Халел Досмұхамедов және түркітану мәселелері



XX ғасыр басындағы өтпелі, дүрмекті кезеңде саяси күрес сахнасына шығып, қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, болашағын болжап, аспан астында өмір сүру құқығын қорғап тер төккен, сонымен қатар осы жолда құрбан болған қазақ зиялылары қаншама. Бүгінде Алаш қозғалысының 90 жылдығын ел болып атап өтіп жатқанда ел үшін құрбан болған ерлердің әруағына бас иіп, еткен еңбектерін саралап, әділ бағасын беру игілікті іс.
Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,
Емеспін жемісі көп тамаша ағаш.
Қалғанша жарта жаңқам мен сенікі,
Пайдалан шаруаңа жараса, Алаш, -
деп Міржақып ақын айтқандай, Алаш үшін тер төгіп, ел қажетін өтеп, әлеуметтік өмірдің барлық саласына өзінің үнін қосқан ардақтыларымыздың бірі – бүгінде туғанына 125 жыл болып отырған азамат Халел Досмұхамедов еді.
Ол 1883 жылы 24 сәуірде Тайсойған құмында дүниеге келді. Әкесі Досмұхамед көзі ашық адам болатын. Ол ұлын жергілікті орыс-қазақ мектебіне оқуға берді. Жасынан зерек Халел 1902 жылы Орал әскери реалдық училищесін үздік бітірді. 1903 жылы Санкт-Петербургтегі императорлық әскери медициналық академияға оқуға түседі. Халелдің студенттік кезеңі Ресейдегі саяси толқулармен тұстас келді. Мұның өзі жас жігіттің саяси көзқарастарының қалыптасуына игі әсер етті. Халел Досмұхамедов Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым ретінде тарихта өзіндік орны бар тұлға. Х.Досмұхамедовтың ғылыми ізденістермен тереңдеп шұғылдануына басты екі қызметі әсер етті. Біріншіден, қазақ-қырғыз білім комиссиясының, екіншіден, Мемлекеттік ғылыми кеңестің төрағасы болуы еді. Бүгінде Халелтану бағытында көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Халелдің еңбектерін саралап келе оның жан-жақты біліміне таң қаласың. Ол кәсіби дәрігер ғана емес, қоғам

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Мұрат Сабыр
Батыс Қазақстан инженерлік-
гуманитарлық университетінің
профессоры, филология
ғылымдарының докторы

ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВ ЖӘНЕ ТҮРКІТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

XX ғасыр басындағы өтпелі, дүрмекті кезеңде саяси күрес сахнасына
шығып, қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, болашағын болжап, аспан астында
өмір сүру құқығын қорғап тер төккен, сонымен қатар осы жолда құрбан болған
қазақ зиялылары қаншама. Бүгінде Алаш қозғалысының 90 жылдығын ел болып
атап өтіп жатқанда ел үшін құрбан болған ерлердің әруағына бас иіп, еткен
еңбектерін саралап, әділ бағасын беру игілікті іс.
Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,
Емеспін жемісі көп тамаша ағаш.
Қалғанша жарта жаңқам мен сенікі,
Пайдалан шаруаңа жараса, Алаш, -
деп Міржақып ақын айтқандай, Алаш үшін тер төгіп, ел қажетін өтеп,
әлеуметтік өмірдің барлық саласына өзінің үнін қосқан ардақтыларымыздың
бірі – бүгінде туғанына 125 жыл болып отырған азамат Халел Досмұхамедов
еді.
Ол 1883 жылы 24 сәуірде Тайсойған құмында дүниеге келді. Әкесі
Досмұхамед көзі ашық адам болатын. Ол ұлын жергілікті орыс-қазақ мектебіне
оқуға берді. Жасынан зерек Халел 1902 жылы Орал әскери реалдық училищесін
үздік бітірді. 1903 жылы Санкт-Петербургтегі императорлық әскери
медициналық академияға оқуға түседі. Халелдің студенттік кезеңі Ресейдегі
саяси толқулармен тұстас келді. Мұның өзі жас жігіттің саяси
көзқарастарының қалыптасуына игі әсер етті. Халел Досмұхамедов Алаш
қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым ретінде тарихта өзіндік орны
бар тұлға. Х.Досмұхамедовтың ғылыми ізденістермен тереңдеп шұғылдануына
басты екі қызметі әсер етті. Біріншіден, қазақ-қырғыз білім комиссиясының,
екіншіден, Мемлекеттік ғылыми кеңестің төрағасы болуы еді. Бүгінде
Халелтану бағытында көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Халелдің еңбектерін
саралап келе оның жан-жақты біліміне таң қаласың. Ол кәсіби дәрігер ғана
емес, қоғам қайраткері, саясаттанушы, қоғамтанушы, тілші, тарихшы,
әдебиетші, фольклор жинаушы. Біздің бұған қосып айтарымыз, Халел - қазақтан
шыққан алғашқы түркітанушы. Халел 1923 жылы Шолпан журналының 7-санында
Диуан лұғат ит-түрік атты мақала жариялады. Осы мақаласы арқылы қазақ
қоғамын алғаш рет ұлы сөздікпен таныстырып, Махмуд Қашқаридің тарихтағы
орнын белгілеп берді. Бұл тұрғыда ол Диуанды алғаш зерттеген В.В.
Бартольд, В.А. Гордлевский, Т.А. Боровков, А.Н. Кононовтармен иық тіресіп
тұр.
Аталмыш мақаласында Кітаптың шығарушысы Махмудтың туған, кіндік
кесіп, кір жуған жері, ата қонысы Ыссықкөл жағасы Барсхан шаһарында болды.
Махмуд Қашқари Азиядағы түрік бектерінен, әскерінен, ғалым, шайырларының
алдыңғы қатарынан болған - дей келіп, Махмудтың тегін саралап таныстырады.
Ол Диуан 1073 жылы жазылған деп ғылыми тұжырым жасайды. Махмуд Қашқаридың
замандасы болған Йусуф Хас Хажибтың Құтадғу білік есімді кітабы 462 жылы
тауық (1069-1070 қыс күні) жылы жазылған. Осылайша Махмуд Қашқари кітабы
мен Йусуф Хас Хажибтың кітабы жазылуының арасы екі-үш жыл уақыт болады деп
тұжырымдайды.
Иә, көне түркі мәдениеті шарықтап, IX-XII ғасырларда небір жазба
ескерткіштер дүниеге келді. Солардың бірі М.Қашқаридың Диуани лұғат ит-
түрік сөздігі мен Ж.Баласағұнның Құтадғу білік еңбектері. Бұл
шығармалардан байырғы түркілердің мәдениетімен қоса ел басқарған, мемлекет
құрған өркениетін де көреміз. Еуразия территориясында көне түркілік көшпелі
тайпалар белгілі бір этномәдени негізде қалыптасты. Олардың материалдық
және рухани жетістіктері кейінгі қазақ халқының мәдениетінің қалыптасуының
қайнар көзі болды. Елбасы Н.Назарбаев Тарих толқынында кітабында Біз өз
мемлекетімізді ұзақ уақытта меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының
бастауларын түсінгеніміз жөн деп көрсетті. Сондықтан байырғы түркі
бабаларымыз, этногенетикалық тамырымыз қандай еді, ХҮ, ХҮІ ғасырдан кейінгі
сол ежелгі жұрттың ұрпағы болып отырған біз қандаймыз деген сұрақ тууы
заңды. М.Қашқари былай дейді: Түркілер көркемдік, сүйкімділік, жарқын
жүзділік, әдептілік, жүректілік, үлкендерді, қарияларды құрметтеу, сөзінде
тұру, мәрттік, кішіктік, тағы сондай сансыз көп мақтаулы қасиетке ие. Жас
ұрпаққа этномәдени ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер.Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері.20ғ басындағы түркітану тарихы
Халел Досмұхамедұлы және Алаш қозғалысы
Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы жайлы
ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДҰЛЫ – ЖАЗБА ӘДЕБИЕТІН ЗЕРТТЕУШІ
Әлемнің тілдік көрінісінің тіл мәдениетіндегі бейнесі
Халел Досмұхамедұлының әдеби мұрасы
Лингвистикалық практика
Қоғам және мемлекет қайраткері энциклопедист - ғалым, профессор Халел Досмұхамедұлының көптеген зерттеу еңбектерінің бірінде
ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВ ЖӘНЕ САНЖАР АСФЕНДИЯРОВ
Міржақып Дулатұлының әдеби публицистикалық мұрасы
Пәндер