Ресейдің Солтүстік-Батыс ауданы



Жоспар

1. Кіріспе бөлім

2. Негізгі бөлім
2.1. Солтүстік.Батыс ауданының табиғи шарттарымен экономикалық ресурстарын бағалау
2.2. Халқы мен еңбек ресурсы
2.3. Шаруашылық кешендер саласының географиясы
2.4. Солтүстік.Батыс аудан шаруашылығының территориалды ұйымы
2.5. Табиғи жағдайлары мен ресурстарының экономикалық бағасы
2.6. Солтүстік ауданның экономикалық ресурстарын табиғи шарттармен бағалау
2.7. Солтүстік ауданның халқы мен еңбек ресурсы
2.8. Солтүстік ауданның шаруашылық кешен салаларының географиясы

3. Қорытынды бөлім

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Солтүстік-Батыс экономикалық аудан Ресей территориясының солтүстік-батысындағы еуропалық бөлігін алып жатыр және оның құрамына Ленинград, Псков, Новгород облыстары, Санкт-Петербург қаласы кіреді. Аумағы - 196,5 мың шаршы километр немесе Ресей Федерациясының 1% қамтиды.
Елдің басқа аудандарымен салыстырғанда экономикалық географиялық жағдайының басымдық жағы: Балтық су бассейніне ашық шығуы және Еуропа, Америка сияқты шетелдік елдермен экономикалық қарым-қатынасының тұрақты болуы, Балтық және Скандинавия елдерімен шекаралас жатуы, экономикасы дамыған аудандармен жақын орналасуы (Орталық, Солтүстік). Жалпы республикалық аймақтың еңбек бөлінісі Солтүстік-Батыс ауданда ғылымды және еңбекті қажет етеді. Аудан электротехникалық құрал-жабдықтар, электроника, оптика-механикалық өнім, кеме жасауда бірінші орында. Химиялық және орман өндірісіне мамандандырылған. Бұл басты ғылыми-техникалық дамудың және жоғары дәрежелі кадрлар мен Ресейдің тарихы мен мәдениеті, туризм саласын дайындаудағы орталықтардың бірі.
Солтүстік экономикалық аудан солтүстік еуропалық бөліктің едәуір бөлігін алып жатыр. Оның құрамына Карелия, Коми Республикалары және Архангельск, Ненецк автономды аймағы, Вологод пен Мурманск облыстары кіреді. Ауданы - 1466,3 шаршы километр немесе Ресей Федерациясының 8,6% алып жатыр.
Жеке экономикалық аудан болып 1982 жылы, Солтүстік пен Батыс ауданды екі бөлгеннен кейін құрылды. Екі аудан бір-бірінен экономикалық және әлеуметтік дамуымен, табиғи-климаттық ресурстары және ұлттық өзгешеліктерімен ерекшеленеді. Оның экономикалық-географиялық жағдайының басымдылығы индустриалды дамыған аудандармен жақын орналасуымен айқындалады. Олар: Орталық, Орал және Солтүстік-Батыс пен Баренц теңізінің қатпайтын портымен әлемнің көптеген елдерімен экономикалық байланыс орнатуға болады.
Аумақтың еңбек бөлінісі Солтүстік экономикалық аудан орман, ағаш өңдеу, целлюлоза-қағаз өнеркәсібі, түсті және қара металлургия, кеме жасау, жылу, химия және балық шаруашылық өндірісімен ерекшеленеді. Шаруашылық кешеннің негізін өндіріс құрайды, ол елде шығарылатын жалпы өнім көлемінің 6% көрсеткішіне тең. Аудан фосфор шикізатының 2/3, целлюлозаның 1/3, дайын ағаш өнімдерінің 1/5 дерлігін шығарады және балық аулаудың да үлесі зор. Аудан маңызды

Жоспар
1. Кіріспе бөлім
2. Негізгі бөлім
2.1. Солтүстік-Батыс ауданының табиғи шарттарымен экономикалық
ресурстарын бағалау
2.2. Халқы мен еңбек ресурсы
2.3. Шаруашылық кешендер саласының географиясы
2.4. Солтүстік-Батыс аудан шаруашылығының территориалды ұйымы
2.5. Табиғи жағдайлары мен ресурстарының экономикалық бағасы
2.6. Солтүстік ауданның экономикалық ресурстарын табиғи шарттармен
бағалау
2.7. Солтүстік ауданның халқы мен еңбек ресурсы
2.8. Солтүстік ауданның шаруашылық кешен салаларының географиясы
3. Қорытынды бөлім
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Солтүстік-Батыс экономикалық аудан Ресей территориясының солтүстік-
батысындағы еуропалық бөлігін алып жатыр және оның құрамына Ленинград,
Псков, Новгород облыстары, Санкт-Петербург қаласы кіреді. Аумағы - 196,5
мың шаршы километр немесе Ресей Федерациясының 1% қамтиды.
Елдің басқа аудандарымен салыстырғанда экономикалық географиялық
жағдайының басымдық жағы: Балтық су бассейніне ашық шығуы және Еуропа,
Америка сияқты шетелдік елдермен экономикалық қарым-қатынасының тұрақты
болуы, Балтық және Скандинавия елдерімен шекаралас жатуы, экономикасы
дамыған аудандармен жақын орналасуы (Орталық, Солтүстік). Жалпы
республикалық аймақтың еңбек бөлінісі Солтүстік-Батыс ауданда ғылымды және
еңбекті қажет етеді. Аудан электротехникалық құрал-жабдықтар, электроника,
оптика-механикалық өнім, кеме жасауда бірінші орында. Химиялық және орман
өндірісіне мамандандырылған. Бұл басты ғылыми-техникалық дамудың және
жоғары дәрежелі кадрлар мен Ресейдің тарихы мен мәдениеті, туризм саласын
дайындаудағы орталықтардың бірі.
Солтүстік экономикалық аудан солтүстік еуропалық бөліктің едәуір
бөлігін алып жатыр. Оның құрамына Карелия, Коми Республикалары және
Архангельск, Ненецк автономды аймағы, Вологод пен Мурманск облыстары
кіреді. Ауданы - 1466,3 шаршы километр немесе Ресей Федерациясының 8,6%
алып жатыр.
Жеке экономикалық аудан болып 1982 жылы, Солтүстік пен Батыс ауданды
екі бөлгеннен кейін құрылды. Екі аудан бір-бірінен экономикалық және
әлеуметтік дамуымен, табиғи-климаттық ресурстары және ұлттық
өзгешеліктерімен ерекшеленеді. Оның экономикалық-географиялық жағдайының
басымдылығы индустриалды дамыған аудандармен жақын орналасуымен
айқындалады. Олар: Орталық, Орал және Солтүстік-Батыс пен Баренц теңізінің
қатпайтын портымен әлемнің көптеген елдерімен экономикалық байланыс
орнатуға болады.
Аумақтың еңбек бөлінісі Солтүстік экономикалық аудан орман, ағаш
өңдеу, целлюлоза-қағаз өнеркәсібі, түсті және қара металлургия, кеме жасау,
жылу, химия және балық шаруашылық өндірісімен ерекшеленеді. Шаруашылық
кешеннің негізін өндіріс құрайды, ол елде шығарылатын жалпы өнім көлемінің
6% көрсеткішіне тең. Аудан фосфор шикізатының 23, целлюлозаның 13, дайын
ағаш өнімдерінің 15 дерлігін шығарады және балық аулаудың да үлесі зор.
Аудан маңызды транспорттық функцияларды теңіз тасымалы үшін орындайды.

2.1 Солтүстік-Батыс ауданының табиғи шарттарымен экономикалық
ресурстарын бағалау
Солтүстік-Батыс ауданның жер бедері Волдай қыраты шегіндегі
мұздықтардың қалдықтарымен және көптеген көлдермен ерекшеленеді. Климатының
қалыптасуына Атлантикалық теңіздік ауа массаларының ықпалы зор және
ылғалдылығы жоғары, қысы жылы, жазы салқын болуымен ерекшеленеді. Қаңтардың
орташа температурасы оңтүстік-батыста - 6°С; солтүстік шығыста ­ 10°С;
орташа шілде айының температурасы ­ 16,5°С ­ 18°С. Вегетациялық кезең 160
күннен аспайды. Жылдық жауын-шашын 500­600 мм, көп мөлшерде Волдай қыратына
жауады. Жылудың аз мөлшерде болуы және әлсіз буланушылық өзен, көлдердің,
батпақтардың пайда болуына әкеп соғады. Көлдерде табиғи су қоймалар бар.
Біртұтас өзен-көл жүйелері су транспортының маңызды артериясы болып
табылады. Бұл жерден Еділ-Балтық пен Беломорск-Балтық су транспорттарының
жүйелері бастау алады. Аудан территориясында Ресейдің ірі көлдері
орналасқан: Ладож, Онеж, Ильмень. Аудан территориясынан Нева, Волхов,
Свирь, Ловать, Мста ағып өтеді. Гидроэнергетикада маңызы бар өзендер:
Свирь, Вуокса, Нарва және Волхов.
Аудан территориясы бойынша топырақтың аз қопсытылған, көп күтімді
қажет ететін сарғыш түрі таралған. Ауыл шаруашылығындағы мәдени
өсімдіктердің сапасын көтеру үшін органикалық және минералды тыңайтқыштар
қажет.
Аудан территориясының үштен бір бөлігін орман алып жатыр, ол ауданның
солтүстігінде қылқанды шырша, қарағай түрлері, оңтүстігінде аралас қылқанды
жалпақ жапырақты болып таралған. Орман ресурсының көп қоры Ленинград
облысына тиесілі, мұнда орман массиві жалпы территорияның 40% алып жатыр.
Аудан пайдалы қазбаларға өте кедей. Ең маңыздысы өнеркәсіп қоры,
бокситтің пайда болған жері Тихвинск (Ленинград облысы) құрамында балшықтың
пайызы көп (54-55%), Кингисеп ауданында фосфордың негізгі құрамының пайзы
төмен (5-7%), бірақ жеңіл байытылады. Жылу ресурстары арасында ең көп қор
шымтезек пен жанғыш сланецтер. Шымтезектің қоры 1,8 млрд. тонна, ал жанғыш
сланецтер 5 млрд. тонна болып бағаланады. Шымтезектің қоры ауданның барлық
облыстарында кең көлемде таралған, ал жанғыш сланецтер Ленинград облысы мен
Эстонияның шекарасында жинақталған. Сонымен қатар, құрылыс материалдары
әктас, балшық, отқа төзімді және шыны құмдар тәрізді болып таралған.
Ленинград облысының солтүстігінде граниттің қазбалары бар. Геологиялық
қазбалардың нәтижесінде марганец рудасының Санкт-Петербург пен Фин
шығанағының тереңдігінде 50 метрден аспайтын, сонымен бірге мұнай мен алмаз
қорлары бар екенін дәлелдеді.
Табиғи ландшафт пен рекреакциялық қорлардың кереметтілігімен сәулет
ескерткіштері мен тарихы, демалыс орындары мен туризмнің қалыптасуы
жергілікті бюджеттің кірісіне пайда әкеледі.

2.2 Халқы мен еңбек ресурсы
Солтүстік-Батыс аудан тұрғындары - 7,99 миллион адам немесе Ресей
тұрғындарының жалпы санының 5,4% құрайды. 1992-1997 жылдар аралығында осы
территорияның тұрғындарының саны 3,5%-ға қысқарса, ең төменгі көрсеткіш
Санкт-Петербургте - 5,2%. Тұрғындар санының төмендеуі демографиялық
жағдайдың қолайсыздығы, мұндай көрсеткіш ауданның барлық әкімшілік
территорияларда байқалды.
Халқы біркелкі орналаспаған: тұрғындардың 80,4% Санкт-Петербург пен
Ленинград облысына тиесілі. Аудан халқының тығыздылығы жоғары болуымен
ерекшеленеді, мәселен, 40,6 адамға 1 шаршы километрден келеді, бұл ел
бойынша орташа көрсеткіштен 5 есе көп. Ең жоғары тығыздылық Ленинград
облысында - 74,4 адам 1 шаршы километр, сонымен қатар, Псков пен Новгородта
- 14,9 және 13,3 адам 1 шаршы километрге келеді.
Солтүстік-Батыс экономикалық аудан Ресей Федерациясындағы
урбанизацияның жоғарғы көрсеткішімен ерекшеленеді. Тұрғындардың 86,7%
қалада шоғырланған, сондай-ақ, ең ірі агломерацияның 80% Санкт-Петербург
қаласында қалыптасқан. Қала халқының ең төменгі көрсеткіші - 65,3% Псков
облысында байқалады, бұл жерде ауыл шаруашылық едәуір дамыған.
Аудандағы тұрғындардың жалпы санының төмендеуі еңбек ресурсындағы
көрсеткішке әсерін тигізді. Экономикада белсенді тұрғындар соңғы төрт жылда
200,6 мың адамға немесе 4,9% , ал әр түрлі экономикалық салада қызмет
ететін халық саны 6,7% төмендеді. Бұл дегеніміз – экономикалық кризистің
жалғасуы, өндірістік орындардың жабылуы, жұмыссыздықтың етек алуы. Бұл
жерде жұмыссыздықтың көлемі 10%-ға жетті. Ол қазіргі уақыттағы әлеуметтік
шиеленістерге әкеп соғады, әсіресе, бұл Псков пен Ленинград облыстарында
байқалады.
Халықтың экономикалық құрылым саласындағы жұмыспен қамтылғандар саны
сауда да, қоғамдық тамақтану, қызмет көрсету, денсаулық сақтау, банк ісі
мен несие және сақтандыру компанияларында жоғарғы көрсеткішке ие.
2.3 Шаруашылық кешендер саласының географиясы
Солтүстік-Батыс аудан күрделі көп салалы кешен. Ол Ресей
Федерациясының аймақтық өнімінің жалпы үлесінің 4,8% құрайды. Елдің еңбегін
аймақ бойынша бөлген кезде ауданның өндірістік өнімді өндіруімен (4,2%)
ерекшеленетіні көрінер еді. Солтүстік-Батыс экономикалық ауданының маңызды
ерекшеліктері: мамандандырудың және жеке салалар мен өндірістердің
бірлестіктерінің жоғарғы деңгейі, кадрлардың жоғары мамандандырылуы және
ғылыми-өндірістік базалардың болуы, жеткілікті түрде дамыған өндірістік
инфрақұрылым. Сонымен қатар, өндірістік потенциалдың негізгі бөлігі Санкт-
Петербургтің қалалық агломерациясына шоғырланған және оның үлесіне ауданның
өндірістік өнімінің 23 өндірісі, жұмыс істеушілердің саны мен негізгі
өндірістік қорлардың құны келеді.
Ауданның өнеркәсіптік өндірісінің құрылымында рынокты мамандандырудың
салалары айқындалады: көп салалы машина жасау, химиялық, орманды, ағаш
өңдеуші және целлюлозалы-қағазды өнеркәсіп, оған ауданның тауарлы өнім
өндірісінің жуық шамамен 12 үлесі тиеді.
Аудан экономикасында маңызды рөлді машина жасау құрады және оған
өнеркәсіптік өнім өндірісі көлемінің 27,6% үлесі тиеді. Машина жасау кешені
салаларының арасында күрделі және жоғары дәлділікті машиналар мен құрал-
жабдықтарды, электрлі-техникалық құралдарды, электрониканы, радио
электрониканы, құрал жасаушыларды, кеме жасауға мамандандырылған ғылыми
сыйымды және еңбектік сыйымды өндірістер көрсетіледі. Электрониканы өндіру
бойынша басты бірлестік Светлана болып есептелінеді. Санкт-Петербургтің
электр техникалық зауыттары трансформаторларды, электр қозғалтқыштарды
шығарады, электромеханикалық зауыттың (ЛЗМЗ) ЛОМО оптика-механикалық
бірлестігінің өнімдері кең таралған. Атомды, гидравликалық пен жылулық
электрлі стансалар үшін қуатты энергетикалық қондырғылар Электросила АҚ-
да, Ижор зауытында және Невалық металлургиялық зауыттарында шығарылады.
Кеме жасау ісінің дамуын ауданның теңіз жанында орналасуы айқындап береді.
Ол Балтық, Адмиралтейск, Канонер зауыттармен және Солтүстік верфь
зауыттарынан көрінеді, онда атомды мұз жарғыштар мен жолаушыларды
тасымалдайтын теплоходтар, мұнай таситын кемелер, рефрижераторлар, ағаш
тасушы, балық аулаушы және өзендік кемелер шығарылады. Ең көне зауыттардың
бірі – Кировтық зауыт қуатты тракторлар мен булы құбырларды өндіреді. Санкт-
Петербург елде тоқымашылық, полиграфиялық, целлюлозалы-қағазды өнеркәсіптер
үшін, сондай-ақ темір жол көліктері үшін де құрал-жабдықтарды шығару
бойынша маңызды орын алады. Түрлі машина жасау Псков пен Новгород
облыстарында дами бастаған. Мәселен, Старая Русса қаласы (Новгород облысы)
химиялық өнеркәсіпке құрал-жабдықтарды өңдеуге негізделсе, Псков жеңіл және
тамақ өнеркәсіптеріне құрал-жабдықтарды өңдеуге негізделген.
Солтүстік-Батыс ауданның рынокты мамандандырылған салаларына химиялық
өнеркәсіп те жатады. Ауданның өнеркәсіптік өнім өндірісінің құрылымындағы
оның салмақтық үлесі 7,3% құрайды. Саланың өнімі тыңайтқыштар, резіңке
техникалық бұйымдар, синтетикалық смолалар, пластмасса, лак-бояушы заттар,
фармацевтикалық заттар, тұрмыстық химия өнімдері болып табылады. Негізгі
орталықтары: Санкт-Петербург, Новгород, Кириши. Минералды тыңайтқыштарды
өндіру бойынша кәсіпорындар: Кингисепп кен көздерінің фосфориттері мен
Кольдік апатиттер, сондай-ақ, еуропалық Солтүстік пен Батыс Сібірдегі кен
көздерінен әкелінетін табиғи газ; фосфорлы тыңайтқыштарды - Санкт-
Петербург, Волхов; фосфоритті ұнды – Кингисепп қаласындағы Фосфорит
бірлестігі, азотты тыңайтқыштарды – Новгород химиялық комбинаты шығарады.
Саланың ең көне бірлестіктерінің бірі – Қызыл үшбұрыш, оның өнімі –
резіңке техникалық бұйымдар, дөңгелектер, резіңкелі аяқ-киімдер. Алайда,
химиялық өнеркәсіп кәсіпорындарының көп шоғырлануы қоршаған ортаға жағымсыз
әсер етеді. Осыған орай, оның әрі қарай дамуы техникалық қайта жабдықталу
мен еңбек өнімділігін жоғарылатын экологиялық таза технологияларды
пайдалануға байланысты.
Рынокты мамандандырылған салаларға ағаш өнеркәсібі жатады. Орманды
кешенге ауданның өндірілетін өндірістік өнімінің 6,6% үлесі тиеді. Оған
орман, ағаш өңдеуші және целлюлозалы қағазды өнеркәсіптер жатады. Солтүстік-
Батыс аудан ағашты-талшықты мен ағашты-жоңқалы тақталарды, жиһаздарды,
қатты қағаздарды, жемдік ашытқыларды шығарумен мамандандырылады.
Целлюлозалы-қағазды өнеркәсіптердің орталықтары Карельскте салынған:
Светогор, Приозер, Советтік (Ленинград облысы). Ағаш өңдеу салаларының
ішінде ағаш кесу, фанерлі мен жиһаздық салалар бар. Кесу материалдарын
өндіру бойынша ауданда маңызды орынды Ленинград облысы мен Санкт-Петербург
алады; фанераны Санкт-Петербургте және Новгород облыстарында; сіріңкелерді
– Новгород облысындағы Чудов қаласында; жиһазды ауданның барлық облыс
орталықтарында шығарады. Шикізатты өңдеуші орманды кешеннің қажеттіліктері
жақын маңдағы облыстардан және Солтүстік аудан республикалары арқылы
қамтамасыз етіледі.
Ауданда мамандандыру салаларымен бірге шаруашылық кешенді толықтыратын
салалары дамыды. Олардың ішінде ерекше орынды электр энергетика алады, оған
өндірілетін өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлемінің 15,8% үлесі тиеді. Электр
энергетикалық шаруашылыққа кіші және орташа қуатты атомды, жылу және
гидроэлектр стансалары кіреді. Елдің ірі АЭС-ның маңыздыларының бірі
қуаттылығы 4 млн кВт Ленинград АЭС-сы. Ірі ТЭЦ пен ГРЭС Санкт-Петербургте,
Киришиде және облыс орталықтарында салынған. Гидроэлектр стансалары Волхов,
Свирь, Вуокса өзендерінде құрылған. Барлық электр стансалары Солтүстік-
Батыстың бірыңғай энергетикалық жүйесіне біріккен және елдің еуропалық
бөлігінің ЕЭС-мен байланысты. Энергетикалық балансты нығайту үшін Ленинград
обысында гидроаккумуляторлайтын электр стансалардың құрылысы жүргізіліп
жатыр.
Жанармай өндірісі салаларының ішінде сланец алу ерекшеленеді.
Ленинград облысында Сланцы комбинаты жұмыс істейді. Бұл кешен аудан
ішілік мәнге ие.
Металлургиялық кешен шаруашылық кешенін толықтыратын салаларға жатады.
Қара металлургия ірі машина жасау өндірістерінің жеке цехтарымен
көрсетілген және жалға беруге негізделеді (Киров пен Санкт-Петербург
зауыттары), сондай-ақ, құбырлар мен метиздерді де (Ижор зауыты) шығарады.
Түсті металлургия – Солтүстік-Батыс ауданның шаруашылық кешенінің
маңызды саласы болып табылады және Волхов зауытында алюминді ерітеді, ал
түсті металдарды өңдеу Санкт-Петербургте жүзеге асырылады.
Жеңіл өнеркәсіпке негізінен, тоқымашылық, былғары аяқ-киімдерін жасау,
фосфорлы заттар жасау жатады.
Тоқымашылық өнеркәсіп мақта-қағазды шүберектер, жүнді және жібекті
шүбеектер Санкт-Петербургте шоғырланған; трикотажды өндіріс Ұлы Луктар мен
Боровичте (Псков облысы); тері былғары аяқ-киім өндірісі – Санкт-
Петербургте ірі Скороход АҚ-да шығарылады. Фосфорлы заттар жасау
өнеркәсібі Ленинград пен Новгород облыстарында дамыған.
Индустриалды-құрылыс кешені аудан аралық мәнге ие. Оның кәсіпорындары
көлікті магистралдарға шыға алатын ірі және орташа қалаларда орналасқан.
Мұнда темір бетонды бұйымдарды, құрылымдарды және басқа құрылыс
материалдарын жасау, Новгород облысында шыны жасау өнеркәсібі дамыған.
Кешеннің тиімділігін жоғарылату оның шикізаттық базасы Тихвинсктегі
бокситтерді кешенді өңдеу өнеркәсібімен тығыз байланысты.
Ауыл шаруашылығы Ресей территориясының 1,1% ала отырып, елдің ауыл
шаруашылығының жалпы көлемінің 3,3% өнімін өндіреді. Ауыл шаруашылық
өндірісінің құрылымындағы мал шаруашылығының үлесіне 60% тиеді. Сүтті және
етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығымен бірге шошқа шаруашылығы да маңызды
орынды алады. Мал шаруашылығының дамуына тұрақты жем базасы әсер етеді.
1992-1997 жылдар аралығында фермерлік шаруашылықтар 5 есе, яғни 11,7 мыңға
өсті. Халық шаруашылығында картоптың үлесі - 88%, көкөністердікі - 63%
жоғары. Сонымен қатар, сүт, ет, жұмыртқаның негізгі өндірістері ұжымдық
шаруашылықтарына сәйкесінше, 56, 54 және 86%-ға келеді.
Мал шаруашылығы Псков облысында жақсы дамыған, оған барлық ірі қара
малдар мен шошқа шаруашылығының 45% үлесі тиеді.
Егіншілікте сұлы, тары өсіру маңызды рөл атқарады. Солтүстік-Батыс
ауданның зығыр өсіру кәсібінің үлесіне елдің зығыр шикізатының жалпы
жиналуының 14,2% тиесілі. Ол Псков пен Новгород облыстарында дамыған.
Ауыл шаруашылығының дамуына техниканың жеткіліксіздігі, мемлекеттік
немесе жеке инвестициялардың болмауы, несие беретін банктердің пайызының
жоғары болуы кедергі келтіреді. Ауыл шаруашылықтың дамуының тиімділігін
арттыруда біріншілік ауыл шаруашылық өнімді аз өңдейтін кәсіпорындардың
дамуы әсерін тигізді.
Көлік пен экономикалық байланыстар. Солтүстік-Батыс экономикалық
ауданы – дамыған көліктік жүйемен ерекшеленеді. Ресейдің геосаяси
орналасуының өзгеруі, ауданның теңіздік көліктерінің дамуы Ресейдің Америка
мен Еуропа, Балтық алабының елдерімен сыртқы экономикалық байланысын
күшейтті. Санкт-Петербург Ресейдің ірі порттарының бірі болса да, теңіздік
жүктерді тасуда елдің қажеттіліктерін өтей алмайды. Сондықтан теңіз
көліктерінің дамуы порттардың Выборга мен Высоцкте кеңеюімен ғана емес,
сонымен қатар, Луги өзенінде және Ломоносов қаласының маңындағы жаңа
құрылыстармен де байланысты.
Волга-Балтық пен Моршинск өзендерінде қалыптасқан жүйелер Солтүстік-
Батыс ауданды Орталық, Волга-Вятск, Поволжск пен Урал аудандарымен
байланыстырады.
Жүк пен жолаушыларды тасу көбінде теміржол көліктерімен іске
асырылады. Ірі теміржол жүйесі – Санкт-Петербург Ресейде темір жол
бағыттары мен жүк тасу көлемі бойынша Мәскеуден кейінгі екінші орынды
алады. Теміржол магистралдары ауданды тек елдің еуропалық аудандарымен және
Уралмен ғана емес, сондай-ақ, жақын және таяу шет елдерінің мемлекеттерімен
тұрақты байланысуын қамтамасыз етеді. Электрленген магистрал Санкт-
Петербургті Мәскеумен, Санкт-Петербург–Череповец– Вологда–Пермь темір жолын
Солтүстік пен Уралдың өндірістік аудандарымен; Санкт-Петербург–Мурманск екі
ірі порттық қалаларын біріктірді. Санкт-Петербург–Таллин–Рига–Калинин град
магистралдарының да маңызы бар. Скандинавия елдерімен сыртқы байланыстар
Санкт-Петербург–Хельсинки теміржолы арқылы іске асырылады.
Жүктерді тасудың аудан аралық балансының көрсеткіштері нашар. Ауданда
магистралды бағыттар бойынша тас көмір, мұнай, металдар, ағаш пен ағаш
материалдары, құрылыс материалдары келеді.
Темір жол көлігінің дамуы Санкт-Петербург–Мәскеу мен Санкт-
Петербург–Хельсинки қайта құрылуымен байланысты. Ол ел ішінде, сондай-ақ
Финляндиямен байланысын күшейтуге ықпал жасайды.
Автомобильді жолдар мен олардың тығыздығының дамуы бойынша Солтүстік-
Батыс аудан Урал, Поволжск, Волга-Вятск сияқты индустриалды аудандардан
асып түседі. Қатты жамылғысы бар автомобильді жолдардың тығыздығы ауданда
елдегі орташа көрсеткіштерден 5 есе жоғары және 1000 шаршы километрлік
территорияға 145 километр құрайды. Автомобильді жолдар Санкт-Петербургті
облыстық, аудандық орталықтармен және Балтық елдерімен байланыстырады.
Санкт-Петербург-Рига-Клайпеда-Гдань ск-Гамбург автомагистралдарының құрылысы
солтүстік астаннаны Германиямен байланыстырады және ол тек Солтүстік-Батыс
ауданның ғана емес, сондай-ақ елдің де тұрақты сыртқы экономикалық
байланыстарының дамуын қамтамасыз етеді.
Ленинград облысы шекара маңындағы аудандардың арасында аса жоғары
дамуымен ерекшеленеді. Буславск теміржол стансасының қайта құрылулары оның
өткізгіш қабілеттілігін бірнеше есеге жоғарылатады. Жүк тасымалдауда
маңызды рөлді Балтық мемлекеттеріне тәуелділікті азайтатын Фин
шығанағындағы теңіз порттарының салынуы алады.

2.4 Солтүстік-Батыс аудан шаруашылығының территориалды ұйымы
Аймақтағы өндіргіш күштердің орналасуы біртексіздігімен ерекшеленеді.
Аймақтан шығарылатын өнеркәсіптік өнімнің 80 пайызына жуығы Санкт-
Петербург пен Ленинград облыстарына келеді. Ленинград облысының
өнеркәсіптік мамандандырылуын тек Солтүстік-Батыстың ғана емес, сонымен
бірге, елдің ірі өнеркәсіптік орталығы болып табылатын Санкт-Петербургте
шоғырланған салалар анықтайды. Жолсерік-қалалармен бірге Санкт-Петербург
қуатты өнеркәсіптік кешенді білдіреді. Өндірістік пен ғылыми потенциал
бойынша ол Мәскеу қалалық агломерациясынан ғана артта қалады. Қазіргі
уақытта Санкт-Петербург мемлекеттің иннавационды орталығы. Ерекше орынды
машина жасау саласы алады. Мұнда құбырлар мен генераторлар, газ
өткізгіштерге арналған қуатты компрессорлар, теңіз кемелері, баспаханалық
құрал-жабдықтар, аспаптар мен автоматизациялау заттарын жасау өндірістері
топталған. Басқа өндірістік орталықтарға Выборг – электрониканы, кеме жасау
мен кеме жөндеу, құралдар жасау өндірісіне негізделген теңіздік порт;
Гатчина – күрделі машина жасау, ауыл шаруашылық машиналарын және оларға
қажетті бөлшек өнімдерін шығарады; Волхов – түсті металлургия орталығы,
электр энергиясының өндірісі; Кириши – мұнай өңдеу, мұнай химиясының және
электр энергетикасының орталығы жатады.
Облыстың ауыл шаруашылығында мал шаруашылығы мен бау-бақша өсіру
бағытындағы салалар басым.
Новгород облысының шаруашылық кешені аудан ішілік мәндегі (орман,
энергетикалық өнеркәсіп) кәсіпорындармен қатар мамандандырылған салалар
кәсіпорындарымен (радиотехникалық, химиялық салалар) көрінеді. Ірі
өнеркәсіп орталықтары: Ұлы Новгород, мұнда машина жасау – электр мен
радиотехника өндірісі, химиялық өнеркәсіптер – азот тыңайтқыштарын өңдіру,
тамақ өнеркәсібі, кеме жөндеу мен ағаш кесу зауыттары орналасқан; Ескі
Русса – аспап жасау құрылысы мен химиялық машина жасау; Боровичи – фарфорлы
фаянсты және шыны өндірісі.
Облыстың ауыл шаруашылығы сүтті мал шаруашылығына, картоп пен зығыр
өсіруге негізделген.
Псков облысы машина жасау салаларына, жеңіл, тамақ өнеркәсіптеріне
мамандандырылған. Маңызды өнеркәсіп орталықтары: Псков – химиялық
өнеркәсіп, зығыр, электр машина құрылысы үшін технологиялық құрал-
жабдықтарды өндіруге, байланыс құралдарын өндіруге негізделген. Ұлы
Лукаларда жоғары вольтты аппаратураны, радиотехникалық, ауыл шаруашылық
машиналарын жасау, торфты алуға арналған машиналар, зығыр маталарын
шығаратын тоқымашылық комбинаттарға арналған зауыттар орналасқан.
Ауыл шаруашылығы Новгород қаласымен бірдей. Кризисті және инфляциялық
үрдістердің созылуы, сондай-ақ шиеленіскен қаржылық кризис экономикада
орнаған ауыр жағдайды одан әрі қиындатады.
Осыған орай, экономиканың өсуін қамтамасыз ететін жаңа территориалды
құрылымдарды қалыптастырудың маңызы зор. Санкт-Петербургтің еркін
кәсіпкерлік белдеуі ретіндегі статусы кең территорияда жүзеге асырылмаған.
Осыған байланысты, жергілікті қызмет орындарының шешімімен
суббелдеулер жүйесін қалыптастыру стратегиясы таңдалған.
Ерекшелігі – шаруашылықтың мұндай формасы экономиканың дамуына жақсы
әсер ететін салалардың дамуына бағытталады. Мұндай бағыт федералды қаржыдан
ірі инвестициялардың бөлінуін талап етпейді. Тәжірибе ретінде Совавто-
Санкт-Петербург, Пушкинск, Северный верьф, Гавань еркін
кәсіпкерліктері өңделіп, бекітілген.
Пушкинск еркін кәсіпорнының белдеуі сыртқы сауда түріне жатады және
экспортты өнімдерді, жүктерді тасу, сақтау, өңдеу жұмыстарына, кедендік
іске негізделген. Бұл белдеудің жақсы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресей
Ресей Федерациясы
ТМД Елдері
СОЛТҮСТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАН
Рекреациялық және туризм географиясының негізгі ұғымдары
Шекаралас аймақтар
Физика-географиялық аудандастыру
Батыс Қазақстан облысының демографиялық жағдайы
КЕҢЕСТІК КЕЗЕҢНЕН КЕЙІНГІ КЕҢІСТІКТЕГІ ЕЛДЕР
ШЫҒЫС АЗИЯНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Пәндер