Жерді мемлекеттік құқықтық қорғау


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 99 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
- Жерді мемлекеттік құқықтық қорғаудың маңыздылығыЖерді мемлекеттік құқықтық қорғаудың жалпы сипаттамасы . . . 6Жерді мемлекеттік құқықтық қорғаудың мақсаты мен міндеттері . . . 21
1. 3. Жерді мемлекеттік құқықтық қорғауды бақылау . . . 29
- Жерді мемлекеттік құқықтық қорғаудың тетіктері
2. 1 Жерді мемлекеттік құқықтық қорғалуын жүзеге асыратын органдар және олардың функциялары . . . 35
2. 2 Жердің мемлекеттік құқықтық қорғалуындағы мемлекеттік бақылауды
жүзеге асыратын лауазымды адамдар және олардың құқықтары мен
міндеттері . . . 57
- Жер заңдары бұзылған жағдайда олардың мемлекет
тарапынан құқықтық қорғалуы . . . 67
Қорытынды . . . 74
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 81
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Елбасымыз өзінің 2006 жылғы халыққа жолдаған жолдауында, жер реформасын жүзеге асыру барысында оның қоғам дамуына қатысты ролін бағалай келе «Жер табиғи байлықтармен және жылжымайтын мүлікпен қатар экономиканы көтеріп тұрған жағдайлардың бірі болып табылады» деп атап кеткен болатын. Тәуелсіздік алған жылдардан бері Мемлекет басшысының елімізді гүлдендірудегі мақсатына, осыған сәйкес Үкіметтің алдына қойған стратегиялық жоспарларына сай жүргізіліп келе жатқан жер реформасы қазіргі таңда өзінің шешуші сәтіне аяқ басты деуге болады. Елімізде жер қатынастарын жаңа заман талаптары негізінде айқындап, тұрақтандыруға бағытталған, жер байлығымызды ел байлығымызға айналдырудың маңызды мәселелерін шешуге бағытталған жер заңнамасы қалыптасты. Міне, осы тұста біз жердің өзіне тән ерекшелігін, маңызы мен мәртебесін қатаң есте ұстауымыз қажет. Жер - өндіріс құралы. Адамдар жерді пайдаланып жұмыс істейді. Оның үстіне ол - өндіргіш күш. Себебі, жерге бидай тұқымын ексең, ол күзде бірнеше есе көбейіп шығады. Осындай үлкен ерекшеліктеріне байланысты адамдардың жермен қарым-қатынасы бірнеше заңдылықтар бойынша реттеледі. Жерді сақтау, қорғау және ұтымды пайдалану мәселесін көбінесе Жер кодексі қозғайды. Бұл жұмыс Жер ресурстарын басқару агенттігі құзырына, мемлекеттік стратегияға сай оның міндеттерін анықтап, оның орындалуын қамтамасыз етеді. Ал, бұл міндеттер мен іс шаралардың орындалуын жер заңдарының шеңберінде және белгіленген құзіреті жер ресурстарын басқаратын орталық қамтамасыз етеді. Өмірдің серпінді дамуына ауылшаруашылығының үлесі мол, еншісі қомақты. Ал, жер ресурстары осы саланың өндіріс құралы болып табылады. Статистика бойынша халқымыздың 45 пайыздан астамы ауылдық жерлерде тұрады екен. Олар жер байлығын пайдаланып, ауылшаруашылық өндірісінің дамуына, халқымыздың ұлттық қадір-қасиетінің сақталуына үлес қосып отыр. Елбасымыз ұстанған сара саясаттың арқасында ауылдық жердің ажары кіріп,, шаруа адамның тұрмысы түзеле бастағаны да шындық. Елбасы айтқандай, қай салада да әркім елдікті түсініп өмір сүрсе, ертеңіміз бұданда жарқын болатынына сенімім мол. Жолдаудағы жоба-жоспарлар, ой-түйіндер түсінген адамға осыны аңғартады.
Болашаққа серпін беретін Жолдауда көтерілген аса маңазды мәселелердің бірі, ол жер ресурстарын, оның ішінде ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді ұтымды, әрі нысанды пайдалану, оны бақылау және қорғау болып табылады. Осы мәселерлер бойынша Елбасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Жер ресурстарын басқару агенттігіне бірқатар міндеттер жүктеген болатын. Мұндағы негізгі проблема - ол жер ресурстарының әлеуетін тиімді, ұтымды пайдалану және қорғау.
Жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Нарықтық қатынастардың дамуына байланыты, жерді мемлекеттік құқықтық қорғау мақсатында, жерді ұтымды пайдалану мен жер ресурстарын басқару органдарының қызметтерін реформалауды әлі де болса жалғастыру болып табылады. .
Жұмыстың объектісі. Қазіргі таңдағы нарықтық қатынастардың дамуындағы жерлер және жерлерді ұтымды түрде пайдалану құқығы болып табылады.
Бүгінгі таңда нарықтық қатынастардың дамуы, жер пайдалану құқығының артуы, экологиялық жағдайдың шиеленісуі, жерді пайдалану мен қорғау саласындағы заңдарды және басқару органдарының қызметтерін реформалауды талап етуде.
2002 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы елдің 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық жүйесі дамуының негізгі бағыттарын айқындады.
Өткен жылдары мемлекеттік және қоғамдық институттардың қарыштап дамуына ықпал ететін, Қазақстанның орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін бір қатар аса маңызды заңнамалық актілер қабылданды.
Тұжырымдаманы іске асырудың басты қорытындылары ұлттық заңнаманың негізгі салаларының (конституциялық, әкімшілік, азаматтық, банктік, салық, қаржы, кеден, экологиялық, қылмыстық заѕнама) айтарлықтай жаңаруы болды.
Жаңа кодификациялық актілер: 2003 жылы - Орман, Жер, Кеден, Су кодекстері; 2007 жылы - Еңбек, Экологиялық кодекстер; 2008 жылы - Бюджет, Салық кодекстері әзірленіп, қабылданды. Бірқатар өңірлерде экологиялық қиын жағдай орын алған біздің ел ішін ең өзекті мәселе табиғат қорғау заңнамасын, оның ішінде халықаралық міндеттемелер мен стандарттарға оны үйлестіру тұрғысында одан әрі жетілдіру мен дамыту болып табылады.
Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану (жерді ұтымды пайдалану) қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында табиғи ресурстарды пайдалану және оларды қорғауды құқықтық реттеу тетіктерінің нақты аражігін ажырату керек.
Күннен-күнге жер дауларының көптеп кездесуіне байланысты жерді пайдалану мен қорғау саласындағы заңдарды реформалау барысы әліде жалғасын табуда.
Қазақстан республикасында жер пайдалану құқығын зерттеуге арналған еңбектер аз десек қателеспейміз, және олар негізінен жерді ұтымды пайдалануды құқықтық түрде реттеудің жалпы мәселелерін қарастырады.
Дегенменде Қазақстандық ғалымдардың құнды ғылыми еңбектері бар. Олардың ішінен Ә. Е. Еренов, Ә. С. Стамқұлов, С. Б. Байсалов, К. А. Шайбеков, Н. Б. Мухитдинов, Ә. Е. Бектұрғанов, Д. Л. Байдельдинов, Л. К. Еркінбаева, Ж. Х. Қосанов, А. Х. Хаджиев, С. Т. Культелеев, Б. Ж. Абдіраимов, Е. Ш. Дүсіпов, Ә. Ерәли, Н. Батырбаев, Б. Бегалиев, С. Мұстафаев және т. б. бөліп айтуға болады.
Жерді пайдалану құқығын төмендегідей ресейлік ғалымдар зерттеген, Иконицкая И. А., Краснов Н. И., Ерофеев Б. В., Фомина Л. П., Карамышева О. В., Топорнин Б. Н., Сыроедов Н. А., Быстров К. Е., Боголюбов С. А., Волков Г. А., Крассов О. И., В. П . Камышанскийлер және т, б, айтуға болады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі болып, - республикамыздағы нарықтық қатынастар мен құқық реформаның жүргізілуіне байланысты, жерді ұтымды түрде пайдаланудың құқықтық реттелуі, жер пайдалану құқығы және онымен тығыз байланыстағы жер және азаматтық құқықтық қатынастар танылады. Ал, зерттеу пәні - жер пайдалану құқығы туралы ұғым, жер пайдалану құқығының объектілері, осы құқық институтының субъектілері және олардың құзіреттері, құзіреттерінің құқықтық жағдайы, олардың қызметтерін жүзеге асырудың құқықтық нысандары болып табылады.
Қазіргі кезеңдегі нарықтық қатынастардың даму жағдайындағы жер ұтымды түрде пайдалану құқығының құқықтық реттелу тәжірибесін талдап, қорыту, заңдарымыздағы кемшіліктерді, жетіспеушіліктерді көрсете отырып, теориялық қорытындыларды негіздеу және жер пайдалану құқықтарын реттеуді қамтитын жер заңдарын жетілдіруге бағытталған тәжірибелік ұсыныстар жасау, мен үшін болашақ заңгер ретінде алға қойған мақсат болып отыр.
Мен, зерттеудің әдістемелік және теориялық негізін жалпы диалектикалық танымдық әдістермен қатар, арнайы логикалық, жүйелік, нақты-тарихи, салыстырмалы, әлеуметтік ғылыми әдістермен қарастырғанды жөн санадым. Зерттеудің теориялық негізін заңгер-ғалымдардың жерді ұтымды түрде пайдаланудың құқық қатынастары және жерге меншік құқығы туралы ғылыми тұжырымдамалары мен ұсыныстары, сонымен қатар нормативті-құқықтық деректермен, жалпы құқық теориясы бойынша бұрынғы Кеңестер Одағы және басқа шетелдік ғалымдардың теориялық және тәжірибелік мәні бар ғылыми еңбектерін зерттеп қарастырдым.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Жер туралы қабылданған еліміздің заңдары, Президент Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Азаматтық заң актілері, сонымен бірге бұрынғы Кеңестер Одағы мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің нормативті-құқықтық актілері зерттеудің нормативтік базасын құрайды.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшу жағдайындағы жерді ұтымды түрде пайдалануды құқықтық реттеудің теориялық және тәжірибелік мәселелері - зерттеудің негізгі нәтижелерінің бірі. Жұмыста жаңа немесе жаңашылдық сипаттағы өзіндік қорытындылар мен ұсыныстар назарға ұсынылады.
Жұмыс құрылымы мен көлемі мыналардан тұрады: Кіріспеден, екі тараудан, қорытынды бөлімнен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Жерді мемлекеттік құқықтық қорғаудың маңыздылығы
1. 1 Жерді мемлекеттік құқықтық қорғаудың жалпы сипаттамасы
Жердi қорғау қоршаған ортаның бiр бөлiгi ретiнде жердi қорғауға, жердi ұтымды пайдалануға, жердi ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы айналымынан негiзсiз алып қоюды болдырмауға, сондай-ақ топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру мен арттыруға бағытталєан құқықтық, ұйымдық, экономикалық, технологиялық және басқа да iс-шаралар жүйесiн қамтиды.
Ал енді жерді мемлекеттік құқықтық қорғаудың негізгі мақсатына келетін болсақ, ол біріншіден өндiрiстiң экологиялық қауiпсiз технологияларын ынталандыру және орман мелиорациялық, мелиорациялық және басқа да iс-шараларды жүргiзу арқылы жердiң тозуы мен бїлiнуiн, шаруашылық қызметтiң басқа да қолайсыз зардаптарын болдырмау, тозған немесе бүлiнген жердi жақсарту мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ету; жердi оңтайлы пайдаланудың экологиялық нормативтерiн тәжiрибеге енгiзу; жердi құнарсызданудан және шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, батпақтанудан, қайталап сортаңданудан, құрғап кетуден, тапталудан, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивтi және басқа да зиянды заттармен ластанудан, басқа да бүлiну процестерiнен қорғау; ауыл шаруашылығы жерiн карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк ауруларын жұқтырудан, бұта мен шiлiк басып кетуден, жердiң жай-күйi нашарлауының өзге де түрлерiнен қорғауға; бүлiнген жердi жаңғыртуға, оның құнарлылығын және жердiң басқа да пайдалы қасиеттерiн қалпына келтiру мен оны шаруашылық айналымына уақтылы тарту; жердiң бүлiнуiмен байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алуға, сақтауға және пайдалануға бағытталған iс-шаралар жүргiзуге [1, 63 б. ] .
Жердiң тозуын болдырмау, топырақтың құнарлылығын және ластанған аумақтарды қалпына келтiру мақсатында, сондай-ақ ауыл шаруашылығының тозған алқаптарының, химиялық, биологиялық, радиоактивтi және басқа да зиянды заттардың жол берiлетiн шектегi қоспаларының және жол берiлетiн шектегi әсер деңгейiнiң белгiленген нормативтерiнен артық ластанған, өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен, ақаба сулармен ластанған жердiң, сондай-ақ карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк аурулары жұққан жердiң топырақ құнарлылығын қалпына келтiру мүмкiн болмаған жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен жердi сақтап қою көзделедi. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жердi ұтымды пайдалану мен қорғауға мүдделiлiгiн арттыру мақсатында бюджет заңдарында және салық туралы заңдарда белгiленген тәртiппен жердi қорғау мен пайдалануға экономикалық ынталандыру жүзеге асырылуы мүмкiн. Жердiң жай-кїүйiне керi әсер ететiн жаңа және қайта жаңғыртылатын үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) әрi басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау және пайдалануға беру, жаңа техника мен технологияларды енгiзу кезiнде жердi қорғау жөнiнде iс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және басқа да арнайы талаптардың (нормалардың, ережелердiң, нормативтердiң) сақталуы қамтамасыз етiлуге тиiс.
Жердiң жай-күйiне керi әсердi бағалау және оларды қорғау жөнiнде көзделген iс-шаралардың тиiмдiлiгi мемлекеттiк экологиялыққ сараптаманың, өзге де мемлекеттiк сараптамалардың нәтижелерi бойынша жүргiзiледi, олардың өз қорытындысы болмайынша жаңа техника мен технологияларды енгiзуге, жердi мелиорациялау бағдарламаларын жүзеге асыруға, үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) және басқа да объектiлер салуды (қайта жаңєыртуды) қаржыландыруға тыйым салынады.
Жер пайдалану құқығы мынандай жағдайларда жүзеге асырылады:
• мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін мемлекеттік органдардың актілері негізінде тікелей мемлекеттен жалға алу;
• жер учаскелерінің жекеше (мемлекеттік емес) иелерімен жалдау шартын жасасу нәтижесінде жер пайдалану құқығын алу;
• жер пайдалану құқығын әмбебаптың мирасқорлық немесе заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы тәртібімен алу нәтижесінде туындайды.
Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін мемлекеттік органдардың актілері негізінде тікелей мемлекеттен жалға уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы жеке және заңды тұлғаларға, сондай -ақ халықаралық ұйымдарға беріледі.
Жер пайдаланудың мынадай түрлері бар:
• уақытша өтеулі жер пайдалану:
- қысқа мерзімді (5 жылға дейін) ;
- ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) болуы мүмкін;
• өтеусіз негізіндегі уақытша жер пайдалану (ақысыз беріледі) түрі, бұл ретте уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беру мерзімі 5 жылдан аспауға тиіс (жер учаскелерін қызметтік жер телімі түрінде және тозған әрі бүлінген жерді қалпына келтіру үшін берілетін жағдайларды қоспағанда) ;
Жер кодексінде немесе заттық құқықтың мәнiне қайшы келмейтiндiктен, жер пайдалану құқығына меншiк құқығы туралы нормалар қолданылады.
Жердің тұлғаның меншігінде болуы оның экономикалық және әлеуметтік жағдайына ықпал етіп, аса маңызды рөл атқарғанын қоғамдық даму үрдісінің тарихы дәлелдеп отыр. Сондықтан да болар, барлық кезеңде және барлық халықтар арасында жерге иелік ету құқығы үшін күрес бір сәт те толастаған емес. Бұл күрес әлемдегі көптеген төңкерістің қозғаушы күшінің негізі болды.
Ендеше осы тұста тарихқа көз жүгіртіп көрсек. Қоғамдық қатынастар жүйесінде жерге деген құқықтық қатынас адамзат қоғамының даму сатыларының ерте бастауының өзінде аса маңызды орын алған. Ақиқатына келер болсақ, құл иеленуші қоғамда да, сондай-ақ, феодалдық қоғамда да жерге деген құқықтық қатынас аталған құқықтық жүйенің негізгі мәселесі болып табылады.
Сондықтан да жер құрылымы мәселесі, жерге меншік формасының мәселелері, жерге қауымдық иелік формасы, ең аяғы жеке меншіктік жер иелігінің маңызы мен ерекшелігі - көне дәуір мен феодализмді зерттеуде аса маңызды орын алды. Ең алдымен құлиеленуші қоғамдағы жер қатынастарының екі типін - көне Шығыстағы жер қатынастары мен антикалық дәуірдегі жер қатынастарын ажырата білу қажет. Құл иеленуші қоғамындағы жер қатынастарының мысалы ретінде көне Вавилондағы жер қатынастары мен антикалық Римдегі жер қатынастарын келтіруге болады.
Көне Вавилондағы мемлекет пен құқық жер қатынастарын зерттеуде өте қажетті мәлімет беретін ерекшелігімен өзіне назар аудартады, атап айтсақ, көне Вавилон көнешығыс құл иеленуші қоғамының типтік мысалы бола алады. Бұл құл иеленушілік қоғам, сол қоғамға сай, антикалық құл иеленуші қоғамнан оның өзгешілігін көрсететін бірқатар өзіне тән ерекшелігі бар (Грекия, Рим) .
Көне Қосөзендегі мемлекеттің қалыптасу процесі, бұл процестің сыртқы формасы тұлғасынан алып қарағанда, жеке қоғамдардың бірлесуінен қалыптасты. Яғни, олардың үстінен қараған патша, жердің ең жоғарғы иесі ретінде танылды. Шындығына, кейбір жеке қауымда мұра етіп қалдырғанға иелік еткенде ол жалғыз өзі жеке дара барлық меншікке иелік етті. Қауымдық меншік мемлекеттік меншікке айналып, нақтылап айтқанда, соған бірігіп, сіңіп, тұтасып кетеді. Осының негізінде біртіндеп, Сарай (Орда патшалық) шаруашылығы үшін арнайы жер - патеси және патша үшін - патшалық жер бөлінеді, және, әдетте оған, храмдық жер де қосылады. Патша мен храмдарға қарасты жерлер мемлекет қарамағындағы құлдардың күшімен өңделетін, соның нәтижесінде ұжымдық құл иеленудің өзі жоғарғыдағы азғана топтың пайдасына қызмет етті. Сол ортадан, яғни пайдаланып отырған азғана топтың арасынан құл иеленуші кластың өкілдері шықты, солар алғашқы жекеменшік жер иелері болды [2, 240 б. ] .
Көне вавилондық патшалықта жердің төмендегідей бөлініс категориялары болды:
- сарай иелігіндегі жерлер;
- храм иелігіндегі жерлер;
- қауымдық иеліктегі жерлер;
- жекеменшік иелігіндегі жерлер.
Соңғысы өз кезегінде іштей бірнеше түрге бөлінді. Жоғарыда көрсетілген түрлі категориялық жерлер өзіндік құқықтық режимге бағынды. Барлық бұл категориялар Хаммураби Кодексіне белгілі, дегенмен Кодекс дамыған құл иеленуші шаруашылық негізінде ақша-тауар қатынасы мен тауар айналымының дамуына байланысты өрістеген жерге жекеменшіктің болуына байланысты мәселелерді тереңдетіп қарастырған.
Хаммураби дәуіріндегі түрлі категориядағы жерлерге құқықтық режим мынадай ережелерде көрініс тапқан.
Сарай иелігіндегі жерлер сол сарай шаруашылығын қамтамасыз етуге қызмет етті. Бұл жерлер тікелей патша иелігіндегі жерлер болды, оны қалай пайдалану керек екенін патша өзі шешетін, бірақ тікелей мемлекет те пайдаланды және бұл жерлер тікелей мемлекет шенеуніктері бақылауы арқылы, құлдар күшімен өңделді. Хаммурапи дәуірінде сарай иелігіндегі жерлер аса мол кеңістікті алып жатты, әсіресе оңтүстік аймақта. Храм иелігіндегі жерлер де құқықтық талабы жағынан да және ұжымдық құл иелену көмегі арқылы жерді пайдалану жүйесі жағынан да сарай иелігіндегі жерлерді пайдалану үрдісіне ұқсас келеді. Храм иелігіндегі жерлер сол храм шаруашылығын ұйымдастыруға қызмет етті. Осы бағдарда, атап айтатын мәселе, көптеген храмдар патша иелігінде болды және патша храмдары деп есептелетін. Храм иелігіндегі жерлер жалпымемлекеттік иелікке жатпайтын [3, 110 б. ] .
Қоғамдық иеліктегі жерлер ерекше категориядағы жерлер болып табылатын. Яғни, бұрынғы рулық-тайпалық қауымдар территориялық қауымға айналып, жерді бірігіп пайдаланудан жеке пайдалануға көшкенінен көрініс тапты. Қауым ішіндегі жерлерде жекелеген үлкен отбастарының бөліктері болды. Бұл қауымда жерді пайдаланудың жекешеленуі мен таптық бөліністің нәтижесінде жерге иелік етуде теңсіздік пайда болды.
Соған қарамастан қауымдық байланыс сақталды. Қауымдық байланысты сақтауда аса маңызды рөл атқарған мәселе, ортақ суды пайдалану жүйесі болды. Суармалы жүйені шаруашылықта бірігіп пайдалану, бірігіп су бөлісін жүргізу де қауымдық байланысты сақтаудың негізі тіректері ретінде көрініс тапты.
Хаммураби дәуіріндегі жекеменшік жер иеліктері жердің ерекше категориясы ретінде аса маңызға ие болды. Қалай болғанда да Хаммураби Кодексі жердің бұл категориясына ерекше көңіл бөледі, атап айтар болсақ, одан ертеректе болған суммерлік Кодекске қарағанда жеке жер иеліктерінің құқықтық нормаларын кеңітіп және дамытуға барынша күшін салды. Сонымен қатар, жекеменшік жер иелігі құрамына түрлі құқықтық режімдегі жер иеліктері де кіреді.
Жекеменшік жер иелігі құрамында ең үлкен категорияны сыйға берген жер құрайды. Бұл жерлер, патшаның шенеуніктер мен әскери қызметкерлерге “өзін асырауға” деп бөлген жерлері. Олардың иелік жүргізу құқығы Хаммураби Кодексінде кеңінен таратылып айтылған. Бұл жекеменшік иелігі шартты болып есептеледі. Өйткені, бұл жеке меншік иелігі оның әскери қызметімен тікелей байланысты. Әскери қызметкердің ұлы патшалық әскери қызметте әкесінің қызметін жалғастырған жағдайда ғана аталған құқық сақталады. Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген жағдайға қатысты иелікке берілген жерлер толығымен азаматтық айналымнан шығарылып тасталған. Әскери қызметінің өтеуіне қатысты алған жері мен бау-бақшасы, сондай-ақ, мүлік “илка” деп аталатын, оларды сатуға, немесе басқа да мәміле жасауға әскери қызметкер құқылы емес еді. “Илка” деп аталатын жер иелігін шеттететін кез-келген мәміле заңсыз және жарамсыз деп танылды [4, 560 б. ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz