданатын түсініктердің
нақтылығы болып табылады. Түсініктердің мазмұнын нормативтік, немесе
бірінші кезеңде, доктриналды бекіту құқықты біркелкі норма шығармашылықта,
түсіндіруде және қолдануда маңызды рөл ойнайды.
Ұлттық және халықаралық құқық арақатынасының дәстүрлі нысаны осы
жұмыстың кіріспесінде көрсетілген бірқатар ғалымдардың еңбектерінде көп рет
қарастырылған болатын. Соған қарамастан, халықаралық-құқықтық нормаларды
ғылыми түгендеу (инвентаризация) қажеттілігі, ішкі мемлекеттік құқық
нормаларымен салыстыру негізді, кездейсоқ емес сипатта болу үшін сап
бойынша орналастыру туралы 1980 жылдар ортасында А.М.Васильев жазған
болатын. 20,65.
Ғылыми әдебиеттерде халықаралық және ұлттық құқық арақатынасын
сипаттайтын терминдер мен түсініктер бойынша әр қилылық байқалатындықтан,
біз бұл бөлімде құқық тарихында бұрыннан белгілі құбылыстарды белгілеу үшін
ұлттық және халықаралық құқық арақатынасы нысандарының жіктелуіне
тоқталамыз.
Нақты саны белгісіз және бір бөлігі ғана мемлекеттердің Парламенттерінде
ратификацияланатын халықаралық шарттар халықаралық құқықта басты орынды
алады. Ратификацияланған халықаралық шарттардың саны олардың маңыздылығын
білдірмейді. Көп жақты шарттардың кейбіреуі ғана мүмкін болатын
ратификациялар санын жинай алады. БҰҰ аясында қабылданған Конвенциялардан
мұндайға тек қана БҰҰ-на мүше мемлекеттердің жалпы санының 45
ратификациялаған 1961 жылғы Дипломатиялық қатынастар туралы Вена
конвенциясын жатқызуға болады. Басқа конвенция мен келісімдерге 17, 13, ½
және т.б. қатысады. Бұдан жасайтын қорытынды халықаралық келісімдер
қатысушыларының санын кеңейту әлемдік қауымдастықтың алдына қойған
міндеттерінің бірін білдіреді 21, 64. Бұл халықаралық құқық нормаларының
едәуір табысты және едәуір кең әрекетінің кепілі болып табылады.
Халықаралық-құқықтық құжаттардың әр түрлі деңгейлігі ұлттық құқықтың
олармен әр түрлі қатынасқа түсуіне әкеп соғады. Егер ұлттық заңнама
иерархия және т.б. түрдегі нақты жіктелген болса, онда халықаралық құқық
күрделі, жіктеуге қиындық туғызатын үлкен материал болып табылады. Төменде
халықаралық құқық пен ұлттық құқық арақатынасының талдауын ұсынып отырмыз,
ол логикалық байланыстағы талданып отырған материалды топтарға жіктеуге
мүмкіндік береді және талдау үшін ыңғайлы болып табылады.
Халықаралық құқық, Г.И.Тункиннің классикалық болып кеткен анықтамасына
сәйкес, мемлекеттердің және халықаралық құқықтың басқа да субъектілерінің
еріктілік келісімі жолымен жасалады. Еріктілік келісімі түрлі деңгейде,
халықаралық құқық субъектілерінің түрлі дәрежедегі белсенділігімен жасалады
және ұлттық құқыққа деген әсерінің түрлі деңгейі бар және керісінше ұлттық
құқық халықаралық құқық нормаларының жасалуына түрліше әсер етуі мүмкін.
Сондықтан халықаралық құқық нормаларының жасалуын жіктеу негізіне және оның
ұлттық құқықпен арақатынасына біз сандық және уақыттық факторлар енгіздік.
Сандық фактор халықаралық шартқа қатысушы мемлекеттердің санын көрсетеді.
Уақыттық фактор халықаралық шарт жасасу немесе оған қосылу көрсеткіші болып
табылады. Біздің ұсынып отырған жіктеудің бірінші деңгейінде екі жақты
мемлекетаралық шарттар жатады, олардың нормалары халықаралық құқықтың
бірінші деңгейі ретінде мемлекетаралық құқықтың жиынтығын құрайды. Аталған
терминді И.Кант (1724-1804 жж.) қолданды, ол Құқық туралы ілімнің
метафизикалық бастауы еңбегінде мемлекеттердің бір-біріне деген құқығы...
халықаралық құқық деп аталуы дұрыс емес,- дұрысы, мемлекетаралық деп аталуы
тиіс (jus publicum civitatum) 22. И.Канттың терминді нақтылауға деген
әділ пікірі доктринамен де, тәжірибемен де қабылданған жоқ. В.А.Василенко
мұның себебі, алғашқыда француз, кейіннен ағылшын тілдері болған XIX ғ.
дипломатиялық тілдерінде халық, ұлт, мемлекет сөздері синоним болғандықтан
болуы мүмкін деп санайды23,17 б..
Мемлекетаралық құқықта халықаралық құқық нормаларын құрайтын ұлттық
құқық нормаларының өзара әсері байқалады. Бұл мемлекеттің құзырлы органдары
ратификациялаған, сонымен қатар ратификацияланбаған шарттары да болуы
мүмкін. Әлемде таралған тәртіп бойынша Парламент ратификациялаған
халықаралық шарттар әрекет етуші ұлттық құқыққа қарағанда жоғары заңды
күшке ие болуы тиіс. Қалған шарттар өзінің иерархиясы бойынша мемлекетте
әрекет ететін заңнамадан төмен тұрады және міндетті түрде ұлттық заңнамамен
келісіледі. Бұл мысалы, Қазақстан Республикасына тән.
Жалпы халықаралық құқық - әлемнің бүкіл аумағын қамтитын мемлекеттер
Біріккен Ұлттар Ұйымының белсенді қатысуымен жасайтын құқық. Аталған
терминді анықтаған кезде өз алдына алынған мемлекет немесе аймақтың
халықаралық құқығы, мысалы, Қазақстан Республикасының халықаралық құқығы
немесе халықаралық африкалық құқық және тіпті халықаралық америкалық
құқық, сонымен қатар ТМД немесе Еуропалық Одақ халықаралық құқығы бола
алмайтынын негізге алдық.
Мексикалық заңгерлер халықаралық құқықты бүкіл әлем мемлекеттерінің
мүддесін көрсететін заңды нормалардың жиынтығы ретінде анықтайды, және
әдетте, халықаралық құқық субъектілеріне өз бостандығы үшін күресуші ұлттар
мен халықтарды жатқызбайды, бірақ бір уақытта олар жеке тұлғаларды
халықаралық құқық субъектілері ретінде таниды.
Аймақтық құқық екіден артық мемлекеттер арасында, бірақ бір аймақ
шегінде жасалған шарт негізінде жасалады. Аймақтың негізгі географиялық
бірлігі – әлем бөліктері (Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка,
Азия, Еуропа, Австралия мен қоныстанбаған Антарктиданы қоспағанда), бірақ
құрлықаралық аймақтық бірлесу де мүмкін.
Аймақтық құқықтың негізгі өзегі ірі мемлекеттер тобы болып табылады және
аймақтың бірнеше немесе барлық мемлекеттері оған қабыса отырып жасалады.
Субъектілердің құқықтық мәртебесіне байланысты мемлекетаралық жүйелер,
халықаралық ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы және халықаралық ұйымдар
арасындағы жүйелер ажыратылады.
Халықаралық және Қазақстан Республикасы ұлттық құқығы арақатынасындағы
нақтыланған терминологиялық база, біздің ойымызша, терминдердің үш блогынан
тұрады. Арақатынас нысандары өзара тығыз байланыста болғаны халықаралық
құқық нормаларының ұлттық құқыққа енуінің көп аспектілігі туралы
дәлелдейтіндігін ескеру қажет.
I. Трансформация. Құқықтануда трансформация теориясы бар, ол термині
бойынша мемлекетішілік құқықта халықаралық-құқықтық нормаларды жүзеге асыру
үшін тиісті мемлекеттің құқықтық актісімен жанамалануы тиіс, яғни
халықаралық шартты жасау мен ішкі құқық субъектілерінің арасында
мемлекеттің ерік актісі болуы керек. Бұл ғылымда халықаралық және
мемлекетішілік құқық құқықтың әр түрлі жүйелеріне жататыны туралы пікір кең
тарағандықтан, халықаралық шарт мемлекеттің егемендігіне байланысты
мемлекетішілік құқық субъектілері үшін тікелей құқықтар мен міндеттер жасай
алмайды. Бұл теория халықаралық құқық үшін негізінен Е.Т. Усенко, Д.Б.
Левин, С.В. Черниченко, Р.А. Мюллерсон енгізген.
Трансформация термині (латынның тransformatio – қайта құру, өзгерту)
қайта құруды, өзгертуді білдіреді. Көбінесе қоғамдық ғылымдар бұл түсінікті
радикалды құрылымдық өзгерістерді суреттеу үшін қолданады. Ол қоғамдық
ұйымның жаңа сапалы жағдайына көшуді білдіреді. Трансформациялық процесс
келесідей сатылардан өтеді: қоғамның осы күнгі жағдайын қайта бағалау;
әлеуметтік диагностика, дағдарыстан шығудың мүмкін жолдарын анықтау;
ескірген жүйені бөлшектеу; қоғамның жаңадан өзін-өзі билеуі.
Трансформация термині жаңа әлеуметтік-экономикалық саясатқа көшкен
посткеңестік мемлекеттердегі өтпелі процестерді нақты сипаттайды. Осылайша,
біздің ойымызша трансформация дегеніміз – мемлекет нысанының немесе
құқықтық жүйенің көлемді өзгерісін сипаттайтын термин. Мысалы, қазақ
қоғамының саяси трансформациясы туралы Президент Н.Ә.Назарбаев XXI ғасыр
табалдырығында, Қазақстан 2030: Барлық Қазақстандықтардың өсіп-
өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы: Президенттің Қазақстан
халқына жолдауы, Қоғам трансформациясы стратегиясы және Еуразиялық
өркениеттің қайта дамуы атты еңбектерінде жазды. Бұл процесс бірнеше
терминдермен сипатталуы мүмкін: адаптация, модернизация және бейімделген
модернизация.
Адаптация (лат. adaptatio–лайықтау, бейімдеу) –өзара байланысты
нормативтік құқықтық актілер блогы деңгейінде ұлттық құқықтың біртіндеп
өзгеруі, әлемдік қоғамдастықта әрекет етуші құқықтық дәстүрлерді ескеру,
үнемі туындайтын ішкі және сыртқы факторларға лайықтану мақсатында сала
ішілік, салалық және тіпті түгелдей жүйе ауқымында өзгеру.
Ұлттық құқықтық жүйенің адаптациясы перманентті процесс, мемлекеттің
қандай да бір халықаралық ұйымға кіруге, көпжақты халықаралық шартты (пакт,
конвенция) т.б. ратификациялауға дайындық кезінде орын алуы мүмкін. Бұған
Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіру мақсатында, адам құқықтары туралы
Пактті т.б. ратификациялау қарсаңында қазақстандық заңнаманың, экономиканың
және тағы басқа көрсеткіштердің өзгеруі мысал бола алады.
Модернизация (фр. мoderniser – осы заманға сай істеу) – өтпелі кезеңде
қоғамдық өмірдің барлық жақтарының елеулі жаңаруы (заманға сай жаңалануы)
негізінде елдің мемлекеттік-құқықтық құрылымының уақыт бойынша ұзақ емес,
ерікті өзгеруі. Бұл Ежелгі әлем уақытынан белгілі Non progredi est regredi
– прогрестің жоқтығы – регресс қағидасы бойынша дамитын барлық
мемлекеттерге тән үздіксіз процесс. Модернизация эволюцияның құрамдас
бөлігі болып табылады және ол революцияға (латын тілінде re-volutio
тіркесі кері қозғалу, артқа шегіну дегенді білдіреді - кейіннен
мемлекеттің әрі қарай дамуына жағымсыз әсер етуі мүмкін мемлекет және құқық
дамуының күтпеген, күшпен, өткінші өзгеруі) қарама-қарсы.
Модернизацияның әмбебаптылығы оның материалдық негізге сүйене отырып,
сонымен қатар қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік, саяси аясына да
таралатындығынан, адам психологиясын түзейтіндігінен көрінеді. Модернизация
өмірдегі бар болмысқа әлдеқайда сәйкес келетін трансформацияны білдіреді.
Модернизация процесі біртіндеп ескірген таптық және әлеуметтік құрылым
жоқ болып, қысқа тарихи уақыт ішінде жаңа қоғам құрылатын өркениеттің
шыңына жету қозғалысын білдіреді 24, 4б..
Мемлекеттің жаңа қоғамдық-экономикалық қатынастарға көшу кезіндегі
модернизацияның революциялық өзгерістер жағдайында болатын қатаң
терапиядан өзгешелігі, ол кең ауқымды өзгерістерді өткізуде аяушылық
танытып, жаңаның ескіні бұзбай, соған негізделіп, оны сақтап, ескіргенді
кезең-кезеңмен алмастыру табылады.
Бейімделген модернизация – радикалды өзгерістерге әкеп соғатын және
мемлекеттің көп полярлы әлемде жаңа тәуелсіз жағдайға бейімделу мақсатын
көздейтін мемлекеттік-құқықтық құрылымның және экономикалық қатынастардың
кезең-кезеңмен, жоспарлы өзгеруі. Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаев біздің елде болып жатқан реформаларға бейімделген модернизация
терминін лайықты деп санайды. Бұл процеске арнайы бөлім арналған.
II. Имплементация (лат. implementatio – енгізу, жүзеге асыру) – ұлттық
құқықтық жүйеге халықаралық немесе шетелдік құқық нормаларын енгізу
процесін сипаттайтын термин. Имплементация термині көбінесе мемлекет
халықаралық-құқықтық актіні ратификациялағаннан кейін басталады, бірақ
халықаралық құқық нормаларының ұлттық құқыққа имплементациясы ратификацияға
дейін де жүзеге асырылады (Қазақстан тәжірибесінен көруге болады).
Халықаралық құқық нормаларының имплементациясы мәселесі зерттеушілердің
еңбектерінде, мысалы, А.С.Гавердовскийдің Халықаралық құқық нормаларының
имплементациясы монографиясында қарастырылған. Халықаралық-құқықтық
нормалардың имплементациясы мәселесіне арнаған ғылыми зерттеулер арасында
Э.М.Аметистов, Дж.Д. Джебриннің т.б. еңбектері арналған, А.Н.Талалаев,
И.И.Лукашук, Е.Т.Усенконың т.б. жоғарыда көрсетілген еңбектері.
Имплементация белгілі бір халықаралық шарттың қатысушы мемлекетінің
халықаралық құқық нормаларын ішкі заңнамада қайталаумен байланысты ғана
құқық шығармашылық әрекетімен шектелмейді.
Ол халықаралық-құқықтық нормаларды тікелей жүзеге асыруға байланысты
ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешенін жүргізуді көздейді. Одан басқа
И.П.Блищенко қазіргі заманғы халықаралық құқық қағидалары мен нормаларын
мемлекет аумағында және халықаралық құқық субъектілері арасындағы қатынаста
да жүзеге асыруды имплементация деп атауға болады деп санайды 11.
Мемлекеттер тәжірибесінде ұлттық-құқықтық имплементацияның екі негізгі
тәсілі қолданылады: біріншісі –халықаралық міндеттемелерді орындау
мақсатында жаңа нормаларды шығару, өзгерту немесе қазіргі ұлттық құқық
нормаларының күшін жою. Екіншісі – халықаралық құқық нормалары (шарттық
және (немесе) әдеттегі) ұлттық құқық аясында, мемлекет ішінде тікелей
әрекет ете алатындай ұлттық құқықты халықаралық құқыққа сілтеме жасау.
Бірақ қандай жағдай болмасын ұлттық заңдар халықаралық келісімдерге қайшы
келмеуі тиіс.
Рецепция (лат. recepcio – қабылдау) бұл бір елдің, қоғамның осы немесе
басқа елде, басқа кезеңінде туындаған құқықтық, мәдени және басқа да
құндылықтарын қабылдауы, соған бейімделуі. Құқықтағы рецепция деген осы
елдің аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымның немесе құқықтық жүйенің
жоғалған тұстарын қайта қалпына келтіру немесе басқа елдің, халықтың,
жергілікті өркениеттің тәжірибесін алуды білдіреді.
Батыс еуропа елдерінің Ежелгі Рим мен ежелгі Грекияда қалыптасқан
антикалық мемлекеттік құқықтық дәстүрлерді рецепциялауын айтуға болады. Осы
елдердің жалпы мәдениеті мен мемлекет және құқығы тарихының бұл кезеңі
Қайта өрлеу дәуірі (Ренессанс) деп аталады.
Басып озушы рецепция, яғни жаңа мемлекетте құқықтың ескі нормалары
жоспарлы түрде қалпына келтірілуі деп 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылданған
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Қазақстан Республикасының
конституциялық Заңын күшіне енгізу тәртібі туралы Қазақстан Республикасы
Жоғары Кеңесінің Қаулысын айтуға болады. Оның 2 тармағы былай дейді: Бұдан
былай Қазақстан Республикасының тиісті заңдары мен басқа нормативтік
құқықтық актілері қабылданғанға дейін оның аумағында Қазақстан
Республикасының осы заңына, басқа да заңнамалық және нормативтік құқықтық
актілеріне қайшы келмейтін бөлікте КСРО заңнамалары мен КСРО таныған
халықаралық құқықтық нормалар қолданыла алады 25, 10б..
Рецепцияны сипаттайтын құбылыстарға құқыққабылдаушы мемлекеттің
құқыққалдырушы мемлекет бұрын жасаған халықаралық шарттарды бекітуін
жатқызуға болады. Қазақстан және бұрынғы КСРО республикалары ол құлағаннан
кейін әр түрлі негіздерде кейбір халықаралық шарттарға қатысатындықтарын
мәлімдеді немесе бұрынғының заңдық күшін бекіту үшін жаңа халықаралық
шарттар жасады.
Инкорпорация (лат. incorporatio – құрамына енгізу, қосылу)
–имплементациялаумен қатар халықаралық құқық нормаларын ұлттық құқыққа
енгізудің, халықаралық шарт ережелеріне байланысты ұлттық заңнама
нормаларын өзгертудің жалпы процесі ретінде қарастырылады. 1969 жылғы
халықаралық шарт құқығы туралы Вена Конвенциясының 24 бабының 2 тармағына
сәйкес егер шартта оның күшіне енуі мерзімі көрсетілмесе, шарт
келіссөздерге қатысушы барлық мемлекеттер оның міндеттілігіне келісім
берген сәттен бастап күшіне енеді. Бұл ереже шартқа қатысушы
мемлекеттердің толық шарттың емес, оның жекелеген бөлігінің міндеттілігіне
келісім бере алатындығын жоққа шығармайды. Солай, кейбір халықаралық
шарттар ескертпелермен инкорпорацияланады, кейін ескертпе кез келген
уақытта алынып тастала алады да, халықаралық шарттың бұрын алынған баптары
ұлттық құқыққа инкорпорациялана алады.
Кеңес заңгерлері ешқандай мемлекет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыру және қорғау кепілдіктері, адамның және азаматтың міндеттерін орындау
Халықаралық қылмыстық құқық пен ұлттық қылмыстық құқықтың арақатынасы және өзара әрекеттестігі
Халықаралық және мемлекет ішіндегі құқықтың арақатынасы туралы доктрина
Құқық жүйесі және заңнама жүйесінің арақатынасы
Азаматтық қоғамның қалыптасуы барысындағы жеке тұлға мен мемлекеттің арақатынасы мәселелері
Халықаралық құқықтың қайнар көздері
Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының конституциялық негіздері
Құқық нормасы түсінігі және белгілері
Мемлекет пен құқық арасындағы қатынас
Халықаралық құқықтық көптеген жаңа нормалары
Пәндер