Қазақстан Банктер жүйесі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2

1.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ақпарат ... 3

1.1Қазақстан Банктер жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

2.Коммерциялық банктер, олардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

3.Банктік сектордың кұрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

Корытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Пайданыдған Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Қазақстан егемендік алғаннан кейін мемлекеттік тілдің қоғам дамуының әр түрлі саларында ─ сыртқы дипломатиялық, ішкі әлеуметтік-экономикалық, педагогикалық және басқа көптеген бағыттарда білікті мамандарды даярлау ісінде кеңінен қолдану және тереңдете меңгерудің алғы шарттарын іргелі түрде жүргізу бүгінгі таңда кезек күттірмес мәселелердің бірі. Ақша, несие, банктер ─ қазіргі өркениеттіліктің өзінен ажырағысыз белгілері. Олардың қызметтері қоғамдық өнімді өндіруді, бөлуді, айырбастауды және тұтынуды бір-бірінен бөлінбейтін үздіксіз процеске айналдырады.
Оларды пайдаланбай ешбір шаруашылық субъектісінің ісі тынбайды, ал кез-келген адам үнемі немесе анда-санда банк қызметін пайдаланады. Банктер уақытша қолданылмаған ақша қаражатан жинақтап, оларды салалар мен аймақтар, кәсіпорындар мен халықтар арасында қайта бөлумен қатар, экономиканы қосымша капиталмен қамтамасыз етіп, сайып келгенде қоғамдық байлықты көбейтуге негіз қалайды.
• Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

• Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы», 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6

• Жоғарыға көтеріліңіз↑ Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулық. — Алматы: «Жеті жарғы», 2011. — 368 бет. ISBN 978-601-288-026-7

• Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы», 2009 жыл. ISBN 9965-11-274-6

• Жоғарыға көтеріліңіз↑ Қазақ Энциклопедиясы

• Жоғарыға көтеріліңіз↑ Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулық. — Алматы:
• «Жеті жарғы», 2011. — 368 бет. ISBN 978-601-288-026-7

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

1.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ақпарат ... 3

1.1Қазақстан Банктер жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

2.Коммерциялық банктер, олардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
3.Банктік сектордың кұрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15

Корытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Пайданыдған Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

Кіріспе

Қазақстан егемендік алғаннан кейін мемлекеттік тілдің қоғам дамуының әр түрлі саларында ─ сыртқы дипломатиялық, ішкі әлеуметтік-экономикалық, педагогикалық және басқа көптеген бағыттарда білікті мамандарды даярлау ісінде кеңінен қолдану және тереңдете меңгерудің алғы шарттарын іргелі түрде жүргізу бүгінгі таңда кезек күттірмес мәселелердің бірі. Ақша, несие, банктер ─ қазіргі өркениеттіліктің өзінен ажырағысыз белгілері. Олардың қызметтері қоғамдық өнімді өндіруді, бөлуді, айырбастауды және тұтынуды бір-бірінен бөлінбейтін үздіксіз процеске айналдырады.
Оларды пайдаланбай ешбір шаруашылық субъектісінің ісі тынбайды, ал кез-келген адам үнемі немесе анда-санда банк қызметін пайдаланады. Банктер уақытша қолданылмаған ақша қаражатан жинақтап, оларды салалар мен аймақтар, кәсіпорындар мен халықтар арасында қайта бөлумен қатар, экономиканы қосымша капиталмен қамтамасыз етіп, сайып келгенде қоғамдық байлықты көбейтуге негіз қалайды.
Банк туралы түсінік, оның түрлері, қызметтері Несие жүйесінің негізгі буынын ─ банктер. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серістіктердің, мектеп пен ауруханалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс-жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар, банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. көптеген сан алуан операцияларды жүргізеді.
Банк деген ұғым не, ол қалай пайда болды деген сұраққа жауап іздестірейік. Банк деген ұғымы италиян сөзі bank ─ орындық, айырбас орындығы ─ айырбас орны дегенді білдіреді.
2006 жылғы наурыз айында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2006-2008 жылдарға арналған Ақша-кредит саясатының негізгі бағыттары қабылданды. Ұлттық Банк баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған ақша-кредит саясатын жүзеге асыруды өз қызметінің басым бағыты ретінде айқындайды. Тиісінше, инфляциялық таргеттеу қағидаттарына көшу бойынша жұмыс жалғасады. Бұл инфляция бойынша мақсатты бағдарларға сүйене отырып ақша-кредит саясатының негізгі өлшемдерінің болжамын құруды жобалайды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының екі деңгейлік банк жүйесі бар. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасының банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.
Ұлттық Банктің міндеттері, қызметінің қағидаттары, құқықтық мәртебесі және өкілеттігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде банк қызметінің жекелеген мәселелері бойынша реттеуді және қадағалауды жүзеге асырады және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс істеуі үшін жалпы жағдайлар жасауға мүмкіндік туғызады.
Ұлттық Банктің банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты реттеу және қадағалау функциялары Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясатының тұрақтылығын ұстап тұруға, банктер кредиторларының, олардың салымшыларының және клиенттерінің мүддесін қорғауға бағытталған.
Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-кредиттік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.
Ұлттық Банк өзінің міндеттерін орындау кезінде пайда алу мақсатын басшылыққа алмауы тиіс.
Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз.
Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі.
Ұлттық Банк сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады.
Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатын іске асыру үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктеледі:
- мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;
- төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
- қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
Ұлттық Банк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай негiзгi функцияларды орындайды:
- Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзедi;
- Қазақстан Республикасының аумағында банкноталар мен монеталардың эмиссиясын жүзеге асырады;
- банктердiң банк функцияларын жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасының Yкiметі және келісімдері бойынша басқа да мемлекеттiк органдар үшін банк, қаржы жөнiндегi кеңесшi және Үкіметтің агенті функцияларын жүзеге асырады;
- төлем жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастырады;
- Қазақстан Республикасында валюталық реттеудi және валюталық бақылауды жүзеге асырады;
- Ұлттық Банктің алтын валюта активтерiн басқарады;
- қаржы ұйымдарының қызметін бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ олардың Ұлттық Банктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қызметін реттеуді және басқасын жүзеге асырады.
Ұлттық Банк мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзу мақсатында:
- ақша нарығының жалпы жай-күйіне, заемдар бойынша сұраныстар мен ұсыныстарға, инфляция деңгейіне және инфляциялық күтулерге байланысты ресми қайта қаржыландыру ставкасын белгілейді;
- жүзеге асырылатын ақша-кредит саясаты шеңберінде қаржы нарығындағы нарықтық сыйақы ставкаларына әсер ету мақсатында ақша-кредит саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейін белгілейді;
- ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін белгілейді және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
- инфляциялық процестердi ақша-кредиттiк реттеудiң жанама әдiстерiмен тоқтату мүмкiн болмаған ерекше жағдайларда, Ұлттық Банк жекелеген салаларды ынталандыру және олардың дамуын ұстап тұру мақсатында кредиттеудің лимиттерін белгілеу, олар бойынша сыйақы ставкаларын тоқтатып қою, операциялардың жекелеген түрлері мен мәмілелер бойынша ең жоғарғы ставкаларды белгілеу және кредиттің нақты түрлерін тікелей реттеу арқылы операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тiкелей сандық шектеу қоюға құқылы;
- ақша-кредит саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердің Ұлттық Банктен қарыз алуының жалпы көлемін реттейді, сондай-ақ банктерге берілген заемдарды тартудың және өтеудің тәртібін, талаптарын, мерзімдері мен лимиттерін айқындайды;
- депозиттерді қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ Ұлттық Банкте депозиттер берудің және өтеудің тәртібін, талаптарын, тартудың түрлерін, мерзімдері мен лимиттерін айқындайды;
- валюта нарығындағы басымдықты, сондай-ақ ішкі валюта нарығындағы шетел валютасына сұраныс пен ұсыныстың көздерін бағалауды және талдауы жүзеге асырады;
- мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылатын, меншікті бағалы қағаздар - Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын шығаруды жүзеге асырады, сондай-ақ қысқа мерзімді ноталарды шығарудың, орналастырудың, айналысының және өтеудің тәртібін, талаптарын айқындайды;
- жүзеге асырылатын ақша-кредит саясаты шеңберінде мемлекеттік және басқа бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
- ресми қайта қаржыландыру ставкасына сәйкес коммерциялық вексельдерді қайта есепке алуды жүргізеді, сондай-ақ коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу тәртібін және коммерциялық вексельдерді Ұлттық Банктің қайта есепке алуы үшін ұсынылатын талаптарды белгілейді.
Ұлттық Банк 2002 жылдан бастап ақша-кредит саясатының бағдарларын жыл сайын нақтылай отырып үш жыл бұрын айқындайды, бұл экономикадағы және қаржы нарықтарындағы ахуалды ескере отырып неғұрлым ұзақ кезеңге арналған болжамдарды және стратегиялық бағыттарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, елдегі салыстырмалы макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге байланысты. Мақсаттық көрсеткіштер тұтыну бағаларының индексін пайдаланумен белгіленеді. Олармен қатар ішкі талдау үшін 2004 жылдан бастап базалық инфляция индексі пайдаланылады, ол монетарлық емес факторлар бағаларының деңгейіне күйрете әсер етуді жояды және инфляциялық процестердің негізгі үрдістерін көрсетеді. 2004 жылдан бастап тоқсан сайынғы есеп - Инфляцияға шолу шығарылады.
2006 жылғы наурыз айында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2006-2008 жылдарға арналған Ақша-кредит саясатының негізгі бағыттары қабылданды. Ұлттық Банк баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған ақша-кредит саясатын жүзеге асыруды өз қызметінің басым бағыты ретінде айқындайды. Тиісінше, инфляциялық таргеттеу қағидаттарына көшу бойынша жұмыс жалғасады. Бұл инфляция бойынша мақсатты бағдарларға сүйене отырып ақша-кредит саясатының негізгі өлшемдерінің болжамын құруды жобалайды.
Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер 2006 жылы іске асыру белгіленген шараларды нақтылаумен үш жылға (2006-2008) ұсынылған, бұл осы құжаттың орта мерзімдік бағытын атап көрсетеді. Кейінгі жылдардың көрсеткіштері ағымдағы жылдың соңында нақтыланады.
Ұлттық Банктің құрылымына мыналар кіреді:
· 11 департаменттен (1 департамент Астана қаласында), 10 жеке басқармадан және 1 жеке бөлімнен тұратын орталық аппарат
· 16 аумақтық филиал және Алматы қаласындағы бір филиал - Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы
· Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы өкілдігі
· 5 есеп беретін ұйым:
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы жедел басқару құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (қазыналық кәсіпорны)
Ұлттық Банк:
· Қазақстанның салымдарға кепілдік беру қоры
· Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры
· Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры
· Қазақстан Актуарлық орталығы акционерлік қоғамдарының құрылтайшысы болып табылады.
Ұлттық Банк сондай-ақ Ұлттық процессинг орталығы акционерлік қоғамы құрылтайшыларының бірі болып табылады.
Ұлттық Банк "ГНПФ" жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы акционерлерінің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі -- Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.
Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-несиелік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.
Ұлттық Банк өзінің міндеттерін орындау кезінде пайда алу мақсатын басшылыққа алмауы тиіс.
Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз.
Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-несие саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі.
Ұлттық Банк сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады.
Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатын іске асыру үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктеледі:
мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу;
төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
Ұлттық Банк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай негiзгi функцияларды орындайды:
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ақша-несие саясатын жүргiзедi;
Қазақстан Республикасының аумағында банкноталар мен монеталардың эмиссиясын жүзеге асырады;
банктердiң банк функцияларын жүзеге асырады;
* Қазақстан Республикасының Yкiметі және келісімдері бойынша басқа да мемлекеттiк органдар үшін банк, қаржы жөнiндегi кеңесшi және Үкіметтің агенті функцияларын жүзеге асырады;
* төлем жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастырады;
* Қазақстан Республикасында валюталық реттеудi және валюталық бақылауды жүзеге асырады;
* Ұлттық Банктің алтын валюта активтерiн басқарады;
* қаржы ұйымдарының қызметін бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ олардың Ұлттық Банктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қызметін реттеуді және басқасын жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік баcқаруды жүзеге асырады.
Ұлттық Банктің құрылымына мыналар кіреді:
11 департаменттен (1 департамент Астана қаласында), 10 жеке басқармадан және 1 жеке бөлімнен тұратын орталық аппарат
16 аумақтық филиал және Алматы қаласындағы екі филиал -- Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы және Ұлттық Банктің қызметін қамтамасыз ету орталығы
Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы өкілдігі 4 есеп беретін ұйым:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Ұлттық Банк:
Қазақстанның салымдарға кепілдік беру қоры
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры
Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры
Қазақстан Актуарлық орталығы
„Q-BRO" Қазақстан Ұлттық Банкі Резервтік Орталығы акционерлік қоғамдарының құрылтайшысы болып табылады.
Ұлттық Банк „ГНПФ" жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлік қоғамы акционерлерінің бірі болып табылады.

Қазақстан Банктер жүйесі

Қазақстан егемендік алғаннан кейін мемлекеттік тілдің қоғам дамуының әр түрлі саларында ─ сыртқы дипломатиялық, ішкі әлеуметтік-экономикалық, педагогикалық және басқа көптеген бағыттарда білікті мамандарды даярлау ісінде кеңінен қолдану және тереңдете меңгерудің алғы шарттарын іргелі түрде жүргізу бүгінгі таңда кезек күттірмес мәселелердің бірі. Ақша, несие, банктер ─ қазіргі өркениеттіліктің өзінен ажырағысыз белгілері. Олардың қызметтері қоғамдық өнімді өндіруді, бөлуді, айырбастауды және тұтынуды бір-бірінен бөлінбейтін үздіксіз процеске айналдырады. Оларды пайдаланбай ешбір шаруашылық субъектісінің ісі тынбайды, ал кез-келген адам үнемі немесе анда-санда банк қызметін пайдаланады. Банктер уақытша қолданылмаған ақша қаражатан жинақтап, оларды салалар мен аймақтар, кәсіпорындар мен халықтар арасында қайта бөлумен қатар, экономиканы қосымша капиталмен қамтамасыз етіп, сайып келгенде қоғамдық байлықты көбейтуге негіз қалайды.
Банк туралы түсінік, оның түрлері, қызметтері Несие жүйесінің негізгі буынын ─ банктер. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серістіктердің, мектеп пен ауруханалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс-жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар, банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. көптеген сан алуан операцияларды жүргізеді.
Банк деген ұғым не, ол қалай пайда болды деген сұраққа жауап іздестірейік. Банк деген ұғымы италиян сөзі bank ─ орындық, айырбас орындығы ─ айырбас орны дегенді білдіреді.
Банктің атқаратын қызметерін негізінен төмендегідей топтастыруға болады:
· Уақытша бос ақша қаражаттарын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;

· Кәсіпорынға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу;

· Ақша айналымын ретеу. Банк ─ әртүрлі шаруашылық субъектілердің төлемайналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік туғызады;
· Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қана қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерді, вексельдерді шығарумен де несиелейді;
· Экономикалық және қаржылық кеңес беру.
Орындайтын айырықша қызметтеріне байланыты банктер эмиссиялық және эмиссиялық емес болып екіге бөлінеді.
Эмиссиялық банк ─ ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға (шығаруға) құқығы бар, әдетте, орталық банк. Мемлекеттің Орталық банкінің негізгі мақсаты ─ айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар ─ ақша белгіін сату және банк жүйесінің несие-есеп, эмиссиялық жұмысын басқару. Ол ─ елдің екі деңгейлі банк жүйесінің ─ жоғары деңгейіндегі банк.
Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының да ақша бірліктерін шығаруға құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық, инвестициялық, инновациялық, ипотекалық және т.с.с. банктер. Коммерциялық банктер клиенттерге көрсететін қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып тұратын әмбебап үлгідегі банк. Ал басқа банктер бір-екі қызмет түріне маманданған банктер.
Инвестициялық және инновациялық банктердің екі түрі де ұзақ уақытқа ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейін ұзақ мерзімге қарызға береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ал инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді және оны игеруге несиелейді.
Ипотекалық банктер ─ жерді және жылжымайтын мүліктерді кепілдікке алып, ұзақ мерзімге несие береді. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинақтайды.
Қазақстан респбликасының қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990 жылы желтоқсанында ҚазКСР-ның Жоғары Кеңесі қабылдаған Банктер және банк қызметі туралы Заңынан бастау алады. Заңға сәкес республикада екі деңгейлі банк жүйесі құрылды:жоғары (бірінші) деңгейдегі банк ─ ҚазКСР-ның Мемлекеттік банкі және төменгі (екінші) деңгейдегі банк ─ коммерциялық банктер жүйесі.
Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте зор. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.

Коммерциялық банктердің негізгі атқаратын қызметтері:

· Ақша қаражаттарын шоғырландыру және тарту;

· Несие беру;

· Шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізу;

· Төлем құралдарын шығару,

· Бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру;

· Сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару ( яғни траст операциясын жүргізу);

· Клиенттерге кеңес беру.
Банктердің экономикадағы маңызын олардың олардың атқаратын операциялары анықтайды. Коммерциялық банктердің операциялары негізінен мына топтарға бөлінеді: пассив (қаражат тарту); актив (қаражатты орналастыру); комиссиялық-делдалдық (клиенттің тапсырысы бойынша комиссиялық ақылы) және сенімді операциялар.
Соңғы кездері коммерциялық банктермен басқа несие мекемелерінің арасындағы бәсеке күшейе түсуде. Бәсеке банктердің жаңа қызмет түрлерін іздестіруге, клиенттерге ұсынатын қызмет түрлерін өсіруге және қызмет көрсету сапасын жақсартуға ынталандырады. Сондықтан қызмет нарығындағы өз орнын нығайту үшін олар банктерге тән емес операцияларды батыл меңгеріп, қаржылық кәсіпкерлікте кең қолдануда. Сайып келгенде банктердің экономикадағы ролі артуда. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
Қазақстан Республикасының Орталық банкі еліміз тәуелсіздік алған соң КСРО Мембанктің Республикалық Кеңесінің негізінде 1990 жылдың желтоқсанында алғашқыда Қазақстанның мемлекеттік банкі ретінде құрылып, ал 1995 жылдың наурызынан Қазақстан Ұлттық банкі деп аталады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі болып табылады, Қазақстан Республикасының банк жүйесінің жоғары деңгейін білдіреді жәнеөз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заң күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарды , халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады.
Қазақстан Ұлттық банкі басқа елдердің Орталық банктерімен және тағы басқа банктермен қарым-қатынаста, халықаралық банктер мен басқа да қаржы-несие ұйымдарында Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді. Ұлттық банк пен оның бөлімшелері салықтың, алымның және баждың, соның ішінде кеден бажының барлық түрлерін төлеуден босатылады.
Қазақстан Ұлттық банкі заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы болады және өз қарамағындағы бөлімшелермен бірге біртұтас құрылым құрайды.
Ол республиканың кез-келген жерінде және одан тыс жерлерде өзінің басқармасын және басқа да бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді.
Қазақстанның Ұлттық банкінің негізгі міндеті Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасызету болып табылады.

Қазақстан Ұлттық банкіне сонымен қатар:

· Қазақстанның экономикалық мен оның дүниежүзілік экономикаға кірігуіне қол жеткізу мақсатында ықпал ететін ақша айналысы, несие, банктік есеп айырысуды ұйымдастыру және валюталық қатынастар саласында мемлекет санатын әзірлеу мен жүргізу;

· Ақша, несие және банк жүйесінің тұрақты болуын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

· Кредиторлар мен банк салымшылардың, сондай-ақ банктер мен басқа ұйымдардың қызметін реттейтін актілерді қабылдау және олардың орындалуын бақылау жолымен шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар, клиенттердің мүддесін қорғау жүктеледі.
Қазақстан Ұлттық банкі айналыстағы ақша көлемінің мөлшерін реттеу жолымен мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді, банкноттармен тиындардың бірден бір элементі болып табылады. Республика аумағында банктер, еншілес банктер ашуға рұқсат береді. Банктердің, сондай-ақ шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін қадағалайды және оларға пруденциалдық нормативтерді белгілейді. Ресми ставкаларды өзгерту жолымен банктердің проценттік ставкалары деңгейін реттеуді жүзеге асырады.
Валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыруға және валюталық операциялардың барлық түрлерін жүргізуге құқылы.Қазақстан Ұлттық банкінің басқару органдары басқарма мен директорлар кеңесі (Директорат) болып табылады.Ұлттық банкінің басқармасы мен төрағасы Қазақстан Ұлттық банкінің қызметі үшін жауап береді. Ұлттық банкінің құрамына департаметтер мен дербес қызметтерден тұратын орталық аппарат, облыстық фирмалар кіреді.Ұлттық банк өз шығындарын өз қаражатымен өтейді. Оның қаражаты: жарғылық ,резерв капиталынан, қайта бағалау шоттары және арнайы провизияларынан құрылады.
Ұлттық банктің жарғылық капиталы 20 млрд. теңгеден қалыптасады және оның міндеттемелерін қамтамасыз етеді. Жарғылық капитал мемлекеттік бюджеттен, бөлінген қаржыдан, мемлекет берген негізгі қорлардың құнынан және Ұлттық банктің алған пайдасынан құрылады.
Резерв капиталы жарғылық капиталы мөлшерінен тұрады. Таза табысы есебінен толтырылып, жүргізілген операциялар бойынша шығындарды өтеуге жұмсалады.
Қорыта айтқанда, орталық банктің атқаратын қызметтері бір-бірімен тығыз байланысты. Мемлекет пен басқа банктерге несие берген кезде ол несиелік айналым құралдарын шығарып, үкіметтік міндеттеме шығару және оны өтеуде қарыз процентінің деңгейіне әсер етеді. Бұл орталық банктің банктік жүйедегі алатын ерекше орнын айқындап, сонымен қатар өзінің басты қызметі ─ ақша-несиелік реттеу қызметін орындауға объективтік алғы шарттар жасайды.
Қазақстан Республикасының Орталық банкі еліміз тәуелсіздік алған соң КСРО Мембанктің Республикалық Кеңесінің негізінде 1990 жылдың желтоқсанында алғашқыда Қазақстанның мемлекеттік банкі ретінде құрылып, ал 1995 жылдың наурызынан Қазақстан Ұлттық банкі деп аталады.

Коммерциялық банктер, олардың жіктелуі

Қазіргі коммерциялық банктер -- бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді.
Коммердиялық банктер деп, бұл жерде Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр.
Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
1. Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:
* мемлекеттік;
* акционерлік;
* жеке;
* пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік);
* аралас (шетел капиталының қатысуымен).
2. Операцияларының турлеріне қарай:
* әмбебап, яғни экономиканың барлықсалаларына бірдей және кең көлемді банктік қызмет көрсететін банктер;
* маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;
3. Аумақтық белгісіне қарай:
* халықаралық;
* мемлекетаралық
* ұлттық;
* аймақтық;
4. Салалық белгісіне қарай:
* өнеркәсіптік банктер;
* сауда банктері;
* ауыл шаруашылық банктері;
* құрылыс банктері;
* басқа.
5. Филиалдар санына қарай:
* филиалсыз;
* кеп филиалды.
Акционерлік банктердің жарғылық капиталы шығаратын акцияларын сатудан түсетін түсімдерден қүралады. Акциялар екі түрге бөлінеді: жай және артықшылығы бар.
Жай акция -- оның иелеріне сол қоғамды басқару ісіне араласуына, оның пайдасына қарай дивидент алып отыруға күқык береді. Ал артықшылығы бар акция -- оның иесіне коғамды басқаруға қатысуына құқық бермегенмен, уақытылы, яғни қоғамның пайдасына байланыссыз тұрақты пайызын алуға, қоғам банкроттыққа ұшыраған жағдайларда жай акция иесінен бұрын қоғамға косқан өз үлесін алуға құқық береді.
Егер де банк жауапкершілік шектеулі қоғам түрінде құрылған болса, онда оның жарғылық қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі құрылтайшылық құжатта анықталады және бұл банктің қатынасушылары немесе кұрылтайшылары өздерінетиісті үлес шегінде ғана оның міндетгемелеріне жауап береді.
Банктің ұйымдастырылуы және құқықтық нысанындағы байланыссыз, оның жарғылық капиталы оның қатынасушылары, жеке және занды тұлғалар есебінен кұрылады. Және олардың міндеттемелерінің қамтамасыз ету құралы болып табылады. Жарғылық капитал, оның қатынасушыларының меншікті қаражаты есебінен ғана құрылуы мүмкін. Банктік несиелер есебінен жарғылық капиталды құруға тыйым салынады. Банктің жарғылық капиталы тек ақшалай қаражаттар есебінен құрылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасындағы банктік жүйеде 01.01.2009 жылғы статистикалық мәліметтер бойынша қазіргі жұмыс жасайтын екінші деңгейдегі банктердің барлығы дерлік акционерлік қоғам нысанындағы банктер, соның ішінде екі банк кана мемлекетке 100% тиесілі банктер, оларға: Қазақстан Даму банкі мен Тұрғын үй құрылысы банкі, ал шетел капиталының қатысуымен (100 - 10 банк, 50% -- аса - 6 банк) құрылған банктерде саны - 16, онын ішінде еншілес банктер -- 11.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Банктік сектордың кұрылымы
2000
2001
2002
2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009
Екінші деңгейдегі банктердін саны, с.і:
55
47
44
32
34
35
34
33
35
37
-- жарғылық капиталға 100% мемлекеттің қатысуымен
1
1
2
2
2
1
1
1
1
1
ЕДБ-дің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыртық экономикалық банкі
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнің қалыптасуы мен дамуы
Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму жолдары
Ұлттық Банк – Қазақстанның банк жүйесінің жоғарғы үзбесі
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасу тарихы
Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы, қызметі
Банктік жүйенің мәні және Қазақстанның экономикасындағы ролі
Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Банктік жүйенің экономикадағы ролі
Пәндер