Қазақ тілінде сандар жүйесінен көрінетін қазақ ескіліктері


- МАЗМҰНЫКІРІСПЕ . . . 31ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ САНДАР ЖҮЙЕСІНЕН КӨРІНЕТІНҚАЗАҚ ЕСКІЛІКТЕРІ . . . 51. 1 Қазақ ескіліктеріндегі сандар жүйесінің зерттелуі . . . 51. 2 Қазақ ескіліктерінің сандық жүйемен байланысы . . . 92 ҚАЗАҚ ЕСКІЛІКТЕРІНІҢ ТАҚ САНДАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТІЛДІК КӨРІНІСТЕРІ . . . 152. 1 «Бір» санымен келетін қазақ ескіліктері . . . 152. 2 «Үш» санымен келетін қазақ ескіліктері . . . . . . 162. 3 «Бес» санымен келетін қазақ ескіліктері . . . 212. 4 «Жеті» санымен келетін қазақ ескіліктері . . . 242. 5 «Тоғыз» санымен келетін қазақ ескіліктері . . . 382. 6 «Қырық бір» санымен келетін қазақ ескіліктері . . . ……443 ҚАЗАҚ ЕСКІЛІКТЕРІНІҢ ЖҰП САНДАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТІЛДІК КӨРІНІСТЕРІ . . . 463. 1 «Екі» санымен келетін қазақ ескіліктері . . . 463. 2 «Төрт» санымен келетін қазақ ескіліктері . . . . . . 493. 3 «Алты» санымен келетін қазақ ескіліктері . . . 543. 4 «Сегіз» санымен келетін қазақ ескіліктері . . . 573. 5 «Он екі» санымен келетін қазақ ескіліктері . . . 603. 6 «Қырық» санымен келетін қазақ ескіліктері . . . 64ҚОРЫТЫНДЫ . . . 66ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . . . . 70КІРІСПЕ
Диплом жұмысының (жобаның) өзекті мәселелері. Сандар жүйесіндегі қазақ ескіліктерін жүйеге түсіріп жіктеудің қажеттілігі, яғни микро-макро жүйесінде қарастыру халықтардың рухани өмір байлығының шығу көздері мен даму арнасын, тарихи этимологиялық себептер мен әсер етуші факторларды айқындай түсуге мүмкіншілік береді.
Сандар - дүниенің негізі. Бірден тоғызға дейінгі сандардың өміріне бағынған әріптерден бастап адамның тағдыры да осы сандарға байланысты. Сондықтан "адам", "қоғам", "табиғат" макрожүйесінің тұтас аясы да сандар гармониясына негізделген деген болжамды кешенді түрде қарастыру арқылы, соның ішінде тілдің деректік, танымдық қасиеті мен құдыреті арқылы дәлелдеудің мәні, болашағы зор. Басқаша айтқанда бұл мәселенің маңыздылығын, өзектілігін дәлелдейді.
Қазіргі ғылыми мәселелерді шешу, ахуалын бағалау. Қазақ ескіліктері және олардың тілдік көріністері туралы деректердің іздері Ш. Уәлиханов, А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, М. Әуезов, Ә. Марғұлан, Ә. Қайдар, Р. Сыздық, Е. Жанпейісов, Б. Қалиұлы, Н. Уәлиұлы, Ж. Манкеева, Қ. Ғабитханұлы, Б. Ақбердиева т. б. ғалымдардың ғылыми еңбектерінде кездеседі.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Сандар жүйесіндегі қазақ ескіліктеріне тақырыптық топтарға жіктеуде мазмұн мен мағынасы ескерілді. Сандар жүйесіндегі қазақ ескіліктерінің тақырыптық, топтары: рухани мәдениет, материалдық мәдениет, халық метрологиясы, туыстық қатынас және ономастика. Бұлай жіктеу арқылы біз сандар жүйесін рухани - мәдени өміріміздің қай саласында көп, қай саласында азырақ қолданылуын көреміз. Оның тарихи этимологиялық себептерін айқындай түсуге мүмкіншілік аламыз. Әрі қазақ ескіліктерінің сандар жүйесіндегі көрінісінің көлемі, материалдық, рухани болмыс тіршілігін анықтау жұмыстың мақсаты болмақ. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді орындауға ұмтылыс жасалды:
- қазақ ескіліктерінің сандық жүйесінің сипатын ашу;
- тақ сандарының сырын ашып, қасиеттілігін, яғни ерекшелігін анықтау;
- Сан есіммен жасалған тұрақты тіркестердің шығуы мен дамуын, қалыптасуын ашып көрсету.
Зерттелу объектісі. Қазақ ескіліктеріндегі сан есімдердің тілдік көрінісі мен тақ және жұп сандардың сипаты, ерекшелігі.
Диплом жұмысының теориялық мәнділігі мен ғылыми жаңашылдығы.
- сандар жүйесі этнолингвистика тұрғысынан зерттелді;
- қазақ тіл білімінде этнолингвистиканың негізін салған адамдардың сүбелі ғылыми еңбектері айқындалды;
- тақ сандардың материалдық мазмұнын, тілдік табиғатын, пайда болуын, қолданылуын халықтың өзіндік дүниетанымы, салт-дәстүрі, рухани мәдени өмірі, әдет-ғұрпы негізінде сипатталды;
Диплом жұмысының практикалық маңыздылығы. Тақ сандардың өзіндік ерекшеліктері, әрбір сан есімді сөз, сөз тіркесін жалпы этнолингвистикалық ортақ контексте алып қарастырылды.
Диплом жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері. Қазақ тіліндегі сандар жүйесінен көрінетін қазақ ескіліктерін этнолингвистика ғылымының тұрғысынан зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми жаңалығы ешбір дау туғыза алмас деп ойлаймыз. Себебі сандар жүйесімен ұштасып, астарласып жататын этнографиялық ұғымдардың, атап айтсақ, дәстүрлі наным-сенімдердің, мифтік негізде туған түрлі әдет-ғұрыптардың, салт-дәстүрлердің, этникалық нормалардың әр тарап тілдік көріністері аса маңызды дереккөзі болып табылады.
Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, үш тарау, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- 1 ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ САНДАР ЖҮЙЕСІНЕН КӨРІНЕТІНҚАЗАҚ ЕСКІЛІКТЕРІ1. 1 Қазақ ескіліктеріндегі сандар жүйесінің зерттелуі
Қазақ ескіліктері және олардың тілдік көріністері туралы деректердің іздері Ш. Уәлиханов, А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, М. Әуезов, Ә. Марғұлан, Ә. Қайдар, Р. Сыздық, Е. Жанпейісов, Б. Қалиұлы, Н. Уәлиұлы, Ж. Манкеева, Қ. Ғабитханұлы, Б. Ақбердиева т. б. ғалымдардың ғылыми еңбектерінде кездеседі.
Қазақ тіліндегі сандар жүйесінен көрінетін қазақ ескіліктерін этнолингвистика ғылымының тұрғысынан зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми жаңалығы ешбір дау туғыза алмас деп ойлаймыз. Себебі сандар жүйесімен ұштасып, астарласып жататын этнографиялық ұғымдардың, атап айтсақ, дәстүрлі наным-сенімдердің, мифтік негізде туған түрлі әдет-ғұрыптардың, салт-дәстүрлердің, этникалық нормалардың әр тарап тілдік көріністері аса маңызды дереккөзі болып табылады.
Сандар жүйесін этнолингвистика тұрғысынан зерттеу дегеніміз - қазақ тіл білімінде этнолингвистиканың негізін салған адамдардың сүбелі ғылыми еңбектерінің нәтижесінде өз бағыт-бағдарын айқындаған жолы бойынша, олардың материалдық мазмұнын, тілдік табиғатын, пайда болуын, қолданылуын халықтың өзіндік дүниетанымы, салт-дәстүрі, рухани мәдени өмірі, әдет-ғұрпы негізінде сипаттау деген сөз. Осы мақсатқа орай және сандардың өзіндік ерекшеліктерінің өзі жоғарыда айтылғандардан шығатын болғандықтан әрбір сан есімді сөз, сөз тіркесін жалпы этнолингвистикалық ортақ контексте алып қарастырамыз.
І. Кеңесбаев, К. Аханов, А. Ысқақов, Н. Сауранбаев, М. Балақаев алғашқы грамматикалық оқулықтарында сан есімдердің мағыналық топтарына тоқталып, кейбір сан есімдердің жасалуы туралы түйіндеулер айтқан.
Жалпы түркологияда маңызды орын алатын сан есімді жан-жақты қарастырған Ә. Хасенов [1] . Сан есімдерді басқа түркі тілдермен салыстыра отырып, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктерін белгілі бір жүйеге келтірді. Сан есімге қатысы еңбектің бірі - Н. Оралбаеваның "Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі" атты монографиясы [2] . Бұл еңбекте қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі туралы мағлұмат беріліп, жасалу тәсілдері мен үлгілері көрсетілген. Т. Сайрамбаев ғылыми еңбегінде сан есімді тіркестерді қарастырса [3], Г. Шаһарман сан есім сөздерден жасалған туындылардың мағыналық ерекшеліктеріне жан-жақты талдау жасаған [4] .
Қазақ тілінде сан есім туралы қысқа мәлімет Ахмет Байтұрсыновтың "Тіл тағылымында" берілген. Бұл еңбекте бірден бастап миллионға дейінгі сан есімдер аталып, оларға қандай сұрақ қойылатыны көрсетілген [5] .
Жалпы таным проблемасымен байланысты ескілікті наным-сенім түрлерінің тілдік көріністері, әсіресе, сан атауларымен келген тұрақты сөз орамдарында өте көп кездеседі. Байырғы кездерде халық әр алуан құбылысқа нәзік бақылау жасай келіп, олардың ортақ қасиеттері мен сипаттарын санмен түйіп, санамалап айтып отырған.
Сан атаулары өте көне заманнан келе жатқан сөздер, оларды барлық көне жазба, ауыз әдебиеті ескерткіштерінен кездестіруге болады. Сан есімнің көнелігіне байланысты тілдегі барлық сан атауларының қалай жасалғаны көріне бермейді. Жалпы сандық ұғымның қалыптасуы ақиқат өмірімен байланыстырылады. Сандар оқу мен жазудың пайда болуымен байланысты. Н. Я. Марр: "Числа стали писать раньше, чем слова числительные, однако, не как знаки, а как звуки, магические звуки, связаны с чтением, актом также магии и знахарства". Н. Я. Маррдың айтуынша сандар қоғам мен дыбыстық тілден бұрын пайда болған - "Сандар жүйесінің пайда болуының негізі - қол, себебі, адам еңбек құралдарын ойлап тауып, оны қолданғанға дейін де санай алған. " Егер біз Энгельстің "Маймылдың адамға айналу процесіндегі еңбектің ролі" атты еңбегін еске алсақ, тік жүру, соның нөтижесінде қолдың жүру қызметін атқарудан босауы әртүрлі әрекет жасауға, еңбек етуге мүмкіндік береді. " . . . қол еңбек органы ғана емес; ол, сонымен қатар, еңбектің жемісі де" [6] . Ф. Энгельс қолдың дамуы, оның басқа ағзаларға әсері, еңбектің шығуы және оның дамуы, еңбек үрдісінде қатынас жасаудың қажеттілігі - осылардың барлығы тілдің пайда болуында маңызды рөл атқарғандығын айтады [7] . Қолдың дамуына байланысты Н. Я. Маррдың бұл пікірі шындыққа жуық. Себебі, Ф. Энгельс "Сан және форма жөніндегі танымдар басқа жақтан келмеген, қайта шындық өмірден алынған, адамдардың сан санауына, яғни, алғашқы арифметикалық есептерді шығаруына септігін тигізген он саусақ және басқа заттар болуы мүмкін. Бұл санау қабілеті ұзақ тәжірибе мен тарихи дамудың нәтижесі, " - дейді . Әрі Г. Н. Рамстедттің "Сан атаулары саусаққа байланысты шықты" деген тұжырымы ғалымдар арасында жоғары бағаланды.
Сандық жүйенің адамзат өркениетінің дамуындағы рөлін кезінде академик О. А. Жәутіков те баса көрсеткен: "Қазіргі заманда жер жүзіндегі барлық мәдениетті халықтардың қолданатын санау жүйесі - ондық жүйе. Ондық жүйе - ұзақ тарихи дамудың нөтижесі, мәдениет тарихында адамзаттың тәжірбиелік өмірі үшін ондық жүйедей үлкен ғылыми үрдіс жасаған, терең із қалдырған, ықпал тигізген мысалдар көп емес. Ондық жүйенің пайда болуы екі қолдың саусақтарын санаумен байланысты екеніне шүбә келтіруге болмайды" [8] .
Н. В. Баскаков, В. А. Гордлевский, Я. Марр т. б. ғалымдар да сан атаулары саусаққа байланысты шыққан, себебі, әуел баста саусаққа байланысты санау жүйесін енгізген деп қарастырады. Осы айтылғандарға қатысты кейбір этнолингвистикалық деректі әрбір сан атауының тұсында өз зерттеуімізде біз де келтіріп отыруға тырыстық [9] .
Қазақ тіл білімінде сан есімді зерттеген Ә. Хасенов осы пікірлерді қуаттай отырып, түрік тілдеріндегі негізгі сөздік қорға жататын сан атауларының да жалпы өмір шындығынан алынғандығы туралы жазады [10] . Жоғарыда айтылған пікірлерді қуаттай отырып, тұрақты тіркестер арқылы толықтыруға болады. Мысалы, он саусағымдай білемін, бес қолымдай немесе бес саусағымдай білемін деген фразеологиялық оралымдар және ең алғаш балаға сан үйреткенде санамақты жаттатып, саусақ арқылы үйрету. Міне, бұлардың бәрі сол ертедегі саусақпен сан санаудың тілде қалған ізі болса керек.
Ертеде ата-бабамыз басқа халықтарға ұқсас, ең алдымен, бір қолындағы бес саусақты санап шығарған, одан соң, оған екінші қолдағы бес саусақты қосып санап саусақ саны он деп тапқан. Жер бетіндегі мындаған тілдерде бес сан есімі қол, білек сөздерімен туыстас. Пасхи аралында тұратын халықтың тілінде рима немесе лима сөзі "бес" және "қол" деген мағына береді. Ал маринд тілінде сөйлейтін папуас халқында 1- сакод; 2-ина, 3-санының өз атауы жоқ, сакод-ина сөзі арқылы беріледі, 4- ина-ина, ары қарай аяқ-қол, саусақтарымен санайды. Батыс Иран мен Жаңа Гвинея халқының шекарасының қиылысқан жерінде орналасқан телефол халқының тілінде "7-это мизинец левой руки, 2-безымянный палец левой руки, 5-большой палец левой руки, 6- левое запястье, 7-левое предплечье, 1-левое плечо, 11- левая сторона шеи, 2-левое ухо, 5-левый глаз, 14-нос". Одан кейін екінші жаққа ауысады. 15 саны- басқа көз, 6-басқа құлақ, осылай 27 санына дейін санайды. Бұл тілде 27-нің өте көп деген ұғымына байланысты ары қарай санамайды. Н. М. Никольский "Ертедегі Вавилон мәдениеті" атты еңбегінде шумерлерде саусақ санауға байланысты ондық санау жүйесі болғандығын айтады. Бұның негізі о баста бес күндік апта болуында, яғни бестік санау жүйесі болған. Кейіннен ондық санау жүйесі енгізілген. Шумерлерде де ү ш, жеті, тоғыз, он екі, қырық қасиетті болып саналған. Бұл ондық санау жүйесі тарихи салыстырмалы әдіс арқылы, генеологиялық жіктелуге негізделіп жасалып отыр. Салыстырмалы-тарихи әдіс мағынасы жағынан бір тектес, дыбысталуы жағынан ұқсас сөздер тобына, материалдық жағынан туыстас сөздердің мұндай тобының бір негізден шығу мүмкіндігіне негізделеді. Сондықтан егер біз тіліміздегі сандар жүйесіндегі көне ескіліктерді білмек болсақ туыстас тілдер тобынан және басқа тілдер тобынан салыстыруларды іздеуіміз керек. Міне осыған байланысты әртүрлі тілдерден деректер алынып салыстырылды. Бір ғана халықтың тілін алып, этносты тіл арқылы көрсету мүмкін емес. Әрі бір ғана тілдер семьясы бойынша тілге палеонтологиялық зерттеу жүргізе алмас едік. Палеонтология дегеніміз - жазба дәуірге дейінгі материалдық және рухани мәдениеттен мағлұмат беретін тілдік фактілерді тарихи тұрғыдан зерттеу. Ал бұндай тілдік фактілерді беретін - ғасырлар бойы өзгеріске ұшырап, бірақ бүгінгі күнге сақталып келген сөйлеу тіліміздегі элементтер.
"Сандар әлемді басқармайды, бірақ қалай басқару керектігін көрсетеді" - деп ұлы ойшыл, әрі ақын Гете айтқандай, сандар төңірегінде үлкен сыр бар екені о баста-ақ сезілген.
XX ғасырдың басында, сан есім мәселесіне арнап 1927 ж. Ленинградта "Сандарға қатысты тілдік мәселелер" атты үлкен конференцияның өтуі ғалымдарды сандарды тек грамматикалық тұрғыда ғана емес, басқа жақтан да, атап айтқанда дүниетаным айналасында зерттеу керектігін түсінгенін көрсетеді. Сандардың сырын ашу бұ дүниеден тірі суды іздеуге арналған жорық іспеттес деп тұжырым жасалса да, болашақта да жұмбақ сандардың шешуінен үміт үзбейтіндері айтылады. Конференция негізінде жарық көрген мақалалар жинағында "сандарға байланысты мәселелер шешуі қиын, өзекті, болашақта тынымсыз ізденуді талап ететін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын зерттеу жұмысын қажет етеді" деген қорытынды ойлар жиі ұшырасады. Бұған дейін Ресейде сандарды тілдік тұрғыда зерттеп жүрген зерттеушілердің "Сандар тобы" /Группа числительных/ құрылған. Бұл топтың мүшелері: славян-албан тілдерінің маманы Н. С. Дерижавин, славист М. П. Долобко, урал-алтаист Н. Н. Поппе (финновед, монголист), туркітанушы - А. Н. Самойлович, үнді-европеист Л. П. Якубинский, египет сан есімі бойынша - П. И. Воробьев, В. П. Томашевский, Я. Марр. Жалпы сан есімдер ғылыми тұрғыда XVII ғасырдан бері қаралып келеді /(В. В. Бартольд), Система счисления Орхонских надписей в современном диалекте; XIX ғасыр өкілдері - Шотт, Галеви, Чобанзаде. Бұл түста Г. И. Рамстедттің еңбектерін де айта кету керек. Рамстедттің "сандар саусаққа қатысты шыққан" деген тұжырымын, әсіресе, бес сан есімінің этимологиясын білекпен байланыстыруын сол тұста ғалымдар жоғары бағалап, осы бағытта іздену үстінде болды [11] . Қазақ тіл білімінде сандар І. Кеңесбаев, Ә. Хасенов, Ә. Қайдар, Н. Уәлиұлы, Т. Жанұзақов, Е. Қойшыбаев, Н. Оралбаева, Т. Сайрамбаев, Ж. Байзақов, А. Машанов, А. Елешева, Қ. Ғабитқанұлы, Г. Шаһарман еңбектерінде әртүрлі аспектілерде қарастырылады. Осы жерде сан есімдерді жете зерттеген.
Қазақ тіл білімінде сандарды алғаш таным тұрғысында қарастырған бұрынғы КСРО Ғылым академиясының корреспондент мүшесі В. Чернышев; Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі І. Кеңесбаев. Оған айғақ - ғалымдардың 1946 жылы жарық көрген мақалалары: В. Чернышев О "стержневых" именах числительных в русском и казахском языке; В. Чернышев төмендегі І. Кеңесбаевтың мақаласына талдау жасай келіп, орыс тіліндегі ерекше қолданысқа ие болған сан атауларына тоқталып, сол сан есімдер ұйытқы болған фразеологизмдерді теріп, қазақ тілімен салыстыра қарайды. І. Кеңесбаев. "Жеті", "үш", "тоғыз", "қырықпен" байланысты ұғымдар. Бұл мақаласында сан есімдерге байланысты мифтік түсініктің де ұшығы барлығын айтады. Жеті, үш, тоғыз, қырық негізінде жасалған нақыл сөз, мақал, фразеологизмдерде көне дәуір салт-санасының ізі сақталғанын көрсете келіп, фразеологизм ішінде бұл сөздер нақтылы сан мағынасында қолданылуы шарт еместігін де ескертеді.
Кейіннен бұл мәселе ономаст ғалымдардың еңбектерінен де орын ала бастады. 1969 жылы "Советская тюркология" журналында кісі аттарына байланысты Т. Жанұзақовтың "Сан есімнен жасалған жалқы есімдер"; жер-су аттарына қатысты Е. Қойшыбаев "О семантике ведущих имен числительных во фразеологических оборотах этнических и топономических образованиях казахского языка" атты мақаласы жарық көрді. Бұл екі мақалада да сан атауымен келген кісі, жер-су аттары талданады. І. Кеңесбаевтың пікіріне сүйене отырып, "киелі", "матастырғыш" функцияда қолданылып, әртүрлі ономастиканың тууына себепкер болғандығы туралы сөз болады. Жетпісінші жылдар ішінде сандарға өзгеше көзқараспен қараған тіл маманы Ж. Байзақов болды. Ол философ ғалымдармен бірлесіп "қырық" пен "төрт" сан есімдеріне зерттеу жүргізді. Мифтік таным мен тіл сабақтастығында зерттеу жүргізілуі сексенінші жылдар арлығында кейбір жұмбақ сандардың шешуін ғылыми тұрғыда табуға тырысқан Н. Уәлиұлы болды. 1989 жылы А. Елешеваның диссертациялық жұмысында (Фразеологические единицы с компонентами числительными в казахском языке) сан есім қатысқан фразеологизмдердің құрылысы мен құрамына талдау жасалды.
- Қазақ ескіліктерінің сандық жүйемен байланысы
Сан атауларына қасиет беру, оны киелі санау дәстүрі көптеген халықтарда тым арыдан келе жатқан құбылыс. Мәселен, жапондықтарда бұл "сан туралы ілім" деп аталады және бұның пайда болғанына мың жылдан астам уақыт болыпты. Бұл ілім бойынша әрбір сан атауы тоғыз планетаға сәйкес келеді және осы планетаға байланысты әр санның өзіндік ерекшелігі бар. Бір санына - Күн, екіге - Ай, ү шке - Юпитер, төртке - Сатурн, беске - Меркурий, алтыға - Венера, жетіге - Уран, сегізге - Марс, тоғызға - Нептун телінген. Шумерлерден бастау алған мифологияда - сандар жүйесі жалпы тақ сандар, сиқырлы сандар, магиялык, сандар ретінде таныла бастады. Осы деректер негізінде сандардың психолингвистикалық, логикалық аспектілері ескеріліп, қазақ тіл білімінде де қазақ ескіліктері тілдің танымдық қызметі тұрғысынан, тіл мен миф сабақтастығында қарастырыла бастады. Соның негізінде, мысалы, сандар арқылы адамның тағдырын да болжауға болатыны белгілі болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz