Батыс Қазақстан облысы



1. Қазба байлықтары.
2. Өзендері мен көлдері.
3. Жануарлар және өсімдіктер дүниесі.
1) Қазба байлықтары. Облыс аумағында Цыганов, Ульянов, Гремячинск, Батыс Теплов, Теплов, Қарашығанақ сынды бірқатар газ конденсаттары мен мұнай кендері анықталған. Олардың ішіндегі ең ірілері : Батыс Теплов және Қарашығанақ болып табылады. Сонымен бірге Чернозатон, Түксай, Новосеменов жанғыш тақтатастар кендері табылды. Тас тұзы, калий және бор қабатындағы тұздар, гипс, әк жыныстары, бор және басқа қазба байлықтар ашылды.
Құрылысқа жарамды минералды шикізаттардан облыста кірпіш және цемент өндірісі шикізаты, керамзит, әк, құрылыстық құм, құм – қиыршық қоспалары, құрылыс тастары, оларды алмастыратын басқа түзілімдер бар. Керамзитті шикізаттың Погодаев және Түксай кендері барланған. Ақтау («Белая Горка») кенінің құмы силикатты кірпіш дайындау үшін пайдаланылады. Әк өндіруге жарамды бор облыстың солт. және оңт. бөліктеріндегі аудандарда таралған : пайдалы қазбалардың өндірістік балансына Ақтау («Белая Горка») және Бөрлі кендері енгізілген ; бұлардың жиынтық қоры 16081 мың метр куб.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар :

1. Қазба байлықтары.

2. Өзендері мен көлдері.

3. Жануарлар және өсімдіктер дүниесі.

1) Қазба байлықтары. Облыс аумағында Цыганов, Ульянов, Гремячинск, Батыс
Теплов, Теплов, Қарашығанақ сынды бірқатар газ конденсаттары мен мұнай
кендері анықталған. Олардың ішіндегі ең ірілері : Батыс Теплов және
Қарашығанақ болып табылады. Сонымен бірге Чернозатон, Түксай, Новосеменов
жанғыш тақтатастар кендері табылды. Тас тұзы, калий және бор қабатындағы
тұздар, гипс, әк жыныстары, бор және басқа қазба байлықтар ашылды.

Құрылысқа жарамды минералды шикізаттардан облыста кірпіш және цемент
өндірісі шикізаты, керамзит, әк, құрылыстық құм, құм – қиыршық қоспалары,
құрылыс тастары, оларды алмастыратын басқа түзілімдер бар. Керамзитті
шикізаттың Погодаев және Түксай кендері барланған. Ақтау (Белая Горка)
кенінің құмы силикатты кірпіш дайындау үшін пайдаланылады. Әк өндіруге
жарамды бор облыстың солт. және оңт. бөліктеріндегі аудандарда таралған :
пайдалы қазбалардың өндірістік балансына Ақтау (Белая Горка) және Бөрлі
кендері енгізілген ; бұлардың жиынтық қоры 16081 мың метр куб.

Жылдық қуаты 1300 мың т. цемент зауытын шикізатпен толық қамтамасыз
ететін қоры 1106482 мың метр куб Ақсуат кені барланды. Гидравликалық
қосымша ретінде қоры 21619 мың метр куб болатын кремний сазы бар Шипов
кенінің пайдаланылуы мүмкін. Қыш шикізаты Федровка с – ның жанынан
ашылды, қоры 2042 мың метр куб.

2) Өзендері. Облыстың негізгі су көзі – Жайық өзені болып табылады. Облыс
шегіне Елек поселкесінің батыс жағынан енген өзен батыс бағытқа қарай
ағып, Орал қаласына дейін жетіп, оңтүстікке шұғыл бұрылады да, Солт.
Каспий маңын кесіп өтеді. Облыс шегіндегі ұзындығы – 761 км, су жинайтын
алабы – 116678 км квадрат. Жайықтың облыс аумағындағы салалары – Елек,
Шыңғырлау (Утва), Шаған, Барбастау, Емболат, Быковка, Рубежка. Барбастау
өзенінен төменірек Жайықтан Көшім (Қабыршақты) бөлініп шығады.

Жайық өзені бүкіл облыс жерін жер беті ағын суларының жиілігі әр түрлі
қос торапқа ажыратады. Сол жағалаулық өзен торы тығыздығының коэффициенті
К – 0,54 кмкм квадрат мөлшерімен сипатталады, оң жағалаулық бөліктегі
өзен торы тығыздығының коэффициенті К – 0,26 кмкм квадрат. Бүкіл облыс
үшін өзен торының тығыздығы Жайық өзенісіз – 0,036 кмкм квадрат,
Жайықпен қосып есептегенде 0,040 кмкм квадрат коэффицентпен сипатталады.

Жалпы облыста үлкенді – кішілі 200 - ден астам өзен бар, олардың 65 - і
жазда кеуіп құрғақ арналарға айналады ; ұзындығы 10 км – ден аспайтын
шағын жылға – өзендер де баршылық. Ұзындығы 200 км – ден асатын өзендер
небәрі – 8. Қараөзен, Сарыөзен, Елек жерінде тек өздерінің сағалық бөлігі
мен ғна ағады, олардың жалпы ағыны шегінен тыс қалыптасады. Өңірдің жер
бедері мен топырақ қабатының ерекшелігіне байланысты көптеген өзендердің
арналары өте ирелең қалыптасқан. Мыс., Барбастаудың ирелеңдеу
коэффициенті К – 1,4, Шолаңқаты – К -1,04, Жақсыбай – 1,07, Ащыөзек – К –
1,75, Мұқыр – К – 1,4 – ке тең келеді.

Көлдері. Облыстағы көлдің таралу коэффициенті 10% (жайылма суларды
есепке алмағанда) ; жалпы 150 – ге жуық көл бар, олардың айдындарының
аумағы 1532 км квадрат. Облыстың өзен бойларына жуық өңірлерінде жайылма
су (қарасу) айдындары көп. Мыс Шежін жайылмасы 2200 км кадрат ауданды
алып жатыр. Дүре – 700 км квадрат, Қараөзен – 600 – 700 км квадрат,
Сарыөзен – 200 – 300 км квадрат, ал Бұлдырты – 100 км квадратқа жуық
жерге жайылған.

Облыс аумағында көлдер әркелкі орналасқан : Елек алабында – 5, Өлеңті
алабында – 1 - 2, Бұлдырты алабында – 10 – нан аса, Қалдығайты алабында –
20 – дан аса (оның ішінде жазда тартылып қалатын Итмұрын тұзды көлінің
шарасы – 112 км квадрат), Жақсыбай алабында 5 – 6 шағын көл бар. Ойыл
сағасындағы Аралсор (Өзенсор) көлінің ауданы – 112 км квадрат. Бұл
көлдердің бәрі Жайықпен ұласпайтын өзендердің алаптарында орналасқан.
Облыстың оңт. – батыс бөлігі көлді келеді. Олар Дүре – Шежін жайылма
суларының оңт. бөлігінде, Көшім және Мұқыр өзендерінің сағалық жағында
Қараөзен, Сарыөзен сағаларында (Қамыс – Самар көлдері) шоғырланған.
Бұлардың арасында 200 км квадрат ауданды алып жатқан Балықты Сакрыл,
Сарай, Қамыс – Самар көлдерін бөліп атауға болады. Облыстың осы бөлігінде
су айдыны 1 – ден 4 км квадратқа дейін тұзды, кеуіп қалатын көлдер көп,
олардыңда ауданы 72 км квадрат тұзды Боткөл бар. Оның ең терең әрі уқымды
су айдыны Шалқар көлі, ауданы – 242 км квадрат.

3) Жануарлар дүниесі. Облыс аумағында сүтқоректілердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазығүрт ауданының агроландшафттары
Батыс Қазақстан облысының демографиялық жағдайы
Табиғатты қорғау іс-әрекетінің заң шығарушы және нормативті құқықтық базасы. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы ҚР заңы
Қазақстанның экономикалық аудандары
Батыс Қазақстан облысындағы басты кен орындар
Шығыс Қазақстан облысының туризм орындары
Экологиялық білім беру туралы
Батыс Қазақстан облысы жайында
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АЙМАҒЫНЫҢ ЛАНДШАФТ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Оңтүстік Қазақстан облысының агроландшафттарына физикалық - географиялық сипаттама
Пәндер