Қазақстан Республикасындағы сот билігі жүйесі


Мазмұны

Кіріспе . . . 5

1 Қазақстан республикасындағы сот билігінің құқықтық негіздері

1. 1 Қазақстандағы сот билігінің қалыптасуы және шетел тәжірибелерімен салыстырмалы талдау . . . 8

1. 2 Сот билігінің тәуелсіздігі - құқықтық мемлекетті нығайдың негізгі принципі . . . 20

1. 3 Қазақстандағы Сот билігінің жүйесі және судъялардың құқықтық мәртебесі . . . 39

2 Қазақстан республикасындағы сот билігі жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері

2. 1 Сот және заң шығарушы биліктер арасындағы өзара қатынастары . . . 51

2. 2 Мемлекеттік биліктің сот және атқарушы тармақтарына арасында өкілеттіктерді бөлу мәселелері . . . 57

2. 3 Қазіргі Қазақстандағы сот жүйесін жетілдірудің демократияландыру мәселелері . . . 60

Қорытынды . . . 68

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 70

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыста ҚР Конституциялық құқық саласының негізгі құқықтық институттарының бірі - Қазақстандағы Сот билігі және оны жетілдірудің құқықтық негіздері қарастырылған.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, республикада мемлекеттiк билiк бiртұтас, ол Конституция мен заңдар негiзiнде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлiну, олардың тежемелiк әрі тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы, өзара iс-қимыл жасау принципiне сәйкес жүзеге асырылады, делінген.

Сондықтан, заң ғылымының кезек күттірмес мәселелерінің бірі - сот құрылысы, Қазақстан мемлекетіндегі әділ сот ісінін, даму принциптерінің ғылыми-құқықтық, теориялық-тәжірибелік өзекті мәселелері мен мән-мағынасын зерттеу болып табылады.

Зерттеу жұмысының бірінші тарауында Қазақстандағы сот билігінің қалыптасуы мен сот билігінің шетел тәжірибелеріне салыстырмалы талдау жасалып, құқықтық мемлекетті нығайтуда ерекше орын алатын Сот билігінің тәуелсіздігі принципі және Қазақстандағы Сот билігінің жүйесі мен судъялардың құқықтық мәртебесі қарастырылады. Ал екінші тарауда Сот билігін жетілдірудің мемлекеттік билік арасындағы құзыреттерін бөлу мен демократияландырудағы өзекті мәселелері зерттеледі.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президенті, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты жолдауында «Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр.

Біз еркін, ашық әрі демократиялық қоғам орнатудамыз.

Біз дәйікті түрде саяси тежемелік пен тепе-теңдіктің үйлестірілген жүйесіне негізделген құқықтық мемлекет құрып, оны нығайта береміз» - деп атап көретті.

2013 жылдың 20 қ арашасында өткен Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезінде Н. Назарбаев былай деді: «Бүгінгі Қазақстан кәсіби судьялық корпусы бар заманауи әділсот жүйесіне ие. Елімізде жалпы әкімшілік, экономикалық, қылмыстық, ювеналды және қаржылық құзіреттегі 378 сот бар. Онда 2 мың 214 судья қызмет етеді. Бұлардың бәрі қатаң біліктілік талаптарынан өтті. Аса ауыр қылмыстық істер алқа билердің қатысуымен қаралады. Азаматтардың құқы мен бостандығын қорғау мақсатында соттардың бұлтартпау санкциясы қолданылады. Жалпы алғанда, Қазақстандағы сот реформасы біздің әділсотымызды азаматтардың мүддесіне барынша жақындатып келе жатқанын көрсетеді».

Ендеше, сот саласындағы реформаларда біраз табыстарға қол жеткізген Қазақстанның әлем елдерінің тәжірибелерімен алмасып, еліміздегі соттың неғұрлым әділдігі мен ашық өткізілуіне деген ұмтылыс сот жүйесін жетілдіруге дегін игі қадам екендігі анық. Қазақстанның сот жүйесіндегі жақсы жетістіктерін шетелдік ғалымдар мен сот саласының білікті мамандары да мойындауда.

Сондықтан да, Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті әрі серпінді дамып келе жатқан мемлекеттерінің қатарына қарай қадам басуы жолындағы негізгі басымдықтарды ұстануымыз қажет. Бүгінгі күннің басты міндеті соңғы жылдардағы сот реформасының жетістіктерін бекіту және реформаны одан әрі жүргізу болып отыр.

Ұсынылып отырған зерттеу жұмысының өзектілігі, ғылыми және практикалық пайдалылығы екі маңызды объективті факторлармен байланысты. Біріншіден, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның қабылдануына байланысты демократиялық үрдістерді дамытуда, құқықтық мемлекет құруда соттар мен судьялардың ролі арта түсті. Судьялардың III съезінде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев атап өткендей «Адамдардың сотқа сенуі және қорғау үшін, судьяларға, өркениетті елдердегідей жиі жүгіне бастауы - сот-құқықтық реформаның басты нәтижесі болды». Екіншіден, сот билігін реформалауға толық және жүйелі талдау жүргізілген Жүргізілген сот-құқықтық реформасына байланысты сот органдарының қызметі сот төрелігін жүзеге асырудың барлық бағыттарында сапасына әсер еткен маңызды өзгерістерді бастан кешті. Зерттеу сот жүйесі қызметінің қағидаттары мен сипаттарын тұжырымды түрде өзгерткен жаңа заңдарды қолдану мәселелері бойынша жемісті талдау жұмысы. Сонымен қатар, оқу сот билігін жүзеге асырудың өзекті мәселелері бойынша нақты айқындалған әрі негізделген ұстанымдар қамтылған.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Еліміз егемендік алғаннан кейін Қазақстанның бірқатар заңгер-ғалымдары өздерінің еңбектерінде мемлекеттік билік жайлы көптеген ой-пікірлер жазды. Атап айтатын болсақ олар: С. С. Сартаев, М. Т. Баймаханов, Л. М. Вайсберг, А. К. Котов, А. А. Таранов, Е. К. Нурпеисов, С. Зиманов, Г. С. Сапаргалиев және т. б.

Жұмысты жазу барысында сот билігін зерттеген көптеген әдебиеттер мен ғылыми еңбектер пайдаланылды. Соның қатарында ресей және еліміздің құқық саласындағы ғалымдардың: М. М. Алиев «Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары»., Нарикбаев М. С. «Основные этапы становления судебной системы суверенного Казахстана»., Халиков К. Х. «Проблемы судебной власти в РК»., Сулейменова Г. Ж. «Суд и судебная власть В Республике Казахстан»., Савицкий В. М. «Организация судебной власти в РФ»., Чиркин В. Е. «Конституционное право зарубежных стран»., Гуценко К. Ф., Ковалев М. А. «Правоохранительные органы» еңбектері пайдаланылды.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Конституцияда бекітілген Қазақстандағы Сот билігінің құқықтық мәртебесінің теориялық-құқықтық негіздерін айқындау және Қазақстандағы сот билігі жүйесін жетілдіру мәселелерін талдау болып табылады.

Аталған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешуді қажет етеді:

  • Қазақстанда сот билігінің қалыптасуы және оған шетел тәжірибелерімен салыстырмалы талдау жүргізу;
  • Сот билігінің тәуелсіздігі принципінің құқықтық мемлекетті нығайтудағы ролін айқындау;
  • Қазақстандағы сот билігі жүйесі мен судъялардың мәртебесін құқықтық негіздеу;
  • Қазақстан Республикасындағы сот билігін жетілдіруде мемлекеттік биліктің басқа тармақтарымен (заң шығару, атқару) өзара қарым-қатынастарын және оны демократияландырудың құқықтық мәселелерін қарастыру.

Зерттеудің құзыреттілігі. Ұсынылып отырған дипломдық жұмыста сот билігінің құқықтық негіздері мен оны жетілдірудің маңызына теориялық тұжырымдар жасалды. Бітірушілердің болашақ заңгер маман ретінде білікті судъя ретінде қалыптасып, әділетті шешім шығаруына және қылмыс пен теріс қылықтар туындаған жағдайда сот органдарында жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау функциясын мінсіз атқаруға бағыттау және мемлекетте сот билігінің құқықтық проблемаларын шешуге өзіндік көзқарастарын қалыптастыруға жәрдемдеседі.

Жұмыс құрылымы мен көлемі - дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, алты бөлімшеден, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Қазақстан республикасындағы сот билігінің құқықтық негіздері

1. 1 Қазақстандағы сот билігінің қалыптасуы және шетел тәжірибелерімен салыстырмалы талдау

Қазақстан Республикасында сот билігі мемлекеттік билік тармақтарының бірі болып табылады және заңнаманы бұзуға байланысты қоғамда туындайтын қақтығыстарды Конституцияны, заңдарды, басқа нормативтік кесімдерді негізге ала отырып, шешуді мақсат тұтады.

Әділ сотты сот тек республиканың атынан, қандай да бір басқа мемлекеттік органның, лауазымды адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, әлеуметтік топтардың, азаматтардың еркінен тәуелсіз жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Президенті 2000 жылғы 1 қыркүйекте «Қазақстан Республикасының сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту бойынша шаралар туралы» Жарлық қабылдады.

Президентке облыстық және ондайларға теңестірілген соттардың төрағаларын тағайындау бойынша конституииялык өкілеттік берілген. Парламент, заң шығарушы билік ретінде заңдар қабылдау арқылы сот жүйесін, оның қызмет принциптерін, сот органдарының құзыретін, судьялардың мәртебесін, олардың істерді қарастыру тәртібін және т. б. белгілейді.

Мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде сот билігінде біртұтас мемлекет құрылысына тән барлық ортақ белгілер бар:

1) оның қызметі мемлекеттің бүкіл кеңістігінде әрекет ететін Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді;

2) оның қызметі елдін бүкіл аумағына таралады;

3) сот органдарының шешімдері тек олардың құзыреті шеңберінде қабылдануға тиіс;

4) сот органдарының шешімдері мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, азаматтар, олардың бірлестіктері үшін міндетті;

5) сот органдары заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға жәрдемдеседі.

Биліктің ерекше тармағы ретінде сот билігінде белгілі бір өзіндік ерекшелікті белгілері бар.

Сот билігінің маңызды өзіндік белгісі оның айртықшылығы болып табылады. Ешбір басқа билік тармағының - заң шығарушы, атқарушы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті де сот өкілеттіктерін иеленбейді. Тек сотгар ғана әділ сотты жүзеге асырады, бұл Конституцияда ерекше ескерілген. Конституцияның 75-бабында «Қазақстан Республикасында әділ төрелігін тек сот қана жүзеге асырады» деп жазылған [1] .

Әділ сот - мемлекет қызметінің ерекше саласы, мұнда мемлекеттік институттардың құқық қорғау әлеуеті іске асырылады, барлық азаматтардың және әрбір жеке тұлғаның заң мен сот алдындағы заң жүзіндегі теңдігінің негіздері белгіленеді.

Құқықтық заңдар (жарғылар) кез келген адамның, әрбір шенеуніктің немесе кәсіпкердің ішкі нанымына айналуы қажет. Егер құқықтары бұзылған жағдайда, сот қорғауына жүгіне алатынын әр адамның білгені және сезінгені, ең бастысы - осындай қорғаудың пәрменділігіне сенім артқаны маңызды. Әрбір жеке адамның осындай құнды бағдарында ғана құқықтық мемлекет құрудың нақты әлеуметтік алғы шарттары туралы әңгіме қозғауға болады.

Сондықтан да сонау 1998 жылы-ақ, қоғамды кеңінен демократияландыру бағдарламасын мазмұндайтын Қазақстан халқына арнауында, мемлекет басшысы осы мәселеге ерекше көңіл бөлді. Ол тәуелсіз соттың демократиялық, қоғамдағы ең маңызды негіз болып табылатынын атап көсетті [2] .

Әділ сот жүйесін реформалау - заң шығару, ұйымдық және материалдық-техникалық сипаттағы көп жақты іс-шаралардың өзара байланысты, келісілген жүйесі ретінде жүргізілуі қажет.

Сот реформасы анағүрлым ауқымды контексте құқықтық реформаның құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан сот-құқықтық реформаны заң шығару процесінен және тұтас алғандағы құқық қорғау жүйесінің реформасынан бөлек қарауға болмайды.

Біздің ойымызша, сот-құқықтық реформаны жүзеге асыру:

- соттар мен сотта іс қарауда істердің соттау құзырын өзгертуге;

- құзыреттегі, істердің тергеу құзырындағы, құқық қорғау органдарының ұйымдық жасалуы мен құрылымындағы өзгеріске;

- іс жүргізу және құқық қорғау заңдарын жетілдіруге;

- сот процесіндегі қорғаушы мен прокурордың рөлін қайта қарауға жеткізуі тиіс.

Қысқасы, барлық жұмыс мемлекеттің заңтану жүйесіндегі соттардың рөлін арттыруға бағытталуы тиіс. Бірақ, осы мақсатқа жету үшін алдымен соттың беделін көтеру қажет. Әсіресе, соттарды кадр жөнінен қамтамасыз ету аса өзекті мәселе. Судьяларға үміткерлер үшін талаптарды қайта қарау және қатайту, солар үшін тағлымдамадан етуді енгізу қажет. Сондай-ақ, жоғарыда тұрған соттардың судьяларына үміткерлерге анағұрлым қатаң талаптарды заң жүзінде бекіту керек. Осы ретте негізгі шарттардың бірі, тиісті жас шамасы мен кәсіби (біліктілік) дәрежеге байланысты шек болуы тиіс.

Осыған байланысты шет елдердің тәжірибелерін зерделеу теріс болмас еді. Мысалы, АҚШ-та судья лауазымына тағайындау кезінде үміткердің сот философиясы, атақ-беделі, бұрынғы жұмыс істеген орындары, судьялық тәжірибесі, жеке таныстықтары мен әуестіктері сияқты жағдайлар да ескеріледі. Әрине, АҚШ-та сот жүйесі өз алдына ерекше және іс жүзінде оның элементтері Қазақстан жағдайларында қалай жұмыс істейтінін жай елестетудің өзі мүмкін емес. Бірақ, баспасөз беттерінде дұрыс көрсетіліп жүргендей, қалай болғанда да өзгенің оң, сондай-ақ теріс тәжірибелерін зерделеу біз үшін зиян болмас еді.

Герман соттары тәжірибесін талдау мынаны көрсетті, сот тәуелсіздігінің әрекеттегі кепілдіктерінің көптігі соншалық, барлық судьяларды қызметке әділет министрі тағайындайтын ереже олардың тіпті қаперлеріне де кірмейді. Өйткені, оқу мен кәсіби дайындықтың бүкіл сатысынан, сынақ мерзімінен өткен, органның арнайы сайланған судьяларының бірінен жағымды кепілдеме алған азаматты тағайындамау мүмкін емес. Осыған орай, судьяларға үміткерлер іріктеуге жәрдемдесетін органдардың проблемасына тоқталғымыз келеді, яғни сөз Жоғарғы Сот Кеңесі мен Әділет біліктілік алқасы туралы.

Баспасөз беттерінде солардың атына айтылған сын кебіне әділ сын. Жоғары Сот Кеңесі мен Әділет біліктілік алқасын (ӘБА) ұйымдастыру және қызмет тәртібін белгілейтін заңдар дер кезінде қабылданды деп ойлаймыз. Осыған байланысты ӘБА рөлін күшейту қажет, ол бүгінгі таңда шын мәнінде Әділет министрлігінің құрылымы болып табылмайды, дұрысы дербес орган, өйткені Конституцияда осылай жарияланған.

Тәуелсіз әділ сотты жүзеге асыру үшін бұрыннан белгілісі, ең алдымен материалдық жағдайлар қажет. Бұл мәселе қаржылық ресурстарды бөлетін органға байланысты. Жоғарыда мазмұндалғандарға байланысты, проблеманы шешу әдістерінің бірі ретінде, өз кезінде мемлекет басшысының жанынан сот комитеті түрінде дербес мемлекеттік құрылым жасау ұсынылды. Осындай әдістің пайдалы екендігіне дәлелдер, әрине, баршылық. Алайда, аталмыш ұсынысты іске асыру Конституцияға түзетулер енгізуді қажет етер еді.

Бұл жерде мынаны ескеру қажет, біздің мемлекеттігіміздің қазіргі даму сатысында оның барлық саяси-құқықтық институттарының және ең алдымен Конституцияның тұрақтылығы қамтамасыз етілуі тиіс. Сондықтан Конституцияның сот билігіне қатысты негізгі ережелерін бұзбай сақтаған жөн. Сонымен бірге соттардың өзінің, олардың төрағаларының және судьялық өзін-өзі басқару органдарының соттардың кадрлық мәселелерін шешуге қатысуы жөніндегі рөлдері күшейтілуі тиіс.

Жоғарғы Сотқа түсетін азаматтардың арыздарының дені-жергілікті соттардың жұмыстары туралы арыздар. Яғни, қолданыстағы заңдар аясында аудандық (қалалық) соттардың жұмысын жақсарту қажет.

Егер әлемдік тәжірибеге жүгінетін болсақ, әдетте дербес орган ретінде, конституциялық, төрелік, әкімшілік, сондай-ақ мамандандырылған соттар құрылған. Мысалы, Германияда жалпы, әкімшілік, қаржылық, еңбек және әлеуметтік құқықтар құзыр саласында сот төрелігін жүзеге асыру үшін Жоғарғы Сот инстанциялары ретінде: Федералдық сот палатасы, Федералдық әкімшілік, Федералдық қаржылық, Федералдық еңбек және Федералдық әлеуметтік соттар құрылған. Осылардың әрқайсысы соттардың тиісті жүйесіне басшылық етеді. Түркияда - мемлекеттік қауіпсіздік соттары, әскери және әскери-тәртіптік, әкімшілік соттар, алауыздықтарды реттеу жөніндегі сот жұмыс істейді. Сондай-ақ мемлекеттің жоғары лауазымды адамдарының конституиялық жауапкершілігі жөніндегі істерді қарауға арналған соттар да қурылады. (Франциядағы сот төрелігінің Жоғарғы Соты, Польшадағы Мемлекеттік трибунал) .

Роман құқығы жүйесіндегі елдерде сот билігіне Есеп палаталары мен өзге де ұқсас ұйымдардың жатқызылуы сирек жәйт емес (Италия) . Кейбір мұсылман елдерінде мемлекеттік соттармен қатар шариғат соттары жұмыс істейді.

Көптеген мемлекеттерде сот жүйесінің бастауыш буыны бітістіруші соттар болып табылады. Олар халыққа барынша жақын, өйткені осы соттар коммуналарда және өзге де аумақтық төменгі бірліктерде құрылады. Олар азаматтық-құқықтық дауларда тараптарды бітістіру міндетін жүзеге асырады, күрделі емес қылмыстық және азаматтық істерді қарайды. Әдетте, бітістіруші судьяның қызметі ақысыз болады.

Бұдан басқа, кейбір елдерде сот міндеттерін қоғамдық бастама негізінде орындайтын соттар бар, олар шын мәнінде сотқа дейін істі қарайтын органдар: Қырғызстандағы ақсақалдар соты, Ресей Федерациясындағы бітістіруші және аралық соттар, Франциядағы медиаторлар, Италиядағы консилиаторлар.

Құқықтық реформаның Бірінші кезеңінде республикада билер сотын жаңғырту қызу талқыланды. Іс жүргізу қуқығының аталмыш институтының пайдасына көптеген авторлардың дәлелдерін біріктірген М. Әлиев былай деп ойлайды. Билер сотын жаңғырту мүмкіндігі:

а) халықтың сауатын және өзін-өзі басқару институтының құқықтық сауатын арттыру, белсенді азаматтық позиция (ұстаным) жасау, сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметке азаматтарды тарту қажеттілігімен;

б) қазақ әділ сотының ұлттық ерекшеліктері мен дәстүрлерін есепке алу қажеттілігімен, туындайтын дауларды қылмыстық-түзету сипатындағы шараларды қолданбай-ақ шешу мүмкіндігімен (құн, айыппұл, көпшілік алдында кешірім сұрау міндеті, көпшілік алдында айыптау) ;

в) жекелеген ұлыстық топтардың оқшаулығы, ортақ менталитет, діни және дәстүрлік байланыстардың ортақтығы, соның ішінде айыптыларды жазалау мәселесінде де;

г) мемлекеттің азаматтар арасындағы қатынастарға құқықтық ықпал ету өрісін азайтумен, бір мезгілде қатар заң бұзушыға моральдық-этикалық адамгершілік ықпал ету императивтерін күшейту арқылы;

д) билер сотының шешімдерін орындауды мәжбүрлеп орындату күшімен емес, ұжымдық ықпал ету мен айыптау мүмкіндігі арқылы қамтамасыз ету сабақтастырылады [3, 284-285 б. б. ] .

Аталған институт Қазақстан үшін дәстүрлі және ол революцияға дейін ойдағыдай жұмыс істеген. «Би төрелігін енгізу қырғыздарда халық тарапынан қайсыбір ресми сайлаумен және халықты басқаратын билік тарапынан бекітумен сабақтаспаған, тек шешендік өнермен ұштасқан сот ғұрыптарындағы терең білім ғана осындай құрметті атақты қырғыздарға берген. Бидің мағынасы беделге негізделген және осы атақ сот практикасына берілген патент іспеттес» [4, 87 б. ], - деп атап көрсетті Шоқан Уәлиханов («қырғыз» деп қазақты айтқан автор) .

Билер сотын құру бітістіру соттарының тәжірибесі бойынша, бір жағынан оның көптеген жақтаушылары мазмұндағандай, ресми соттарды ұсақ-түйек істер мен құқық бұзушылықтардан жеңілдетер еді, ал екінші жағынан - қылмыстан және басқа да заңдылықты бұзушылықтан сақтандыруда олардың профилактикалық рөлін нығайтар еді. Аға буынның ең беделді өкілдерінен тұратын осындай санаттағы соттар, әсіресе, жастарға тәрбиелік әсерін күшейте түсер еді. Билер соты түпкі нәтижеде мемлекет қызметтерін «халық элементінің» өкілдеріне көшіруге мүмкіндік жасар еді [5] .

Біздің ойымызша, тарихи шындық контексінде, билер сотының жақтастарының да, сондай-ақ қарсыластарының да пікірлерін толық зерттеу керек, бүгінгі күннің құқықтық нақтылығын есепке алу арқылы ғылыми және практикалық аспектте оларды талқыдан өткізу керек.

Бұл ретте Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституция нормаларына сүйену керек. Конституция нормалары бойынша сот жүйесі бірыңғай (біртұтас) және соттар тұрақты судьялардан тұрады. Міне, дәл осы себептен «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» заңды талқылау кезінде билер соты республика соттарының бірыңғай жүйесіне кірмей қалды.

Жеңіл-желпі қылмыстар туралы қылмыстық істерді қарауға мамандандырылатын кәсіби учаскелік соттар да назар аударуға тұрады (істердің осы санат-тары бойынша үш айға дейін түтқындаудың қылмыстық-құқықтық санкцияларының ең жоғары шектерін бір мезгілде төмендету арқылы) . Осыған байланысты істердің осындай санаты бойынша сотта істі қараудың жеделдетілген тәртібін реттейтін жеке тараумен Қазақстан Республикасының ҚІЖК-ін толықтыруды ұсынған А. Қасымов, сонымен бірге алдын ала шарттарды көрсетеді, оларды сақтаған жағдайда осындай қылмыстық істер қаралуы мүмкін [6, 204-205 б. б. ] .

Республика заңдары арқылы Қазақстанда мамандандырылған (арнайы) соттар құру мүмкіндігі қарастырылды, олар: әскери, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және т. б. соттар. Сонымен бірге, кейбір шаруашылық істерді, аудандық соттардың сот құзырына өткізу және соларды қарау ерекшеліктері мамандандырылған (арнайы) соттар құруды міндеттейді.

Баспасөзде, сондай-ақ Қазақстанда салықтық соттарды кезең бойынша құру қажеттілігі атап көрсетілді. Бірінші кезеңде судьялардың мамандандырылуын аудандық соттарда енгізу ұсынылды: әрбір осындай сотта салық істері жөнінде бір судьядан, екінші кезеңде - төрт аймақта мамандандырылған салықтық соттарды құру. Солардың жұмысының практикасына қатысты осындай соттарды жаппай құру туралы кейінірек шешім қабылдау ұйғарылды. Осындай әдіс облыстық және аудандық соттардың көптеген өкілдері арқылы қолдау тапты [7] .

Экономикалық дауларды қарау үшін шаруашылық экономикалық соттар құруға қатысты осыған ұқсас пікірлер айтылды [12] . Даулардың санаттары бойынша судьялардың мамандануы - қазіргі уақыттағы өзекті, қажетті және өте тиімді құбылыс, өйткені оның төмендегідей көп жағымды жақтары бар:

а) даулардың нақты санатын терең зерделеу;

б) осындай істер бойынша сот практикасын талдау;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы
Қазақстан Республикасындағы сот билігінің ұйымдық - құқықтық қағидалары жəне оларды жүзеге асырудағы мəселелері
Қазақстан Республикасында судьялар сотын құру перспективаларын қарастыру
Қазақстан Республикасының сот жүйесі
Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі
Сот билігі жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері
Сот түсінігінің теориялық негіздері жайлы
Қaзaқстaн Республикaсындaғы сот реформaсы:теңденциялaры және aлғышaрттaры
Қазақстан Республикасындағы сот төрелігі мен сот жүйесінің ерекшеліктері
Қaзaқcтaн Рecпубликacындa coт билiгiнiң кoнcтитуциялық нeгiздeрi
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz