Бірінші жүниежүзілік соғыстың себептері мен барысы, қорытындылары


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе

Бірінші жүниежүзілік соғыстың себептері мен барысы, қорытындылары.

ІІ. негізгі бөлім

Ресейдің бірінші дүниежүзілік соғысқа кірісуі

а) Бірінші дүниежүзілік соғыстың империалистік сипаты және салдары.

ә) Ресейдің бірінші дүниежүзілік соғыс жағдайындағы эконмикасы

б) Ресейдегі бірінші дүниежүзілік соғыстың шешуші кезеңі, эконмика дамуының қорытындылары.

ІІІ. Қорытынды

Бірінші дүниежүзілік соғыстың әсері.

Кіріспе

1914-1918 жалдардағы бірінші дүниежүзілік соғыс аса ірі импералистік державалар арасындағы қайшылықтардың шиеленісуі нәтижесінде туды. Капитализмге тән, имперализм кезінде өте-мөте күшейген, әркелкі даму заңының салдарынан ХХ ғасырдың бас кезінде ұлы державалар арасындағы қайшылықтар шегіне жете шиеленісті. Олардың ішіндегі ағылшын -гермен қайшылықтар еді. Экономикалық дамуының қарқыны жағынан Англияны қуып жетіп, оны дүнижүзілік рыноктан ығыстыра бастаған Германия Таяу және Орта Азиялық Шығыста, сондай-ақ Африкада кең экпансия жүргізіп, Британияның отаршылдық империясының біртұтастығына қауіп төндірді. Дүниежүзінде үстемдік орнатуға тырысып, Германия отарлары өз пайдасына қайта бөлісуді ашықтан-ашық талап етті. Германияның экспансиясын әлсірету және өзінің отар иеліктерін, ықпал жүргізетін салалар мен теңсіздігі үстемдігін сақтап қалу үшін Англия барлық күшін салды.

Имперализм дәуірінің барысындағы халықаралық қатынастардан, бір жағынан, Россия және екінші жағынан, Австрия-Венгрия арасындағы қайшылықтар да өз орнын алды. Патшалық Россия бұл елдермен Таяу Шығыста және Балканда соқтығысып қалып отырды, өйткені мұнда олардың экспансиясының күшеюі Россияның ықпалын біржолата жою қаупі туғызды. Патгерманшылдар Польшаны, Прибалтиканы басып алу, Росиядан Украина мен Беларусияны тартып алу жоспарларын құрды. Ал патша өкіметі өз тарапынан Галиция мен қара теңіздік бағдарды басып алуға ұмтылды1. Россия мен Германия арасында ірі -ірі экономикалық қайшылықтар да бар еді. Оның үстіне Россия ұлы держава күйінде қалып, өзінің импералистік мүддесін көздегенімен оның өз одақтастарынан -Англия мен Франциядан экономикалық және саясат жағынан тәуелділігінің де үлкен маңызы болды.

Жоғарыда атап көрсетілгендей, ең басты -басты импералистік деравалар арасындағы қайшылықтар Үштік одақ пен . . . Антантаның құрылуына әкеліп соқты.

Олардың арасында қарулы соқтығыстың болуы сөзсіз еді, оның үстіне соғыс ашудың инициаторы өте-мөте агрессияшыл және оған жақсы дайындалған гермен имперализмі болды.

1914 жылғы 15 июньде Сараевода Австрия -Венгрия жағының мұрагері эргерцог Франц -Фердинаидты Серб ұлтшылы Гаврила Принциптің өлтіруі соғыстың басталуына сылтау болды. Сол-ақ екен, Австрия-Венгрияның соғыс құмар топтары Сербияға қарсы батыл шаралар қолдануды бірден талап етті. Император Франц -Иосиф өзінің Вильгельм ІІ-ден Сербиға қарсы шығуға ризалығын сұрады. Вильгельмен ІІ Австрия-Венгрия үкіметінің Сербияны «Балкандағы саяси фактор ретінде жою жөніндегі талабын мақұлдап, кешікпей қимылдауға кеңес берді.

Герман импералистері соғысты бастау үшін бұл қолайлы кезең деп тауып, оны жіберіп аламыз ба деп қорықты. Олар өздерінің жоспарын Россияның соғысқа әзірленбегенін және Англия бейтарап қалады деп есептей отырып құрды. Герман соғысқұмарлары тіпті Россия мен Франция, Сербия жағына шыққан күннің өзінде де соғысуға даяр еді.

Германияның келісімін алған Австрия-Венгрия 10 июльде Сервияға қатаң ультиматум қойды. Сербия үкіметі кейбір ескертулермен болса да ультиматумның барлық талаптарын орындауға, эрцгерцогтың өлтірілуі туралы істі Сербия Бериториясында тергеуге Австрия өкілдерін қатыстыру жайлы пунктен басқасына келісті2. Солай бола тұрса да 15 июльде Австрия -Венгрия оған соғыс жариялады. Россияның соғыс және теңіз мәселелері жайлы үлкен программасы енді ғана жүзеге асырыла бастағандықтан және ол тек 1917 жылға қарай ғана аяқталуы мүмкін болғандықтан, патша үкіметі Германия арқылы Австрия -Венгрияның Сербиямен қарулы жанжалын болдырмауға әрекет жасады, бірақ одан нәтиже шықпады.

17 июльде патша жаппай мобилизация туралы указға қол қойды. Барлық елдерде соғысқа әзірлік басталды. Енді Англия Францияның талқандалуына жол бермейтіндігін ашық мәлімдеді, бұған Вельгельенің қатты ашу кеді. Германия елшісі сыртқы істер министірі Созановтан Россияның мобилизацияны дереу тоқтатуын талап етті, әйтпесе Германияға да мобилизация жүргізеді деп мәлімдеді. Патша үкіметі бұл талапты қаылдаудан үзілді-кесілді бас тартты.

19 июль күні кешкісін Германия Россияға соғыс жариялады. 20 июльде Германия Бельгияға ултиматум қойды, ал келесі күні Францияға соғыс жариялады. Англия Бельгияның бейтараптығын қорғауды сылтауратып, 22 июльде Германияға соғыс жариялады. Мұнан кейін, 24 июльде Австрия -Венгрия Россияға соғыс жариялады. Соғыс бірден жалпы европалық сипатқа көшті де көп ұзамай-ақ дүниежүзілік соғысқа айналды. 10 -августа Жапония Германияға қарсы соғысқа кірісті. 20-октябрьде түрік экадрасы орыс жағалауын бомбылағаннан кейін Россия Туркияға қарсы соғыс жариялады. Антанта жағында соғысқа барлығы 29 мемлекет, ал орталық державалар дағында 4 мемлекет қатысты.

Жаңа шыққан соғыс екі жақтан да импералистік, реакцияшыл, әділетсіз соғыс болды.

Бірінші дүнижүзілік соғыстың сипаты соғысушы державалардың өздерінің алдына қойған мақсаттарына айқын көрінді. Орыс үкіметі 1 сентябрьде Англия мен Францияға жолдаған өз нотасында алдын -ала болашақ бітімінің шаттарын ұсынды. Бұл шарттар бойынша Шығыс Галиция мен Меманның төменгі алқабы Росиға өтуге тиісті болды, қайта қалпына келтірілетін, бірақ Россиядан тәуелді Польшаға Познамьды, Силезияны және Батыс Галицияны бермекші болды3.

Екі жақтың да импералистері өз үстемдігін нығайты және халықтарды қалау мақсатымен дүниені қайта бөлісудің және бөтен елдердің территорияларын басып алудың кең көлемді жоспарын жасап кең көлемді жоспарын жасап жатты. (Шов)

Россияның Жаңа рыноктарды басып алуда, соғыс жабдықтарын шығару есебінен болады. Көздеген буржуазиясы мен помещиктері соғыстың басталғаны туралы хабарды мақсаттана қарсы алып, «патша халықпен бірлесті» деп жариялады. Шовинизм уымен мастанған буржуазиялық интеллигенция, студенттер, ұсақ буржуазияны тоғымалар да соғысты у-шу боп қарсы алып, « қадірлі» монархқа «ура» деп айқайлады.

Бірақ тұтас алғанда жұмысшы тобының арасында соғысқа қарсы көңіл күйі күшті болды. Мұны ескере отырып, Думадағы меньшевиктер фракциясы большевиктермен бірге ортақ декларация қабылдап, онда соғысты айыптап, оған қарсы күрестің құралы еңбекшілердің халықаралық пролетарлық ынтымағы деп жариялады.

Большевиктер соғыс бюджетіне дауыс еруден бас тартты және оған наразылық білдіріп Думаның мәжілісін тастап кетіп қалды. Сондай-ақ меньшевиктер мен әсерлер фракциялары да соғыс бюджетін қабыл алмады. Алайда соғыстық бүкіл барысында дәйекті революцияшыл позицияны ұстаған бағыты тек большевиктер партиясы ғана болды. Ал ұсақ буржуазиялық меньшевиктер мен әсерлер партияларының ұстаған бағыты сол бұрынғысынан тұрақсыздығымен, ауытқушылығымен көзге түсті. Олардың ішінде соғысқа түрлі-түрлі көзқарастың бар екені байқалды.

Россия химиялық оқ дәрімен және техникалық құралдармен нашар қамтамасыз етілген еді, мылтықтар мен зеңбіректердің жеткілікті қоры болмады. Орыс корпусы өзінің атқылау күші жағынан германия корпусынан айтарлықтай нашар еді. Жалпы алғанда орыс армиясы күшті дұшпанмен ұзақ соғысуға әзір емес еді. Оның үстіне көп жағдайларда әскерлерге даярлығы нашар, ол кейде тіпті ірі құралдарды басқара алмайтын топас генералдар басшылық етті.

Герман армиясында мобилизациядан кейін 9388 далалық зеңбіректері бар 3, 8 млн. адам болды. Қару -жарақтары мен оқ -дәрісі жеткілікті, соғыс ісіне жақсы үйретілген ол елеулі күшке айналған еді.

Россия немістер мен австралиялықтарға алты армияны қарсы қойды: оның екеуі Солтүстік -Батыс майданда, төртеуі Оңтүстік -Батыс майданда орналасты, тағы екі армия Петроград пен Россияның Оңтүстік аймақтарын тасалап қорғап тұрді.

Патшаның екі аталас ағасы ұлы князь Николай Николаевич (кішісі) жоғарғы бас қолбасшы болып, оның штаб бастығына, генерал Янушкевич тағайындалды. Солтүстік-Батыс майданы генерал Жилинский, Оңтүстіік-Батыс майданды генерал Ивнов басқарды4.

Германия үшін қатерлі күндерде орыстардың Солтүстік майданының шабулы басталды. 4 -августа генерал Ренненкампф басқарған 1-орыс армиясы шабулға шықты. 7-августа Гумбинел -Гольдап шайқасында ол немістерді быт-шытын шығара жеңді. Сол күні-ақ кешкісін 2-орыс армиясы Шығыс Пруссияға басып кіре бастады, мұның өзі герман әскерлеріне тылдау қоршау қаупін төндірді, сондықтан олар шегінуге мәжбүр болды. Сөйтіп, орыс әскерлерінің ойдағыдай қимылдарының нәтижесінде немістер Батыста болатын шешуші ұрыстардың қарсаңында ол жақтан әскерлерінің бір қатарын шығысқа жіберуге мәжбүр болды.

Алайда одан әрі Ренненкапф дұшпаннан көз жазып қалды да, 2-армиямен қосылу бағытында шабуыл жасамай, жайлап Кенигсберге қарай жылжи берді. Бұл неміс командовалиесінің 2-орыс армиясына әлдеқайда басым күшті шоғырландыруына мүмкіндік берді. Ұзақ жүрістерден шаршаған, азық-түлікпен қамтамасыз етілмеген 2-орыс армиясы нақты жағдай туралы дәл мәліметтер болмағандықтан бір-бірнен алшақ бағытта шабуыл жасады. Ұстап алған радиограммалардан орыс әскерлерінің жағдайларын біліп қойған немістер армияның бір-бірінен байланысы үзілген екі қанаттағы корпустарын бірінен соң бірін талқандады, ал одан кейін орталық топты қоршап алды.

Австрия-венгрия командованиесі мықты қарсы соққы бермекші болды, бірақ бұрын қорғанып жатқан үш орыс армиясының шабулға шығуының нәтижесінде онысы жүзеге аспай қалды. Орыстар сан өзінен өтіп, Перемышль бекінісін қоршауға алды. Полициядағы қырғын шайқаста Австрия-Венгрия 400 мыңдай адамынан, 400 зеңбірегінен айрылды. Орыстардың шығыны да едәуір болды, тылдың берекесі кетті, оқ-дәрілер жетіспеді. Бұл орыс командованиесінің шабуылды жоқтауына мәжбүр етті. Осы шайқастан соң Германия өзінің жауапкершілік қабілетінен айрылып, шығынға ұшырады. Бұл немістердің Шығыс Пруссиядағы табыстарының маңызын жойып жіберді. Гермен командавониесі орыстар Салезияға басып кіреме деп қатты үрейленді5. Германияның жоғарғы командованиесінің жаңа штаб бастығы Фалбкенгайнның сөзімен айтқанда: «орыстар Жоғарғы Силезияны уақытша болсын, алып қойған күнде» көп ұзамай соғысты жүргізудің өзінде ешқандай мағына болмайтын еді».

Орыс армиялары қайтадан Германияның шекараларына жетіп, олардың Силезия мен Позьнанға басып кіру қаупі бұрынғыдан да күшейе түсті. Бірақ дереу шабулға шығуға орыс армиялары сақадай сай емес еді, ал герман командавониесі мұны пайдаланып қалды. Немістер орыстардың 2 және 5 армияларын «қыспаққа» алмақшы болды. Бірақ олардың Лодзьға батычстан жасалған шабулы сәтсіздікке ұшырады. Оқ-дәрінің өтежетімсіздігіне қарамастан орыстар қайтпас қайсарлық көрсетті. Дәл осы кезде 2-армияға көмекке оңтүстіктен 5-армияның бөлімшелері келіп жетті, ал Шығыстан 1-армия жақындап қалған еді. Осының нәтижесінде немістердің орыстарды қоршамақшы болған тобының өзі қоршауда қалды.

1914 жылғы науқанның нәтижесінде Германияның «қауырт соғыс» жоспары толық күйреді. Гермен командованиесі Батыста шешуші жеңістрег жете алмады. Германияның көп күшін өзіне тартқан және оған ұдайы қауіп төндіріп отырған орыс майданының атқарған рөлі осал болған жоқ.

Егер соғыстың бос кезінде немістер Шығыс майданда 18 жаяу және атты әскер дивизияларын ұстаған болса, 1915 жылдың басына қарай мұнда 48 неміс дивизиясы шоғырландырылды. Алдағы уақытта Германияның екі майданда ұзаққа созылған ауыр соғыс жүргізуіне тура келетін болды.

Жылдың аяғына қарай орыс армиясы қиын жағдайда болды. Патша қкіметінің іріп-шіріген әскери машинасының нашарлығы оны аса зор құандыққа душар етті. Ол көп адам күшінен және материалдық құрал-жабдықтарынан айрылды. Соғыс жабдықтарының жетіспейтіндігі біліне бастады, ал жылдың аяғына қарай мүлдем тапшы болды. Мылтықтардың қоры таусылды, зеңбіректер жетіспеді, ал жыл аяғына қарай болған снаряд тапшылығы ұрыс операцияларына кедергі жасап, адам күшінің шығынын көбейтті6.

Одақтастарға Росияның мейлінше белсеніп қимыл жасауы аса тиімді болды, мұның өзі оларды 1914 жылғы қатты жеңілістен құтқарды. Россияның соғысқа деген ынтасын мүмкіндігінше арттыра түсу үшін олардың бұғаздар жөнінде келісімге баруына тура келді. 1915 жылғы 12 мартта Англия, ал 10-апреьде Франция соғыс жеңіспен аяқталған күнде Константинопль мен бұғаздарды Россияға беруге келісті.

1914 жылы Батыста сәтсіздікке ұшыраған немістер 1915 жылы қарсы жүргізбекші болған қимылдарын Россияға қауіпі төнді.

Орыс ставкасы 1915 жылы басты соққыны Берлинге беруді жоспарлады. 1915 жылдың басындағы орыс армиясының жағдайында бір-бірінен алшақ екі бағытта екі ірі операцияны жоспарлау жүзеге аспайтын іс еді. Орыс әскерлерінің күші сан жағынан іс еді. Орыс әскерлерінің күші сан жағынан басым емес еді, оның үстіне дивизиялардың сандық құрамы штаттағыдан әлдеқайда төмен болды. Соғыс жабдықтары қанағаттанғысыз еді, армия қару-жарақ пен оқ-дәріге мұқтаж болды. Шынында да орыс командованиесінің жоспары қағаз жүзінде қалып қойды, шабул жасалған жоқ.

1915 жылғы науқанның барысында орталық державалар ірі-ірі табыстарға жетті. Олар Россияны ірі-ірі жеңілістрег ұшыратты. Соғыс басталғаннан бері Россия орасын зор шығынға ұшырады -өлгені, жараланғаны және қолға кеткені бар 3, 5 млн шамалы адамынан айрылды.

Алайда Россия одақтастардың қатырынан шығып қалған жоқ, ол Германия соғыстың екі майданының қатыспағанда қала берді. Орыс майданы 1915 жылы орталық державалар күшінің жартысынан көбін өзім тарттым. Оның үстіне Россия өз одақтастарының мардамды көмек те ала алған жоқ.

1915 жылғы науқанның нәтижесінен негізінен алғанда Англия мен Франция ұтты. Батыстағы уақытша тыныштықты пайдалана отырып, олар өздерінің өнеркәсібін соғыс талабына сәйкес қайта құрып алды, сөйтіп соғысты одан әрі жүргізу үшін көптеген адам күші мен материалдық қор жинап үлгерді.

Орыс армиясын енді ірі шабул әрекеттерін жүргізуге шамасы келмейді деп санаған және сонымен қатар Россияның кең -байтақ жеріне шабул жасай берудің тиімсіздігін көрген Фалькенгайн 1916 жылы өзінің Батыстағы дұшпандарына Верден маңында күшейте соққы бермекші болды7.

1916 жылы орыс майданы бұрынғыша маңызды рөл атқарды, бірақ оның белсенді әрекеттерінен, негізінен алғанда, батыс державалар пайда тапты, өйткені Германияның күші тағы да Шығысқа бөлінді. Орыстардың Оңтүстік Батыс майдандағы жазғы шабулын одақтастар дер кезінде қолдамада, ал патша Ставкасы оны тиімді пайдалана алмады, соның салдарынан ол шешуші жабысқа жетпестен тақырып қалды. 1916 жылдың аяғына қарай Руланияның соғысқа кірісуіне байланысты Россияның стратегиялық жағдайы нашарлады.

1914-1916 жылдардағы соғыс қимылдарының барысында Россияның мүдделерімен мүлдем санаспайтын одақтастарынан оның тәуелділік айқын көрінді. 1916 жылы ол Францияға бірнеше орыс бригадаларын жіберді. 1916 жылы орыс армиясы тағы да шығынға ұшырады, мұның өзі оның жауынгерлік қабілетін едәуір әлсіретті. Соғыстан шаршап -шалдыққан және өздерінің күш-жігерін мағынасыз жұмсағаннан көрген салдаттар арасында соғысқа қарсы пікір күшейді, олардың команованиеге сенімі және жеңіске жетеміз деген сенімі жойылды. 1916 жылғы соғыстың барысында Антантаға пайдалы өзгеріс болды. Орталық державалар жеңіске жете алмады, қатты соққы жеп, әбден әлсіреді. Дұшпанның күші әлсіреді, бірақ талқалдалуы әлі алыс еді.

Капиталистік елдердегі экономикалық дамудың секірмелігі, монополия, қаржы капиталының үстемдігінің күшеюі, капитал шығару, рынок үшін күрес, ірі капиталистік елдердің территорияларды түпкілікті бөліп алуы сияқты істер олардың арасындағы келіспеушіліктерді тудырып түбінде осы үлкен соғысқа себеп болды. Нағыз толық мағынасындағы дербес мемлекеттер қатарына -Англия, Германия және АҚШ жатты. Франция, Ресей, Япония - «бірінші класты, бірақ әлі де шын мәнінде емес» -екінші топқа жатты, 3-топқа Австро -Венгрия жатты. Ал бұл соғысты тудыратын қайшылық ағылшын -герман қайшылығы ол-қайшылық отар иемдену туралы қайшылық, Англияда отар өте көп, Германияда жоқ. Себебі: Германия отар алғысы келеді, Англия оны өз есебінен бергісі келмейді. Міне, осы қайшылық осы уақытқа дейін оқылған дәрістреде айтылып кеткендей екі үлкен соғыс одақтары -Үштік одақ пен Антанта одақтарын дүниеге келтірді.

Ал енді бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы ірі мемлекеттердің әрқайсысының мүдделері жоғары болды8.

Герман импералистері жаулап алу бағдарламасында Ресейден көп жер басып алуды армандады. Ресейдің құнарлы жермен, қазба байлықтарына толы жеріне немістердің колонимтерін қоныстандыруды жоспарлады. Өндірісті Бельгияны аннекциялау, Канго, француздық темір рудасына бай Лонгви және Брис босейндерін аннекциялау, фрнацуз колонияларын басып алу, Англияның теңіздегі үстемдігін тартып алу, Англияны дүниежүзілік рынокта әлсірету т. б. армандарды жоспарлады. Яғни, «Ұлы Германияға » он жылдар бойына сырттан ешкімнің кедергісін болдырмауы жүзеге асырмақ болды.

Австро -Венгрия болса Сербияны аннекциялауды, Балқанда австро -венгер үстемдігін орнатуды, Ресейден Поляк, Подиля, Волынды алуды көздеді. Австро -Венгрияның бұл бағдарламасын Германия қолдады. Себебі Германия Австриямен капитал жөнінен байланыстары болып отырған жағдайда Германия Балкан елдеріне капиталын еркін шығаруға мүмкіндік алатын еді.

Патшалық Ресчейдің импералистері, памещиктері, ірі буржуазиясы біріншіден соғыстың мақсаты етіп, Германияның ұлылығын жоюды, Ресейге Галицияны қосып алуды, Константинопль мен бұғаздарды алуды ойлады.

Ағылшын буржуазиясы өте күшті қарқынмен дамып келе жатқан Германияның экономикалық қаржыландыру күшін әлсіретуді, Германиянының әскери, сауда флотын жоюды, месопотамия мен Аравия жарты аралын оның мұнай көздерімен қоса ауды, сондай-ақ колонияларын тартып алуды арман етті.

Францияның импералистері де жоғарғылар сияқты Германияның яәскери-экономикалық күшін талқандауды мақсат етті.

Францияның импералистері де жоғарғылар сияқты Германиянының әскери -экономикалық күшін талқандалды. Олар 1871 ж тартып алынған Эльзас Лотарингияны қайтарып алуды ойластырып ғана қойған жоқ, сондай-ақ, одан Рейннің сол жағалауын алып, Саар облысын қосып алуды, Сирияны алуды, Полестинаны, т. б. араб территориясын, Германия колонияларын тартып алуды көздеді9.

1916 жылдың аяғындағы кезеңдерде соғысқа барлық дамыған капиталистік елдер түгелге дерлік қатысты. Бұл уақытқа дейін барлық майданда 50 млн. солдат соғысты. Ал қалған еңбекке жарамды адамдардың бәрі соғыс мұқтажын өтеу үшін шахталар мен өндірістреде жұмыс жасап жатты. Адамзат баласы жасаған байлықтың бәрі түгел дерлік соғысты мүддесіне жұмсалды. Соғыс адамға да, өндіріске де, мемлекеттерге де адам айтқысыз көп зиян шектірді.

Жоғарыда айтқандай бір елдер соғыста байыды. Ол елдерге Япония мен АҚШ -ты жатқызамыз. Япония болса соғыс барысындаға жағдайларды пайдаланып Қытайда өз ықпалын қамтамасыз етті. Қытайдың жақсы-жақсы материалдық -стратегиялық маңызы бар аралдары мен портын алды. Сондай-ақ соғысушы елдерге қару-жарақ шығару арқылы да байыды. 1914жылға дейін капитал иесі, банк иесі болып келген Англия, Франция сияқты елдер енді өзінің капиталының көп бөлігінен соғыс салдарынан айрылып қалды. Бұрын осы капиталистік елдерге эконмикалық жағынан қарыздар болып келген АҚШ капиталистік дүниенің финанстық орталығына айналды.

Халықтың кедейленуімен қатар ірі монополиялардың саяси күші өсе түсті, адам айтқысыз дәрежеде өсті. Соғыск езінде бұрынғы «Еркін рыноктың » өрісі тарлық, енді тек соғыс жабдығын шығаруда соғысқа, қазынаға ғана жұмыс жасады. Соғысушы капиталистік мемлекеттер енді тек тапсырыс берушіге айналды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары
Екінші дүниежүзілік соғыс: алғышарттары және басталуы
АҚШ-тағы азамат соғыс туралы
Бірінші дүниежүзілік соғыс
Жүз жылдық соғыстың қорытындылары
2-ші дүние жүзілік соғыстан кейінгі халықаралық жағдай. Герман мәселесі
Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғышарттары
Бірінші дүниежүзілік соғыстың тарихын зерттеу
Екінші дүние жүзілік соғыстың басталуы
Халықаралық экономика жүйесіндегі халықаралық сауда
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz