Қазақ ономапоэтикасы: сатиралық-юморлық кейіпкер аттары



ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Ономастикалық кеңістіктегі поэтонимдер
1.1 Сатиралық. юморлық кейіпкер аттарының зерттелінуі
1.3. Кейіпкер аттарының мағыналық.тақырыптық топтары
1.3.1 Соматикалық атаулардан жасалған СЮП.тердің жалпы саны . 250.
1.3.2.Зоофорлық
1.3.3 Фитофорлық
1.4 Кейіпкер аттарының лексикалық құрамы
1.4.1. Көне сөздерден жасалған СЮП.тер
1.4.2 Диалектілік негіздегі СЮП.тер
1.4.3 Шет тілден енген кірме сөздерден жасалған СЮП.тер
Кейіпкер аттарының лексика.грамматикалық құрылымы
2.1 Морфологиялық.синтаксистік жолмен жасалған СЮП.тер
2.2 Күрделі тұлғалы ер адам мен әйел аттары
Антропонимика – кісі есімдерін арнайы зерттейтін ғылым ретінде Халықаралық ономастардың І конгресінде (Париж, 1938) тұңғыш рет ресми танылған, ономастиканың соңғы отыз жылдықта ауқымды зерттеле бастаған салаларының бірі. Соңғы 10-15 жыл ішінде ономастиканың тармақталып, теориялық, сипаттамалық, тарихи, қолданбалы және поэтикалық ономастика т.б. бағыттар бөлініп шықты. Көркем мәтіндегі ЖқЕ-дің қолданысы, стильдік ерекшеліктері, апеллятивтенуі, поэтикалық сипаты, лингвистикалық және этнолингвистикалық табиғатын экстралингвистикалық факторлармен байланыстыра зерттеу соңғы жылдары қолға алына бастады.
1 Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. –Алматы, 1998–304 б.
2 Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. –Алматы, 1984.
3 Подольская Н.В.Словарь русской ономастической терминологии. –Москва, 1988. 192 с.
4 Мәдиева Г., Б.Иманбердиева С.Қ. Ономастика: зерттеу мәселелері.–Алматы, 2005.240 б.
5 Талжанов С. Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері, –Алматы, “Ғылым”, 1975, 286 б.
6 Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы, 1993, 320 б.
7 Жанпейісов Е. Қазақ прозасының тілі, Алматы: Ғылым, 1968, 268 б.
8 Малбақов М. Бір тілді түсіндірме сөздіктің құрылымдық негіздері. – Алматы: “Ғылым”, 2002 – 368 б.
9 Манкеева Ж.А. Мәдени сананың ұлттық сипаты. –Алматы, 1997.–272 б.
10 Баскаков Н.А. Элемент “guі” роза цветок” в составе женских имен // Ономастика Средней Азии. Москва, 1978.
11 Әзімжанова Г.М. Қазақ тіліндегі етістік тұлғаларының стилистикасы. ф.ғ.д. ... дисс, 10.02.06 – Алматы, 1995 – 21 б.
12 Қожакеев Т. Сатира негіздері. –Алматы, 1996, 464 б.
13 Айтбаев Ө.Ұлттық жетелері үш таған // ХХ ғасыр:қазақ мәдениеті, тілі мен өнері. –Алматы, 2000.
14 Жанұзақов Т. Қазак есімдерінің тарихы. –Алматы, 1971.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 811.512.122′373.2 Қолжазба құқығында

ҚОРТАБАЕВА ГҮЛЖАМАЛ ҚЫДЫРБАЙҚЫЗЫ

Қазақ ономапоэтикасы:
сатиралық-юморлық кейіпкер аттары

Мамандығы – 10.02.02 – қазақ тілі

Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін жазылған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы
Алматы 2007

Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі А.Байтұрсынұлы
атындағы Тіл білімі институтында орындалды.

Ғылыми жетекші: ҚР ҰҒА-ның академигі,
филология ғылымдарының докторы,
профессор Ә.Т.ҚАЙДАР

Ресми оппоненттер: филология ғылымдарының докторы
М.МАЛБАҚОВ

филология ғылымдарының кандидаты
Г.ӘЗІМЖАНОВА

Жетекші ұйым: Абай атындағы Қазақ Ұлттық
педагогикалық университеті

Диссертация 2007 жылы “ 14 ” қыркүйекте сағат 16-00-де
ҚР БжҒМ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы 10.02.06 –
түркі тілдері және 10.02.02 – қазақ тілі мамандықтары бойынша филология
ғылымының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын Д
53.38.01 диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (050010, Алматы
қаласы, Құрманғазы көшесі, 29).

Диссертациямен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми
кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі,
28).

Автореферат 2007 жылы “ 14 ” тамызда таратылды.

Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы, филология
ғылымдарының докторы, профессор Ж.
Манкеева Ж.Манкеева

ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Антропонимика – кісі есімдерін арнайы зерттейтін ғылым ретінде
Халықаралық ономастардың І конгресінде (Париж, 1938) тұңғыш рет ресми
танылған, ономастиканың соңғы отыз жылдықта ауқымды зерттеле бастаған
салаларының бірі. Соңғы 10-15 жыл ішінде ономастиканың тармақталып,
теориялық, сипаттамалық, тарихи, қолданбалы және поэтикалық ономастика т.б.
бағыттар бөлініп шықты. Көркем мәтіндегі ЖқЕ-дің қолданысы, стильдік
ерекшеліктері, апеллятивтенуі, поэтикалық сипаты, лингвистикалық және
этнолингвистикалық табиғатын экстралингвистикалық факторлармен байланыстыра
зерттеу соңғы жылдары қолға алына бастады.
Тіл құпиясының бір ұшығы адам есімдерінің пішім-бейнесі оны қоршаған
ортаға көзқарасында, дүниетанымында, этикалық дәстүрінде, тұрмыс-салтында,
әдет-ғұрпында, бүкіл ұлттық психологиясы мен логикасында, географиясы мен
этнографиясында жатыр. Дүние есігін жаңа ашқан сәби есімі мен көркем
туындыдағы кейіпкер атының қойылу мотивінде қандай да болмасын ұқсастық пен
айырмашылық болады. Қазақ поэтикалық ономастикасында сатиралық
шығармалардағы кейіпкер аттары туралы, олардың тілдік табиғаты әлі күнге
дейін жүйелі зерттеу нысаны бола қойған жоқ. Кейіпкерлер көркем әдебиетте
өмір сүретіндіктен, оның болмысы мен табиғатын тану көбінесе
әдебиетшілеріміздің үлесіне тиіп келгені рас.
Кейіпкер аты – жалқы есім (ЖқЕ), яғни жалпы есімге (ЖпЕ) барлық жағынан
(грамматикалық, семантикалық, функциялық қызметі) қарама-қарсы ұғым мен
категория. ЖқЕ-дер кез келген тілдің сөздік қорының біршама бөлігін құрайды
да, ономастикалық универсалийлердің бірі болып табылады, өйткені олар тарих
айнасы ретінде халықтың көптеген мәдени құндылықтарын сақтаған. ЖпЕ-дер
лексикалық мағынаға ие болса, ЖқЕ-де бұл қасиет жоқ, олар тек атауыштық
қасиетке ғана ие. Олай болса, кейіпкер аттары ЖпЕ-нен жасалғанымен, ЖқЕ-ге
айналғанда, бастапқы ұғымынан, мәнінен, нәрінен айрылады.
Көркем шығарма мәтіндеріндегі барлық ЖқЕ-дің қолданылу ерекшеліктерін
әдеби ономастика (ӘО) зерттейді. Осыған орай әдеби ономастикада ЖқЕ
зерттеудің барлық аспектілері мен бағыттар, қазіргі ономастикадағы олардың
таптастыру ұстанымдары, көркем мәтін түрі, оның жанры мен семантикалық
құрылымы, ономастикалық кеңістікте мәтіндегі ономастикалық бірліктердің
эстетикалық байланысты қарастырылады. ӘО көркем шығармалардағы ЖқЕ – дер
оның жанрлық, стильдік, тақырыптық және идеялық заңдылықтарына сәйкес
қолданылады. Көркем мәтіндегі сатиралық - юморлық аттардың өзінің негізгі
номинациялық (атауыштық) қызметімен қатар, аталу уәжділігі мен
ерекшеліктеріне, поэтикасы мен стилистикасына сай бірқатар қызмет атқарады.
Антропонимист М.В.Карпенконың анықтамасы бойынша, әдеби антропонимді
“имя, созданные самим автором и в той или иной степени характеризующее
персонаж” деп сипаттайды. Орыс тіл білімінде поэтикалық ономастика көркем
мәтінді зерттеудегі ономастиканың, стилистиканың, поэтиканың, мәтін
лингвистикасының, семиотиканың, лексикалық семантиканың т.б. әдіс,
тәсілдерін қолданылатын жаңа бағыт болып саналса, қазақ тіл білімінде бұл
мәселе енді бой көтере бастады..
Диссертациялық еңбектің өзектілігі. Қазақ сатира - юморлық жанрындағы
кейіпкер аттарын ономосиологиялық кеңістікте этнолингвистикалық сипаты мен
қолданылу ерекшеліктерінің зерттелмегендігімен байланысты. Қазақ
ономастикасында кісі аттарына байланысты диссертациялық жұмыстар
болғанымен, сатира мен юмордағы кейіпкер аттары туралы қорғалған еңбек жоқ.
Бүкіл ұлтқа тән қадір-қасиет, мінез-болмыс, ойлау жүйесі, өнері, тарихы,
саясаты, қазақи қалжыңы көрініс тапқан сатиралық-юморлық аттарды
ономасиологиялық өрісте этнолингвистикалық аспектіде зерттеу – жұмыстың
өзектілігі болып табылады. Қазақ тіл біліміндегі осы көкейтесті мәселені
этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеу арқылы қазақ халқының бүкіл
дүниетанымы, тұрмыс - тіршілігі т.б. көптеген қызықты жайттардың беттері
ашылар еді.
Зерттеу жұмысының өзектілігі – сатира мен юморды әдебиет пен тіл
теориясымен ұштастыра, тарих, этнография тәріздес ғылым салаларымен
сабақтастыра, өнер, музыкаға қатысты дүниелерді байланыстыра қарастыру.
Сатира мен юмордағы кейіпкер аттарының семантикасы, генезисі мен қолдану
ерекшеліктері өзіндік өзгешеліктер мен сан алуандылығы т.б. негізгі
белгілерімен байланысты. Олардың лингвистикалық ерекшеліктерін көркем
мәтіндегі берілісімен сабақтастырмай, этнолингвистикалық табиғаты толық
зерттеліп, өз шешімін таппайды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты – қазақ сатиралық -
юморлық туындылардағы есімі “ерекше”, “сөйлеп тұрған”, “айқайлап тұрған”,
“мағыналы”, “эмоциялы - экспрессивтік” кейіпкер аттары мен фамилияларды
тілдік талдау, этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеу, кейіпкер аттарын ұлттық
болмыспен сабақтастыра қарастыру:
. сатиралық-юморлық кейіпкер аттарын жинақтау, жүйелеу, мағыналық -
тақырыптық жағынан топтастастыру;
. кейіпкер аттарын лексика - семантикалық, морфологиялық –синтаксистік
жасалым жолдары мен тәсілдерін, құрылымдық үлгілерін анықтау;
. кейіпкер аттарының ішкі формасынан экстралингвистикалық дерек көздерін
тану;
. кейіпкер атының жасалу негізі мен мотивін анықтау;
. этнотанымдық ұғыммен байланысты аттардың символдық мағынасын ашу.
Зерттеудің нысаны. Ауыз әдебиеті үлгілерінде, тұрақты тіркестердің
құрамында ұшырасатын күлкілі бейнелер, ел аузындағы есімдер, қазақ көркем
туындылардағы сатиралық-юморлық кейіпкер аттары.
Зерттеу әдістері. Жұмыстың мақсаты мен міндетіне сай сипаттамалы, тарихи-
салыстырмалы, трансонимизация, статистикалық-есептеу, жаппай іріктеп алу,
лингвистикалық топтастыру, уәждемелік талдау тәсілдер қолданылады.
Сатиралық - юморлық кейіпкер аттарын этномәдени атаулардың нақты деректерін
жүйелілік қатынаста қарастырып, генезис, типология, эстетика тұрғысынан
туыстас тектестікте сабақтастыру үшін индуктивтік әдіс, ал, нақты онимдерді
талдау барысында сипаттамалы-салыстырмалы, салғастырмалы,
этнолингвистикалық, стилистикалық әдістер қолданылды.
Жұмыстың әдістанымдық негізі. Қазақ ономастикасын жан-жақты зерттеу
барысында қазақ тіл білімі бойынша: А.Әбдірахманов, Т.Жанұзақов, А.Т.
Қайдаров, О.А.Султаньяев, Е.Жанпейісов, Ф.Мұсабекова, Қ.Қ.Рысбергенова,
В.У.Махпиров, Г.Б.Мәдиева, С.Қ.Иманбердиева, Қ.Ғ.Аронов, Е.Ә.Керімбаев,
Б.М.Тілеубердиев, С.Е.Керимбаева, Б.Көшімова т.б. ғалымдардың қорғалған
диссертациялары мен жекелеген ғылыми мақалалардың негізгі теориялық
тұжырымдары мен пікірлеріне сүйендік. Орыс ономастикасы мен ТМД елдері
бойынша (С.В.Веселовский, В.А.Никонов. В.И.Болотов, Э.Б.Магазаник,
Ройзензон, Ю.А.Карпенко, Т.Н.Кондратьева Л.М.Щетинин, В.Н.Михалков,
Е.М.Мелетинский, Н.М.Ведерникова, В.А.Аникин, А.В.Суперанская.
В.Е.Сталтмане, В.И.Супрун, Т.В.Топорова, О.И.Фонякова, Ю.Федосюк,
А.Г.Гафуров, Г.Ф.Саттаров, И.И.Алиев, Ф.Г.Гарифова, К.Конкобаев т.б.)
еңбектерін атап өтуге болады.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Қазақ сатиралық - юморлық кейіпкерлер аттары
қазақ ономастикалық кеңістігінде әлеуметтік, психологиялық, тарихи,
мәдениеттану және этнографиялық деректерді ескере отырып, дәстүрге айналған
әр түрлі аспектілер тұрғысынан кейіпкер аттарын этнолингвистикалық сипаттау
олардың идиоэтникалық және тілдік семантикасын анықтаудың коммуникативтік -
прагматикалық деңгейінде қарастырылды. Халық ауыз әдебиеті мен қазақ
әдебиеті бойынша сатиралық - юморлық кейіпкер аттары (2500-ден астам)
тұңғыш рет сараланып, жүйеленді.
Зерттеудің теориялық маңызы. Сатира - юморлық аттардың этномәдени
ерекшеліктерін зерттеу жалқы есімдердің этнолингвистикалық және қолданымдық
табиғатын терең де толығырақ түсінуге ықпал етеді.
Ономастиканың өзіндік терминологиялық жүйесі бойынша онимдерді қолдануда
ономастикалық терминдер қолдандық. Поэтонимдердің тілдік табиғатын тану
этнолингвистикамен ұштастырылып, ономастикалық жүйеде алатын орны,
теориялық - практикалық маңызы анықталды. Зерттеу барысында қол жеткен
табыстар мен нәтижелер қазақ ономапоэтикасының дамуында септігі тиер еңбек
болмақ.
Зерттеудің практикалық маңызы. Диссертациялық еңбекте баяндалған негізгі
тұжырымдарды тіл білімінің Лексикология, Ономастика, Семасиология,
Этимология, Этнолингвистика пәндері бойынша теориялық курстар мен арнаулы
семинарларда, практикалық сабақтарда пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
. Сатиралық-юморлық аттардың сандық құрамы, типологиясы, олардың
қолданылу ерекшеліктері (идиоэтникалық, семантикалық), ұлттық-мәдени
өзгешелігінің ерекшеліктері қазақ әдебиетіндегі жанрлық жүйесімен
байланысты.
. Кейіпкер аттары тек тілдік фактор ғана емес, сонымен қатар
экстралингвистикалық факторлар арқылы ұлттық менталитетті, қазақтануды
көрсететін ономастикалық бірліктер болып табылады.
. Негізгі лексикалық қорды құрайтын кейіпкер аттарының мағынасынан
олардың танымдық, психологиялық, философиялық көздерін ашуға болады;
. Антрополексама құрамындағы көне сөздер, кірме сөздер, жаңа сөздер,
диалектизмдер мифтік таным мен тарихи шындықтың межесі деуге болады;
. Қазақ тіл білімінде поэтикалық ономастикаға қатысты терминдердің
қолданылудың қажеттілігі негізделіп түсіндірілді. Кейіпкер аттарын
ономосиогиялық талдаудан халықтың тұрмыс-тіршілігін, ұлттық психологиясын,
тәлім-тәрбиесін, материалдық - рухани қазынасын этномәдени фон ретінде
ұғынуға болады.
Жұмыстың жарияланымы. Зерттеу жұмысының теориялық мәселелері мен
тұжырымдары 1995-2005 жылдар аралығында республикалық ғылыми басылым
беттерінде, халықаралық конференцияларда жасалған баяндамаларда көрініс
тапты. Диссертация тақырыбы бойынша 12 ғылыми мақала жарияланды және
С.Аманжоловтың 100 жылдық, С.Ғ.Сәдвақасовтың 75 жылдық мерейтойына,
академик Ә.Т.Қайдардың 80 жасқа толуына арналған, академик Ш.Ш.Сарыбаевтың
80 жасқа, профессор Т.Жанұзақовтың 80 жасқа толуына арналған арналған
халықаралық-ғылыми конференцияларда баяндама жасалып, арнайы жинақтарда
жарық көрді.
Жұмыстың құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Жұмыстың кіріспесінде тақырыпты зерттеудің өзектілігі, мақсаты мен
міндеттері, нысаны, зерттеудің әдіс-тәсілдері, дереккөздері, ғылыми
жаңалығы, теориялық-практикалық маңызы, қорғауға ұсынылатын тұжырымдар,
жұмыстың талқылануы мен жариялануы сипатталады. Диссертациялық жұмыстың І
тарауы “Ономастикалық кеңістіктегі поэтонимдер” деп аталады. Бұл тарауда
поэтикалық ономастиканың теориялық мәселелері, аспектілері, апеллятивтенген
аттар, сатиралық - юморлық кейіпкер аттарының зерттелінуі, тақырыптық
топтама және лексика- семантикалық ерекшеліктері қарастырылады.
1.1 Сатиралық- юморлық кейіпкер аттарының зерттелінуі. Тіл феноменін -тіл
әлемін академик Ә.Қайдар “этностың өзін танып білудің қайнар көзі,
біліктіліктің кәусар бұлағы”[1,11] деп сипаттайды. Біздің қарастырғалы
отырған мәселеміз: “тіл-тілдегі лексикалық байлықтың бір алуаны – кісі
есімдері” [2,59]. Көркем туындылардағы кейіпкер аттары –лингвистикалық
тұрғыдан жалқы есімдер(ЖқЕ), функциялық қызметі жағынан жалпы есімдерге
(ЖпЕ) қарама-қарсы. Оның себебі ЖқЕ-дер-лексикалық мағынаға, ЖпЕ-дер –
атауыштық қасиетке ғана ие. Олай болса, кейіпкер аттары ЖқЕ-нен
жасалғанымен, ЖпЕ-ге ауысқанда, бастапқы ұғымынан, мәнінен айрылады.
Лингвистикада көркем, әдеби және поэтикалық ономастика деген терминдер
жарысып қолданылып жүр. Бұл терминдердің барлығының нысаны – көркем
шығармалардағы ЖқЕ-дер. Зерттеуіміз кез келген ЖқЕ-дер емес, белгілі
стилистикалық мақсаттан туындайтын ЖқЕ-дер туралы болғандықтан, теориялық-
практикалық аспектілерін ескере отырып, ономапоэтика (поэтикалық
ономастика) терминін қолдануды жөн көрдік. Бұл терминді алғаш рет
антропонимистер Ю.А.Карпенко, В.М.Калинкиндер қолданған. Қазақ
лингвистикасының көшбасшылары Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, М.Балақаев,
І.Кеңесбаев сынды біртуар ғалымдарымыздың, бүкіл ғұмырын антропонимикаға
арнаған профессор Т.Жанұзақовтың ғылыми еңбектерін, сондай-ақ жекелеген
шығармалардағы кейіпкерлер аттарының табиғаты (Р.Әміров, Х.Нұрмаханов,
Қ.Есбаев, Ф.Мұсабаева, А.Мухатаева, О.Әлімбекова, Б.Әлімжанов, Ф.Кендібаев)
газет-журнал беттеріне жарияланған мақалалары, академик Ә.Т.Қайдардың
(“Казахские собственные имена в сатирических произведениях”, Лейпциг, 1984)
тезисі болмаса, қазақ сатирасы мен юмор жанрындағы кейіпкер аттарының
тілдік табиғаты туралы қорғалған ғылыми еңбек жоқ.
Белгілі бір стильдік мәнде қолданылған кейіпкер аттары ономасиологиялық
өрісте поэтикалық аттар немесе поэтонимдер деп колданылып жүр [3,16].
Сондықтан ономастикалық принциппен біз де сатиралық - юморлық поэтоним
(СЮП) деп қолданатын боламыз. Ономапоэтика – көркем әдеби туындылардағы
жалқы есім атаулыны, олардың құрылым принципін, мәнерін (стиль), мәтіндегі
қолданысын зерттейтін, оқырманның қабылдауы мен қаламгердің эстетикалық
көзқарасын білдіретін, мақсатын айқындайтын ономастиканың бір тармағы.
Соңғы жылдары кеңестік (ТМД елдері) тіл білімі көлемінде поэтикалық
антропонимия немесе ономопоэтика – әдеби көркем туындылардағы жалқы
есімдерді (поэтонимдер) зерттейтін ономастиканың бір тармағы өсіп шықты.
Ономопоэтика жалқы есімдердің принциптерін, мәтіндегі қолданысын, сондай-ақ
автордың стилін, дүниетанымын, мақсатын айқындайды. Н.В.Подольскаяның
анықтамасы бойынша, поэтикалық ономастика - көркем шығармадағы атауыштық
қана емес, стилистикалық және идеологиялық қызмет атқаратын
антропонимдердің қалыптасу, қолдану ерекшеліктерін зерттейтін ономастиканың
саласы [3,96]. Көркем туындыны ауқымы, шеңбері, өрісі кең болғандықтан, көп
қырлы алмас секілді асыл дүние деп қарайтын болсақ, оның бір қыры сатира
мен юмор тұрғысынан сөз етпекпіз.
1.3. Кейіпкер аттарының мағыналық-тақырыптық топтары.
І. Адамға қатысты атаулардан жасалған СЮП-тер: туыстық қатынас: Апаева,
Абысын Ағайын Туғаншылов, Апамов, Абысын Шешеева, Бауырбек Немереұлы,
Жездебек Әкейменов, Жеңгебай, Қайын Мырзағаұлы Қайын Ағаев, Қайын
Мырзағаұлы Шырақов, Қайынсіңлі Бикешқызы Шырайлымовна, Шөбере Үбіреұлы,
Құдағиева, Туғанбай Інішеков, физиологиялық белгілеріне байланысты:
Тіріжан, Тырылбике, Топарбике, Жыланкөз, Саңырау, Кереңбаев, Соқыр,
Соқырішек, Сүйел, Секпіл, Көксау, Қотыргүл, Шиқан, Ақима, Қылипа, Қисықбас,
Тыртықгүл, Тобанаяқ, Сойдақтіс, Ықылық, Түшкірік,Сілекеев, соматикалық
атаулар: Күлімкөз, Күлбет, Көзайым, Қосбұрым, Құлқынгүл, Тұлымтай,
Табанкүл, Өңешгүл т.б. экспрессивті аттар: Аңқаубике, Бейберекет, Жыпбике,
Лыпбике, Зырбике, Зыпбике, Жоқбол, Ырду, Дырду, Әмпей, Жәмпей, Мисыз, Ауыш,
Әңгелек, Сұрсұлу т.б.
Хремотоним (гр.“хрематос”,“зат, мүлік”[3,146]) – адам өмірінің
прагматикалық сферамен байланысты материалдық мәдениет түрлерінің
(зергерлік бұйымдар, музыкалық аспаптар, қару-жарақтар т.б) атауы. Тұрмыс
жабдықтары: Бізбике, Әтірбике, Дастархан, Инегүл, Қайысгүл, Мес, Опакүл,
Шишагүл, Ожаукүл. Ожауова, Егеуәлі Қайрақұлы, Көрпебаевна, Тостағанова,
Тұтқыш, Шарбақова т.б. зергерлік бұйымдар: Зұмратбаев, Сырғаев, Жамбы,
Қырықсақина, Түймегүл, Шаштеңге, Сомекеш, Сырғабике, Ақбалдақ, Ақтеңге,
Жүзік, Тұмаргүл. т.б. мата, киім атаулары: Ақжаулық, Алжапқыш, Көкжаулық,
Барқытбике, Батшайы, Мәуіті, Малмагүл, Бәтеңкеқызы, Орамалова, Тазтелпеков,
Шапанқызы, Кебісбай, Бөрікбай, Құлақшын, Тымақбай, Ләмбөк, Етікбай,
Мәсібай, Киімбай, Шұлғаубай, Қалпағыбар т.б. азық-түлік, тағам: Айрангүл,
Бауырсақ, Бөкпен, Қатықгүл, Шайбике, Шайгүл, Әсіп, Қазы Қартабаев,
Қамыржан, Күлшебай, Балшекер, Майсөк, Майшелпеков, Мейіз, Шекер, Дәмдігүл,
Талқан, Тәтті, Тоқашбек, Уызхан, Шәрбат т.б. ән-күй аспаптары: Адырнабай,
Пернебике, Дабыл, жабдық атаулары: Мұрындық, Ноқтабай, Тоқым, Тұсаубай,
Тұзақ, малдың тері атаулары: Елтірбай, Пұшбақбай, Тулақбай, Шөншік, Боздақ,
Жабағы, Шудабай, Жарғақ, Тайтері, қару - жарақ: Айбалта, Бәкі, Бытырабай,
Жебе Садақұлы, Қарубай, Наганбай, Наркескен, Пышақбай, Патронбек, Пушкабай,
Оқпан, Оқшантай, Семсеров, Шоқпаров, ұлттық мүлік аттары: Наркескен,
Қоңырқұлжа, Тайтұяқ, Оңқай, алшысынан түсетін асық, Бүкшік, сандық-өлшемдік
ұғым білдіретін (100): Біргүл, Үшкемпір, Бесбике, Бірай, Жалғызгүл,
Жалғызбике, Қосбұрым т.б.пейоратив аттар: Бәдікгүл, Долыгүл, Насбике,
Жалаңашбике, Сарқыт, Мазақ, Шөпжелке, Қиқу, Шүшира, Шошаңгүл.
ІІ. Табиғатқа қатысты атаулардан жасалған СЮП-тер:
астроним (аспан денелері): Айдай, Аспанды Тірептұрғаныбыш, Күнбике,
Күншығыс, Күнбатыс, Үркер; анемоним (жел): Долыгүл, Желдігүл, Ақдолы,
Көкдолы.,Толағай, Құйынгүл; зооним (аң-құс): Түлкібике, Бөрікүл, Киікгүл,
Қоянгүл, Бозымгүл, Танабике, Жорғагүл, Қойсұлу, Жүзтайлақ Әтеш, Тауықбике,
Қырғигүл, Көкекгүл Сіркекүл, Сонашгүл, Тістібақа; Ойконим (жер бедеріндегі
атау): Аймақ, Батпақбай, Ойпаңгүл, Дөңес, Дөңбек, Жертесер, Жолтабар,
Өңірбек, Еңісгүл, Сортаң, Тақыр, Тасбике, Үңгір, Лайбай, Иірімбек,
Дөңасаров, Тауасаров; Фитоним (өсімдік): Дәрігүл, Жуакүл, Құрақгүл,
Қызғалдақ, Мақтажан, Миагүл, Қоғажай, Ләйлікөк, Сарғалдақ, Сабақгүл,
Сәбізкүл, Томаркүл, Әтіргүл, Көкекгүл, Гүжапырақ, Гүлелпек. түр-түстен
жасалған: Ақторсық, Ақкемпір, Ақжаулық, Көкжаулық, Ақбалдақ, Қарақатын,
Сарыкүл, Бозымгүл, Сұрсұлу. Топоним (гр.орын, ел, кеңістік+оним) Мәскеубай
Москва, Тәшкенбай Ташкент, Әмірикан Американ, Керман Герман. Мәскеубай,
Тәшкенбай деген кейіпкер аттары да бір шығармадан алынған. Олай болса,
Аңырақай дала, Мәскеубай, Тәшкенбай қала бейнелерін кейіпкер аттары
жасалған. Экзоним (гр.сыртқы+оним) – берілген тілдегі заңдылыққа бағына
отырып, фонемалық жағынан өзгеріске түсетін жалқы есімдер. Бұл термин
Біріккен Ұлттар Ұйымында немісше exonym деп қабылданған. Мәскеубай мен
Тәшкенбайды алып қарасақ, осы қаланы көріп тамашалап жүрген саяхатшыл
кейіпкерлерге берілген. Бұл аттар ономастикада топонегізді поэтоним деп
қаралса, біз экзоним ретінде қарастырамыз. Өйткені қазақ тілінде олардың
фонемдік құрамы сол тілдегі сөзбен сәйкес келмейді. Мысалы Бакы -Баку, Рим
-Roma, Париж - Parіs, Вена - Wіen, Неаполь- Napolі деп өз тілінен басқаша
дыбысталады. Москваны -Мәскеу, Ташкентті -Тәшкен деп қолдану – қазақ
тілінде қалыптасқан құбылыс.
ІІІ. Қоғамға қатысты ұғымдардан жасалған СЮП-тер: абстрактілі ұғым:
Ақылкөп, Анаубай, Арзанкүл, Ашгүл, Әбиіркүл, Ойбике, Құтбике, Әділгүл,
Сәуегүл, Зәрубике, Қайзада, Солзада, Кімов, Мынаугүл, Елбике, Даугүл,
Жәнегүл, Заңғой, Даусоғар, Таққұмар, Дигитоним – адамға берілген қоғамдағы
орнын ерекшелендіріп тұратын қосымша атақ іспетті князьдық, дворяндық титул
аттар. Дигитонимдік СЮП-тер: Ақпатша, Байбатша, Нарбатша, Бухан, Бөріхан,
Елесхан, Елікхан, Үрмехан Жалаухан, Ханөлмесов, Князев (герман “тек”).
Мифоперсоним: Аяз ата, Албасты, Желаяқ, Жалмауыз кемпір, Жезтырнақ,
Мыстанқыз, Жаппаргүл, Үрбіл (діни ұғымдар), Таусоғар, Бізбике (Алдар көсе),
Сұрапыл (дауылдың аты), Шынашақ (халық ертегісі).
Политоним (гр.мемлекеттік іс+атау) - мемлекеттің әр түрлі символдарын
білдіретін жалқы есім түрі. Сатира, әдебиеттің басқа жанрларына қарағанда
ел өміріне әлеуметтік - саяси жағынан белсене араласады. Әсіресе тоқырау,
қайта құру, бетбұрыс кезеңдерінде сатираның таптық, партиялық сипаты күшейе
түсті. Елімай, Елқайғы, Елімбаев, Жалаухан, Хатшыбай, Нұсқаубай, Жарлықбай,
Қызылбай, Уәкілбек, Мөрбасар, Жарнагүл, Оңшылбаев, Солшылбаев, Заман,
Бұйрықбаевич, Большевиктеров т.б. Сатиралық проза мен поэзия өмірдегі,
тарихтың әр кезеңінде келеңсіздікті әзілмен сынай отырып, юморлық күлкімен
әшкерелейді, тіпті кейіпкер аттарының өзі “антропонимия – тарих” (Никонов).
Білім-ғылымға байланысты туған аттар: Ақылдым, Ақылқалта, Әліппе,
Әріпбек, Білімгүл, Білгішбай, Емле, Жұрнақ, Үтір, Ноқат, Сұраубай т.б.
Жанрлық аттар: Әлқисса, Әзілбай, Әзіл Сықақов,Әзіләлі, Әңгіме, Бәдік,
Боссөз, Жырау, Келеке, Құрғақсөзов, Өлеңбаев, Тілмар, Тұспал, Жырдария,
Калжынбасұлы, Мысалжан, Мақалбике, Пародияғали, Панфлетхан, Оспақ, Сатирин,
Ұйқасбай, Эпиграммабай т.б. Сауда-финанс: Ақтеңге, Арзангүл, Теңгегүл, Тиын
Тебенқызы, Шаштеңге, Пұлсыз, Пұлжеген, Пұлбай Тиынсызов, Қарызхан,
Алыпсатарұлы, Саудабек, Салықбай, Көктиын, Бестиын т.б. Порейоним-
Машинатегі, Вагонбек, Пойызбек. Этноним (гр.этнос халық+оним) Әдігей,
Кәрісбай, Өзбекбай, Тәжікбай, Қырғызбай, Сартбек, Өзбекулла. Хрононим
(гр.хронос- уақыт, кезең+оним) – тарихи мәні бар кезең немесе маңызды оқиға
аттары. Адам Ата, Хауа Ана “өте ертеден”, Ақпатша (Романовтар династиясы
билеген кез), Байбатша (кеңес өкіметіне дейінгі кезең), Байқұл (феолдалдық
дәуір), Қарашаруа, Демоним - Мыстанқыз, Сайтанбек, Жезтырнақ, Албасты,
Жындыбаев, Теоним – Берқұдай, Құдайқұлов, Әулиебайұлы, Тәңірқұлов,
Пірбайұлы, Пірманов, Мұсылманов, Япыраевич
1.3.1 Соматикалық атаулардан жасалған СЮП-тердің жалпы саны – 250.
Соматикалық атаулар (60) бас-көз, бет-ауыз, тіл-жақ мұрын, қол-аяқ, т.б
кейіпкердің аталуына уәж болғаныны анықталынды.
І. Бас аймағынан жасалған СЮП-тер саны -70. Олар: Алтыбас, Бақырбасов,
Бұзаубас, Додабас, Дарабас, Дыраубас, Ешкібас, Жайбас, Жалаңбасов,
Жалпақбас, Жапсарбас, Жарғақбас, Жүндібасович, Жарықбас, Зілбас, Итбас,
Киізбас, Көкебас, Кірбас, Көнгенбасов, Қабанбас, Қазанбас, Қайқыбас,
Қалтақбас, Қарынбас, Қасқабас, Қисықбас, Қоқыбас, Масбас, Маубас, Ожаубас,
Сарыбас, Қубас, Қағанақбас, Майбас, Тақырбасов, Таспабас, Тесікбас,
Түктібас, Топайбас, Топырақбас, Шаштыбас, Шақшабас, Шалабасов, т.б.
Мысалдар “бас” атауымен тіркескен кейіпкер аттарының тізімі ғана емес. Әр
кейіпкер атының астарында ғасыр бойы қалыптасқан дүниетаным, ұлттық болмыс,
ұлттық мінез, ұлттық дәстүр, ұлттық наным-сенімнен туындайтын құбылыс –
этнолингвистикалық ерекшелік жатыр. Тарихтағы саяси ұлы тұлғалардың аттары:
Таспабас (Сталин), Қасқабас (Хрущев), Дыраубас (Брежнев), Қыраубас
(Горбачев).
ІІ. Бет аймағы – 60. Бет: Бетонбет, Бетсіз Бетібелдиева, Жұтаңбет,
Жылмаңбет, Күлбет, Қарабет, Шықшытбет. Көз: Ақкөз Қызылкөзұлы, Ақиған
Көккөзов, Алайкөзов, Биякөз, Бадырақкөз, Көзкөрген, Көзжұмбаев, Иткөз,
Мысықкөз, Сусликкөз, Текекөз, Шақкөз. Адам жанының айнасы – көз, адам
характерінің көзге байланысты түрлі қыр-сыры ашылады. Мұрын: Дөң+мұрынов,
Маймұрын, Мұрын, Мұрындық, Иттұмсық, Тұмсық, Танауғали. Құлақ: Ақпақұлақ,
Жарқұлақ, Кірқұлақ, Қосқұлақ,Саққұлақ, Сабауқұлақ, Тасқұлақ, Ұзынқұлақ.
Ауыз: Ауыз Жаппасов, Бейпілауыз, Жаманауыз, Өңешгүл, Жайынауыз, Ешкіауыз,
Кемиек. Тіл мен жақ: Құлқынгүл, Тастаңдай, Тілмарович, Тілқатпасов,
Тілемсеков, Заржақ, Қужақ, Самыржақ, Ұртбай, Ұртымай, Сойдақтіс.
ІІІ. Мойын–10. Бұқамойын, Қылмойынов, Қылқимойын, Бұзаутамақ,
Кеңірдекович, Қылкеңірдек, Тайбұғақов, Шөпжелке, Желкебай.
ІV. Кеуде–20. Көкірек Кеудебаев, Жалаңтөс, Тауықтөс, Бауырбек, Бесқарын,
Месқарын, Итқарын, Тасбауыр, Тасжүрек, Қарынбай, Қарынбөлеев, Сауқарын,
Талақ, Жұлынбай, Ішекқарынұлы, Ұлтабар т.б.
V. Қол – 15. Қолдағышов, Жұдырықбеков, Бармақшал, Басбармақ, Тырнақшал,
Белбармақов, Жезтырнақ, Саусақпаев, Сұқбек, Сояу, Шынашақ, Шапалақ,
Шеңгелов, Бессаусақов.
VІ. Жамбас – 9. Біржамбас, Бөксегүл, Бұлаңқұйрық, Жамбассипарұлы,
Жатырбай, Көтібар, Құйымшақ, Құйысқанбике, Тайкөт, т.б.
VІІ. Аяқ– 20. Шойтабанов, Ақтабанов, Тобан, Тобышақ, Майөкшенов,
Ноқтабан, Желаяқ, Итаяқ, Көкаяқ, Қуаяқов, Қотанаяқ, Сәндіаяқ, Суаяқов,
Талтаяқ, Бақай, Башай, Шотаяқ, Бибұт, Шибұт, Шиборбай, Ұлтан. Басқа
байланысты – Тазша, бетке-Бедірейгенова, көзге–Адырақбаев, Ақима, Қылипа,
Бадырақ, Соқыр; мұрынға – Тәмпіш, Таңқыгүл; ауызға – Жұтқанов, Жұттыбай;
құлаққа – Саңырау, Кереңбаев; қолға–Шеңгелов; денеге – Айтыртық Тырдай
Жалаңашов; шашқа Үрпек, Бұйра, Шүйкебик Шаштеңге, Шашбике, Қолаңшаш,
Тұлымтай; бойға – Қортық, Мықыр, Пошым; аяққа –Айталтақ, Маймақ, Зыпберген
т.б.
1.3.2.Зоофорлық (zooгр.“жануар”+onіm.атау) аттар (ЗА)–жан-жануар, аң-құс,
құрт-құмырсқа атауларынан жасалған жалқы есімдер. [3,60]. Зооним–жан-жануар
аттарыгиппоним (жылқы), киноним (ит), орнитоним (құс), инсектоним (жәндік)
т.б деп жіктеуге болады. Біздің зерттеуімізде 100-ден астам ЗА кездесті.
Қой атауымен келген ЗА: Қозыбақ, Қозытай, Қозыбағар, Қойбай, Қойбағар,
Қойсұлу, Қойтеке, Қойшы, Қойболды, Қошқар, Торымбике, Ісекбай.
Сигнификаттық (лат. sіgnіfіcatum - “таңбалаушы”) мағына ұғыммен, ойлаумен
байланысты. Сигнификаттық мағына – жуастық, көнбістік, момындық.
Ешкі атауымен келген ЗА: Ақтуша, Ешкіайдар, Ешкібас, Ешкібағар, Ешкікөз,
Ешкіауыз(ов), Текекөз, Тоқалешки(ева), Тышқақ (лақ), Шыбыш т.б.
Сигнификаттық мағына: шыдамсыздық, жеңілтектік, күйгелектік, сабырсыздық.
Сиыр атауымен келген ЗА: Ауқау(ов), Бұзаубақ, Бұзаутамақ, Бұқабаев,
Бұқамойын, Бөртебаева, Өгізхан, Сиырбағар, Сиырбаев, Танабике, Зеңгібаба.
Мұндағы ассоциация – қыңырлық, надандық, топастық.
Гиппонимдерден жасалған ЗА: Ақбозов, Аткелтір, Бестібай, Дөненқырт,
Жорғабай,Көкшолақ, Көкбайтал(ов), Мәстек, Құнанқырт, Нарбалақов,
Саңлаққали, Саршолақ, Саяқбай, Пырақбаев, Тайбұғақов, Тайшабаров, Тайқара,
Тайқасқа, Тайтері, Тайлыаяқ, Тайтұяқ, Тебеген, Тарпаңбай. Денотаттық (лат.
denotatum – “белгіленуші”) мағына – албырттық, асаулық, шалкестік.
Түйе атауымен келген ЗА: Ақтайлақ, Атанбек, Бозтайлақ, Бошалақ, Бозінген,
Бозымгүл, Боздақ, Бура, Жүзтайлақ, Қоспақ, Нарпатша, Наркескен, Нұқатан,
Інгенбай, Ойсыл, Өркеш, Түйебағар. Түйеге тән денотаттық мағына – жуастық,
адуындық, самарқаулық, жалқаулық.
Үй жануарлары аттарынан жасалған ЗА: Ақкүшік, Арсалаң, Барақ, Доңызқұл,
Домбай, Есекбай, Күребай, Қызылтазы, Шошқа(евич), Тайқар.
Кинонимдерден жасалған ЗА: Барақ, Итаяқұлы, Иткүл, Итбай, Итқара, Итқұл,
Итбас, Итемген, Иткөз, Иттұмсық, Итжеккен, Итуахи, Итбақбас, Күшікбала,
Құмай, Тазыбайдың Қаншығы, Көпек, Төбет, Үрген, Құтпан.
Ит – “жеті қазынаның бірі”, адам секілді оның бойында жақсы да, жаман да
мінез табылады. Жақсысы: сенімділік, шыдамдылық, табандылық, жаманы:
сатқындық, жалтақтық, жарамсақтық. Ұлы Абай өзі жақтырмаған нәрсесін “ит”
деп атаған. Шетелдік киногер Б.Бордо айтқан екен: “Адамдарды тани түскен
сайын иттер туралы ойлаймын”. *Итуахи ит + уа+хи дейтін одағай сөздердің
бірігуінен жасалған. Итуахи деп аталуы кейіпкер атынан баяндалады: “Иттей
боп дем алған екенсің. Иттің құлағына алтын сырға, мен өзі сөз арасында
итті атамасам тұтығып, ақылымнан адасып қалатын секілдімін. Мұның бәрі –
жүйкенің иттей боп жүдегені деген сөз”(О.Әубәкіров).
“Бұл қатынның шешесі итжерік күйінде ит жылы туыпты.Кіндігін Итбайдың
кемпірі кесіп, Итемген шал атын Иткүл қойыпты”(С.Кенжеахметов)
Түз аңдары атауынан жасалған ЗА: Айдаһар, Аюбай, Аюкен, Балпақ, Борсық
Бөрігүл, Бөлтірік, Бөкен Арыстанович, Жыланкөз, Елікханов, Ешкіемер,
Киікгүл, Көкжал, Көжек, Қоянгүл, Қоян Қорықпасов, Қодыкен Сусликкөз,
Қоңырқұлжа, Таутан ,Төкеш Түлкібаев, Түлкібике, Түлкібақ. Бұдан басқа су
жыртқыштарынан – Киттей, Шортан, Жайынауыз, Жайынгүл, Бекіре, ұсақ балықтар
– Лақа, Шабақ, қос мекенділерден – Айбақа, Бақа, Бақыш, Тістібақа, Шаянбек,
Сары Шая, инсектонимдерден – Биттей, Бүрге, Сүлік, Сонашгүл, Сіркегүл,
Таскене, Көбелек), Инелік, Заршыбын тәріздес зоонимдер бар.
Орнитонимдерден жасалған ЗА: Аққу, Әтеш, Бөдене Бұлдырықов, Бытпылдақ,
Дуадақ, Жарғанат, Ителгиев, Кекілік, Көкекгүл, Күйкентаева, Қаршыға
Бүркітов, Қораз Қоқиев, Қыран, Қырғигүл, Қызғышов, Қытқытбек, Құсбегин,
Құсмұрын, Құрбек, Құзғынбай, Сауысқан Саққұлақов, Тауықбике, Тауықтөс,
Тырнабай, Үкісарықыз, Үйрекович, Шүрегей, Шымшықбек. Қораз Қоқиев қоқи
қораз. “Ешкіммен тілдеспейді, амандаса қалсаң, бас-аяғыңды тексеріп шығып,
оң қолының сұқ саусағымен көзілдірігін көтеріп жоғары қарап тұрып “с-с...”
деген болымсыз дыбыс шығарады. Көзілдірігімен бірге көтерілген танауы
біразға дейін делдиіп тұрып алды” (С.Жортанов)
1.3.3 Фитофорлық (өсімдік атауынан жасалған ЖқЕ-дер аттар) Ағаш: Ағашбай,
Сандалбай, Тасеменов, Шыбық, Зәйтүн Бұтақ: Бұтағали, Жапақ, Қияқ Қамысов,
Қамысбай, Қурай, Шілік, Шигүл, Шибұт, Шиборбай. Шөп: Адыраспанов, Ажырық,
Бұзаубас, Ебелек, Запыран, Жантақ, Желбіржекен, Қалақай, Қаңбақтай, Миягүл,
Нашабек, Шағыр, Шөңгебай, Усойқы. Дақыл: Арпабай, Тарыбай, Жүгерин,
Күрішбек, Мақтажан, Уытбай. Бау бақша: Әңгелек, Бүлдірген, Бәдірең, Жаңғақ,
Жуагүл, Көсік, Пістебек, Түйнекбай, Шиебайұлы, Шатырашұлы, Пәшек, Бошақ
Гүл: Гүлдерай, Гүлбазар, Инегүл, Қызғалдақ, Сарғалдақ, Гүлжапырақ,
Бәйшешек, Ләйлікөк, Сарыкүл, Шайкүл.
Фитонимдерден жасалған кейбір ФА-дың жасалым уәжін түсіндіре кетейік.
Усойқы усойқы - хош иісті ақ гүлі бар улы өсімдік, улылығына байланысты
ащы, қыршаңқы тілді адамдарды усойқы деп атайды. Уытбай уыт - арақ,
бозаны ашыту үшін салатын құлмақ тәріздес дән, ащы дәм тілінің шақпа, уыты
бар адам жөнінде уәж болып тұр. Ебелек ебелек - құмды жерде өсетін бір
жылдық өсімдік, шөптің ұшып жүретіндігі жеңілтек, ұшқалақ кейіпкердің
жасалуына мотив болған. Мысалы, “елбең-елбең жүгірген, ебелек отқа
семірген” деген содан шыққан. Қалақай қалақай - тиген жерін дуылдатып,
ащытатын өсімдік, тілі шақпа адамдарды “қалақай тілді” дейді. Қаңбақ
қаңбақ - шөлді жерде өсетін шар тәрізді, домалап, ұшып жүретін өсімдік.
Жеңілтек адамдарды қаңбақ сияқты “қалбалаңдаған” дейді.
1.4 Кейіпкер аттарының лексикалық құрамы жағынан талдауымыз, яғни СЮП-
тердің жасалуының қайнар көзі “жалқы есімдер ішінде көне атаулардан басқа
едәуір орынды кірме және жасанды атаулар алады” [4, 6] деген пікірді
дәлелдейді. Қазақ әдебиеті бойынша жиналған материалдың тілдік табиғатын
тануда әдебиет – тіл – сатира үштігімен ұластырдық. “Әдебиеттен тілді бөле
қарау “ала қойды бөле қырқу” тәрізді ғой. Бұл екеуі бірінсіз бірі күн көре
алмас керек. Сондықтан да біз әдеби әсерді айтқанда, тілге тіреліп, ал тіл
қорын зерттегенде, әдеби туындыларға сілтеп отырамыз” [5, 36].
1.4.1. Көне сөздерден жасалған СЮП-тер (90). Академик Р.Сыздықованың
“архаизмдерді екі-үш топқа бөліп қарастыру керек” деген принципі бойынша,
кейіпкер аттарын 1.мүлде қолданылмайтын (Білте, Мыршым, Сопықұл, Пырақбаев,
Тәңірқұл), 2.қолданыстан шығып қалған, бірақ мағынасы түсінікті (Сайтанбек,
Жебе, Пірімқұл, Жамбы, Жосын, Садақ), 3. қазіргі қолданыста бар, бірақ
өзгеше мағынаға ие болған сөздерден жасалған кейіпкер аттары (Бақсы,
Құдайқұл, Шатыраш, Шырбітпес, Молдабай) деп бөлдік. Теофорлық аттар қазақ
бір нәрсеге табынғанда, сыйынғанда, жалбарынғанда аузына жалғыз құдайды
алмайды, бұл қатарды “тәңірім”, “жаратқан ием”, “алла тағалам”, “пірім”
тәріздес сөздер толықтырады. Зерттеу барысында Апырай, Берқұдай,
Құдайқұлов, Әулиебайұлы, Тәңірқұлов, Пірбайұлы, Пірманов, Мұсылманов,
Тақуаұлы, Бақсыбаев, Япыраевич тәріздес патронимдер кездесті.
1.4.2 Диалектілік негіздегі СЮП-тер (120) – диалектілік лексемалар мен
форманттар негізінде туған жалқы есімдер. СЮП-тердің шамамен 5%-і
тіліміздегі жергілікті құбылыс ретінде ұғынылып жүрген сөздердің қатысымен
жасалған: Аппаз “жиырма тиын”, Алқынды “ сабынның қалдығы, Ауыш “ есінен
ауысқан, Ауқатжан “тамақ, Әпкіш “иінағаш, Әбиіркүл “абырой, Әйдік “үлкен,
Әуей көңілдес, Бозымгүл “түйе, Бақыраштай ыдыс, Бәдірең “қияр, Балқаймақ
“тағам түрі, Бөстек “текемет, Дәлдүріш – “ақымақ, алаңғасар Долы “бұршақты
жаңбыр, Далбай құлақшын, Доқ “бұйрық, Елпек “жұмсақ, Иісмай “крем, Кібіт
“қойма, Көпек “еркек күшік, Кәржік “ мұрын, Кәубас “үлкен бас, Кекіре “арам
шөп, Киеңкі “ауру, Қойтан “ақымақ, Құлжа” сақа, Қоспақ “ақымақ, Қақпыш”
текпішек, Қырпық “тері, Қырт” мылжың, Қыпық “ бидай, Лақы “күлдіргіш,
әзілкеш адам, Ләмбөк “мата, Пәшек “ шырмауық, Пістебек, Шөлмекбай “арақ,
Тайқар екі жастағы ұрғашы есек. Сипанский сипан+ский ауызекі тілде сипап
кету “ұрлап кету” дегенді білдіреді, - ский орыстың аффиксін қосып сөйлеу
жалпы халықтық сөйлеу тіліндегі ерекшелік болып табылады.
1.4.3 Шет тілден енген кірме сөздерден жасалған СЮП-тер (110).
Кейіпкер аттарын сөздік құрамы жағынан шығыс тілі (араб, парсы, иран),
орыс тілі (грек, латын, француз, неміс, ағылшын т.б) және алтай тілдері
арқылы енген сөздерден жасалғандығы анықталды. Түркі – Әпенде, татар –
Башмачкин, Мәшура, Колбаса, өзбек –Тәшкенбай, Узбекулла, Ташматов.
Башмачкин дейтін кейіпкердің аталуындағы башмак сөзі о баста орыс тіліне
татар тілі арқылы өтіп, уақыт келе, түркі тіліне қайта оралып “башмақ”
мағынасында жұмсалады.Монғол тілінен - Ойрат+хан, Cояу+бай соео-азу тіс,
Келеке хэлгий –сақау, Дом+байдом –ем, бақсылық. Қытай тілінен – Әпелсин
appel+ Chіna –Қытай алмасы, Заң+ғой, Шай+кұяр, Шай+бике, Әтір+шай
өсімдіктің кептірілген жапырағы, Сипаң, Шыныбек. Сипаң+бай сөзінің шығуы
жөнінде жазушы Б.Қыдырбекұлы мынандай қызықты дерек келтіреді: “Сипаң -
қазақ жеріне діндар болып келген қытайлықтың аты. Жүрген жерінде елді
алдап, маймөңкелеп, жаманның өзін әдемілеп жіберуге бейім болған”. Сипаң
сөзіндегі маймөңке коннатациясынан ЖқЕ Сипаңбай жасалған деуге негіз бар.
Араб тілінен енген сөздерден жасалған СЮП-тер (100).
Академик Р.Сыздықова “көп сөздердің түп-негізі араб-парсыныкі болғанымен,
халық тіліне сіңіп, қазақ лексикасының байлығына әлдеқашан айналған” деп
санайды [6,154]. “Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздігі (Е.Бекмұханбетов) және
“Қазіргі қазақ тіліндегі араб-парсы кірме сөздері” (Л.Рүстемов)
пайдаландық. Арақ, Әзәзіл, Әбілет, Әулиебайулы, Әліпби, Әлқисса, Бәрекелде,
Бейберекет, Дүлей, Дұғай, Дұғакүл, Жалақор, Зәрубике, Зәреқұт, Зікір,
Запыран, Ләм, Мим, Молдабай, Мұсылманұлы, Қыдыр, Нашабек, Надан, Натрибек,
Пайдабек, Пәтуасыз, Пәлеқор, Пырак, Пірімқұл, Сайтан, Сауық, Сүндет,
Сұрқия, Талак, Тәспиық, Таһуа, Тұмар, Тұмарбек, Хақымбар, Шарапбике, Шүкір,
Ібіліс т.б.
Парсы тілінен енген сөздерден жасалған СЮП-тер (50): Барабдал, Бадал,
Албасты, Әбігер, Әмпей, Бетпақ, Дырау, Жадыгөй, Дуанбек, Зәре, Зікір,
Қалжа, Далбаса, Алуа, Орамалова, Дардана, Гүлдария, Меймангүл, Мұнтаз,
Жорабай, Найсап, Кебіс, Пәлек, Орамалова, Бетперде, Шілдебай, Шарбақбай
т.б.
Орыс тілі арқылы енген СЮП-тер саны (120), сөздердің шығу тегін анықтау
үшін “Краткий этимологический словарь русского языка” және В.И.Дальдің
“Толковый словарь русского языка” сөздіктері қолданылды.
Славян тілінен - Сорокбай сорокъ - қап, көйлек; Сусликкөз сусьлъ
сусати - ысылдау; Көржік коржик тәтті нан; Сөлке+бай целковый целый
-бүтін сом; Айболит ай, болит Айболит - аң дәрігері (К.Чуковский);
Самогон дәнді дақылдардан, жасалатын ішімдік; Мұжықбай мужик қара
шекпен; Пожарский пожаръ-ыстық; Латыннан - Бетонбет betumen - битум,
Виноқұл вино vіnum- ветвь, Спиртбай спирт spіrіtus - дем, дем алу,
Насеком Дефицитұлыдефицит-тапшылық, Актішілов асtus , Алиментшин
alіmentum - асырау-бағу, Папиросбек papyrus – қағаз; Кереует krabbtіon,
Металтіmetallon-кен, Газоваchaos, Пародияғалиparodіe - одаға қарсы,
Паразитовичparasіton, Понетек фонетика phone - дыбыс ; Неміс тілінен -
Рәпира рапира - сайыс қылыш, Вагонбек wagen -арба, Князов kunіng - ру
басы, Долларбек taler -ақша өлшемі; Поляк тілінен - Бөтелке бутылка
botelka лат. buttіs- кеспек; Итальян - Кәмпит confetto лат. confectum
- дайындалған дәрі, Тенорбек tenore- еркектің биік даусы, Cонета сонет-
лирикалық өлең, Шарлатан сіarlare - алдаушы, көз бояушы; Француз тілінен
- Ботинка ботинка, Коньяк коньяк, Шампан+гүл, vіn de Champagne
Шампань -провинцияның аты, Скелетбай скелет, Панфлетхан панфлет; Испан
тілінен - sіgarro cигарет Сигаретин; Ағылшын - Футболбай foof - аяқ,
ball – доп.
*Иванқұл, Ивангүл, Иван ↔ Ішуді біз үйрендік, Иван менен Бористан
(Н.Төлепбергенұлы). Иван аты- тұтас бір ұлттың бейнесінің өкілі
ассоциациялық образ түрінде алынған. Иван – прецедентті атау. Қазақ
сықақшыларының өзге елдің күлкілі персонаждарын алуы сол аттардың халық
арасында тым танымал болуынан ба дейміз. Иван - бүкіл Азия, Түркі жұртында
Дунайдан Кубаньға, Оралдан Амурға дейінгі аралықта орыс деген ұғымды
білдіреді. Иван - орыс халқының алаңғасар, аңқау, ақымақ, әпенді кейіпкері
әрі сүйікті ұлттық бейнесі. Иван - орыс сөзі болып көрінгенімен, түп негізі
- Иоанн көне еврей тіліндегі құдайдың сыйы дегенді білдіреді. Иван аты
Европаға да кең тараған: Иоганн (неміс), Жан (француз), Джон (ағылшын),
Юхан (фин), Ян (поляк), Иванэ (грузин).
Біраз СЮП-тер дыбыстық жағынан өзгеріске түскендігі байқалады: ботинка
Бәтіңкеқызы, Егор Жәгөр, кореец Кәрісбай, кровать Кереует, купец ≈ Көпесбай
поезд ≈ Пойызбек, сумка ≈ Сөмкебай, совет ≈ Сәбетбай, спирт ≈ Спіртқали,
артист ≈ Әртісбай, целковый ≈ Сөлкебай, монпансье ≈ Мәмпәси, бутылка ≈
Бөтелке, конфета ≈ Кәмпит, Москва ≈ Мәскеубай, мужик ≈ Мұжықбай, генерал
Жандаралин, рапира Рәпира, завод ≈ Зауытбек, коржик ≈ Көржік, фонетика ≈
Понетекэ.
Әдеби кейіпкерге ат беруді ұлы еңбек деп қарау керек, өйткені көркем
шығармада кездейсоқ аттардың болуы мүмкін емес. Жазушы Л.Успенский: “Егер
Л.Толстойдың басына өзінің геройларының фамилияларын айталық, Ростовтың
фамилиясын Перепенияға өзгертер ойы келсе, “Соғыс пен бейбітшіліктің” мықты
ғимараты теңселген болар еді” деген сөзін тек ғана жеңіл әзілге құрылған
деп санауға болмас. Шынында, Ростов, Облонский немесе Иртеньевке Перепения,
Чичиков немесе Плюшкин секілді фамилияларды беру бейнелеп айтқанда, миға
сыймас дүниелер ғой. В.Гоголь өз кейіпкерлерін Башмаков, Башмакеевич,
Башмачкин деп өзгерткен.
ІІ тарау “Кейіпкер аттарының лексика-грамматикалық құрылымы” деп аталады.
Бұл тарауда СЮП-дің морфологиялық-синтаксистік тәсілмен жасалған, гендерлік
негізді, антоним және синоним мағынасындағы, қос сөз түріндегі, сөйлем
типтес, тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдер құрамындағы аттар сөз етіледі.
2.1 Морфологиялық-синтаксистік жолмен жасалған СЮП-тер түбір тұлғалы,
туынды тұлғалы, біріккен тұлғалы болып келеді.
1. Аппозитив аттар: Зат.е + зат.е: Ақыл+қалта, Әтір+шай, Бал+қаймақ,
Бетон+бет, Дәу+пері, Есек+тас, Жорға+гүл, Метал+тіс, Күл+бет, Қыз+бала,
Қыл+мойын, Сері+жігіт, Су+мұрын, Тас+маңдай, Теке+көз, Ит+аяқ, Қырық+сақина
Шөп+желке Квалитатив аттар: Зат.е + сын.е: Кек+ала, Күкірт+сары, Ұйқы+сары,
Үкі+сары, Мес+қара, Тас+қара, Қабан+қара, Ши+қара, Шот+қара, Ми+сыз,
Май+лы, т.б. Зат.е + етістік: Ат+келтір, Бас+имес, Бас+бұзар, Бой+бермес,
Дым+білмес, Жамбас+сипар, Қыз+тумас, Май+басар, Май+жеген, Мөр+басар,
Пұл+жеген, Тай+жұтқан, Тас+жарған, Теңге+жұтқан, Той+болсын, Ұл+емес,
Ұл+табар, Ұл+шығар, Шай+құяр, Тай+шабар(ов) т.б.
2. Сын.е + сын.е: Асау+қара, Дәу+қара, Шала+қызу, Арам+қара, Семіз+қара,
Қара+ала, Шой+қара т.б. Сын.е + зат.е: Ақ+долы, Ақ+балдақ, Ақ+кемпір,
Ақ+қу, Ақ+сом, Ақ+туша, Ақ+тайлақ, Ақ+көз, Ақ+жем, Ақ+тайлақ, Ала+бас,
Арзан+гүл, Аш+гүл, Әрлі+гүл, Бейпіл+ауыз, Жыртық+гүл, Көк+аяз, Көк+қасқа,
Көк+ми, Көк+долы, Көк+тиын, Көк+шақа, Көк+жал, Көк+байтал, Көк+аяқ,
Көк+қас(ов), Күрең+көз, Қара+қатын, Қара+бұқа, Қара+кемік, Қара+шаруа,
Қара+бет, Қолаң+шаш, Қоңыр+құлжа, Қызыл+тазы, Майлы+жігіт, Майлы+тон,
Сәнді+гүл, Сойдақ+тіс, Сұр+сұлу, .Сын.е + үстеу: Егеу+әлі, Тыртық+әлі.
3. Сан.е + сан.е: Қырық+бес, Елу+бес+бай, Отыз+бір+бай, Сан.е + зат.е:
Бес+бике, Бес+қара, Бес+тиын, Бес+балуан, Бесті+айғыр, Бес+қарын, Бір+ай,
Бір+жамбас, Жалғыз+гүл, Жүз+тайлақ, Қырық+қабат, Қос+орай, Жалғыз+бике,
Мың+жылқы, Мың+жігіт, Үш+кемпір, Төрт+қара,
4. Есімдік + зат.е. Есімдіктің тілімізде атқаратын қызметі орасан
болғанмен, сан жағынан айтарлықтай көп емес. Дегенмен аз да болса
кездеседі; сілтеу: Анау+бай, Мынау мырза, Анау+бек, Мынау+бек, Мынау+гүл,
Сол+зада; белгісіз мәнді: Пәленше Түгеншиев, Пәленбаев, Әлдекім,
Бірдеңкеев, Бірдібірге Шағыстырғанова; сұрау мәнді: Кімов кім?, Қайзада
қай? өздік: Өзге, Өзден, Өзгегүл, Өздебай; болымсыз мәнді: Ешкім Жоққұлов,
Ештеңе Ешкімбілмесов, Ештеңе Айтпайтынов, Іштеңкей Іштеңкеевич.
Императив аттар: етістік+зат.е: Азына+гүл, Бөсер+бай, Жөнде+гүл,
Көнген+бас, Күлмес+жан, Қаңғы+бике, Қопар+гүл, Қойқой+бек, Қысқар+бек,
Қайра+ғали, Сипа+гүл, Зытты+ғали; есімше: ған: Жұт+қан, Түрт+кен,
Ұм+тыл+ған, Үр+ген, Көр+ген, Кез+ер+ген, Мас+ыл+ған, Той+ған, Асап
Күйсе+генович, Той+ган+гүл Семір+геновна, Тілепал+ған Көсем+болған,
Ғашық+болған+ұлы; -ар: Ал+да+р, Жет+ер, Қу+ан+ар, Бөс+ір, Қосып+айтар; -с:
Ес+кер+ме+с, Дес+бер+ме+с, Ел+еме+с, Күл+ме+с, Той+ма+с, Жалық+па+с,
Қи+мас, Қап+па+с, Тап+тыр+ма+с; -ты: Әлім+жетті, Алды+жытты, бұйрық райлы:
Кой+бақ, Ұрда+жық, Кел+кел, Көңіл+жықпас, Кой+кой, Іліп+тарт, Жалтарма,
Түлкі+бақ, Қой+болды, Жандай+шап, Барып+кел, Бар+бол, Жоқ+бол, Жөнде+гүл.
в) етістік + сын.е: Де+гіш
6. Үстеуден туындаған СЮП-тер аз: Әлі+бала, Әлі+қыз, Әлі+тірі, Егеу+әлі,
Екеу+әлі, Нақ+тан, Бірді+бірге , Нағыз.
7. Еліктеу сөздер – дыбыстық жағынан, яғни дауыс ырғағына қарай одағай
сөздер сияқты құбылып, түрленіп отырады. Академик Ш.Сарыбаев дыбыстық
құрамын шартты белгілермен таңбалап, дауыстыны –V, дауыссызды – C, сонар
дыбысты – L деп бөлген, осы үлгі бойынша топтастырдық:
І CVLC – тырқ ≈ Тырқай, шіңк ≈ Шіңкей, қоңқ ≈ Қоңқай, дыңқ ≈ Дыңқыш
ІІ CVLVL – бұлаң ≈ Бұлаңбай, жымың ≈ Жымыңғайша, жалаң ≈ Жалаңгүл
ІІІ CVC – жып ≈ Жыпбике, Қытқытбек, пыш ≈ Пышпыл, күп ≈ Күпілдек ≈ т.б.
ІV CVLCVL – даңғыр ≈ Даңғырбай, шүлдір ≈ Шүлдір, сылдыр ≈ Сылдыргүл т.б.
V CVCCLV – бұлтаң ≈ Бұлтаңбек, сыпсың ≈ Сыпсыңгүл, қылтың ≈ Қылтың т.б.
VІ CVCVL – дедек ≈ дедек, шошаң ≈ шошаң, ≈ сусыл сусыл т.б.
VІІ CVL – даң ≈ даңғой, дал ≈ далбай, бұл бұлдыр ≈ т.б.
. жүріс-тұрыс: Алшаңбай, Алаңбай, Бұлтаңбек, Дікдік, Дікілдековна,
Дедекбай, Дыңқыш, Еңкіш, Жыпбике, Зырбике, Зыпбике, Зырдай, Қисаңбай,
Қалтқұлт Еткенов, Қисайғановқ, Лыпбике, Майпаң, Митың, Салпаңбаев т.б.
. сөйлеу: Әкіреңбай, Бұлдыр, Быдық, Діңгірбай, Дүңкілдек, Жыпылдақ,
Зузула, Күпілдек, Қомпылдақ, Лепірбай, Міңгір, Міңкілдек, Міңкей,
Өкірешбай, Пышпыл, Сақылдақ, Тақылдақ, Шүлдір, Шіңкей, Ыңыранбай, Ызбаркүл,
т.б.
. көңіл-күй: Бұрқан Балқанович ашулану, Жымыңғайша қуану, Дүңкілдек
(дөрекі), Күлімкөз, Күлдір, Күлегеш күлу, Күңкілдек ренжу, Сұңқибек жылау,
Сыпылықгүл, күлу, Шытырлақ ашулану, Сықылықгүл күлу, Әңкі, Тәңкі ашулану,
Шақар ызалану.
. мінез: Аңғалақ аңқау, Даңғой даукес, Былжыр, ынжық, Даңғырбай ақкөңіл,
Болбыр бос, Елпекбай жұмсақ, Шайпаугүл долы, Қылтың, Сылтың жеңілтек,
Жалтақ қорқақ, Жайнаң көңілді, Дәлду ерке.
. пішін: Мыржық ұсқынсыз, Іркілдек семіз, Маймақ қисық аяқ, Мыртық тапал,
Адыраңбай дөрекі, Ыржалақ күлегеш, Қомпылдақ мақтаншақ, Суқылдақ өтірікші,
Судырбай суайт, Суайтбек алдампаз, Шақшақай ызақор, Шыңқетпе жылауық,
Шіңкілдек мазасыз, Ыңқылдақ жанаяр, Селтеңбай қыдырымпаз,
. ән-күй: Әридаш әри - әри, Әләулай әл -әу -лай, Гәкку гәк-гәк, гәк -ку,
гәк-гәк, Бипыл бип- ыл, бип -ыл, Әупілдек әуп-әуп, Дәйдім дәй-дім, дәй-дім-
ай, Тамтарам там-тарам -тарам, Діңгірбай -діңгір – діңгір (домбыраның
дыбысы), Тыңқыбай тыңқ – тыңқ (домбыра шерту)т.б.
Одағайлардан жасалған СЮП-тер: көңіл-күй одағайлары: Алақай (қуану),
Апырай (таңырқау), Әупірім (қиналу), Әлеуләй (әндету), Ахахау Одағаев
(қатты қуану), Уау (ұнатпау), Әлди (еркелету), Бәрекелді (көтермелеу),
Итуахи (таңқалу), Мейлі Бәрібір+ович (селқостық таныту), Ойбай+қызы
(шошынғанда), Обал+ай (мүсіркеу), Ұят+ай (ұялу), Ай+қап (өкіну)
хайуанаттарды шақыру, жекіру, тыйым салу мәнінде Айтақ (итті қосақтау),
Ауқау (сиырды шақыру), Ләпірләй (ләп-қазды шақыру), Мияужан, Піштән (піш-
мысыққа жекіру), Мыршым (мысыққа жекіру), ишарат одағайлары адамға тікелей
бағытталатындықтан, мағыналарында экспрессиялық мән күштірек болады. Ахахау
Одағаев ах+ах+ау ах'таңдану, опық жеу', ахау өлең айтқанда дауысты
көтеріп шырқау үшін айтылатын сөз. А+ха+ха – күлудің бір түрі, осыдан
аха+хау ырду-дырду, ойын-сауық, сауық-сайран дейтін ұғым қалыптасқан.
Одағай сөзі кейде тұрпайы, анайы, өрескел дегенді білдіріп, тұтастай
алғанда Ахахау Одағаев – ерсі, дөрекі, өрескел, оғаш істермен ерекшеленген
кейіпкер аты. Айдабол, Ұрдажық, Бәрекелді сияқты СЮП-тер - ұлттық
ерекшелікті білдіретін одағайлар.
9. Шылау сөздерден жасалған СЮП-тер: -ай – Обал+ай, Ұят+й, Елім+ай; -екеш
– кемсіту, қомсыну, мұқату реңктерін білдіреді: Сом+екеш, Құл+еке; -да –
Айдабол ай+да+бол, Ұрдажық' дөрекі, дөкір, төбелесқұмар ұр+да+жық ұр
сабау, соғу, түйгіштеу, жық құлату, сұлату, алып ұру, жеңу. Айдабол атын
жіктесек, айда, бол деген императив тұлғалы сөз шығады. Ұятай – көп балалы
ана Ақкүміс әже Кенжебек, Кенжегүлден кейін туған баланы “ел-жұрттан ұят
болды, осы да жетер, қызалақтың атын ұятай қойыңдар”дейді (Ш.Смаханұлы).
10.Акроним (гр.сыртқы, шет+оним) Әпербақан алып+бер+бақанды, Совхозбек
советское хозяйство, Колхоз+бек коллективное хозяйство, Спидбек
СПИД+бек.
2.2 Күрделі тұлғалы ер адам мен әйел аттары екі не үш сөздерден құралған
күрделі тұлғалы болып келеді.Ер адам аттары - бай (150), -бек (100), -хан
(20), -қожа, -ғали, -құл, -тай, -жан, -патша сыңарларымен келетінін
анықтадық. “Бай” сөзімен келетін аттар қолданыста өте көп, оның себебі
“бай” сөзі көп мағыналы. Профессор Е.Жанпейісов “Дағдылы ауызекі тілде
кекесінді, юморлық сарында кейбір адам жөнінде сөлпекбай немесе бөспебай
деп те өзара айтылады. Осы әдісті кейбір автор таза стильдік мақсатқа,
көркемдік ұтымдылық үшін пайдаланады” дейді [7,151].Расында, ауызекі тілде
бос жүрген адам – Селтеңбай, бұзақы – Содырбай, сараң – Шығайбай, дөрекі –
Дөкірбай, қорқақ - Қоянбай, қу – Түлкібай, сараң - Қарынбай, жеңіл-
Елпекбай, семіз-Бөшкебай. . Мінез-құлық: Адыраңбай, Аңғалбай, Босаңбай,
Бөсербай, Дөкірбай, Мырқымбай, Судырбай, Ылаңбай . Мамандық, кәсіп
Әртісбай, Бақсыбай, Көпесбаев, Молдабай . Зоофорлық: Аюбай, Бақабай,
Бестібай, Битбаевич, Борсықбай, Есекбай, Баспақбай, Бүргебай, Інгенбаев .
Зат атаулары: Адырнабай, Елтірбай, Бөрікбай, Қалпақбай, Ноқтабай, Пышақбай,
Түбекбай, Тіреубай, Шақша+бай . Соматикалық: Арқабай, Мойынбай, Мұртбай,
Жатырбай, . Саяси-әлеуметтік атаулар: Әкімбай, Бұйрықбаевич, Елімбаев,
Салықбай, Оңшылбаев, Солшылбаев, Үкімбай, Хатшыбай . Этнонимдік: Ауғанбай,
Кәрісбай, Қалмақбай, Өзбекбай, Сәбетбай, Қырғызбай, Тәжікбай, . Абстрактілі
ұғымдар: Жансаубай, Мәнсізбай, Пұлбай, Ұйқасбай, Шоңбай, . Фольклорлық:
Быршымбай, Қарабай Қарынбай . Астионимдік: Мәскеубай, Тәшкенбай,
Елпекбай ↔ елпек+бай Елпекбай, бауырым, аңғалсың. Елпеңдейсің де жүресің.
Одан да тарихта қалудың қамын жаса.Жігін тауып, жібін білдірмей, жіліктің
майындай тамызып айта білсең, өтіріктің өзі де әңгіме бола береді,–деп ақыл
айтады досы Телпекбай. Бай сөзі байлық, молшылық мағынасында емес, кейіпкер
атын жасаушы антрополексема түрінде жұмсалып, неше түрлі мағынада
жұмсалады.
Қазақ халқы тарихындағы ақсүйектер өздерінің әлеуметтік тегін көрсету
мақсатымен бек, би сияқты титул сөздерді өз есімдеріне қосарлап айтып
отырған. Бек – бұлар есім жасайтын арқау сөздер боп саналады. Осы үлгідегі
жасалған СЮП-тер: Айтқышбеков, Есербек, Бұлтаңбек, Жанжалбек, Қойқойбек,
Сабазбек, Суайтбек, Бытшытбек, Топасбек, Төбелесбек, Әуенбек, Әріпбек,
Тенорбек, Модабек Коньякбек, Шампанбек, Спиртбек, Жұтқынбек, Нашабек,
Ішкішбек, Шылымбек, Бытырабек, Пушкабек, Патронбек, Магнибек, Натрибек,
Беделбек, Лауазымбек, Нөкербек, Уәкілбек, Шағымбек, Пысықбек, Шымшықбек,
Қытқытбек, Атанбек, Сайтанбек. Бұкпабек ↔ бұкпа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық ауыз әдебиетінде кездесетін сатиралық - юморлық кейіпкер аттарының этномәдени мәні
Көркем мәтіндегі жалқы есімдердің семантизациясы
Поэтонимдер
Мулан образының көркем шығармада берілу тәсілдері
Көпен Әмірбек- сатирик
Қазақ ертегілеріндегі кейіепкердің этнолингвистикалық сипаты
Қазақ антропонимдерінің лингвомәдени және әлеуметтік мәні
Көркем бейненің танымдық, эстетикалық мәні жайлы мәлімет
Сатира жанры
Көркем образ
Пәндер