Қазақ лексикографиясы: біртілді оқу сөздігін түзудің ғылым негіздері



ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Теоретикалық лексикографияның ғылыми негіздері
1.1 Лексикография теориясы мәселелері
1.2 Лексикография тарихының мәселелері. Сөздіктер тарихын зерттеу
Типтес лексикографиялық мәселелерді шешу тарихы
Шағын көлемді оқу сөздіктерінің құрылымдық негіздері
2.1 Оқу лексикографиясы терминінің мәні.
2.2 Оқу сөздігінің дидактикалық құндылығы мен антропоөзекті бағдары
2.3 Оқу сөздіктерін түзудегі градуалдылық ұстанымының қолданым ерекшеліктері.
2.4 Лексикалық негіз. Біртілді оқу сөздігіндегі құрылымдық сөздер.
2.5 Біртілді оқу сөздігіне лексикалық бірліктерді сұрыптап алу ұстанымдары.
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Лексикография өзге ғылым салаларымен тығыз байланыстағы, көптеген жағдайларда осы ғылым салаларының тоғысында, шек-арасында дамып отыратын ғылыми пән болып саналады. Қоғамдық сананың көрінісі ретіндегі, ұжымдық тәжірибені жинақты түрде бейнелейтін ғылыми шығарма ретіндегі лексикографиялық туындыларды түзудің ғылыми-теориялық мәселелері тіл білімінің әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, этнолингвистика, лингвомәдениеттаным салаларымен тікелей байланысты. Лексикография теориясы ұғымның, зат пен құбылыс атауларының мағыналарына түсінік беру жағынан семасиологиямен, тілдегі сөздік құрамның жиынтығы ретінде лексикологиямен, ғылыми апарат пен метатіл мәселелері жағынан логикамен, тіларалық коммуникацияға байланысты аударма теориясымен, басқа да көптеген ғылым салаларымен тығыз байланыста.
1. Соссюр Ф.де. Труды по языкознанию. М., 1977; Смирницкий А.И. К вопросу о слове (Проблема «отдельности слова») // Вопросы теории и истории языка в свете трудов И.В.Сталина по языкознанию. М., 1952.
2. Щерба Л.В. Опыт общей теории лексикографии // Известия АН. Отд. л-ры и языка‚ 1940. Вып.3. С. 89-117.
3. Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. Алматы:
Сөздік – Словарь, 2005. – 440 б.
4. Берков В.П. Вопросы двуязычной лексикографии. Л.‚ 1973. 190 с.
Malkiel Jakob. Distinctive Features in Lexicography. A Typological
Approach to Dictionaries Exemplified with Spanish, part 1-2, 1959. Univ. of California Press, Berkeley and Los Angeles; Sebeok T.A. Materials for a Typology of Dictionaries. Lingua, Amsterdam, 1962, vol. XI. 20; Rey-Debove J. Etude linguistique et semiotique des dictionnaires français contemporains. The Hague – Paris, Mouton, 1971, 329 pp.
6. Денисов П.Н. Основные проблемы теории лексикографии: автореферат дис. докт. филол. наук. М., 1976.
7. Караулов Ю.Н. Об одной тенденции в современной лексикографической практике // Русский язык. Проблемы художественной речи.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 811. 512. 122' 374
Қолжазба құқығында

БАЙНИЯЗОВА ЖАНАР Төлеубайқызы

ҚАЗАҚ ЛЕКСИКОГРАФИЯСЫ:
БІРТІЛДІ ОҚУ СӨЗДІГІН түзудің ғылыми негіздері

10.02.02 – қазақ тілі

Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертацияның

авторефераты

Қазақстан Республикасы
Алматы, 2008

Жұмыс А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында орындалды

Ғылыми жетекшісі: филология ғылымдарының докторы
М.Малбақов

Ресми оппоненттер: филология ғылымдарының докторы,
профессор
С.Бизақов

филология
ғылымдарының кандидаты
Р.Түсіпқалиева

Жетекші ұйым: Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық
университеті

Диссертация 2008 жылы 19 желтоқсанда сағат 16-00-де ҚР БжҒМ
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы 10.02.06-түркі
тілдері және 10.02.02-қазақ тілі мамандықтары бойынша филология
ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын Д
53.38.01 диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (050010, Алматы
қаласы, Құрманғазы көшесі, 29).
Диссертациямен ҚР Білім және Ғылым министрлігінің орталық ғылыми
кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі,
28).

Автореферат 2008 жылы 18 қарашада таратылды.

Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы, филология
ғылымдарының докторы, профессор
Ж.А.Манкеева

Жұмыстың жалпы сипаттамасы

Лексикография өзге ғылым салаларымен тығыз байланыстағы, көптеген
жағдайларда осы ғылым салаларының тоғысында, шек-арасында дамып отыратын
ғылыми пән болып саналады. Қоғамдық сананың көрінісі ретіндегі, ұжымдық
тәжірибені жинақты түрде бейнелейтін ғылыми шығарма ретіндегі
лексикографиялық туындыларды түзудің ғылыми-теориялық мәселелері тіл
білімінің әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, этнолингвистика,
лингвомәдениеттаным салаларымен тікелей байланысты. Лексикография теориясы
ұғымның, зат пен құбылыс атауларының мағыналарына түсінік беру жағынан
семасиологиямен, тілдегі сөздік құрамның жиынтығы ретінде лексикологиямен,
ғылыми апарат пен метатіл мәселелері жағынан логикамен, тіларалық
коммуникацияға байланысты аударма теориясымен, басқа да көптеген ғылым
салаларымен тығыз байланыста. Сөздік атаулының, бір жағынан, ғылыми өнім,
екінші жағынан, ақпарат көзі, үшінші жағынан тілді үйрететін дидактикалық
туынды болып саналатыны белгілі. Тілдің табиғатын зерттейтін көпқырлы ғылым
саласы ретінде лингвистиканың дидактикамен тоғысатын жерлері көп. Осы екі
ғылым саласының ара-жігінде пайда болып жатқан ғылыми пәндер де жеткілікті.
Солардың бірі – лексикографиядағы жаңа салалардың бірінен саналатын оқу
лексикографиясы.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ұсынылып отырған жұмыс шағын көлемді
біртілді сөздіктің ғылыми негіздерін, сөзтізбе құрамы мен құрылымдық
ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Осы сала бойынша қазақ тіл білімінде
жүргізілген зерттемелердің көпшілігі өзге тілді азаматтарға арналып
жасалатын екітілді аударма сөздіктердің құрылымын қарастыруға бағышталған
болатын. Бірінші кезекте өз ана тілін үйренушілерге бағдарланған, екіншіден
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін өз бетінше үйренгісі келетін
өзге тілді (отандас және шетелдік) азаматтар үшін де өте пайдалы болатын
біртілді шағын сөздіктің құрылымы іс жүзінде бұған дейін зерттелген емес.
Көпұлтты, көп конфессиялы республика жағдайында халықты ұйыстыратын басты
факторлардың бірі мемлекеттік тіл болғандықтан, оны үйренуге қолайлы жағдай
тудыру - ғылыми қауымның басты міндеттерінің бірі. Қазақ тілін өз бетінше
үйренуге арналып түзілетін шағын көлемді сөздіктерді түзудің ғылыми
негіздерін зерттеу осы аталған міндетті жүзеге асыруға қызмет етеді. Оқу
лексикографиясының теориялық мәселелерінің жан-жақты зерттелінбеуі,
зерттелген жағдайда да тәжірибеге енгізілмеуі еліміздегі сөздік түзу ісінің
жай-күйіне кері әсерін тигізуде. Осы жайт қазақ тілінің қолданымға ыңғайлы
шағын көлемді сөздіктерін зерттеу мен құрастыру ісіне тікелей қатысты.
Дидактикалық, ғылыми және анықтамалық интенциялардың теңгермелі болуын
ескере отырып жасалатын біртілді шағын оқу сөздігінің ғылыми-теориялық
негіздерін зерттеу қазіргі таңдағы қазақ теоретикалық лексикографиясында
маңызды мәселеге айналып отыр. Аталған жайттар зерттеу тақырыбының
өзектілігін көрсетеді.
Зерттеудің негізгі нысаны – оқу лексикографиясындағы қазақ тілінің
лексикалық негізіне бағдарланған біртілді шағын оқу сөздігін жасаудың
ғылыми-теориялық негіздері, оның сөзтізбесін түзудің құрылымдық
ерекшеліктері.
Зерттеудің пәні. Тіл білімінде лексикографияның жеке саласы ретінде
қарастырылатын оқу лексикографиясы.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Дереккөздер ретінде шағын оқу
сөздіктерінің отандық және шетелдік үлгілері, оқу лексикографиясының
жалпытеориялық, құрылымдық мәселелері зерделенетін ғылыми еңбектер, қазақ
лексикографиясының тарихы бойынша жасалған зерттемелер, шағын көлемді оқу
сөздігін түзудің тәжірибесі мен ғылыми негіздері қарастырылатын зерттеу
еңбектері пайдаланылды.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері. Жұмыстың ғылыми-теориялық базасы мен
әдіснамалық негізі ретінде осы тақырыпқа қатысты әлемдік лексикография мен
қазақ лексикографиясы салаларындағы Л.В. Щерба, В.П. Берков, Ж. Дюбуа, К.
Дюбуа, А. Рей, Л. Згуста, П.Н. Денисов, В.В. Морковкин, Ю.Н. Караулов, Ш.Ш.
Сарыбаев, Б.Қ. Қалиев, М. Малбақов, Р. Түсіпқалиева, т.б. ғалымдар
тарапынан жазылған ғылыми еңбектердегі тұжырымды ой-пікірлер алынды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің басты мақсаты –
жалпылама қолданымға арналып түзілетін, ортақ лексика-грамматикалық
минимумға негізделген, құрылымдық бірліктер мен сөздік құрамдағы базистік
лексиканы қамтитын шағын көлемді сөздік түзудің ғылыми-теориялық және
практикалық негіздерін анықтау. Аталған мақсатқа жету мүддесі төмендегі
міндеттерді шешуді талап етеді:
1. Оқу лексикографиясының әлемдік тәжірибесін қорыта отырып, оның
жалпытеориялық мәселелерін бағамдау;
2. Отандық оқу лексикографиясы тәжірибелерін тұжырымдау;
3. Шағын көлемді оқу сөздіктерінің құрылымына қатысты ғылыми-теориялық
әдебиетті зерделеу;
4. Шағын сөздіктің сөзтізбесіне алынатын лексикаға қатысты алғанда
тілдік сананың лексикалық базасын құрайтын бірліктердің, құрылымдық
сөздердің, жалпығылыми базистік сөздіктің құрамын анықтау;
5. Сөздік бірліктерді сөзтізбеге сұрыптап алуда басшылыққа алынатын
ұстанымдар құрамын айқындап, олардың қызмет ету ерекшеліктерін көрсету;
6. Зерттеу нысанына сәйкес сөздік түрінің сөзтізбесіне алынатын
тілдік бірліктердің сандық және сапалық құрамын айқындау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жұмыстың ғылыми жаңалығы ретінде ең
алдымен қазақ тіл біліміндегі теориялық лексикография мәселелерінің қазақ
лексикографиясы тәжірибесіне қатысты алғаш рет жүйелі түрде зерттелуін,
екіншіден, біртілді лексикография саласындағы шағын көлемді оқу сөздігінің
ғылыми-теориялық, құрылымдық мәселелерінің қазақ тілінде тұңғыш
қарастырылуын, үшіншіден, қазақ тілінің лексикалық негізін құрайтын базалық
лексика құрамын сөзтізбеде қамту мәселесінің қазақ тіл білімінде тұңғыш рет
зерттеліп отырғандығын айту қажет. Осы зерттеме арқылы шағын оқу сөздігіне
алынатын базалық лексика құрамын анықтауға мүмкіндік туып отыр.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- қазақ лексикографиясындағы оқу лексикографиясы, оқу сөздігі
атауларының орнына терминдік мәнде тілүйренім лексикографиясы,
тілүйренім сөздігі атауларын қолданған жөн;
- 4000 бірліктен тұратын шағын оқу сөздігінде қазақ тілінің лексикалық
негізін құрайтын базалық лексика толық қамтылуы қажет;
- қазақ тілінің лексикалық негізі - инвариант қызметін атқарады;
- базалық лексиканы қамтитын біртілді оқу сөздігіне алынатын
лексикалық бірліктер құрамы үш бөліктен құралады (құрылымдық сөздер, ең жиі
қолданымдағы лексикалық бірліктер, ең басты тақырыптық сөздер);
- құрылымдық сөздер - тілдегі лексикалық негіздің өзекті бөлігі;
- біртілді шағын оқу сөздігінің сөзтізбесіне тақырыптық топтар
құрамындағы негізгі атаулардың мүмкіндігінше толық қамтылуы қажет;
- сөздіктің барлық түрінде де дидактикалық интенция басым болады.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Зерттеудің теориялық тұрғыдан
маңыздылығына қатысты қазақ лексикографиясында шағын көлемді біртілді
сөздік түзудің ғылыми-теориялық негіздерінің айқындалып отырғандығын атауға
болады. Ұсынылып отырған еңбекте сөз болатын теориялық мәселелер таяу
болашақта елімізде түзілетін шағын сөздіктердің ғылыми негізде
құрастырылуына мүмкіндік тудырады. Сонымен бірге, қазақ лексикографиясында
шағын жанрларда жасалатын біртілді сөздіктердің сөзтізбе құрамы мен
құрылымының теориялық мәселелерін анықтауға, жалпы оқу лексикографиясы
теориясы мәселесінің қазақ тіл білімі негізінде зерделенуіне өзіндік үлесін
қосады.
Зерттеу жұмысының практикалық мәні. Зерттеуде қазақ тіл білімінде
тұңғыш рет қазақ тілінің лексикалық негізіне бағдарланған біртілді шағын
оқу сөздігінің сөзтізбесін түзудің құрылымдық ерекшеліктері анықталып отыр.
Мұның өзі зерттеудің болашақта жасалатын шағын сөздіктерді құрастыру ісінде
басшылыққа алынатын көмекші құрал қызметін де атқара алатындығын білдіреді.
Зерттеудің нәтижелерін қазақ тілін еліміздегі өзге тілді азаматтарға,
шетелдіктерге үйретуде, жалпытілдік және салалық лексикалық минимум
сөздіктерін құрастыруда, қазақ тілінің өзге тілді азаматтарға арналған
оқулықтары мен оқу құралдарындағы сөздіктерді, салалық минимум сөздіктерін
жасауда қолдануға болады. Сонымен бірге, зерттеу нәтижелерін қазақ
лексикографиясы бойынша, лексикографияның тарихына, теориясы мен
практикасына байланысты арнаулы курстарда пайдалану мүмкіндігі болады.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Зерттеу барысында сипаттамалы әдіс,
салыстырмалы-тарихи әдіс, құрылымдық және лингвостатистикалық әдістер,
салыстыру, салғастыру, анализ, синтез жасаудың әдіс-тәсілдері қолданылды.
Зерттеу нәтижелерінің талқылануы мен жарияланымы. Зерттеу жұмысының
тұжырымдары мен негізгі нәтижелері республикалық және халықаралық
деңгейдегі ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференцияларда, атап
айтқанда: “Қазіргі таңдағы ғылым мен білім” атты халықаралық ғылыми-
теориялық конференцияда (Шымкент, 2005), “Мемлекеттік тіл: бүгіні мен
ертеңі” атты Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің 15
жылдығына арналған ғылыми-әдістемелік конференцияда (Шымкент, 2007),
“Мемлекеттік тілдің дамуындағы жаңа үрдістер” атты республикалық ғылыми-
тәжірибелік конференцияда (Шымкент, 2007), “Педагогикалық кадрларды
дайындаудың қазіргі заманғы өзекті мәселелері және жаратылыстану
ғылымдарының даму перспективалары” атты халықаралық ғылыми-практикалық
конференцияда, “Қазақ халқының рухани мәдениеті: зерттеу мен оқытудың
өзекті мәселелері” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда
(Шымкент, 2008) және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университетінің 80-жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық
конференцияда (Алматы, 2008) баяндалып
Талқыланды, сондай-ақ, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік
университеті Шымкент институты мен А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі
институты жанындағы лингвистикалық семинарларда баяндалып, түрлі ғылыми
басылымдарда 12 мақала жарыққа шықты.
Зерттеудің құрылымы. Диссертациялық еңбек кіріспеден, негізгі екі
бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Еңбектің соңында зерттеуде қолданылған
әдебиеттер тізбесі берілген.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Диссертациялық жұмыстың кіріспе бөлігінде зерттеудің өзектілігі
негізделіп, жұмыстың мақсаты мен міндеттері айқындалады. Зерттеудің нысаны,
пәні, материалдары мен дереккөздері, ғылыми жаңалығы, зерттеу әдістері,
теориялық маңызы мен практикалық мәні, қорғауға ұсынылатын тұжырымдары,
жұмыстың талқылануы мен жариялануы туралы баяндалады.
Теоретикалық лексикографияның ғылыми негіздері деп аталатын бірінші
бөлімде теоретикалық лексикографияның құрылымдық негіздері зерттеледі.
Лексикографияның теориясы мен тарихы құрамындағы негізгі категориялардың
мазмұнына талдау жасалады.
Адам баласының тілі - негізінен сөздерден тұратын тіл. Осыны білгендіктен
Ф.Соссюр сөздердің тіл механизмінің өзегін құрайтындығын жазған болатын.
Осыған ұқсас Сөз – тілдегі сөздік құрамның негізгі бірлігі ғана емес ол,
сонымен қатар, жалпы адамзат тілінің орталық өзегін құрайтын бірлік деген
тұжырымды орыс ғалымы А.И.Смирницкий де айтқан еді [1].
Лексикография – лингвистикалық қызметтің барлық нәтижелерін жария етіп,
жарыққа шығаратын негізгі канал болып табылады (В.В.Морковкин). Оның
үстіне, тіл білімі ғылымында сөздің барлық қасиеттерін жинақты түрде
қарастыратын бірден-бір саланың да лексикография болып табылатындығы
белгілі. Осы тұрғыдан лексикографияны тіл туралы ғылым санатындағы
лингвистика мен тілді танып білуге ықыласты қоғамның арасын жалғайтын
тілдесім қызметі деуге болады.
Адамзат қоғамында практикалық лексикографияның пайда болып,
сөздіктердің түзіле бастағанына төрт мың жылдан астам уақыт өткен. Ал содан
бергі кезеңде жасалған сөздіктердің жалпы саны, ХХ ғасырдың ортасында
жасалған санақ бойынша, он мыңнан асқандығы белгілі. Лексикография
мәселелерін зерттеушілер сөздік түзу саласында мол тәжірибе
жинақталғанымен, сөздік құрастыру тәжірибелерін қорытып, ғылыми талдау
жасаудың, оны жетілдірудің ғылыми-теориялық негіздемесін даярлау ісінің тым
кеш қолға алынғанын айтады. Расында да, лексикография атты ғылым саласының
XX ғасырдың ортасына дейін жетілген теориясының болмағандығы да шындық. Осы
орайда, лексикография теориясының мәселелерін жүйелі түрде зерттеп, оны
жеке ғылыми пән ретінде қарастырудың XX ғасырдың орта кезеңіндегі академик
Л.В.Щербаның еңбегіне дейін [2] жүйелі түрде жүргізілмегенін айтпай отыра
алмаймыз. Теориялық мәселелерді зерттеудегі кемшіліктер лексикографиядағы
практикалық жұмыстардың болашағының айқын болмауына, сапасының нашар
болуына әкелді.
1.1 Лексикография теориясы мәселелері. Бұл тақырыпшада лексикография
теориясында қаралатын лексикография ұғымының мәні мен мазмұны, біртілді
оқу сөздігін түзудегі лексикологиялық заңдылықтар (сөздік
лексикологиясы), сөздіктердің жанрлары мен типтері туралы ілім, сөздіктің
элементтері мен параметрлері туралы ілім, біртілді оқу сөздігіндегі
лексикографиялық құрастырма негіздері туралы ілім, бастапқы материалдар
туралы ілім, сөздік түзу ісін жоспарлау мен ұйымдастыру туралы ілім жөнінде
сөз болады.
Лексикография ұғымының мәні мен мазмұны. Лексикографияның
теориясында қарастырылатын алғашқы мәселе, бірінші аспект – лексикография
ұғымына анықтама беру болып табылады. Ғалымдардың лексикография терминіне
берген анықтамалары әртүрлі. Испан лексикографы Х.Касарес оны сөздік жасау
өнеріне балаған болатын. Лексикографияға үлкен лингвистикалық сөздікте:
сөздік түзудің теориясы және практикасымен айналысатын ғылым саласы
түрінде түсінік беріледі. Қазақ тіл білімінде аталмыш терминге берілген
негізгі анықтамалардың бірінде (Ғ.Қалиев) ол екі мағынада: 1) сөздік
жасаудың теориясы мен практикасын зерттейтін тіл білімінің саласы; 2)
белгілі бір тілдегі я ғылым саласындағы сөздіктердің жиынтығы – ретінде
көрінеді [3]. О.С.Ахманованың лингвистикалық терминдер сөздігінде: 1)
сөздік түзу туралы ғылым; 2) тілдегі лексикаға сипаттама жасау ретінде
сөздік түзу ісі; 3) тілдегі немесе білім саласындағы сөздіктер жиынтығы -
деген анықтама беріледі. Кеңестік дәуірдегі екі тілді (аударма)
лексикография теориясының негізін қалаған ғалым В.П.Берковтың пікірі
бойынша, лексикография: 1) сөздік түзу ұстанымдарын зерттеумен айналысатын
ғылым саласы, сөздік жасаудың теориясы; 2) сөздік түзу ісі; 3) тілдегі
сөздіктердің жиынтығы; 4) елдегі сөздіктердің жиынтығы [4, 4]. Келтірілген
анықтамалар бойынша дау айту қиын. Алайда, бұл жерде бір мәселені естен
шығармаған жөн. Ол сөздің бастапқы этимологиясына қатысты мәселе. Ол туралы
бұдан арғы зерттеу барысында, оқу лексикографиясы терминінің мәнін ашу
кезінде кеңірек сөз болады.
Біртілді оқу сөздігін түзу ісіндегі ішкі лексикологиялық заңдылықтар.
Ұғымдарға сөздікте түсінік беру мәселесі, В.В.Морковкиннің сөзімен
айтқанда, сөздік лексикологиясы (словарная лексикология) - лексикография
теориясындағы маңызды аспектілердің бірі. Сөздік түзу ісінен хабары аз
адамдар оны жасауды оңай шаруа деп ойлайды. Олардың ойынша, барлық зат,
құбылыс, ұғым атауларының жалпыға ортақ, түсінікті анықтамалары бар
болғандықтан, мәселе соларды түрлі дереккөздерден теріп алып, сөздікте
тізіп беруде ғана болмақшы. Алайда, өкінішке орай, лингвистикалық
еңбектердегі тілдік бірліктерге берілетін ғылыми сипаттамаларға ден қойып,
сараптама жасайтын болсақ, ортақ мәнді бірөңгей қағидалардың өте сирек
ұшырасатынын байқау қиын емес. Ғылыми еңбектерде бір-біріне мүлде қарама-
қарсы келетін сипаттамалардың да болу жағдайлары кездеседі. Ғалымдардың
ғылыми көзқарастары, пікірлері бір-бірінен ерекшеленеді. Ғылыми
зерттемелерге назар аударар болсақ, бір-біріне баламалы қатынастағы, бірін
бірі толықтыратын, кей жерде бір-біріне қайшы келетін көзқарастардан
туындайтын ғылыми тұжырымдардың куәсі боламыз. Бір қарағанда қарапайым
көрінетін сөз ұғымына берілетін анықтамадан бастап, сөздердің лексика-
грамматикалық таптарына берілетін түсініктемелерге дейін әрқилы болуы
мүмкін. Бұлар - әр ғалымның, әрбір ғылыми ортаның, әр ғылыми мектептің
көзқарастарындағы өзгешеліктерден туындайтын ерекшеліктер. Осындай жағдай
лексикографиялаудың мақсаттарына сай келетін, сөздікке қатысты ерекше
лексикологиямен айналысуға алып келеді. Сөздік лексикологиясында сөздіктің
түріне, типіне, жанрына, жасалу мақсатына, адресатына, көлеміне байланысты
тілдік бірліктерге жасалатын алуан түрлі сипатттаманың әдіс-тәсілдері,
лексикографиялаудың заңдылықтары екшеліп, айқындалады. Тілдік және
метатілдік құбылыстарды лексикографиялаудың қажеттеріне бағдарлай түсіндіру
қамтамасыз етіледі. Осыған қажетті әдістемелік шешімдердің типтік үлгілері
ұсынылады. М.Малбақовтың пікірі бойынша, сөз болып отырған ұғым лексикалық
бірліктердің сөздіктерде лексикографиялану заңдылықтарын қамтиды.
Лексикалық бірліктер санатына жеке-дара бірліктер де, тұтас бір топты,
категорияны, жүйені қамтитын күрделі бірліктер де кіреді. Ғалым
лексикографиялану заңдылықтары бойынша келтіруге болатын көп мысалдардың
бірі ретінде сөздіктердегі негізгі сөздік тұлғаның берілу ерекшеліктерін,
лексикалық бірлікке берілетін сипаттаманың ерекшеліктерін атайды. Мысал
ретінде сөздіктегі негізгі сөздік тұлғаның сипаты мен сипаттамасына қатысты
етістіктердің негізгі сөздік тұлғасы қандай, сөз таптарының конверсиясы
қалайша көрсетіледі, лексикалық бірліктің тілдік жүйедегі, сөздік
құрамдағы орны қалай бейнеленеді деген тәрізді сұраулардың
лексикографиялық шығармалардағы шешімі әр түрлі болып шығатыны белгілі.
Сөздіктегі сөз мағынасын ашу (сөздіктегі семасиология), лексикалық бірлікке
анықтама беру мәселесі – лексикографиялаудың күретамыры іспеттес мәселе.
Оның шешімі нақты сөздіктердің сыртқы типологиялық, ішкі құрылымдық
ерекшеліктеріне тәуелді. Мәселен, сөздіктердегі тілдердің саны мәселесін
алайық. Сөздіктің біртілді, екітілді және көптілді түрлері болады.
Біртілді сөздікте сөзге берілетін анықтама мектепке дейінгі балаларға
арналып жасалатын шағын сөздікшеде - бір түрлі, мектеп оқушыларына арналған
сөздікте - екінші түрлі, ал жалпылама қолданымға арналып түзілетін үлкен
сөздікте - үшінші түрлі болуы мүмкін. Салалық ғылым түрі бойынша арнаулы
ғылыми тілде, кәсіби маманға арналып жасалатын терминологиялық сөздіктегі
анықтама яғни ғылыми дефиниция бұлардан да өзгеше болмақ. Екітілді
сөздіктің өз ерекшеліктері бар. Аударылатын сөздің мағынасын толық ашу ісі
екінші тілде балама сөздің болуболмауына байланысты болмақ. Кей жағдайда
сөз мағыналары біріктіріліп жіберіледі немесе негізгі мағына ғана беріледі.
Осы мәселеге қатысты В.П.Берков Кіріс тіл – аргумент, шығыс тіл – функция
- деген еді [4 , 13]. Демек, екінші тілдің жүйесі мен құрылымы толық
көрінбейді, олар тек бірінші тілге толық сипаттама беру үшін қажетті
мөлшерде ғана ашылады. Және бұл мәселе де, жоғарыда сөз болғандай,
сөздіктің көлемі мен адресатының ерекшеліктеріне (оқырманның ана тілі,
тілдік даярлығы, мамандығы, т.б.) байланысты әр түрлі шешілуі мүмкін.
Сөздіктердің жанрлары мен типтері туралы ілім. Испан лексикографиясын
зерттеген Я.Малкил 1959 жылы сөздіктер типологиясын жасау үшін қажетті үш
айырым белгіні атайды: 1) сөздіктің диапозоны, яғни материалды қамту аясы;
2) сөздіктің перспективасы; 3) сөздіктің презентациясы [5]. Бірінші және
үшінші айырым белгілер түсініктеме беруді қажет етпейтін болғандықтан,
екінші белгіге тоқталалық. Ғалым перспективаның да үш түрін қарастырады.
Бірінші: тарихи (динамикалық) және синхронды (статикалық) сөздік. Екінші
перспектива материалды орналастыру ұстанымына байланысты: а) әліпбилік
(дәстүрлі) орналасу; ә) семантикалық (сөз таптары немесе тақырыптық топтар
бойынша орналастыру); б) еркін орналастыру. Соңғы үшінші перспектива,
автордың өз сөзімен айтқанда, сөздіктің негізгі тоны [бұл жерде сөздік
метатілінің ерекшеліктері сөз болып отыр – Ж.Б.] мен нормативтілікке
қатысына байланысты. Сөздіктің тоны: а) объективті, ә) нұсқаушы
(preceptive) немесе б) ойнақы болуы мүмкін. Нұсқаушы тонға байланысты автор
оқырманды тәрбиелеудің яғни оның сөз мәдениетін көтеру мақсатының байсалды
лексикографиялық еңбекке келісімсіздігін, лайықсыздығын ескертеді.
Сөздіктер типологиясы бойынша 1962 жылы арнаулы еңбек шығарған Т.А.
Себеок өзінің жіктемесін эмпирикалық негіздерге сүйене отырып жасайды. Ол
он жеті белгіні атайды: 1) сөздіктің автордың ана тілінде жасалуы; 2)
сөздіктің мәтіндерге байлаулы болмауы; 3) сөздіктің материалды қамту
шектері; 4) сөздіктегі материалдың алуан түрлілігі; 5) атау сөздің жекеше
немесе көпше тұлғада берілуі; 6) сөздіктің сөз формасына негізделуі; 7)
сөздіктің сөз мағынасына негізделуі (синонимдер сөздігі); 8) сөздік
мақалалардың әліпбилік ретте сыртқы тұлғалары бойынша берілуі; 9) сөздік
мақалалардың мағына, мән бойынша реттеліп берілуі; 10) қарама-қарсы
сілтемелер қолдану жолымен материалды формалық жағынан қосалқы безендірудің
болуы; 11) қарама-қарсы сілтемелер қолдану жолымен материалды мағыналық
жағынан қосалқы безендірудің болуы; 12) сөздің паспортталуы: а) қандай
диалектіге жатады, ә) қандай мәтіндерде тіркелген; 13) экземпликация
(қолданым мысалдары); 14) глосса (сөзге жасалатын түсініктемелер мен
ескертпелердің болуы); 15) сөздік бірліктің қолданым жиілігінің көрсетілуі;
16) сөздік бірліктің этимологиясының берілуі; 17) сөздік мақалада
энциклопедиялық түсініктеменің болуы [5]. Ғалымның пікірі бойынша, сөздік
лексикографтың өз ана тілінде жасалатын болса, мұндай сөздікте нұсқаушы,
академиялық типті сөздікке айналу тенденциясы сақталады. Сөздік нақты
мәтіндер негізінде жасалса, мәтіндерді басты назарда ұстаса, ол анықтамалық
сөздік типіне жақындайды. Бұл жіктемеде сөздіктің тілі, ішкі құрылымы,
сөздік бірлік пен сөздік мақаланың орналасу реті, құрамы мен құрылымы
ескерілген. Автордың практикалық бағдарды басты назарда ұстануына
байланысты құнды жіктемелердің бірінен саналады.
Француз лексикографы Ж. Рей-Дебов Я. Малкилдің, Т. Себеоктың, т.б.
біраз ғалымдардың жіктемелерін қорыта келіп өз жіктемесінде төмендегі
айырым белгілерді нұсқайды: 1) дидактикалық шығарма (автордың жеке пікірі
байқалмайды); 2) анықтамалық ретінде пайдалану үшін жасалған (сөздік
кірістер белгілі жүйе бойынша кодталған, ақпарат берудің арнайы
бағдарламасы бар); 3) екі құрылымды: макроқұрылымы (номенклатурасы, яғни
сөзтізбесі) және микроқұрылымы (сөздік мақалалардағы ақпараттар жиынтығы)
бар; 4) материалдың ерекше орналасымы (тұлғасы немесе мазмұны бойынша); 5)
сөздік бірлігі (кіріс сөз) құрылымы жағынан әріп пен фразадан жоғары
бірліктер аралығында; 6) ақпараттардың реттеліп, бірақ бір-бірінен
бөлектеліп орналастырылуы; 7) сөздіктің номенклатурасы – реттелген,
иерархиялық тұрғыдан құрылымданған көпшілік; 8) сөздіктегі айтылым
(сипаттама) екі мағынаны біріктіреді: таңбалар туралы айтылым және заттар
туралы айтылым [5]. Ғалым аталған мәселелерді терең зерттеп, талдаумен
айналысатын ерекше лингвистикалық пәннің – теоретикалық лексикографияның
жасалуы қажеттігін жазады.
Француз ғалымдары К. Дюбуа мен Ж. Дюбуа лексикография теориясының
қарастыратын мәселелері ретінде сөздіктер типологиясы мен сөздіктің
құрылымдық элементтері туралы ілімді атайды. Яғни ғалымдар бұрыннан белгілі
типология мәселесіне сөздіктің ішкі құрылымдық элементтері мәселесін
қосады. Орыс ғалымы П.Н. Денисов лексикография теориясының негіздерін
зерттеген еңбегінде осы тұжырымды жөн санайды [6, 5]. Оның пікірі бойынша,
сөздіктердің жіктемесі дегеніміз – белгілі бір мәдени ареалда немесе
белгілі бір ұлттық лексикографиялық дәстүрде тарихи тұрғыдан қалыптасқан
сөздіктер мен олардың жанрларының практикалық жүйеленген түрдегі
сипаттамасын жасау [6, 6].
Сөздіктің элементтері мен параметрлері туралы ілім. Сөздіктің
элементтері деп оның ішкі, сыртқы құрылымдық бөліктерін айтады.
Лексикография теориясында сөздіктер типологиясынан кейін сөз болатын осы
сөздік элементтері. П.Н. Денисов бұл туралы: Лексикография теориясында
құрылым туралы ілім, сөздіктің құрамдас бөліктері (элементтері) деп
аталатын бөлік, автор мен оқырман арасындағы басты байланыс каналы
ретіндегі сөзтізбенің құралуы, сөздік мақаланың құрылымы проблемаларымен
айналысады деген тұжырым жасайды [6, 216].
Әлемдік тілдердегі түрлі типті сөздіктерді талдау нәтижесінде Ю.Н.
Караулов тарапынан анықталған лексикографиялық параметрлердің жалпы саны –
65. Солардың ішіндегі қазақ тіліндегі сөздіктері үшін маңызыдары
төмендегідей: Тілдер саны. Сөздік кірісі (әліпбилік,- тура және кері;
мағыналық; сөздің ұзындығына байланысты; әліпбилік-хронологиялық;
транскрипциялық, т.б.). Хронологиялық параметр (сөздің бірінші жазбаша
тіркелу уақыты, сөздіктің хронологиялық рамкілері). Сандық параметр
(сөздіктегі сөздердің саны). Орфографиялық (әрбір әріп бойынша, әліпбилік).
Сөздің ұзындығы (әріптер саны). Екпін. Айтылым. Буынға бөліну. Сөз табы.
Жекешекөпше. Сын есімдердің шырайлары. Сабақтысалт етістік. Етістер.
Райлар. Тұйық етістік. Көптік, жіктік, септік, тәуелдік жалғаулар. Көмекші
етістіктер. Есімше. Етістіктің шақтары. Сөздің морфологиялық құрылымы.
Сөзжасамдық параметр. Аббревиатуралар. Көпмағыналылықбірмағыналылық.
Семантема (семантикалық эквивалент, дефиниция). Мағынаның транспозициясы.
Ареалдық параметр. Синтагматикалық тіркес (еркін тіркесім).Фразеологиялық
тіркес (тұрақты тіркесім). Лексикалық тіркесімділік. Иллюстративтік
параметр. Стилистикалық параметр. Эмоционалды-бағамдық параметр.
Нормативтілік пен вариациялық. Статистикалық (сөздің қолданым жиілігі).
Лингвотарихи параметр (сөз тарихы). Лингвоелтанымдық (этномәдени-тарихи)
параметр. Ономастикалық параметр. Терминологиялық параметр. Тектестік
(этимологиялық, генетикалық біртектілік) параметрі. Кірмелілік параметрі.
Синонимдік параметр. Антонимдік параметр. Омонимдік параметр. Паронимдік
параметр. Ассоциативтік параметр. Семантикалық өріс. Тақырыптық топ.
Библиогрфиялық (сөз туралы зерттеулерді көрсету) параметр. Лексикографиялық
параметр (сөз туралы қажетті дерек алуға болатын сөздіктерге сілтеме) [7].
Жоғарыда санамаланған лексикографиялық параметрлерді оқу сөздіктерінің
құрылымына қатысы қарастыратын болсақ, олардың көпшілігінің оқу
лексикографиясында жасалатын сөздіктерге тікелей қатыстылығын байқаймыз.
Оқу лексикографиясындағы ғылымға белгілі тоғыз аспектіні бейнелейтін тоғыз
оқу сөздігінің түрлерінде (түсіндірме, идеографиялық, фразеологиялық,
лингвоелтанымдық, грамматикалық сөздіктер, синонимдердің, антонимдердің,
омонимдердің, паронимдердің оқу сөздіктері) көрсетілген параметрлердің
басым көпшілігі қолданылады. Диссертациялық еңбектегі бұдан арғы зерттеме
барысында аталған параметрлер оқу лексикографиясы тұрғысынан жан- жақты
талданады.
Біртілді оқу сөздігіндегі лексикографиялық құрастырма негіздері туралы
ілім. Лексикографиялық құрастырма негіздері туралы Р.Түсіпқалиева былайша
жазады: Үлкенді-кішілі сөздіктерді жасауда атқарылатын қызметтің,
істелетін істің біртекті болмайтындығына әліге дейін жеткілікті назар
аударылмай келеді. Мысалы, сөздікті түзудегі атқарылатын қызметтің бірі -
таза филологиялық қызмет. Мұнда әртүрлі атаулық бірліктерге анықтама
беріліп, талдау жасалады. Екінші қызмет - осы филологиялық деректердің
түрлі қасиеттерін мақсатты түрде тұтас жүйеге айналдырып, ашып көрсету
арқылы жаңа сапада қайта ұсынуды қамтиды. Бұл жерде сөздікшінің тек қана
тілші емес, оған қосымша құрастырма жұмыстарының маманы, сөздікші-инженер
болуына тура келеді. Сөздікті құрастыруға байланысты жұмыстар
лексикографиялық құрастырма деп аталады. Лексикографиялық құрастырма –
үлкенді-кішілі сөздіктерді, сөздіктің жүйелері мен серияларын ойлап
шығарумен, олардың мақсатқа сай ең тиімді түрін, компоненттік құрамын
белгілеумен, сондай-ақ, құрылымдық жаңартулар көмегімен сөздікке максималды
ақпараттық құндылық беретін, пайдалануға ыңғайлы етіп жасайтын инженерлік-
филологиялық қызметтің түрі [8]. Бұл жерде құрастырманың кем дегенде үш
түрі туралы сөз болып отырғандығын баса айту қажет. Оның бірінші түрі – кез
келген сөздікті құрастыру ісі және оны құрастыруға қатысты құрылымдық
мәселелердің жиынтығы. Яғни бұл ұғым бір сөздік көлеміндегі, сөзтізбе мен
сөздік мақаланың құрылымына қатысты, сөздіктің ішкі құрылымына қатысты
құрастырма мәселелер көлемін ғана қамтиды. Екінші түрі – лексикалық құрамы
тілді үйренудің деңгейіне байланысты бірте-бірте күрделеніп жасалатын,
бірнеше кітаптан тұратын сөздіктер сериясын құрастыруға қатысты. Мұндай
сөздіктер оқытудағы сатылылық (градуалдылық) ұстанымына негізделіп
түзіледі. Үшінші түрі – белгілі бір тілдің құрамы мен құрылымын толық ашып
көрсету мақсатында немесе тілді жан-жақты меңгерту мақсатында әртүрлі
сөздіктерден құралатын сөздіктер жүйесін жасауға қатысты.
Бастапқы материалдар (картотека қоры) туралы ілім. Сөздіктердің
дереккөздері жөніндегі, сөздікке негіз болатын бастапқы материалдарды
жинақтау мен сақтаудың формалары мен әдіс-тәсілдері жөніндегі мәселе –
сөздік түзу жұмысындағы келелі мәселелердің бірі. Қандай лексикографиялық
шығарма болса да, оның түзілуі картотека мәселесінің оңды шешілуімен
тікелей байланысты екендігі анық. Жобаланып отырған сөздікке алынатын
дереккөздер корпусын анықтау, басқа сөздіктерді дереккөз ретінде
пайдаланудың сипаты мен ерекшеліктерін белгілеу, жалпы ғылыми, жалпы әдеби,
жалпы тілдік шығармалардан, сонымен бірге, арнаулы салалық бағдарлы
шығармалардан материал жинақтаудың әдіс-тәсілдерін сипаттау, ауызекі сөйлеу
тілі негізінде даярланған жазбаларды пайдаланудың әдіс-тәсілдері мен
қолданым шектерін анықтау, тиісті тілдік бірлікті ұсынатын мәтін бөлшегінің
сипаты мен ұзындығын белгілеу, тілдік бірліктің қолданымын дәйектейтін
мәтін бөліктерінің жалпы санын айқындау – материалды дайындауға қатысты іс-
шаралардың қысқаша тізбесі осындай. Оның үстіне сөздік материалдарды
жинақтайтын картотекалардың түрлері, оларды толтырудың әдістемесі, сонымен
бірге, материалды сұрыптап алудың инструкциясы, картотека жасау ісін
механикаландырудың, автоматттандырудың жолдары, т.б. – лексикография
теориясында қарастырылуы тиісті мәселелер.
Сөздік түзу ісін жоспарлау мен ұйымдастыру туралы ілім. Әрбір
лексикографиялық туындының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оны
жоспарлаудың, инструкциясы мен проспектісін жасаудың, сөздікті түзу ісін
ұйымдастырудың өзгешеліктері болатыны белгілі.
В.В. Морковкиннің жазуы бойынша, сөздік проспектісі мынадай негізгі
бөліктерден тұрады: 1) сөздіктің мақсаттары мен міндеттерін баяндау; 2)
нақты адресатты көрсету; 3) сөздіктің композициясын сипаттау; 4) сөздіктің
сөзтізбесін сипаттау (сандық және сапалық); 5) сөздік мақаланың құрылымын
сипаттау; 6) сөздік мақаланың жекелеген элементтерін жүйелі түрде, бірте-
бірте, ретімен және детально сипаттау; 7) белгілерді, қабылданған
қысқартпаларды, шартты таңбаларды сипаттау; 8) дереккөздерді (соның ішінде
лексикографиялық та) көрсету; 9) қосымшаларды сипаттау [9, 55-56].
1.2 Лексикография тарихының мәселелері. Сөздіктер тарихын зерттеу.
Теоретикалық лексикография екі бөліктен құралады. Оның бірінші, негізгі
бөлігі – лексикография теориясы болса, екінші бөлігі лексикография тарихы.
Лексикографияның теориялық мәселелерін зерттеген В.В.Морковкин
лексикография тарихы ұғымының өзінің біртекті еместігін, оның өзі іштей
екі тармаққа бөлінетінін жазады. Оның біріншісі ретінде – сөздіктер мен
лексикографиялық тұжырымдамалар тарихын атайды. Қазақ лексикографиясындағы
сөздіктердің түзілім тарихына арналған алғашқы еңбектердің бірі –
М.Малбақовтың Қазақ лексикографиясының тарихы атты зерттеуі. Аталған
жұмыста XVIII ғасырдың соңғы ширегі мен XX ғасырдың басында жазылған
лексикографиялық туындылар қарастырылады. Зерттеуде, сонымен бірге, аталған
кезеңдегі сөздіктердің сөзтізбе құрамы мен сөздік мақала құрылымы,
атаулардың лексика-семантикалық құрамы баяндалады. Сөздіктер мен олардың
авторларының қазақ лексикографиясы тарихындағы орны айқындалады. Қазақ
лексикографиясының өткен дәуірдегі тарихын зерттеуге арналған тағы бір
еңбек – Б.Атабайдың Л.Будагов сөздігіндегі қазақ сөздерінің құрамы мен
құрылымын қарастыратын жұмысы. Зерттеуде жалпытүркілік сөздікке алынған
қазақ лексикасының тақырыптық, семантикалық құрамы, фонетикалық құрылымы
баяндалады, аталмыш сөздіктің типологиялық сипаттамасы, оның қазақ
лексикографиясы тарихындағы алатын өзіндік орны туралы сөз болады.
М.Малбақов ортағасырлық түркі лексикографиясында, ортағасырлық араб жазулы
сөздіктерде‚ сондай-ақ‚ кейінгі түркі тілдерінің лексикографиясында‚ соның
ішінде қазақ лексикографиясында да бұрынғы дәстүрдің жалғасып келгендігін,
алайда XVІІІ ғасырдан бастап Ресейге тәуелді болып‚ оның құрамына кіре
бастаған қазақ елінде араб жазулы қазақ лексикографиясындағы орта
ғасырлардан бері жалғасып келе жатқан дәстүр сабақтастығының бұзылғандығы
туралы жазады. Аталған кезеңдегі қазақ тіліне қатысты сөздіктердің басым
көпшілігі орысша-қазақша тіл үйрену‚ аударма жасау қажеттілігін өтеуге
арналып‚ сол дәуірдегі патшалы Ресей әкімшілігі мен Кеңес үкіметінің
ұстанған тіл саясатына сәйкес келетін прагматикалық мақсат-мүдделерге сай
жасалды деген тұжырым жасайды [10]
Типтес лексикографиялық мәселелерді шешу тарихы. Лексикография
тарихының екінші тармағы ретінде типтік сипатты лексикографиялық
мәселелердің шешілу тарихы, атап айтқанда, сөзтізбенің құрамы, атау
сөздердің сипаты тәрізді сөздіктің құрылымына қатысты жағдайлардың тарихи
кезеңдегі жекелеген сөздіктер мен ғылыми-теориялық еңбектердегі
қарастырылуын атайды. Аталған мәселелге байланысты жазылған ғылыми-
теориялық еңбектер қатарына Ш.Ш. Сарыбаевтың Проблемы казахской
региональной лексикографии [11], К.Ш. Хұсайынның Радлов и казахский
язык[12], М. Малбақовтың Қазақ лексикографиясының тарихы атты еңбегін
[13] жатқызуға болады. Ш.Ш. Сарыбаев зерттеуінде диалектологиялық
сөздіктердегі лексикографиялау ұстанымдары, сөзтізбе мен сөздік мақала
құрылымы мәселелері талданады. К.Ш. Хұсайын еңбегінде Сөздіктердегі
типология мәселесі, В.В.Радлов сөздігінің қазақ лексикографиясындағы орны
сөз болады. М. Малбақов зерттеуінде қазан төңкерісіне дейінгі қазақ
сөздіктерінің құрылымдық элементтері, атап айтқанда, сөзтізбе құрамы мен
сөздік мақала құрылымы, атау сөз тұлғасы, негізгі сөздік тұлға мәселесі,
фонетикалық және грамматикалық сипаттама, параметрлік құрылымдар талданады.
Қазан төңкерісіне дейінгі сөздіктерде қамтылған лексика-семантикалық топтар
құрамы баяндалады.
Шағын көлемді оқу сөздіктерінің құрылымдық негіздері деп аталатын
екінші бөлімде оқу лексикографиясы терминінің мәні, оқу сөздігінің
дидактикалық құндылығы мен антропоөзекті бағдары, оқу сөздіктерін түзудегі
градуалдылық ұстанымының қолданым ерекшеліктері, біртілді шағын оқу
сөздігінің лексикалық негізі мәселесі, шағын оқу сөздігіндегі құрылымдық
сөздер құрамы, оқу сөздігіндегі лексикалық минимум мәселесі, оқу сөздігінің
ортақ минимумы, біртілді шағын оқу сөздігіне лексикалық бірліктерді
сұрыптап алу ұстанымдары туралы зерттеу жүргізіледі.
2.1 Оқу лексикографиясы терминінің мәні. Оқу лексикографиясы
тіркесіндегі жетекші мүше – лексикография. Ал осы сөздің ішкі формасы, мәні
қандай деген сауалға жауап іздер болсақ, оны сөздің этимологиясынан
табамыз. В.В. Морковкиннің пікірі бойынша, лексикография терминіне
берілетін этимологиялық түсініктемелерді екі түрге бөліп қарастыруға
болады. Бірінші түсінікті жақтаушылар бұл грек тіліндегі Λεξικόν - ‘сөздік’
және γράφω - ‘жазамын’ сөздерінің қосындысынан келіп шыққан деген
көзқарасты ұстанады. Алайда, аталған екі сөздің ішкі формасына бұлайша
талдау жасауда терминнің мағынасын оның қазіргі кезде білдіретін ұғымына
етене жақындастырушылық байқалады. Нәтижесінде сан қырлы лексикографиялық
қызметті оның бір-ақ қырынан түсіндірушілік орын алған. Екінші көзқарас
бойынша, термин Λεξικός - ‘сөзге қатысты’ және γράφω - ‘жазамын’
сөздерінің бірігуінен пайда болған. Қазіргі кезде осы көзқарастың дұрыстығы
дәлелденіп отыр. Демек, терминнің қазіргі мәнін (сөздік түзудің теориясы
мен практикасы) назарға алмай, сөздің бастапқы этимологиясына үңіліп, оның
ішкі формасын ашуға талпынған кезде оқу лексикографиясы деген сөз
тіркесінің сөздерге тілүйретім мақсатында сипаттама жасау деген мәнде
қолданылуы тиіс екендігі мәлім болады. Талданып отырған терминді осы мәнде
түсіну негізінде аталмыш саланың қарастыратын нысандары құрамына оқу
құралдарындағы, тілүйретімдік-әдістемелік басылымдардағы сөздердің
семантикалық, синтаксистік, стилистикалық, морфологиялық, статистикалық
қасиеттеріне сипаттама жасау ісі кіреді. Оқу лексикографиясын осындай жаңа
ұғымда түсінушілік оның екі бірдей ғылым саласының, атап айтқанда,
лексикография мен лингводидактиканың ара-жігінде пайда болған ғылыми пән
екендігіне көз жеткізеді. В.В. Морковкин оқу лексикографиясы ұғымын
анықтау мақсатында жаңа саланың бес түрлі қолданым аясы болатындығын сөз
етеді.
Ғалым оқу лексикографиясы терминінің мағынасын ашуда, бір жағынан,
өз табиғаты бойынша бір-бірімен тығыз байланысты қызмет түрлерін бір пән
аясында біріктірудің қажеттігін, екінші жақтан, бұл пәннің бірнеше ғылым
саласының жігінде пайда болған аралық пән екендігін көрсете отырып, үшінші
жақтан, қазақ тілі лексикасына тілүйретімдік мақсатта түсініктеме жасаудың
жаңа мүмкіндіктері ашылатынын ескерте келіп, оған төмендегідей анықтама
береді: Оқу лексикографиясы – басты мазмұны лексикаға тілүйретімдік
мақсатта сипаттама жасаудың теоретикалық және практикалық аспектілері болып
табылатын арнаулы мақсатта қолданылатын лексикографиялық, лингвоәдістемелік
пән. Ғалым оқу лексикографиясының басты бөліктері ретінде: а) оқу
сөздіктерін жасаудың теориясы мен практикасын, ә) лексикалық минимумдарды
түзудің теориясы мен практикасын, б) оқу лексикостатистикасының теориясы
мен практикасын, в) лексикографиялық типтегі лексика оқулықтарын жасаудың
теориясы мен практикасын, г) оқулықтардағы сөздікшелерде берілетін
лексиканы лексикографиялау мен семантикалаудың теориясы мен практикасын
атайды.
Оқу лексикографиясы және оқу сөздігі атаулары туралы. Орыс
тіліндегі Учебная лексикография, учебный словарь терминдеріне балама
ретінде қазақ тілшілері тарапынан осы атаулар қолданылып келеді. Біз де өз
жұмысымызда бұрыннан келе жатқан дәстүрлі қолданысты бұзбай қолданып
отырдық. Бұдан әрі де қолдана береміз. Алайда, жоғарыда келтірілген
талдаудан кейін оқу лексикографиясы мен оның басты өнімі ретіндегі оқу
сөздігінің басты мақсаты оқу немесе оқыту емес екендігіне, басты мақсат -
тілді үйрету болып табылатынына көз жеткізу қиын емес. Және бұл жерде басын
ашып, анықтап айтатын бір жайт бар. Мақсат - тілді ұстаздардың көмегімен
үйрету емес, керісінше, осы сөздіктің көмегімен оқырманның өзінің үйренуі,
оқырманның тілді өз бетінше үйренуіне жағдай жасау. Оқырман осы сөздікті
оқи отырып тілді өз бетінше, өз күшімен үйренеді. Сөздіктің құрылымы сол
мақсатқа лайықталып жасалады. Бұл жерде мәселе аталмыш сөздіктің актив
типті сөздік екендігінде ғана емес. Себебі, ол қаншалықты сапалы, жақсы
жасалған актив типті сөздік болса да, оқырманның ниеті, талабы, құлқы
болмаса, тілді үйрене алмайтындығы белгілі. Бұл жерде басты назар
оқырманның белсенділігіне аударылғаны жөн. Оның үстіне, оқу
лексикографиясының бағдары - адамның тілді үйренуіне бағытталған
антропоөзекті бағдар болып табылады. Осындай алғышарттарды ескере келіп
баламалы қолданым ретінде тілүйренім лексикографиясы, тілүйренім сөздігі
атауларын жөн санап отырмыз.
2.2 Оқу сөздігінің дидактикалық құндылығы мен антропоөзекті бағдары.
М. Малбақов сөздікте үш түрлі интенцияның болатынын жазған еді. Олар:
дидактикалық, анықтамалық және ғылыми интенциялар. Түсіндірме сөздіктің
құрылымын зерттеуге арналған еңбегінде ғалым: Жалпылама қолданымға арналып
жасалатын түсіндірме сөздіктердің жұртшылық тарапынан үнемі қолданымда
болуы және неғұрлым ұзақ уақыт ішінде (ондаған‚ жүздеген жылдар бойы)
қолданымда болуы ондағы интенциялардың арасалмағына байланысты. Егер
сөздіктегі ғылыми интенция басқаларынан басым болса‚ ол сөздік негізінен
ғылыми жұртшылықтың пайдаланатын кітабы болмақ. Анықтамалық интенция басым
болса‚ энциклопедияға айналып кету қаупі бар. Дидактикалық интенцияның
басымдығы оны негізінен тілүйренім‚ оқу құралына айналдырады. Сондықтан‚
сөздіктің шын мәніндегі халық кітабына айналып, ұзақ қолданылуы үшін
ондағы үш интенция теңгермелі қалыпта болу керек деген тұжырым жасаған
болатын [10]. Демек, оқу лексикографиясының туындыларында дидактикалық
интенцияның басым болатындығы белгілі.
Осы тұрғыдан, сөздіктің барлық түрлерінде де дидактикалық интенцияның
басым болатындығы туралы ойдың сонылығы анық. Мұндай тұжырымды
лексикографияның теориялық мәселелерін зерттеген француз лексикографтары К.
Дюбуа мен Ж. Дюбуа жасайды. Ғалымдардың пікірі бойынша, жалпы сөздік
атаулының бәрі дидактикалық жанрдағы туындыларға жатады. Сол себепті осы
жанр ауқымындағы лексикографиялық айтылым педагогикалық тілге тән ең
маңызды сипаттамаларға ие болады: педагогикалық тілдің кез келген түрі
тәрізді, сөздік те оқырманды коммуникацияның нақты бір айқын типіне
бағыттайды. Әрі сөздіктің авторы, әрі коммуникация субъектісі болып
табылатын лексикограф өзімен сырттай пікірлесуші оқырмандар тарапынан өзіне
қойылатын сауалдарға бағдар ұстайды. Олар лексикографқа оның өзіне тиесілі
емес мәтіндер туралы сауал қояды. Сауалдарға жауап бере отырып, лексикограф
коммуникациядағы айқын субъект рөлінде көрінбейді, коммуникацияның ұжымдық
субъектісі яғни қоғам атынан сөйлейтін байланыстырушы, дәнекер бейне
рөлінде көрінеді. Демек, лексикограф қоғам тарапынан жүзеге асырылатын
ұжымдық айтылымның болжалды субъектісіне айналады. Оқырмандар өздерін
идеалды түрдегі сөйлеуші субъект ретіндегі лексикографпен бірбүтін санайды.
Ал сөздікте берілетін жауаптар - нақты мәдени қауымдастық атынан айтылатын
соңғы ақиқат болып табылады. Сөздіктен алынатын білік пен білім
оқырмандардың білімі мен білігіндегі кемістіктердің орнын толтыруға
көмектеседі. Лексикографтың білігі мен жекелеген оқырмандардың толымсыз
білігі арасындағы алшақтықты жояды. Осылайша, сөздіктегі лексикографиялық
хабарламаның табиғаты да оқытушы ұстаздың педагогикалық хабарламасының
табиғатымен бірдей. Лексикограф істен мүлде сырт қала алмайды. Оның тілге
деген, тілге жасаған өз сипаттамасының негізінде жатқан лингвистикалық
теорияларға деген өзіндік ғылыми көзқарастары бар. Ол ғылыми хабарламаның
авторы болып шығады. Және оның іс-қимыл мәнері педагогикалық тіл (айтылым)
авторынікіне қарағанда басқарақ. Лексикографтың позициясы белгілі бір
теориядан, басқа теорияларға қарсы қойылған, өзі жөн санаған, лайықты деп
тапқан теориядан келіп шығады. Осылайша, бір жағынан, ғылыми полемикалық
әдіс-тәсіл, екінші жағынан, педагогикалық нормативті әдіс-тәсіл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ лексикографиясы: біртілді оқу сөздігін түзудің ғылыми негіздері
Сөздік құрастырудың техникасы
ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРІК - ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ СӨЗДІГІ
Тарихи лексикография
СӨЗДІК ҚҰРАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Идеографиялық оқу сөздігінің тілдік жүйені меңгертудегі орны
Сөздіктің элементтері мен параметрлері және тарихи сөздіктер
Жалпы тіл білімі - тіл білімінің барлық тілдерге тән заңдылықтары мен қасиеттерін зерттейтін ғылым
Қазақ тілінің лексикографиясының типтері
Лексикография
Пәндер