Интернет – ақпарат құралдарының қайнар көзі


МАЗМҰНЫ:

Кіріспе . . . 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. ИНТЕРНЕТ - АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

1. 1 Қазақстандағы электронды ақпараттандыру процесі және жаңа медиа туралы түсініктің болуы . . . 6

1. 2 Блог-тұғырнамалар жүйесіне қызығушылық

танытатын елдер . . . 19

2. ДӘСТҮРЛІ БАҚ ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ БЛОГТҰҒЫРНАМА

2. 1 Жаңа медиа - қазақ журналистикасының болашағы . . . 31

2. 2 «Массагет. кз», «Айтабер», «Қазжур»

блогтұғырнамаларының қоғамдық орны . . . 40

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 62
ҚОРЫТЫНДЫ. . . 62:
ҚОРЫТЫНДЫ. . . 62: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 65

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының (жобаның) өзекті мәселелері. Бүгінгі таңда күн сайын бір жаңалығын дайындап тұрған қазіргідей асығыс қоғамда ақпарат таңдаудың жиынтығынан кенде емеспіз. Оқырман қандай бұқаралық ақпарат құралын оқимын десе де өзі біледі. Ақпараттық технологиялардың қарыштап даму нәтижесінде жылдамдыққа едәуір мұқтаждықтан интернеттің пайда болуына қарай журналистиканың өзіне тән жаңа формасы дүниеге келді. Бүгінде осы мәселелерді қоғамға жеткізуде бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде жетекші орынды иеленіп отырған - Интернет. Интернеттің құшағы шексіз, алмағайып көлемде ақпараттарымен ерекшеленеді. Қазіргі уақытта көптеген елдерде Интернетті қолдануда мемлекеттік реттеу туралы мәселе қарастырылуда. Мемлекет және қоғамның қазіргі даму кезеңінде Интернет саласындағы еліміздің нормативтік - құқықтық базасын жетілдіруде.

Адамзат өркениеті даму сатысының алғашқысы - жазудан бастау алды. Екіншісі - баспа ісінің пайда болуы. Үшіншісі - электрдің пайда болуы яғни, радио, теледидардың пайда болуы. ХХ ғасырдың соңынан басталатын төртінші серпіліс компьютерлік технологияның желілік технологиямен бірігуі нәтижесінде қалыптасып, ақпараттық коммуникациялық технологиясы атанған жаңа ақпараттық серпіліс [1] .

Қазіргі ғылыми мәселелерді шешу, ахуалын бағалау. Дәстүрлі БАҚ деп газет, журнал, радио теледидарды, айтатын болсақ, жаңа медиа осы дәстүрлі БАҚ технологиясы көмегімен жаңаша тұтыну жолы. Мәселен, қалта телефон арқылы күнделікті сатып алып жүрген газеттің интернет нұсқасын оқып, радиомызды тыңдап, теледидардан көре алмай қалған жаңалықтарымыздың видеосын көре аламыз. Бұған дейін аталған үш түрлі медианы бір уақытта тұтына алмайтын едік. Ал қазір мұның түк қиындығы жоқ.

Дипломның мақсаты, міндеттері. Бүгінде интернет жүйесі - ақпарат алмасу, әлемдік нарыққа шығу, инвестиция тарату, отандық экономиканың әлеуетін арттыру, кәсіпкерлікті, ғылым мен білімді, мәдениет саласын азаматтардың белсенділігін арттыруда шешуші рөл атқарып келеді [2] . Бүгінгі таңда интернет конференциялар өткізу үлкен жауапкершілікті көздеп отыр. Әлем мемлекеттерінде бұл әдіс дәстүрге айналып кеткен.

Мақсат - ақпараттық технологияның дамыған заманында осы ғаламтор арқылы әлемдік медиа нарығына шығу. Еліміздегі БАҚ қызметінің интернет кеңістігіне өтіп, онлайн БАҚ үлгісін жасап, тек өз еліміз емес, сондай-ақ күллі әлемді әп сәтте ақпаратпен сусындандыру.

Міндет - жалпы ғаламтор кеңістігін (виртуалды) дұрыс пайдалана білу. Жастар мен жасөспірімдерге осы ғаламтордың мүмкіншіліктерін дұрыс қолдануын қадағалап, жақсы жақтарын үйрету.

Зерттеу нысаны. Сайт - (ағылш. Website, web - тор және site - орын) бұл интернеттегі HTTP/HTTPS протоколдары арқылы ашылатын бір немесе бірнеше веб беттердің қатынасы. Сайт беттері бір адрес, тақырып және логикалық құрылым мен авторлық арқылы бірігеді. Әлемдегі ең алғашқы сайт 1991 жылы тамызда пайда болды. Қазақстанда әзірге 3 мыңға жуық инетернет сайттары тіркелген. Оның 20-25 пайызы БАҚ құралдарының меншігі болса, қалғандары әр түрлі бағытта жұмыс жасайды. Оның ішінде банк қызметіне қатысты, жарнамалық қызмет көрсететін және ішінара жекелеген адамдардың сайттары да көптеп кездеседі. Зерттеу нысаны негізінен қазақ медиапорталдарынан: «Бүгінгі таңда ҚазNET-те 9 миллионнан аса қолданушы бар. 80 мыңнан аса домен атаулары тіркелген. Қолданушылардың нақты саны 2012 жылдың соңына қарай 9. 7 миллион адамға жеткен»

Әлеуметтік жүйелер - (ағылш. «social network» - әлеуметтік құрылым) әлеуметтік обьект болып саналатын бір-бірімен байланысты топтардан құрылған әлеуметтік қарым - қатынас [3] .

Интернет - журналистикаға бұрынғыдан өзгеше қалып, жаңаша мән әкелді. Финлияндианың ірі басылымының бірі - «Хельсингтен Саномат» газетінің шолушысы Пентти Садениеми интернет дәуіріндегі журналистің қызметіне былай деп сипат береді. «Жаңа технологиялар журналистің жұмысын жеңілдете әрі жайландыра түсті. Барлығында жеке компьютерлері бар, бұрынғысынша жүгіру, жан - жаққа телефон шалу, мекен жайларды іздеудің қажеті жоқ. Әріптестерімізбен электронды почта арқылы орнап тұрғандықтан, сұрау саламыз да, арғысына көп мазасызданбаймыз. Әсіресе, шетелдегі журналистермен қарым-қатынас жасау аса қолайлы». [4] Осыдан келіп автор интернетпен қоса келген журналистика саласына да өзі алаңдайтынын жасырып қалмады.

Ақпарат тасқынының ұлғаюына бірнеше фактор себеп болды: -Теледидарда спутниктік арналардың көбеюі; -Азаматтардың жаңа ақпараттық кеңістікті игеруі; -БАҚ-тың қоғамдық міндеттерінің азайып, ендігі оның коммерциялық мақсатта көбірек қолданылуы. Қазіргі уақытта біздің өмірімізде интернеттің қамтымаған саласы жоқтың қасы. Оның техникалық ерекшеліктерін түпкілікті түсіну үшін оның пайда болу тарихы мен даму жолдарын айналып өту мүмкін емес.

Теориялық мәнділігі мен ғ ылыми жаңашылдығы. Ғаламторға иек арта отырып жаңа бұқаралық ақпарат құралының бір түрі Интернет-БАҚ дүниеге келді. 1996 жылдан бастап елімізде интернет жүйесі жұмыс жасап, оны тұтынушылар саны «Actis System Asia» компаниясының деректері бойынша 2000 жылдың күзінде 360 мыңға жеткен. Интернеттің дәстүрлі БАҚ-тан айырмашылығы бірден байқалады. Оның ақпаратты таратудағы оперативтілігі мен интерактивтілігінде болып отыр. Зерттеудің ғылыми жаңашылдығын мынадан көре аламыз:

1) Ақпарат таратудағы жылдамдық

2) Сәт сайын жаңарып отыруы,

3) Аудитория жинаудағы алғырттылық,

4) Жаңалықтарға ұялы телефон көмегімен де қол жеткізе алу,

5) Кез-келген адам оқыған мәліметінің соңына пікір жаза алуында.

Практикалық маңыздылығы. Бірінші курсымда «Жас өркен» ЖШС-нің республикалық балалар мен жасөспірімдерге арналған «Ұлан» газетінен тәжірибе барысын осы шеберханадан бастадым. Екінші курсымда республикалық қоғамдық-саяси «Айқын» газетінен тәжірибе алып қайттым. Үшінші курсымда «АйнаLine» жастар сайтына барып, тәжірибе жинақтадым. Мұнда сайттағы шапшаңдық пен тығырықтан тез шығу тәсілдерінен хабардар болдым. Төртінші курсымда республикалық қоғамдық-саяси журнал «Тәуелсіздіктің ақ таңы» журналында тәжірибемді одан әрі толықтырдым. 2013 жылы әлеуметтік желілерде жұмыс жасауды арттыру мақсатында өткізілген тренингке іріктеу арасынан өтіп, қатысуға мүмкіндік алдым. Сонымен қатар massaget. kz, aitaber. kz сайттарының тұрақты блогерімін. Осы блогерлік еңбегімнің арқасында 2014-2015 жылдары тәжірибе алмасу мақсатында блогқұрылтайға барып қайттым. Сонымен қатар қосымша бірнеше республикалық басылымдарға материалдарым жиі шығып тұрды.

Теориялық және әдіснамалық негіздері. Дипломдық жұмыс түрлі сайттар мен оқулықтарға, газет беттеріндегі материалдарға сүйене жазылды. Атап айтар болсақ, «Жаңа медиа: монологтан диологқа», «Журналистік білім беру: иновациялар, жаңа технологиялар» Шибұтов М. Қазақстан журналистерінің тәжірибесінен (тәжірибелік нұсқаулық) - Алматы, 2008. - 23 бет. Еркімбай А. Media Emerging журналы - Алматы, 2008. - 23 бет. Попов А. Блогтар әсер етудің жаңа саласы - Мәскеу, 2007. - 17 бет. Қозыбаев С. Масс-медиа словарь-справочник - Алматы: Экономика, 2007. - 14-19 беттер. Блогстан 2010 Үздік блогтар - Алматы: Арыс, 2010. - 87 бет.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ИНТЕРНЕТ - АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

1. 1 Қазақстандағы электронды ақпараттандыру процесі және жаңа медиа туралы түсініктің пайда болуы

Интернет - мемлекет аралық шекараларды мойындай бермейтін дербес бір әлемге, айналып отыр. Компьютердің қай мемлекет аумағында орналасқандығынан хабардар етіп отыратын тек домен ғана. Ал ең алғашында әлемтордағы домендер саны саусақпен санарлық еді. Оның барлығы тек АҚШ аумағында ғана қолдану үшін ойлап табылған.

- . gov (goverment) - үкіметтік және мемлекеттік ұйымдар жүйесі;

- . edu (education) - университеттер және т. б. оқу орындарының жүйесі;

- . org (organization) - түрлі қоғамдық ұйымдардың жүйесі;

- . com (commercial) - коммерциялық ұйымдардың жүйесі;

- . mil (military) - АҚШ қорғаныс министрлігінің жүйесі; - . net (network) - телекоммуникация операторларының жүйесі.

Бүгінде саяси, әлеуметтік жағдайлар өзгеріске ұшырады. Бұл домендер қазір АҚШ меншігі ғана емес, Бірінші деңгейдегі Ұлттық домендер тобын құрайды. Ал Екінші деңгейдегі топқа мемлекеттердің географиялық домендері кіретін болды. Әлемторда Қазақстан - . kz доменімен таныстырылған. Совет үкіметі кезіндегі домен - . su (Soviet Union), 19. 09. 1990 жылы InterNIC (International Network Information Center) базасында тіркеліп, Бірінші деңгейдегі топқа кіретін. Кеңес Одағы тараған соң, 1992 жылы дүниеге . ru домені келеді. Ал, 19. 09. 94 жылы LANA мәліметтер жинағында . kz домені алғаш рет тіркеледі. Қазіргі уақытта барлық сайттарды тіркеп, статистика жүргізетін бірден-бір «орган» 1999 жылы қыркүйекте Әділет Министрлігі тіркеген KazNIC коммерциялық емес ұйымы. Соңғы мәліметтер бойынша, KazNIC-те 3000-ға тарта Қазақстандық сайт тіркеліп отыр [5] .

Ең алғаш жүйелік басылымдар шыға бастағанда кейбір мамандар бұл жаңалықтың дәстүрлі басылымдардың беделіне қауіп төндіреді деген пікірлерін де жасырмады. 1996 жылы АҚШ-та «online режимінде жұмыс істейтін дәстүрлі БАҚ-ң электронды нұсқасын жасау қаншалықты тиімді болады?» деген сұрау жүргізген еді. Сонда респонденттердің 45%-ы оның сәтті болатынына күмән келтіріп, тіпті ондай жағдай әдеттегі газет-журналдар беделінің өсуіне кедергі болады деп жауап берген. Ал басқа 44%-ы керісінше, ондай үрдіс өте тиімді болады деген пікір білдірген.

«Сайт - (ағылш. website, web - тор және site - орын) бұл интернеттегі HTTP/HTTPS протоколдары арқылы ашылатын бір немесе бірнеше веб беттердің қатынасы. Сайт беттері бір адрес, тақырып және логикалық құрылым мен авторлық арқылы бірігеді. Әлемдегі ең алғашқы сайт 1991 жылы 6 тамызда пайда болды. Әлеуметтік жүйелер - (ағылш. «social network» - әлеуметтік құрылым) әлеуметтік объект болып саналатын бір-бірімен байланысты топтардан құрылған әлеуметтік қарым-қатынас. Стартап (ағылш. тілінде Startup) деген терминнің бірнеше мағынасы бар:

1. Startup company - жаңа ашылған немесе жақында құрылған компания;

2. Компьютерлік технологияларда «startup programs» - компьютерді желіге қосқан кезде автоматты түрде істейтін бағдарламаларды айтады»

Web 2. 0 - Веб 2. 0 концепциясы «O’Reilly Media» басылымның және «MediaLive International» компаниясының бірлескен «миға шабуылында» (brain storm) пайда болған. Көп концепциялар тәрізді Веб 2. 0-дің де нақты шекарасы жоқ. Веб 2. 0-ді бірнеше ереже және эмпирикалық тәжірибе түрінде елестетуге болады. Олардың бәрі күн жүйесі сияқты біріккен. Веб 2. 0 - бұл интернеттегі жаңа эволюцияның кезеңі, жаңа технологиялар мен жаңа мүмкіндіктер. Негізгілер: AJAX-қарапайым тілмен айтататын болсақ, бұл қайтадан жүктеусіз-ақ веб-бет мазмұның өзгерту технологиясы, оффлайн қосымшалары сияқты. Сонымен қатар: «Google» сервистері, «RSS», «Torrent», Ілмектер (tags), «Wiki», Блогтар т. б.

Бүгінде интерфейс термині бұқаралық ақпарат құралдарының бір түрі ретінде еніп отыр. Интерфейс сөзі «ағылшын тілінен аударғанда «interface»-бөлімнің үсті деген мағынаны білдіреді. Ол - байланыстың орнын анықтайды» [6] .

ТМД аймағында Интернет тұрақты қарқынмен дамып отырғанмен, шын мәніндегі БАҚ сипатына саятын сайттар кейінірек, шамамен 1995 жылы пайда болған. Д. В. Смирнов өзінің аталған еңбегінде Ресей Интернетінің хронологиясын 1995 жылдан бастап жасағанын былай деп түсіндіреді: «1995 жылға дейін Ресейдегі интернетті бар дегеннен гөрі жоқ деуге болатын еді. Ал бар дегеннің өзінде, ондағы дүниелердің саны мен сапасы БАҚ демек түгіл сайт деген сипат беру қиын соғатын. Сонымен бірге оның пайдаланушылары тым аз болғандықтан, интернеттің бұқаралық сипатын да жоққа шығаруға тура келеді». Қазақстандық интернеттің «туған күні» қашан деген сұрақтың екі жауабы бар. Біріншісі - 1991 жылдың көкек айында. Сол жылы «Парасат» фирмасы базасында Relcom жүйесінің Қазақстандағы алғашқы аймақтық торабы ашылған болатын. Бұл торап UUCP протоколы бойынша электорндық пошта қызметін көрсететін. Ал екінші туған күні - Қазнеттің дүниеге келген 1994 жыл, қыркүйек айының 19-ы осы күні алғаш рет KZ домені тіркелген еді. Сол жылдың аяғында Қазақстандық сайттардың саны 15-ке жетеді. Олардың қандай сипатта болғаны туралы мәліметтер, адрестері қазіргі уақытта нақты сақталмаған. KZ доменімен таныстырылған сайттар саны бүгінде 3000-нан асты. Қазіргі таңда Қазақстандық сайттардың ең толық тізімі «www. site. kz - Весь WWW Казахстан» сайтында орналасқан. Интернет пайдаланушыларының арасында аса танымалдары негізінен іздеу қызметтері.

Жаңа медиа, қоғамда журналистиканың жаңа формасын туғызды. Ол құбылыс азаматтық журналистика, интернет-журналистика деген атпен танымал. Жаңа медиа ақпараттың мәтінге тәуелділігін жойды. Себебі, мультимедиялық, графикалық ақпараттың таралуы мәтіндік жүйенің баламалы тенденциясына айналды. Түсінікті де қысқа гипермәтіндер, газет-журнал мәтіндерінің қатталуы, радиотелевизия және баспасөз мұрағаттың қолжетімділігі, іздеу жүйесінің ыңғайлылығы, интерфейстің тартымдылығы бұқаралық ақпарат құралдарын ыңғайлы ете түсті. Жаңа медиа қоғамдағы демократиялық үдерістердің дамуына оң үлес қосуда. Цензураның құрсауын белгілі бір межеге дейін жойды. Интернет, БАҚ-тардағы аудиториямен байланыстың әдістерінің болуына, ақпарат тұтынушыларының ой мен сөз еркіндігіне мүмкіндік берді. Аудиторямен тығыз қарым-қатынас ісі, оларды медия жүйесіне тарту, қоғамдық мәселелерді талқылауға қатыстыру жаңа медианың әлеуметтік маңызын арттыра түсті. Мәселен, тұрақты жұмыс жасап жатқан Abai. kz ақпараттық порталы, «Мінбер» Ұлттық интернет газеті, «Замандас», Baq. kz секілді сайттардағы түсіндірме, түсініктеме (комментарий) жазушылардың өздері ашық пікірталасқа барып, айтысып жатады. Не болмаса материал туралы өз ойларын ортаға салады. Мұның өзі белгілі бір деңгейде сөз еркіндігі бар екенін аңғартады. Бұрынғы кездерде кері байланыс тек хат немесе радиотелевизияда телефон арқылы ғана орнатылса ғаламтор енген қазіргі кезеңде онлайн хат алмасу мен электронды пошталардың демалыссыз жұмыс істеуі он-лайн тілдесулердің ұйымдастырылуы еліміздің демократиялық принціптерін жүзеге асырады.

Қазақстандағы ақпарат тарататын белсенді сайттар:

1. abai. kz - Қазақ интернеті Абай Құнанбайұлы туралы жаңа бір ақпарат тарататын порталмен толықты. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті жанындағы институтының жаңа сайты Абай шығармашылығы туралы тың зерттеулер, естеліктер абайтанушы ғалымдардың еңбегін өз оқырмандарына жүйелі түрде ұсынып отырады. Сайттан Абай әлемін танымаққа талпынған әр адам өзіне қажетті дүниені таба алады.

2. baq. kz - Қазақ тілді интернет порталы. Сайттың басты мақсаты - интернеттегі қазақ тілді басылымдардың басын қосу. Сайтта қазақ тілді басылымдар өз өнімдерін жариялауға мүмкіндіктері бар. Бүгінде онда 29 газет, 6 журнал тіркелген. Газеттер: Айқын, Ақтөбе, Алаш айнасы, Алматы ақшамы, Алтын Орда, Жас Алаш, Жас қазақ, Жас қазақ үні, Жетісу, Замана, Қазақстан-Заман т. б. газеттер. Журналдар: Ақиқат, Алаш, Жалын, Мөлдір бұлақ, Мұқағали, Үркер.

3. qamshy. kz - «Дауа қамшы» - «Қамшы» сайтының алғашқы қосымшасы. Басты назарда - әлемдегі медицинаның иесі Қытай шипагерлігін Алаштың аман-саулығы үшін пайдалану. Сайттың мақсаты, қала берді еліміздің кез-келген емдеу орталықтарымен тығыз байланыс орнатып, озығы мен тозығын оқырман таразысына салу.

4. ult. kz - «Ұлт порталы» - биліктің де, оппозициялық күштердің де сойылын соқпақтайтын бірден-бір сайт. Порталдың мақсаты - Қазақ елінің дамыған, демократиялық құндылықтар, салтанат құрған елге айналу үшін аянбай еңбек ету. Порталдың міндеті - әрбір Алаш баласын озық ойлы, жаңа технологияларды меңгерген, әлеуметтік деңгейі жоғары, білімді, дүниетанымы кең азаматқа айналуына еңбек ету.

5. zhanaoi. kz - «Жаңа-ой Орталығы» - ақпараттық технологиялар саласын дамыту, осы салада білім беру және қызмет көрсету саласында ашылған. Мақсаты - заманауи технологияны, интернетті жақсы ниетте пайдаланып, халықтың ізгілігі үшін қызмет ету. Абай айтпақшы, «сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та, бар қалан».

2012-13 жылғы ашылған тақырыптық қазақ сайттары

Кейінгі уақытта қазақша сайттар арасында тақырыптық сайттар көбейе бастады. Бұл да деңгейдің өскенін білдіреді. Сондай сайттардың кейбіреулерін атап кетсек.

Ekpin. kz - мәдени-танымдық журнал

Aitaber. kz - блогтұғырнама

Aikarakoz. kz - қыз-келіншектерге арналған сайт

Zhanaoi. kz - IT, бизнес, мотивациялық сайт

Qamshy. kz - ақпараттық портал

IT-tirlik. kz - IT саласындағы ”IT-tirlik” онлайн-журналының сайты

Shyn. kz - ақпараттық портал

Bilimpaz. kz - ақпараттық портал

Muslim. kz - діни портал, «Әзірет Сұлтан» мешітінің ресми сайты

El. kz - әлеуметтік желі

Kazbash. kz - қазақша әзілдер сайты

Sportsarap. kz - спорт портал

Aikap. kz - ақпараттық портал

Wifi25. kz - Wi-Fi25 шығармашылық тобының сайты

Kereknews. kz - латын қарпіндегі ақпараттық портал

Maqam. kz - IT саласындағы сайт

Blogsport. kz - спорт тақырыбындағы блогтұғырнама

Inspiremedia. kz - “Inspire Media” продюсерлік орталығының сайты

Kokbori. kz - Халықаралық IT университеті студенттерінің ақпараттық порталы

Naqyl. kz - қазақша мотиваторлар сайты

ҚазNet-тің жетістіктері мен кемшіліктері:

Порталдың дамуының түрлі жолдары бар. Көптеген қазіргі кезде әлемге әйгілі мегапорталдар, мысалға Yahoo, Lycos және т. б. алғашқысында жай ғана іздеу тетігі болып құрылды, бірақ уақыт өткен сайын қолданушыларға ақпараттарды құрылымды түрде жеткізу мүмкіндігіне ие болып қосымша қызмет, яғни электрондық пошта және т. б. қызметтерді жүзеге асыратын болды. Қазіргі кезде мега-порталдармен электронды медиа-компаниялар тығыз байланыста. Соның нәтижесінде мегапорталдар дәстүрлі медиа- ақпараттарды жеткізуші бір арна болып есептеледі.

Әрине, жаңа жаһандық жүйенің өзіне тән ерекшелігі де болары хақ. Енді интернеттегі сайттардың ерекшелігіне тоқталайық:

- ақпараттың үнемі жаңарып тұруы;

- сайттарды тұтынудың жоғарылығы;

-тұтынушылардың өздері баға беріп отырады, басқа сайттармен салыстыра алады;

- веб-басылымның беделдігі, ақпараттық жобаның танымал болуы;

- кәсіби дизайн (сапалы, заманауи, мазмұнды) ;

- аудиторияның әр алуандығы;

- өзектілігі және таңдау мүмкіндігі;

- мұрағаттау мүмкіндігі;

- интерактивтілігі;

- мультимедиалығы;

- аудиториямен тығыз байланыс, тұтынушы тікелей байланысқа шыға алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ коммуникация жүйесіндегі жаңа технологиялар
Өзінің Бақылау революциясы
Қазақ тілді интернет-журналистика: бүгінгі жағдайы мен болашақ дамуы
Туристік өнімді жылжытудағы жарнаманың ролін анықтау және ұлттық туристік өнімдерді жарнамалауда кездесетін мәселелер мен оларды шешу жолдары
Бұқаралық ақпарат - маңызды тәрбие құралы
Ақпарат құралдарының тәрбиеге ықпалы
ҰЛТАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ ЭТНИКАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА ТАРИХЫ МЕН ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Ақпарат қоғамының философиялық аспектілері пәні бойынша лекция жинағы
Саяси процестегі БАҚ рөлі
Ақпарат құралдарының жасөспірімді тәрбиелеуге ықпал ету мүмкіндіктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz