ЕXPO-2017 халықаралық көрмесі
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1 ЕХРО.2017 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бүкіләлемдік көрмелердің пайда болу кезеңдерінің тарихы ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Халықаралық көрмесін дамытудағы туризмнің ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
1.3 ЕХРО.2017 халықаралық көрмесіндегі мәдени.танымдық туризмнің
маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2 ЕХРО.2017 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІНЕ ДАЙЫНДЫҚТЫҢ ЖАҒДАЙЛАРЫ
2.1 Қазақстанның бүкіләлемдік көрмеге дайындықтағы туризм индустриясының
дамуын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
2.2 ЕХРО.2017 халықаралық көрмесінің экономикалық тиімділігін талдау ... .38
2.3 Халықаралық көрмеге үлес қосатын Түркістан аймағының туристік
мүмкіндіктерін қарастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..44
3 ЕХРО.2017 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІНЕ ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Халықаралық көрмеге туристік кластердің үлесін жетілдіру бағыттары ... ..50
3.2 ЕХРО.2017 халықаралық көрмесіне ОҚО.на экскурсиялық туризмді дамыту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...66
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .69

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. EXPO-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізу - Қазақстанның негізгі жобаларының бірі. 2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске Қазақстан Республикасының ресми өтінімі тапсырылды. 2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын болып таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ. ЕХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді [1].
1. Асан, Т. Замана лебін сездірген... : ЭКСПО-тәжірибе // Түркістан. - 2013. - 12 желтоқсан (№ 50), № 10 : Ырыс "Түркістанның" экономикалық қосымшасы. - 6 б.
2. Кошелев А. И. Поездка русского земледельца в Лондон на Всемирную выставку. - М., 1852. http://upload.wikimedia.org
3. Обзор Парижской Всемирной выставки. 14 выпусков. - Спб., 1867-1869. http://www.kfm.gov.kz/
4. Богданович Е. В. Русские на Венской выставке. - М., 1873. http://upload.wikimedia.org
5. Абдрахманов, С. Экспо // Егемен Қазақстан. - 2012. - 28 қараша (№ 778/784). - 5 б.
6. Кусаннов Х.Х. Туризм экономикасы. Алматы: ҚР жоғары оқу орынд. қауымдастығы, 2012. - 208 с.
7. Шәкен.А.Ш. Туризмдегі кәсіпкерлік іс-әрекет негіздері. Алматы: Қазақ университеті. 2011. - 132 с.
8. Воскресенский.В.Ю. Международный туризм. Инновационные стратегии развития. Москва: Юнити, 2007. - 159 с.
9. Тимохина.Т.Л. Организация приема и обслуживания туристов. Москва: ИД "Форум", 2010. - 352 с.
10. Севастьянова С. Региональное планирования развития туризма и гостиничного. - Москва : Кнорус, 2010. - 256 с.
11. Алшынбеков С.Қ. Экскурсиятану негіздері. Алматы: ҚазҰПУ, 2009. - 143 с.
12. Ердавлетов С.Р. География туризма: история, теория, методы, пратика. Алматы, 2000. Каз ГНУ им. Аль-Фараби.336-бет.
13. Сұрағанова С.К. Туризм инфрақұрылымы. Алматы: ЖШС РПБК Дәуір. 2012. - 208 с.
14. http://greenbridge.kaznu.kz/index.php/kz/information-kz/k-rmeler“ЭКСПО-2017 “Болашақ энергиясы” қоғамдық виртуальды көрмеге қатысуға шақырамыз. 2014ж.
15. О.Аяшев http://zhamagat-kyzylorda.kz/kaz/news/detail/1775 ЭКСПО-2017 – дамудың бетбұрыс белесі. 2014ж.
16. http://www.kfm.gov.kz/kk/actual/expo-2017/"ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі Астанада өтеді 2014ж.
17. А.А.Сарсенбаева. Туризмді ұйымдастырудың экономикалық тетіктері. Автореферат. 08.00.05 – Экономика және халық шаруашылығын басқару.
18. Шаикина Ж.М. Туризм маркетингі. Алматы : Дәуір, 2012. - 288 с.
19. Смыкова М. Туризм: экономика, менеджмент и маркетинг. Алматы : Нур-Пресс, 2006. - 220 с.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1 ЕХРО-2017 халықаралық көрмесін қалыптастыру және ұйымдастырудың
теориялық негіздері
1.1 Бүкіләлемдік көрмелердің пайда болу кезеңдерінің
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . 6
1.2 Халықаралық көрмесін дамытудағы туризмнің
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
1.3 ЕХРО-2017 халықаралық көрмесіндегі мәдени-танымдық туризмнің
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2 ЕХРО-2017 халықаралық көрмесіне дайындықтың жағдайлары
2.1 Қазақстанның бүкіләлемдік көрмеге дайындықтағы туризм индустриясының
дамуын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 28
2.2 ЕХРО-2017 халықаралық көрмесінің экономикалық тиімділігін
талдау ... .38
2.3 Халықаралық көрмеге үлес қосатын Түркістан аймағының туристік
мүмкіндіктерін
қарастыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...44
3 ЕХРО-2017 халықаралық көрмесіне туристік қызметті дамыту мәселелері
3.1 Халықаралық көрмеге туристік кластердің үлесін жетілдіру
бағыттары ... ..50
3.2 ЕХРО-2017 халықаралық көрмесіне ОҚО-на экскурсиялық туризмді дамыту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .66
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 69
Кіріспе
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. EXPO-2017 халықаралық көрмесін
Астанада өткізу - Қазақстанның негізгі жобаларының бірі. 2011 жылғы 10
маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы
Винсенте Гонсалес Лоссерталеске Қазақстан Республикасының ресми өтінімі
тапсырылды. 2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің
жасырын дауыс беру барысында Астана EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған
көрмесі өтетін орын болып таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-
2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ. ЕХРО-2017 көрмесінің
Болашақтың энергиясы тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау
технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар
баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны
пайдалануға мүмкіндік береді [1]. Астана осы саладағы ең үздік әлемдік
әзірлемелер мен трендтер көрсету үшін тиімді алаңға айналуы мүмкін. Көрме
сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту
және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді.Мұндай
ауқымды іс-шараны өткізу шағын және орта бизнестің дамуына елеулі серпін
береді. Көрме елорданың көрмелер объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына
едәуір жеке меншік инвестицияны тартуға мүмкіндік туғызады.
Көрме біздің елімізге ірі инвестиция тартуға мүмкіндік туғызады. Сондай-
ақ ЭКСПО көрмесін өткізу арқылы Қазақстан жасыл экономиканы дамытуға
тікелей септігін тигізетін жаңа технология мен инновация алады - деді
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласында ЭКСПО-2017
халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері
жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзінде.
Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде
қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді
бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы
қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды
қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқысы бола білді.[1]
ЭКСПО көрмелерінің идеологиялық теке тірестің алаңына айналу арқылы да
ғажап нысандардың, ғажайып туындылардың дүниеге келуіне себепші болған
жайлары жеткілікті.
ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу Қазақстан үшін халықаралық деңгейде алға
жылжуында үлкен қадам болмақ. EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізуге
ниетті Қазақстан әлемдік қауымдастыққа Болашақ энергиясы тақырыбын
ұсынғаны белгілі. Қалай дегенде де, EXPO сияқты халықаралық көрмелерге
қатысу қай елдің болса да әлеуетін дүниежүзіне паш етуге берілген тамаша
мүмкіндік деуге болады. Оның үстіне, әлем алдында өзіңнің даму деңгейіңді
іс жүзінде дәлелдей отырып, шараны жоғары жауапкершілікпен өткізу – өте зор
құрмет. Өйткені елдерді достастыру, ауызбірлікке шақыру, инфрақұрылымдарды
лайықты деңгейде дамыту – жоғары дәрежеде өтетін кез келген іс-шараның
мақтанышы.
Әлем дамудың жаңа, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз жолдарын қажетсінеді.
Міне, сондықтан да Қазақстан Жасыл экономикаға бет бұрды. Егер EXPO-ны
өткізудің сәті түссе, осы бір қордаланған мәселелер шешімін табады.
Шындығында да еліміздің географиялық орналасу жағдайын, жел және күн
энергиясын пайдалану мүмкіндігін, сондай-ақ мұнай және газ ресурстарының
энергетикалық әлеуетін ескерсек, бұл қажеттіліктің орнын толтыруға тамаша
мүмкіндік туып отыр. Қазақстанның сағатына 1 трлн кв энергия өндіруге
мүмкіндігі бар. Оның үстіне Астана көрмені өткізу құқығын жеңіп алған
жағдайда, ЭКСПО-2017 көрме қалашығы толықтай баламалы энергия көздері
арқылы жұмыс істеуге көшеді.
Дипломдық жұмысымыздың басты мақсаты. ЕХРО-2017 халықаралық көрмесіне
ОҚО-ның қосатын үлесін арттыру жолдарына ұсыныс беру.
Дипломдық жұмыстың негізгі міндеттері.
- Халықаралық көрмесін дамытудағы туризмнің ролін айқындау;
- ЕХРО-2017 халықаралық көрмесіндегі мәдени-танымдық туризмнің маңызын
сипаттау;
- Қазақстанның бүкіләлемдік көрмеге дайындықтағы туризм индустриясының
дамуын талдау жасау;
- ЕХРО-2017 халықаралық көрмесінің экономикалық тиімділігін талдау
жүргізу;
- Халықаралық көрмеге үлес қосатын Түркістан аймағының туристік
мүмкіндіктерін қарастыру
- Халықаралық көрмеге туристік кластердің үлесін жетілдіру бағыттарын
ұсыну;
ЕХРО-2017 халықаралық көрмесіне ОҚО-на экскурсиялық туризмді дамыту
жолдарын ұсыну.
Зерттеу нысаны болып ЕХРО-2017 халықаралық көрмесіне ОҚО-ның қосатын
үлесі алынған.
Дипломдық жұмыстың ғылыми-әдіснамалық негізін қазіргі заманғы отандық
ғалымдардың еңбектері, Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың
2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы және Қазақстан Республикасы үкіметінің
шешімдері құрады. Жұмысты жазу барысында логикалық және экономикалы-
статистикалық әдістері пайдаланылды.
Зерттеудiң тәжiрибелiк нормативтiк-құқықтық базасы Қазақстан
Республикасының заңды және нормативтi актiлерi, Қазақстан Республикасы
Президентiнiң Жолдаулары және ЕХРО-2017 халықаралық көрмесін дамыту
бағдарламасы, Қазақстан Республикасының статистика жөнiндегi Агенттiгiнiң
мәлiметтерi, әр түрлi министрлiктер мен комитеттердiң материалдары
негiзiнде қалыптасты.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспе, негізгі текстің үш бөлімімен,
қорытындымен және қолданылған әдебиеттер тізімімен көрсетілғен. Жұмыс 70
бетте мазмұндалған және 10 кесте және 3 суреттен тұрады.
1 ЕХРО-2017 халықаралық көрмесінің қалыптасуымен оны ұйымдастырудың
теориялық негіздері
1.1 Бүкіләлемдік көрмелердің пайда болу кезеңдерінің тарихы
Бүкіләлемдік көрмелер тарихы 1851 жылы Лондонда өткізілген Барлық
халықтардың өндірістік жұмыстарының ұлы көрмесінен басталып, бүгінгі күнге
дейін жалғасуда.
1928 жылы Парижде көрме қызметін реттеу мақсатында Халықаралық көрме
бюросы (ХКБ) құрылды. Бүгінгі күні ол өте ежелгі және өкілетті халықаралық
құрылымдардың бірі (оған 166 ел мүше). Халықаралық көрме бюросы халықаралық
көрмелер принциптері мен мақсаттарының сақталуын, халықаралық қызметтесу
шеңберінде білім беру, инновациялар саласында, жалпыадамзат мәселелері
бойынша пікір алмасу жөніндегі ғаламдық сұқбат-кездесулер ұйымдастыруды
қадағалайды [2].
ЭКСПО көрмесі. ХКБ 1876 жылғы Филадельфиядағы Бүкіләлемдік көрмеге
келушілер [3].
Бүкіләлемдік көрмелерді өткізу орны мен олардың тақырыбы саяси,
экономикалық, жағрафиялық және мәдени ерекшеліктерді ескере отырып
анықталады. XIX ғасырда, Өндірістік революциялар, романтизм және позитивизм
қоғалыстары кезеңінде көрме қозғалысын дамытуға қолайлы жағдайлар туындады.
Өзінің құрылғанынан бастап Көрмелер халықтар арасындағы ынтымақтастыққа
ұмтылды; сондықтан олар бір мезгілде витрина және адамзат прогресімен
байланысты мәселелерді талқылау жөніндегі форумдар болып табылды. Кейде
Бүкіләлемдік көрмелермен қатар салтанатты даталар мерекеленді. Көрмелер
өткен мен бүгінгінің және болашақтың арасындағы байланыстырушы буын.
Мәселен, 1889 жылы Парижде Француз Революциясының жүз жылдығы атап өтілді,
1876 жылы Филадельфияда АҚШ тәуелсіздігінің жүз жылдық мерейтойы атап
тойланды; 1893 жылы Чикагода және 1992 жылы Севильяде Американың ашылуының
бес жүз жылдығы атап өтілді, ал 1915 жылы Сан-Францискода Панама каналының
ашылуы мерекеленді.
Көрнекті ғимараттар. Экспериментальды қалалар.
Токио сарайы, Архитектор Дондель мен Обер. Париж 1937жыл ХКБ.
В 1851 жылы Лондонда алғаш рет Бүкіләлемдік көрме қаланың орталығындағы
барлық экспонаттар сыятын БІР ҒИМАРАТТА өткізілді. Ол үшін сол кезде
жаңалық болып табылатын Хрусталь сарай салынды. Оның тіреу құралдарының
оранжереясы өзінің жаңалығымен инженерлік конструкциямен, Виктория Регия
алып кувшикасындағы қайталанытын суреттерімен ерекшеленді.
1855 жылдан бастап Бүкіләлемдік көрмені бір ғимаратта өткізу
концепциясы ескіріп, көрме кеңістігін ұйымдастырудың жаңа нысаны – көрме
алаңдары туындады. Сөйтіп, халықаралық көрме қалашықтары пайда болады. 1893
жылғы Чикагодағы “Ақ қала” осындай қалалардың алғашқы қарлығашы. Көрмелеуді
бұлай ұйымдастыру салынған нысанардыкелешекте де пайдалануға мүмкіндік
береді: экспозициялар көлдің айналасынағы араналар мен салаларда орналасты.
Бүкіләлемдік көрмелерде ұсынылған өнерлер арасында маңызды орын
сәулетке берілді. Көрмені қабылдаған қалалар заманауилықтың,техникалық
прогрестің, және бүкіл әлемге танымалдықтың белгісі болуға лайықты бірегей
ғимараттар салуға тырысты: Брюссельдегі Атомиум, Барселонадағы Монжуич
Ұлттық сарайы, Париждегі Эйфель мұнарасы.
Бірегей оқиға. 1958 жылғы Брюссельдегі Бүкіләлемдік көрмедегі “Такси-
трициклдар”.
Экспо көрмесінің өзі бір спектакль, мәдени және шығармашылық оқиғалар
ретінде орын алып жатқан әлемдік дегейдегі театр сахнасы іспетті.
Келушілерге Бүкіәлемдік көрмелердің мұрасы мен тарихы ұсынылды. Олар көңіл
көтерудің жаңа нысандарының пайда болуымен байланысты ғажайып және қызықты
оқиғаларға толы болатын: Ауа шарымен, дирижабльмен саяхат, кинематографтағы
алғашқы қадамдар...
Көрермен Бүкіләлемдік көрмелерге ғылыми сабақ және жаңа білім алуға
емес, көңіл көтерудің жаңа түрлерімен танысуға, ғажайып заттарды
тамашалауға деген құлшыныспен келетін. Осылай XIX ғасырдың соңғы үшінші
бөлігінде қазіргі аттрациондардың алғашқы нұсқалары пайда болды.
Витриналық көрмелерден форум-көрмелерге келушілер.
Бүкіләлемдік көрмелердің пайда болуы және қалыптасуы қарқынды ғылыми-
техникалық прогрес жылдарына келді.Түрлі ғажайып механизмдер мен
лайықтандырылған қарапайым құралдар – лифтер, транспортерлер, тігін
машинкалары, сондай-ақ телеграф, электр жарығы, тоңазытқыш қондырғылар,
роботтар – заманауи адамға үйреншікті өнертабыстар - әр жылдары
Бүкіләлемдік көрмелерде алғаш рет ұсынылған болатын.
Дегенмен Бүкіләлемдік көрмелер – жұмыс және пікірталас орны, әлемдік
мәселелерге назар аудару мүмкіндігі. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі
кезеңдегі көрмелерде технологияалық прогрестің өмірмен және тұрақты
дамумен үйлесімдікке деген талпынысы көрініс табады.
Инновациялар и заманауи өмір.
Бүкіләлемдік көрмелерге қатысуға дарынды ақындар, суретшілер,
мүсіншілер тартылды. Вагнер, Штраус, Верди көрмелерге арнап арнайы
музыкалық шығармалар жазды. Көрмелер академиялық мәнердегі суретшілермен
қатар батыл авангардистер өз жұмыстарын ұсынатын тамаша көркемсуретті
галереяларға айналды. 1867 жылы Мане Париждегі Бүкіләлемдік көрменің
суреттерін салса, 1939 жылы Дали Нью-Йоркте сюрреализм павильонын
рәсімдейді, ал 1937 жылы Пикассо Париждегі көрмеде XX ғасырдың сиволына
айналған Герниканы ұсынды.
Даму қозғалтқышы.
Қабылдаушы қалалар үшін Бүкіләлемдік көрмелер – болашаққа қадам
жасаудың тамаша мүмкіндігі. Көрмелер қалалардың өздері және аймақ үшін алып
экономикалық әлеует болатын: жаңа технологиялар, құрал-жабдықтар, көлікпен
тасымалдау жүйелері және қызмет көрсету, қалақұрылысы және сәулет
салаларындағы алдыңғы қатарлы өнертабыстар. Бұлардың барлығы қала тарихында
осында өткен Бүкіләлемдік көрме туралы өшпес із қалдырады.
Осакодағы Швейцария Павильоны 1970 жыл. ХКБ
Всемирные выставки будущего.
Бүкіләлемдік көрмелер – өзінің масштабы, жаңашылдығы және келушілер
саны бойынша бірегей оқиғалар. Бүгінгі күні ХКБ 166 мемлекет мүше, олардың
барлығы өз елінде Экспо-ны қабыладап осындай елеулі оқиғаны өз жерінде
өткізгісі келеді. Болашаққа белгіленген көрмелер: Бүкіләлемдік әмбебап
көрме 2015 жыл Милан - “ Планетаны тамақтандыру, өмірге арналған энергия ”;
Халықаралық мамандандырылған көрме 2017 жыл Астана (Казахстан) – Болашақ
энергиясы.
Әлем қозғалыста 1851-1900.
Бүкіләлемдік көрмелер XIX ғасырда экономика мен сауда-саттықтың бұрын-
соңды болмаған өсуінің толқынында пайда болды. Ол уақытта Өндірістік
революция кезеңіндегі империалистік әлем билеуші Европа болатын.
Хрусталь сарайлар мен машиналар галереясы.
Уоллес фонтаны, Париж көрмесі, 1878 жыл ХКБ
XIX ғасырдағы ауылшаруашылығын индустриаландыру дәуіріне дейінгі
әлемдегі карнавалдар, жәрмеңкелер мен базарлар бірігіп, бірте-бірте жаңа
нысандарға ие болып, өндірістік көрмелерге айналды. Мұндай көрмелер нағыз
витриналарға айналды.Олардың барысында көрмені қабылдайтын елдер өз
өнімдерін шығарып, өзінің экономикалық қуатын көрсетті. 1851 жылы Лондонда
өткен витрина-көрме соның көрнекті айғағы.
Архитектор Джозеф Пакстонның туындысы Хрусталь сарай – викториандық
Англияның кәсіпкерлік рухының көрінісі. Осы алып өнер туындысында, оның
әйнекпен толтырылған металл конструкцияларында адам өмірін қайта оралмастай
өзгерткен механизмдер мен өнертабыстар көрсетілді. Алып машиналар
галереясы оның ең жақсы жарнамасы және сенсациясы болды.
Қоғам барометрі.
Бүкіләлемдік көрмелердің танымалдығы жыл санап арта түсті. Прогрсс пен
өндірістік дамудың көрінісі болып табылатын көрмелер өзін қабылдайтын
елдердің болашақта табысты дамуының кепіліне айналды. Эйфель мұнарасы XIX
ғасырдағы Бүкіләлемдік көрмелердің символына айналды. 300 метрлік зәулім
биіктікке көтерілген көрермен нақты өмірден қол үзіп, қиялға шырқауға және
инженерлік өнерге шынайы баға беруге мүмкіндік алды.
Әлемдегі ең үлкен күмбезі бар Ротонда, 1873 жылғы Венадағы Бүкіләлемдік
көрме, 1873 жыл ХКБ.
ДАҒДАРЫСТАН – БОЛАШАҚҚА 1900-1939.
Колониалдық империялар мен әсіре ұлтшылдық дәріптейтін елдер арасындағы
бақталастық салдарынан 1914 жылы әлемдік деңгейдегі алғашқы әскери
қақтығыстар басталды. Керемет дәуірдің рухы, бейбітшілік пен татулыққа
ұмтылыс бірінші әлемдік соғыс траншеяларының құрбанына айналды.
Орыс революциясы, Ұлы тоқырау, 1929 жылы негізі қалана тастаған
тоталитарлық режимдер, демократияға деген сенімнің жоғалуы, қайта қарулану
– осының барлығы айналып өтуге мүмкін емес әскери қақтығыстың жақындағанын
сездіртіп тұрды. Бүкіләлемдік көрмелер қауіп пен үрейден жасырынатын орынға
айналды.
Бүкіләлемдік көрмелер – колониалдық алыптардың қаруы.
Көрмелер колониалдық жүйенің қаруына айналды. Жағрафияны алып, оны
әлдебір хикаямен толтырып, отар елдегі өмірге ерекше әр беріп, олардың
табиғатпен үйлесімдегі экзотикалық өмірін үлкен қаладағы күйбең
тірішілікке қарсы қойды.
Инновациялар.
Көркемсуретті авангардтық ағымдар мен академиялық дәстүрлерден
ажыраудың шырқау кезеңі. Париж көрмесі 1937 жыл, замануи өнердің
салтанатына айналды: Рауль Дюфи Электричество Феясы панносын ұсынды, ал
Роббер Делоне авиация павильонын рәсімдеді.
Авангард және ойын-сауықтық көрініс.
1904 жылы Сан-Луисте келушілер алғаш рет мұз салынған шәйдің, ыстық
бұршақтың, орама балмұздақтың дәмін татып, жаңа туған сәбилерге арналған
инкубаторларды тамашалауға мүмкіндік алды. 1939 жылы Нью-Йоркте алғаш рет
телевидние саласында RCA жетістіктері мен алғашқы су турбинасы ұсынылды.
БЕЙБІТ КЕЗЕҢ ЖӘНЕ СЕЗІНУ 1958-1970.
Екінші дүниежүзілік соғыс адамзатты адами тұрғыдан әбден тоздырды, әлем
қоғамы жаңарудың қажеттігін сезінді. Бейбітшілікке және прогресске ұмтылыс
Біріккен Ұлттар ұйымын құрудан және Бүкіләлемдік көрмелер рухынан көрініс
тапты.
Бірақ мамыржай үміт пен ізгі ниет тағы да күнделікті өмірдің
күйзелісіне ұшырады: Кореядағы қақтығыс, қырғиқабақ соғыс, екі полярлы
әлем, ядролық дәуір... Деколонизацияға байланысты Африка және Азия
континенттерінде жаңа мемлекеттер, олармен бірге халықаралық мәселелерге
жаңа көзқарас пайда болды. Бүкіләлемдік көрмелер, жаңа әмбебап мәселені
тегіс қамтитын сипатқа ие болды.
Әлемдік қоғамның ұмтылысы.
Бүкіләлемдік көрмелер көңіл көтеру мен демалыстың мекеніне айналды:
Монреальдағы “Ла Ронд” паркі, Осакадағы “EXPOland”. 1967 жылы Монреальде
Роман Кройтердің “Лабиринт”фильмі көрсетілді, оны түсіруге және экранға
шығаруға 4,5 миллион доллар жұмсалды.
Брюссель Атомиумы, Фуллера геодезиялық күмбезі және 1967 жылы
Монреальде израильдік сәулетші Моше Сафди жасаған Хабитат 67, Сиэтлдегі
Ғарыш инесі және Осакадағы Күн мұнарасы адамзаттың жаңалыққа және
замануилыққа ұмтылысының көрінісі болды.
Тұтынушылар қоғамының қалыптасуы.

Монреальдағы “Ла Ронд” паркі, Осакадағы “EXPOland”. 1967жылыМонреальде

Ғарыш дәуіріне.
1962 жылғы Сиэтлдегі Бүкіләлемдік көрменің тақырыбы - “Ғарыш
дәуіріндегі адам". 1967 жылғы США-тың Монреаль қаласындағы павильонда
көрермендерге ғарыш кемелері ұсынылды. Көрмелердің арқасында, ядролық апат
қауіпі жылдарында халықтар арасындағы байланыс қалпына келтіріліп,
ынтымақтастық нығая түсті. Мәселен, Канада конфедерациясының жүз жылдығын
тойлау жылы Сент-Экзюпердің шығармасы Адамдар планетасы Монреальдағы
көрменің тақырыбы болды.
Жаңа тәртіп орнатылды 1970 жылғы Осакадағы EXPO-да Жапония өзін жаңа
әлемдік держава ретінде жариялады.
Оқиға орталығы – көрме символы – Күн мұнарасы орнылған Фестивальдер
алаңы. АҚШ павильонында көрермен назарына Аполлон-12 ғарыш кемесінің
астронавтары әкелген ай тасы ұсынылды..
Жаңа технологиялар дәуірі 1974-1998.
Жетпісінші жылдардағы әлемдік мұнай дағдарысы қоршаған орта мен
энергоресурс мәселелерін қайта зерделеудің кезекті кезеңіне айналды. Әлем
екі полярлы болудан қалды, тоқсаныншы жылдар үміт пен оптимизм сезінген
кезең болды. Орталық пен шалғай арасында өзара әрекеттесудің жаңа нысандары
пайда болып, Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы алшақтық қысқарып, БҰҰ-ның
халықтар форумы ретіндегі ролі күшейді, халықаралық қатынастар көптараптық
сипатқа ие болды.
Осымен бір мезетте жаңа технологиялар екпінді дамиды:
микропроцессорлардың, компьютерлердің, интернет байланысы, көлік және әр
адамның күнделікті өмірі түбегейлі өзгеріске ұшырады. Жахандану процесі
бүкіл адамзатты - Жер көлеміндегі ауылды қамтиды. Көрмелер жаңа
тенденцияларды көрсетеді.
Дағдарыс және алаңдаушылық.
1992 жылғы Севильядағы Экспо Өзен және теңіз навигациясының павильоны,
А.О.Агеса.
Бүкіләлемдік көрмелер кезіндеэнергетикалық дағдарыс және экология
сияқты халықаралық өмірдегі ең өзекті мәселелер қаралды. Қырғиқабақ соғысы
аяқталғаннан кейінгі алғашқы көрме 1992 жылы Севильяда өтті. Онда біріккен
Германия өздерінің бірыңғай павиьлонын ұсынды, Балтық жағалауы мемлекеттері
дербес павильондарын орнатты.
Ең өзекті деген тақырыптарды талқылауға деген ұмтылыс көзге ұрып тұрды:
тұрақты даму, экологиялық проблемалар, табиғи ресурстарды тұтыну мәселесі.
Севилиядағы көрмеде қоршаған ортаға қызығушылық байқалды: көрме қаласында
келушілер жазғы андалуз ыстығын оңай қабылдайтын арнайы микроклимат
орнатылды.
Жаңа жерлерді ашуды мерекелеу.
Бүкіләлемдік көрмелер әруақытта өткенді еске алудың және одан болашаққа
пайдалы заттарды алудың таптырмас мүмкіндігі болатын. 1986 жылы Ванкувердің
жүз жылдығы мерекеленді, ал екі жылдан кейін Брисбенде Австралияның екі
жүзжылдығы атап өтілді; Колумб туған Севилья мен ГенуядаАмериканың
ашылуының бес жүз ғасырлық мерейтойы тойланды, 1993 жылы Тэджонде Кореяның
бүкіләлемдік көрмеге алғаш рет қатысуына жүз жыл толғаны мерекеленді (
Чикаго 1893 жыл), ал 1998 жылы Лиссабонда Васко да Гамоның Үндістанға
жетуінің бес жүз жылдығы атап өтілді..
Севильяда алғаш рет көрмені орналастыруға тарихи ескерткіш
пайдаланылды, осы көрмеде көрме аяқталған соң көрме алаңын пайдалану
тәжірибесі жинақтала бастады: XV ғасырда салынған Санта-Мария-де-лас-Куэвас
монастырі, Баркет және Аламильо көпірлерімен қатар көрменің символына
айналды, ал Картуха аралында бүгін ойын-сауық Картуха-93 паркі орналасқан.
Севильядағы көрмеде бүкіл әлемнен әкелінген көрнекті экспонаттар ұсынылды:
“ Америка алтыны” – колумбиялық дәуірге дейінгі кезеңнің алтын заттардың
ең жақсы экспозициясы, көлемі көлемі 60 тонна айсберг. Сондай-ақ
көрмедеАмериканың ашылуына арналған тақырыптық павильондар ашылды.
Ертеңгі күн тамаша болуға тиіс 2000-2010.
11 қыркүйек болашақ қуаныш жарқын болады деген сенімге күдік
тудырғандай болды. Адамдар өздерінің қауіпсіздігіне сенімсіздікпен қарап,
лаңкестіктен, жаппай қырудың қарау-жарағының таралуынан, климаттың
өзгеруінен қауіптене бастады.
Халықаралық күн тәртібіне жаңа мақсаттар шығарылды; Оларды орындауға
ортақ көзқарас және ортақ қимыл қажет. Бүкіләлемдік көрмелер бұрынғыдай
әлем халықтары кездесетін и өзара байланыстың және қызметтерді бөлудің
тиімді жолдарын іздейтін орын болды.
Жаңа мыңжылдық, жаңа құндылықтар.
Джама Дж.Вил павильоны конустық нысанның белгілері. Айчи 2005 жыл.
Жаңа мыңжылдықтың Бүкіләлемдік көрмелері заманауи қоғамның талаптарына
жауап береді: оларда жаңа технологиялар, дизайн жетістіктері, демалыс және
ойын-cауық саласы,жаңа сәулет нысандары ұсынылған; сонымен қатар көрмелер
жаңа маңызды жаңалықтар мен түсініктерді талқылайтын орын: экология,
пацифизм, тшыдамдылық, өзара сыйласымдық және мәдениеттер мен халықтар
арсындағы диалог. Көрмелер жаңа құндылықтардың дәнекері.
Жаңа технологиялар мен тұрақты даму арасындағы үйлесімдікке ұмтылыс.
Тұрақты даму, қалыпты өсім, қоршаған орта проблемалары, технология
шекаралары – онжылдық көрмелерінің өзекті мәселелері. 2000 жылғы
Ганновердегі көрменің тақырыбы Адамзат, табиғат және технологиялар”, 2005
жыл Айчи – Табиғат даналығы, 2008 жыл Сарагоса – Су және көңілге қонымды
даму, 2010 жыл Шанхай - Жақсы қала – жақсы өмір.
Ынтымақтастық және білім беру басымды бағыттарға айналды. Адамзат,
табиғат и технологиялар тақырыбымен Ганноверде өткен көрме ынтымақтастық
бойынша жобалардың бүкіл әлемде, Аляскадан Гаваяға дейін дамуына әсер етті.
Шанхайдағы көрмеде бүкіл әлем қалаларының өкілдері қаладағы өмір сапасын
арттыру бойынша тәжірибе алмасты.
Жақсыға ұмтылыс.
Бүкіләлемдік көрмелер – бұрынғыдай өз еліңді жақсы жағынан көрсетудің
таптырмас жолы: біріккен Германия 2000 жылы Ганновердегі көрмеге қатысты.
Айчидегі көрме Жапониядағы ұзаққа созылған дағдарыстан көңілді бұруға
мүмкіндік берді. Сарагосадағы көрме – орта көлемдегі қалалардың халықаралық
масштабтағы шараларды тартуға ұмтылысының көрінісі. 2010 жылғы Шанхайдағы
Бүкіләлемдік көрме және 2008 жылғы Пекиндегі Олимпиада ойындары Қытайдың
қуатын растады.
Айчидегі бүкіл әлемдік көрме 2005.
2005 жылғы 25-наурыздан 25-қыркүйекке дейін Жапония Табиғат даналығы
тақырыбындағы Бүкіләлемдік кезекті көрмені қабылдады. Көрме Нагоя қаласының
шығысындағы төбелерде, Нагакута, Тойота және Сето қалаларында орналасты.
Бұл Бүкіләлемдік көрме –XXI ғасырдағы алғашқы көрме. Оның тақырыбы –
әлем халықтарының даналығы мен күшіне арқа сүйей отырып, нағыз үйлесім орын
алатын болашаққа қарай жылжу.
Адам мен табиғат арасындағы жаңа қарым-қатынас.
Көрме алаңы, Айчи, 2005 жыл.
Аумағы 170 га көрме Айче префектурас Нагоя қаласының шығысындағы
төбелерде орналасты. Ол екі аймақтан тұрды, олардың арасындағы қатынас
арқан жолмен жүзеге асырылды: Нагакута, аумағы 157 га – негізгі шараларды
өткізу орны, және Сето – 15 га алқапты алған табиғат пашалығы, көрменің
рухани орталығы, келушіге жанды табиғатпен тікелей араласуға мүмкіндік
беретін жер.
Көрме тақырыбына сәйкес қабылдаушы ел – Жапонияның павильоны себет
іспетті күйде бамбукпен қапталған. Павильон түрлі экспериментальды
технологияларды пайдалана отырып жарақтандырылған; онда энергиямен
қамтамасыз етудің инновациялық жүйесі орнатылды, ол кондиционерлердің
үнемді жұмыс істеуіне мүмкіндік берді, шатыр фотокаталитикалық
элементтерден тұрды. Павильон концепциясы үш маңызды принципке негізделген:
утилизация, шығынды үнемдеу және қайта өңдеу.
Павильон конструкциясы табиғаттың жапондықтар өміріндегі орны,
табиғатты, білімді және технологияларды біріктіріп, қарым-қатынасты жолға
қою, бұрынғыдай адам мен табиғат арасындағы тұрақты қатынасты орнату.
Экспонаттар арасында - Жерді көру - 360° сфералық экрандағы жер шарының
моделі.
Мәдениетер арасындағы ұлы симфония.
125 елдің және халықаралық ұйымдардың экспозициялары 6 жалпы аймақта
орналасқан. Жапонияның көптеген жеке павильондарында келушілер ең озық
технологиялармен танысты. Осы павильондардың кейбіреулері көрменің бетке
ұстар экспонаттары – мәселен, роботтар спектаклін қойған Тойота
компаниясының паильоны.
Көрме 185 күнге созылды.Осы уақыт ішінде спектакльдер бір сәт
толастамады. “Ванаку аралының қазынасы” павильонында көрмеге келушілерге
түрлі ойын-сауық ұсынылады.
Сарагосадағы бүкіләлемдік көрме 2008.
2008 жылғы 14-маусынан 14-қыркүйекке дейін Испанияның маңызды
қалаларының бірі Сарагоса "Су және тұрақты даму" тақырыбындағы Бүкіләлемдік
көрмені қабылдады. Үш ай бойы барлық назар су тақырыбына аударылды.
Көлемі 25 га гектар көрме павильонын көрнекті сәулеттші-авангардистер
дайындады. Мұнда түрлі сиқырлықтар мен тосынсыйлар болды; мұнда цунамиді
шақыратын имитаторлар және Европадағы ең үлкен аквариум орнатылды.
Келушілер ұлттық асхана тағамдарынан дәм татуға барлық әлем халықтарының
мерекесіне қатысуға мүмкіндік алды.
Қазақстан 2008 жылғы EXPO-да.
Сарагосадағы 2008 жылғы EXPO-да, Қазақстан 104 қатысушы елдер арасында
"С" санатындағы павильондар арасында павильон рәсімдеудің ішкі және сыртқы
критерийлері бойынша қола марапатқа ие болды.
Осы Бүкіләлемдік көрмеге қатысқан Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев осындай көрмені Астанада өткізудің мүмкіндігі туралы
айтты.
Шанхайдағы бүкіләлемдік көрме 2010.
2010 жылы 184 күн бойы – с 11 мамырдан 31 қарашаға дейін – Қытай Халық
Республикасында Бүкіләлемдік көрме өтті. Көрме тақырыбы - “Жақсы қала –
жақсы өмір”. Көрме жұмысына 198 ел және 27 халықаралық ұйымдар қатысты.
Көрмеге 70 млн. жуық адам келді.
Көрме Хуанпу өзенінің қос жағалауында Нанпу және Лупу көпірлерінің
арасындағы 5,28 шаршы метр алқапта орналасты. Кіру билеті 3,28 шаршы метр
көрме алқабын қарауға мүмкіндік береді. EXPO парк - көрме қалашығаның
аумағында орналасқан келушілерге әр уақытта ашық жасыл алқап.
Қалақұрылысының үздік тәжірибесі аймағы.
Мұндай аймақ алғаш рет дәл осы Шанхай көрмесінде ашылды. Осы жерде
қаладағы өмір сапасын жақсартудың бірегей жобалары ұсынылды. Аймақ қала
тұрғындары қалаларды салу және дамыту саласындағы тәжірибемен алмасу
жөніндегі алаң ретінде ойластырылған болатын.
Қазақстан EXPO-2010-да.
Қазақстана павильоны "Азия" аймағында Жапониия мен Оңтүстік Кореямен
көршілес орналасқан. Шанхай EXPO-2010-дағы Қазақстан павильонының басты
мақсаты – Астананы халықаралық деңгейде әлемдегі ең жас және қарқынды дамып
келе жатқан елдің астанасы ретінде таныстыру. Қазақстан ұлттық
экспозициясының тақырыбы "Астана – Еуразия жүрегі". Павильонға 1 млн.жуық
адам келді..
Ёсудегі бүкіләлемдік көрме 2012.
2012 жылғы 12-мамырдан 12-тамызға дейінгі аралықта Оңтүстік Кореяның
Ёсу қаласы Жанды мұхит және жағалау тақырыбындағы Халықаралық
мамандандырылған көрмені қабылдады [4].
EXPO көрмесінен басқа аумағы 250,000 шаршы метр көрме аумағында EXPO
қалашығы, көлік қоятын орын (парковка), саябақтар (парк), жасыл желектер,
мейрамханалар, мұражайларжәне дәмхана орын тепті.
Көрме бұл жерге кездейсоқ орналастырылмаған. Көрме өзінің тақырыбына
толық сәйкес келетін мұхиттың көрікті жағалауына орналасқан.
Көрме аумағы Халюсидо Ұлттық Паркімен және Одонг аралымен шектесіп,
табиғи жағдайы EXPO тақырыбын жандандыра түсетін 317 шағын аралдармен
қоршалған.
Ёсу EXPO-2012 халықаралық қауымдастықтың әлемдік мұхиттың және
жағалаудың қызметі мен құндылықтары туралы танымын кеңейтіп, теңіз
саласында қызметтесуді жолға қою қажеттігін көрсетті.
EXPO-2012-дегі Қазақстан.
Kazakhstan’s pavilion pays special attention to Astana city as a
candidate for EXPO 2017 with the theme “Future Energy”.
Қазақстан төрт рет ЭКСПО Бүкіләлемдік әмбебап көрмесінде өз павильонын
орнатты. Қазақстан өз павильонын мәдениет пен ғылымдағы, бизнес пен
туризмдегі дәстүрлерге және инноваицяларға сәйкес құрды. Павильон су
тақырыбына арналып, Қазақстан тарихы мен дәстүрлері, оның заманауи өмірі
және болашақ перспективалары туралы әңгімеледі. Біздің павильон 6 аймақтан
тұрды. Келушілер бүкіл павильондар бойынша көрсетілген интерактивтік шоуды
тамашалады және оған қатысты. Қазақстан павильоны ол кезде Болашақ
энергиясы тақырыбы бойынша ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге үміткер қала
Астанаға ерекше назар аударды [5].
1.2 Халықаралық көрмесін дамытудағы туризмнің ролі
Ел экономикасының толығуы мен туризм бір-бірімен өзара тығыз
әрекеттеседі. Жалпы экономикалық факторлар туризмге әрі теріс, әрі оң әсер
береді. Оң әсер етуші факторлар болып мыналар табылады:
- Нақты табыстың өсуі, бұл кезде тұтынушылар мол қаржыға ие болады,
осыған сәйкес туризмге деген сұраныс арта түспек;
- Пайданың барынша тепе-тең бөлінуі, қаншалықты қолдағы табыс тепе-тең
бола түссе, соғұрлым көп адамдар туристік өнім тұтынатын болады;
- Валютаның тұрақтылығы, егер шетел валютасының құны тұрақты болса,
тұрғындар оны көп мқлшерде сатып ала алады, әрі бұл жағдайда олар өз
демалысын дұрыс жоспарлай алады.
Туризмге теріс әсер етуші факторлар болып мыналар табылады:
- Экономикалық дағдарыс құбылысы;
- Жұмыссыздықтың артуы, жалақының қысқаруы және сол сияқты т.б.;
- Валютаның тұрақсыз жағдайы, егер шетел валютасының құны жоғары
болса, тұрғындар оны аз алады да, елдің тұрғындарына, шет елдерге туристің
барып-қайтуы қымбат тұратын болады.
Туризм өзі орналасып, дамыған аймағының экономикасына үлкен әсер
етеді. Туризмнің қоғам өміріне әсерінің басты үш бағытын атап өтуге
болады: экономикалық, әлеуметтік және гуманитарлық [6].
Туризмнің экономикалық маңызы. Экономикалық жағдайы ретінде екі жағынан
қарастырылады:
- Экономикалық кешен, өрлеуі көбінде бейбіт өмір тіршіліктің процестері
мен қатынастарының экономикалық біртұтас жиынтығы.
- Экономикасының өрістеуінің маңызды қоздырғышы ретінде. Бұл сапасы
бойынша туризм елдер арасында ішкі жалпы өнімнің өзара бөлінісу арнасы
қызметін атқарады.
Кемелденген әлемдегі туризм:
- Индустриалды түрге ие;
- Жинақтауға және тасымалдауға болмайтын қызмет түрінде көрініс береді;
- Жоғары тиімділігі мен тез салым қайтарымдылығымен сипатталады;
- Жаңа аудандарда шаруашылықты игерудің негізі болады;
- Табиғатты және мәдени құндылықтарды қорғаудың тиімді тәсілі болады;
- Адам қызметінің барлығымен, барша шаруашылық салаларымен нақты түрде
үйлесіп ынтымақтасады.
Дамыған елдерде шетелдік туризмнен түсетін табыс қара және түсті
металдармен халықаралық саудадан түсетін пайдадан екі есе артық болатыны
мәлім.
Туризмнен түсетін табыс туристік сапар барысындағы шығындардан
құралады. Ол туристің бару, қайту, мекенде болу барысында тұтынуға шығарған
шығындарының жиынтығымен анықталады [7].
Туристік шығындарға мыналар жатады:
- біртұтас жолсапар;
- демалу және турпакеттер;
- орналасу;
- тамақтану;
- көлік тасымалы;
- рекреациондық, мәдени және спорттық қызмет түрлері үшін;
- саяхаттың ажырамас бөлігі болып табылатын тұтыну тауарлары;
- медициналық қызмет және басқалар.
Тізбектелген туристік шығындар экономикаға тікелей әсер етеді. Яғни
туризмнің экономикалық қызметі ұлттық табыстың құралуына өз әсерін береді.
Туризмнің ел экономикасында тұтастай алғанда қоғамға әсер ету аумақтары
болып табылатындар:
- кәсіпкерлік аумағы. Туристік кәсіпорын құру тұтынушыға өз
өнімдері мен қызметтерін ұсыну арқылы пайда әкелумен қатар, жұмысшылар мен
қызметкерлерге жалақы мен түрлі төлемдер алуына, акционерлерге – табыс,
мемлекетке алымдар мен салықтар алуға мүмкіндік береді.
- Тұтынушылық және кірістік жақтары. Туризм тұтынушылық сұраныстың жаңа
түрін жасайды. Туристердің әртүрлі тауарлар мен қызметтерге сұранысы
жергілікті өнеркәсіп орындарының дамуына ықпал етеді. Осының арқасында
тұтыну тауарын өндіру артып, тұрғындардың тұрмыс деңгейі көтеріледі.
Туризмнің арқасында жергілікті кәсіпорындар өсіп өркендейді, оның
ішінде:
- өз кезегінде салық салу арқылы жергілікті тұрғындарға пайда беретін
мәдени және ойын-сауықтар (музей, көрме, мемориалдық кешендер және
ескерткіштер, шоу-бизнес, кинобизнес).
- Көлік кәсіпорындары мен фирмалары (қоғамдық көлік, автокөлікті жалға
беру, автобустарды саяхаттауға пайдалану, жергілікті авиокомпаниялар да
көбінде туризмнен табыс табуға бағышталған);
- Сувенирлер даярлаушы, арнайы туристік жабдықтар мен қолөнер
бұйымдарын жасаушы кәсіпорындар (бұл кәсіпорындардың бұйымдары бүкіл әлемде
көбінесе туристерге бағытталған) [8].
Валюталық жағы. Туризм шетел валютасы ағымынан елге келуіне ықпал
етеді. Әлбетте шетел валютасы тек туристік жолдамаға төлеу арқылы ғана
емес, сонымен қоса туистер күнделікті шығындары мен қосымша қызметтер үшін
туристік орталықтардағы ақша алмастыру арқылы реттеседі.
Өндірістік құрылымы. Туризм тек туристер үшін ғана емес, жергілікті
ітұрғындардың демалысына пайдаланатын демалу құрылымын жасайды. Жаңа
туристік орталықтардың өрістеуі, сервистік, сауда-саттық және ойын-
сауықтық өнеркәсіптердің пайда болуымен қабаттаса жүреді, бұнымен қоса
қоршаған инфрақұрылымға, әрі тұтыну нарықтары мен кәсіпкерліктің басқа
тұстарына, оң әсер ететін жолдардың құрылысы мен пляждар салынуын айтуға
болады. Туристік инфрақұрылымның өркендеуі арғы немесе бергі аймақтағы
жергілікті тұрғындардың тұрмысының көрсеткіші болады.
Туристердің барған жерінде жұмсаған ақшасы біруақытта сол барған елдің
кірісін де құрайды. Бұл кіріс тізбектелген түзіліске бастайды.
Кәсіпорындардың алғашқы айналымда түсірген құрал т.б. түрдегі табыстарының
әрбір сомасы есеп шотта қалмай қайта айналымға түседі. Туризмге шығындар
жасау арқылы алғашқы кірістерді қайта айналымға салу өсім қосып нәтиже
береді де туризмге арналған қандай да бір тауар, өнім шығарушы үшінші жақ
кәсіпорнына табыс түсіреді. Нәтижесінде өнім қосқан кіріс алынады.
Бұл процесс ел экономикасына жанама әсер етеді. Елдің экономикасына
туризмнен жанама әсер, туристердің тауар мен қызметті белгілі мерзімде,
белгілі жерде сатып алуының қайталануы әсерінен пайда болады.
Мұндай құбылыс мультипликациялық әсер немесе мультипликатор деп
аталады. Туризмнің мультипликациялық әсері шығыс-кіріс тізбекті түзілісінің
барысында әрбір туристен алынатын табыс, оның саяхат барысында тауар мен
қызмет үшін жұмсаған ақшасының мөлшерінен асып түсіп пайда түскенде
көрінеді. Бұл туристік қызмет пен тауар сатудан түскен қаржының бір бөлігі
салықтарды төлеуге жұмсалатынын білдіреді. Туристік кәсіпорын тек
жергілікті тауарларды сатып алғанда ғана одан түскен табыс түгелімен сол
аймақтың экономикасына жұмыс істей бастайды. Осы табыстан жұмысшыларға
жалақы төленеді де олар өз кезегінде бұл қаржыны тауар мен қызметті сатып
алуға жұмсайды. Туристерден түскен ақшаның бір бөлігі қор құруға жұмсалады
да тағы бір бөлігі басқа жерлерден сатып алынған тауарларға төлеуге
жұмсалып, бұл өз кезегінде туризм экономикасынан түскен табыстың басқа
жерлерге ағып кетуіне жол ашады. Сонымен туристік өнім өндірісін басқару
және табысты арттыру мультипликациялық туристік шығындардың артуын
күшейтеді. Екінші жағынан қаншалықты туристік өнім сырттан әкелінсе,
соншалықты оның сол жергілікті жер үшін тиімділігі азая түседі [9].
Жалпы барлық аймақтық көлемді алғанда туризм экономикасы мешеу қалған,
құрылымы дамымаған аймақтың экономикасының көтерілуіне әсер етеді. Бұндай
аймақтардың тұрғындары үшін туризм аса маңызды қосымша табыс көзі болып
табылады.
Туризм жалпы экономикалық мәселелерді шешуге көмегі тигенмен бірақ
туристік қызметтің сан-сапалылығын ескерер болсақ, ол өздігінен тиімді
болып өз алдына дами алмайтынын да байқауға болады.Туризмнің экономикалық
тиімділігі сол елдің халық шаруашылығы мен басқа да салаларының кешенді
дамуына параллель түрде әсер етеді.
Туризмнің әлеуметтік маңызы. Туризмнің қоғамдық өмірдің әлеуметтік
жағдайындағы мәнділігі мыналардан тұрады:
- Қоғамның психо-физиологиялық қорларын қалпына келтіру және адамдардың
еңбек қабілеттілігі;
- Бос уақыттың тиімді пайдаланылуы;
- Жұмыс орындарын жасау мен тұрғындарды еңбекпен қамту;
- Жергілікті тұрғындардың мәдениетіне әсері;
- Кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлердің жұмысшыларын табыспен
қамтамасыз ету;
- Туризмнің экологиялық қауіпсіздігі және оның рекреакцияны
тұрақтандыру мен қалыптастыруға бағышталуы.
Әлеуметтік тұрғыдан туризм адамның күш-қуатын, яғни өндіріс
саласындағы өзінің міндеттерін атқарудағы физикалық және жүйкелік
ауыртпалықтарды әрі тұрмыстық біртектіліктен демалу мен қалпына келтіру
болып табылады.
Туристік демалу – бірқалыпты жағдайды өзгерту, өмір қалпын жақсарту,
шаршаудан ажырау әрі көңіл күй көтерудің жаңа жерлермен танысудың, оның
адамдармен танысуы жалпы пайымын ұлғайтудың және т.б. мүмкіндіктері. Бұның
бәрі адамның күш-қуатын қалпына келтірудің мүмкіндігі [10].
Туристік кәсіпорындар туристік демалуға шақыра отырып, өздерінің
қызметін де ұсынады. Туристер жексенбі күнін, демалысын, тиімді де пайдалы
өткізуге мүмкіндік алады. Жастарды ойын-сауықтық тартымды саяхаттарға тарта
білген туристік клубтар жақсы мінезді жастардың қалыптасуына мүмкіндік
жасайды. Туристік кәсіпорындардың өз алдына қойған мақсаттарын дұрыс
орындауына қоғамдық физикалық, тәндік денсаулығы мен моральдық қасиеті
тікелей байланысты болады.
Туристік индустрияның дамуы жұмыс қолының еңбекпен қамтылуын шешеді.
Туризм экономиканың ең бір көп еңбек сіңіруді талап ететін саласы және сол
арқылы жұмыссыздықтың азаюына мүмкіндік жасайды. Дүние жүзілік еңбекпен
қамту ұйымының мәліметіне қарағанда әлемдегі әрбір 15-ші жұмыс орны
туристік салаға тиесілі.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей туристік индустрия даму барысында түрлі
жұмыс қорын басқа ауданнан тартуға мәжбүр болып, сол арқылы жергілікті
тұрғындардың санын арттырады. Туризм тұрғындардың өмір сүру деңгейінің
артуына әсер етеді. Туристік салалардағы қызмет басқа да жұмыстарға
қарағанда жұмысшыларға жақсы төлемақы жасайды, сондықтан да туризм
саласындағы жұмыс жоғары сұранысқа ие.
Кемелденген туризм экологиялық жағдайға екі жақты әсер етеді. Бір
жағынан қоршаған ортаға белгілі дәрежеде зиян келтіреді. Яғни адамдардың
өмір қағидасы мен жануарлар және өсімдік әлемінің қалыпты жағдайы өзгереді.
Жергілікті тұрғындар туризмнің зиянды жақтарына алдыңғы қатарда
автокөліктердің әсерінен ауаның ластануы және жерді экологияға жат әсерін
жатқызады.
Енді бір жағынан туризм экологияның және рекреациялық ресурстардың
жақсаруына мүдделі, өйткені ол оның қызметінің ең маңызды шарттарының бірі.
Туризм табиғи, тарихи, мәдени обьектілерді пайдалана отырып, олардың
сақталуына мүдделі. Ескерткіштер саны, сапасы, парктердің әсем болуы,
туристердің жақсы демалуына мүмкіндік ашып, әрі туристік кәсіпорынның
дәрежесін артырады.
Туризмнің жергілікті тұрғындарға кері әсерінің нәтижелеріне мыналарды
жатқызуға болады [11]:
• Машықталынбаған еңбек үлесінің артуы;
• Қоғамдық мінез-құлық әдеттен ауытқу санының артуы;
• Жастардың өмірге жеңілтек қарауы, ажырасулар;
• Мәдениеттің кәсіпшілікке айналуы;
• Нақты туристік бағыттың өз құндылығын жоюы;
• Жергілікті халықтар мен туристер арасындағы жан-жалдар.
Туризмнің оң және теріс әсерлері барысында жергілікті тұрғындар өздерін
ұлттық, отаншылдық және индивидтік деңгейден көрсетеді. Туристік
қажеттіліктерін қанағаттандыру, аймақтың тұрғындарының мүдделеріне қайша
келмеуі, мәдени және тарихи құндылықтарға, қоршаған ортаға, табиғи
құндылықтарға залалын тигізбеуге тиіс.
Туризмнің гуманитарлық маңызы. Бұл мағынада жалпы алғанда демалысты
сол туристік сапарда болған елдің тарихы, мәдениеті, әдет-ғұрыптарын
ұштастыру. Туристер үшін сол жердің көркем орындарын тамашалау маңызды
мәнге ие. Саяхат барысында көрген, естігеннің бәрі әдетте ұзақ есте
сақталады. Әртүрлі халықтардың мәдениеті және салт-дәстүрімен танысу
адамның пайымдауын арттырып, рухани байыта түседі.
Сонымен туризмнің артықшылығына мыналар жатқызылады [12]:
• Аймаққа ақша ағымының артуы, соның ішінде шетел валютасы;
• Ішкі жалпы өнімнің өсуі;
• Жаңа жұмыс оырндарын құру;
• Туристерде, жергілікті тұрғындар да пайдаланатын демалыс орындарын
жаңғырту;
• Қаржы салымын тарту, соның ішінде шетелдік қаржыны;
• Аймақта салық жинағының артуы;
• Туризмнің дамуының теріс салдарларына мыналар жатқызылады;
• Турситік импорт арқылы ақшаның шетелге ағуы;
• Туризм арқылы әлеуметтік және экологиялық мәселелердің тууы;
• Егер туризм аймақта негізгі сала болса, басқа халықтың шаруашылықтың
дамуына кері әсері.
Туризмнің экономикалық жүйесінде төмендегідей туризмнің өмірлік кезеңдік
циклі болады:
• өндіріс;
• қалыптастыру;
• өткізу;
• тұтыну.
Туристік қызмет өндірісі туристік индустрия арқылы қалыптасады. Туристік
өндіріс көбінде мемлекеттің жалпы жағдайы мен экономикасына, саяси
жағдайына, қауіпсіздік мәселесі мен аймақтық тұтынушылардың ақпаратпен
жеткілікті қамтылуы секілді ішкі факторларға бағынышты болады. Бұл
себептердің кез-келгені тіристік ағымды кемітуге мүмкіндігі зор
болғандықтан, туристік өнеркәсіптің қаржылық тұрақтылығына шешуші әсер ете
алады.
Туристік өнімді қалыптастыру процесі және оны кейін туристік нарықта
сату оның күрделі жағы болып табылады. Әрбір жеке көрсетілген туристік
қызмет (орналастыру, тамақтандыру, саяхат тасымалдау, мәдени-көпшілік
шаралар және т.б.) өздігінен туристің барша қажеттілігін қанағаттандыра
алмайды. Бұндай жағдайда саналы түрде туристік қызме көрсетулерді біртұтас
кешенді корпорация түрінде жасау қажеттілігі туындайды, яғни көптеген
кәсіпорындар мен туристік ассоциациялардың тізе қосып күш біріктіруі
нәтижесінде жасайтын біртұтас туристік өнім шығару. Мұндай қажеттілік
туризм экономикасында алдын-ала, туристік нарықта туристік
ұйымдастырушыларға, яғни туристік өнімді тұтынушыға жеткізіп беруді жүзеге
асыратын туроператорлар және турагенттерге аса ерекше роль беріп, оның
қажеттілігін айқындайды [13].
Туризмнің экономикалық жүйесінің соңғы тізбегі – бұл туристік өнімді
тұтыну. Бұл процесте өзіндік ерекшеліктер бар. Әдеттегі заттай өндірісте
оның өнімі өндірілген жерден тұтынушы бар тұсқа тасымалданады.
1.3 ЕХРО-2017 халықаралық көрмесіндегі мәдени-танымдық туризмнің маңызы
Кіші және орта бизнес иелері үшін Астанадағы EXPO-2017 көрмесін
өткізу жаңа энергия сақтағыш технологиялармен танысуға және кейіннен оларды
енгізуге, инвесторлар мен бизнесті одан әрі дамытуға идеялар іздеуге тамаша
мүмкіндік бола алады.
Бұл ретте 2017 жылы халықаралық ЭКСПО көрмесін өткізетін орын
ретінде жаһан таңдауының Қазақстанның бас қаласы - Астанаға түсуі -
Мемлекет басшысының бағалауынша, халықаралық қоғамдастықтың біздің
жеңістерімізді ғана емес, сондай-ақ орасан зор перспективамызды мойындауы.
- қазақстандықтар, біздің қазақ мұның маңыздылығын әлі түсінген жоқ, -
деді Нұрсұлтан Назарбаев. - Біле білсек, бұл - тәуелсіздік жылдарындағы
Қазақстанның халықаралық сахнадағы ең үлкен жетістігі!
Шынында, ЭКСПО - 2017 -мен ауқымы жөнінен елімізде өткен ешқандай іс-
шара деңгейлесе алмайды. Елімізде, бас қаламызда ұйымдастырылған ірі
жиындарға әлемнен әрі кеткенде, бірнеше мың қонақ келсе, ал жаһандық
жетістіктер көрмесін қызықтау үшін мемлекетіміздің елордасына жыл бойы жер-
жаһанның шартарабынан бес миллиондай турист келуі ықтимал [14].
ЭКСПО - 2017 қазақ елінің бұрын-соңды болмаған ең ірі имидж-
жобасына айналмақ. Қазақстан Президенті ЭКСПО енді бес жылдан кейін
қайда өтеді? деген сауалдың жауабын адамзат бүкіл әлем болып іздегендігін
айтады. Себебі Халықаралық көрмелер бюросына дүниежүзіндегі 161 тәуелсіз
мемлекет мүше, сайлауға сол елдердің барлығы қатысты. Олардың барлығы
Қазақстанның қайда екендігін, Астананың не екендігін талқылады, олардың
барлығы өз таңдауларын білдіру үшін біздің еліміздегі ахуалды саналы түрде
зерттеді. Олардың барлығы ақыр соңында осынау жаһандық ауқымдағы көрмені
өткізуді Қазақстанға, Астанаға саналы түрде сеніп тапсырды деп түсіндіреді
Елбасы.
Рас, ЭКСПО-ны өткізу үшін ел бюджетіне біраз шығын шығаруға тура
келмек. Ел Үкіметі оның аясында мәселен, әлемдегі артта қалған біраз
елдерге көмек көрсетпек, бұл үшін бюджетте 50 миллион теңгедей қаражат
қарастырылыпты. Ал ЭКСПО Қазақстанға қандай пайда бермек?
- Біріншіден, әлемнің осыншама елінің Қазақстанды ең лайықты деп
тануының өзі өте маңызды, - дейді Мемлекет басшысы. - Екіншіден, 100-ден
астам ел Астанада өз павильондарын салу үшін келеді. Үшіншіден, ЭКСПО -
2017 көрмесіне біз ұсынған Болашақтың қуаты ұраны негізінде елордамызға
жаһандағы мемлекеттер өздерінің жаңа технологияларын жеткізеді, паш етеді.
Іс жүзінде ІІІ-индустриялық революция жасыл экономикадан басталмақ. Бұл
ретте қай елде жасыл экономика болса, соның қолында жаңа технологиялар
бар. Ал жаңа технологияларсыз енді даму жоқ. Яғни ЭКСПО - 2017 Қазақстан
үшін экономикалық дамудың түбегейлі жаңа бетін ашудағы бетбұрыс бекетіне
айналмақ!
Жасыл экономика саласындағы жетістіктер паш етілетін осы жаһандық
көрме үшін Астана қаласы жанында арнайы қалашық бой көтермек.
Мемлекетіміз ЭКСПО өткеннен кейін оны қалай пайдаланатындығын ендігі
айқындап қойыпты. Онда тұрғызылғанның бәрі бізде қалады. Бұл жаңа, жасыл
технологияларды бүкіл Қазақстанда ендіруге қызмет ететін зертхана-
лабораторияға, ғылыми паркке айналады. Өйткені бүкіл әлем осы жолмен ілгері
жылжитын болады.
Қазақстан Көшбасшысы алдағы бес жыл бойы бүкіл әлемнің Қазақстан
туралы айтатындығын нықтайды. Мен мұның айрықша маңыздылығын атап өткім
келеді, - деді Президент. - Біздің елордамызда ғылым мен техниканың барлық
ең үздік әлемдік жетістіктері ұсынылады. Біздің өз халқымыз, көптеген
қазақстандықтар болашақтың экономикасын өз көздерімен көруге мүмкіндік
алады.
Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО - 2017-ні мега-жоба
деп жариялады. Одан барлық өңіріміз пайда табады, - деді Мемлекет басшысы.
-Бұл еліміздің инновациялық дамуына қуатты серпін береді [15].
Сөз соңында Н.Назарбаев осы жетістік пен жеңіс - мемлекеттің сарабдал
саясатының нәтижесі, халқымыздың еңбекқорлығының арқасы деп бағалады.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "ЭКСПО-2017" халықаралық
мамандандырылған көрмесін өткізу құқығына дауыс берудің қорытындысы бойынша
қазақстандықтарға сөз арнады.
Халықаралық көрмелер бюросының 152-ші Бас Ассамблеясында жабық дауыс
берудің нәтижесінде Қазақстанның елордасы көп дауыс иеленіп, Бельгияның
Льеж қаласын басып озды және ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz