Заңды тұлға туралы мәлімет


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 4
1. Заңды тұлғаның ұғымы, құрылымы, түрлері мен нысандары
1. 1 Заңды тұлғаның ұғымы мен құрылымы . . . 6
1. 2 Заңды тұлғалардың түрлері мен нысандары . . . 8
2. Заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің түсінігі мен филалдар мен өкілдіктерін мемлекеттік тіркеу мен қайта тіркеу
2. 1 Заңды тұлғалардың филалдары мен өкілдіктерінің түсінігі . . . 25
2. 2 Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филалдары мен өкілдіктерін қайта тіркеу . . . 33
2. 3Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және мемлекеттік заңды тұлғалардың меншік құқығының ұғымы мен түрлері . . . 41
Қорытынды . . . 58
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 62
Кіріспе
Тақырыптың өзектілгі. Қазіргі таңда заман өзгеріс үстінде. Жаңа экономикалық қатынастарға көшу кезеңінде, әр түрлі мемлекеттік және жеке меншік құрылымдардың жаппай сахнаға шығу жағдайлары айқын көрініс тапты. Яғни жеке меншікті таныған нарықтық экономикаға негізделген елдер қалыптасты. Жеке меншік құқығы - жалпы құқық саласын ғана емес, түгелдей барлық әлеуметтік-экономикалық қатынастарға да негізделе бастады.
Заңды тұлға құқық субьектілерінің бірі. Азаматтық Кодексте заңды тұлға меншіктік шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлікі бар және сол мүлікпен өз міндеттері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға болып танылады деп көрсетілген. Демек заңды тұлға атану үшін өзіндік меншік құқығы мен оқшау мүлікі болуы керек екендігін байқалады.
Азаматтык кұқық іліміңде заңды тұлға ерекше орын алады. Бұлай дейтін себебім заңды тұлғаның азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы процессуалдық-құқықтық белгісі. Ол оның өз атынан шарт жасасуға, бір жақты мәміле жасауына мүмкіндік береді. Сондай-ақ заңды тұлғаның өз атауы мен мөрі болады. Кез келген заңды тұлға құрылған сәттен бастап құқық қабілеттілігіне ие болады, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады.
Логикалық тұрғыдан ойлап қарайтын болсақ, заңды тұлғалардың көптеп құрыла бастауы ел экономикасына септігін тигізетіні анық. Мәселен заңды тұлғалардың көптеп құрыла бастауы халықты жұмыспен қамтамасыз етуге өз септігін тигізуде. Салық-мемлекеттің бірден бір тіршілік көзі. Ал заңды тұлға бірден бір салық төлеуші субьект. Демек заңды тұлғалар мемлекеттік бюджеттің кіріс көзі ретінде бейнеленіп тұрған сияқты.
Жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Заңды тұлғалардың ұғымын ашу, түсінік беру. Заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің қазіргі нарықтық қатынастардағы орынын айқындау. Сондай-ақ заңды тұлғалардың түрлеріне жеке-жеке тоқталып, олардың ел экономикасының дамуының жоғарғы деңгейге жеткізетіндігін анықтап зерттеу.
Жұмыстың объектісі.
Қазақстан Республикасының заңнамалар жүйесінде заңды тұлғалардың және оның түрлерін құқықтық реттеуге ерекше көңіл бөлінеді. Құқықтың негізгі қайнар көзі болып Қазақстан Республикасының -Конституциясы табылады. Заңдық күші тұрғысынан алғандағы келесі бір акті- Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі. Ол жалпы сипатты иеленетін нормативтік актілер қатарына жатады. Егер қандай да бір мәселе арнаулы нормативтік актілер мен шаруашылық серіктестік заңдарымен реттелмесе, онда Азаматтық Кодекстің нормалары қолданылады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында заңды тұлғалардың филалдары мен өкілдіктерінің құқықтық жағдайы келесідей арнайы құқықтық нормативтік актілермен реттеледі: «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы » Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы;
«Шаруашылық серіктестік»туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы; «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; «Банкроттық туралы»Қазақстан Республикасының Заңы;
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
Заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы және олардың құқығының құқықтық реттелуі жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып жасалады.
Зерттеу барысында теориялық негізді басшылыққа ала отырып теориялық негізге сәйкес заңды тұлғалардың құқықтық қатынастары және заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері тұжырымдарды, ғылыми еңбектерді, кодекстерді зерттеп қарастырдым.
Ұсынылып отырған жұмыста өзінідік қорытынды мен ұсыныстар назарға ұсынылады.
Жұмыс құрылымы мен көлемі мыналардан тұрады: Кіріспеден, екі тараудан, қорытынды бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Заңды тұлғаның ұғымы, құрылымы, түрлері мен нысандары
1. 1 Заңды тұлғаның ұғымы мен құрылымы
Кез келген заңгер ең алдымен заңнама арқылы сөз бастау етеді. Азаматтық Кодекстің 33-бабында заңды тұлға меншіктік шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлікі бар және сол мүлікпен өз міндеттері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға болып танылады деп көрсетілген. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады. Заңды тұлғалар заң құжаттарына және құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады.
Бұл көрсетілген анықтамадан заңды тұлғаның келесі белгілерінінің бар екендігін анықтаймыз.
1) оқшау мүлкінің болуы;
2) мүліктік жауапкершіліктің болуы;
3) азаматтық айналымға өз атынан қатыса алуы;
Оқшауланған (жеке) мүліктің болуы заңды тұлғаның негізгі белгілерінің бірі. Бұл оның тиісті мүлікке мүліктік ққығын айқындайды. Мүліктік құқық, яғни тиісті мүлікке меншік құқығын, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығы дегенді білдіреді. Заңды тұлғаның мүлкі жеке баланысында көрсетіледі.
Мүліктік жауапкершілік яғни тиісті заңды тұлға өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүліктерімен жауап береді. Жеке мүліктік жауапкершілік жалпы ереже бойынша жеке қатысушыларға заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша туындамайды. Яғни жеке қатысушылар заңды тұлғаның, заңды тұлға жеке қатысушылардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Бірақ заң актілерімен заңды тұлғаның қатысушыларының заңды тұлға міндеттемелері бойынша жауаптылығы көзделуі мүмкін. Меншік иесі қаржыландыратын мекеме мен қазыналық кәсіпорындар АК-тің 44-бабының 1-тармағына сәйкес өз міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді, ал қаражат жеткіліксіз болған жағдайда мекеме мен қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша қосымша оның құрылтайшысы жауапты болады.
Заңды тұлғаньң азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы процесуалдық-құкықтык белгісі. Ол оның сотта талапкер және жауапкер болуына, өз атынан шарт жасасуға, бір жақты мәміле жасауына мүмкіндік береді.
Қоғамдық бірлестіктер заң алдында бірдей. Қоғамдық бірлестіктер ісіне мемлекеттің және мемлекет ісіне қоғамдық бірлестіктердің заңсыз араласуына, қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік органдардың қызметін жүктеуге жол берілмейді. Республикада басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарының қызметіне, діни негіздегі партияларға, сондай-ақ саяси партиялар мен кәсіптік одақтарды шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берілмейді. [1; 5-б]
Азаматтық кұқық іліміңде заңды тұлғаның қазіргі нарықтық қатынастарында маңызы, яғни құкықтық жағдайы, материалдық игіліктерді иелену, пайдалану және билік ету құқылы екендігін қарастырылған.
Өзін-өзі өтеу және дербес бухгалтерлік баланстың болуы - заңды тұлғалардың мүліктік оқшаулануының көрінісі. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс (АК-ның 33-бабының 1-тармағы) . Дербес мүліктік жауапкершілік заңды тұлғаның мүліктік оқшауланушылығына сүйенеді. Бұл белгі Азаматтық кодекстің 44-бабыңда былайша көрініс тапқан: әрбір заңды тұлға өз міндеттемелері бойынша дербес азаматтық-құқықтық жауапкершілік атқарады, тұлғаның борыштарына мемлекет жауап бермейді. [2]
Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқықтың дербес субъектісі ретінде қатысу жеке тұлғаға ғана емес, занды тұлғаларға да тән. Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен танылған бірінғай субъектісі ретінде күрделі құрылым деп есептеледі.
Азаматтық кұқық іліміңде заңды тұлғаның кәзіргі нарықтық қатынастарында маңызы, яғни құкықтық жағдайы, материалдық игіліктерді иелену, пайдалану және билік ету құқылы екендігін қарастырылған.
Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп карайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды тұлғаның ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы не кұрылтай шарты арқылы, не тек кұрылтай шарты негізінде жүзеге асырады. [3]
Азаматтық Кодексте әрбір заңды тұлға өз міндеттемелері бойынша дербес азаматтық-құқықтық жауапкершілік көзделеді: 1) толық және сенім серіктестіктеріне қатысушылардың тиісті серіктестіктердің міңдеттемелері бойынша жауапкершілігі; 2) кооператив міндеттемелері бойынша өндірістік кооператив мүшелерінің жауапкершілігі; 3) егер занды тұлғаның банкрот болуын кұрылтайшының әрекеті туғызған болса, занды тұлғаның міндеттемелері бойынша құрылтайшының жауапкершілігі; 4) еншілес шаруашылық мәмілесі бойынша негізгі ұйымның, сондай-ақ негізгі шаруашылық серіктестігінің кінәсінен еншілес шаруашылык серіктестігі банкротка ұшыраған кезіндегі жауапкершілігі; [4]
Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп карайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды тұлғаның ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы не кұрылтай шарты арқылы, не тек кұрылтай шарты негізінде жүзеге асырады. Сонымен қатар, заңды тұлғалар заң құжаттарына, сондай-ақ кұрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады. Занды тұлға органдарының түрлері, тағайыңдалу немесе сайлану тәртібі және олардың өкілеттігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді. [5]
Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен танылған біріңғай субъектісі ретінде күрделі құрылым деп есептеледі. Азаматтық кұқық іліміңде (теориясында) заңды тұлғаның, онын ішінде әсіресе мемлекеттік заңды тұлғалардың маңызы (мәні), яғни құкықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар. Олардың авторлары занды тұлға институты қандай коғамдық қатынастарды білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері каралмақ, мемлекеттегі оның орны қандай және заңды тұлғаның мән-мағынасы неде деген сауалдарға байланысты әртүрлі пікір білдіреді. Азаматтык құқық теориясына көп еңбек еткен көрнекті ғалым профессор С. И. Асканазий "мемлекеттік ілімнің" авторы. Ол былай деп айтқан: "мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі тұрады да, шаруашылық қызметінің нақты саласында тізгінді өзі ұстайды". Әдебиетте бұл теорияны көп сынайтындар оған "егер олай болса мемлекет өзімен-өзі құқықтық катынаста болуы керек қой " деген уәж айтады.
Академик А. В. Венедиктов "ұжым ілімін" алға тартты. Бұл ғалымның айтуы бойынша мемлекеттік занды тұлғаның артында екі ұжым тұрады делінген: а) мемлекет атынан барлык халык; ә) аталған заңды тұлғаның жұмысшылары мен қызметкерлерінің ұжымы.
Ал, ғалым Д. М. Генкин "әлеуметтік ақиқат" теориясын ұсынады, яғни онда ол коғамдағы тауар айналымы қатынастарының тарихи-экономикалык зандылығын басшылықка ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен жанама түрде қажеттілікке орай реттелетінін айтады. Профессор Ю. К. Толстой "директор ілімін" алға тартты, оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін біддіруші - директоры болып табылады.
Азаматтық құқықтануда О. А. Красавчиковтың "әлеуметтік байланыстар ілімі", А. А. Пушкиннің "ұйымдастыру ілімі", Е. А. Сухановтың "мақсатты мүлік" тәрізді ғылыми тұжырымдары да айтарлықтай кең тараған. Сөйтіп, заңды тұлғаға "адамдардың қатысы" жөнінде әртүрлі пікірлер айтылған және де бұл орайда авторлар түрлі белгілерге жүгінеді. Оның бірінде бұл адамдар заңды тұлға мүддесі үшін әрекет етеді, екіншісінде адамдардың әрекеті осы институтпен (саламен) реттеледі, үшіншісінде адамдардың әрекеті заңды тұлғаның әрекетінен көрінеді, ал кейде құқықтарды жүзеге асыруда, мәмілелерді жасауда оның еркі танылады.
Кейбір авторлар бұл белгілерді біріктіруге тырысып, заңды тұлғаның сыртында оның құқықтары мен міндеттерін "жасырын" атқарушы тұратындығын дәлелдемек болады.
Бұл мәселе туралы батыс еуропа әдебиетінде де әртүрлі теориялық көзқарастар кездеседі. Мәселен, К. Ф. Савиньи "фикция теориясының" негізін қалады. К. Ф. Савиньи көзқарасы бойынша, шын мәнінде кұқық субъектісінің қасиетін тек адам ғана еншілей алады. Ал заң шығарушы болса, занды тұлғанын сыртында оны әйгілейтін адамдық тұлғаның қасиеті тұрғанын мойындайды. Сондықтан да заң шығарушы заңдық фикцияға жүгінеді, абстракциялық түсінік ретінде құқықтың ойдан шығарылған субъектісін алға тартады. Ал неміс ғалымы Гирке болса, "органикалық теорияның" тұжырымын ұсынып, заңды тұлғаны адам тұлғасымен салыстырады, бұл орайда оны дербес құрылым деп қарайды.
Занды тұлға туралы ілімде (теорияда) осындай әр қилы пікірлер кездесуінің өзі оның күрделі құқықтық құбылыс екендігін анық дәлелдей түседі.
Жалпы заңды тұлғаның шығу тегін, дамуын рим құқығынан аламыз. Мысалы, акционерлік компанияларға ауысудың ежелгі нысаны ретінде Ежелгі Римдегі мемлекеттік табыстарды жалға беру мақсатында және 3, 5 не 100 жылға бір немесе бірнеше тұлғалар арасында жасалатын locationes немесе venditiones деп аталатын шарт негізіндегі societates vectigalium publicorum ды айтуға болады. Societates vectigalium publicorum тұлғалары мемлекет алдында шектелмеген мүліктік жауапкершілікте болып, алдын ала кепіл енгізуге міндетті болды. Мемлекетпен осындай шартқа отырушы тұлға не тұлғалар қызметтерін жүргізу үшін қажетті қаражаттарды қалыптастыру түріндегі серіктестікті құрып, публикандар болып аталды. Серіктестіктің құрамына толық жауапкершілікті артатын толық серіктестер және салым шеңберінде жауапты болатын салымшылар кірді. Серіктестіктің басында бағынушы лауазымды тұлғалары және провинцияларында вице-директорлары бар директор тұрды [6] .
Әйгілі орыс цивилисті Н. С. Суворов: "Рим әкімшілігі көтермелі операцияларды өздері жүзеге асырып, өзге мәмілелерді жеке кәсіпкерлерге берумен ерекшеленетін" дейді. Кейбір зерттеушілердің ой-пікірінше, публикандар серіктестігінің сипатты белгісі болып, азаматтық айналымға өз мүлігінің меншік иесі ретінде қатысуы болды. Н. С. Суворов ежелгі римдік публикандар қызметі туралы келесі пікір білдіреді: "Әсіресе Рим мемлекетінің аумағы кеңейгеннен соң, ұлғайған провинциялардың операциялары үшін үлкен капиталдар қажет болды". Осы реттерде публикандарға аса жоғары талап қойыла бастады. Бірқатар қайнар көздерде публикандардың римдік серіктестігінде қатысу үлесі дербес сатылуға, айырбасталуға, сыйға тартылуға және мұраға қалдыруға жатты, яғни құқықтың дербес объектісі ретінде қарастырылғандығы айтылады. Сонымен қоса, сол уақыттарда серіктестік үлестерін сату жүргізілетін. Яки, қазіргі заманғы биржалық операцияларына тектес қатынастар сол заманда да орын алып, бұл қатынастың туындауы серіктестіктерді акционерлік қоғамдардың алғашқы үлгісі ретінде қарастыруына мүмкіндік береді. Бірақ, И. Т. Тарасов societates vectigalium publicorum қазіргі уақыттағы коммандиттік серіктестікке ұқсас және акционерлік қоғамға ешбір тақау еместігі жөнінде сөз етеді. Себебі, АҚ-лардың өзге ұйымдардан айырмашылығы ретінде акцияны шығару танылады, әлбетте, сол уақыттарда акцияның болмағандығы туралы білеміз [7] .
Осы жерде И. Т. Тарасовтың ежелгі римдік societates vectigalium publicorum'ды қазіргі таңдағы сенім серіктестіктестігінің негізі ретінде қарастыруға болатындығы туралы ой-пікіріне қосылуға болады. Серіктестік қызметіне толық серіктестердің міндетті қатысу қағидасын, бұл ұйымның толық серіктестер мен салымшылардан қалыптасатындығын ескере отырып, публикандар серіктестігін тарихтағы алғашқы акционерлік компаниялар деп мүлдем айта алмаймыз.
Ежелгі Римде корпоративтік қатынастың туындауына, қалыптасуына өзге де заңды тұлғалар әсер етті. Мәселен, Н. С. Суворов қатарына публикандар серіктестігімен қоса, діни алқаларды, жерлеу, кәсіпшілер алқаларын және бағынушы қызметкерлер алқаларын жатқызады. И. П. Грешников болса, коолегияны тек пірлер алқасымен шектейді.
Жоғарыда аталған заңды тұлғалар тек жеке құқықтық сипатқа ие болды, сондықтан оларды қазіргі заманғы акционерлік компанияларға тән ету үшін, тек бір маңызды элемент жетіспеді.
кез келген заңды тұлға жалпы ереже бойынша өзінің органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, азаматтық міндеттерді жүктейді. ҚР АК-нің 37-бабы 1-тармағы органдардың заңды тұлға ретінде әрекет қабілеттілігін жүзеге асыруындағы ролін белгілейді.
“Заңды тұлға органы” түсінігі бойынша оқу және ғылыми әдебиеттерде әр алуан көзқарастар бар болғанымен, заңнамада көрініс табатын нәтижеге әлі де жеткен жоқпыз. Мысалы, В. В. Долинскаяның пiкiрiнше, “заңды тұлға органы өзіне тиесілі құзыретіне сәйкес заңды тұлға ерігін қалыптастырып, білдіретін және ұйым қызметін басқаратын заңды тұлғаның құрамдық бөлігі”.
К. В. Мұқашева болса, заңды тұлға органдарын - заң актілерімен немесе құрылтай құжаттарымен көрсетілген заңды тұлғаның құрылымдық бөліктері деп анықтайды.
И. В. Матанцев “заңды тұлға органы деп оның ерігін даярлайтын, қалыптастыратын және білдіретін тұлғаны (тұлғалар тобын) айту қажет” деп мәлімдейді [8] .
1. 2. Заңды тұлғалардың түрлері мен нысандары
Азаматтық кодекс заңды тұлғаларды төмендегідей түрлерге бөледі; коммерциялық және коммерциялық емес.
Коммерциялық заңды тұлғаны пайда табуды көздейтін ұйым десек қателеспейміз. Кіріс түсіру мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады. («Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 2-бабы)
Осындай саралау заңды тұлғалар түрінің әрқайсысын ерекше құқықтық тәртіпке бағындырады. Азаматтық кодекстің 34-бабының 2- тармағына сәйкес коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында құрыла алады.
Коммерциялық емес ұйым- заңды тұлға ретінде мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестікқауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігі нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйымдар туралы заң бойынша:1) коммерциялық емес ұйым өзінің жарғылық мақсаттарына сәйкес келетіндей ғана кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады; 2) жекелеген ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне Қазақстан Республикасының заң актілерінде шектеулер қойылуы мүмкін; 3) коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызметі бойынша кірістер мен шығыстар есебін жүргізеді; 4) коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне салық салу Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады; 5) коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметінен алынатын кірістерді коммерциялық емес ұйымдардың мүшелері (қатысушылары) арасында бөлісуге болмайды. Ол жарғылық мақсаттарға жұмсалады. Қоғамдық және діни бірлестіктердің, қорлардың өз қаражаттарын қайырымдылық мақсаттарға пайдалануына жол беріледі.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) өздері құрған заңды тұлғалардың мүлкіне құқықтары: а) құрылтайшыға заттық құқығы жататыны; ә) құрылтайшыға міндеттемелік құқығы жататынын; б) құрылтайшыға мүліктік құқығы жатпайтын заңды тұлғаларға бөлінеді. [13]
Заңды тұлғаның мүлкіне өз құрылтайшылары меншік құқығын немесе өзге заттық құқығын сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық ж. ргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында мүлкі бар ұйымдар жататын болғандықтан мұның өзі құрылтайшының заттық құқықты иеленетінін білдіреді. Мүлкіне өз қатысушылары (құрылтайшылары) міндеттемелі құқықтарын сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашлық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтер жатады. Шаруашылық серікктестіктерінің мүлікке меншік құқығы болғандықтен қатысушылар бұл мүлікке міндеттемелік құқыққа (жарғылық капиталдағы үлесіне қарамастан) ие болады. Мүлкіне өз құрылтайшылары (қатысушылары) мүліктіқұққтарын сақтамайтын заңды тұлғаларға қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар және діни бірлестіктер жатады (Азаматтық кодекстің 36-бабының 4-тармағы) . Жоғарыда айтқанымыздай, азаматтық кодекс коммерциялық емес ұйым болып табылатын мекеме, қоңамдық бірлестік, тұтынушылар кооперативті, қоғамдық қор, діни бірлестіктерді де құруға жол ашады.
Коммерциялық ұйым өзінің жарғысында қаралмаған қызметпен айналыса береді, ең бастысы заң оған тыйым салмайтындай болуы керек. Коммерциялық ұйымдардың құрылтай құжаты арқылы құқық қабілеттіктері шектелуі мүмкін, яғни қандай да бір қызмет түрлерімен айналысуға тыйым салады .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz