Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамыту


Жоспары:
Кіріспе . . .
Негізгі бөлім
I. Кәсіпкерлік туралы жалпы түсінік . . .
1. 1Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері . . .
1. 2 Кәсіпкерліктің түрлері, олардың өзара қатынастары және бизнеске қатысудағы өзгешеліктері . . .
1. 3. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылығы мен олқылығы.
II Нарықтық тәуекел жағдайындағы кәсіпорынның (фирманың) қызметі мен мінез-құлқы.
2. 1 Кәсiпкерлiк инфрақұрылымды қолдаудың әлемдік тәжiрибесi . . .
2. 2 Шағын кәісіпкерліктің ролі мен алатын орны . . .
2. 3Шағын кәсіпкерлік - ұлттық экономиканы дамытудың маңызды шарты . . .
III. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамыту мүмкіндіктері мен болашағы. . . .
3. 1 Қазақстан Республикасында кәсіпкерлердің даму болашағы…….
3. 2 Қазақстандағы кәсіпорындардың қазіргі жағдайына талдау……. .
3. 3
Пайдаланылған әдебиеттер . . .
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 17 ақпандағы N 344 Жарлығын iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында әзiрледi. Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларын 1992 және 2000 жылдардағы кезең iшiнде iске асыру Қазақстан Республикасында жеке кәсiпкерлiктiң жасақталуы мен қалыптасуына негiз қалады. Шағын және орта кәсiпкерлiк экономикасының жинақылығы салыстырмалы түрде аздаған инвестициялары мен тәуекелiнiң неғұрлым аздығымен қысқа мерзiм iшiнде, бiрiншi кезекте тауар айналысы саласындағы сол кездегi жағдайды өзгертуге және тұрақтандыруға мүмкiндiк бердi. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды күшейту және оны жандандыру жөнiндегi шаралар туралы" 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3398 және "Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне құқығын қорғау туралы" 1998 жылғы 27 сәуiрдегi N 3928 Жарлықтары соңғы жылдары шағын кәсіпкерліктің дамуына қуатты серпiн бердi. Осы уақытқа дейiн Қазақстанда шағын және орта кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау белгiлi бiр қысқа мерзiмдi тиiмдiлiк берген салық жеңiлдiктерiн беруге және мемлекеттiк қаржы есебiнен жеңiлдiкпен қаржыландыруға назар аударылды, бiрақ жүйесiз жүргізiлдi. Бұл, шағын кәсiпкерлiктi дамытудың перспективалары мен мiндеттерi ұзақ мерзiмдi перспективаға арналған мемлекеттiң экономикалық дамуының мақсаттары мен басымдықтарының жалпы жүйесiмен өзара байланыссыз оның өз проблемалары тұрғысында қаралуымен түсiндiрiледi. Негiзгi мақсаты елдiң бәсекеге қабiлеттiлігін арттыру болып табылатын 2015 жылға дейiнгi индустриялық-инновациялық даму стратегиясының қабылдануы мен iске асырылуын ескере отырып, шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатын қайта қарау және мемлекет пен жеке сектордың өзара iс-әрекетiнiң жаңа идеологиясы қажет. Бүгінде шағын және орта кәсiпкерлiк инновациялық экономикада өз орнын жедел iздеу үшiн өзiнiң икемдiлiгiн, ұтқырлығын, рыноктiк объективтiлігін пайдалануы қажет жағдай пiсiп жетiлдi. Мемлекет, өз кезегiнде кәсiпкерлiк ортаның бастамаларын iске асыру үшiн қолайлы жағдай жасауы және өз көмегiн шағын және орта кәсiпкерлiктiң бәсекеге қабiлеттiлiгi тұрғысынан едәуiр әлеуетi бар кәсiпорындарға және елдiң ғылыми-технологиялық әлеуетiн арттыруға бағыттауы тиiс. Алға қойылған мiндеттердi iске асыру үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытудың жедел шараларын қабылдауда. Осы бағдарлама кластерлiк-желілік ұстаным негiзінде шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың жаңа мемлекеттік саясатына және мемлекет пен бизнестiң өзара қатынасының жаңа идеологиясына көшудiң өтпелi кезеңi ретiнде қаралады. Қазақстан Республикасы Президентінің “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына 2007 жылдың 28 наурызындағы Жолдауында шағын және орта бизнеске қолдау көрсетудің жүйелі іс-қимылдары баяндала отырып, кәсіпкерлік ортаны одан әрі нығайтуға айрықша көңіл бөлінген. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың басты мәселенің бірі - шағын және орта кәсіпкерлік инфрақұрылымы. Сондықтан да алға қойған мақсатымыздың ең басты мәселесі инфрақұрылым институттарын дамыту мен оны жоғары деңгейге жетілдіру - осы мәселе шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуда аса зор маңызға ие. Сондықтан да менің курстық жұмысымның тақырыбы - шағын және орта кәсіпкерліктің инфрақұрылымын дамыту жолы болып табылады, бұл тақырып экономиканы жоғары деңгейге жеткізу негізі болып табылады. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мәселесінде өте маңызды орынды алады, ал шағын және орта кәсіпкерліктің жоғары дамуы мен бәсекеге қабілетті болуы, өз кезегінде, еліміздің алдыңғы қатарлы елу елдің қатарына кіруіне жол ашады. Жұмысты жазуда алға қойылған мақсат - шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын жетілдіру жолдарын ұсыну. Оны жүзеге асыру үшін шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың маңызы мен мәнін айқындау, кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы институттарын бөліп көрсету, Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы институттарының қазіргі жағдайын талдау қажет. Әр адам бақытты және табысты болғысы келеді. Әрекетшіл, осы өмірде әлдебір нәрсеге қол жеткізуді қалайтын адамдар үшін бұл ұғымдар бір-ақ нәрсені білдіреді. Себебі алға қойған мақсаттарға қол жеткізіп, өзге адамдардың құрметіне бөленген кезде, өз-өзіңді қанағаттанған күйде, сенімді әрі бақытты сезінесін.
Қазақстанның заманауи даму кезеңі кез келген ықылас білдірушілерге өз кәсіпкерлік қабілеттерін қолданып, табысқа жетуге және жақсы өмір сүруге көп мүмкіндіктер береді.
Кәсіпкерлік дегеніміз не? Бүгінгі күні әлемде кәсіпкерліктің жалпыға бірдей қалыптасқан анықтамасы жоқ. Кәсіпкерлік дербес бастамаға, жауапкершілік пен жаңашыл кәсіпкерлік идеяға негізделген экономикалық белсенділіктің ерекше түрі деп айтуға болады(яғни, оны пайда табуға бағытталған мақсатты қызмет деп түсінеміз) . Экономикалық белсенділік-табыс табуға бағытталған мақсатты қызмет.
«Кәсіпкерлік»ұғымын (ағыл еntrepreneurshіp) XVIII ғ. ағаш рет ағылшын банкирі және экономисі Ричард Кантильон қолданған болатын. Кәсіпкер дегеніміз-бұл тұрақты тәуекел жағдайларында тауар ұсынысы мен сұранысын өзара сәйкестікке келтіріп отыратын экономикалық қызмет. Кәсіпкерді Кантильон, өндіріс құралдарын базардан сатып алып, оларды капиталға айналдырып отыратын адам деп түсінетін. Бұл ағымға, ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды.
Америкалық экономист Иозефт Шумпетер, кәсіпкерлік-бұл ең алдымен, жаңашылдық қызмет, соның нәтижесінде жаңа тауар жасалады пдеп тұжырымдаған.
Америкалық экономист, професор Роберт Хизрич «кәсіпкерлікті»белгіленген құны бар, жаңа бір затты жасау процесі, ал кәсіпкерді оған қажетті уақыт пен күш жұмсайтын, өзіне барлық қаржылық, психологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді қабылдайтын, қолы жеткен жетістігіне қанағаттаны, ақша алатын адам реттінде түсіндіреді. Ал ағылшын професоры Алан Хоскинг былай деп көрсетеді:«Жеке кәсіпкер өз есебінен іс жүргізетін, биснесті басқарумен жеке өзі айналысатын және қажетті құралдармен жабдықтау жауапкершілігін өзіне жүктейтін, дербес шешім қабылдайтын тұлға ».
Америкалық ғылыми және әдебиеттерінде кәсіпкер мен кәсіпкерлікті экономикалық, саяси-экономикалық, психологиялық, басқарушылық және басқада көзқарас тұрғысынан сипаттайтын бірнеше анықтамалар береді.
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі.
Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір - бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес - табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал, кәсіпкерлік болса - новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер - ол өнертапқыш адам. Сондықтан бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.
Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғымда бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе бермейді.
Яғни айтқанымызда кәсіпкерлік дегеніміз - бұл адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Тағы айта кететін жайт, кәсіпкерлікті түсіндіре келгенде мынадай екі жағдайға мән бері керек: біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуде; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық прогреске жетіге тікелей қатысты.
Кәсіпкерлікті түсіндіре келгенде мынадай екі жағдайға мән берілуі керек: біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуде; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық прогреске жетіге тікелей қатысты. Қоғамдық құбылыстар мен процестерді зерттеуде кәсіпкерліктің маңызы қаншалықты зор екендігін байқап отырмыз. Осы жоғары да келтірілген дәләл, айғақтар менің дипломдық жұмысымның тақырыбын таңдауға үлкен септігін тигізіп отыр.
Дипломдық жұмысымның мақсаты:
- Кәсіпкерліктің қазіргі қоғамда алатын орны және қаншалықты маңызды екендігін түсіндіру.
- Кәсіпкерлік мәліметтер негізінде, біз көптеген нақты және дәл дәлелдерге көз жеткізе алатындығымызды саралау.
Дипломдық жұмысымның міндеті:
- Кәсіпкерлік туралы классиктердің, ғалымдардың еңбектерін оқып үйрену және оны іс жүзінде қолдана білу;
- Халықтың өмір сүру деңгейінде кәсіпкерліктің алатын орнын білу;
- Әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің даму дәрежесін, құрылымын және өсің кілікігін зертеу кезеңінде түрлі кәсіпкерлік әдістерін қолдана білу;
- Жиналған мәліметтерге талдау жасау және болашаққа болжам жасай білу;
1. 1. Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері.
Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар тереңінен алып жатыр. Алайда рынок атрибуты ретінде ол капитализм дамуы кезеңінде айқын көріне бастады.
А. Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда алу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттады.
Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі.
Барлық шаруашылық қызметін емес, тек тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілік және белсенді іздеумен байланысты шаруашылық қызметті кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады. Олардың бәрі кәсіпкерліктің белгілері болып табылады.
Кәсіпкерлікте тұлға (субъект) және нысанын бөліп қарайды.
Кәсіпкерліктің тұлғалары (субъектілері) жеке тұлғалар, әр түрлі ассоциациялар (акционерлік қоғамдар, арендалық ұжым, кооперативтері) және мемлекет бола алады.
Кәсіпкерлік нысандары (объектілері) шаруашылық қызметтің кез келген түрлері, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, иннновациялық, кеңес беру қызметтері, бағалы қағаздарымен операциялар бола алады.
Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік, сауда-көтерме сату, жаңартпашылық, көрсетілетін консультациялық қызметтер және т. б. коммерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялары.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мыналар бола алады:
- Қазақтанның азаматтары
- Шетел мемлекеттерінің азаматтары
- Адамдардың бірігуі (кәсіпкерлік ұжымы) .
Кәсіпкердің мәртебесі заңды және заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Құқығы, міндеті, жауапкершілігі және кәсіпкерлердің кепілдіктері ұлттық заңдармен реттеледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының заңдарымен реттелетіндер:
- кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы, кәсіпорындар құру және олар үшін қажетті мүліктер сатып алу;
- барлық субъектілердің рыноктағы материалдық, еңбек, ақпарат және табиғи ресурстарға қол жеткізудің теңдік құқығы;
- меншік түрлеріне және ұйымдастыру-құқықтық формасына қарамастан кәсіпорын қызметінің теңдік жағдайы;
- кәсіпкерлердің мүліктерінен заңсыз айыруды қорғау;
- кәсіпкерлік саласындағы бекітілген шегінді еркін таңдау;
- нарықтық монополия жағдайында кәсіпкерлер мен кейбір тауар өндірушілердің бәсекеге селқос қарауына жол бермеу.
Кәсіпкерліктің экономикалық формадағы қызметіне төтеп беру өзгешелігі, кәсіпкер барлық жұмыстарды қолға алады, ал тұтынушы оған бүгіннен бастап ақша төлеуге дайын.
1. 2. Кәсіпкерліктің түрлері, олардың өзара қатынастары және бизнеске қатысудағы өзгешеліктері.
Кәсіпкер тауарлар өндіреді, содан соң оларды сатады. Осыған орай, кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық, қаржылық, делдалдық және сақтандыруболып бөлінеді. Осылардың әрбір формасы өзіндік ерекшелігі, өзгешелігі, демек өзіндік технологиясы болады.
Өндірістік кәсіпкерлікке - тұтынушылардың кейіннен сатып алуына тиісті өнім өндіру, жұмыстар жүргізу және қызмет көрсету, жинау, өңдеу және ақпарат беру, рухани құндылық жасау тағы тағыларға бағытталған қызметтер жатады.
Өндірістік кәсіпкерліктің мүдделілік өрісі едәуір түрліше және оны іске асыру үшін қаржылық және материалдық ресурстар, ал кейде олар көп мөлшерде қажет болады. Өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижесі мол өнім өндіру және оны сату мүмкіндігі болып табылады.
Коммерциялық кәсіпкерлікке - қызмет түрін сипаттайтын, оның мазмұнының мәнін айқындайтын тауар-ақша қатынастары, тауар-айырбастау операциялары жатады. Мұның өндірістік кәсіпкерліктен айырмашылығы - мұнда өнім өндіруге - байланысты өндірістік ресурстарды қамтамасыз ету қажеттілігі тумайды. Технологияның бастапқы сатысы ретінде, не сатып алу, нені қайта мәселелерді іске асыру, ең алдымен тауар бағасының өткізу бағасы жағдайында көтерме сатып алу бағасы елеулі жоғары болуы керек екеніне сүйену қажет.
Қаржылық кәсіпкерлік - коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі, солай болғандықтан оның сатып алу, сату объектісі айрықшалығы - тауар болып есептеледі: ақшалар, валюта, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, вексельдер, кепілдіктер және т. б. ), яғни бірдей ақшалады сату тікелей немесе жанама формада жүргізіледі. Солай болғандықтанқаржылық кәсіпкерлік - бұл коммерцияның бір түрі, онда қаржылық кәсіпкерінің технологиялық мәмілесі коммерциялық технология мәмілесімен ұқсас болады, айырмасы тек тауар-қаржы активі болып саналады.
Делдалдық кәсіпкерлік - бір мәмілеге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызметте көрінеді. Бұндай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады.
Сақтандыру кәсіпкерлігі - кәсіпкер сақтандырған жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жарналардың қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды.
Көріп отырғандай, кәсіпкерліктің барлық түрі табыс алуға бағытталған. Бірақ ол үшін шектеулі ресурстарды қиыстырып пайдалануға үйрену керек.
Ресурстардың әр түрлі комбинацияларын жасай - кәсіпкер қызметінің қажетті буыны. Олар Шумпетер көзқарасы бойынша бес бағытты қамтиды.
- Жаңа игілікті жасау немесе ескі игіліктің жаңа сапасын жасау;
- Өндірістің жаңа әдісін енгізу;
- Жаңа өткізу рыногына шығу;
- Шикізат немесе жартылай фабрикаттың жаңа көзін табу;
- Өндірісті қайта ұйымдастыруды жүргізу.
Әрбір мерзім аралығында жаңа комбинациялар көрінуі мүмкін. Кәсіпкерліктің бұл қасиетіне кәсіпкерлікті өндіріс факторын комбинация жасайтын экономикалық агент ретінде анықтай отырып А. Смиттің тұжырымын толықтырған Ж. Б. Сей назар аударды.
Кәсіпкерлік қызмет тек бір ғана меншік формасымен (жеке, ұжымдық, қоғамдық) байланысты емес. Оның әр түрлі варианттары мен үйлесімдері болуы мүмкін. Бұл кәсіпкерлікпен шұғылдану үшін қолданылған капиталдың толық меншік болуы міндет емес деген сөз. Қарыз капиталын қолдануға болады. Алайда қарыз капиталын пайданың белгілі бір бөлігімен бірге қайтарылады. Сондықтан оны пайдалану кезінде кәсіпкердің экономикалық тәуекел дәрежесі өседі.
Монополия мемлекеттік экономика жағдайында кәсіпкерлік қызметке құқ тек қана мемлекетте болды. Нарықтық экономика кәсіпкерлік қызмет үшін тек қана мемлекетке ғана емес, сонымен бірге әрбір кәсіпорынға, әрбір жеке адамға мүмкіндік ашты, бұл жағдай нарық экономикасының тұтынушылар қажеттіліктері мен ҒТП-ке жедел түрде қарауын қамтамасыз етеді.
Кәсіпкерлік құру - өтпелі кезеңде мемлекеттің алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Барлық деңгейдегі кәсіпкерлік құрылым, халықты барынша жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және халықтың өмір деңгейін көтеруге Қазақстан Республикасының одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қажетті. Әлеуметтік ахуалды жақсартуды қамтамасыз етуге қабілетті.
Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызмет көп нышанда болады, оларды мынна түрде бөлуге болады:
- масштабы бойынша шағын, орта және ірі кәсіпкерлік;
- кәсіпкерліктің субъектілері бойынша.
Кәсіпкерліктің субъектілері экономикалық қызметтің әр түрлі қатысушылары - жеке тұлғалар, келісім-шарт міндеттемелерін, біріккен адамдар тобы яғни, ұжымдық кәсіпкерлік, серіктестік, кооперативтер, акционерлік қоғамдар, холдингтер мен осы тәріздес мемлекеттік кәсіпкерлік бола алады.
Өтпелі кезеңде кәсіпкерлік қызметтің даму кешені және көп деңгейлі сипат алуы керек. Себебі аталған қызмет Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатының стратегиялық мақсаттарына жету үшін экономикалық базис болып табылады.
Атақты неміс ғалымы, экономист Йозефа Аиза Шумппетердің (1883-1950 жылдары) пікірі бойынша, кәсіпкерлік жаңа игілікті жасауға немесе осы немесе басқа игіліктің жаңа сапасын жасауға өндірістің жаңа жаңа әдісін ендіруге, жаңа өткізу нарығын игеруге, шикізат немесе жартылай фабрикаттардың жаңа көздерін табуға сәйкес келетін қайта құруды жүргізуге бағытталған.
Кәсіпкерлік бұл шаруашылық жүргізудің әдісі және тәуелсіздікке өз бетінше жұмыс істеуге негізделген экономикалық ойлаудың ерекше типі.
Еркін кәсіпкерлік - барлық деңгейдегі жаңалық, бұл мемлекеттік қолдау мен ынталандыру қажет кәсіпкерлік қажетке негізделген бастама. Осы тәрізді кәсіпкерлік кәдімгі күнделікті бизнестен түбрінде ұқсамайды және әлеуметтік-экономикалық прогресс, Қазақстан Республикасын - жаңа индустриалды мемлекетті қалыптастыруға катализаторшы болып табылады.
Кәсіпкерлік дамытудың басты сәті нарық экономикасында бәсекелестік ортаны құру үшін ғана емес, сонымен бірге еркін кәсіпкерлік үшін жол ашатын мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендіру болып табылады.
Атақты ағылшын ғалымы, экономисі Альфред Маршалл атап көрсеткендей, нарық экономикасының негізгі қасиеті - «кәсіпкерлік пен өндірістің еркіндігі». А. Маршаллдың бойынша - кәсіпкер - экономикалық процестерді жеделдетуші.
Нарық экономикасына өту еркін кәсіпкерлікке жол ашты, бірақ барлық мәселелерді шешкен жоқ. Оларды шешу үшін мемлекеттің үйлестіру ролі қажет.
1. 3. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылығы мен олқылығы.
Кәсіпкерлік - адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры - Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: «Кәсіпкер болу - басқаның істегенің істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер - алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж) былай деген: «Кәсіпкер - адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі.
Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды.
Бизнес - табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал кәсіпкерлік (предпринимательство) - новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол - өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.
Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғым бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз - адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабельділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабіліттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес - бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік - бұл да адмның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.
Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Шаруашылық серіктестігі жайлы» және «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Жарлығына сай кәсіпкерлік қызмет шаруашылық серіктестігінің түріне қарай жеке және ұйымдық болуы мүмкін:
- жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді;
3
- толық, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі;
- жауапкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің
жауапкершілігі жүктеледі;
- коммандитті, аралас жауапкершілік (біреудің толық мүлкімен және біреудің салынған салымымен) ;
- қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын мүлікпен қосымша жауапкершілік мойнына алынады;
- өндіріс және тұтыну кооперативтері;
- консорциумдар;
- акционерлік қоғамдар.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz