Ревизия және аудит


Тақырып: «Ревизия және аудит» - экономикалық субъектілердің қаржы - шаруашылық қызметіне бақылауды ұйымдастырудың әдістері ретінде.
- Ревизияның маңызы және міәндеттері.
- Аудиттің мақсаты, міндеттері
- Аудит пен ревизияның салыстырмасы
1. Ревизия және аудит - экономикалық субъектілердің Қаржы - шаруашылық қызметіне бақылауды ұйымдастырудың әдістері болып табылады. Оларды жүргізуде көптеген ортақ белгілері болады. Сонымен бірге бақылаудың ортақ белгілері болады, сонымен бірге бақылаудың ортақ базасы қолданылады, яғни көрсетілетін құжаттар.
Алайда бұл ұжымдардың арқасында маңызды айырмашылығы бар. Негізінене ол тексерудегі басты себептерге байланысты болып келеді.
Ревизия (тексеру) - мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесінің маңызды бөлігі ол жүргізілетін шаруашылық операциялардың заңдылығын, дұрыстығын, мақсатқа сәйкестігін, экономикалық тиімділігін байқау мақсатымен шектеліп немесе қызмет боййындағы адамның ісін тексеру болып табылады.
Тексерудің негізгі міндеттеріне келесі жағдайларға бақылау орнату жатады:
- мемлекеттік тәртіпті қамтамасыз ету;
- мемлекеттік қаржыларды тиімді, үнемді пайдалану;
- ақшалай және материалдық ресурстардың сипатталуы;
- бухгальтерлік есептің дұрыс қойылу;
- қосып жазу дер кезінде анықтау т. с. с.
Тексерудің субъектілеріне мыналар жатады:
- мемлекеттік органдар және құрылымдар,
- мемлекеттің қатысуымен құрылған мемлекеттік және коммерциялық ұйымдар;
- бюджет қаржысы есебінен қаржыландыратын немесе мемлекеттік субсидия алып отыратын к/о, ұйымдар және мекемелер;
- мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдар мен мекемелер.
- Мемлекет тарапынан қызметтері реттеліп отыратын кәсіпкерлік құрылымдар мен жеке тұлғалар.
Экономиканы жүргізудің әкімшілдік - әміршілдік жүйесінде төменгі деңгейдегі басқару звеносының жоғары басқару звеносына мәжбүрлі түрде қатаң бағыныштылығы әрбір төменгі звеноға берілген бұйрықтың орындалу сапасы туралы ақпарат жинау үшін қажетті тексерушілік қызметті талап етті.
Нарықтық экономикада мұндай тікелей бағыныштылықтың элементтері белгілі бір көлемде сақталып қалуда, алайда дұрыс ақпаратқа сақталып қалуда, алайда дұрыс ақпаратқа деген қажеттілік тек қана тікелей байланысты талап етпейді, сонымен бірге көлденең сипаттағы бағыныштылықты да талап етеді. (компаниялардың өздерінің әріптестерімен, кредиторларыме немесе қарыз беруші иесімен, акционерлерімен болатын көлденең сипаттағы байланыстары) .
Осыған байланысты, қаржылық бақылаудың жаңа бір түрі - аудитке деген қажеттілік туындап отыр.
Аудит - тексерілетін экономикалық субъектінің қаржы - шаруашылық жағдайы жөнінде қорытынды беру мақсатында қаржы, ақпаратын немесе қаржылық есептерді тексеретін тәуелсіз тексерудің түрі болып табылады.
Аудиттің негізгі субъектілері:
Кәсіпкерлік құрылымдар (коммерциялық банктер, сақтандыру ұйымдары, биркалар, қорлар т. б)
Объектісі: - инвесторлардың, акционерлердің меншігі.
Сонымен, егер де тексеруші тексеру жұмыстарын тікелей сипатта, яғни жоғарыдағы басшылардың нұсқауы бойынша жүргізіп отыратын болса, аудтор - өз қызметін тексеруші компания басшылығымен коммерциялық келісім - шарт негізінде, тексерілетін ұйымның шарт негізінде, тексерілетін ұйымның есебінен жүзеге асырады, ал тексерудің есебінен - бұл көлденең сипаттағы байланыстар бойынша тексеру болып табылады. Жоспар бойынша тексеру болып табылады.
Қаржылық бақылауды жүргізу барысында тексеру немесе аудиттың қолданылуының сызу.
Аудит және тексерудің ортақ белгілері.
1. Аудит немесе тексеру - орнатылған (белгіленген) критерийлерден ауытқуларды анықтау мақсатымен нақты материалдарды тексеру әдісі ретінде сырттан келген тәуелсіз аудитормен (сырттан келген тексерушімен) қатар іштен тағайындалған аудитормен (тексерушімен) жүзеге асырылады.
2. Аудитты жүзеге асыру барысында арнаулы құжатты және нақты тексеру және бақылау тәсілдері қолданылады (мысалы, эксперттік баға беру, талдау әдістері және басқа да құралдар, есепке алудың жеке объектілері бойынша тексеру әдістемелері)
Екінші жағынан, тексеру - бағалау жұмыстарын жүргізу барысында және бухгалтерлік ееспті құру барысында аудиттың нормаларын және стандарттары пайдалануы мүмкін.
Бірақ, аудиторлық ұғымы кешенді түрдегі құжаттарды тексеру, балансты есептік тексеру немесе сотты - бухгалтерлік сараптамаға тең келмейді.
Ал аудиторлар қызметінің қажетті шарты - олардың тәуелсіздігі.
1. Аудит (тексеру) дегеніміз келісім шарт негізінде жоғары дәрежеде білгір мамандардың қатысуымен кәсіпорындардың бухгалтерлік есебін, отчеттардың арнайы қабылданған есеп ережелері мен стандартқа сәйкестігін тексеру, консультациялық кеңес т. б. қызметтер көрсету. Аудиторлық қызметтің негізгі мақсаты қаржы есебінің дұрыстығын қамтамасыз ету.
Аудитор - тексеруші компнаия басшылығымен келісім шарт негізінде кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметінің жай-күйін тексеруші адам. Оның міндеті тексерілген компанияның қаржы жағдайы жөнінде қорытынды беру.
2. Аудит ішкі және сыртқы болып 2-ге бөлінеді. Ішкі тексеруді кәсіпорын өзі жүзеге асырады. Оның міндеті шығындардың қалыптасуына шаруашылық ішінде бақылау орнату, шығындар сметасы мен нормативтердің ауытқуын және олардың себебін талдау, қаржы шаруашылық қызметінің резервтерін ашу және кәсіпорын басшыларын қажетті ақпараттар мен қамтамасыз ету.
Сыртқы аудит аудиторлық фирмамен келісім шарт жүргізу негізінде кәсіпорынның бухгалтерлік есебін бюджеттік төлемдерді есептеудің дұрыстығын тексерту. Сыртқы аудиторлық тексеруге тапсырыс (заказ) берушілер мемлекеттік органдар, акционерлер, жеке тұлғалар.
1993 жылдың қазан айында «Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы» заң қабылданған (Аудиторлық тексеру) .
Тексеру түсінігі ревизия мен бақылауға қараған өте кең, себебеі аудит қаржы көрсеткіштерінің дұрыстығын тексеріп қана қоймай шаруашылық деңгейін жоғарылату жолдарын көрсетеді.
Аудиторлық тексерулер аудиторлық фирманың өкілдерімен немесе осы қызмет көрсетуге құқығы, лицензиясы бар жеке аудиторлармен келісім шарт негізінде жүргізіледі. Аудиторлық фирма немесе жеке аудитор тексерудің соңында жылдық есеп беру мен баланстың дұрыстығы ішкі шаруашылық бақылау, бухгалтерлік есеп жағдайы жөнінде тәуелсіз жазбаша қорытынды жасауы керек. Осы қорытынды жылдық бухгалтерлік отчетты бекіту, бекітудің негізі болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz