Мемлекеттік билік органдарын ұйымдастыру және оның қызметін конституциялық-құқықтық реттеу
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің жоғары органдарының қалыптасуының теориялық.құқықтық аспектілері
1.1 Мемлекеттік билік және оның бөлінуінің тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Қазақстандағы мемлекеттік билікті жүзеге асырудағы жоғарғы органның ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2 Мемлекеттік билік органдарын ұйымдастыру және оның қызметін конституциялық.құқықтық реттеу
2.1 Заң шығару органының конституциялық құқықтық мәртебесі ... ... ... ... 24
2.2 Мемлекеттік биліктің атқарушы органдарының құзыретін құқықтық реттеу жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
2.3 Мемлекеттік биліктегі сот билігінің құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... ...56
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .69
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...74

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан Консти- туциясында біртұтас мемле¬кеттік биліктің үш тармаққа бөлінуінің тетіктері қарастырылған. Бұл біріншіден, олардың тығыз ынтымақтасып қызмет жасау мүмкіндіктеріне, екіншіден, өзара бірін-бірі шектеп оты¬руына, Конституцияда және заңдарда көр¬сетілген құзыреттеріне араласпауына бағдарланды.
Дипломдық жұмыста – Қазақстан Республикасы мемлекеттік билікті ұйымдастырудың конституциялық құқықтық негіздері зерттелген. Алғашқы тарауда Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының қалыптасуының теориялық-құқықтық аспектілері қамтылса, екінші тарауда мемлекеттік билік органдарының қызметін конституциялық-құқықтық реттеу мәселелері қарастырылады.

1. Жамбылов Д. Саясаттану: Оқулық. Өңделіп, толықтырылған 2-басылым. – Алматы: Жеті жарғы, 2005. – 45 б.
2. Философский энциклопедический словарь. М., 1983, 85-б.
3. Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. – Алматы: «HAS»баспа компаниясы, 2003. – 54-55, 69, 289 бб.
4.http://kk.wikipedia.org/wiki
5. Ғалиев Е.Е., Мұқтарова А.К., Омарова Ж.Т., Сағынаев М.Е., Сәкиева Р.С. Құқық және демократия тарихы. Оқу құралы. – Алматы: «КазГЗУ Баспа үйі» ЖШС.2003. 202 б.
6. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Түсініктеме. Ред.басқарған Ғ.Сапарағалиев. – Ауд. С.Бақтыгерейұлы. – Алматы: «Жеті жарғы», 1999. – 24-25 бб.
7. Жаңа әлемдегі жаңа қазақстан. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2007 жыл 28 ақпан.
8. Назарбаев Н. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. 2012 жыл 14 желтоқсан.
9.Мұрат Мұхамедов. Дамуымызға негіз қалаушы басты құжат. Егемен Қазақстан 2010 жылғы мұрағат.
10. ҚР Президенті туралы Конституциялық заңының 1 бабы.
11.Общая теория государства и права: учеб.пособие/под общ. ред. А.Г.Тиховенко. Минск: Книж.Дом, 2006. –35 б.
12. Борбасов С.М. Президенттік биліктің тиімділігі [Текст] / Сайын Борбасов // Ақиқат . - 2009. - №1, 12-17 беттер. // http://www.sarap.kz/index.php/kz/pol-ob/pol-ec/99-prezident-biligi.html

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің жоғары органдарының
қалыптасуының теориялық-құқықтық аспектілері
1.1 Мемлекеттік билік және оның бөлінуінің
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... .6
1.2 Қазақстандағы мемлекеттік билікті жүзеге асырудағы жоғарғы органның
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2 Мемлекеттік билік органдарын ұйымдастыру және оның қызметін
конституциялық-құқықтық реттеу
2.1 Заң шығару органының конституциялық құқықтық
мәртебесі ... ... ... ... 24
2.2 Мемлекеттік биліктің атқарушы органдарының құзыретін құқықтық реттеу
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
2.3 Мемлекеттік биліктегі сот билігінің құқықтық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. .56
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .69
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
4
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан Консти- туциясында
біртұтас мемлекеттік биліктің үш тармаққа бөлінуінің тетіктері
қарастырылған. Бұл біріншіден, олардың тығыз ынтымақтасып қызмет жасау
мүмкіндіктеріне, екіншіден, өзара бірін-бірі шектеп отыруына, Конституцияда
және заңдарда көрсетілген құзыреттеріне араласпауына бағдарланды.
Дипломдық жұмыста – Қазақстан Республикасы мемлекеттік билікті
ұйымдастырудың конституциялық құқықтық негіздері зерттелген. Алғашқы
тарауда Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының
қалыптасуының теориялық-құқықтық аспектілері қамтылса, екінші тарауда
мемлекеттік билік органдарының қызметін конституциялық-құқықтық реттеу
мәселелері қарастырылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның құқықтық мемлекет құру
қадамдары мен азаматтық қоғамды орнатуға ұмтылу ынтасының іске асуы,
мемлекеттік билік нысанының соған сәйкес түрленуімен және билік ету
жүйесінің тиімділігімен тығыз байланысты.
Мемлекеттік билік объективті түрде кез келген елдің әлеуметтік және саяси
өмірінің негізі, оның өзегінің көрінісі ретінде саналады. Диплом тақырыбы
конституциялық құқықтың зерттеу мәселелері болып табылады.
Конституциялық құқықты дамыту перспективалары мемлекеттің құрылымын,
мемлекеттік биліктің бір тұтастығын, оның тармақтарының жұмыс істеу
тетіктерін және Қазақстан Республикасының бүкіл халықтық сайланған
Президенті тарапынан стратегиялық басшылықпен, бақылаумен және төрелікпен
олардың өзара іс-қимылын анықтайтын қолданыстағы конституциялық заңдарды
жетілдірумен байланысты.
Мемлекеттік биліктің бөлінуі құқықтық мемлекеттің негізгі белгілерінің
бірі болып саналады. Сондықтан Қазақстан Республикасын құқықтық мемлекет
ретінде қалыптасуындағы мемлекеттік билікті ұйымдастырудың конституциялқ
құқықтық негіздеріне жаңа Конституциялық реформаға сай енгізілген
өзгерістер мен толықтырулардың маңыздылығы өзектілік ретінде теориялық
тұжырымдауды қажет етеді.
Парламенттің әрбір мемлекет өмірінде алатын орны ерекше. Ал енді ғана
егемендігі мен тәуелсіздігін алған жас Қазақстан үшін бұл органның маңызы
өте зор, себебі Парламент мемлекеттік биліктің маңызды тармағы- заң шығару
билігін жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы парламентті заң
шығару қызметін жүзеге асыратын жоғарғы өкілді орган ретінде сипаттайды.
Қазақстан Республикасының Парламенті жоғарғы орган ретінде де, өкілді
демократия органы ретінде де өмірге келді. Халыққа тікелей ғана емес,
Парламент арқылы да өзінің саяси еркін білдіруге мүмкіндік туды.
Президент Жолдауына сәйкес Жаңа кезеңнің негізгі міндеттеріне сай
саяси жүйеміз жаңару үстінде. Бізде саяси реформалардың өз моделіміз, саяси
көшудің өзіндік Қазақстан жолы қалыптасу үстінде. Президент Нұрсұлтан
Әбішұлының сөзімен айтсақ оның ерекшеліктері мен етене белгілері –
президенттік басқару жүйесін сақтау, реформалардың кезеңдестігі,
қабылданған шешімдердің екшенділігі, жалпыұлттық үнқатысу мен негізгі саяси
күштердің топтасуы. Тұтастай алғанда, демократиялық реформалардың алдағы
кезеңі мынадай бағыттар бойынша жүргізілуде:
- Парламенттің өкілеттігін кеңейту
- саяси партиялардың ролін арттыруға бағытталған шараларды қабылдау;
- Сот-құқық жүйесін жетілдіру;
- жергілікті өкілетті органдарды дамыту;
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы 28 ақпандағы Жаңа әлемдегі
жаңа Қазақстан атты Қазақстан халқына берген Жолдауында Саяси
өзгерістердің біз үшін басты мақсаты –биліктің бір мезгілде елде саяси
тұрақтылықты сақтап, біздің азаматтардың барлық Конституциялық құқықтары
мен еркіндіктерін қамтамасыз ете отырып, қоғам мен мемлекетті басқарудың
барынша тиімді жүйесін қамтамасыз ете алатын осы заманғы демократиялық
пішініне қарай қадам басу деп атап көрсетті.
Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге
арналған Құқықтық саясат Тұжырымдамасын іске асырудың тиімділігі және
тиісінше ұлттық құқықтың тұрақтылығы, құқықтық реттеудің пәрменділігі
мемлекеттік биліктің барлық тармағының сындарлы өзара іс-қимылына, билік
органдары қабылдаған шешімдердің сапасына және лауазымды тұлғалардың
жауапкершілігіне байланысты. Қазақстандық заңнаманы осы Тұжырымдамада
белгіленген мемлекеттің құқықтық саясатының негізгі бағыттарына сәйкес
кешенді дамыту және тиімді пайдалану заңдылық режимін одан әрі нығайтуға,
адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауға,
еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге,
қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуға ықпал ететін, еліміздің құқықтық
және әлеуметтік, демократиялық дамуына зор үлесін қосатын мемлекеттік билік
органдары Парламенттің, Үкіметтің және сот билігінің Қазақстан
Республикасының Конституциясындағы өзіндік мәртебесінің ерекше екендігін
айқындау өзектілік екенін көрсетеді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бұл тақырыпты зерттеу аясында бірнеше
ғалым мамандардың ғылыми еңбектеріне, оқулықтары мен оқу-әдістемелік
құралдарына арқа сүйедік. Нүрпейсов Е. Қазақстан Республикасы: хандық
биліктен Президенттік Республикаға дейін., Сартаев С. Қүнқожаева Г.
Қазақстан Республикасында билікті бөлу және оларды жүзеге асыру
принциптерінің қалыптасуы., академик С.Зимановтың Конституция и Парламент
РК. С.С. Сартаев: құқықтық мемлекет қалыптастыруда биліктің үш тармағыда
өздерінің қызметтерін атқара алатындай күшті болуы керек, деп, және заң
шығарушы және атқарушы биліктерді байланыстыратын тек қана Президент болуы
тиіс, деп атап көрсетті.
М.Т. Баймаханов, Л.М. Вайсберг, А.К. Котовтың, пікірінше: Қазақстан
Республикасының егемендігін мемлекеттік билік тармақтарының бір-бірімен
тығыз қарым-қатынаста болуы айқындайды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты - биліктің бір
мезгілде елде саяси тұрақтылықты сақтап, біздің азаматтардың барлық
Конституциялық құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз ете отырып, қоғам мен
мемлекетті басқарудың барынша тиімді жүйесін қамтамасыз ете алатын осы
заманғы демократиялық пішініне қарай адымдау қажеттігімен бүгінгі таңда
енгізілген конституциялық реформаларды қуаттай отырып, Конституцияда
бекітілген Қазақстандағы мемлекеттік билік органдарының конституциялық-
құқықтық мәртебесінің теориялық-құқықтық негіздерін айқындау болып
табылады.
Алға қойған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешуді қажет етеді:
- Қазақстандағы мемлекеттік билікті жүзеге асырудағы жоғарғы органның
ерекшеліктерін айқындау;
- ҚР заң шығару органының конституцияық құқықтық өкілеттіктерін
талдау;
- Мемлекеттік биліктің атқарушы органдарының құзыреті мен оны жүзеге
асыру жолдарын айқындау;
- Мемлекеттік биліктегі сот органдарының ролін қарастыру.
Зерттеудің құзыреттілігі. Ұсынылып отырған дипломдық жұмыста
мемлекеттік билік органдарының конституциялық құқықтық негіздерінің
маңызына теориялық тұжырымдар жасалды. Мемлекеттік билік органдарының
құқықтық және демократиялық мемлекетті қалыптастырудағы маңыздылығына көз
жеткізе отырып, соның ішінде биліктің бір тармағы болып табылатын
Парламенттің заң шығару қызметін атқаратын жоғарғы орган ретінде құқықтық
механизмінің мәселелерін зерттеу бітірушілердің болашақ заңгер маман
ретінде заң шығару саласындағы мәселелермен шұғылдануына, атқару билігінде
нормативті құқықтық актілермен жұмыс жасай алуына және құқық талаптары
бұзылған жағдайда сот органдарында субъектілердің құқықтары мен
бостандықтарын қорғау функциясын мінсіз атқаруға бағыттау және мемлекетте
қалыптасқан билік органдарының құқықтық проблемаларын шешуге өзіндік
көзқарастарын қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Жұмыс құрылымы мен көлемі – дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
бес бөлімшеден, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ ЖОҒАРЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Мемлекеттік билік және оның бөлінуінің тәжірибесі
Ағылшынның ең ірі фәлсафашыларының бірі, қоғам қайраткері болған
Бертран Рассел физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда
негізгі ұғым билік болып табылады деп дұрыс айтқан. Ал Американың әйгілі
әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс экономикалық жүйеде ақша қандай орын алса,
саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады деген.
Билік жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі анықтамалар мен тұжырымдамалар
бар.
Телеологиялық анықтама билікті белгілі бір мақсатқа, белгілеген
нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді.
Бихевиористік анықтама бойынша билік деп басқа адамдардың жүріс-
тұрысын, өзін-өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негзделген іс-әрекеттің
ерекше түрі.
Инструменталистік анықтама билікті белгілі бір құралдарды, амалдарды
(зорлық-зомбылық, күштеу сияқты шараларды) пайдалану, қолдану мүмкіндігі
деп біледі. Мәселен, Американың белгілі саясаттанушысы Р.Даль билік бір
адамға екінші адамды өз еркімен жасамайтын іс-әрекетті жасауға мәжбүр ету
мүмкіндігін береді дейді.
Конфликтілік анықтама билікті дау жанжал жағдайында игілікті бөлуді
реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің құралы деп түсіндіреді.
Америка саясаттанушылары Г.Лассуэлл мен А.Каплан Билік және қоғам
деген кітабында билікті шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігі ретінде
сипаттайды.[1,45 б.].
Философиялық энциклопедиялық сөздікте билік туралы былай делінген:
Сөздің жалпы мағынасында билік өз еркінде жүзеге асыруға қабілеттілік пен
мүмкіндік, адамдардың жүріс-тұрысы, іс-әрекетіне қайсыбір амал-тәсілдер –
бедел, құқық, күштеу арқылы шешуші ықпал жасау[2,85 б.].
Биліктің құралы – күш қолдану, қару қолдану және т.б. Билік механизмі
жеке тұлғалар қолында шоғырланғандықтан, олардың әрекеттері заңға
негізделуі керек және қақтығыс болған жағдайда өз әрекеттеріне баға беріп,
көпшіліктің қолдауын табу керек. Осыған орай биліктің лигитимдігі тілге
тиек етілуі керек, өйткені билік құқықтық ұғым. Биліктің негізгі мақсаты
мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, ал саясат қоғамдық тәртіпке негізделеді,
ал оның құрамдас бөлшегі заңда белгіленген жүріп тұру ережесі болып
табылады. Міне осы заңдылықты қамтамасыз ету үшін билікті жүзеге асырушы
билік субъектілерінің қызметі де заңға негізделуі керек, яғни басқару әр
кезде заңдылыққа негізделуі керек. Биліктің лигитимдігі жөнінде М.Вебер өз
кезінде мынадай классикалық теория айтқан:
Билік заңдылыққа әдет-ғұрыптар негізінде қол жеткізеді. Бұндай билік
түрін Вебер әдет-ғұрыптық билік деп атайды. Бұл жағдайда бағыну тек
бұрыннан бері осылай және қазірде осылай болу керек деген қағидаға
негізделінді. Бұл билік формасы патриархалдық қоғамдарға тән.
Харизматикалық билік бір адамның беделіне негізделген, яғни тұлғаның
жеке ерекше қасиетіне – харизмға сүйенген билік түрі. Бұл билік түрі
әдеттегі биліктен өзгеше, өйткені бұл жерде билік субъектісіне табыну, оны
пір тудыру орын алады. Тарихта бұндай билік қатарына кейбір монарх билігін
жатқызуға болады. Осындай басқару кезінде билік етудің адамдарды дүр
сілкіндіретін, заңға, қалыптасып қалған сереотипке мүлде жат тәсілдері
қолданылады, мысалы репрессиялар, конфискациялар және т.б. Бұл жерде билік
етуші тұлға бір туар, қайталанбастығымен ерекшеленеді, өйткені олар
қоғамның материалдық жағдайын ескерместен идеялық утопиялық ойларды жүзеге
асыру үшін эксперименттік реформалар жүргізеді. Бұл жағдайда заңдылық әр
кез екінші орынға қойылады.
Рационалды-құқықтық билік жалпыға танылған құқықтық тәртіпке
негізделеді. Бұндай билікке ие тұлғалар билік басына заңдастырылған
процедуралар негізінде келеді.
Әрине нақты саяси өмірде рационалдық – құқықтық билік жүйесі жоқ, бірақ
оның нысандарының бірі болмаса, бірін бойына сіңірген билік жүйелері
қазірге дейін өз өміршеңдігін дәлелдеп келеді. Сондықтан, биліктің
құрылымдары жүйелеудің негізі болып табылатын оның белгілерін анықтау қажет
болып табылады. Заң ғылымдарында саяси биліктің мына белгілері анықталған:
Лимиттелу белгісі, яғни биліктің шектелуі және шексіз болуы.
Биліктің мұраға қалдырылуы, яғни биліктің династиялық немесе сайланбалы
болуы.
Элитарлық белгісі, басшының жеке басына байланысты биліктің
персонофикациялануы.
Парциалдық белгісі, билікке ие болуға шек қою, яғни әр түрлі ценздерді
пайдалана отырып, халықты биліктен шектеу болып табылады.
Биліктің корпоративтілігі, яғни оның белгілі – бір тұрақты топпен
жүзеге асыруы және лоббистік әрекеттердің заңдастырылуы.
Биліктің моральдық белгісі, яғни оның қасиеттілігін өз мақсатында
пайдалану.
Құқықтық заңдылық белгісі, яғни биліктің авторитарлық ерік негізінде
емес, тек заңға сәйкес жүзеге асырылуы.
Биліктің конструктивтік келісім белгісі, яғни билік ету барысында
баршаның пікірімен санасу демократиялық институттарды ортақ шешімге қол
жеткізу үшін пайдалану.
Биліктің ауыспалық белгісі.
Концентрациялық белгі биліктің орталықтану дәрежесін білдіреді.
Биліктің легитимділігі, яғни оның заңды орнауын аңғартады. Легитимдік -
(латын тілінде заңдылық, шындық деген мағынаны білдіреді) халықтың үстемдік
етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін
растауы.
Енді биліктің мемлекетпен байланыстылығына жан-жақты тоқталамыз.
Мемлекет өз табиғатында қоғамды ұйымдастыру құралы болып табылады. Мемлекет
билігі оның территориясында тұратын барлық азаматтарына, олардың діни наным
сенімдеріне, саяси бағыт-бағдарына, әлеуметтік жағдайына қарамастан
тарайды. Мемлекет билік құралы ретінде саяси құрылыстың қандай нысаны
болмасын, өмір сүрудің алғы шарты болып табылады. Мемлекет
орталықтандырылған институт, ол өз территориясының тұтастығына жауапты,
қарулы күштеріне бақылау жасайды, әскери және азаматтық лауазымды
тұлғалардың қызметіне ақы төлеу үшін қажетті қаржы қаражаттарды жинау
мүмкіндігіне ие, сонымен қатар шешім қабылдау өкілеттігімен қамтамасыз
етілген. Мемлекет өз өкілеттігін қамтамасыз ету үшін тек күштеу шаралары
емес идеологиялық, экономикалық және т.б. әсер ету түрлерін қолданады. Бұл
жерде аса назар аударатын тағы бір мәселе күштеу шараларын қолдану құқығына
монополиялық түрде ие.
Саяси элита өз еркін заң нормаларына негізделген күштеу түрінде
қолдануы мүмкін. Осы нормалар негізінде мемлекет билікке сыйламаушылық
болған кезде санкцияларды да қолданады. Сонымен, мемлекет адамдардың жүріп
тұру ережесін қамтамасыз ететін органдардың көмегіне жүгінеді, ал олар өз
құзыреті шеңберінде билікті жүзеге асырады. Мемлекет ғасырлар бойы өмір
сүріп келе жатқан саяси институт. Партиялар, лоббистер, ассоциациялар соңғы
150-200 жылда пайда болған болса, мемлекетке ондаған мың жыл болған.
Мемлекеттің пайда болуына бірнеше себептер бар: біріншіден, оның
территориялық тұтастығын сақтау, яғни сыртқы қол сұғушылықтарға жол бермеу,
екіншіден, адамдар теңсіздігіне қарамастан, олардың қоғамда ортақ өмір
сүруін қамтамасыз ету, яғни олардың әлеуметтік, этникалық, ұлттық сана
ерекшеліктерін сақтай отырып оларды ортақ мүддеге жұмылдырып, бір бағытқа
салу.
Мемлекет бір үлкен жүйе түрінде болады, және оның өзін сақтау
қабілеті өте жоғары болады. Ол өз функцияларын жемісті жүзеге асыруы үшін
интерактивті болуы қажет, яғни бай қаржы қорлары, тиімді әкімшілік, қажетті
қарулы құрылымдары болуы қажет. Тағы бір маңызды мәселе – ол мемлекет
егемендігі, бұл категория мемлекеттегі заңдылық пен билік үстемдігін, жаза
қолданудың монополиясын, тәуелсіз сыртқы саясатты білдіреді. Әрине,
бастапқы кезде бұл ұғым монарх билігінің тәуелсіздігімен байланысты
қаралған, яғни суверен ешбір заңмен шектелмеген. Кейіннен бұл ұғым
гуманистік және демократиялық идеялар әсерінен басқа бағыт алды.
Республикалық құрылыс қағидасы қабылданғаннан кейін құқықтық мемлекет
идеясы орын алды, ал оның бірден бір талабы – егемендік болды және ол
адамдардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігімен, билікке қатысты заң
үстемдігімен және басқа мемлекеттің ішкі саясатқа араласпауымен
сипатталады. Мемлекеттің қоғамдағы белсенділігінің екі нұсқасы бар, ол
этатистік және либералдық. Либералдық араласу негізінде азаматтық қоғам
ісіне мемлекеттің белсенді түрде араласпау идеясы жатыр. Этатизм негізі
ХVII ғасырларда Германияда Х.Вольфпен қаланған. Бұл араласу түрі негізінде,
мемлекет адам жағдайын жақсарту үшін қоғам өмірінің барлық саласында
белсенді әрекеттер арқылы араласа алады. Қазіргі уақытта көптеген елдерде
президент қызметі құрылған. Президент мемлекет басшысы ретінде Европаның,
Азияның, Африканың, Американың көптеген елдерінің саяси жүйесіндегі негізгі
элемент болып табылады. Саясаттанушы ғалымдар мемлекеттік билікке барлық
адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар заңдар мен
ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің
түріне жатқызады.
Заң ғылымдарының докторы, профессор Т.Ағдарбеков Мемлекеттік билік –
көпшілік-саяси үстемділік және субъектілер арасындағы мемлекеттік
мәжбүрлеуге сүйенген бағынушылық жүйесі, деп анықтама берген.[3, 289 б.].
Билік бөлінісі - мемлекеттік билікті ұйымдастыру қағидаты, оған сәйкес
мемлекеттегі билік бір-бірінен тәуелсіз, бірін-бірі тепе-теңдікте ұстайтын
үш тармаққа бөлінеді - атқарушы, заңшығарушы және сот билігі. Билік
бөлінісі теориясы сонау ежелгі дәуірден бастау алады.
Мысалы, Аристотель мемлекеттік қүрылымның кез келген түрінің негізі үш
бөліктен түрады дейді: біріншісі - мемлекеттің ісін қарастыратын заң
шығарушы-кеңесші орган; екіншісі - қызметтік, яғни мемлекеттік қызметтер
және олардың орнын ауыстыру әдістері; үшінші - сот органдары.
Билік бөлінісі алғаш рет жаңа заманның ұлы ғалымдары Джон Локк пен
Шарль Луи монтескьенің еңбектерінде көрініс тапты. Мсыалы, Монтескьенің
айтуы бойынша, билікті бөлудегі басты мақсат билік мұрсатын теіс
пайдалануға жол бермеу болып табылады. Бұл үшін елдегі әр түрлі биліктер
бір-біріне қолдау көрсетіп отырғаны дұрыс деп есептейді.
Монтескьенің пікірінше, егер елде билік бөлінісі болып және ол
биліктер бір-бірін қиянат етуден қорғауда қолдап отыратын болса, мұндай
мемлекетте адам өзінің құқығы мен бостандығы қорғалатындығына сенімді бола
алады.
Билік бөлінісі теориясының классикалық нұсқасын жасауға ерекше үлес
қосқан Ш.Монтескье (1659-1753). Ол мемлекеттік биліктің үш бұтаққа:
заңшығарушы, атқарушы, сот билігіне бөлді. Бұл бұтақтардың әрқайсысы өз
өкілеттігі аясында бір-бірінен тәуелсіз болуы керек. Монтескьенің
пікірінше, биліктің бір адамның немесе бір органның қолында шоғырлануы жеке
түлға еркіндігін шектеп, қиянатқа апарады. Қазіргі кезде билік бөлінісі -
саяси өмірдің түрі ретіндегі қүқықтық мемлекет пен демократияның аса
маңызды элементтерінің бірі. [4.].
Монтескье – құқықтық мемлекеттің құрылуын азаматтық қоғамдағы саяси
бостандықтың қажеттілігі деп түсінніреді. Оның саяси бостандық идеясы,
азаматтық бостандық идеясымен байланысты және мемлекеттің азаматтарының
қауіпсіздігіне де қатысты. Қызметін пайдаланытндарды болдырмаудың жолы,
барлық адамдардың заңдарды бұлжытпай орындауының қажеттігі. Саяси бостандық
заңдылықты және қауіпсіздікті сақтау. Оған жету үшін өкіметті заң шығарушы,
орындаушы және соттыққа бөлу қажеттігі көрсетілген.Бұл идея оның саяси-
құқықтық теориясындағы маңызыдыларының бірі, кейіннен ол идеяның дұрыстығын
іс жүзінде көптеген өркениетті елдердің мемлекеттік құрылымынан көруге
мүмкіндік болды[3, 54-55 бб.].
Заң шығарушы билік халық пен арнаулы конституциялық органдардың
бақылауында болуы тиіс, осы арқылы қабылданған заңдардың Конституцияға
сәйкес елуін қамтамасыз етуге болады. Мысалы, заң шығарушы билік АҚШ-та
Жоғарғы Соттың, ГФР, Ресей Федерациясында Конституциялық соттың, Франция
мен Қазақстанда Конституциялық Кеңестің бақылауында.
Құқықтық мемлекеттегі атқарушы билік халық пен Парламент қабылдаған
заңдарды жүзеге асырушы болып табылады. Сот билігі әділеттілікті қалыпқа
келтіреді, яғни елдегі заң бұзушылыққа қатысты шешім айтуға сот билігі ғана
құқылы.
Демократия енді ғана қалыптасып келе жатқан жаңа заманда да билік
бөлінісі принципіне үлкен мән берілді. 1789 жылғы Адам және азамат құқығы
жөніндегі француз Декларациясының 16-бабында билік бөлінісі болмаған елдің
конституциясы да болмайды делінді. [5, 202 б.].
Жаңа заманның алғашқы жазба Конституциясы – 1787 жылғы АҚШ
Конституциясында билік бөліністерінің қатаң принциптері бекітілді. 1787
жылғы Конституция заң шығарушы билікті Конгреске беруді ұйғарды, ол өкілдер
палатасынан және сенаттан тұратын екі палатадан құралды. АҚШ Президенті
мемлекет пен үкімет басшысы болып жарияланды. Әйтсе де, АҚШ Президентіне
заң шығаруға бастама жасау құқығы, яғни Конгреске заң жобаларын енгізу
құқығы берілген жоқ. Құрама Штаттар Жоғарғы сотының басшылығындағы сот АҚШ-
тағы үшінші билік тармағы болып жарияланды.
1787 жылғы АҚШ Конституциясы бүгінгі күнге дейін қызмет етіп келеді.
Осы Конституция бойынша АҚШ президенті өте үлкен өкілеттіктерге ие, бірақ
ол өз өкілеттіктерін барлық уақытта заңға сәйкес атқаруы тиіс. Олай
болмаған жағдайда АҚШ Конгресі оның қызметтен кетуін талап ете алады. Бұл
ретте АҚШ Президентін қызметтен босататын импичмент деп аталатын ерекше
процедура қалыптасқан. Импичмент жағдайында Президенттің үсінен сот жұмысын
Сенат жүргізеді, ал президенттікке қарсы құқықбұзушылықты айыптау өкілдер
палатасы депутаттарының құзырына берілген.
АҚШ-та билік бөлінісі мен билік тармақтарының арасындағы тепе-теңдік
жүйесі қалыптасқандығын Конгресс қабылдаған заңдардың Құрама Штаттар
Конституциясына сәйкес келушілігін тексере алатын Жоғарғы сот қызметінен
көруге болады.
Ал, Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша мемлекеттік билік
бөлінісі 3-баптың 4 тармағында айқындалған. Мемлекеттік биліктің бірегей
жүйесі Қазақстан Рсепубликасының мемлекеттік және аумақтық тұтастығының
шешуші шарты және егемендігінің көрінісі болып табылады. Біртұтас Қазақстан
мемлекетінде мемлекеттік биліктің бірлігі жоғары органдардың: Парламенттің,
Жоғарғы Соттың, Үкіметтің бірегей жүйесі бар екендігін бідіреді. Аталаған
органдар, Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің бірегей жүйесінің
әр түрлі тармақтарын көрсете келе, әртүрлі байланыстар мен қатынастарда
бола отырып, барлығы бірге біртұтас мемлекеттің қызметін жүзеге
асырады.[6, 24-25 бб.].
Мемлекеттік биліктің бірлігі оны тік және көлбеу тармақтар ретінде
бөлу принципіне негізделген. Біртұтас Қазақстан мемлекетінде биліктің тік
бөлінуінің өкілеттікті шектеу саласында ерекшелігі бар. Заң шығару билігін
–Парламент, атқарушы билікті –Үкімет және жергілікті атқарушы органдар, сот
билігін – Жоғарғы сот және жергілікті соттар жүзеге асырады. Әрине, билік
тармақатырының бірде-біріне кірмесе де, мемлекеттік билікті Президент те
жүргізеді. Біртұтас мемлекеттік билік жүйесінде Президент ерекше орын
алады.
Биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақатары өз өкілеттігін
жүзеге асыру процесінде өзара қарым-қатынаста болады. Мұндай өзара қарым-
қатынас бастамашылық емес, қатаң құқықтық негізде атқарылады. Конституцияда
және басқа нормативтік құқықтық актілерде олардың өзара іс-әрекеттері дәл
белгіленген.
Өз өкілеттіктерін жүзеге асыру процесінде қайсы бір мемлекеттік
тармақтың биліктің конституциялық және басқа да нормативтік құқықтық
нормаларының шегінен шығып кетпеуі, басқа тармақтың өкілеттігін иеленбеуі
және айналып келгенде биліктің өктемдік жүргізбеуі үшін Конституцияда
тежемелік және тпе-теңдік жүйесі белгіленген.
Тежемелік және тепе-теңдік жүйесі – ол мемлекеттік билік
тармақтарының өз өкілеттіктері шеңберіндегі қызметін қамтамасыз ететін, оны
артық қолданғаны үшін жауаптылық көздейтін ұйымдық және құқықтық шаралар
жиынтығы.
Тежемелік – ол билік тармақтарының қызметін заң шеңберінде ұстаудың
конституциялық әдісі. Айталық, Парламент заң шығару қызметін тек
Конституцияда көрсетілген мәселелер бойынша жүзеге асыра алады.
Конституцияда көрсетілмеген басқа қоғамдық қатынастар заңға сәйкес
актілермен реттеледі. Жоғарғы Сот тек сот тәжірибесі, тағы басқа мәселелер
бойынша нормативтік қаулылар қабылдауға құқылы.
Тепе-теңдік – ол өзінің конституциялық өкілеттігін қорғау және
конституцияның бұзылуына жол бермеу үшін бір билік тармағының екінші бір
билік тармағына қарсы әрекет жасайтын конституциялық әдістері. Парламенттің
Конституцияға қайшы келетін заңдар қабылдауына қарсы әрекет қолдану үшін
Президентке тиым салу құқығы берілген. Егер Үкіметтің алдында тұрған және
басқа міндеттерге оның бағдарламасы жауап бере аламаса Парламент оны
қабылдамай тастауға құқылы.
Жаңа кезеңдегі негізгі міндет – жалпыға танылған демократиялық
құндылықтар мен өзіміздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыздың
дәстүрлері үйлесімді ұштасатын ашық, демократиялық және құқықтық
мемлекеттің негіздерін одан әрі нығайта беру.
Дамуымыздың негізгі бағыттары, ең алдымен, мыналар:
– мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өзара ықпалдастық тиімділігін
арттырып, тежемелілік пен тепе-теңдік жүйесін нығайта беру;
– биліктің өкілді органдарының өкілеттіктерін кеңейте беру.[7]
1.2 Қазақстандағы мемлекеттік билікті жүзеге асырудағы жоғарғы
органның ерекшеліктері
Билік тармақтарының бөлінуіне негізделген заманауи мемлекеттік басқару
жүйесін жасаған тарихи маңызды конституциялық және саяси реформалар
жүргіздік.[8]
1995 жылдың 30 тамызы еліміздің жаңа Конституциясының қабылданған күні
ғана емес. Осы күні бүкіл халықтық дауыс беру арқылы қабылданған
Конституция елімізде саяси, әкімшілік, экономикалық-әлеуметтік және
құқықтық реформаларды одан әрі жүргізудің аса қуатты серпінін бастап берді.
Жаңа Конституция нормаларының арқасында ғана қысқа мерзімде жас мемлекеттің
экономикасы мен саясатында, ұлтаралық келісім мен тұрақтылықта аса нәтижелі
табыстарға қол жеткізілді.
1995 жылғы Конституция елдегі жүргізілген реформаларға тың серпін қоса
отырып, нарық экономикасының талаптарына жауап бере алатын Парламент пен
атқарушы биліктің заңнамалық шеңберде жұмыс істеулері үшін тиімді
нормативті құқық базасын қамтамасыз етті. Экономиканың түпқазығы болып
табылатын меншік қатынастарына, мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншікті
де қорғауда тең жағдайда кепілдік берді.
1995 жылғы Конституцияның негізінде құқықтық реформалар жүргізіліп жаңа
заңнама – жаңартылған конституциялық құқық жасалды. Азаматтық қоғамдағы
жеке меншік қатынастарды, еркін кәсіпкерлікті реттейтін азаматтық құқық
одан әрі дамытылды. Әлемдік тәжірибеде қалыптасқан принциптерге сәйкес
азаматтық іс жүргізушілік заңдарға елеулі өзгерістер енгізіліп, Азаматтық,
Қылмыстық, Әкімшілік құқық кодекстері қабылданды.
Қазақстан халқы Конституцияға дауыс беру арқылы сол уақытта объективті
тұрғыда орныққан президенттік басқару нысанын бекемдеп берді. Қазақстан
халқының бұл таңдауы кездейсоқ емес еді. Ол алдыңғы тарихымыз бен бүгінгі
болмысымыздан, қандайда бір әлеуметтік, экономикалық дағдарыстарға немесе
биліктің әртүрлі тармақтары арасындағы алауыздыққа байланысты
ауытқушылықтарға жол бермейтін қуатты топтасқан билік жүйесінің
қажеттілігінен туындады.
Конституцияда маңызды көрініс тапқан жағдай – Қазақстанның президенттік
республика болып жариялануы болды. Өйткені, президенттік республика
түріндегі мемлекеттік құрылыс барынша икемді нысан болып табылады. Бұл
нысан Президенттің, Парламент пен Үкіметтің өкілеттіліктерін нақты
үйлестіруді көздейді, іс жүзінде билікті заң шығарушы, атқарушы және сот
тармақтарына бөлетін классикалық қағиданы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бұл жағдайда бүкіл халық сайлаған Президент Конституцияны сақтаудың кепілі
бола отырып, биліктің барлық тармақтарының және олардың халық алдындағы
жауапкершілігін қамтамасыз етеді, ұйымдастырушысы және төрешісі бола алады.
Мемлекет басшысы ел саясатының негізгі бағыттарын айқындайды, билік пен
оның рөлін және Конституцияны адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығын
сақтаудың кепілді рөлін атқаруына, биліктің барлық тармақтарының және бүкіл
мемлекеттік организмнің үйлесімді және жемісті міндет атқаруын қамтамасыз
етуге көмектесетін органдар құрады. Қазақстан Президентінің өкілеттілігі
шексіз емес. Сол сияқты, өкімет билігін асыра пайдалануға мүмкіндік
бермейтін шектеулер мен кедергілер жүйесі оған да қолданылатын еді.
Конституцияның 3-ші бабында көрсетілген мемлекеттік биліктің біртұтастығы
және оның тармақтарға бөлінуі туралы принцип те ұзаққа созылған
пікірталастың нысанына айналды. Бұрынғы Конституцияда, кейбір батыс
елдерінің тәжірибесіне орай, сол биліктің өзін бөлу туралы әңгіме
көтерілген-ді. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, Қазақстан жағдайында бұл шешім
әртүрлі мемлекеттік институттар арасындағы қақтығыстардың тууына, әрбір
“билік” өздерін бір-бірінен тәуелсізбіз деп есептейтін қателерге
ұрындыратын еді. [9]
Жаңа Конституцияда біртұтас мемлекеттік биліктің үш тармаққа бөлінуінің
тетіктері қарастырылған. Ал мұның өзі, бір жағынан, олардың тығыз
ынтымақтасып қызмет жасау мүмкіндіктеріне, ал екінші жағынан, өзара бірін-
бірі шектеп отыруына, Конституцияда және заңдарда көрсетілген құзыреттеріне
араласпауына бағдарланды.
Мемлекет басшысы мемлекеттік органдар жүйесінде ең жоғарғы орын алатын
лауазымды тұлға. Әр елдің конституцияларындағы ерекшеліктерге байланысты
мемлекет басшысы кейбір елдерде қандайда бір билік тармағына кірмейді
немесе атқарушы және заң шығарушы билік тармағына жатады, ал кейбір
жағдайларда тек атқару билігіне ғана жатады. Сондықтан мемлекет нысанын
анықтауда жоғары мемлекеттік органдар жүйесіндегі мемлекет басшысының
мәртебесіне басты анықтауышы болып табылады.
ҚР Президенті мемлекеттік билік тармақтарының келісімді қызметін және
олардың халық алдындағы жауаптылығын қамтамасыз етеді[10]. Біздің
мемлекетіміздегі президенттік биліктің ерекшелігі осы нормамен белгіленген,
яғни, президент тек атқару билігінің басшысы емес, үш билік тармағының
үйлесімді қызметінің кепілі ретінде танылған.
Осыған байланысты алдымен мемлекет басшысы ұғымының түсінігі мен оның
билік жүйесіндегі алатын орнын анықтап алсақ. Билік бөлінісі пайда бола
бастаған уақыттан бастап – ақ мемлекет басшысы атқарушы билікті өзінде
қалдырып отырады. Сондықтан мұндай шешімнің Америка Құрама Штаттары
Конституциясында белгіленуі кездейсоқ емес. Ал кейінірек парламенттік
басқару нысаны пайда болған елдерге де мемлекет басшысы институты атқару
билігіне қарай икемделеді.
Кез келген басқару жүйесін құру кезінде оның құрылымы оның
функцияларына қарай анықталуы қажет. Ал мемлекеттік басқару функциясы
жүйесінде мемлекеттің жоғары үкіметі деген ұғым бар. Ол салыстырмалы түрде
алғанда тұрақты шеңберден тұратын әртүрлі өкіметтіліктерден көрінуі мүмкін.
Осы функция ерекше органға немесе басқа бір органның құзыретіне беріледі -
бұл саяси таңдаудың ісі. Ал көптеген мемлекеттерде мұндай таңдау ерекше
органның пайдасына шешілген.
Сондықтан, мемлекет басшысы – бұл, елдің ішінде және сыртында оның ең
жоғарғы өкімі, сонымен қатар ұлттың, мемлекеттің (халықтың және
мемлекеттің) бірлігінің нышаны.
Басқару нысанына мемлекеттік режимге, сонымен қатар елдегі саяси
қатынастар жүйесіне байланысты оның конституциялық өкілеттіктері номинальді
немесе нақтылы, номинальді және нақтылы болуы мүмкін. Бұл өкілеттер әртүрлі
нысан қабысады, ал бірақ, қандайда бір саяси дағдарыс кезінде,
конституциялық билік және саяси күштер белгілі себептермен елді басқару
қабілетінде болмаса, мұндай жағдайдан шығу жолын анықтау үшін мемлекет
басшысы қызметі тағайындалды деп түсініледі. Сонымен қатар мемлекет
басшысының саяси рөлі кейбір конституцияларда қалыптастырылады. Мәселен
1958 жылғы Франция Республикасының Конституциясының алғашқы редакциясының 5-
бабында былайша берілген: Республика Президенті Конституцияның сақталуын
бақылайды. Өз төрелігі арқылы жария биліктің қалыпты жұмыс істеуді...
қамтамасыз етеді. Ол ұлттық тәуелсіздік, аумақтық тұтастық қоғамдық
келісімнің және халықаралық шарттардың сақталуының кепілі болып табылады.
Қазақстан Республиксының Конституциясының 40-бабында: Республика
Президенті – халық және мемлекет билік бірлігінің, Конституцияның
мызғымастығының Адам және адамзат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі
кепілі деп атап көрсетілген.
Кеңес одағы кезеңіндегі мемлекет танушыладың көзқарастары бойынша
мемлекет басшысы мемлекеттік машинаны басқарушы, конституция бойынша үлкен
әріпті өкілеттерге ие, алмастырылмайтындық, бейтараптылық сапаларға ие
ретінде қарастырылады. Мәселен белгілі Совет мемлекет танушы А.А.Мишин:
...мемлекет басшысы институты өмір сүру үшін ешқандай негіздерге ие емес
деп атап көрсетеді. Сонымен қатар ол таза буржуазиялық институт, ол өзінің
пайда болуына байланысты ерте феодальді саяси құрылым абсолютті монархия
қарыздар деп қарастырылады.[11, 35 б.].
Дегенмен, көптеген елдердің конституцияларында мемлекет басшысының рөлі
мен функциясы тіпті атап көрсетілмеген (Мысалы, Германияның Негізгі Заңы).
Бұл конституциялар мемлекет басшысының тек өкілеттерін ғана анықтаған,
соған қарамастан осылар арқылы доктриналы жолмен олардың осы мәселеге
қатысты негізгі ойын білуге болады.
Авторитарлық және тотолитарлық саяси режимдерде, әсіресе авторитарлық
елдегі диктатор әдетте елдегі билікті заңсыз басып алады да, кейіннен нақ
мемлекет басшысы лауазымын сайлау арқылы рәсімдейді: Көбіне олар билікті
әскери төңкеріс арқылы қолына алып, алдымен өкімет басшысының және
өкіметтің, тіпті кейде парламенттің функциялары мен өкілеттерін
біріктіретін арнаулы орган құрады да, оның лидері кейіннен елбасы ететін
саяси жолдарды ойластырып мемлекет басшысы болып шығады. Ондай арнаулы
саясаттың ғылымында Хунта деген атқа ие болған, ол испан тіліне
аударғанда кеңес деген мағынаны білдіреді. Өйткені өткен ғасырда мұндай
органдар Латын Америкасында көптеп құрылған еді.
Мемлекет басшысының заңдылық нысаны. Адамзат тарихында көбіне мемлекет
басшысының жеке даралық нысаны болғаны белгілі. Алғашқы кезеңдерде олар
монарттар болса, кейінірек, республикалық басқару нысаны бекітілген
мемлекеттерде мемлекет басшысы президент (төраға) болады. Кей елдерде бұл
институттың өзіндік ерекше нысандары қалыптасады. Қазіргі уақытта мынадай
нысандар бар:
Өз лауазымын мұрагерлікпен иелейтін жеке-дара монарх (мысалы,
Ұлыбритания, Жапония, Испания, Бельгия, Нидерландия, Марокко).
Билік етуші династия-отбасы мүшелері мен сайланатын жеке монарх
(Мысалы, Сауд Арабиясы).
Федеративті мемлекеттің жеке-дара монархы, ол федерация субъектілері
әмірлерімен белгілі бір мерзімге өз іштерінен сайланады (Мысалы, Малазия,
БАӘ).
Халықпен, Парламентпен немесе өкілді алқалармен белгілі бір мерзімге
сайланатын жеке-дара президент (Мысалы, Қазақстан, АҚШ, Германия, Италия,
Үндістан, Қытай).
Белгілі бір мерзімге Парламентпен сайланған арнаулы орган, мұнда, егер
мемлекет басшысы өкілеттіктердің кейін ерекше арнаулы түрде орындауға
мүмкін болмаса, оны алқа төрағасы жүзеге асырады (мысалы, Куба).
Мемлекет басшысы міндетін қоса атқаратын үкімет басшысын (мысалы,
Германия жерлерінде).
Британ доиноны мәртебесіне ие мемлекеттердегі Британ монархының өкілі,
яғни олар Британ монархын мемлекет басшысы деп таниды (Мысалы, Канада,
Австралия, Жаңа Зеландия, Барбадос).
Әдетте белгісіз мерзімге өкілеттікке ие, мемлекеттегі билікті басып
алған жеке дара немесе алқалы орган.
Енді олардың ішіндегі біздің тақырыпқа қатысты президенттік басқару
нысанына тереңірек тоқталып өтейік. Президент лауазымы алғаш рет Америка
Құрама Штаттарында пайда болды. Бүгінгі таңда Америка Құрама Штаттары
классикалық Президенттік Республика ретінде, Президент мемлекет және
атқарушы билік басшысы ретінде, қызметін жүзеге асырады.
Европада Президенттік институттың қалыптасуы 1940 жылы Германияда, 1958
жылы Францияда жүзеге асты.
Президенттік биліктің қалыптасуының негізі болған алғы шарттық
белгілері:
-Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі қозғалудағы дағдарыс
-Қоғамның психологиялық жағдайы
-Саяси тұрақтылықтың қажеттілігі
Осылардың барлығын реттеу мақсатында мемлекет басшысын қалыптастыру.
Президенттік институты сонымен қатар парламенттік республикаларда да
болуы мүмкін. Парламенттік басқару нысанында мемлекет басшысы міндетін
Президент атқарғанымен, нақтылы атқару билігі Парламент алдында есеп
беретін Үкіметте болады. Ал Президенттік Республикада Президент кең көлемді
өкілеттіліктер мен ерекше жағдайларға ие. Президенттік республика мынадай
белгілермен сипатталады:
1.Үкімет Президент алдында жауапты және оның мүшелерін тағайындайды,
босата алады;
2.Президент заңдарға ұсыныстар енгізуге құқылы, заңдарға қол қояды,
немесе оларға вето арқылы қарсылығын білдіреді;
3.Президент өз қалауы бойынша қажетті жағдайларда Заң күші бар
жарлықтар шығара алады;
4.Президент лауазымы бойынша Қарулы күштердің жоғары бас қолбасшысы
болып табылады;
5.Президент Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақыра алады, оны
таратуға құқылы және Парламенттің кезектен тыс сайлауын өткізуді
тағайындайды;
6.Президент референдум өткізу құқығына, төтенше жағдай енгізу құқығына
және әр елдің билік жүйесінің ерекшеліктеріне қарай басқада құқықтарға ие.
Бүгінгі күнде президенттік республика әлемнің көптеген елдерінде орныққан,
олардың ішінде АҚШ, Франция, Италия, Түркия, Аргентина, Мексика, Сирия,
Филиппин, Тайвань, Корея Республикасы және басқалар. Қазіргі уақытта 84
мемлекетте Президенттік басқару нысаны орнаған.
Президент 2009 жылғы 24 тамыздағы Жарлығымен бекіткен Қазақстан
Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық
саясат тұжырымдамасында мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздерін,
Отанымыздың егемендігі мен тұтастығын нығайтудағы жасалған реформалардың
рөлі атап өтілді.
Осылайша еліміздегі заңдылықтың салтанат құруы мемлекеттің әлеуметтік,
саяси және экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз етіп отырғаны тек
өзімізге ғана емес, төрткүл дүниеге мәлім. Бұл орайда, ресейлік танымал
заңгер, Ресей Федерациясы Конституциялық Сотының Төрағасы В.Д.Зорькин- нің
сөзіне құлақ қойсақ, ойластырылып жасалған, қоғам игілігіне бағытталған кез
келген реформалаудың негізінде әлеуметтік тұрақтылық жатуы тиіс. Тұрақтылық
қоғамдағы сенімнің, яғни адамдардың бір-біріне, билік органдары мен
қоғамға, мемлекеттің кепілдігіне бек сенімінде екен.
Иә, заңдылық сақталған, азаматтар заңға бойсұнған, заңды құрметтеген,
Конституцияның ережелерін нақты жүзеге асырған жағдайда ғана, берік
әлеуметтік тұрақтылық, азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарының
мызғымастығы орныға береді.
Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік жағынан
тұғыры мықты мемлекет ретінде орнығуы туралы айта отырып, президенттік
басқару нысанының ерекше маңызына тоқтала кету қажет. Конституцияда
көрсетілгендей, Президент адамның құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын,
халық пен мемлекеттік билік біртұтастығын қамтамасыз етуші саяси күш,
мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісіп жұмыс істеуінің және
олардың халық алдындағы жауапкершілігінің кепілі.
Тәуелсіздігімізді баянды етіп, ұлт пен этнос арасына дәнекер болып келе
жатқан Ата Заң президенттік басқару нысанын бекемдеп, мемлекеттің он бес
жыл ішіндегі тұрақты әрі дағдарыссыз дамуын қамтамасыз етті. Бұл жерде
ұлттық құқықтық жүйені сипаттайтын бірнеше маңызды жәйттерге баса ден қою
қажет. Біріншіден, қазақстандық модель егемендік жағдайында дамудың алғашқы
жылдарындағы өз тәжірибесі мен өзге елдердің озық үрдісі, үйренер сабағы
ескеріле отырып жасалды. Екіншіден, бұл модель бірден емес, қоғамның жай-
күйіне қарай бірте-бірте ілгері қадам жасауға негіз болды. Бұл мемлекеттік
құрылымдардың өз өкілеттігі мен қызмет атқару нысандарына сәйкес
стратегиялық міндеттерді бірлесіп шешуді қамтамасыз етеді. Үшіншіден,
президенттік басқару нысаны мемлекеттік органдардың өзара ішкі
байланыстарымен ғана шектелмей, сонымен қатар азаматтар және мемлекеттік
емес ұйымдармен қарым-қатынасымен ерекшеленеді. Төртіншіден, маңыздылығы
жағынан бірінші десек те болар, президенттік басқару нысаны Конституцияның
идеялары мен қағидаттарына, сондай-ақ ел Президентінің бастамаларына сәйкес
дәйектілікпен қарқынды дамып отыр.
Алайда толыққанды Президенттік билік елде оңай және тез арада
қалыптаса қалған жоқ. Қазақстандағы Президенттік билік өзіне тән
ерекшеліктегі даму жолынан өтті. Президенттік биліктің даму диалектикасы
социалистік қоғамнан шығып, капиталистік қатынастарға енген
Қазақстан қоғамының даму диалектикасына тікелей тәуелді болды. Өтпелі
кезеңнің қайшылықтары мен қиыншылықтарын ең алдымен басқарушы билік сезінді
және елдің ресурстарын осы қиыншылықтарды жеңуге жұмсауға тырысты.
Президент Қазақстан халқын ортақ қиыншылықтар мен қайшылықтарды шешуге
жүмылдырушы, ұйымдастырушы фигураға айналды. Ел халқыъның Президент билігі
мен саясатының төңірегінде топтасуының игілікті шаралары басталды. Бүгін
Қазақстан президенттік билік басқаруымен қалыпты және тұрақты дамудың
эволюциялық жолына түсті деп батыл айта аламыз. Қалыпты дамудың түпкілікті
нәтижесі Қазақстаның бәсекеге қабілетті 50 ел қатарынан нақты орын алуына,
өркениетті ел сапаларына жетуі болмақ.[12, 12-17 бб.].
Қазақстан Президентінің мемлекет органдарындағы ерекше орны оның
Конституциядағы 40 бапта көрсетілген конституциялық құқықтық мәртебесінен
көрінеді: Республика Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi
және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және
халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары
лауазымды тұлға.
Конституцияда Республика Президентiнің - халық пен мемлекеттiк билiк
бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымас тығының, адам және азамат құқықтары мен
бостандықтарының нышаны әрi кепiлi болатындығын бекіткен.
Президент мемлекеттiк билiктiң үш тармағының, яғни заң шығару, атқару
және сот билігінің келiсiп жұмыс iстеуiн және билік органдарының халық
алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi. Мемлекеттік биліктің үш
тармағына сәйкес Қазақстан Президентінің өкілеттіктеріне тоқталайық.
Заң шығару билігін жүзеге асыратын Парламентке қатысты өкiлеттiгi
Республика Президентi:
1) Парламентке және оның Палатасына кезектi және кезектен тыс
сайлау тағайындайды;
2) қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін
қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, Сенаттың он бес депутатын
тағайындайды. Сенаттың тағайындалатын мүшелері өкілеттіктерінен айырылған
немесе олардың өкілеттіктері тоқтатылған жағдайда бір ай мерзімде шығып
қалғандардың орнына Сенат депутаттарын тағайындайды;
3) сайлау нәтижелерi жариялаған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей
Парламенттiң бiрiншi сессиясын шақырады;
4) Парламент депутаттарының Қазақстан халқына беретiн антын қабыл-
дайды;
5) Парламент Сенатының Төрағасы лауазымына кандидатура ұсынады;
6) әдетте, Парламент сессияларын ашады;
7) Парламент сессиялары аралығындағы кезеңде өз бастамасымен, палаталар
төрағаларының немесе Парламент депутаттары жалпы санының кемінде үштен
бірінің ұсынысымен Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақыра алады, онда
сессияны шақыруға негіз болған мәселелер ғана қаралады;
8) Парламент Сенаты ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды
халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан
талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады; егер Парламент Конституцияның 54-
бабы 2-тармағының 2) тармақшасында белгіленген талаптарды сақтай отырып,
бұрын қабылданған шешімді растайтын болса, бір ай ішінде заңға қол қояды;
9) Парламенттiң қарауына Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар
енгiзу туралы жоба беруге хақылы;
9-1) заң шығару бастамасы тәртібімен Парламент Мәжілісінің қарауына
заңнамалық актілер жобаларын өзінің арнайы жолдауымен енгізеді;
10) заң жобаларын қараудың басымдығын белгiлеуге, сондай-ақ заң жобасын
қарауды шұғыл деп жариялауға, яғни Парламенттiң осы жобаны оның енгiзiлген
күнiнен бастап бiр ай iшiнде қарауға мiндеттi екендiгiн бiлдiретiн ұсыныс
енгiзуге құқығы бар. Осы талапты Парламент орындамаған жағдайда Республика
Президентi Заң күшi бар, Конституцияда белгiленген тәртiппен Парламент жаңа
Заң қабылданғанға дейiн күшi болатын жарлық шығаруға хақылы;
11) Парламент Палаталарының кез келген бiрлескен отырыстарына немесе оның
Палаталарының бөлек отырыстарына қатысуға және сөз сөйлеуге құқығы бар;
12) Үкiмет мүшесi заңдарды орындамаған жағдайда Сенат немесе Мәжiлiс
Конституцияда көзделген тәртiппен қабылдаған Парламент Сенатының немесе
Мәжiлiсiнiң оны қызметiнен босату жайындағы өтiнiшiн қарайды, сондай-ақ
Парламенттiң тиiстi Палатасы Палата депутаттары жалпы санының көпшiлiк
даусымен Республика Президентiне Yкiметтiң осы мүшесiн қызметiнен босату
туралы алғаш өтiнiш берген күннен бастап алты ай өткен соң ол туралы
қайталап мәселе қойса, Yкіметтiң ол мүшесiн қызметiнен босатады;
13) Конституцияда көзделген тәртіппен Парламентті немесе Парламент
Мәжілісін тарата алады.
Қазақстанның атқару билігін жүзеге асыратын Үкiметке қатысты өкiлеттiгi
Республика Президентi:
1) Парламент Мәжілісінің келiсiмiмен Республиканың Премьер-Министрiн
қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады;
2) Премьер-Министрді тағайындағаннан кейінгі он күн мерзім ішінде оның
енгізген ұсынысы бойынша Үкімет құрылымын айқындайды, Республиканың Үкімет
құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, таратады және қайта
құрады, Үкімет мүшелерін қызметке тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс,
ішкі істер, әділет министрлерін қызметке тағайындайды; Үкімет мүшелерін
қызметтен босатады;
3) Үкiмет мүшелерiнiң антын қабылдайды;
4) жүйелi түрде Премьер-Министрдiң Үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары
туралы және оның барлық маңызды шешiмдерi туралы баяндамасын тыңдайды, оның
барысында Премьер-Министр Үкiмет жұмысы туралы есеп бередi;
5) Премьер-Министрдiң ұсынысы бойынша Республиканың мемлекеттiк бюджетi
есебiнен ұсталатын барлық органдар үшiн қаржыландыру мен қызметкерлердiң
еңбегiне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiн бекiтедi;
6) аса маңызды мәселелер бойынша Үкiмет отырыстарына төрағалық
етедi;
7) Үкiметке Парламент Мәжiлiсiне заң жобасын енгiзудi тапсырады;
8) Республика Үкіметі мен Премьер-Министрі актiлерiнiң күшiн жояды
не толық немесе iшiнара тоқтата тұрады;
9) егер Үкiмет пен оның кез келген мүшесi өздерiне жүктелген
мiндеттердi одан әрi жүзеге асыруы мүмкiн емес деп санаса немесе егер
Парламент Мәжілісі не Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiрсе, олар
мәлiмдеген орнынан түсуi туралы, сондай-ақ Үкiмет жүргiзiп отырған
саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған Үкiмет мүшесi мәлiмдеген
орнынан түсуi туралы шешiмдi қабылдайды;
10) Үкiмет немесе оның кез келген мүшесi мәлiмдеген орнынан түсудi он
күн мерзiм iшінде қабылдайды немесе қабылдамай тастайды;
11) Үкiметтiң немесе оның мүшесiнiң орнынан түсуiн қабылдамай тастаған
ретте оларға өз мiндетiн одан әрi жүзеге асыруды тапсырады;
12) өз бастамасы бойынша Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату, Премьер-Министр
мен Үкiметтiң кез келген мүшесiн қызметтен босату туралы
шешiм қабылдауға хақылы;
13) өз актiлерiмен Үкiметке Республика Конституциясы мен заңдарында
белгiленгеннен басқа атқару мiндеттерiн жүзеге асыруды жүктеуге хақылы;
14) Республика Үкiметiне заң шығару тапсырмаларын бередi.
Республика Президентiнiң Конституциялық Кеңеске қатысты өкiлеттiгi
Республика Президентi:
1) Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен екi мүшесiн
қызметке тағайындайды, конституциялық заңға сәйкес оларды мерзiмiнен бұрын
қызметтен босатуға хақылы;
2) Республика Конституциясының 72-бабы нда көзделген жағдайларда
Конституциялық Кеңеске өтiнiш білдіредi;
3) Конституциялық Кеңестiң шешiмiне толық немесе оның бiр бөлiгiнде
қарсылықтар енгiзедi.
Республика Президентiнiң соттарға және судьяларға қатысты өкiлеттігі
Республика Президенті:
1) Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесін негізге ала отырып, Республика
Жоғарғы Сотының Төрағасын және судьяларын қызметке сайлау және қызметтен
босату үшін Парламент Сенатына ұсынады;
2) Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша жергілікті және басқа да
соттардың төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындайды және қызметтен
босатады.
Республика Президентiнiң әкiмдерге қатысты өкiлеттiгi
Республика Президентi:
1) облыстардың, республикалық маңызы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz