Экономикадағы интеграциялық процестер


КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан үшін интеграциялық бірлестіктердің құрылуы ерекше мәнге ие, өйткені оның халықаралық экономикалық интеграцияға қатысуы жоғары экономикалық өсуді қамтамасыз етудің, оның толық құқылы мүше ретінде әлемдік қауымдастыққа кіруінің шарты болып табылады. Қазақстан Республикасы интеграциялық процестердің белсенді ұйымдастырушысы және алғашқы көшбасшыларының бірі болып табылады. Қазіргі кезде бірде бір ел оқшауланған түрде өмір сүре алмайды, сондықтан интеграциялық процестер өмірлік қажетті болып табылады.
Интеграция процестерін зерттеулерге ерекше маңыздылықты интеграцияланушы елдер экономикасының аграрлық сияқты маңызды саласының даму тұрақтылығын қамтамасыз ету сияқты елеулі мәселелер береді. Евразциялық қауымдастық шеңберіндегі қарқынды интеграция қазіргі кезеңде перспективті тенденцияға айналып отыр. Өйткені мемлекетаралық бірлестіктерге интеграциялану процесі тауар нарықтарындағы және бірінші кезекте бәсекелік ортаны өзгертсе, азық-түлік өнімдерін өндірудің табиғи және экономикалық шарттары, сондай-ақ оған деген тұтынушылық сұраныстың мөлшері мен құрылымы бойынша елдердің түрленуі өндірістің аграрлық секторына оның дамуына әртүрлі ықпал ете отырып, әртүрлі талаптар қояды.
Қазіргі уақытта Еуразиялық интеграцияның Қазақстанның аграрлық секторына ықпал етуінің екі жақты сипаты көрініс табады. Бір жағынан, бәсеке алаңы мен бәсекелік орта кеңейеді, бұл бәсекелік қабілеттілікті арттыру және соңғы қорытындысында өз өнімдерінің өткізу нарығын кеңейту үшін отандық кәсіпорындарға қарқын береді Екінші жағынан өндірістің қызмет етуінің бірыңғай экономикалық режимі ұлттық нарықта ресейлік және беларус өнімдерінің күшеюіне алып келеді, яғни азық-түлік қауіпсіздігіне қатер тудырады. Экономиканың аграрлық секторы мен мемлекетаралық қатынастарда болып жатқан өзгерістер ауыл шаруашылығы мен онымен байланысты АӨК салаларында интеграция формаларын одан әрі дамыту қажеттігін шарттайды. Елдердің агроөнеркәсіп өндірісінің жағдайы, олардың Еуразиялық интеграцияны құру жағдайындағы өзара әрекеті мен өзара байланысы, бірыңғай экономикалық саясат негіздерін қалыптастыру ішкі мемлекеттік, сондай-ақ мемлекетаралық деңгейде интеграцияның даму бағыттарын анықтауға жаңа тәсілдерді талап етеді.
Қазақстан ішкі нарық қажеттіліктерінен едәуір асатын көлемде азық-түлік тауарларының кең ассортиментін өндіру үшін нақты мүмкіндіктерге ие. Алайда, қазіргі уақытта азық-түлік әлеуеті тиімсіз қолданылып отыр. Бұл жөнінде көпшілігі отандық кәсіпорындарда өндіріле алатын тамақ өнімдері импортының ұтымсыз құрылымы куәландырады. Демек, азық-түлік сферасында өндірістік-экономикалық қатынастар жүйесін жаңартуды ұйымдастырудың, оның дамуын стратегиялық басқарудың, азық-түліктің ұдайы өндірісінің бүкіл процесін модернизациялаудың ғылыми тәсілдерін іздеу қажет. Осының барлығы АӨК-гі мемлекеттердің экономикалық интеграциясын дамыту бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеу экономикалық дағдарыстан шығу, агроөнеркәсіп өндірісін кезекті тұрақтандыру мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үлкен мәнге ие екендігін куәландырады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Көптеген елдердің аграрлық секторында кең қолдау тапқан интеграциялық процестердің теориялық негіздерін әзірлеуге едәуір үлесті А. В. Чаянов, Н. Д. Кондратьев сияқты белгілі ғалымдар қосқан. Интеграция мәселелері, атап айтқанда кедендік одақ шеңберіндегі интеграция мәселелері бойынша экономист ғалымдар - Б. Хусаинов, Л. Э. Лимонов, Н. Ю. Одинг, Д. В. Кадочников, Л. И. Савулькин, А. М. Анисимов, Г. Рахматулинаның зерттеу нәтижелері қызығушылық танытады. Онда кедендік одаққа мүше - мемлекеттердің экономикасының даму тенденциясын талдау нәтижелері, нарық көрсеткіштерінің қарқыны мен интеграцияны дамыту бойынша мәселелер берілген.
Соңғы жылдары аграрлық сферадағы экономикалық интеграцияны дамыту мәселелері А. С. Есимов, Т. И. Есполов, Г. А. Калиев, А. Б. Молдашев, А. И. Гиззатова., Г. К. Джанчарова, Г. Н. Накипова және басқа да қазақстандық экономист ғалымдардың еңбектерінде зерттелген. Алайда азық-түлік нарығының қалыптасуы, қызмет етуі мен реттеу мәселелеріндегі тәсілдер интеграциялық даму шарттарын ескерусіз қарастырылған, инновациялық қызметті есепке ала отырып, азық-түлік нарығының көріну формаларын анықтайтын әртүрлі факторлардың өзара әрекеті мен өзара байланыстары, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы қатынастарды жетілдіру мәселелері жеткілікті толық ашылмаған.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу мақсаты Қазақстанның аграрлық нарығынаинтеграциялық процестердің ықпалын зерттеу болып табылады. Қойылған мақсатты жүзеге асыру келесі мәселелерді шешуді көздейді:
- аграрлық сфераға қатысты мемлекетаралық экономикалық интеграцияның мазмұны мен ерекшеліктерін қарастыру;
- қазіргі кезеңдегі отандық азық-түлік нарығының мәселелері мен интеграциялық процестердің ықпал ету факторларын талдау;
- экономикалық интеграция жағдайында экономиканың аграрлық секторын мемлекеттік реттеу бағыттарын қарастыру;
- аграрлық сферада экономикалық интеграцияны дамытудың перспективті бағыттарын негіздеу.
Зерттеу пәні мен нысаны. Зерттеу пәні Қазақстанның агрралық нарығында экономикалық интеграция формаларын дамыту процесінде қалыптасатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Зерттеу нысаны: Қазақстанның аграрлық нарығы мен ауыл шаруашылық тауарөндірушілерінің қызметі.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздерін азық-түлік нарығының қызмет ету ерекшеліктері мен аграрлық саясат бағытындағыресейлік, қазақстандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері құрайды. Зерттеу барысында ҚР-ның 2013-2020 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша Бағдарламасы (Агробизнес-2020) шеңберінде азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеудің нормативтік және құқықтық актілері, анықтамалық материалдар мен статистика жөніндегі ҚР-ның Агенттігінің мәліметтері, ҚР Президентінің Жарлықтары мен Үкімет Қаулылары, ресми мерзімді басылымдарда жарияланған материалдар қолданылды.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы азық-түлік нарығын дамытуғаинтеграциялық процсетердің ықпалын бағалай отырып, оны дамытудың тетіктерін негіздеумен анықталады. Зерттеу барысында анықталған нәтижелер аграрлық секторды мемлекеттік реттеуді жетілдіруге негіз бола алады.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы. Зерттеу жұмысының жаңалығы аграрлық нарықты дамытуға ықпал ететін тетіктердің жиынтығынан тұратын экономикалық механизмді қолданысқа енгізу бойынша ұсыныстар беру болып саналады. Сондай-ақ, зерттеуді жүргізу барысында төмендегідей нәтижелерге қол жеткізілді:
- Қазақстанның аграрлық нарығындағы интеграциялық процестердің ерекшеліктері қарастырылды;
- интеграция жағдайында азық-түлік нарығын дамытудың бағыттары мен мемлекеттік реттеу жолдары негізделді.
Дипломдық жұмыстың көлемі мен құрылымы: Дипломдық жұмыс 69 бетті қамтыған кіріспеден, үш негізгі тараудан, қорытынды мен ұсыныстардан тұрады. 7 кесте, 11 сурет тіркелген. Қолданылған әдебиеттер тізімі 36 атауды қамтиды.
Бірінші тарауда экономикадағы интеграциялық процестерді дамытудың объективті .
Екінші тарауда Қазақстандағы азық-түлік нарығының қазіргі жағдайы мен интеграция жағдайындағы оларды дамытудың факторларыталданған.
Үшінші тарауда интеграция жағдайындағы отандық азық-түлік нарығын дамытудың негізгі бағыттары мен .
1 ЭКОНОМИКАДАҒЫ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ ДАМЫТУДЫҢ ОБЪЕКТИВТІ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
1. 1 Экономикалық интеграция: мәні және даму ерекшеліктері
Интеграциялық процестердің дамуы халықаралық тауар айырбасы мен оларды өндіретін факторлар қозғалысының артуы заңдылықты нәтижесі болып табылады. Бұл елдер арасындағы тұрақты өндірістік өнім өткізу байланыстарын қалыптастыру және халықаралық сауда мен өндіріс факторлары қозғалысындағы көптеген кедергілерді жоюды қажет етеді. Бұны жүзеге асыру мемлекетаралық интеграциялық бірлестіктер деңгейінде көпжақты саяси келісімдер негізінде мүмкін болады.
Қазіргі кездегі әлемдік кеңістікте екі тенденция көрініс алған, атап айтқанда:
- Біріншіден, әлемдік шаруашылықтың біртұтастығы, оның ғаламдық сипатының күшеюі;
- Екіншіден, аймақтық деңгейде елдердің экономикалық жақындасуы және олардың өзара бағыныштылығының нығаюы;
Әртүрлі интеграциялық процестер мен топтардың тәсілдері, идеологиясы, анықтамалары мен аттарының бөлектігіне қарамастан олардың кейбір жалпы белгілері мен заңдылықтарын бөліп қарастыруға болады. Тарихи интеграция эволюциялық дамитын бірнеше негізгі сатылардан тұрады және оның әрқайсысы интеграцияның жетілу дәрежесінің көрсеткіші болып есептеледі.
Бірінші деңгейде мемлекеттер өзара жақындасудың алғашқы қадамы ретінде преференциалдық сауда келісімдерін жасайды. Бұл келісім жеке мемлекеттер арасында екі жақтылық негізінде қалыптасқан интеграциялық топ пен жеке мемлекет не мемлекеттер тобының арасында жасалуы мүмкін.
Интеграцияның екінші деңгейінде мемлекеттер екі жақты сауда, кедендік тарифтерді жай ғана қысқартуды емес, оны мүлдем алып тастауды көздейтін еркін сауда аймағын (ЕСА) құруға көшеді, бірақ үшінші елдермен қатынаста ұлттық кедендік тарифтер өзгертілмейді.
Интеграцияның үшінші деңгейі Кедендік одақ (КО) құруға негізделген. Бұл ұлттық кедендік тарифтер тобын келісімді түрде алып тастап, үшінші мемлекеттерге қатысты сауданы реттеуде ортақ кедендік тарифтік емес жүйесін қолдану болып табылады [1] .
Интеграциялық процестің төртінші деңгейі ортақ нарыққа жеткенде интеграцияланатын мемлекеттер тек тауарлар мен қызметтердің ғана емес, өндіріс факторларының - капитал және жұмыс күші қозғалысының еркіндігі туралы келісім жасайды. Біріңғай сыртқы тариф негізінде өндіріс факторларының мемлекетаралық қозғалысының еркіндігі ұйымдық тұрғыдан сыртқы саясат, мемлекетаралық үйлестердің анағұрым жоғарғы деңгейін талап етеді. Экономиканы интеграциялау оған қатысушылардың әрқайсысына, өзара саудамен шектелген елдерге қарағанда, қосымша «жүйелі эффект» деп аталатын артықшылықтарды алуға жағдай жасайды. Екінші жағынан алғанда, мемлекеттердің мұндай ынтасы, әлемде болып жатқан сапалық өзгерістерді көрсетеді және де қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларындағы, ең алдымен экономикалық жүйедегі интеграциялық процестердің дамуына жасалған оңтайлы жағдайлардан туындайы.
Біріншіден, әлем салыстырмалы түрде әскери шиеленістерден біршама сақтану жүйелерін қалыптастыра бастады, әрі әскер қырғи-қабақ саясаты жойылуда. Әлемдегі екі жүйенің ғаламдық қарсы тұруы жойылды. Елдер арасындағы даулы мәселелер мен шиеленістерді өз уақтысында шешудің көптеген механизмдері жасалды. Әрине, Югославия және жеке елдердегі оқиғалар жалпы мемлекетаралық мәселелердің тұрақтылығы, сенімділігі мен келісімділігін терістей алмайды.
Екіншіден, әлемде әр түрлі елдердің капиталдарының өзара кірігуінің қарқындылығы артты, сыртқы сауда қатынастарының ырықтандырылуымен халықаралық сауда ұлғаюда.
Үшіншіден, әлемде соңғы жылдары елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты реттеудің сенімді және тиімді механизмдері жасалып, табысты қолданылуда. Бұлар - кедендік, төлемдік, валюталық, экспорттық-импорттық және т. б. механизмдер мен нормалар.
Төртіншіден, жоғары технология және озық техниканың, информатика және т. б. қарқынды дамуы еңбек өнімділігін шұғыл арттыруға, тіпті жеке елдер мен аймақтардың нарығының тар болуына әкелуде. Оларға тауарлар мен қызметтер айналымының үздіксіздігін тездету қажеттілігі, осыған бөгет жасайтын барлық кедергілерді жою үшін елдер арасындағы өнім алмасуға қатысты мәмілелерді неғұрлым көбірек жеңілдетуге итермелейді.
Бесіншіден, әлемдік нарықтағы бәсекенің сипаты мен ауқымы өзгерді. Жеке елдердің экономкасы дамуына және еңбек бөлінісінің тереңдеуіне байланысты бәсеке ел ішіндегі фирмааралық деңгейден шығып, еларалық, халықаралық сипат ала бастады.
Алтыншыдан, кейінгі жағдайлар айқын көрсеткендей, аймақтардың экономика және қаржы-қаражат нарықтарының өзара тәуелділігі күшейді. Оңтүстік-Шығыс Азия, Жапония және Латын Америкасы дағдарыстары аймақтардағы жеке елдер мәселесін ғана емес, бүкіл әлемдегі экономикалық жағдайды қамтиды [2] .
ХХ-ғ. Екінші жартысынан бастап жетекші индустриалды елдердің қарқынды экономикалық дамуы нәтижесінде және халықаралық транспорт пен байланыс құралдарының жетілдірілуіне байланысты тауарлар мен қызметтердің халықаралық саудасы күрт ұлғайды. Халықаралық сауда бірте-бірте өндіріс факторларының (капитал, жұмыс күші, технология) халықаралық қозғалысының әр түрлі формаларымен толықтырыла бастады.
Әлемдік шаруашылықтағы интеграциялық өзгерістің экономикалық немесе саяси жақтарының абсолютизациясы мүмкіндігі екі көзқарас тұғысында қарастырылады:
- Біріншіден, интеграция халықаралық экономикалық байланыстарының кездейсоқ дамуымен теңдестіріледі;
- Екіншіден, интеграцияның барысы ресми түрде құрылған экономикалық одақтар шеңберінде әрекет етеді.
«Интеграция» термині алғашқы рет неміс және швед ғалымдарымен ХХғ. 30-шы жылдарында қолданған болатын. Интеграция түсінігі қайта құру, қосылуды білдіретін inteqratio деген латын сөзінен шыққан.
Қазіргі экономикалық сөздік анықтамасы бойынша, интеграция (латын тілінен «integer» - толық) - экономикалық тұлғалардың бірігуі, олардың өзара әрекеттесуінің тереңдеуі, өзара байланыстардың дамуы. Экономикалық интеграция өндірістік-технологияық байланыстарын кеңейту мен тереңдетуі, ресурстарды бірлесе пайдалану, капиталдар бірігуі, сонымен қатар бір-біріне қолайлы жағдай жасау аркылы экономикалық іс-әрекеттерге өзара «кедергілерді» жою бағыттарында айқын көрінеді. Сонымен интеграция экономикалық субъектілерді біріктіру, олардың өзара іс-қимылын тереңдету, олардың арасындағы байланыстарды дамыту. Экономикалық интеграция елдің ұлттық шаруашылықтары деңгейінде де, кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың, корпорациялардың арасында болады.
Интеграция мынандай түрлерге бөлінеді:
- сатылас интеграция - бір сала немесе топтар, бөлшектер, соңғы өнім үшін қажетті жинақтаушы және басқа бұйымдар шығаруға маманданған, сипаты жағынан өнеркәсіп салалары кәсіпорындарының өндірістік кооперациясы;
- деңгейлес интеграция - өндірісі технологиялық ортақтағымен және шығарылатын өнімнің біртектілігімен сипаталатын кәсіпорындар бірлестігі;
«шеңберлес интеграция» - бір нарықта әрекет ететін, бір-бірімен бәсекелесетін компаниялардың қосылуы [3] .
Экономикалық интеграция - терең тұрақты өзара байланыстарды дамыту және ұлттық шаруашылықтар арасындағы еңбек бөлінісі негізінде елдерді шаруашылық-саяси мемлекетаралық бірігу процесі. Экономикалық интеграцияның мақсаты - ұлттық экономиканы жақындастыру және экономикалық міндеттерді бірлесіп шешуді қамтамасыз ету. Бұл үшін жекелеген фирмалар экономикалық келісімдер жүйесін қалыптастырады, мемлекет аралық деңгейде филиалдар құрады, мемлекеттің экономикалық бірлестіктері құрылады және келісілген ұлттық саясат анықталады.
Интеграцияның аймақтық сипаты бар. Ол былай байланысқан, яғни өндірістің интернационализациясы біртегіс жүрмейді және де интеграцияның алғышарттары ең алдымен шаруашылық байланыстары өте тығыз аймақтарда қалыптасады.
Интеграция өзіне тән бірнеше маңызды белгілермен сипатталады, яғни:
- ұлттық өндірістік процестердің өзара енуі мен тоғысуы;
- өндіріс, ғылыми және техникадағы халықаралық специализация мен кооперацяның кең түрде дамуы;
- интеграцияға қатысушы елдердің экономикасындағы тереңдетілген құрылымдық өзгерістер;
- интеграциялық процестердің мақсатты түрде реттелуі, координацияланған экономикалық стратегия мен саясаттың жасалуы;
- интеграция кеңістік масштабтарының аймақтылығы.
Интеграциялық процесс бүтін жүйенің жекелеген салаларын қамтиды: өндіріс, айналым (тауар, қызмет, капитал, ақша массасы, бағалы қағаз және т. б. ), шешім қабылдау сферасы (фирма, кәсіпкерлік одақ, ұлттық үкімет, халықаралық, үкіметаралық және ұлттық ұйымдар) .
Интеграцияның алғышарттары алуан түрлі болып келеді. ҒТП-тің қазіргі таңдағы жағдайында экономиканың өте терең түрде өзара енуі және бірігуі көптеген елдер үшін объективті қажеттілік болып табылады. Бұл қажеттілік ең алдымен, жоғары дамыған елдерде, әсіресе шектелген экономикалық ресурстары және ішкі нарықтары бар елдерде көрініс тапқан. Мұндай елдер үшін экономикалық мүмкіндікті өте тиімді пайдалануға және ҒТП-тің жоғары қарқынмен жетуге болады.
Көптеген мемлекеттер үшін экономикалық интеграция ғылыми-техникалық зерттеулерде өте тиімді мүмкіндік береді.
Ресурстарды пайдалануың тиімділігін жоғарлату арқылы интеграция экономикалық дамудың жаңа көздерін қозғалысқа келтіреді және сол арқылы интеграцияға қатысушы елдердің экономикалық және саяси көзқарасын жақсарту үшін жағдайлар жасауға ықпал етеді.
Белгілі бір елдердің интеграциясының қажетті шарттары:
- біріншіден, тауарлардың қозғалысын қамтамасыз ететін дамыған инфрақұрылымның болуы;
- екіншіден, үкімет орындары тарапынан белгілі экономикалық және саяси шешімдердің қабылдануы.
Интеграцияланушы шаруашылықтардың бір-бірін өзара толықтыруы олардың экономикалық дамуына да байланысты, бұл кезде даму деңгейлері бірдей, ең алдымен өндірісі дамыған елдер (мысалы, Еуропалық одақ, Еркін сауданың Еуропалық ассоциациясы) тез арада интеграцияланады.
Сонымен бірге интеграцияның барысы өздерінің табиғаты бойынша қарама-қайшылықты және көп қырлы болып келеді.
Интеграциялық процеске экономикалық себептер ғана емес, саяси өзгерістер де әсер етеді.
Бұл әсіресе әлемдік шаруашылықтың шет аймағына қатысты болады. Осы жерлерде, өндіргіш күштердің дамуының төмен деңгейіне және еркіндік алған елдердің бұрынғы метрополияларымен тығыз байланысты болуына қарамастан, аймақтық экономикалық топтарды құру барысы белгілі бір жылдарда, индустриясы дамыған мемлекеттер арасындағы байланыспен салыстырғанда, қарқынды түрде жүріп жатыр.
Көптеген экономистер мемлекеттер интеграциясының мынандай алғышарттарын бөліп көрсетеді:
- интеграцияланушы елдердің экономикалық даму деңгейі мен нарықтық дәрежесінің бірегейлігі. Мемлекетаралық интеграция, көпшілік жағдайда, индустриалды мемлекеттер арасында немесе дамушы елдер арасында қалыптасуда. Сондай-ақ, индустриалды дамыған елдер және дамушы елдер шеңберінде интеграциялық процестер бірегей экономикалық даму деңгейінде тұрған елдер арасында жедел жүргізілуде. Дамушы және индустриалды елдер арасындағы интеграциялық типті бірлестіктерді дамыту фактілері кездесуі өте сирек және өмірде бар болғанымен, жаңадан дамып келеді. Сондықтан, олардың тиімділігі туралы айту, қорытынды жасау әлі де болса ертерек. Шаруашылық механиздерінің бастапқы сәйкессіздігінен ол елдер серіктестік туралы әр түрлі өтпелі келісім-шарттардан, сауда-жеңілдіктерінен және тағы басқаларынан бастайды. Олардың іс-әрекет мерзімі ұзақ мерзімге созылып, нашар дамыған елдерде жетілген нарық механизмі қалыптасқанша созылады;
- елдердің географиялық жақындығы, көп жағдайда, ортақ шекараларының және тарихи қалыптасқан экономикалық байланыстарының болуы. Әлемдегі көпшілік интеграциялық бірлестіктер географиялық жақын орналасқан бір континенттегі көршілес елдерден басталған, тіптен бір тілде сөйлейтін және ортақ транспорт коммуникациялары бар елдер. Интеграциялық бірлестікке ұмтылған бастапқы елдер тобына интеграциялық өзеккебіртіндеп басқа көрші мемлекеттерде кіре бастады;
- экономикалық интегрция экономикалық және басқа да жалпыға ортақ сипаттағы, саяси қолдау, экономикалық даму және қаржыландыру, ұйымдастыру, реттеу сияқты нақтылай мәселелердің бірлігі. Экономикалық интеграция бірігетін мемлекеттер алдында тұрған нақтылай мәселелерді шешуге бағытталған. Сол себепті, негізгі міндеті, нарықтық экономиканың негіздерін құру болып табылатын жеке елдер нарық жоғары дамыған, жалпы ортақ валютаға өтпелі отырған елдермен интеграциялана алмайды. Сол сияқты, халқын су мен азық-түлікпен қамтамасыз ету өзекті мәселеге айналған елдер халықаралық капитал қозғалысының еркіндігін басты назарда ұстайтын елдермен интеграциялық құрылымға бара алмайды;
- демонстрациялық эффект. Интеграцияланған мемлекеттердің белгілі бір экономикалық жетістіктерге жетуі (экономикалық өсудің қарқындауы, инфляцияның бәсеңдеуі, жұмыспен қамтамасыз етудің өсуі және т. б. ) көбіне басқа елдерге психологиялық әсер береді, себебі олар болып жатқан өзгерістерді бақылауда. Мысалы, демонстрациялық эффектіні бұрынғы рубль аумағындағы елдердің тіпті іс жүзінде оған ешқандай көзге ілерлік макроэкономикалық алғышарттардың жоқтығына қарамастан, ЕО-на мүше болуға ұмтылыстарынан байқауға болады;
- «домино эффектісі». Осы және басқа региондағы көптеген елдер интеграциялық бірлестіктің мүшелігінде болғаннан кейін, оның сыртындағы осы топқа кірмей қалған елдер экономикалық қайта бағыт-бағдарға байланысты шарасыздан, кейбір қиыншылықтарды сөзсіз байқап көреді. Бұл интеграция маңындағы елдердің саудаларының жиі қысқаруына әкеледі. Олардың кейбіреулерінің интеграцияға маңызды назары бомаса да, оның сыртында шеттеп қалып қалмас үшін өзінің интеграциялық процестерге қызығушылық тілегін білдіреді. Мысалы, көптеген Латынамерикалық елдердің тез арада Мексикамен сауда туралы келісімдерін жасай бастауы оның Солтүстік Америка еркін сауда аймағы - НАФТА - ға кірумен түсіндіріледі.
Шын мәнісінде, нарықтық типтегі шаруашылығы бар елдердің интеграциясы кездейсоқ, өздігінен пайда болатын өзгеріс деп қарастыруға болмайды, өйткені ұлттық экономикалардың өзара бейімделуі сыртқы экономикалық сфераға мемлекеттің араласуынсыз мүмкін емес.
Қазіргі таңда бір-бірін өзара толықтырып және тығыз байланыстыра отырып, интеграцияның барысы екі түрде қарастырылады:
- Біріншіден, жеке меншік-корпорациялық интеграция (фирмалық, микроэкономикалық интеграция) ;
- Екіншіден, мемлекеттік және мемлекеттік-корпорациялық интеграция (елдер аралық, макроэкономикалық деңгейдегі интеграция) .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz