Қасиетті түркі жері - Түркістан



1.Түркілер елі
2.Түркістан аймағы
3.Ұлы Жібек
4.Әдебиеттер
ҮІІІ-ХҮІІ ғасырлар аралығында жазылған шығыс жазба деректерінің мәліметтерінде Түркістан атауы бірнеше мәнде қолданылады. «Түркістан» атауы жазба дерек мәліметтерінде ҮІІІ-ІХ ғасырлардан бастап кездесе бастайды да, парсы тілінде «Түркілер елі» деген мағынаны береді.
Алғаш рет бұл атауды ҮІІ-ІХ ғасырларда араб-парсы тарихшылары қолданды да, оған барлық түркі тілдес тайпалардың мекендеген жерін жатқызады. ІХ ғасырдағы араб географы Ибн Хордабек «Китаб ал-масалик уа ал-мамлмк» атты еңбегінде: «Мервтен екі жол шығады, бірі Шашқа және түркі еліне, келесісі- Балх пен Тохаристанға апарады» деп жазса, оның замандасы, тарихшы, әрі географ ал-Якуби бұл ұғымды нақтылап көрсетеді.
1. Б. Керімбай. Түркістан және Қазақ хандығы. Алматы, 1994.
2. К.Р. Аманжолов Түркі халықтарының тарихы. Алматы, «Білім», 2002.
3. Б.Қ.Албани. Тарихи таным. Алматы, «Ататек», 1994.
4. Л. Гумилев. Көне түріктер. Алматы, «Білім», 1994.
5. Байырғы түркі өркениеті: жазба ескерткіштер. Халықаралық ғылыми- теориялық конференцияның материалдары. Алматы, «Ғылым», 2001.
6. К. Байпақов. А. Нұржанов. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. Алматы, «Қазақстан». 1992.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ӘОК 951959574

ҚАСИЕТТІ ТҮРКІ ЖЕРІ - ТҮРКІСТАН

Қ.А. Шолпанқұлова., А.Р. Жүнісбекова
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.

ҮІІІ-ХҮІІ ғасырлар аралығында жазылған шығыс жазба деректерінің
мәліметтерінде Түркістан атауы бірнеше мәнде қолданылады. Түркістан атауы
жазба дерек мәліметтерінде ҮІІІ-ІХ ғасырлардан бастап кездесе бастайды да,
парсы тілінде Түркілер елі деген мағынаны береді.
Алғаш рет бұл атауды ҮІІ-ІХ ғасырларда араб-парсы тарихшылары қолданды
да, оған барлық түркі тілдес тайпалардың мекендеген жерін жатқызады. ІХ
ғасырдағы араб географы Ибн Хордабек Китаб ал-масалик уа ал-мамлмк атты
еңбегінде: Мервтен екі жол шығады, бірі Шашқа және түркі еліне, келесісі-
Балх пен Тохаристанға апарады деп жазса, оның замандасы, тарихшы, әрі
географ ал-Якуби бұл ұғымды нақтылап көрсетеді. Ол өзінің Китаб ал-
булдан атты шығармасының бір тарауын Түркістан деп атап: Барлық түркі
елдері Хорасан мен және Седжестанмен шектеседі. Ал Түркістанда түркілер
бірнеше елге, тайпаға бөлінеді, дей келе, түркі тайпаларының атауларын
жазады. Осылайша, Түркістан атауы ІХ –Х ғасырлардан бастап этно-
географиялық мәнге ие болады да, кең түрде қолданыла бастайды. [1. 12-б]
ХІ ғасырда түркі тайпаларынан шыққан атақты ғалым Махмуд Қашқари
Диуани лұғат ат-түрік атты кітабында бұл атауды жиі қолданады. Кітаптың
Түркі халықтарының мекен жайлары мен тау- теңіздері деген тарауында
М.Қашқари: Кейбіреулер бүкіл Мауреннахрды Түркі елі деп те есептейді. Ол
Янкикенттен басталады. Қазір Түркі елінің шекарасы Абискүн Каспи
теңізінен айналып, Рұм елі мен Өзкенттен Шынға Қытайға дейін сщзылады.
Ұызындығы сегіз мың персех,- деп баяндайды.
Монғол шапқыншылығына дейінгі жазба деректердің мәліметтері бойынша,
Түркістан- шығыста-Қытаймен, батыста-Каспий теңізінің шығыс және солтүстік
жағалауларына дейінгі жерлермен, оңтүстікте-Хорасанмен шектесіп жатқан
орасан зор аймақ болып саналады. Бұны Түркістан атауының кең мағынада
қолдануы деуге болады.
Академик В.В. Бартольд түркі тілдес халықтар мен тайпалардың саяси-
экономикалық және мәдени тарихына арналған көптеген зерттеу еңбектерінде
Түркістан ұғымына монғол жаулауына дейінгі араб-парсы тілдерінде жазылған
атауды пайдаланады. Ол да Каспий теңізінен Қытайға дейінгі жерлерді
Түркістан дей келе, бұл ұғымның мәндеріне терең тоқталып өтеді. Саяси және
этнографиялық тұрғыдан қарағанда Түркістанға Каспий теңізі мен Қытай
аралығындағы жерлер жатады, ал ортағасырлардағы мұсылман авторларының
терминологиясы тұрғысынан қарасақ, Түркістан Мауереннахр енбейді, деп
жазады. [1. 15-б]
ХІҮ-ХҮІ ғасырлардағы парсы- тәжік, түркі, шағатай тілдеріндегі
деректерде Түркістан ұғымы өзінің алғашқы мәніне қарағанда бірқатар
өзгеріске ұшырайды. В.В. Бартольд көрсеткен Түркістан атауындағы
терминологиялық айырмашылық ХІҮ ғасырдан бастап, саяси жағдайға да әсер
етеді. Монғол шапқыншылығына дейінгі Мауереннахр атауы Түркістан ұғымының
шеңберінде айтылып келсе, ХІҮ ғасырдан бері Мауереннахр-тарихи географиялық
және саяси аймақ ретінде Түркістан ұғымынан бөлектенеді. Ал, Түркістан
ұғымының географиялық аумағы анағұрлым кішірейеді. [2. 79-б.]
ХІҮ ғасырдың ІІ жартысы мен ХҮ ғасырдың І жартысында өмір сүрген
тарихшы Муйн ад-дин Натанзи ХІҮ ғасырдың 70-ші жылдарында Мауереннахр мен
Дешті Қыпышақта болған тарихи оқиғаларды баяндай келе, Ақсақ Темірдің
Сауран, Отырар және Сығанақ қалаларын Тоқтамыс ханға сиға бергені жөнінде
айтады және де ол осы еңбегінің келесі бір жерінде жоғарыда айтылған
қалалардың бәрін, бір ғана Түркістан атауымен айтады. Осы кездерден бастап
жазба дерек мәліметтерінде Түркістан деп нақты бір аймақ, өлке немесе
уалаят айтыла батайды. Тауарих-и гузида-йи нусрат неме атты ХҮІ ғасыр
басында жазылған авторы белгісіз шығармада Түркістан уалаяты деп
жазылса, Фатх-намада Отырар және Сауран бір сөзбен Түркістан деп
аталады. Сондай-ақ, ХҮІ ғасырдың басы мен ортасына дейінгі жазылған
Шайбани-наме, Зубдат ал-асар, Тарихи Абулхайрхани секілді
шығармаларда жеке иелікті, өлкені, елді Түркістан деп атайды. Бадай ал-
вакай, Тарихи-и рашиди еңбектерінде Түркістан деп нақты әкімшілік-
географиялық аймақжазылады. ХҮІІ ғасыр тарихшысы Махмуд ибн Уәли Түркістан
бұрын қалалары көп, үлкен ел болған,- деп түсіндіреді. [1.16-б.]
Сөйтіп, ХІҮ-ХҮІ ғасырларда Түркістан атауы Сырдария өзенінің бойындағы
әкімшілік аймаққа ғана қолданылған. Ал ХҮІІІ ғасырдың ортасынан бастап
Түркістан деп Сырдария өзенінің бойындағы жеке бір қала айтыла бастайды.
Бұл туралы Махмуд ибн Уәли: казір Түркістан-Сақси қаласы, жергідікті
халық оны Иассы деп атайды,- деп жазады.
Жалпы, Түркістан атауының ҮІІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы қолданылуы тарихына
қарасақ, ірісаясиөзгерістерге байланысты атау өз ұғымын үнемі өзгертіп
отырған. Ортағасырларда Түркістан атауының үш мәні болғанына көз жеткізуге
болады. 1-ҮІІІ-ХІІ ғасырларда түркі тілдес тайпалардың мекендеген жалпы
аймағы жатады. 2- ХІҮ-ХҮІ ғасырлардағы Сырдария өзенінің бойындағы жерлер,
3- ХҮІІІ ғасырдан бастап Сыр бойындағы Иассы қаласының жаңа атауы енген.
Біз екінші мәнді қолданамыз. Себебі, ХҮ ғасырдың 70-ші жылдарынан
бастап Түркістан аймағы, яғни Сырдария өзенінің орта ағысы бойындағы
қалалар мен өңірлер Қазақ хандығы мен Мауереннахр арасындағы саяси қарым-
қатынастың негізгі өзекті мәселесіне айналды.
ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы жазба деректер мәліметтері Түркістан аймағының
алып жатқан жерін, шекарасын анықтауға мүмкіндік береді. К.А.Пищулина ХҮ-
ХҮІІ ғасырлардағы жазба деректерге сүйене отырып, Түркістан деп Сырдария
өзенінің орта ағысы бойын, дәлірек айтсақ, өзеннің сол жағалауындағы кең
жазық даланы айтады.
Түркістан аймағы оңтүстік-шығыста Шыршық және Бадам су айрықтарындағы
жазықтармен, солтүстік- шығыста Қаратаудың таулы жоталарымен шектеседі,
-деп анықтай түседіК.А.Пищулина. Ал археолог К.М.Байпақов Түркістан
аймағына Оңтүстік Қазақстанның едәуір бөлігін және талас аймағындағы
Алатау бөктерін, Сырдарияның орта белі мен қаратау баурайларын түгел
қамтитын үлкен аймақты жатқызып, К.А.Пищулинаның ойын оңтүстік-шығыс
бағытта кеңейте түседі.
ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы деректерде Түркістан аймағының шекаралары анық
көрсетіледі. Түркістан аймағының солтүстігіндегі жерлердегі Дешті
Қыпшақтың оңтүстік далаларымен, оңтүстіктегі жерлерді Мауереннахрдың
солтүстік иеліктерімен, шығысындағы жерлерді моғолстанның батыс
иеліктерімен бірде- бір зерттеуші шатастырмайды. Түркістан аймағының ең
оңтүстігіндегі қамалы Аркук болып саналады, Аркук... Түркістанға кіре
берер жерде орналасқан қамал, -дей келе, Ол Түркістанның шекаралық тірек
пункті, бұхара мен самарқанд жақтан Түркістан аймағына қарай жолға
шыққандар ең бірінші осы қамалға келіп жетеді, -деп, ХҮІ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркістан қаласының шығу тарихы
Мағжан Жұмабаевтың “Түркістан” өлеңіндегі тілдік ерекшеліктер
Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы, Түркістан өлеңі
Туған жерім - Түркістан
Қазақстан Республикасында зиярат ету діни туризмнің дамуы
Түркістан облысында ішкі туризмнің бағыттары
Ясауи ілімінің тарихи маңызы
Дәстүрлі түрік дүниетанымының қазақ мәдениетіне әсері
Қожа Ахмед Ясауи
Ясауи ілімі
Пәндер