Еуропалық Одақ жайлы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І ТАРАУ. ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ ИНТЕГРАЦИЯСЫНЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ . . . 5
1. 1 Экономикалық интеграция түсінігі . . . 5
1. 2 Әлемдiк интеграциялық үрдiстің жалпы сипаты мен теориясы . . . 8
1. 3 Еуропа идеясы және еуропалық интеграцияның тарихы . . . 9
IІ ТАРАУ. ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢДЕГІ
ДАМУЫ . . . 17
2. 1 Еуропалық Одақтың кеңею үдерістері . . . 17
2. 2 Еуропалық Одақ шеңберіндегі саяси интеграциялық мәселелер . . . 26
2. 3 Еуропалық Одақ шеңберіндегі саяси интеграциялық үрдіске сыртқы факторлардың әсері . . . 33
2. 4 Түркияның ЕО-қа кіруімен туындап отырған проблемалар . . . 38
2. 5 ЕО-дағы лаңкестікпен күрес және адам құқығы мәселесі . . . 45
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 56
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДИБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 58
КІРІСПЕ
Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарда күннен күнге интеграциялық бірлестіктердің маңызы үлкен қарқынмен артып келеді. Мұның ең үлкен себебі, жаһандану үдерісінде әлемнің және әлемдік экономиканың біртұтас организм ретінде қалыптасуы десек қателеспейміз. Биполярлы жүйенің жойылуымен, жаңа әлемдік тәртіптің қалыптасуы барған сайын көпполярлы жүйенің негіздерінің қалыптасуымен сипатталып отыр. Осындай жағдайда әлем мемлекеттері халықаралық саясатта және экономикада жалғыз әрекет етуі әсерсіз және қауқарсыз болып келеді. Осыдан келіп, әлемнің көптеген аймақтарында интеграциялық бастамалардың жиі бой көрсетуі заңды құбылыс болып табылады Еуропалық интеграция өзінің даму жолы, тарихындағы жетістіктері мен кемшіліктері арқылы дүниедегі барлық интеграциялық бірлестіктер үшін үлгі болары сөзсіз. Еуропалық интеграция әрине, интеграциялық үдерістердің нағыз идеальды үлгісі депи айту қиын. Алайда, әлемнің түкпір түкпірінде құрылып жатқан интеграциялық топтар үшін ЕуроОдақтың жүріп өткен жолы сабақ болуы тиіс.
Еуропа одағы (Еуроодақ, ЕО) - Еуропаның Еуропалық Одақ туралы келiсiм шартына қол қойған 28 мемлекеттің экономикалық және саяси бірлестігі.
Еуропа одағы (ЕО) - халықаралық саяси және экономикалық бірлестік. Жалпы саны 373 млн адамнан асатын халқы бар Еуропа территориясында орналасқан Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люксембург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия, Австрия, Финляндия, Швеция сияқты елдердің (1993) қатысуымен құрылған. Еуропа одағы еуропалық қауымдастықтың, атап айтқанда, Еуропалық көмір мен болат қорыту бірлестігінің (1951, осы ұйым Еуропа одағының құрылуына негіз қалады), Еуропалық экономикалық қауымдастықтың (1957 жылы Рим келісімшарты бойынша құрылған бұл ұйым “Ортақ рынок” деп те аталады), сондай-ақ, Атом энергиясы жөніндегі еуропалық қауымдастықтың (1957 жылы құрылған) қарым-қатынастары негізінде жұмыс істейді. Кейіннен бұл Одаққа - Польша, Венгрия, Чехия, Словакия, Словения, Хорватия, Эстония, Латвия, Литва елдері мүше болды. Еуропа одағы аясындағы интеграциялық ынтымақтастықтың басты мақсаттары Бірегей еуропалық актіде (1987), Маастрихт келісімшартында (1992) және Амстердам келісімінде (1997) көрсетіліп айқындалған. Соңғы жылдары Еуропа одағы мынадай бағыттарда: ортақ рыноктан экономикалық және валюталық одаққа өту; кең өрістілік стратегиясын жүзеге асыру; бірегей сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласында тұтастық ахуалын қалыптастыру; Жерорта теңізі жағалауындағы, Азия, Латын Америкасы, Африка құрлығындағы аймақтық саясатты жандандыру; әлеуметтік саладағы үйлесімділікті одан әрі арттырып, құқық қорғау және ішкі тәртіпті сақтау ісіне әріптестік байланыстарды өрістету мұратына қызмет етіп келеді. 1999 жылдың бірінші қаңтарынан бастап (алғашқы кезекте он бір мемлекет:
Австрия, Бельгия, Германия, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланд, Португалия, Финляндия, Франция) есеп айырысу операциялары үшін тепе-теңдік қасиеті бекіндірілген бірегей еуро (1996 жылға дейін ЭКЮ) валютасын енгізді.
2002 жылдан бастап қолма-қол төлемдерге арналған тиындар мен банкноттар айналымға қосылмақшы. Еуропа одағының жалпы органдары қатарына Еуропалық комиссия, Еуропалық парламент, Еуропалық Одақтың Кеңесі, Еуропалық сот, Аудиторлар палатасы, т. б. жатады. Еуропалық Одақ әлемдегі ең ірі сауда қауымдастығы болып табылады
Диплом жұмыс тақырыбының өзектілігі. Еуропалық Одақ әлемдегі саясаттың негізгі бір тарапы болып табылады. Қазіргі уақытта ЕО-ға қарағанда басқа дамыған сауда-экономикалық әрі саяси интеграцияланған бірлестік жоқ. Екінші дүниежүзілік соыстан кейінгі жылдарда еуропалық интеграцияға ұмтылған Еуропа мемлекеттері Еуропалық Одақ көлемінде өздерінің бүгінгі күні шын мәнінде халықаралық үздік интеграциялық үрдіс болуға лайық дамытуда. Қазіргі таңда еуропалық интеграция үрдісі тарихи заңды құбылыс ретінде тек қана экономика, сауда саласын, әлеуметтік өмірді ғана қамтып қоймай, сонымен бірге жалпы қорғаныс, қауіпсіздік саясатын қамтуда1.
Диплом жұмысының мақсаты және міндеттері: Зерттеу жұмысының мақсаты -ЕуроОдақтың мысалында әлемдегі интеграциялық үдерістердің жалпы сипатын талдау болып табылады Осы мақсатқа сәйкес автор төмендегідей міндеттерді алдына қойды:
- ЕуроОдақтың әртүрлі тарихи кезеңдердегі таму тенденцияларын талдау;
-ЕуроОдақтың экономикалық саясатының бағыттарын зерттеу.
- ЕО-ның кеңеюі үдерістеріндегі проблемалық жағдайларды талдау. .
Жұмыстың құрылымы мен көлемі . Жұмыстың құрылымы алдына қойған мақсаттарға байланысты кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады.
І ТАРАУ. ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ ИНТЕГРАЦИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1. 1 Экономикалық интеграция түсінігі
Экономикалық интеграцияның әлеуметтік-экономикалық дамудағы әсерін, жаңа технологияның және халықтың орналасуы сынды географиялық өзгерістер негізінде талдау.
Экономикалық интеграция дегеніміз - бүгінде өндіргіш күштердің әлемдік процесінің өзіне тән көріну формасы. Ол елдердің шикізат, отын, еңбек ресурстарын неғұрлым ұтымды пайдалануына, аумақтық еңбек бөлінісін жақсартуына көмектеседі. Көбінесе саудаға негізделетін кәдімгі экономикалық ынтымақтастықтан өзгеше экономикалық интеграцияның ерекшелігі сонда, жекелеген елдердің жан-жақты қарым-қатынастары одан әрі тереңдейді, өндірістік процестер тұтасып ұласады.
Интеграциялық бірлестіктер соңғы жылдары дүние жүзінің көптеген мемлекеттерінің арасындағы қарым-қатынастардың ажырағысыз бір бөлігі болып отыр. Бұл орайда елдердің белгілі бір топтарының дамуының нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайларына орай интеграциялық процестер әр қырынан көрінуде. Мысалы, нарықтық экономикасы бар елдердің экономикалық интеграциясын айсбергпен салыстыруға болады: оның су үстінде ұшығына, яғни баршаға мәлім мемлекеттік монополистік одақтар мен бірлестіктер ғана көрінеді. Ал айсбергтің көзге көрінетін бөлігінен басқа көрінбейтін бөлігі - мыңдаған халықаралық фирмалар аралық одақтар мен келісімдер бар. Мұндай интеграция монополиялардың өнім өткізу нарықтарын қаратып алу үшін қымқуат күресімен ерекшеленеді. Прогресті экономикалық құбылыс екеніне еш күмән болмаса да, ол кейде нарықтық бәсекенің ауытқулары салдарынан қатардағы еңбеккерлердің қалталарын ойсыратып кететіні болып тұрады2.
Дамыған елдердегі интеграциялық процестер дамушы елдердегі интеграциялық беталыстарды да жеделдетті. Олардың дамуы қалыңқы екенін, ұлттық нарықтарының сыйымдылығы төмен екенін ескергенде шаруашылық тұрғысынан ынтымақтасу олар үшін айрықша қажет. Алайда жас мемлекеттердің басым көпшілігінде әзірше өнеркәсіптің дәстүрлі салаларында қарапайым кооперативтену жоспарлары ғана жасалып жатыр. Ал өнеркәсіптің өзекті салаларын айтсақ (ауыр өнеркәсіп, көлік, энергетика жүйелері) онда бұл болашақтың ісі. Қаржы жетіспейді, ал кейде интеграциялайтын да ештеңе болмайды.
Қазіргі іс жүзінде интеграциялық одақтардың ішінде дүние жүзіне мәлім болып отырғандары Еуропалық Одақ (ЕО) және АҚШ-Канада одағы. Дамушы елдердің интеграциялық топтарының қатарында: Латын Америкасының экономикалық жүйесі, ал осы континенттің 20-дан астам елін біріктіреді, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің ассосиациясы (АСЕАН), оның
құрамында Индонезия, Малайзия, Тайланд, Филиппин және Бруней бар.
Осы және басқа да көптеген интеграциялық бірлестіктердің бағыты мен қарекеті осы дамушы елдердегі әлеуметтік-экономикалық прогреске, тұтас алғандағы халықаралық экономикалық және саяси жағдайға байланысты болмақ.
Экономикалық интеграция - күрделі де сан салалы процесс. Ол өзіне қатысушы елдердің шаруашылығының дамуына ғана емес, орналасуына да ықпал жасайды. Бұл орайда ауданаралық, экономикалық байланыстар, экономикалық аудандар мен жекелеген өнеркәсіп орталықтарының мамандануы өзгеріп отырады.
Дүние жүзінің саяси картасының қалыптасуы адамзат қоғамының бүкіл даму жолын қамтитын процесс. Қазіргі дүние жүзінің саяси егеменді 200ден астам елдер мен мемлекеттер бар, солардың 170-і егеменді мемлекеттер. Елдерді топтастырудың қазірде ең көп тараған түрі - оларды территориясының көлемі мен халқының санына қарай топтау.
Территориясының көлемі жағынан әрқайсысының ауданы 3 млн шаршы шақырымнан астам ең ірі жеті ел бар, олардың бәрін қосқанда барлық құрлық жерінің жартысынан астамы болып шығады. Халқының саны жағынан әрқайсысында 100 млн-нан астам тұрғындары бар ең ірі он ел көзге түседі, осы елдердің халық санын қосқанда жер шарындағы халықтың 3/5-іне тең болады екен. Өте ұсақ, әдетте микромемлекеттер деп аталатын елдер бар. Елдердегі географиялық орнына топтастыру әдістері жиі ұшырысады. Топтастырғанда олар теңіз жағалауларына, түбектерге, аралдарға, архипелагтарға орналасқан елдер болып бөлінеді.
Халықтың орналасуы және тығыздығы: өте үлкен қарама-қайшылықтар. Халықтар мейлінше әркелкі орналасқан, барлық адамдардың 70 пайызы тіршілік етеді. Сонымен бірге адам мекендейтін құрлықтың жартысына жуығында халықтың орташа тығыздығы 1 шаршы шақырым жерге 5 адамнан келеді. Адамдар мүлде игермеген жерлер құрлық территориясының 15 пайызын алып жатыр. Табиғат жағдайлары халықтың орналасуына өте үлкен ықпалын тигізеді. Адамдар игермеген немесе нашар игерген жерлер ең алдымен табиғат жағдайлары барынша қолайсыз жерлер. Жердегі тұрғындардың әрбір 100-інің 80-і құрлық жердің 28 пайызын ғана қамтитын теңіз деңгейінен 500 м-ге дейін биіктікте орналасқан ойпаттар мен жазықтарда тіршілік етеді. Таулы өлкелерде айтарлықтай азырақ қоныстанған. Суармалы жерлерде еңбекті көп қажет ететін күріш егісінің дамуы Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияда халықтың аса ірі шоғырларының қалыптасуына әкеп соқты. өнеркәсіпті аудандарда халықтың тығыздығы 1 шаршы шақырым жерге 1000-1500 адамға жетеді. Жердегі халықтың орташа тығыздығы 1 шаршы шақырым жерге 38 адам. Халықтың саны мен тығыздығы әрбір елдің дамуына қажетті алғы шарты3.
Еуропалық Одақ (ЕО) - Ортақ нарық Батыс Еуропалық 17 мемлекеттің интеграциялық бірлестігі. Оны құруды қолға алып, 1957 жылы алғаш кіргендер Франция, Германия, Италия, Бельгия, Нидерланды және Люксембург болды. Кейін оларға Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия, Венгрия т. б қосылды. Оның құрылуы шаруашылық тіршілікті деген объективті тарихи баталыстың, бұл елдердің өзара жақындасып, ынтымақтасуға табиғи ұмтылысының нәтижесі болды. Бұл интеграциялық одақтың дамуы ұлғайған үстіне ұлғайып, тереңдей түсіп, ісқимылдың жаңа салаларына таралып отыр. Еңбек бөлінісінің дәстүрлі формаларын кеңінен пайдалана отырып (өндірісті мамандандыру мен кооперативтендіру, сыртқы сауда, шетке капитал шығару, ғылыми-техникалық білімдер алмасу және т. б. ) . ЕО қатысушы елдер соңғы жылдары энергетикалық саясат, айналадағы ортаны қорғау, жұмыссыздық мәселелерін етене үйлестіре шешетін болды.
Батысеуропалық интеграция өз мүшелері шаруашылықтарының дамуына ғана емес, олардың географиясына да көп ықпал жасап отыр. Өндіргіш күштердің шоғырлануының тарихи тұрғыдан қалыптасқан неғұрлым қуатты аймағы қатысушы елдердің Солтүстік-батысынан Бирмингем-Рейн-Милан бағытымен солтүстік-оңтүстік-шығысын алып жатыр.
Батысеуропалық интеграцияның дамуының қуатын факторы трансұлттық кооперациялар (ТҰҚ) мен банктердің тез өсуі болды. Еуропалық Одақта тұтас алғанда ұлттық нарықтарды жақындастырудың, экономикалық саясатты үйлестірудің әлемнің басқа қай өлкесіндегіден болсын биік деңгейіне қол жеткізілген. Бірақ Еуропалық Одақта интеграция процесі біркелкі жүрген жоқ және қазір де солай.
Еуровалюта-Батыс Еуропа елдерінің ұлттық валютасы; Батыс Еуропа банктерінің шоттарындағы кез-келген елдің айырбасталымды валютасы (Еуродоллар, еуроиена, еуромарка) мысалы, Швейцария банктерінің шоттарындағы Германия маркасы еуромарка, ал Германия, Франция банктеріндегі АҚШ доллары еуродоллар деп аталады. Е. банкнот нысанында болмайды жне айналысқа тек қана қолма-қол ақшасыз нысанда түседі, есеп айырысу - несие операциялары үшін пайдаланылады.
Интеграция, бірігу (ағылшынның integration ; латынның integer- бүтін, тұтас) - экономикалық субъектілерді біріктіріп, өзара іс-қимылдарын тереңдете түсу, өзара байланыстарды дамыту.
Қорыта келгенде, экономикалық интеграция және мәдени тұрғыдан жақындасуының ғана емес, сонымен қатар дүние жүзінде соғыс қаупін жоюдың да аса маңызды құралы болып табылады.
1. 2 Әлемдiк интеграциялық үрдiстің жалпы сипаты мен теориясы
Интеграция немесе интеграциялық үрдістер қазіргі кезеңдегі әлемнің дамуындағы жетекші факторлардың біріне айналып отыр. Оның үстіне интеграциялық үрдістер жаһанданудың ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады. Жаһандануға байланысты бағыттардың бірі оны тарихи тұрғыдан адамдар мен мемлекеттердің интенсивті түрде қарым-қатынас жасайтын және өзара әрекеттесетін кеңістіктердің үздіксіз ұлғаю процесі деп есептейді. Интеграция жаһанданудың аса маңызды бағыттарының бірі және осы үрдістің ажырамас бөлігі. Интеграция ең алдымен мемлекеттік қатысушылардың қоғамдық-саяси өмірдің қандайда бір саласы бойынша өзара жақындасуын немесе ынтымақтасуын білдіретін құбылыс. Интеграциялық үрдістерді зерттеу барысында мемлекеттік емес акторларға әдетте назар аударылмайды. Осы тұрғыдан келгенде белгілі бір елдің жаһандану үрдісіне емес, интеграциялық үрдіске қатысатынын атап өту қажет. Өйткені елдер нақты мемлекетаралық келісімдер негізінде интеграцияланады. Бір жағынан, жаһандану мұндай келісімдер негізінде жүрмейді және оны қажет етпейді, екінші жағынан, оның ықпалы әр аймақта әрқилы болуы мүмкін. Дегенмен, жаһандану үрдісі мемлекеттердің ыдырауына немесе мемлекеттік акторлардың жойылуына алып келуі ықтимал4.
Интеграция мемлекеттердің түрлі облыстар мен салалардағы ынтымақтасуын білдіреді. Оның негізгі түрлері: - саяси, экономикалық, мәдени, ғылыми-техникалық (нақты сала бойынша) ; - ғаламдық, аймақаралық, аймақтық, субаймақтық (географиялық принцип бойынша) ; Интеграция мен ынтымақтастық бір жағынан, қатысушылар санының артуы нәтижесінде «кеңейеді»; екінші жағынан, осы қатысушылардың түрлі салалардағы өзара байланыстары «тереңдейді». Мемлекетаралық ынтымақтастық тәжірибесінің тарихы айтарлықтай терең. Алайда, мемлекетаралық ынтымақтастық тек ХХ ғасырда ғана кең масштабты қамтып, тұрақты формаға ие болды. Бұл ең алдымен ынтымақтастықтың интенсификациясымен, мемлекетаралық бірлестіктер мен институттарды қажет еткен ынтымақтастық салаларының және интеграциялық үрдістердің дамуымен тығыз байланысты. Осыған орай интеграциялық үрдістер тек ынтымақтастықты емес, сонымен қатар мемлекетаралық байланыстардың мехнизмдерін құруды, яғни ынтымақтастықтың институттануын білдіреді. Осы тұрғыдан, біріншіден, интеграция шешім қабылдаудың мемлекетаралық механизмдерін құруды ұсынатын үкіметаралық ұйымдардың (ортақ институттар арқылы интеграциялық үрдістер жүзеге асырылады) дамуымен байланысты; екінші жағынан, интеграция екі көзқарас тұ рғысынан қарастырылады: үрдіс ретінде
және мемлекетаралық ынтымақтастықтың нәтижесі ретінде5.
Мемлекеттерді интеграцияны жүргізуге немесе интеграциялық бірлестіктерді құруға қандай факторлар итермелейді? Ең алдымен бірлесіп қимылдау арқылы ортақ проблемаларды шешуге деген ұмтылыс пен жігер осыған ықпал етеді. ХХ ғасырдағы әлемнің дамуы халықаралық байланыстардың, экономикалық жағынан әлемнің өзара тәуелділігінің артуына ықпал етті. Өз кезегінде ол интеграциялық үрдістер мен түрлі бағыттағы үкіметаралық ұйымдардың құрылуына алып келеді. Осы өзара тәуелділікпен түрлі мемлекеттердің ортақ қимылдауын қажет ететін ғаламдық проблемалардың белең алуы тығыз байланысты. «Кіші» және «орта деңгейлі» мемлекеттердің халықаралық сахнада өз ықпалдары мен беделдерін арттыруға деген ұмтылыстары да интеграциялық процестің дамуымен байланысты. Осы мемлекеттер үшін бірігу арқылы халықаралық үрдістерге ықпал ету әлдеқайда оңайға түседі. Мәселен, 1951 жылы Көмір және болат жөніндегі Еуропалық қауымдастық пен 1957 жылы Ортақ нарықтың (Еуропалық экономикалық қауымдастық) 3 кіші және 3 үлкен мүшесі болса, 1973 жылы 5 кіші және 4 үлкен, 1980-ші жылдары 8 кіші және 4 үлкен, 1995 жылы 11 кіші және 4 үлкен. Халықаралық ұйымға немесе интеграциялық бірлестікке ене отырып, мемлекеттер шартты түрде өзінің бірқатар функцияларынан айырылғанымен, есесіне бірқатар өкілеттіктерге қол жеткізеді.
1. 3 Бүтін Еуропа идеясы және еуропалық интеграцияның негізінің қалануы
Интеграция мәселесін зерттеуге байланысты халықаралық қатынастар теориясында түрлі мектептер мен бағыттар қызмет етеді. Реалистік мектеп интеграциялық үрдістер мен халықаралық ұйымдардың қызметін сыртқы саясат шеңберінен аспайтын мемлекетаралық қатынастардың нәтижесі ретінде қарастырады. Реалистердің тұжырымдауынша, үкіметаралық институттардың пайда болуы мен дамуы мемлекетаралық байланыстардың жемісі саналғандықтан халықаралық қатынастардың сипаты мен табиғаты өзгеріссіз қалады. Реализмнен бөлек интеграциялық үрдістерді зерттеудегі келесі бағыттар либералды дәстүр аясында қалыптасты. Либерализмде халықаралық үкіметаралық ұйымдар жаңа акторлар ретінде қарастырылады. ХХ ғасырдың екінші жартысында интеграциялық үрдістерді теоретикалық тұрғыдан қайта қарастыру ең алдымен либералды мектептің қызметімен байланысты. Либерализмнің аясында екі теоретикалық мектеп қалыптасты: функционализм (неофункционализм) және федерализм. Функционализмнің негізін қалаушы Дэвид Митрани 1943 жылы жарияланған «Әлем және халықаралық ұйымдардың функционалды дамуы» еңбегінде Ұлттар Лигасының сәтсіздікке ұшырауының себептеріне талдау жасай келе, интеграциялық үрдістер саяси аспектіден басталмауы қажет деген тезисті ұсынды. Осы жолда мемлекеттер өз ұлттық тәуелсіздіктерінің тағдырына алаңдаушылық білдіреді. Сондықтан Д. Митрани ең алдымен экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық саладағы интеграцияға басымдық берді. Оның пікірінше саяси интеграция экономикадан кейін біртіндеп жүзеге асуы қажет. Бастапқы кезде негізінен мемлекетаралық қарым-қатынастарға ден қойған функционализм трансұлттық корпорациялардың дамуына назар аударған жоқ. Алайда, уақыт өте келе бірқатар зерттеушілер Трансұлттық корпорациялар қызметінің түрлі мемлекеттердің экономикалық интеграциясына алып келуі функционализмнің логикасына сәйкес келеді және олардың өкілдері әлемді біртұтас жүйе ретінде қарастырады. Осының барлығы функционалистердің көзқарасынша ұлттық шекаралардың шайылуына және біртұтас экономикалық мәдениеттің құрылуына алып келеді6.
Еуропа идеясы және еуропалық интеграцияның тарихы. Экономикалық интеграция үрдісі көптеген зерттеушілердің пікірінше бірнеше кезеңді қамтиды: - Еркін сауда зонасын құру, қатысушы-мемлекеттер кедендік кедергілер мен сауда саласындағы шектеулерді алып тастайды. Әдетте салықтар мен өзге де шектеулер жойылады; - Кедендік одақты құру. Оның аясында ортақ кедендік тарифтер бойынша және басқа мемлекеттерге қатысты біртұтас сыртқы саудаға сәйкес тауарлар мен қызмет түрлерінің қозғалысы жүреді; - Мемлекеттер арасында тек сауда саласында ғана емес, сонымен қатар жұмыс пен капиталдың қозғалысындағы кедергілерді жоюды білдіретін ортақ (біртұтас) нарықты құру. Бұл кезеңде интеграцияланушы мемлекеттердің барлығына қатысты экономиканың салалары мен секторларын дамыту бағдарламасы дайындалады. Интеграциялық бірлестікке енетін артта қалған аудандардың әлеуметтік және аймақтық дамуына көмек көрсету мақсатында ортақ қорлар құрыла бастайды; - Экономикалық және валюта одағын құру. Бұрынғы интеграцияның формалары қатысушы-мемлекеттер тарапынан біртұтас экономикалық және валюта-қаржы саясатын жүргізумен, сонымен бірге әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі мемлекетаралық жүйені құрумен толықтырылады; - Соңғы, бесінші кезең саяси интеграцияға өтуді және ортақ саяси институттарды құруды қарастырады. Соңғы уақыттарда интеграцияның осы нұсқасына сақтықпен қарауда. Өйткені біріншіден, бұл үрдіс міндетті түрде белгіленген бағыт бойынша жүрмеуі мүмкін және ол белгілі бір кезеңде тоқтатылуы да ықтимал; екіншіден, экономикалық интеграция әрқашан саяси интеграцияға алып келе бермейді. Саяси сала интеграция үрдісіндегі ең күрделі әрі ауыр мәселе саналады.
Екінші дүнижүзілік соғыс аяқталғаннан кейін еуропалық елдердің алдында тұрған басты міндет - экономиканы қайта қалпына келтіру және Еуропа құрлығында қауіпсіздік жүйесін құру болды. Ең алдымен Еуропадағы ұлтаралық және халықаралық қақтығыстардың алдын алу мәселесі, халықаралық дауларды әскери жолмен емес халықаралық құқықтық арбитраж арқылы шешу, демократия мен нарықтық экономиканы қолда сияқты мәселелер ең алғашқы орынға шықты. Осындай жағдайда Еуропада бірігу идеясы кеңінен танымал бола бастады. Еуропаның бірігуі туралы алғашқы бастамалар ретінде 1946 жылы 19 қыркүйекте У. Черчиллдің Швейцариядағы Цюрих Университетінде сөйлеген сөзі де себекпкер болды десек жаңылмаймыз. Өз сөзінде Черчилль «Еуропаның трагелиясы» ұлттық дұшпандықты әсіресе француз -неміс антогонизмін жойып, АҚШ үлгісінде еуропалық мемлекетерін одақтасуға шақырды. У. Черчиллдің осы сөйлеген сөзін Еуропаны біріктіру манифесті деп атайды7.
Алғашқы кезеңде Еуропаны біріктіру идеясы Еуропа жұртшылығы тарапынан бірден қызу қолдауға иен болған жоқ. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі уақытта көпшілік Еуропа мемлекетері арасында ынтымақтастық идеясынан гөрі, өзінің ұлттық мүдделері пікірі басым болды. Мысалы Нидерланды мен Дания БҰҰ мен қарым қатынастарға баса назар аударса, Ұлыбритания көбінесе фунт стерлингтің құны мен АҚШ-қа мемлекеттік қарызы туралы ойланды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz