Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығы


Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ: МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: КІРІСПЕ
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: 1. 1
Сақтандырудың экономикалық мәні, мазмұны, тарихи даму аспектісі
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: 1. 2
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының нысандары және ұйымдастыру ерекшеліктері
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: 1. 3
Сақтандыру нарығын дамытудың шетелдік тәжірибесі
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: 2. 1
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының жай-күйін және даму беталысын талдау
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: 2. 2
Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдарынның инвестициялық портфелі және сақтандыру сыйақылары мен төлемдерін бағалау
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: 3. 1
Қазақстан Республикасындағы сақтандыруды қадағалау тиімділігін дамыту және жоғарылату
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: 3. 2
Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметінің реттеуін жетілдіру жолдары
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: ҚОРЫТЫНДЫ
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Мемлекеттің дұрыс бағытта дамуының қажетті шарты болып нарықтық қатынастар жағдайында қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету табылады. Нарықтық қатынастардың дамуымен мемлекет қолайсыз оқиғалар, стихиялық апаттар және алапаттардан шаруашылық субъектілір мен азаматтар зиян шеккен үшін шығындарын қайтару жауапкершілігінен бас тарта бастады. Нарықтық қатынастар үрдісінде пайда болған шығындарды қайтаруға мүмкіндік беретін құралды сақтандыру деп айтамыз.

Сақтандыру - бұл заңды және жеке тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғауға бағытталған, сонымен қатар кәсіпкерлік қауіпсіздігі мен даму тұрақтылығын қамтамасыз ететін тәуекелдерді басқару әдістерінің бірі [1] . Сақтандыру тәуекелдердің қайта бөлістірілуіне ықпал ете отырып, экономиканың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осыдан шығатыны, ұлттық сақтандыру жүйесінің даму саясаты нарық инфрақұрылымын құруда басты стратегиялық мәселелердің бірі болып табылады.

Қазіргі заманғы отандық сақтандыру теориясы мен тәжірибесінде сақтандыру нарығын жетілдіру мәселесі ең өзекті проблемалардың бірі. Оны зерттеудің маңыздылығы, бұл жүйенің әлі де толық қалыптаспағандығымен байланысты, яғни сақтандыру нарығының жағдайы өзгереді, нормативтік сақтандыру базасы әр дайым өзгеріп жетілдіріледі, мемлекеттік реттеуші органдарының қызметі өзгереді.

Сақтандыру нарығын жетілдіру жүйесінің тұрақсыздығы сақтандыру нарығының ішкі факторларына ғана байланысты емес. Бұл жүйенің тұрақсыздығы жалпылама экономика проблемасының және макроэкономикалық үдерістерінің тікелей салдары, сонымен қатар халықаралық интеграциялық тенденциялардың даму шарты болып табылады.

Қазiргi таңдағы қазақстандық сақтандыру ғылымы алдында отандық сақтандыру нарығын дамыту мәселесі, әсiресе нарықтық экономикаға көшу кезеңінде мiндетi тұр.

Қазақстанда өндiрiстiк және өндiрiстiк емес салалардың байланыс деңгейiнде сақтандырудың потенциалды рөлi жоғары. Бiрақ, сақтандыру резервтерiнің жеткiлiксiздiгi стихиялық апат, авария немесе техногендi алапат болған жағдайда өнiмдi тұтыну, жинақтау және бөлістіру жоспарларлаларының бұзылуына әкеледi. Сондықтан, нарықтық экономикада халық шаруашылығы кешенін жандандыру жүрiп жатқанда, сақтандыру, елдің тағдырын анықтауда негiзгi экономикалық мiндеттердi шешуде шетте қалмауы тиiс.

Өкiнiшке орай, кейбiр сақтандыру компанияларына жабайы нарық рецидивтерi кедергi жасайды. Сақтандыру қызметі мамандарының бiлiктiлiгiнiң төмендiгi, сақтандырудың теориялық және тәжірибелік сұрақтарда жақсы бағыт ала алмайтындығы байқалады.

Бүгінде өңірлік сақтандыру нарығын жүйелі ұйымдастыруға және дамытуға бағытталған теориялық және әдістемелік тәсілдер мен оларды іс-жүзінде қолдану жөніндегі ұсыныстардың әзірге жеткіліксіз екендігін айта кеткен жөн. Содан болар, мұндай құбылыстар осы тақырыптың өзектілігін күшейте отырып, оны негізгі зерттеу нысанына айналдырып отыр.

Зерттеу мақсаты мен міндеттері. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығын жетілдіру жүйесін жан-жақты, кешенді түрде қарастыру, сонымен қатар сақтандыру қызметін ұйымдастыру жүйесін қалыптастырудың теориялық және әдістемелік тәсілдерін негіздеу мен осыған қатысты ұсыныстарды дайындау диплом жұмысының басты мақсатын құрайды.

Зерттеу мақсатына сәйкес төмендегідей міндеттер қойылды:

- сақтандыру нарығының түсінігі мен мәнін ашу;

- нарықтық қатынастар жүйесінде сақтандыру нарығының рөлін анықтау, қазіргі дамыған сақтандыру нарықтарына тән негізгі ерекшеліктерді қарастыру;

- Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының қызметіне талдау жасау;

- сақтандыру нарығының қызметін ұйымдастыру жүйесінің мәні нақтыланып, оның құрылуына септігін тигізетін қағидалар мен факторлар айқындау;

- өңірлік деңгейде сақтандыру нарығын жетілдіру жүйесін қалыптастыру ерекшеліктерін анықтау;

- сақтандыру нарығын дамыту мен реттеудің ұйымдастырушылық-экономикалық тетігін жетілдірудің негізгі бағыттарын көрсету;

- сақтандыру нарығының қызметін ұйымдастырудың негізгі тиімділік көрсеткіштерін белгілеу;

- сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеудің отандық жүйесін мүмкін болатын жетілдіру жолдарын анықтау.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Сақтандыру нарығының мәні мен мазмұнын ашуға және оның нарық жағдайы мен саласын қайта құру кезіндегі ерекшеліктері мен заңдылықтарын көрсетуге бағытталған теориялық және әдістемелік ережелер, сондай-ақ, сақтандыру нарығын ұйымдастыру, реттеу және қадағалау мәселелері Ш. Р. Агеев, А. И. Балабанов, М. И. Басаков, В. С. Белых, В. А. Бубнов, Н. Б. Грищенко, В. И. Еременко, С. В. Ермасов, Ю. М. Журавлев, А. В. Кашин, М. А. Климова, Е. В. Протас, В. Д. Роик, В. И. Рябикин, Н. П. Сахирова, Л. Г. Скамай сынды бірқатар ғалымдардың еңбектерінде мазмұндалған.

Дегенмен, шаруашылық жағдайының өңірлік деңгейде өзгеріске ұшырауына байланысты туындаған, сақтандыру нарығын жетілдіру және сақтандыру қызметін ұйымдастыру жүйесін қалыптастырудың көптеген аспектілері бүгінде теориялық-әдістемелік тәсілдердің одан әрі нақтылануын және ғылыми дәйекті ұсыныстардың әзірленуін талап етеді. Сондай-ақ, сақтандыру нарығын жетілдіру жүйесінің тиімділік көрсеткіштерін негіздеуді және сақтандыру нарығының іс-әрекетін ұйымдастырудың ұйымдастырушылық-экономикалық тетігі мен ұйымдық құрылымдарын құру мен жетілдіруді қажетсінеді.

Өңірлік деңгейде сақтандыру нарығын дамыту мен жетілдірудің ғылыми дәйекті жүйесін қалыптастырудың теориялық-әдістемелік және тәжірибелік мәселелерінің жиынтығы зерттеу пәнін құрайды.

Зерттеу объектісі ретінде Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы болып табылады.

Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде экономикалық ғылым саласындағы жетекші мамандар мен отандық және шетелдік ғалым экономистердің сақтандыру нарығын дамытуға арналған еңбектері қарастырылған. Диплом жұмысында Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Қазақстан облысы ұйымдарының заңнамалық актілері мен өзге де нормативті-құқықтық құжаттары, Ұлттық Банктің және Сақтандыру компаниялардың статистикалық қорытынды есептері мен мәліметтері, ғылыми ұйымдардың деректері мен зерттеу нәтижелері пайдаланылған.

Жұмыстың тәжірибелік (қолданыстағы) маңызы. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын дамытудың өңірлік ерекшеліктерін талдау нәтижелері сақтандыру нарығын реттеудің басым бағыттарын анықтауға және жетілдіру жүйесін қалыптастыруға елеулі септігін тигізеді. Ал, бұл өз кезегінде нарықтық ахуалды ескере отырып, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстарды қаржыландырудың дұрыстығын дәйектеуге және оларды қолданысқа енгізуден күтілетін оң экономикалық нәтижелерді бағалауға мүмкіндік береді.

Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, 8 кестеден және 27 пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

  1. САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Сақтандырудың экономикалық мәні, мазмұны, тарихи даму аспектісі

Ежелгi тұрмыс уақытысынан бастап, адамзат мүлiкке ие бола бастаған уақыттан, ол оны ұрлау, өрттену қаупi, жол апаты, су тасқыны және басқа да кездейсоқ апаттар мен жағдайлардан сақтану жайлы ойлай бастады.

Өндiргiш күштер дамыған сайын және материалдық байлық жинақталған сайын өндiрiстiк қоғамда әр меншiк иесiнде өз мүлкi үшiн сабырсыздық және тәуекелдiлік факторлары белең ала бастады.

Өмiрлiк тәжiрибе көрсеткенде, алапат құбылыс кезiнде үлкен аймақтық өзiнде шаруашылықтың барлығы шығынға ұшырамайды, және алапат құбылыс - сирек кездесетiн құбылыс. Бұл жағдай жеке материалдық немесе ақшалай резерв құру емес, жинақтау жасау, бiрақ қоғамдық кассаға қатысушылар көп болған сайын, әр қайсысына аз бөлiгi берiледi.

Осылай, адамдар қоғамында бiрiккен тiзбектелген жинақтау тұтыну негiзiнде қоғамдық қатынастың жаңа категориясы сақтандыру деп аталатын, алғашқы мағынасы қорқыныш сөзiнен алынған.

Сақтандырудың алғашқы түрi натуралды сақтандыру қорлары: бидай, фураж, тағы басқа өнiмдер және әр жақтан натуралдық жарна ретiнде алынған материалдардан құрылған қор.

Бiрақ тауарлы-ақшалай қатынастар дамыған сайын сақтандырудың бұл түрi шығынды жабу мүмкiндiктерiн қанағаттандыра алмады. Сондықтан уақыт өткен сайын натуралды түрi бiртектi қорлар көлемiнде ғана қолданыла бастады және ақшалай түрде ауыса бастады.

Сақтандырудың ақшалай түрi прогрессивтi, ыңғайлы және жұмсақ болып, алғашқыда өзара сақтандыруда, одан кейiн қатысушылар өзара шығындарын ақшамен жаба бастады.

XVII ғасырдың басында нарықтық қатынастар дамыған сайын алдыңғы қатарлы елдерде, қаржылық және несиелік-банктiк жүйе дамып және бекiген сайын өзара сақтандыру жеке сақтандыруға өттi, бизнестiң жеке дамыған түрi ретiнде, арнаулы сақтандыру кәсiпорындары ретiнде қалыптаса бастады.

Сол уақыттан бастап сақтандыру жайлы ғылым пайда болып, дами бастады.

Отандық сақтандыру ғылымы жиырмасыншы жылдан бастап өсiп және мемлекеттiк сақтандыруды дамытумен, оның қоғамдық өндiрiс үдерісінің дамуына қатынасы, ұлттық кiрiстi бөлу, халықтық материалдық жағдайымен айналыса бастады.

Қазақстандық сақтандыру нарығы мемлекетiк сақтандыру жүйесi, 90 жылы түпкiлiктi өзгерiске ұшыраған монополия базасы негiзiнде құрылды. Отандық нарық дамыған сайын монополиялардан арыла бастады. Тәжiрибеде жаңа сақтандыру түрлерiнің еңгiзiлуi сақтандырушылар алдында жауапкершiлiктi күшейттi.

Дамыған елдерде сақтандыру экономиканың стратегиялық секторларының бiрi болып табылады. Мүлкi немесе кiрiсi жоғалғанда, шығынды жабуға кепiлдiк бере отырып, адамдарды қорғау арқылы, қоғамда сақтандыру әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етедi. Сақтандыру компанияларының резервтерi өндiрiстiк және өндiрiстiк емес сфералардың салаларында инвестицияның тиiмдi көзi болып есептеледi.

Ірi көлемдi табиғи немесе техногендi үлкен көлемдi алапаттар кезiңде шаруашылық субъектiлерiнiң бұзылуы әсерiнен адамдар өмiрiне қауіп төнеді. Сақтандыру жүйесi арқылы оның макроэкономикалық жағдайға деген әсерiн бiлуге болады.

Сақтандыру нарығы - сұраныс пен ұсыныс қалыптасатын, сату-сатып алу обьектiсi ретiнде сақтандыру қорғанысы есептелетiн, экономикалық қатынастың арнайы саласы, ерекше әлеуметтiк-экономикалық сала. Сақтандыру нарығы дамуының объективтi негiзi - алдын-ала ойламаған жағдайлардан зардап шеккендерге ақшалай көмек көрсету жолымен өндiрiс үдерісін үздiксiз қамтамасыз ету [2] . Сақтандыру нарығы сақтандыру қоры қалыптасып және бөлiнетiн қоғамды сақтандыру арқылы қорғаудың ақшалай қатынастарын ұйымдастыру түрi.

Сақтандыру нарығының мiндеттi шарты сақтандыру қызметiне қоғамдық тұтыну және оны қанағаттандыратын сақтандырушылардың болуы. Отандық экономиканың нарыққа көшуi сақтандырушының экономикалық қатынастар жүйесiндегi орнын және маңызын өзгертедi. Сақтандыру компаниялары шаруашылық өмiрдiң тең құқылы субъектiлерiне айналады.

Реттеушi сақтандыру нарығы әртүрлi құрылымдық бөлiмдерден тұратын күрделi, интеграциялық жүйе болып табылады. Сақтандыру нарығының алғашқы звеносы - сақтандыру қоғамы немесе сақтандыру компаниясы. Осы жерде сақтандыру қорының қалыптасуы және қолданылуы, экономикалық қатынастардың қалыптасуы, жеке, топталған, коллективтi ойлардың байланысы жүргiзiлдi.

Сақтандыру компаниясы - сақтандыру келiсiм-шарты және оған қызмет көрсету жөнiнде шешiм қабылдайтын, тарихи анықталған сақтандыру қорының қоғамдық түрi. Сақтандыру компаниясына техникалық ұйымдастырылуының жеке даралығы тән. Сақтандыру компаниясының экономикалық ерекшелiгi оның ресурстарының толық даралығымен сипатталады. Сақтандыру компаниялар басқа сақтандырушылармен қайта сақтандыру арқылы қарым-қатынас жасайды.

Нарықтық экономика өз азаматтарын ерiктi түрде таңдауға негiзделген. Әр азамат өз қалауымен шешедi. Адам өз кiрiсiн өз еркiмен жұмсауға болады, бiр бөлiгiн тұтынуға, қаншасын жинақтауға бағыттауға құқылы. Адамдарға өз еркiмен кiммен келiсем десе де еркiндiк берiлген. Осының барлығын сақтандыру нарығы, кең көлемде сақтандыру қызметiн ұсына отырып ескередi.

Нарықтық экономикадағы сұраныс пен ұсыныстың еркiн ойыны әлеуетті сақтандырушыға қажеттi сақтандыру қызметiнiң шығуына әкеледi. Сақтандырушылар арасында сақтандыру қызметiне қойылатын баға еркiн бағаның қалыптасуына бәсекелестiк туғызады. Экономикалық бәсекелестiкте сақтандыру нарығы реттеушi қызмет атқарады. Бiрақ бәсекелестiк сақтандыру нарығында табысқа әкелмейдi.

Андеррайтер сақтандыру полисiн толтыра отырып қабылдайтын шешiм, қоғамдық тәжiрибемен бекiтiлiп, күтуге негiзделген. Нарықтық экономикада сақтандырушы өз сақтандыру қорындағы ресурстарды пайдалануға тiкелей байланысты. Сақтандырушы кәсiпкер рөлiнде шыға отырып, жауапты тұлға болып есептеледi, себебi кәсiпорынның iсiне жауап беретiн болғандықтан, заңға сәйкес жауапкершiлiк жүктеледi.

Кең көлемде сақтандыру нарығы сақтандыру өнiмiн сату-сатып алумен айналысатын экономикалық қарым-қатынас жиынтығы. Нарық сақтандырушы мен сақтанушы арасында органикалық байланысты қамтамасыз етедi. Бұл жерде сақтандыру қызметiн қоғамдық тану жүргiзiледi. Сақтандыру нарығы тауар шаруашылығында қалыптасады және оның бөлiнбейтiн маңызды элементi болып есептеледi. Оның шығу шарты қоғамдық еңбектi бөлу және әртүрлi меншiк иелерiнiң болуы. Берiлген шарттар - нарықтық қатынастар дамуының дәрежесiн анықтайды. Сақтандыру нарығы нарықтық қатынастардың субъектiлерiнiң өз бетiнше болуын қалайды, олар сақтандыру қызметiнiң сату-сатып алу партнерларын тең, көлденең және тiкелей байланыстардың жүйелерiнiң дамуын қамтамасыз етедi.

Сақтандыру қызметiн мемлекеттiк реттеу элементi келiсiм, келiсiлген жағдайларды және бәсекелестiктi шектеу мақсатында сақтандыру компанияларының нарықты бөлу әрекеттерiн тоқтату.

Сақтандыру нарығының құрылымы институционалды және территориалды аспектiлердi сипаттайды.

Институционалды аспектi акционерлiк, корпоративтiк, өзара және мемлекеттiк сақтандыру компаниялары түрiнде көрсетiледi. Территориалды аспектiленген жергiлiктi сақтандыру нарығы ұлттық және әлемдiк сақтандыру нарығы болып бөлiнедi. Нарықтық қатынастардың дамуы аймақтық шектеулердi қоғамдық-экономикалық үдеріс жолында болдырмау, интеграциялық үдерісті күшейту ұлттық сақтандыру нарығын әлемдiк деңгейге көтеруге әкеледi. Осындай интеграция мысалы ретiнде жалпы -европалық сақтандыру нарығының құрылуын айтуға болады.

Сұраныс пен ұсыныс көлемiне қарай сақтандыру қызметiн iшкi, сыртқы және халықаралық сақтандыру нарығы деп бөлуге болады [3] .

Ішкi сақтандыру нарығы - белгiлi сақтандырушыны қанағаттандыруға бағытталған сақтандыру қызметiне сұраныс бар жергiлiктi нарық.

Сыртқы сақтандыру нарығы - iшкi нарықтың сыртында орналасқан аралас сақтандыру компанияларына қызмет көрсететiн нарық.

Әлемдiк сақтандыру нарығы - әлемдiк шаруашылыққа қызмет көрсететiн сұраныс пен ұсыныс.

Салалық белгiсiне қарай нарық: жеке сақтандыру, мүлiктiк сақтандыру жауапкершiлiктi сақтандыру, экономикалық тәуекелдiлiктi сақтандыру болып бөлiнедi.

Сақтандыру нарығының қатысушылары болып сатушылар, сатып алушылар және делдалдар, ассоциациялар есептеледi. Сатушылар категориясын сақтандыру компаниялары құрайды. Сатып алушылар ретiнде сақтандырушы - жеке және заңды тұлғалар шыға алады. Сатушы мен сатып алушы арасында делдал ретiнде сақтандыру агенттерi және сақтандыру брокерлерi шыға алады.

Сақтандыру нарығының арнайы тауары - сақтандыру қызметi. Ол келiсiм-шарт негiзiнде заңды немесе жеке тұлғаға ұсынылуы мүмкiн. Егер қоғамдық позициядан сақтандыру арқылы қорғау қажет болса, сақтандыру мiндеттi түрде болады.

Қазiргi таңда сақтандыру қызметiнде электронды және автоматтандыру сақтандыру саласында кең қолдануына байланысты өзгерiстер болуда.

Әлемдiк тәжiрибеде сақтандыру екi бағытқа: арнайы және әмбебап қызмет болып дамуда.

Ішкi жүйеге сақтандыру компаниялардың нарықтық жүйе өзегін құрайтын басқарушылық айнымалылары жатады. Осы сақтандыру компаниялармен басқарылатын айнымалылардың негiзгiлерi: сақтандыру өнiмдерi, сақтандыру полюстерiн сатуды ұйымдастыру жүйесi, сұраныстың қалыптасуы, тарифтер жүйесiнiң икемдiлiгi, сақтандырушының жеке инфрақұрылымы.

Сонымен бiрге iшкi жүйеге нарықты жаулап алу мақсатына жетуге бағытталған сақтандырушымен басқарылатын айнымалылар нарықтық жүйе ядросына кiрмейтiндер де нарықта белгiлi сақтандырушының жағдайын бiлдiретiн материалдық, қаржылық және сақтандыру компанияның адам ресурстары жатады. Сақтандыру қоғамдарында қаржылық жағдай маңызды орын алады. Көп жағдайда сақтандыру қоғам басшысының біліктілігі мен бiлгiрлiгiне де байланысты.

Осы факторлардың жиынтығы нарықта сақтандыру компаниясының саясатын анықтайды.

Жоғарыда айтылған басқару компоненттерi бiр-бiрiмен байланысты. Бас менеджер тиiмдi нұсқаны таңдай бiлуi тиiс.

Сақтандыру өнiмi, сақтандырушы нарыққа алып шығатын басқару факторларының бiрi. Бұл жеке және мүлiктiк сақтандыру түрiнiң шарты. Нарыққа байланысты сақтандыру компаниясының басшысы жаңа сақтандыру қажеттігін шешедi.

Тарифтiң жұмсақ жүйесi сақтандырушы басқаратын iшкi нарық жүйесiнiң негiзiн құрайды. Сақтандыру компаниясының басшысы мақсатты бағытталған тарифтiк саясатты таңдауы тиiс.

Нарықтың сыртқы қоршаған ортасы өзара байланысқан күштер жүйесi, ол нарықтың iшкi жүйесiн қоршап және оған әсер етiп отырады. Сақтанушы өзiнiң коммерциялық жұмысын сыртқы орта жағдайында жоспарлап жүргiзiп отырады.

Нарық - жабық жүйе емес, себебi оны қоршаған әлемдiк сақтандыру нарығы оқшауланбаған.

Жоғарыда атап өтiлгендей, негiзгi элементтерге нарықтық сұраныс, бәсекелестiк, сақтандыру қызметiндегi ноу-хау, сақтандырушының инфрақұрылымы жатады.

Әлеуетті сақтандырушы шешiмi келесi экономикалық және психологиялық алғы-шарттарға байланысты:

- адам өз сақтандыру қызығушылығын жоғары деңгейде қанағаттандырғысы келедi;

- сақтандырушы әр қашанда тиiмдi жұмыс жасайды.

Кез-келген сақтандыру компаниясының қызметi сақтандыру қорының тарихи анықталған ұйымдастыру формасы. Ол экономикалық ортамен тығыз байланыста. Экономикалық ортадағы сақтандыру компанияларының қызметiне қарай жинақталуы сақтандыру жүйесiн құрайды. Нарықтық экономикада сақтандыру жүйесiнiң негiзгi мiндеттерi сақтандыру және қызмет көрсету қызметін көрсету, жеке клиенттерге - күнделiктi және сенiмдi сақтандыру қызметiн көрсету.

Дамыған елдерде сақтандыру компаниялары жиi кездесетiн мәселелерді атап өтуге болады:

- сақтандыру бизнесiн ;

- iрi сақтандыру топтарының шығуы;

- құнды қағаздарға инвестиция салу;

- клиентура жағынан сұраныстың өсуi;

- қаржылық алаяқтық;

- көп елдердегi саяси жағдайлардың өзгеруi;

- персоналдың тең емес жастық құрылымы;

- жаңа ақпараттық технологиялардың пайда болуы;

- сақтандыру жұмысшыларының жеке қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету.

Шет елдерде бөлiмдерi бар немесе еншiлес компаниялары бар сақтандыру компаниялары халықаралық саясатқа сезiмтал келеді. Сақтандыру компанияларына әлеуметтiк сала үлкен әсер етедi, персоналдарға клиенттер сұранысы тығыз байланысты. Сақтандыру компания клиенттерi елдегi индустриалды өсуге байланысты қызмет көрсетуден жоғары стандарттар талап ете бастады.

Жаңа ақпараттық технологиялар Батыстың сақтандыру компаниялары қаруландыруға кiрiсiп, түпкiлiктi жолмен сақтандырушының қызметiнде жаппай стереотип ұғымын өзгерттi. Сақтандыру ақпараттарын компьютерлеу еңбек өнiмдiлiгiн арттырып, оперативтi шешiмдер қабылдауға мүмкiндiк бердi. Жұмыстың көп бөлiгiн аз жұмысшылар жасайды. Бiрақ электронды жүйе жұмысына бағдарламашылар, компьютер инженерлерi қабылданды.

Жаңа ақпараттар технологиясы ақпаратқа жол ашып, сақтандыру қызметiнде несие карточкаларын енгiзуге себепкер болды. Сақтандыру компаниялары мен коммерциялық банктер арасында бәсекелестiк күшейе түстi.

Соңғы 10 жылдықта банк тәжiрибесiнде «банк ссюранс» терминi кең орын ала бастады, аударғанда «банктiк сақтандыру» деген мағынаны білдіреді.

Коммерциялық банктердiң сақтандыру iсiне енгiзiлуiнiң бiр формасы сақтандыру трастарының құрылуы. Бұл клиенттермен келiсiлетiн сенiмдi коммерциялық банктердiң операциялары.

Егер клиент коммерциялық банкке сақтандыру сый ақыларын алу үшiн мүлiк берсе, онда ол - фундирленген сақтандыру трасты.

Дамыған Батыс елдерiндегi қазiргi таңдағы сақтандыру нарығының даму деңгейi сақтандыру iсiн монополизациялауды күшейтедi. Осыған байланысты оны төрт түрлi ұйымдастырушылық формасына бөлуге болады:

1. Көлденең интеграция - аз iрi сақтандыру компаниялардың қолына сақтандыру қызметiн бiрiктiру.

  1. Тiгiнен интеграция - сақтандыру компаниялардың басқа салаға өтуi.
  2. Ұлтаралық сақтандыру компаниясы - сақтандыру iсiнде кең тараған жоқ.
  3. Диверсификация - сақтандырушының әртүрлi кәсiпорын салаларында қызметтерiнiң кеңеюi.

Батыстың индустриалды дамыған елдерiне сақтандыру нарығында диверсификацияның келесi негiзгi типтерi бар:

- сақтандыру компаниясы концерннiң бiр бөлiгi болады;

- сақтандыру компаниялары кәсiпорын иесiне айналады;

- сақтандыру компаниялары қаржы-несие саласында еншiлес компаниялар құрайды.

Сақтандыру компаниялары сақтандыру нарығының индустриалды құрылымының негiзiн құрайды. Мысалы, АҚШ-та сақтандыру компанияларының қаржы ресурстарына 50 пайызға жуық ұзақ мерзiмдi несиелерден келедi.

Сақтандыру компаниялары бөлiнедi:

- иелiгiне қарай: жеке және құқықтық, акционерлiк, өзара, мемлекеттiк және үкiметтiк;

- жасалатын операция сипатына қарай: мамандандырылған, әмбебап және қайта сақтандыру;

- қызмет көрсету аймағына қарай: жергiлiктi, аймақтық, ұлттық және халықаралық;

- жарғылық капитал көлемiне және сақтандыру көлемiнiң түсу көлемiне қарай: iрi, орта және ұсақ.

Акционерлiк сақтандыру қоғамы - акция сату арқылы ақша құралдарын орталықтандыру негiзiнде сақтандыру қорын ұйымдастыру түрi.

Ашық және жабық акционерлiк қоғамдар түрi бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтандыру нарығының қалыптасуының негізгі ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының қазіргі жағдайы
Сақтандыру нарығының құрылымы
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы қызметін талдау
Сұраныс пен ұсыныстың тепе - теңдігі
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығы жүйесі
Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздармен жасайтын операцияларын эмиссиялық операциялар
Сақтандыру компанияларының тізімі
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының қалыптасуы мен дамуы
Қаржылық сақтандыру ұйымының дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz