Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда туристерге қызмет көрсету
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1 ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АЙМАҚТАРДА ТУРИСТЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды ұйымдастыру мақсаты және
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Туристік қызмет көрсетудің экономикалық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ..15
1.3 Туристік.рекреациялық ресурстар ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың
даму факторы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2 ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АЙМАҚТАРДА ТУРИСТЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ЖАҒДАЙЫЛАРЫ
2.1 Ереше қорғалатын табиғи аймақтарда экотуризмдегі қызметтің дамуындағы
саясатты қарастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
2.2 Оңтүстік Қазақстан облысының ерекше қоғалатын аймақтарда
табиғи.тарихи туристік нысандар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
3 ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АЙМАҚТАРДА ТУРИСТЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Ерекше қорғалатын аймақтарда экотуризмді реттеуді жетілдіру жолдары...45
3.2 Ақсу.Жабағылы қорығында экологиялық туризмде қызмет көрсетуді
дамыту бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
3.2 Ерекше қорғалатын аймақтарда туристік қызметті жүзеге асыру шараларын
жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .64

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Республикадағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды нарық жағдайында басқару, дамыту және туристік-рекреациялық әлуетін ұтымды пайдалану "Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту Тұжырымдамасы", "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы", "Туристік қызметтер туралы" Заңдарды жүзеге асырумен тікелей байланысты [1]. Бірақ, республикадағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар халықаралық деңгейден қалып отыр. Бұл осы салаға инвестицияларды тартуға мүмкіндіктің жоқтығымен, жоғарғы білікті мамандардың болмауымен, бәсекеге кабілеттілігін арттыруда экологиялық, құқықтық-ұйымдастырушылық және инновациялық негіздерінің әлсіз дамығандығымен түсіндіріледі.
1 Экология устойчивое развитие // Астана. - 2004. - № 5. - С. 5-42.
2 "2030 жылға дейін Қазақстан Республикасы аумағына ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды орналастыру және дамыту Концепциясы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы. -10.11.2000. - № 1692.
3 Закон Республики Казахстан "О туристической деятельности в Республики Казахстан" // Казахстанская правда. - 2001. - 23 июня.
4 Руководяшие принципы формирования Обшеевропейской экологической сети / Сост. Г. Бенетт. / Пер. с англ. // Рабочая группа по Экологической сети Северной Евразии. - Вып.4. - М.: ЦОДП, 2000. - С. 31.
5 Родоман Б.Б. Поляризация ландшафта как средство сохранения биосферы и рекреационных ресурсов // Ресурсы, среда, расселение. - М, 1974. -С. 150-162.
6 Соболев Н.А., Руссо Б.Ю. Стартовые позиции Экологической сети Северной Евразии: рабочая гипотеза // Предпосылки и перспективы формирования экологической сети Северной Евразии. - Охрана живой природы. - вып. 1(9). - Н.Новгород, 1998. - С. 21-30.
7. Бакка С.В. Принципы создания системы ООПТ // Охрана живой природы. - 1998. - вып. 1(9). - Н.Новгород, 1998. - С. 8-9.
8. Черногаев Е.А. Категории и виды охраняемых природных территорий. -В журн. Информационный бюллетень / Дайджест. - Бишкек, 2003. - С. 428-30.
9. Юданова Л.Н. Заповедники: статус, задачи, проблемы. - Новосибирск, 1992.-С. 80.
10. Краснитский А.М. Проблемы заповедного дела. - М., 1983. - С. 191.
11. Шапошников Л.К. Постоянные заказники в системе охраны природы в СССР. - В кн: Примечательные природные ландшафты СССР и их охраны. -М., 1967.-С. 5-12.
12. Эколого-экономическая роль леса / Отв. ред. И.В. Семечкин. -Новосибирск: Наука, 1986. - С. 124.
13. Пузаченко Ю. Заповедники России - гарант самовостановительного потенциала природы. - М., 1996. - вып. 1. - С. 8-22.
14. Балацкий О.Ф., Панасовский Ю.В., Чупис А.В. Экономика и организация охраняемых природных территорий. - М.: Агропромиздат, 1989. -С. 192.
15. Андреев Н.Б. и др. Научное обоснование создания ООПТ. - Кишинев: Экологическое общество, 1999. - С. 14-17.
16. Бөкейханқызы Р. Туризм – мемлекеттің жарнамасы: елімізде туризм саласын дамыту жайында // Қала мен дала 2006 ж. 16 маусым, 5 б.
17. Вернадский В.И. Биосфера. Мысли и наброски.-М.: Ноосфера, 2001.672с.
18. Виноградов Б.В. Основы ландшафтной экологии – М.: ГЕОС, 1998. – 418с.
19. Геоэкологические основы территориального проектирования – М.: Наука, 1989. – 250с.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1 Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда туристерге қызмет көрсетуді ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1.1 Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды ұйымдастыру мақсаты және
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ...6
1.2 Туристік қызмет көрсетудің экономикалық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ..15
1.3 Туристік-рекреациялық ресурстар ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың
даму факторы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2 Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда туристерге қызмет көрсетудіҢ
ЖАҒДАЙЫЛАРЫ
2.1 Ереше қорғалатын табиғи аймақтарда экотуризмдегі қызметтің дамуындағы
саясатты қарастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2 7
2.2 Оңтүстік Қазақстан облысының ерекше қоғалатын аймақтарда
табиғи-тарихи туристік нысандар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
3 Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда туристерге қызмет көрсетуді дамыту
мәселелері
3.1 Ерекше қорғалатын аймақтарда экотуризмді реттеуді жетілдіру
жолдары...45
3.2 Ақсу-Жабағылы қорығында экологиялық туризмде қызмет көрсетуді
дамыту бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
3.2 Ерекше қорғалатын аймақтарда туристік қызметті жүзеге асыру шараларын
жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 64
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Республикадағы ерекше қорғалатын табиғи
аумақтарды нарық жағдайында басқару, дамыту және туристік-рекреациялық
әлуетін ұтымды пайдалану "Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын
табиғи аумақтарды дамыту Тұжырымдамасы", "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
туралы", "Туристік қызметтер туралы" Заңдарды жүзеге асырумен тікелей
байланысты [1]. Бірақ, республикадағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
халықаралық деңгейден қалып отыр. Бұл осы салаға инвестицияларды тартуға
мүмкіндіктің жоқтығымен, жоғарғы білікті мамандардың болмауымен, бәсекеге
кабілеттілігін арттыруда экологиялық, құқықтық-ұйымдастырушылық және
инновациялық негіздерінің әлсіз дамығандығымен түсіндіріледі.
Қазақстан Республикасында экологиялық туризмдi дамыту қажеттiлiгi тек
экономикалық фактормен - жаңа жұмыс орындарын ашу, шалғай өңiрлердегi
жергiлiктi қоғамдастықтарды дамытумен ғана емес, сонымен бiрге әлеуметтiк
тапсырыспен - халықтың денсаулық және бос уақытын пайдалану проблемасына
тұтастай әрi жүйелi түрде мән берумен де түсiндiрiледi. Дүниежүзiлiк
туристiк ұйым сарапшыларының деректерi бойынша соңғы он жылда экологиялық
туризм неғұрлым танымал және кез келген мемлекеттiң тұрақты даму құралы
болып табылады. Расында, экономиканың қарыштап дамуында туризмнің алар орны
айрықша. Туристiк әлеуеттi зерттеу қорытындылары көрсеткендей, Қазақстанның
экологиялық туризмдi дамыту үшiн үлкен мүмкiндiктерi бар. Оның негiзiн
Еуразия орталығындағы бiрегей табиғи жағдайлар мен ландшафттар, көптеген
табиғи, тарихи ескерткiштер құрайды. Тұтастай алғанда, Қазақстандағы
экологиялық туризмнiң жағдайы тұрақталып келедi. Міне, осындай
ерекшеліктер зерттеу жұмысының өзектілігін көрсетеді.
Берілген басылым Қазақстанда экотуризмді ілгері өрлету саясатының
қалыптастыруына жəне əзірлеуіне қатысатын мемлекеттік органдардың
қызметкерлеріне, ЕҚТА басшылары мен мамандарына, республикада экотуризмді
дамытуға қызығушылық білдірген ҮЕҰ мен туристік ұйымдарына арналған.
Қазақстанда экотуризмді ілгері өрлету саясатының қалыптастыруына жəне
əзірлеуіне қатысатын мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне, ЕҚТА
басшылары мен мамандарына, республикада экотуризмді дамытуға қызығушылық
білдірген ҮЕҰ мен туристік ұйымдарына арналған. Авторлар дайындалған
жетекшілік қатысты бағдарламалар мен жоспарларды əзірлеу жəне берілген
бағытта ЕҚТА мен туроператорлардың жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін жақсы
сүйеніш болатынына, сонымен қатар туризм саласындағы мамандарды ЕҚТА-да
тұрақты туризмді ұйымдастырудың негізгі аспектілері бойынша оқытуға
көмектесетініне үміт етеді. Қазақстан жері алуан түрлі табиғат
ландшафттарына бай ел. Мұнда, Еуропадағыдай альпілік далалар, Африканың
әнші құмдары, Оңтүстік Американың терең шатқалдары, Солтүстік Американың
жабайы далалары бар. Еліміздің солтүстік батысын Каспий маңы ойпаты,
солтүстік және солтүстік шығыс аудандарын жазықтар, батыс жағын меридиан
бағыты бойынша орналасқан Торғай платосы, бүкіл орталық жағын Сарыарқа ал
оңтүстігін ғажайып таулар алып жатыр. Еліміздің экологиялық туризмнің
дамуына біздің табиғат ландшафттары, ерекше қорғалатын территориялар үлкен
орын алады.
Туризм, рекреация және қорғалатын аумақтарды қорғаумен байланысты
экономикалық және экологиялық мәселелер келесі шетелдік ғалымдардың
еңбектерінде зерттелген: Л.С.Белоусова, В.В.Дежкин, А.М. Краснитский,
М.С.Нудельман, Ф.Р.Штильмарк, Л.К.Шапошников, Л.Н.Юданова. Қазақстанда
нарықтық экономика жағдайында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесінде
туризм мен рекреацияны дамыту, әрі жетілдіру мәселелерін қарастырған ғалым-
зерттеушілер: Ғ.М.Дүйсен, С.Р.Ердаулетов, А.Ф.Ковшарь, И.Х.Мирхашимов,
Ю.М.Попов, С.А.Шабельникова және т.б.
Сондықтан, ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда туристік қызметті
әлеуметтік-экологиялық-экономикалық тиімділігімен байланысты мәселелердің
күрделілігі мен көпжақтылығы, оның теориялық және тәжірибелік жағынан
зерттелмеуі дипломдық жұмыс тақырыбының таңдалуына себепші болды.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда
туристерге қызмет көрсетуге болатындығын көрсету. Ол үшін төмендегі
міндеттер қойылды:
- туристік қызмет көрсетудің экономикалық ерекшеліктерін сипаттау;;
- ереше қорғалатын табиғи аймақтарда экотуризмдегі қызметтің дамуындағы
саясатты қарастыру;
- Оңтүстік Қазақстан облысының ерекше қоғалатын аймақтарда табиғи-
тарихи туристік нысандар сипаттау;
- ерекше қорғалатын аймақтарда экотуризмді реттеуді жетілдіру жолдарын
ұсыну;
- Ақсу-Жабағылы қорығында экологиялық туризмде қызмет көрсетуді дамыту
бағыттарын қарастыру;
- ерекше қорғалатын аймақтарда туристік қызметті жүзеге асыру шараларын
жетілдіру ұсыну.
Зерттеу нысаны ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда туристерге қызмет
көрсетуді жетілдіру болып табылады.
Дипломдық зерттеуде нормативтік және заңшығарушылық құжаттар,
мақалалар, кітапхана құжаттары қолданылады. Соңында келтірілген қосымшалар
зерттеу жұмысының барысын көрсетеді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан,
пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

құрылымы
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру мен басқару, дамыту
мәселелері Қазақстан Республикасы экономикалық саясатының негізгі
міндеттері болып саналады. Соңғы жылдары қабылданған бағдарламалар, тың
тұжырымдар мен заңдық-құқықтық актілер - міне осының айғағы. Осы жағдайда,
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды (ЕҚТА) табиғатты қорғау, сақтау
саласының басым бөлігі ретінде қарастырып, оны түтастай дамыту міндетін
орындау тек табиғат қорғау мамандарының ғана емес, қоғамда өмір сүретін
әрбір адамның міндеті, әрі мемлекеттің әлеуметтік-экологиялық-экономикалық
болашағын айқындайтын негізгі, нақты факторларының бірі деп ескереміз.
ЕҚТА-дың элеуметтік-экономикалық тұрғыдан теориялық базалары мен
эдістері отандық және шетелдік зерттеушілер мен табиғат танушылардың
еңбектерінде жеке-дара қарастырылмаған. Сондықтан да, нарықтық экономика
жағдайында аталмыш саланы әлеуметтік-экономикалық қырынан қарастыру ғылыми-
теориялық негіздерін ашып, мәні мен құрылымын, бағыттары мен тиімділігін
зерттеп, зерделеу қай жағынан болмасын қажет.
Соңғы жылдары табиғат өңдеуші салалардың табиғат кешендеріне көлемді
ықпал етуі табиғаттың қайта қалпына келу үрдісін нашарлатуда. Сондықтан
болар, ғылым мен техника қарыштап, кеңінен дамыған заманда табиғи тепе-
теңдікті, биоалуандылықты сақтау, ауа, су, жер ресурстарын қорғау т.с.с,
табиғатпен тікелей байланысты мәселелер өзекті болуда. Мұндай мәселені
түбегейлі шешудің бір жолы - ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды
ұйымдастыру болып табылады.
XX ғасырдың аяғында табиғи ортаға теріс ықпалдардың артуына байланысты,
мамандар биосфераны тұрақтандырудың негізгі факторы болып саналатын жер
бетіндегі тірі әлемді толығымен сақтауға назар аудара бастады. Оны сақтау
үшін, ЕҚТА-дың тұжырымдамасы немесе "ЭКОНЕТ-экологиялық тораптар жобасы"
жасалды, онда қоршаған ортаның жагдайын тұрақтандыру үшін, экологиялық
қауымдастықты сақтау көзделінді [2]. Экологиялық тораптарды қалыптастыру
және сақтау арнайы нормативтік-қүқықтық және т.б. шараларды талап етеді.
Дегенмен экологиялық тораптарды қалыптастыруда келесідей мәселелер тұр:
қорғалатын аумақтар елдің аз бөлігінде ғана орналасқан;
экономикалық жағдайлардың күрделенуімен байланысты табиғат қорғау
заңдарының толық орындалмауы;
табиғат қорғау шараларын қаржыландырудың жеткіліксіздігі;
- ЕҚТА жүйесін басқарудағы ведомства аралық мәселелер.
Табиғи қауымдастықтың қайта қалпына келу қабілеттілігі қоғамның тұрақты
дамуы мен жаңартылған табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануға мүмкіндік
береді. Дегенмен, табиғи қауымдастықтың қайта қалпына келу қабілеттілігі
шектеулі. Сондықтан табиғатты қорғауды дамыту үшін, табиғатқа келетін
жүктеменің сандық және сапалық деңгейі сәйкес болуы керек және табиғи
қауымдастық жерлері тозаңдануға ұшырамас үшін олар экологиялық бір-бірімен
тығыз байланыста болуы шарт. Яғни, әрбір биоаймақта табиғи қауымдастықты
бір-бірімен үзіліссіз байланыстыратын - "экологиялық торап -табиғи каркас"
толығымен қалыптасуы керек. Биоаймақта табиғи каркасты сақтаудың тиімді
әдісі "поляризацияланған ландшафт" деп аталады [3], ол ландшафттағы табиғи
және антропогенді элементтердің кеңістікте бөліну заңдылығын қарастырады.
Осы әдіс арқылы табиғатты тұрақтандыруға толығымен мүмкіндік бар.
Әрбір биоаймақ шегінде орналасқан аумақтар табиғи ландшафттың
алуандығын ескеретін үлгі негізінде есептелінеді. Табиғи қауымдастықтың
сапалылығын толық бағалау үшін, "әртүрлі сирек түрлердің критерийлері"
қолданылады.
Экологиялық тораптардың параметрлерін анықтауда тек қана әдістер мен
тәсілдерді ғана емес, аймақтың физико-географиялық ерекшеліктері мен оның
табиғатына антропогенді әсерлер алдын-ала ескеріледі. Яғни, экологиялық
торапты ұйымдастыруда аумақты аудандастыру мәселесі алға тартылады. Орыстың
табиғаттанушы ғалымы Н.С.Соболев биологиялық аудандастырудың мүмкін
кестесін жасаған болатын [4]. Мұнда биоаймақ табиғи каркасты сақтау үшін, 6
категорияға бөлінеді. Одан кейін әрбір биоаймақта антропогенді әсерлердің
индекстері есептелінеді (табиғи қауымдастық сақталынған жер көлеміне түрғын
санының қатынасы негізінде индекс анықталады). Бұл көрсеткіштер сыртқы
ортаға табиғи қауымдастықтың тұрақтылығы индексімен салыстыра отырып,
антропогенді әсерлер нәтижесінде табиғи қауымдастықтың жойылуының картасы
жасалынады. Осы карта бойынша жұмыс жасаған ғалымдар келесідей
қорытындылайды: Еуропаның оңтүстік-шығысында, Кавказ маңы мен Қазақстанда,
Каспий аймағында және Орталық Азияда, Орталық-Қара теңіз аудандарында,
Оралда экологиялық жағдай күрделі, әрі антропогенді әсерлердің нәтижесінде
табиғи ортадағы биоалуандылықтың жойылуы қаупі бар. Сондықтан ЕҚТА-ды бір-
бірімен байланыстыратын экологиялық тораптарды құру осындай мәселелерді
шешуге мүмкіндік береді.
Отандық тэжірибеде ЕҚТА-тар түсінігі, құрылымы, мақсаты, басқарудың
әртүрлі тәсілдері мен белгілері, қорғау режимі бойынша ерекшеленеді. Қандай
аумақ қорғауға алыну керек, ол қандай климаттық-зоналарда орналасу керек
секілді ЕҚТА-ды орналастыру мен экологиялық сараптау жөніндегі мәселелер
көптеген отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерінде жарияланған
болатын, бірақ осы кезге дейін үйлесімді теория әлі де қалыптаса қоймады.
Шетелдік тәжірибелерде [6] ЕҚТА-ға қажетті жер бөліктерін таңдаудың
негізгі үш әдісі бар:
1) суды, топырақ қабатын және басқа да табиғи ресурстарды қорғауға
қажетті жерлерді таңдау;
тірі-генетикалық ресурстардың қысқаруына байланысты әртүрлі қаумалдар мен
резерваттарды ұйымдастыру мүмкіндігі;
жабайы табиғаттың эстетикалық бағалылығы мен оны өз қалпында сақтауға
қажетті жерлер.
Міне, осындай пікірлер шетелдерде рекреациялық қызметпен айналысатын
кэсіпорындардың ерекше табыс көзі болып табылатын ұлттық парктер мен оған
ұқсас аумақтарды ұйымдастыруына алып келді.
ЕҚТА тарихы өте ерте кезде балықтарды, орманды, жеке ағаштарды,
бұлақтарды, киелі жануарлар мекендеген жерлерді қорғау ниетінен туындаған.
Алғашқы дәстүрлі қорық XVI ғасырда сұңқарларды қорғау үшін Сицилия
королдігінде қүрылған болатын. Ал, Ресейде кеме жасайтын қайыңдарды сақтау
туралы 1 Петрдің жарлығынан кейін басталады. 1886 жылы граф В. Джедушитский
ескі ормандар мен аққүйрықты бүркіт мекенін қорғау үшін, "Пеняцка
ескерткіші" атты резерватты ұйымдастырды. Мұнда алғашқы қорық "Аскания-
Нова" 1898 жылы қүрылды.
Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тарихы өткен ғасырда,
1924 жылы Қаратау тауының бөктерінде мезозой дәуірінің юра кезеңіндегі
табиғи құндылықтарын сақтау барысында ұйымдастырылған табиғат ескерткіші -
палеонтологиялық қорықтан бастау алады. Осыдан кейін барып, Қазақ АССР
Совнаркомның қаулысымен 1926 жылы 14 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында
(ОҚО) "Ақсу-Жабағылы қорығы" деген атпен алғашқы қорық құрылады. Ал,
қазіргі кезде республикада жер аумағының 4,7%-ын алып жатқан ЕҚТА-дың
көптеген нысандары бар. Біздің еліміздің ЕҚТА категориялары, алдына
қойылған міндеті мен мақсаты бойынша шетелдік қорғалатын табиғи аумақтан өз
ерекшеліктері бар.
Нарықтық экономика жағдайында Қазақстан Республикасы "Ерекше қорғалатын
табиғи аумақтар туралы" Заңды қабылдады. Осы Заңда көрсетілгендей, ЕҚТА мен
экологиялық, ғылыми, мэдени жағынан құнды нысандар ҚР-ның ұлттық байлығы
болып саналады. Одан басқа, ЕҚТА-ды ұйымдастыру мен басқаруға "Жануарлар
әлемін қорғау, өсімін молайту және пайдалану", "Қоршаған ортаны қорғау
туралы", "Жер туралы" ҚР-ның Заңдарымен, Су Кодексі, Орман Кодексі және
басқа заңдық-нормативтік құжаттар әсер етеді.
ҚР-ның "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңында ЕҚТА-ға
келесідей сипаттама берілген: "ЕҚТА - ерекше құқықтық қорғау режимі бар
мемлекеттік табиғи қорық қорын сақтау мен қалпына келтіруді қамтамасыз
ететін шаруашылық, қызмет режимімен реттелінетін жер, су, орман жэне жер
қойнауы учаскелері болып табылады" (ҚРЗ, 2156., 1т., 16.) [8]. Сонымен
қатар, ЕҚТА бірыңғай әдістемелер бойынша дайындалатын табиғи-ғылыми жэне
техника-экономикалық негіздерге сай құрылады.
ЕҚТА-ды ұйымдастырып, дамыту үш кезеңнен тұрады. Ең алдымен, идея,
сосын ұсыныс қалыптасады. Ұсынысты қабылдау жобаларды даярлап, оны
қорғауға, шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Ұйымдастырылған ЕҚТА-дың
мақсаты, міндеттері толығымен орындалғаннан кейін нақты әлеуметтік-
экономикалық нәтижені көрсетеді. Мақсаттық міндеттері мен қызметтерін
жүзеге асыру барысында ЕҚТА ғылыми-зерттеу, табиғат қорғау және экологиялық
- ағартушылық ұйым ретінде құрылады. Қорғалатын аумақтарда (қорықтарда)
ғылыми-зерттеу жұмыстары үздіксіз жүргізіледі [9]. Мақсаттық міндеттерді
орындау барысында ЕҚТА-да келесі қызметтерге тыйым салынады: ЕҚТА
жерлерінің гидрологиялық тәртібін өзгертетІн жұмыстарға, топырақ жамылғысын
бұзатын, табиғи ортаны өзгертетін пайдалы қазбаларды іздеу және игеру
жұмыстарына, орман қорын пайдалануға және өсімдік әлемін бұзатын басқа да
іс-әрекеттерге, рұхсатсыз аң аулауға, мал жаюға, шөп шабуға, тыңайтқыш
ретінде химиялық құралдарды қолдануға.
ЕҚТА-да ғылыми-зерттеу жұмыстары табиғи экожүйе динамикасын үздіксіз
бақылау нәтижесінен пайда болса, табиғат қорғау жұмыстары биоалуандылықты
сақтау жұмыстарын жүзеге асыру барысынан туындайды. Республика қорықтары өз
аумағындағы флора мен фаунаны тізімге алу, яғни биоалуандылықты сақтау
жұмыстарын жүргізуге толық мүмкіндіктері бар. Дегенмен, биоалуандылықты
тізімге алу барысында олар қорық аумағынан тыс жерлердегі өсімдіктер мен
жануарлар дүниесін толық бақылауға алмайды. Екінші жағынан, экожүйенің
өзгеруіне сәйкес, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің азаюы биоалуандылықты
генетикалық деңгейде жоғалуына алып келуде [10]. Осындай табиғи ортадағы
теріс салдарларды болдырмас үшін, табиғатты қорғаудың жүйелі әдістерін
дамытуымыз керек. Олардың ішінде негізгілері:
Қорықтар – бұл табиғат нысандарын қорғаудың ұтымды түрі. Классикалық
концепцияға сәйкес, қорық аймағы шаруашылық айналымнан босатылып, табиғат
байлықтарына нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге тыйым салынады. Мұнда
экологиялық үрдістердің барлығы адамның араласуынсыз жүреді. Адам онда тек
бақылаушы әрі зерттеуші ғана. Сондықтан да қорықтарды "ашық аспан аясындағы
табиғат зертханасы" деп атайды. Қорықтарда алуан түрлі жұмыстар жүргізіледі
жэне мұнда тек өсімдіктер мен жануарлар дүниесі ғана емес, табиғи көрікті
жерлер, табиғат кешендері толығымен сақталынады. Сол себепті, болашақ
ұрпаққа табиғат байлығын кемеліне келтіре көркейген қалпында табыс етуде
қорықтардың алар орны ерекше. Қорық табиғаты -биосфераның барлық деңгейінде
пайда болатын табиғи үрдістерді тереңнен танып зерттеуге мүмкіндік береді
және ғылыми мақсатқа жетуге, яғни - табиғи ресурстарды сақтау мен қорғау,
қалпына келтіруге болжам жасауға жол ашады. Бірақ соңғы жылдары нарықтық
қатынастардың кеңінен етек алуына байланысты қорықтарда туризмнің кей
түрлерін дамыту, рекреациялық қызметтерге пайдалану, өзін-өзі
қаржыландыруға мүмкіндік беретін кейбір жұмыстарды жүзеге асыру жолдары
қарастырылуда.
Қаумалдың қорықтан айырмашылығы - мұнда барлық табиғи компоненттер
толық сақталмайды, тек негізгі нысанды қорғау ғана көзделінеді. Кей
жағдайда қаумалдарда қоршаған ортаға зиян тигізбейтін шаруашылық жұмыстарды
жүргізуге мүмкіндік беріледі. Олардың ішінде кең тарағаны аң аулау
қаумалдары. Қазіргі таңда республикада биологиялық, зоологиялық, кешенді,
геологиялық, табиғи-тарихи қаумалдар кеңінен етек жаюда.
Ұлттық немесе табиғи парктер (ҰП) - бұл табиғатты қорғаудың тиімді түрі
ретінде сипатталады. Табиғи парктердің ауданы бірнеше бөліктерге бөлінеді.
Қорғалатын бөлігінде шаруашылық әрекеттер жүзеге асырылмайды, оған тек
ерекше рұқсат қағазы арқылы ғана кіреді. Табиғи ландшафттар бөлігінде
табиғатқа зиян әкелетін немесе өзгертетін жұмыстарға тиым салынады. Демалу
зонасында адамдар демалатын, экожүйені өзгертетін, бірақ оған зиян
тигізбейтін ауыл шаруашылық және құрылыс жүмыстары жүргізіледі. Ұлттық
парктердегі барлық шаруашылық іс-әрекеттер, келген туристер бақыланады.
Сондықтан, ұлттық парк әлемдегі кеңінен тараған демалыс орындары. Қазіргі
кезде жер шарында қорықтардан гөрі ҰП басым. Себебі, шетелдерде қорықтар
аймағы шектелген табиғат жүйесі болғандықтан, оның орнына ҰП ұйымдастыру
әлдеқайда тиімді екенін ұғына білді. Қазір жер жүзінде ҰП саны 4000, ал ТМД
елдерінде 60-80-ге жуық деп есептелінеді. "Ұлттык" деген сөз мұнда жеке
тұлғаны емес, мемлекеттік меншікті білдіреді және қорғалатын аумақ пен оны
қорғау іс-эрекеттері мемлекет арқылы жүзеге асырылып отырылады. АҚШ,
Жапония, Канаданың ҰП-нің табиғи ресурстары өндірістік пайдаланудан
босатылған кең аумақтар. Оған жылына мыңдаған туристер келеді. Скандинавия
елдерінің ҰП-рі туристер үшін жабық болады. АҚШ-ның ҰП аналогы Скандинавия
елдерінде "табиғи парк" деп аталады [11].
Табиғат ескерткіштері - әртүрлі сипатта берілетін табиғаттың шағын
нысандары. Бұлар ескі парктер, аллеялар, көне, мәдение мұра ескерткіштері,
жеке ағаштар, шатқалдар, көлдер, сарқырамалар болуы мүмкін.
Жоғарыда берілген терминдер түсінікті болуы үшін, олардың құрылу
мақсатына қарай салыстырайық (1-кесте).
Кесте 1- Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру мақсаттары
ЕҚТА-ды Ұйымдастыру максаттары
ұйымдастыру
эдістері
Кестеден көріп отырғанымыздай, қорық, қаумал және табиғат
ескерткіштеріне қарағанда, ұлттық паркте бірмезгілде табиғат қорғау,
демалыс орындарын ұйымдастыру жэне Халыққа экологиялық тәрбие беру қатар
жүргізіледі. Ал қорықтарда экологиялық тәрбие қосымша
мақсатта пайдаланылады. Мұның басты себебі, қорықтар ең алдымен, табиғат
қорғау және ғылыми-зерттеу жұмыстарына басты назар аударады.
ЕҚТА-ды ұйымдастыруға тағы да екі негізгі табиғи және әлеуметтік
алғышарттар әсер етеді (2-кесте). ҰП-ді ұйымдастырудың әлеуметтік алғышарты
тұрғындардың демалуға деген қажеттілігінен туындайды.
Кесте 2 - Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды орналастыру белгілері
Алғышарттар Орналастыру Қорғалатын аумақтар
белгілері
Қорық Ұлттық Қаумал Табиғат
парк ескерткіштері
Табиғи Бірегейлік + + + + + і +- +-
әртүрлілік нақтылық + + + + +
ақпараттық
Табиғи Адамның аз ықпалы + - +- +-
әлеуметтік
Әлеуметтік Демалуға деген - + - -
жоғарғы қажеттілік
Болмашы транспорттық+ - - -
жиілік
Ескерту- +міндетті, +-мүмкін, -көрсетілмейді; кестені кұрастырған автор
Мұндай қажеттілік ірі қалалар мен өндірістік кәсіпорындар орналасқан
аумақтарда жиі кездеседі. Ал кестеде келтірілген бірқатар табиғи және
табиғи-әлеуметтік алғышарттар өз кезегінде әлеуметтік алғышартқа қарама-
қайшы тұрады, осыдан барып, оларды орналастыру теңсіздігі байқалады.
Табиғатты қорғау аумақтары мен нысандардың әртүрлілігі әлемдегі қорғалу
аймағында негізгі түсініктердің күрделі кешенін құруға мүмкіндік береді,
мысалы, осы жерде ЕҚТА-ды ұйымдастырудың дәстүрлі әдістеріне сүйенсек, онда
табиғи құбылыстар мен үрдістерді басқару адамның араласуынсыз жүзеге асады,
бірақ қазіргі уақытта табиғи ландшафттың өзін-өзі реттеу қасиетін зерттеу,
зерделеу адамның табигатты пайдаланудың көптеген әдістерін қолдана отырып,
шектеулі дәрежеде ықпал етуін қажет етеді.
Пан-еуропалық контексте бұл қағида әртүрлі аумақтарды шектеулі
шаруашылық қызметтеріне салыстырмалы түрде пайдалануымен тұжырымдалады.
Британдық әдіс бойынша ЕҚТА коммерциялық, табиғат кешенін қорғау және
экологиялық ағарту қызметтерін атқаруы тиіс. Нидерланды, Ұлыбритания,
Португалия т.б. еуропалық мемлекеттерде ЕҚТА қатарына шаруашылық жерлері
мен өнеркәсіп нысандары, қатты қалдықтар полигоны, энергетика нысандары,
т.б. ЕҚТА құрамына енеді. Қазіргі таңдағы ЕҚТА-ды ұйымдастырудың нарықтық
әдісі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, экологиялық тәрбие беру, қоршаған
ортаны қорғаумен қатар, табиғи ортаға ықпалын тигізбейтін ағарту-танымдық
туристік қызметтерді дамыту арқылы тұрғындардың әлеуметтік деңгейін
көтерумен қорытындылады. Яғни, біздің пікірімізше, ЕҚТА - бүл дәстүрлі
шаруашылық айналымнан толық немесе жартылай, тұрақты немесе уақытша
алынған, жер беті акваториялары және суларымен қоса ғылыми, тарихи, мэдени,
шаруашылық және эстетикалық мәні бар, қоршаған табиғи ортаның жағдайын
жақсартуға, табиғи, жасанды құбылыстар мен нысандарды сақтауға, адам
денсаулығын нығайтуға арналған кең аумақты биосфераның бір бөлігі.
ЕҚТА-дың ең басты ерекшелігі мұнда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
арнайы экологиялық-экономикалық-әлеуметтік мақсаттарға бөлінеді. Осы
аумақтардың басым көпшілігінде (қорықтарды қоспағанда) заңмен бекітілген,
норма мен ереже бойынша табиғи ортаға зиян тигізбейтін жеке шаруашылық
жұмыстар жүргізіліп отырылады. Аталмыш аумақтардағы капитал салымдарының
деңгейі аса жоғары емес, бірақ экологиялық-экономикалық жэне әлеуметтік
жоспарларда алынатын тиім айтарлықтай көлемді болып келеді. Қазіргі кезде,
ЕҚТА іс-әрекет мақсаты бойынша табиғатты пайдалану саласынан алынбайды,
бірақ қызмет тәртібі мен шарттары анағұрлым бөлек болып келеді. Мұнда
"кәдімгі" және "ерекше" жерлердің арасын межелей бөлу мүмкін емес.
Шетелдік мамандардың пікірінше, ЕҚТА табиғатты қорғауда негізгі рөл
атқарады, яғни олардың жер ауданы ел немесе аймақ аумағынан 6%-ды, ал
әлемдік стандарт бойынша, 10-12%-ды құрауы тиіс, басқаша жағдайда флора мен
фауна түрлері сөзсіз күрып кетуі мүмкін. Ресейде қорықтар, қорғалатын
аумақтар және ұлттық парктер 10,5%-ға жуық. Ал, Арменияда 7,1%, Әзербайжан
мен Түркіменстанда 4.5%-ды, Қазақстанда 4,6%-ды құрайды [ 12].
ЕҚТА ретінде құрлық та, су кеңістігі де болуы мүмкін. Алғашқы су асты
ұлттық ескерткіші "Форт Джефферсон" АҚШ-да 1935 жылы 250 га аумағында
құрылған болатын. Содан кейін 1959 жылы Флорида штатында Кей-Ларго коралл
рифінің қорығы құрылды. 1961 жылы Кариб теңізінің Вирлинг аралы аймағында
Бак-Айленд ұлттық ескерткіші (қорығы) пайда болды, ал 1975 жылы Австралияда
аумағы 345 мың шаршы шақырымды алып жатқан "Үлкен Барьер рифі" атты теңіз
паркі құрылып, ол 1981 жылы "Әлемдік табиғи мұралар" тізіміне енді [11].
Қазіргі кезде, ЕҚТА-мен байланысты халықаралық терминдер қатарында
"трансшекаралық ерекше қорғалатын табиғи аумақ" (ТЕҚА) деген термин
қалыптасқан. Бұл терминнің пайда болуы мемлекеттік шекараның әрүрлі
бағыттарында орналасқан екі немесе одан да көп қорғалатын аумақтардың
бірігуінен туындайды. Халықаралық табиғат қорғау Одағының (ХТҚО)
анықтамасына сәйкес: трансшекаралық ерекше қорғалатын табиғи аумақ - бір
немесе бірнеше мемлекеттік әкімшілік шекараларының аумағында орналасқан,
заңдық жэне басқа да күштермен басқарылатын, биоалуандылықты, табиғи
ресурстарды қорғау және сақтау үшін арнайы ұйымдастырылған аумақтар.
Тағы бір айта кетерлік жайт, қорықтар мен ұлттық парктер, табиғи
парктер мен санитарлы-дауажайлық зоналар адам демалатын, қорғалатын
ландшафттар мен басқа да нысандарда әсер етуші нормативтерді қолдануы шарт
(3-кесте). Бүл нормативтерді қолданудың тиімділігі - мұнда өндірістік
кәсіпорын, құрылыс және магистралды жолдардан қаншалықты арақашықтықта ЕҚТА-
ды орналастьфу керектігі көрсетілген. Нысандардың кәсіпорын, құрылыс және
магистралды жолдардан қашықтықта орналасуы олардың табиғи жүйесін сақтауға,
зияндылықты болдырмауға септігін тигізеді.
Кесте 3 - Табиғи нысандардың қорғалу зонасының нормативтері
Нысандар Қорғалатын нысандардың арақашықтығы, км
Санитарлы зияндылықтыңТранспорттық құрылыс
әртүрлі сыныптарындағымагистралға шекарасына
өндірістік дейін дейін
кәсіпорынның
зоналарына дейін
I II ІІІ-ІУ
Қорықтар мен ұлттық 10-30 5-10 1-3 1 0,3
парктер
Қаумалдар, табиғи 5-10 1-3 0,5-1 0,2 0,2
парктер мен
санитарлы-дауажайлық
зоналар
Қорғалатын ландшафт пен3-5 0,5-1 0,2-0,6ОД од
жеке табиғи нысандар
Ескерту- Кесте эдебиет көзінен алынды [32]
ЕҚТА-дың номенклатуралық топтамасы ЕҚТА жүйесінің құрылымын сипаттайтын
негізгі көрсеткіш, сондықтан еңбектердің басым көпшілігі осы саланы
топтастыру мәселесіне арналған, атап айтқанда В.Р.Борисов (1971),
Н.Ф.Реймерс пен Ф.Р.Штильмарк (1978), М. Сиффуентэс авторлармен (1986),
және У.Т.Аюбов пен Е.А.Черногаев (2003) [13].
Табиғи ортаны қорғау туралы екінші әлемдік конференцияда (Сиэтл, 1962)
ғалымдар ЕҚТА-дың келесідей топтамасын ұсынды:
Бірінші сынып:
а) табиғи жағдайда сақталынатын табиғи ландшафттар;
э) басқарылатын табиғи парк, мұнда ғылыми мәліметтер негізінде табиғи
үрдістерді зерттеуге, ғылыми жүмыстарды бақылауға мүмкіндік бар, бірақ
туристерге арналған жолдарды, ғимараттарды салуға тиым салынады;
б) рекреациялық мүмкіндігі бар аумақ, бірақ мұнда туристік сервис
қарастырылмайды;
Екінші сынып - бұл адам қолымен өзгеріске үшыраған аграрлы жэне басқа
да ландшафттар - қорғалатын мәдени аумақтар;
Үшінші сынып - басқа да қорғалатын табиғи аумақтар, мұнда ағаш кесуге,
шөп шабуға, рекреацияға рұхсат етіледі, бірақ орман, рекреациялық жерлер
секілді оның негізгі белгілері сақталынуы керек [36]. Дегенмен бүл
топтаманы қолданудың негізгі қолайсыздығы бірінші сыныптың а жэне б тобына
қорғалатын аумақты енгізудің қиындығы, мысалы, уақыт аралығында олар бір
сыныптан басқа сыныптарға өтіп кетуі мүмкін. Сондықтан да осы
категорияларды бөлу белгілі дәрежеде шартты болып келеді.
Қорық ісі тәжірибесінде ЕҚТА-дың бірыңғай топтамасын жасаудың көптеген
әдістері алдын-ала қарастырылды, олардың бірқатары аумақты жүйелендіру
әдістерін негіздеу туралы ұтымды идеяны құрайды. Мысалы, Д.К.Соловьев пен
В.П.Семенов-Тянь-Шаньский ұсынған қорғалатын табиғи аумақтарды топтастыру
осы кезге дейін өзіндік тарихи мәнімен сақталынған.
Л.К.Шапошников [38] әлемдегі ЕҚТА арасынан қорықтың, ұлттық парктер,
қаумалдар мен табиғат ескерткіштердің айырмашылығын ашып көрсетеді жэне
табиғатты қорғаудағы ерекшеліктеріне мән береді. Ал, Ф.Р.Штильмарк пен
Н.Ф.Реймерс өз нұсқаларында ЕҚТА-дың күрделі өзара байланысын алады. Олар
осы топтаманы толығымен талдай отырып,"... белгілерді жүйелендіру эрекеті
үйлесімсіз болып табылады, яғни оларды бірыңғай жүйемен байланыстыру мүмкін
емес" деп есептейді (табиғи, әкімшілік-құқықтық, рекреациялық және т.б.).
Өз кезегінде бұл авторлар негізгі үш топтан тұратын табиғи-антропогенді
аумақтардың экологиялық-мақсаттық кестесін ұсынды. Ал В.А.Борисов ЕҚТА-ды
кеңістік-уақыт сипаттамасы негізінде бөліп қарастырды. Дегенмен бұл
топтамалардың кемшілігі - аталған авторлар топтаманы жасау барысында ЕҚТА-
дың экономикалық критерийлерін қарастырмаған және қорғалатын аумақтың
шаруашылыққа пайдалану мүмкіндігі қорғау режиміне қарама-қарсы келеді.
Сондықтан бұл топтаманы бүгінгі ЕҚТА саласында қолдану тиімсіз.
Орта Азия мемлекеттері ЕҚТА саласында әлемдік тәжірибеде қабылданған
ХТҚО-ның топтамасы бойынша жұмыс жүргізеді [14]. Бірақ қазіргі уақытта бүл
топтаманың ескіргендігін және теориялық жағдайлары түбірімен өзгергендігін,
әрбір мемлекеттің Заңдық негіздеріне сәйкес келмейтіндігін ғалымдар
дэлелдеп отыр. Осыған байланысты, У.Т.Аюбов пен Е.А.Черногаев өз
еңбектерінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ХТҚО-ның категорияларына
жіктеп көрсеткен. Авторлар ұсынып отырған топтама біздің еліміздің заңдық
талаптарына сай келеді, бірақ онда ЕҚТА құрамына халықаралық мәні бар жер
беті және жер асты суларын қорғау енгізілмеген. Шындығында, су қорлары
қорғалатын аумақ талаптарына жауап бермегенмен де, бірегей ландшафттар мен
биоалуандылықты сақтауда ерекше мәнге ие. Сондықтан да, жоғарыда
келтірілген топтама құрамына суды қорғау зоналарын да енгізу қажет деген
ойдамыз.
ЕҚТА-дың әлеуметтік-экологиялық-экономикалық тиімділігін бағалау туралы
ғылыми еңбектердің жоқтығы аталмыш саланы нарық талаптарына сәйкес
ұйымдастырып, дамытуға кері әсерін тигізуде. Себебі, экономиканың маңызды
көрсеткіштерінің бірі - тиімділік, ол нэтиженің шығынға қатынасы негізінде
анықталады. Сондықтан тиімділік көрсеткіштері мен түрлерінің әртүрлілігіне
қарамастан, біздің пікірімізше, ЕҚТА-дағы әлеуметтік-экономикалық тиімділік
- ұйымның материалды-техникалық жэне қаржылық қамсыздандырылуымен
байланысты жалпы іс-әрекеттердің нәтижесі. Оған қоса, қызметкерлердің
кәсіби дайындығы туралы ақпараттарды талдау мен толықтыру, олардың ғылыми
жүмыстарын бақылау, ғылыми макала көлемі, ғылыми қорлардың толықтырылуы,
дәрістік насихаттар, мүражайдың жабдықталуы, ғылыми есептерге сараптама
беру, туристік қызметтерді жоғары деңгейде ұйымдастыру, капитал салымдары,
бюджеттік қаржыландыру көлемі, қызметкерлердің жақсы тұрмыстық жағдайлары
т.с. секілді іс-әрекеттердің сапалылығы экономикалық тұрғыдан ЕҚТА-дың
әлеуметтік-экономикалық тиімділігін көрсетеді.
Дегенмен, ЕҚТА жанындағы жергілікті түрғындармен табиғатты пайдаланудың
шектеулігіне байланысты әлеуметтік-экономикалық дағдарыстар орын алуда.
Мұндай дағдарысты болдырмаудың ең тиімді жолы табиғатты қорғау саласында
жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыру. Яғни, орта және үзақ мерзімді жоспарлар
нәтижесінде қорғалатын аумақпен байланысты мәселелерді толығымен шешіп,
ЕҚТА аймағында әлеуметтік-экономикалық құрылымды көтеруге болады.
"Әлеуметтік-экономикалық құрылым" - қорықтың экономикалық статусы, еңбек
жағдайы және қызметкерлермен олардың жанүя мүшелерінің өмірі. Қорықтың
әлеуметтік-экономикалық құрылымы екі бөліктен тұрады: негізгі (ғылыми-
зерттеу) жэне қосымша (әкімшілік басқару және қызмет көрсету). Ал
өндірістік, әлеуметтік, экономикалық қызметтердің орындалуы "әлеуметтік-
экономикалық құрылым" жиынтығын көрсетеді (сурет 3) және жоспарланған
ресурстар базасымен жүзеге асырылады (адамдық, материалдық техникалық,
қаржылық) [15].
Жалпы алғанда, ЕҚТА құрылымына әсер ететін факторларды объективті және
субъективті деп екі топқа бөлуге болады. Объективті топты әлеуметтік-
экономикалық факторлар, оның ішінде халық табысының артуы, игіліктері, бос
уақыттарының көбеюі, денсаулықтарының жақсаруы, ғзж бағыттарының уақытқа
байланысты өзгеруі, қызметкерлердің құрамы, қаржы салымдарының артуы, жер
көлемі, транспорт қүралдарының түрі мен саны т.б. құраса, субъективті
факторларға осы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытудағы мемлекеттік
органдар мен үкіметтің, халықаралық ұйымдардың бір мақсатқа бағытталған
саясаты жатады.
Қорыта айтқанда, қорғалатын аумақтарға тән барлық жағдайларды айқындау
біріншіден, табиғи-қорық кешеніне антропогенді факторлардың эсер ету
деңгейі мен формаларын аумақтық басқару әдісі арқылы анықтауға; екіншіден,
жаңа аумақтарды ұйымдастырудағы жиынтық шығындарды есептеу үшін қажет. Оған
қоса, материалды-техникалық база, штаттық күнтізбе және т.б. әлеуметтік-
экономикалық көрсеткіштері жоспарланады. Жоғарыда көрсетілген барлық
ерекшеліктер ЕҚТА-дың "Қорық төлқүжатында" жазылуы керек.
ЕҚТА-ды қалыптастырудың қазіргі принципі тек қоршаған ортаның табиғи
кешенін жан-жақты ескеруге ғана емес, әлеуметтік-экономикалық жағдайларды
көпжақты талдауына да бағытталуы тиіс. Мұнда қорғалатын аумақ пен ондағы
түрлердің алуандылығы, орналасу жағдайы, ұйымдастыру уақыты, буферлық
зоналардың қажеттілігі, мониторингтің қажеттілігі мен ғзж-ның бағыттары,
табиғат қорғау шараларының кешені, оған жүмсалған қаржылар жэне келешекте
дамыту бағыттары қамтылуы тиіс.
1.2 Туристік қызмет көрсетудің экономикалық ерекшеліктері
Туристік қызмет көрсету экономикада маңызды тарихи рөл атқарған.
Жекелеген қызмет көрсету түрлерінің маңыздылығы қайта өндіру жүйесіндегі
үздіксіздікті қамтамасыз ететін өнеркәсіп саласында, тарату үрдістерінде,
материалдық өндіріс өнімдерін алмастыру мен пайдалануда қызмет көрсетумен
байланысты болып келеді. Ал қызмет көрсетудің өзге түрлері адамды дамытуға,
оның білім және мәдени деңгейін көтеруге, денсаулығын жақсарту және бос
уақытты ұйымдастыруға қатысты. Осыған байланысты қызмет көрсетудің
экономикалық категория ретіндегі мәнін ашуға негіз болатын талдау жұмысын
жүргізген және қонақ үй қызметі, қонақ үй кәсіпорны, сондай-ақ
тұтынушы секілді категориялардың дефинициясын айқындап алған жөн.
Классикалық үлгі бойынша экономиканың индустрияландырудан кейінгі
қоғамда өндірістік және өндірістік емес салаларға дәстүрлі түрде жіктелуі
үшіншілік сектормен, яғни экономикасы дамыған елдерде маңыздылығы жағынан
материалдық өндіріс салаларынан бір қадам алдында тұратын туристік қызмет
көрсету саласымен толықтырылады. Дамыған елдерде қызмет көрсету үлесі 60-73
пайызды, атап айтсақ Жапонияда 66 пайызды, Ұлыбританияда және Германияда 71
пайызды құрайды [16].
Қазақстандағы заманауи қызмет нарығы айтарлықтай өзгерістерге ұшырады.
Ол сұраныс пен ұсыныстың динамикалық тұрақты өсуімен сипатталады.
Шаруашылық субъектілер құқықтық және экономикалық дербестік жағдайында бола
отырып, аталған саланың саланың динамикалық дамуының алғышарты болып
табылады. Қызмет көрсету нарығы бәсекелес кәсіпорындармен толыға отырып, өз
кезегінде көрсетілген қызмет деңгейлерінің біртіндеп өсуіне, сонымен қатар
қызмет көрсету аумағының кеңеюіне жағдай жасады. Республикамызда 1991 –
2003 жылдар аралығында ішкі жалпы өнімнің қызмет көрсету үлесі 37,2
пайыздан 52,3 пайызға дейін өсті. Ішкі жалпы өнім құрылымының мұндай
өзгерісі қазіргі заманғы дүниежүзілік бағыт бағдарларға сәйкес келеді.
Қазақстанның ішкі жалпы өнім құрылымындағы қызмет көрсету үлесі жағынан
Достастық мемлекеттер арасындағы ең жоғарғылардың бірі болып табылады (ТМД
бойынша орта есеппен 44 пайыз).
Туристік қызмет көрсету нарығындағы ұсынылатын өнім жалпы алғанда да
немесе жекелеген сегменттерінің өзінде де тауарлық нысандағы өнімдерден өз
сипаты жағынан анағұрлым ерекшеленіп тұрады.
Қонақ үй қызметіндегі басты ерекшеліктер тауарға қарағанда негізінен
экономикалық категория ретіндегі қызметтің маңыздылығынан туып жатады.
Ғалымдардың еңбектерінде қызмет көрсету ең алдымен өндірісті жүзеге
асырудағы қызметтің түрлері және оған жұмсалатын шығын тұрғысынан, пайдалы
нәтиже көрсету позициясы тұрғысынан, тұтынушының қажеттілігін
қанағаттандыру немесе одан пайда көру, әрекет ету түрлері жағынан,
тұтынушыларға арналған әр түрлі қызметтерді орындайтын кең ауқымдағы сала
ретінде, сондай-ақ жалпы еңбек өнімі көзқарасы тұрғысынан қарастырылған.
Осылайша, америкалық маман Т.Хилл пайымдауынша, қызмет көрсету – қандай да
бір экономикалық бірлікке тиесілі, өзге экономикалық бірлік іс-әрекетінің
алғашқысымен алдын ала келісілген шарты негізінде жүзеге асырылатын
тауардың немесе тұлғаның өзгеріске түсу қалпы. Мұндай анықтама қызмет
көрсетуді тауар түрінде не тікелей іс-әрекет түрінде көрініс табатын
экономикалық пайдалы іс-әрекеттің нақты нәтижесі деп қарауға мүмкіндік
береді. Бұл пікірді Э.М. Агабабъян және И.Н. Пузин қолдай отырып, қызмет
көрсету ұғымының екі жақты мағынасы бар екендігін – а) үрдіс ретіндегі
өндірістік әрекет түрінде көрінетін қызмет көрсету эквиваленті; ә) нақты
пайдалы әрекет нәтижесі ретіндегі өнім түрінде көрінетін пайдалы нәтиже
эквиваленті – айтады [17]. Л.И.Ерохина және Е.И.Башмачникова қызмет көрсету
туралы былай дейді: нарық жағдайындағы тауар, еңбек өнімі ретінде өз
дербестігін қызмет көрсетудегі қоғамдық өнімнің жалпылығының бір бөлігі
ретінде танытады.
Туристік қызмет көрсетудің бұдан да кең мағынасы экономикалық
салауаттылық ретінде пайымдалады. Мысалы Ж.Б.Сэй (1767-1832) қызмет
көрсетуді талдай отырып, оның - пайда түсіретін қабілеті бар
бақуаттылықтың ерекше түрі екендігі туралы шешім қабылдады. Ол қызмет
көрсету мүмкіндігі – адамдарға ғана емес, табиғат құбылыстары мен заттарға
да тиесілі деп есептеді. Қызмет көрсетуге К.Маркс барлық өзге тауарлар
сияқты еңбек нәтижесі көрсететін ерекше тұтыну құны; бірақ бұл еңбектің
ерекше тұтыну құны мұнда арнаулы қызмет көрсету деген атауға ие болды,
өйткені еңбек зат ретінде емес іс-әрекет ретінде қызмет көрсетеді... деген
анықтама берді.
У.К.Шеденов және Д.К.Ильясов туристік қызмет көрсетудің мәнін қарастыра
келіп, қызметтің өндірушілер мен тұтынушылардың материалдық құндылық
түріндегі еңбек өнімі жайлы қарым-қатынасының және материалдық,
бейматериалдық сипаттағы әрі әлеуметтік мәдени мақсаттағы нақты
тұтынушыларға сәйкес жеке тапсырыстар түріндегі іс-әрекеттерінің жүйесі
екендігіне көңіл аудартады. Бұл көзқарасты Роберт С.Левис және Ричард Е.
Чамберс те (Robert C.Lewis, Richard E.Chambers) бөліседі, олар қызмет
көрсетуді экономикалық субъектілердің, нақтырақ айтқанда өндіруші (сатушы)
мен тұтынушының (сатып алушы) тікелей өзара әрекеттесуінің нәтижесі және
олардың арасындағы өзара әрекеттің екі түрін: тікелей қарым-қатынас және
сыртқы ортаның бар екендігін көрсетеді. Нәтижесінде өзара қарым –
қатынастың бірінші түрі бойынша (тікелей қарым-қатынас) қызмет көрсету
өндірушіден тұтынушыға қарай тасымалданады, яғни мұндай қызмет тұтынушыға
көрсетіледі. Аталған тұтынушы мен өндірушінің әрекеттесу түрінен мынадай
ерекше мәселе көрінеді – оның бейматериалдық сипатын танытатындай бейненің
көрінбейтіндігі, яғни сезілмейтіндігі. Өзара әрекеттің екінші түрі (сыртқы
орта) материалдық формаға ие және олар тұтынушы мен өндіруші арасындағы
қызметтің бірінші өзара іс-әрекетінің тиімді жүзеге асырылуына мүмкіндік
береді. Егер тікелей қарым-қатынас кез келген қызмет көрсетудің міндетті
шарты болып табылса, онда өзара іс-әрекеттің екінші түрі – қызмет
көрсетудің кейбір түрлері үшін сыртқы орта қызмет көрсету жүйесінің маңызды
элементі болып табылатынын (мысалы, қонақ үйлік қызмет үшін), ал қызметтің
басқа түрлері үшін ол көмекші элемент ретінде танылатынын (мысалы, заңды
қызмет үшін) атап өту керек.
Осылайша, туристік қызмет көрсетудің өндіруші мен тұтынушы көзқарастары
тұрғысынан екі жақтылық мағынасы бар: өндіруші үшін қызмет көрсету үрдісі
немесе тұтынушыға қызмет көрсету шығындарға байланысты өндірістік іс-
әрекетті білдіреді, ал тұтынушы үшін қызмет көрсету – пайдалы әсер немесе
қажеттілікті қанағаттандыру. Қызмет көрсету ұғымы дефиницияларының алуан
түрлілігіне қарамастан автор қызмет көрсету түсінігінің мәнін Ф.Котлер
анағұрлым толық ашады деп есептейді. Оның анықтамасынан қызмет көрсету –
бір жақ екінші жаққа ұсынатын негізінен сезілмейтін және бір нәрсені
иемденуге алып келмейтін кез-келген іс-шара немесе пайда екендігі
айқындалады. Дегенмен қызмет көрсету – бұл күрделі және кешенді түсінік,
мұнда қызмет көрсетудің нақты табиғатына да көңіл бөлу керек; егер
материалдық қызмет көрсету – соңғы нысаны нақты өнімді жасау және ұсыну
болып табылатын материалдық өндірістің өнімі болса, бейматериалдық қызмет
көрсету субъективті түрде қабылданады. Бұл топтағы кейбір қызмет
көрсетулердің бір қатары сезілетін нақты заттық элементтерден тұрса да,
басты себеп - оның сезілмейтін қасиетінде.
Еңбек әрекетінің әр түрлерін байланыстыратын ортақ қызмет көрсету – бұл
дербес тұрғанда заттық нысанға ие болмайтын өндірістегі экономикалық
салауаттылық. Бұдан туатын қорытынды – қызмет көрсету нарығы өзге нарық
түрлеріне қарағанда мүлдем өзгеше. Мұндай ерекшеліктің екі түрлі себебі
бар: біріншіден қызмет көрсету іс-әрекет жүзеге асырылмай тұрғанда ешқандай
ұғымдық мәнге ие бола алмайды, мұндай өнім қызмет көрсету үрдісінің үстінде
пайда болады; екіншіден қызмет көрсету туралы ұғым көптеген жағдайда
тұтынушы толық бағалай алмайтын арнаулы білім мен шеберлікті қажет етеді.
Сан алуандығына қарамастан қызмет көрсету түрлерінің барлығы ортақ төрт
түрлі арнаулы ерекшеліктерден тұрады. Бұл негізінен қонақжайлылық
индустриясы қызметінде көрінетін қонақ үй қызметіне тән.
Туризмдегі сату объектісі ретінде туристік өнім бола алады. Өзіндік
ерекшелігіне орай туристік өнім көпқырлы, себебі оның құрамына қонақ-үйлер
мен көліктің, тамақтандыру кәсіпорындарының қызметтері, экскурсоводтың
қызметтері, туристік жабдықтау кәсіпорындарының өнімі және т.б кіреді.
Сондықтан туристік өнімге келесі өзгешіліктер тән [18]:
- жекелеген қызметтер мен тауарлар өзара қарым-қатынас пен байланыстың
күрделі жүйесін пайдаланады;
- туристік өнімді қолмен ұстап көруге болмайды: тұтынушы туристік өнімді
сатып алмай немесе пайдалана алмай көре алмайды;
- туристік қызметтерді тұтынушы мен өндірушінің арасындағы
территориалдық ара қашықтық;
- туристік өнімді қоймаға сақтау мен жинаудың мүмкін еместігі;
- туристік қызметтердің сапасы бірқатар болжауға келмейтін сыртқы
факторларға тәуелді. Олар ауа райы, табиғи жағдайлар, туризм
саласындағы саясат және т.б.
- сұраныстың мауысымдық ауытқуы;
- қозғалмайтың ұсыныс пен қарқынды сұраныстың арасындағы қарама-
қайшылықтың пайда болуы.
Туризм саласындағы сұраныс келесі өзгешіліктерге ие:
- қарқындылық;
- гетерогендік және кешенділік;
- баға мен табыс бойынша икемділігі;
- маусымдық ауытқулар
Туристік сұраныстың қарқындылығы қоғамның қарқынды дамуы арқылы
білінеді. Туризмге тұтынудың көбейіп кетуі мен сонымен қатар дамудың
біркелкі еместігі тән. Халықаралық туризмге туристік белсенділікті соңғы
жылдары төмендетуге ықпал еткен террорлық актілер өз әсерін тигізді.
Қазақстандағы туризмнің дамуына тежеу ретінде туристік аймақтардағы
криминогендік ахуал болып отыр. Туристер туризмнің қауіпсіз болғанын
қалайды.
Туризмге сондай-ақ алуан түрлі болуы мен кешенділік тән. Зерттеулер
көрсетіп отырғандай, турист сапар кезінде мейлінше мазмұнды және қызықты
бағдарламаны алғысы келеді. Негізгі қызметтермен қатар туристке қызмет
көрсету бағдарламасын байытатын және жақсартатын қосымша ілеспелі
қызметттер керек. Туристік сапарлардың негізгі мақсаттары ойын-сауық,
таным, кәсіби қызығушылықты қанағаттандыру, емделу, оқу және т.б болады.
Туристік ұйымға әлеуетті сұранысты білу қажет. Әлеуетті сұраныс
мөлшерінің көрсеткіштері саяхаттауға ниеттенген тұтынушының санын көрсетеді
немесе бұл көрсеткішті рыноктың сыйымдылығы деп атауға болады. Маркетингтің
міндеті әлеуетті мен шынайы сұраныстың арасындағы сандық айырмашылықты
жоюға бағытталған күш-жігерді жұмылдыру болып есептеледі.
Туристік сұранысқа әсер ететін екі факторды бөліп қарауға болады:
жалпыэкономикалық және әлеуметтік – демографиялық.
Негізгі экономикалық фактор болып тұтынушылардың сатып алушылық
қабілеті мен табысымен белгіленетін қоғамның әл-ауқаты есептеледі. Бұл
жерде тек табысты ұлғайту емес, еркінді табысты ұлғайту міндеті көзделеді.
Тек еркінді табыстың болуы ғана ішкі және сыртқы туризмнің дамуына өз
септігін тигізеді.
Туризмге сұранысты анықтау кезінде бос уақыт факторларына көп көңіл
бөлінеді. Эмпирикалық зерттеулер көрсетіп отырғандай, бос уақыттың жыл
сайынғы мөлшері сергектік уақытынан 25% құрайды. Оның ішінде 6 % жұмыс
күндеріндегі бос уақыт, 11,5 % - жексенбі және мереке күндеріндегі бос
уақыт, 7,5% - еңбек демалысындағы уақыт.
Туризм саласының ерекшелігі мәдени факторлардың ықпалында болып отыр.
Қазіргі кезеңде әлеуметтік-мәдени аспектілерді келесі бағыттар айқындайды:
- өзге мәдениетке, салт-дәстурлерге және менталитетке қызығушылық
таныту;
- бәсенді емес, белсенді түрде уақытты өткізу, қызмет көрсету
бағдарламасына спорттық іс-шараларды қосу.
Қазақстанда туристік қызметтерді тұтынушыға экономиканы реформалау,
нарықтық қатынастарға көшу факторлары өз ықпалын тигізді. Туризмнің жаңа
түріне сұраныс пайда болды. Олар экстремалды, этникалық, шытырман оқиғалы
туризм.
Туризмді табыстар мен бағалар бойынша жоғары икемділігі бар қызмет
түріне жатқызуға болады. Баға бойынша сұраныстың икемділігі келесі
факторларға байланысты::
-алмастырушылар қызметтерінің қол жеткізерлігі
- рыноктағы бәсекелестіктің деңгейі мен өткірлігі;
- сатып алу жөніндегі шешім қабылданатын уақыт шеңбері;
- саяхаттың ұзақтылығы;
- сапардың түрі.
Қазақстанда рекреациялық және танымдық сапарларға сұраныстың жоғары
икемділігі тән, бірақ іскерлік сапарларға баға бойынша сұраныс икемді
емес. Туристік сұранысқа өз ықпалын тұтынушылардың табыстары тигізеді.
Эмпирикалық зерттеулер көрсетіп отырғандай, тұтынушы табысының ұлғаюына
сұраныс өте сезімтал болады.
Алып-сатарлық туризмнің пайда болуы қарым-қатынастың жақсаруымен
түсіндіруге болады. Қазақстандық туризмде елден шығу сегментінің өсу
қарқыны байқалады. Сапарлар құрамындағы шопингтің үлесі 60% құрайды. Шығу
туризмге сұраныстың төмендуі кездейсоқ жағдай емес. Туристік белсенділіктің
төмендеу себебі Қазақстан туралы шетелде ақпараттың шектеулі екенінде,
елдің туристік әлеуеті бойынша каталогтардың, жарнамалық проспектілердің
жоқтығында болып отыр. Сондай-ақ туризмнің нашар инфрақұрылымы өз әсерін
тигізуде.
Туристік бизнесте үлкен ролге туристік өнімді сату жүйесі ие. Сату
жүйесі көтерме фирмалар мен бөлшек фирмалар деп бөлінеді. Көтерме
кәсіпорындар-туроператорлар- екі топқа бөлінеді: шетелдік турларды
қабылдайтын және оларға демалыс ұйымдастыратын рецептивтік туроператорлар,
сондай-ақ туристерді шетелге жіберетін және рецептивтік туроператорлардан
дайын турларды сатып алатын бастамашыл туроператорлар. Сату каналдардың
құрылымы бір қалыпты емес, белгілі факторлардың ықпалы өзгерістерге
әкеліп соқтырады.
Шоғырландыру дәрежесі жоғары болмағанымен, ірі туроператорлар тарапынан
сату көлемін азайту тенденциясы байқалады. Тек соңғы екі жыл аралығында
екі есе азайды.
Туристік қызметтерді тұтынушының ерекші қасиеттері туристік
қызметтердің сапасы субъективті түрде бағаланатынында болып тұр. Бұған өз
әсерін мынадай сыртқы факторлар: топ мүшелері, жергілікті халық тигізуде.
Туристік өнімдерді өндірушілердің ерекше өзгешіліктеріне әр түрлі
мақсатты көздейтін туристік қызметтердің қарапайым құрамдас бөліктерінің
көп профильді болуын жатқызуға болады. Осыған байланысты туризмнің
құрылымдық бөлімшелері жұмысын өзара үйлестіруі қажет [19].
Туристік бизнеске кері әсерін тигізіп жүрген маңызды көрсеткіштердің
бірі маусымдылық болып отыр. Туристік қызметтердің маусымдылығына қатысты
проблеманы шешу үшін оны жоспарлау және есепке алу қажет. Туристік
қызметтерге сұраныстың маусымдық сипатта болғаны туристік салаға кері
әсерін тигізуде. Туризмге сұраныстың маусымдық төмендеуі маусым аралығында
жұмыс орындарының босауына, қонақ-үйлер мен отельдер жұмысының тоқтап
қалуына, көлік құралдарының толық дәрежеде жұмыспен қамтылмауына әкеліп
соқтырады. Осы арада бұл фактордың өндіріс шығындарының бөлінуіне ықпалын
атап өту қажет. Осыған байланысты тәуекелділік жоғарылап, жақсы сұранысты
қамтамасыз ететін және өндірістің тиімділігін арттыратын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz