Жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу шаралары


М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ . . . 3

І тарау. НАШАҚОРЛЫҚ: ДЕРТТІК МӘНІ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕЛУ ДЕҢГЕЙІ

  1. Нашақорлық-әлеуметтік дерт . . . 6
  2. Нашақорлықтың алдын алу мәселелерінің әлеуметтануда зерттелуі . . . 19

ІІ тарау. ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

  1. Жастар нашақорлығы: жай-күйі . . . 29
  2. Жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алуға арналған іс-шаралар . . . 40

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 54

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 58

ҚОСЫМШАЛАР . . . 61

Кіріспе

Дипломдық зерттеуде Қазақстанның Оңтүстік өңірі жастары арасындағы нашақорлықтың алдын алу мәселелері қарастырылады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.

Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясы (бұдан әрі - Стратегия) Қазақстан қоғамының одан әрі дамуы, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мүддесінде әзірленді.

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында: “Қазақстан есірткі тоқтаусыз тасымалданатын белдеуде жатқан ел. Орналасқан жеріне байланысты Қазақстан есірткі бизнесінің халықаралық құрылымдарының мүддесі үйлескен аймаққа айналған. Бұл мәселенің географиялық, экономикалық тұрғыдан қарағандағы өлшемдерінің маңыздылығын ескерумен қатар есірткіге салынушылық пен есірткі бизнесімен күресті қазақстандықтардың өздерінің қолдауынсыз жүргізуге болмайтынын да ескеруге тиіспіз. ” - деп жазды. Еліміздің өзге алпауыт елдер күресіп жеңе алмай отырған мәселемен бұлайша бетпе-бет келіп қалуы әрине өкінішті жағдай.

Стратегия «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы «Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735 Жарлығының негізгі қағидаларына жауап береді, онда нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттар қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып айқындалған. Онда Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттердің басшылары 1999 жылғы 25 тамызда жариялаған Бішкек декларациясының, 2000 жылғы 21 сәуірде Ташкент қаласында Орталық Азия экономикалық қоғамдастығына қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған Терроризмге, саяси және діни экстремизмге, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа және Тараптардың тұрақтылығына өзге де қатерлерге қарсы күрес жөніндегі бірлескен іс-қимыл туралы шарттың, сондай-ақ осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілердің ережелері ескерілген.

Қытайда өткен “Шанхай” бестігінің саммитінде Президентіміз Н. Ә. Назарбаев Ауғаныстанда өндірілген есірткіге қару-жарақ сатып алынып, террористер қаржыландырылатынын баса айтқан болатын. Ал, “Европаға ашылған терезе” - Қазақстанға есірткі ең алдымен Ауған-Тәжік бағытымен ағылады. Егер наркотикалық өнімдердің 70 пайызының Ауғанстанда өндірілетінін ескерсек, елімізге әкелінетін және одан әрі асатын есірткі көлемінің тіпті аз емес екенін болжай аламыз. Есірткі лаңы тек осы тасымалдаумен ғана тынбайды, бізде есірткіге салыну нысанының белең беруі осының айғағы [1. 391-395 беттер] .

Жасыратыны жоқ, ел ішінде есірткіге жақындар жыл өткен сайын қарқын алып келеді. Бұлардың көбінің жастар екендігі тіптен алаңдатады. Мұндағы басты себептің бірі жастардың жұмыссыздығы мен халықтың әл - ауқатының төмендігі сынды әлеуметтік-экономикалық факторлар болса, оған қосылып отбасындағы берекетсіздік пен жастардың бақылаусыз, бейәдеп өсуінен де туындап отыр.

Қазақстан есірткі тасымалында транзиттік белдеу болғаны аздай, Шу алқабындағы “қарасораның” кесірі де өршіп тұр. Бір қызығы біреулер “қарасора” енді біреулер “кендір” дейтін бұл заттың Қазақстан аумағында жерсінбейтін, өспейтін жері жоқ екен. Қайда апарып ексең сонда шығатын көрінеді. Қарасорадан уыты апииыннан аздап қана кем түсетін “марихуана”, “гашиш”, “анаша” сықылды наркотиктер жасалады. Жылдар бойы осынау кендірден дайындалатын “дәрілік шөп” жастардың елтіп есінен тана шегетін шылымына, жанқалтасына басатын “теңгесіне” айналған.

Сондай-ақ, нашақорлықпен уланудың келесідей нәтижелері де қайғылы: паралич, көздің көрмей қалуы, мылқау болып қалу, өзін - өзі өлтіру, қылмыс жасау, т. т. Демек, нашақорлық бәріненде бұрын әлеуметтік дерт, әлеуметтанулық зерттеулердің белгілі бір зерттеу тақырыбы. Олай болса, социологиялық тұрғыдан нашақорлықтың алдын алу, оның адам денсаулығына зияндығын түсіндіру, одан арылту жолдарын іздестіру социология ғылымының міндетті қызметі.

Мәселенің зерттелу деңгейі. Жастар арасында есірткіге әуестіктің алдын алу, нашақорлықты емдеу, оның таралуы мен пайдалануын ауыздықтау мәселелерін зерттеулермен Ш. Е. Жаманбалаева, Г. О. Нұсқабаева, Е. Алауханов, Ә. Бахауитдинов, Л. Мирсалова, Е. Нұсқабаев, Құланбай Ә. Бейсенов Ж. С., Шлымова Г., Тұрғынбекұлы М. т. б. айналысып жүр [2-3] . Десек те, жастар арасында нашақорлықтың таралуының алдын алу мәселелері Біріккен Ұлттар Ұйымының есірткілік заттардың таралуына тыйым салу жұмыстарымен арнайы айналысатын халықаралық комитетінің жыл сайынғы есептерінде қарастырылып отырады. Бұл комитетте жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу шаралары жалпылама жер шарындағы барлық елдердегі есірткі айналымының пайдалану обьектілерінің бірі ретінде ғана әңгімеленеді де қояды. Демек, жастар арасындағы есірткіге әуестіктің алдын алудың бір елдегі іс-тәжірибесін нақтылы зерттеу обьектісі ретінде талдап, зерделеудің мәні де маңызы да жоғары.

Зерттеу обьектісі мен мәні жастар арасында нашақорлықтың алдын алу жұмыстарымен айналысатын мемлекеттік және әлеуметтік институттардың қызметі.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері жастардың есірткіге әуестігінің алдын алу, нашақорлықтың денсаулыққа зияндығын насихаттау қызметінің ұйымдастырылуын жетілдіру, тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру.

Зерттеу жұмысының теориялық-методологиялық негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдардың қарастырылып отырған мәселені зерттеу қажеттілігі негізделген еңбектері алынды.

Деректік және фактілік қоры ретінде нақты-социологиялық зерттеулердің және статистикалық органдардың, мерзімді басылымдардың материалдары алынды. Сонымен қатар, зерттеуде автордың өзі жүргізген нақты-социологиялық зерттеу мәліметтерінің талдау қорытындылары кеңінен пайдаланылды.

Зерттеу жаңалығы мен практикалық маңыздылығы. Зерттеуде жастардың нашақорлығының алдын алу мәселелері қарастырылғандықтан жұмысты жастардың девианттық мінез-құлығының алдын алу жұмыстарымен айналысатын мемлекеттік және әлеуметтік институттар, тәртіп қорғау, медициналық және психологиялық мекемелер өз жұмыстарында пайдалана алады. Сонымен қатар, жұмысты түгелімен орта мектептерде, арнаулы орта білім беретін колледждерде, жоғары оқу орындарында арнайы курс етіп оқуға болады.

Зерттеу , яғни дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1. Нашақорлық: дерттік мәні және зерттелу деңгейі

  1. Нашақорлық-әлеуметтік дерт

Қазіргі таңда Қазақстан қоғамының алдында тұрған және шұғыл шешуді талап ететін өзекті мәселелердің ішінде ел халқының денсаулығына және тұтастай алғанда ұлттық қауіпсіздікке төнген жаһандық қатер ретінде нашақорлықтың және есірткі бизнесінің өсу проблемасы алдыңғы орындардың біріне шығып отыр.

Соңғы жылдарда Қазақстандағы есірткі ахуалына жасалған талдау республикада оның тұрақты келеңсіз серпінге ие айтарлықтай асқынуымен сипатталатындығын көрсетеді.

Қазіргі кезде Орталық Азия өңірі әр алуан шығу түрлері мен нысандардағы есірткілердің экспансиясына ұдайы ұшырап отыр.

Көкнәрдің таралуы XIX ғасырда кеңінен етек алды. Ол үшін Англия мен Қытай арасында соғыс та болды. XX ғасырдың ортасында дамыған батыс елдерінде нашақорлық пен есірткі айналымы қауіпті жағдайға жетті. Бұл жағынан АҚШ бірінші орынға ие болды.

Есірткіге қарсы күрес XX ғасырдың басында халықаралық сипат алып, арнайы құжаттармен бекітілді. 1946 жылдан бақылау Біріккен Ұлттар Ұйымының құзырына көшті.

Нашақорлыққа көбінесе жасөспірімдер шалдығады, алайда осы кезенде ересектер арасында да ескірткіге әуестенетіндер көбейіп келеді. Нашақорлардың саны жылдан жылға өскен. Сондықтан әңгімеміз тек жасөспірімдер арасындағы нашақорлыққа салынудың себептері неде?

Жастардың арасында есірткіге әуестік көп ретте білместіктен басталады. Жасөспірімдер қоршаған ортасының кері әсеріне иланғыш келеді. Олар жас болғандықтан қоршаған ортаның әр сипатты әрекетіне адам ойына келмейтін жауап кайтарады. Өз іс-әрекетінің салдарын дұрыс болжамау, жеңілтектік, жан-дүние, мінез-құлық пен дүниетанымның толық калыптаспағандығы, иланғыштық, кері әсерге еліктеушілік алғаш рет спирт ішімдіктері мен есірткінің дәмін көруді тудыратын себептер. Жасөспірімдер өздерінің ержүректігін, дербестігін танытуға болатын топтар мен ұйымдарға бірігеді. Мұндай топтар үй жақта, би алаңдарында, мектепте де ұйымдасады және топ ішінде алғашқы «тексерістер» болып өтеді.

Тарихты түгескен Геродот өзінің бір жазбасында Қара теңіздің солтүстігінде Дон мен Дунайдың арасын жайлаған скиф тайпаларының тіршілігінен көргенін әңгімелейді. Оның айтуынша, сақтар орталарына от жағып, оған қара сора дәнін тастап, оның иісіне елітіп «ләззат» алатын көрінеді.

Мұндай көріністі қазіргі тілімізде марихуанаға еліту дейді. Оның атақ-даңқы әлемнің 120-дан астам еліне мәлім, «құрмет тұтады». Пайдаланушылардың жақсы көретіндігі сонша, оны тіпті еркелетіп кейде жеңіл есірткі» деп те атайды.

Химия ғылымының қарыштап дамуымен атын естімеген, кейбіреуіне тіпті тілің күрмеліп қалатын есірткі түрлері дүниеге келді: кокаин, героин, ЛСД, амфетамин, бензидрин, фенамин, перватин, МДМА, крэк, барбитурат секілді болып шұбатылып кете барады.

Әрине, о баста бұлар есірткі ретінде ашылған жоқ.

Сондықтан нашақор ата-анасы ауқатты жасөспірімдерді есірткіге әуестендіруге, соның арқасында өзінің «қамын» ойлауды мақсат етеді. Нашақордың жасөспірімдер тобына қосылуының себебі де сол. Ол алдымен наша шегуді немесе ес ауыстыратын дәрі ішуді ұсынады. Еліктегіш жастар дәм тата бастайды. Олардың бірі қызық көруді қаласа, екіншісі басқалардан қалмауды, тағы бірі өзін ересек көрсетуге тырысуды, ендігі біреуі бар қиындықтан қашып, ләззат аламын дейді. Бара-бара жасөспірім нашақорға, есірткінің құлына айналады.

Есірткінің ерекшелігі сол, адам оған бір-ақ рет дәмін татқаннан кейін әуес болып калады. Міне, адамдардың нашақор болуы себептерінің бірі сонда жатыр. Танысы, бір рет дәмін татсаң немесе иіскесең, шексең нашақор болмайсың, қиындықтардың барлығын ұмытасың, ләззат аласың, жаның тыныштық табады деген арбау сөздерімен нашақорлық жолына тартады. Ал әлеуметтік қиындықтардан, отбасындағы ұрыс-керістен, жұмыссыздықтан немесе қызметіндегі жанжалдан шаршаған азамат қиындықтан аз уақытқа болса да «қашып кетуді» ойлап, есірткінің дәмін татады да, нашақор санатына қосылғанын білмей қалады.

Нашақордың, мейлі ол тек марихуана шеккеннің өзінде жасы ұзаққа созылмайды. Марихуана шегетіндердің ең алдымен өкпесі қабынады, бронхит, одан әрі өкпе рагі дамиды да адам өлімге дайындалады. Соңғы кезде ғалымдар марихуананың бауыр мен жүрекке де кері әсері бар екенін дәлелдеді. Ал осы есірткі түрінің миға кері әсерінің салдарынан адамның жаттауға қабілеті нашарлап, ұмытшақ етеді.

Марихуана шегушілердің басқалармен қарым-қатынас жасауға құлқы болмайды. Есірткінің опиат тобындағы түрлерін қолдану нашақорлар арасындағы өлімнің және мүгедектің басты себебі болып табылады. Опиатты есірткілерді (морфин, героин, кодеин, метадон) және басқалары ең алдымен ине шаншу арқылы колданады. Сондықтан оларды қолдану кезінде ең қауіпті аурулар - СПИД, сифилис жөне гепатит жұқтыру мүмкіндігі күрт жоғарылайды. Нашақорлардың көбісі осы үш аурумен ауырады. Гепатит, оған қоса есірткі заттармен улану бауырдың дистрофиясына алып келеді де, адам мүгедек болып қалады. Көкнәр шикізатын ацетон, бензол, толуол, уксус ангидриді секілді органикалық еріткіштермен өндейтіндіктен қолданылатын есірткіде олардың 5% қалады. Есірткі қанда қалады да, еріткіш заттар бауырды күйдіріп, сонда шөгеді. Әрине, нашақор есірткі қолданып жүргенде оны байқамайды, ол есірткімен уланған кезінде ауыртпалықты сезбейді.

Адам нашақорлыққа қандай жолдармен келеді. Жасөспірімдер арасында нашақорлыққа салынуға бейім жағдайлар мынадай:

- ата-ананың баласын тәрбиелеуге уақытының болмауы, жасөспірімнің үйден тыс өмірін қадағаламауы;

- отбасы мүшелерінің бірі арақ-шарап ішуі немесе есірткі колдануы;

- әкесі мен шешесінің жиі жанжалдасуы;

-ата-ананың бірі бала тумай тұрғанда

маскүнем немесе нашақор болуы;

-отбасы мүшелерінің бір-біріне деген сүйіспеншіліктің болмауы, отбасындағы түсініспеушіліктің орын алуы;

- мектепте мұғалімдердің нашақорлық мәселелеріне көңіл бөлмеуі,

жасөспірімдер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізбеуі;

- достарының арасында нашақорлардың бар болуы;

-өзінен жасы үлкен достарынын жетегінде жүруі;

-алкоголь мен есірткіге қол жеткізудін оңай болуы;

-әлеуметгік-экономикалық жағдайының төмендігі.

Ал енді жастарды есірткіден қалай қорғап қалуға болады? Қазіргі жастар тез өсіп, дене бітімі тез жетіледі. Алайда олардың сана-сезімі мен дүниетанымы әлі де болса балалықтан асып кете алмайды. Біздің айналамызда еңгезердей балақайлар жиі кездеседі. 9-12 жасар балалар есірткіге сирек әуес болады. Олардың әуестендіру әдейі жасалған әрекет бол-маса, бұл жастағылар темекі шегуді де мәртебе санайды. Олардың кейбіреулері шарап та ішеді. Тоғыз-он екі жасарлар үй жақта немесе мектепте арзан улы химикаттарды иіскеуі мүмкін. Сондықтан ата-ананың міндеті осы жастағы балаға көбірек көңіл бөліп, темекі, спирттік ішімдік және есірткінің зияны туралы жиі айту. Мұндай әңгімелер іш пыстыр-майтын болғаны абзал және де бостан бос миды ашытпай, жәй айтып кана қоймай, мысал да келтіру кажет.

Аталмыш жастағы балалардың психикасы сезімтал болады, олар көргенін өмір бақи ұмытпайды. Осы жастарда баланызға аса көңіл аударыңыз, өйткені оның болашағы, оның болашақта дені сау азамат болып өсу мәселесі дәл сол кездері шешіледі.

13-15 жастағы жасөспірімдер есірткі туралы ересек замандастарынан естіп біледі. Олар нашақорлықты ауыр, емделуі қиын індет екенін түсінбейді. Анаша шегуді нашақорлыққа жатқызбайды, оған тәуелді емеспін, кез келген уақытта шегуді тоқтата аламын деп ойлайды. Бұларға барлық нашақор «жеңіл» есірткіден бастағанын, содан бірте-бірте нашақорға айналғанын түсіндіру кажет. Кез келген есірткі адамның денсаулығын, психикасын бұза-ды, адамды қуатсыз, әлсіз, жігерсіз ететіндігін жеткізу керек.

Енді 16-18 жасар жастардың арасында нашақорлық пен оның салдары туралы жақсы білетіндер көп. Жастардың арасында есірткіні жақтаушылар, оған қарсы тұрушылар мен екі ойлылары бар. Сонымен қоса есірткі мен алкогольге салынып кеткендер де кездеседі. Оларды қалай анықтау керек? Жастардың тәлім-тәрбиесінде түрмеде отырған құрдастары мен таныстары үлкен әсер етеді. Ондай адамдар жастарды өз өмірінің «романтикасын» айтып қызықтырады, ұрлыққа, есірткіге баулиды. 16-18 жасарлармен әңгімелесу қиын, олар сізді өмір ағымынан қалып қойған «ежелгі санауы» өздерінің ержеткен ересек азамат екенін алға тартуы әбден мүмкін. Сондықтан олармен ересек азаматпен сөйлескендей әңгімелесу кажет. Әдейі қорқыту, бос ойбай көмектеспейді, ал нашақорлық туралы тым аз білу тіпті арадағы түсіністікті жоқ етеді. Оларға нақты мысал келтіріп, нашақорлық қаупін жете түсіндірген жөн. Әңгіме арқауында қылмыстық және әлеуметгік мәселелер жиі естілуі тиіс. Басты айтатыным, ата-ана өздеріңіз арақ ішіп, темекі тартып, есірткі қолданып ұрпағыңызға «өнеге» көрсетпеңіз. Әрбір бала ата-анасына ұқсауға тырысады, бұл әсіресе 14 жасқа дейінгі кезеңде айқын көрінеді. Жас балалар арақ-шарап ішу, темекі тарту және есірткі қолдану оларды ересек етеді деген ойда жүреді, оларға арақ ішу мен темекі тарту баланы ересек етпейтіндігін түсіндіріп отыру артық болмайды. Сонымен бірге есірткі колдану, оны сақтау немесе сату заңмен қудаланатынын жиі есіне салып отыру керектігін де естеріңізге сала кетейік. Жасөспіріммен алкоголь, темекі, есірткі және барлық тәрбиелік мәні бар әңгімені тиімді уақытта бастаған дұр ыс. Оның барлық назары тек сізде болуы кажет, сонда ғана арада түсіністік болады.

Жасөспірімнің есірткіге әуестенгенін анықтау киын емес. Ең алдымен жасөспірімнің мінез-құлқы өзгеріске ұшырайды. Ол ашушаң бола бастайды. Кез келген нәрсе қанын қайнатып, жүйкесін тоздыратынды шығарады. Жасөспірім айналасындағылардың барлығын жау санап, айбат көрсетуді, аты-жөні жоқ қаһар шашуды әдетке айналдырады. Сабақтан қалуды жиілетеді, пәндерден алатын бағалары төмендейді, білімі тайызданады.

Үйге кеш оралып, түс ауғанша ұйықтауды көбейтеді. Көшеден келісімен екі-үш күн тамақ ішпеген адамдай суыған асты қомағайлықпен жей бастайды. Ал кей кезде тіпті тамаққа қарағысы да келмейді. Мұндай мінезді көбінесе наша шегетіндерден байқауға болады. Егер шегіп келген болса, онын киімі темекіден басқа, ерекше түтін иісін шығарады.

Көздері қанталап, бұлыңғыр тартып тұрады, қайта-қайта сұрауы да мүмкін. Жауабын ұзақ ойланып, сөйлесем біліп қояды деген оймен қорқынышқа бой ұсынады.

Шеккенімді біліп қояды деп, ол оңаша қалуға тырысып бағады. Қасынан кетпей қойсаңыз өзін қоярға жер таппай тыпыршиды, тіпті ашулана бастайды. Егер наша іспеттес есірткі шегетіні ұзаққа созылған болса, жасөспірімдердің бет-әлпеті де өзгеріске ұшырай бастайды. Есірткіні ине арқылы қабылдайтын нашақорларды да тануға болады. Олар ауа райы мен жағдайға байланыссыз әрдайым ұзын жеңді киім киеді. Мұны олар ине шаншылған мүшелерін көрсетпеу мақсатымен істейді. Киімі мен пошымына немкұрайды қарайды. Шаштары өсіп, түсін жоғалтады, тістері сарғайып, қажетті минералдар жетіспегендіктен ұнталып кетеді. Әңгімесі мағынасыз, мәнсіз. Көз қарашықтары шамадан тыс кеңейіп немесе жіңішкеріп кетеді. Аузынан арақтың иісі шықпаса да мас адамға ұқсап теңселеді. Бір нүктеге қарап ұзақ тұрып қалады, немесе жатып алады. Есірткі жоқ бола қалса тез ашуланғыш болады. Жаз болса да тұмау тиген адамдай мұрнын тарта береді, көзі жасаурап жүреді. Еңсесі түсіп, екі иығы түсіп, мойынын ішке тартып, бүкірейіп жүре бастайды. Ұйыктап жатқанда денесін қарасаңыз ине шаншылған іздерді оңай табасыз. Қаржы сұрауы да орын алады. Өмірге деген қызығушылығы да жоғалады. Есірткіге қол жеткізе алмаған кездері суық терге батып, аяқ-қолы дірілдеп, бұратылып қалады. Оған қоса іші өтеді, тамақ ішсе де лоқсып, құсқысы келеді. Міне осындай белгілерді байқасаңыз сіз нашақорға кездескен болуыңыз әбден мүмкін. Мұндай жағдайда ең бастысы саспай, салмақтылықты жоғалтпау керек. Сіз тез арада дәрігер -наркологпен акылдасыңыз. Алғашқы кездесу тек сіз бен дәрігер арасында өткені жөн. Дәрігерге қандай себептермен келгеніңізді түсіндіресіз. Тек мәселенің мәні ашылғаннан кейін барып балаңызды дәрігерге алып келесіз.

Есірткі туралы әңгімеге қоғамның үйреніп алғаны сонша, тіпті селт етпейтін де болды. Бұдан он шақты жыл бұрын «нашақор», «наша сатушы», «наша шегіп ұсталыпты» дегенді естігенде дүрлігіп қалушы едік.

Мәселен, 1803 жылы неміс ғалымы Фридрих Сертюртер апиыннан морфий алуды ойлап тапса, ал 1898 жылы оның отандасы Генрих Дрезер әсері есті тандыратын героинді дүниеге әкелді. Ал, героин дегеніміздің апиыннан жүз есе күшті екендігін еске сала кетелік. Әрине, ойлап тапқыштардың бұл жерде ешқандай да кінәсі жоқ. Кезінде, медицина үшін үлкен жаңалық болған дәрі-дәрмектердің ертеңгі күні әлемді шарлап, миллиондаған адамдардың одан зардап шегетіндігін олар қайдан білсін.

Нашақорлык жөнінде Біріккен Ұлттар Ұйымының тапсырысы бойынша жылда жүргізілетін Оксфорд университеті зерттеулерін нәтижесі әлемде 200 миллион адам (ресми тіркелгендері) есірткі қолданатындығын көрсетіп берді. Оның ішінде 8 миллионы героин тұтынады. Бұл көрсеткіштен басқа есірткелерде қалысып отырған жоқ. Мәселен, 13, 3 миллион адам - кокаинды, 141, 2 миллионы - марихуананы, 280 миллионы - синтетикалық есірткіні тұтынады. Деректер бойынша, көршілес Ресейде 2 миллионға жуық адам есірткі азабын тартуда. Соңғы он жылда одан жастай қайтыс болғандардың саны 12 есеге көбейген. Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы жанындағы құқықтық есеп және ақпарат орталығының 2015 жылдың басындағы деректері бойынша 47 мыңдай адам есірткі заттарын тұтынғандығы үшін есепке алынған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нашақорлық - қоғамдық дерт
Маскүнемдiкке, алкоголизмге, нашақорлыққа және есiрткi құмарлыққа қарсы күрестi күшейту жөнiндегi шаралар туралы
Балалар мен жасөспірімдердің есірткілік заттарға әуестену мен тәуелділікке шалдығу жағдайларына әкеп соқтыратын жағдайлар
Жастарға ғасыр індетінің психологиялық – педагогикалық әсер ету аспектілері
Жастардың еңбек саласындағы ролі
Нашақорлықтың алдын - алу
Жастар ортасындағы нашақорлық
Есірткі заттарынды қолдану туралы жасөспірімдердің қызығушылығы
Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясы
Қылмыстың заты есірткі заттар және психотроптық заттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz