Адам және қоғам



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 1
Қоғам туралы ілімнің пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
Қоғам және жеке тұлға ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Қоғамның жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7
Адам және қоғам ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 12
Тарихи және әлеуметтік ғылымдардың тұжырымдарына қарағанда, жеке тұлғалардың адамзат қоғамына бірігуін , олардың ортақ мақсаттарының негізінде болатындығы анықталады.Жалпы алғанда , мақсатсыз қоғам болмайды. Осындай тұжырымдарға мүлдем қарсы келмейтін жағдайлар, бір қоғамда бірнеше мақсаттар, біріне-бірі ұқсас не қарама-қайшы болулары мүмкін. Әр адамның алдына қойған жеке мүддесі болады. Ол қоғамдық ортаға қанша бейімделгенімен, оның жеке мүддесі сақталады. Сондықтан, жалпы мүдде жеке адамның мүдделеріне әділетті түрде қайшы келуі мүмкін. Ең маңыздысы, сол мүдделердің қайсысының басымдылығында. Қоғамның ұйымшылдығы, мүшелерінің жалпы және жеке мүдделерінің үйлесуіне байланысты.
1.Ж.Сәрсенова., Т. Танирбергенова. Әлеуметтану. А. 2000
2. Капитанов э.А. Социология ХХ века. М, 1998
3.Смелзер Дж. Социология. // Социс, 1990, № 11. стр: 121-139.
4.Социология Учебное пособие Алматы, «Санат», 1997.
5.Г.Есим. Ұлттық интеллигенция. //Ақиқат 1998, № 6, 42-45 бет.
6.Ә.Х.Тұрғанбаев Социология Лекциялар курсы, Алматы «Білім» 2001.
7.Ә.Нысанбаев. Адамғақарай бет бұрсақ. Алматы, 1992
8.К.Г.Габдуллина. Социология (учеб.Пособие) Алматы, 1994
9.Осипова Н.Г. Возникновение и развитие социологии как науки // Вестник МУ Сер. 18. Социология и политология 2002, №3, стр: 21-28.
10.Тохтарев К.М. Задачи и методы социологии // вестник МУ, сер. Социология и политология 1998, №3, стр: 124-149.
11.Есим Г.,Биекенов К. Социологическая наука в Казахстане // Саясат, 2003, № 4. 9-10 бет.
12.Спасибенко С.Г. Общество как субьект социальной жизни //Социально-политический журнал 1995, №3. стр: 72-83.
13.Тощенко Ж.Т. Элита? Кланы? Касты? Клики? Как назвать тех, кто правит нами // Социс 1999, №11. стр: 123-134.
14.Қазақстан Республикасындагуманитарлықбілімберудіңтұжырымдамасы
//ЕгемендіҚазақстан, 1994, 25 тамыз
15.Қазақстан Республикасындатарихисананықалыптастырудыңтұжырымдамасы. // ЕгемендіҚазақстан, 1995, 3 маусым.
16.ҚР-да этникалық–мәденибілім беру тұжырымдамасы. // ЕгемендіҚазақстан 1996, 7 тамыз,
17.Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясы, Алматы,1995
18.Потончук В.А. Личность и общество Караганда, 1991.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Еңбек және қоршаған ортаны қорғау кафедрасы

Әлеуметтану пәнінен №1 семестрлік жұмыс
Тақырыбы: Адам және қоғам

Орындаған: КТТк-14-1 топ студенті Жақып Б.Қ
Тексерген: Дакенов М.Д

Алматы 2014
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1
Қоғам туралы ілімнің пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
Қоғам және жеке тұлға ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
Қоғамның жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
Адам және қоғам ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 12

Кіріспе
Тарихи және әлеуметтік ғылымдардың тұжырымдарына қарағанда, жеке тұлғалардың адамзат қоғамына бірігуін , олардың ортақ мақсаттарының негізінде болатындығы анықталады.Жалпы алғанда , мақсатсыз қоғам болмайды. Осындай тұжырымдарға мүлдем қарсы келмейтін жағдайлар, бір қоғамда бірнеше мақсаттар, біріне-бірі ұқсас не қарама-қайшы болулары мүмкін. Әр адамның алдына қойған жеке мүддесі болады. Ол қоғамдық ортаға қанша бейімделгенімен, оның жеке мүддесі сақталады. Сондықтан, жалпы мүдде жеке адамның мүдделеріне әділетті түрде қайшы келуі мүмкін. Ең маңыздысы, сол мүдделердің қайсысының басымдылығында. Қоғамның ұйымшылдығы, мүшелерінің жалпы және жеке мүдделерінің үйлесуіне байланысты.Олардың мүдделерінің сәйкес келмеуі қоғам өмірін тұрақтандырмайды. Болмыс категорияларын талдай келе, енді бүгінгі таңдағы ғылымға мәлім ең күрделі дәрежеде ұйымдасқан қоғам болмысына келіп тірелдік. Өйткені біз білетін Ғарыштағы Жер бетінде өмір сүріп жатқан саналы пенде- адамдар - бір-бірімен бірігіп, сан-қилы қарым-қатынастарға түсіп қоғамды құрайды.
Қоғам ұғымының орнына көп жағдайда оған мән-мағынасы жағынан жақын категориялар қолданылады. Сондықтан ең алдымен біз оларды бір-бірінен айыра білуіміз қажет. Ел және қоғам категорияларын салыстырсақ, біріншінің географиялық жағы басым. Мысалы, Қазақ елі - Азия құрлығының ортасында, мұхиттардан алыс орналасқан ел. Қауым және қоғам категорияларына келер болсақ, біріншіге отбасы, ру, тайпа, халық, ұлт секілді әлеуметтік ұйымдасу формалары жатады. Ал мемлекет пен қоғамды салыстырсақ, ол мұхиттағы айсберг сияқты: судың бетіндегі көрінетін алып мұздың кішкентай ғана бөлігі - ол мемлекет болатын болса, су астындағысы - қоғам. Қоғам өміріндегі сан алуан қарым-қатынастардың ең негізгілерін ғана мемлекет заң арқылы ретке келтіре алады, қалғандары әдет-ғұрып, моральдық, эстетикалық, т.б. әлеуметтік нормалардың негізінде қалыпқа келеді.
Кең түрде алғанда, қоғам деп адамдардың арасында қалыптасатынсан алуан байланыстар мен қарым-қатынастардың жиынтығын айтамыз. Бұл арада мына нәрсеге көңіл аудару қажет: ол байланыстар мен қарым-қатынастар сол қоғамның өзіндік өмір сүруіне жеткілікті болуы керек. Алайда өз-өзіне жеткілікті деген ұғымның өзін нақтылай түсу қажет. Өйткен себебі, бүгінгі таңда бірде-бір мемлекет, қанша алып болса да, барлық қазіргі өмірге керекті заттарды шығара алмайды. Сондықтан басқа елдермен экономикалық, саяси-құқтық, мәдени-рухани байланыстарға түседі

1
Қоғам туралы ілімнің пайда болуы
Адамдар ертеден-ақ қоғамның өмір сүруін түсінуге ұмтылды.Қоғам қалай пайда болады? Ол қалай дамиды? Оның даму бағыты мен болашағы қалай болады? Бұл нақтылы қоғамның даму дәрежесімен анықталды.
Қоғамдық дамудың алғашқы кезеңінде әлемді түсінудің тәсілі аңыз түрінде пайда болды. Аңыз барлық халықтарда да болады. Аңыздың көмегімен қоғамның өткені, болашағы туралы адамдардың ой-қиялы және олардың рухани өзара байланысы көрініс берді.
Сонымен қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде қарастыру О. Конт пен Г. Спенсердің әлеуметтік философиясына тән. Бұл тұралы белгілі бір көзқарастарды М. Вебердің, П. Сорокиннің, Т. Парсонсонның және А. Тойнбидің ілімдерінен көруге болады. К. Маркс өзінің қоғамдық- экономикалық формациалар туралы ілімінде жүйе ретіндегі қоғамға келесі түсінік берді. Бұл ілімнің жақтаушылары мен қарсыластары бар. Маркс пен Энгельстің еңбектеріне сүйене отырып, қоғамдық-экономикалық формацианы оған тән өндіріс тәсілі, әлеуметтік құрылымы, саяси жүйесі мен рухани өмірі бар өзінің дамуының белгілі бір тарихи сатысында тұрған қоғам ретінде қарастырамыз. Бес қоғамдық- экономикалық формация атап көрсетілді: алғашқы- қауымдық, құлиеленушілік, феодалдық, капиталистік және коммунистік. Олардың әрқайсысы , біріншіден, сапасы жағынан қоғамның белгілі бір типі ретінде, екіншіден, қоғамдық прогрестің сатысы ретінде сипатталады. Қоғамдық- экономикалық формация ұғымы қоғамды біртұтас әлеуметтік жүйе ретінде түсінуге мүмкіндік берді. Жоғарыда көрсетілген қоғамдық- экономикалық формациялар әлемдік тарихи процестің объективтік үрдісін көрсетеді. Олар тарихи процестің әртүрлі сатыларында дүниеге келе бастады. Әрбір жаңа формация қоғамның оданда гөрі жоғары типі болып саналады. Формациялық талдау методологиясы қоғамның бір формациядан басқасына күрделі өту процесің, бұл өтудің жолдары мен тәсілдерін, субъективтік және объективтік факторлардың өзарабайланысын зерттеуге негіздейді.
Адамзат қоғамының пайда болуы дамуы ұзақ та күрделі процесс. Ғалымдардың пікірінше, алғашқы қоғамдар бұдан 50-40 мың жылдар бұрын пайда болған. Алғашқы қоғамдар адамдардың қандық-туыстық белгілері бойынша бірігулерінің нәтижесінде пайда болған еді. Бұл - құрылым жағынан бір тектес, яғни адамдар арасында әлі жікке, тапқа бөліну бола қоймаған қоғам. Қоғам мүшелері негізінен табиғаттың дайын өнімдерімен күн көретін. Олар аң аулаумен, өсімдіктердің жемістерін терумен айналысатын. Қоғамның бұл аталған даму сатысын алғашқы қауымдық қарапайым қоғам деп атайды.
Келе-келе адамдардың шеберліктері артып, еңбек құралдары жетіле түсті. Адамдар енді тек дайын өніммен күнелтпей, өздері өнім өндіре бастады. Мал шаруашылығы мен егіншілікке көшу - қоғамдық еңбек бөлісінің пайда болуына ықпал етті. Адамдар енді көшпенділіктен отырықшылыққа көше бастады. Осылардың нәтижесіндеқоғамда басы артық өнім пайда болып, қоғам мүшелерінің арасында мүлік теңсіздігінің орнауына әкелді. Ал, мұның өзі қоғамда бір-біріне қарама-қарсы таптардың шығуына басты себеп болды. Осылайша қоғамның даму барысы мен құрылымындағы өзгерістерге байланысты қоғамдағы басқарудың қажеттілігі, яғни мемлекетке деген қажеттілік келіп шықты.
2
Қоғам дамуының бұл сатысын таптық, күрделі қоғам деп жіктеуге болады.Ғылыми әдебиет беттерінде қоғамды жіктеудің басқа да өлшемдері кездеседі. Мәселен, жазба өнерінің пайда болуымен байланысты: а) жазбаға дейінгі және б) жазбасы бар қоғам деп жіктеу кездеседі.Сонымен қатар кейбір авторлар қоғамдағы демократиялық қатынастардың даму дәрежесіне қарай ашық және жабық қоғам; діни ұстанымдардың түрлеріне байланысты исламдық, православиелік, католиктік, т.б. қоғамдар деп те жіктейді.
Қоғам-ұйымының әлеуметтік формасы. 19-20 ғғ. батыс философтары мен социологтарының пікірінше, қоғам - еңбек бөлінісі мен ынтымақтастыққа негізделген, қызметтік жүйе (О.Конт), қоғам-ұжымдық көзқарасқа сүйенген индивид үстінен қарайтын рухани шындық (Э. Дюркгейм), қоғам-әлеуметтік әрекеттің жемісі болып табылатын, индивидтердің өзара әрекеті (М. Вебер). Қоғамды материалистік тұрғыда түсіндіріп, оны алға жылжытқан К. Маркс болды. Оның пікірінше, қоғамдық организмнің бір ғана материалдық негізі бар. Ол негіз-материалдық игіліктерді өндіру. Сондай-ақ қоғам дегеніміз-қоғамдық қатынастар жиынтығын білдіреді. Онда адамдар өз өмір әрекеттерінің процесінде болады. Қоғамдық-экономикалық формация дегеніміз Маркстің пікірінше, белгілі-бір өндіріс тәсіліне негізделген қоғамның тарихи типі. Қоғамның тарихы антогонистік (феодалдық, капиатлистік) және антогонистік емес (алғашық қауымдық құрылыс, социалистік) болып бөлінеді.

Қоғам және жеке тұлға
"Қоғам" деген сөздің мағынасы кең, алғашқы қауымдық қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, француз қоғамы, демократиялық қоғам, және т.б. Бұл арада алдымен белгілі бір қауымның немесе жеке бір елдің тарихи даму кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл адамзат тарихы және оның болашағы туралы ойлаймыз. Бұл-әлемнің барлық халықтарының жиынтығы жөніндегі ұғым. Басқа сөзбен айтсақ, адамдардың өзара қатынас тәсілі және бірігу формаларынан тұратын, табиғаттан ерекшеленген дүниенің бір бөлігі.
Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және оладың арасындағы қатынасты қоғам деп айтамыз. Біріншіден, қоғам-адамның өмір сүру тәсілі. Қоғамсыз адам жоқ, ал адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді.Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді. Ол сонымен қатар бірнеше ұжымдардың мүшесі болады( еңбек, партия, кәсіподақ және т.б). Демек, қоғам - ұжымдардың ұжымы, бірлігі болып табылады.
Адамдар қоғамда белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа жатады. Әлеуметтік топтардың, таптардың, ұлттардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени өмірдегі көп салалы байланыстары мен іс - әрекеті қоғамдық қатынас деп аталады.
Сонымен, қоғамды адамдардың өмір сүру тәсілі деп түсіну үшін, олардың өмір сүруін қамтамасыз ететін қоғамдық катынастарды білу қажет.
3
Қоғамдық қатынас мынадай ерекшеліктерімен сипатталады 1) қоғамға қажетті қатынас түрлері болады 2) субьект (жеке адам, адамдар) топтық сипатта болады; 3) қоғамның объективтік сипаты болады, яғни қоғам адамдар сол қатынасқа енгісі келе ме, жоқ па,оған қарамастан өмір сүреді.
Қоғамның материалдық өндіріс саласындағы қатынасы мен рухани саласындағы қатынасын ажырата білу керек. Біріншісі қоғамның өмір сүруі мен дамуына материалдық жағдай жасайды, ал екіншісі (идеологиялық, саяси, құқықтық, имандылық, т.б.) -адамдардың рухани-мәдени құндылықты жасаудағы өзара байланыстарының нәтижесі.
Қоғам - мүдделердің өзара сәйкестігі негізінде құрылады, ал олардың орындалуы, жеке адамдардың өзара қарым-қатыныстарына байланысты болады. Яғни, бірігіп жұмсаған күштің нәтижесінде, жеке адамның жете алмайтын мақсаттарына жетуге болады.Мысалы, К.Маркс қоғамды адамдардың қарым-қаттынасының жемісі -- деп қысқа анықтаған.Бірақ,ондай мүдделері бір-біріне сай адамдардың жиынтығы, бірігіп қоғам болмайды. Дегенмен,бәрі бірдей бір-бірімен қарым-қатынастағы адамдардың жиынтығы, жалпы мүдделердің негізінде қоғам құрмайды. Қоғам - деп айтуға тек, адамдардың, бір-бірімен қарым-қатынасы ғана емес, олардың мүдделеріне сай, тұрақты және объективтік сипаттағы адамдар жиынтығы болуы қажет. Мұндай қоғамдық қатынастар, қоғамдас адамдардың өз мәніндегі жұмыстарын қамтамасыз етеді, оның ұдайы өндірісімен өзін-өзі дамытады.Қоғам, қалай болса солай, не болмаса, күштеумен біріккен адамдардың жиынтығы емес. Адам қоғамсыз,әлеуметтік қатынастарсыз уақыт өткен сайын еркімен маңызды бағалылығынан айырылады. Бұл жөнінде К.Маркстің, адамның мәні, оның қоғамдық қатынастарының жиынтығында деген ойына ешбір талас жоқ.Тарихи және әлеуметтік ғылымдардың тұжырымдарына қарағанда, жеке тұлғалардың адамзат қоғамына бірігуін , олардың ортақ мақсаттарының негізінде болатындығы анықталады.Жалпы алғанда , мақсатсыз қоғам болмайды.осындай тұжырымдарға мүлдем қарсы келмейтін жағдайлар, бір қоғамда бірнеше мақсаттар, біріне-бірі ұқсас не қарама-қайшы болулары мүмкін. Әр адамның алдына қойған жеке мүддесі болады. Ол қоғамдық ортаға қанша бейімделгенімен, оның жеке мүддесі сақталады. Сондықтан, жалпы мүдде жеке адамның мүдделеріне әділетті түрде қайшы келуі мүмкін. Ең маңыздысы, сол мүдделердің қайсысының басымдылығында. Қоғамның ұйымшылдығы, мүшелерінің жалпы және жеке мүдделерінің үйлесуіне байланысты.Олардың мүдделерінің сәйкес келмеуі қоғам өмірін тұрақтандырмайды.
Қоғам, өзара қарым-қатынастағы адамдардың жиынтығы ретінде, ұйымдастырушылық факторға ие, себебі ол адамдық тәртіптің шекарасын барлық қоғамның мүддесі үшін белгілейді. Бұл қызмет, қоғам белгілеген жалпыға бірдей міндет, жөнге сай арнаулы өкімет органдары арқылы орындалады.
Сонымен, қоғам түсінігіне мынадай негізгібөліктер, белгілер кіреді:
-- саналы және ерікті адамдардың жиынтығы.
-- тұрақты және объективті сипаттағы жалпылама мүдделердің болуы.
-- жалпы мүдделердің негізінде әрекеттік және ынтымақтастық.
4
-- қоғамның ішкі тәртібін және сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қабілеті бар, ұйымдасқан күштің құрылуы.
Қоғам - объективтік әлеуметтік заңдар негізінде дамитын ашық материалдық жүйе, адамдардың тіршілік ету формасы, әлеуметтік ұйымдасу тәсілі.Барлық әлеуметтік процестердің күрделі жүйесі болып табылатын қоғамдық өмірді көптеген қоғамдық ғылымдар зерттеу объектісіне айналдырып отыр. Философия деңгейінде қоғамдық өмірді зерттейтің ілімді әлеуметтік философия дейміз. Әлеуметтік философия қоғамды біртұтас әлеуметтік жүйе ретінде, оның қызмет етуімен дамуының жалпы заңдары мен қозғаушы күштерін және табиғи ортамен, бүкіл тұтас әлеммен өзара байланысын зерттейді. Адамның өмір сүруіне қажетті жағдайды жасау, оны үнемі жандандырып отыруға негізделген адамдардың бірлескен қызметі әлеуметтік жүйенің негізі болып табылады.Қоғамдық әмір әлеуметтік материя ретінде материалдық дүниенің ең жоғарғы қозғалыс формасы болып табылады. Қоғам табиғат эволюциясы негізінде пайда болып, өзінің алғашқы даму кезеңдерінен бастап ерекше үйымдасқан жүйе ретінде сипатталады. Ол, материалдық және рухани өндірістен, қоғамдық қатынастардың әр түрлі формаларынан, базис пен қондырмадан, әлеуметтік құрылымнан, саяси институттардан және т. б. тұрады.Тағы да қоғам ақпаратты таратудың ерекше механизмімен сипатталады. Қоғамның құрамында материалдық процестермен бірге рухани процестердің, сананың болуы оның табиғаттан басты айырмашылығы болып табылады.Қоғамды құрылымдық ұйымдасуы жағынан сипаттау оның тек элементтік негізін ашу емес, сонымен бірге, әр бір элементтің оның қызмет етуімен дамуында алатын орны мен атқаратың рөлін анықтау болып табылады. Қоғамның негізгі өмір сүру аясына материалдық-өндірістік, әлеуметтік, саяси және рухани ая жатады. Қоғам үнемі даму үстінде болатын жүйе. Өзінің дамуында, қоғам бірнеше кезеңдерді басынан кешірді. Мұндай кезеңдерді әлеуметтік ғылым әлеуметтік-мәдени өркениеттілік өлшемдер арқылы белгілейді. Өркениеттілік процестің әрбір жаңа кезеңі жоғары технологияларды игергенімен, әлеуметтік құрылымның күрделенуімен, табиғатпен байланыстын кең өріс алуымен, ұжымдық қоғамдық қызметтің жаңа формаларымен ерекшеленеді. Бірақ, қоғамдық қатынастардың сипаты, адам факторының руханилық деңгейі мен әлеуметтік құрылымдардың демократтылығы қоғам дамуының басты көрсеткіші болып табылады.
Қоғамда түрлі қатынастар бар. Олар негізін алғанда материалдық және идеологиялық қатынастар болып екіге бөлінеді. Материалдық қатынастар адам санасынан тыс, ой елегінен өтпей-ақ қалыптаса береді. Оған жататындарды ең алдымен табиғатты адам арқылы өңдеу деп атайды. Оның негізінде өндіргіш күштер: құрал-саймандар, оны қолданатын адамдар қалыптасады. Қоғамдық қатынастардың екінші бір тобы - идеологиялық қатынастар. Оларға адамды адам арқылы өңдеу жатады. Олар саяси, құқылық, моральдық, діни, эстетикалық, философиялық қатынастар болып бөлінеді. Айталық, әрбір қоғам алдында оның өзіне тән мақсат, міндеттер қойылады. Соған сәйкес адамдарды бейімдеу, ұйымдастыру, жұмылдыру қажет болады.

Осы замаңғы қоғамның ерекше белгілеріне материалдық және рухани өндірістің ғаламдық деңгейде жүруі, бүкіл қоғамдық қатынастар жүйесін ақпараттық-технологиялық негізде жандандыру, өмір сүрудің демократиялық формаларын бекіту, өмірдің басқа жақтарына қарағанда ғылыммен рухани мәдениеттің жылдам дамуы жатады.
5
Қоғам туралы философиялық ілімнің тарихи дамуы үзақ уақытқа созылды. Ежелгі дүниенің өзінде ақ оның көптеген маңызды нұсқалары қалыптасты. Әйгілі көне грек ойшылы Демокрит адамзат тарихын табиғи процес деп білді, ал адамдардын қоғамдық емес кезеңнен қоғамдық сатыға өтуінің басты себебі ретінде қажеттілікті қарастырды. Басқа көне грек ойшылы Платон қоғамдық өмірдің парасатты құрылысы ретіндегі идеалды мемлекет туралы ілімді қалыптастырып, әділеттілік пен адам табиғаты арасындағы байланысты айқындауға тырысты. Аристотель де қоғам туралы маңызды идеялар айтқан болатын. Ол, қоғамды әлеуметтік инстинктерді қанағаттандыру мақсатында бірлестікте болатын жеке индивидтердің жиынтығы деп білді. Адам туралы ілімінде оның рухани мен өнегелік қасиеттерін атап көрсетіп, қоғамды болмыстын әлеуметтік және саяси түп негізі деп таныды. Сөйтіп қоғам туралы ілімнің негіздері қалана бастады.Ортағасыр философиясында қоғамдық өмірді діни түсініктер негізінде түсіндіру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғам және жеке тұлға
Азаматтық қоғамның қалыптасуының теориялық кезеңдері
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет қалыптасуының теориялық негіздері
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет жайында
«Қоғамдық білім негіздері»
Азаматтық қоғам түсінігінің генезисі
Құқық жасаушылық және азаматтық қоғам
Қоғам және мәдениет. Қоғам философиялық ұғым ретінде
ХІХ.ғасырдың әлеуметтануы
Қоғам және философиялық ерекшеліктер
Пәндер