Абылай ханның саясаты



1) Абылай хан саясаты
2) Ішкі саясаты
3) Сыртқы саясаты
4) Пайдаланған әдебиеттер
XVIII ғасырдың 60-жылдарының аяғына қарай Казақ мемлекеті Абылайдың белсенді сыртқы және ішкі саяси қызметі арқасында біршама мықты әрі біртұтас мемлекетке айналды. 1770 жылы сұлтан қырғыз жерлеріне тағы бір жорық жасады. Шату асуы арқылы Қызылсу және Шамси өзендерінің аңғарына өтіп, қазақтар қырғыз жасақтарын ауыр жеңіліске ұшыратты. Көптеген тұтқындар Орталық Қазақстанға көшіріліп, онда Абылайдың жеке вассалдары-төлеңгіттері құкығымен коныстандырылды. Ресей билігінен Жоңғарияға қашқан еділ қалмақтарын талкандағаннан кейін сұлтанның беделі бұрынғысынан да арта түсті. Ресейдің отаршыл әкімшілігі қазақтардан қалмақтардың қайтарылуына жәрдем көрсетуді талап етті, алайда Абылайдың өз ойлағаны бар еді. Сол кезде Абылай Қытай мен Ресейдің қолдауына кол жеткізуге тырысып, халықаралық аренада белсенді әрекеттер жасады.
• Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
•• Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
• Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ Тақырыбы: Абылай ханның саясаты

Орындаған: Төлеуғазыева И.
ИЯ-311
Тексерген: Санкайбаева П.С



Семей-2015
Жоспар:
1) Абылай хан саясаты
2) Ішкі саясаты
3) Сыртқы саясаты
4) Пайдаланған әдебиеттер
XVIII ғасырдың 60-жылдарының аяғына қарай Казақ мемлекеті Абылайдың белсенді сыртқы және ішкі саяси қызметі арқасында біршама мықты әрі біртұтас мемлекетке айналды. 1770 жылы сұлтан қырғыз жерлеріне тағы бір жорық жасады. Шату асуы арқылы Қызылсу және Шамси өзендерінің аңғарына өтіп, қазақтар қырғыз жасақтарын ауыр жеңіліске ұшыратты. Көптеген тұтқындар Орталық Қазақстанға көшіріліп, онда Абылайдың жеке вассалдары-төлеңгіттері құкығымен коныстандырылды. Ресей билігінен Жоңғарияға қашқан еділ қалмақтарын талкандағаннан кейін сұлтанның беделі бұрынғысынан да арта түсті. Ресейдің отаршыл әкімшілігі қазақтардан қалмақтардың қайтарылуына жәрдем көрсетуді талап етті, алайда Абылайдың өз ойлағаны бар еді. Сол кезде Абылай Қытай мен Ресейдің қолдауына кол жеткізуге тырысып, халықаралық аренада белсенді әрекеттер жасады. 1768 жылдың өзінде-ақ ол цин императорының өзін барлық қазақтар мен сұлтандардың бастығы деп тануына қол жеткізген еді. Сонымен бірге 1769 жылдың аяғында ол Ресейден өзі үшін 10 мың адамдық армия бөлуді сұрап, оның орнына аманатқа өз балаларының бірін ұсынды. Егер... бізге жау шабуыл жасаса, бізге бір сан (10 мың.) немесе кем дегенде мың немесе бес жүз адам көмек көрсетілетін болады. Ал оның үстіне жоғарыда аталған бір сан әскер, менің тірі кезімде болсын немесе менің балаларымның тірі кезінде болсын, былайша пайдаланылар еді; алыстағы жаулар үшін -- бір сан, жақындағылары үшін -- мың, ал егер онша көп болмаса -- менің ішкі жауларыма қарсы -- бес жүз. Сол кезде Абылай өзінің аманат баласын генерал етуді сұрады, аманаттар сұлтанның өз тандауы бойынша екі-үш жылдан сон алмастырылып отыратын. Әрине бұл талаптар ол кезенде іс жүзінде орындалмайтын талаптар еді, мұны сұлтан жақсы түсінді. Бұл ретте Абылай шекаралық әкімшілікке өзінің қытайлармен, түсініліп жүргеніндей, әсте де онша жақын еместігін және Ресей протекторатынан әсте де бас тартпақшы болып жүрмегендігін білдірген еді. 1771 жылы Абылайды жалпы казақ ханы етіп сайлау үшін жағдай жасалды. 1771 жылдың күзінде ұзақ уақыт бойы ақылдасканнан кейін барлық үш жүздің өкілдері жаңа ханды сайлау үшін хандыктың ежелгі астанасы Түркістан қаласына келді. Абылайға ыкпалды жырау Бұқар Қалкаманұлы, Әбілпейіз және Болат сұлтандар, Нұралы ханды коспағанда, Кіші жүз қазақтарының, билеушілері, Орта жүз бен ұлы жүздің өкілдері сөзсіз колдау көрсетті. Халық көп жиналған кезде казақ дәстүрі бойынша Абылай ақ киізге көтеріліп, үш жүздің ханы болып жарияланды. А. И. Левшиннің айтқанындай, ол оған (атаққа) торғауыттарды жеңуі аркылы және Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін, барлық қырғыз-қазақ ордаларының ғана емес, түркістандықтар мен ташкенттіктердіңде сайлауы арқылы ие болды. Сөйтіп Абылай Казақ хандығының бірлігін қалпына келтіре алды.
Абылай ханның ішкі саясаты. Бүкілхалыктық мойындауға және үш жүздің ханы атағына қарамастан, Абылайдың билігі шексіз билік болған жоқ. Сұлтандардың едәуір бөлігі, әсіресе Барақ сұлтан мен Әбілмәмбет ханның ұрпақтары Абылайды тақты заңсыз иеленді деп санады. Мәселен, Дайыр сұлтан 1781 жылы Орынбор губернаторына Абылай ханның қадір-қасиетін мүлде әділетсіз иеленгенін, өзінің бала кезінде бауырларымен Түркістанда болғанын, хандыктың барлық әділеттілік бойынша өзіне тиесілі екенін жазды. Наймандардың билеушісі Әбілпейіз, иеліктері Обаған мен Есіл арасында орналасқан Құдайменде сұлтан тәуелсіз еді деуге болады. Түркістан мен Сырдарияның ортаңғы ағысында билікті бөліскен Сәмекенін, баласы Есім мен Әбілмәмбеттің баласы Болат өздерін хан деп атай берді. Хан билігіне наразы болған кейбір рубасылар оны тіпті әскери күшпен құлатуға да тырысты. Дағдылы құкықпен шектеулі Абылай, Ш. Уәлихановтың айтуынша, сұлтандар мен рубасылардың бетімен кетуін ауыздықтауға ұмтылды. Абылайдың орасан зор беделі қазақтарды ханға бағынышта ұстады. Абылай өзгерген сыртқы саяси жағдайда аман қалу үшін Қазақ хандығының саяси жүйесін көбірек орталықтану жағына қарай өзгерту қажет екенін өте жақсы түсінді. Бұған жету үшін хан бірнеше бағытта әрекет жасады. Біріншіден, Абылай биліктің орталықтандырылуын нығайтуға ұмтылды. XVIII ғасырдың бірінші ширегінде әрбір ру бірлестігі іс жүзінде автономиялы болды және оларды өздерінің билері, рубасылары басқарды. Бұл жүйе жағдайында хан көп жағынан билердің еркіне тәуелді болды және оның жекелеген рулар деңгейінде шешім қабылдауға ықпал етуге үлкен мүмкіндіктері болмады. XVIII ғасырдың 20-30-жылдарында бұл жүйе өзгере бастады, белгілі бір ру әскербасы және саяси көшбасшы етіп шақырған сұлтандардың рөлі арта түсті. Абылай жүздер мен үлкен бірлестіктерді басқаруға дәстүрлі қазақы кісілік рухы негізінде бір орталық буындары элементтерін енгізуге ұмтылды. Ханның көптеген балалары осындай билеушілер рөліне кірісті. 1774 жылы Әділ сұлтан Ұлы жүздің бір бөлігінің билеушісі болып тағайындалды, оған арнап Абылай Талас аңғарында кала салып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абылай ханның саясаттағы орны
Абылай хан саясаты
Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты
Абылай ханның Қазақ хандығын біріктіруі
Бұқар толғауларындағы Абылай мен тарихи Абылай (тарих және көркемдік шындық)
АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ТҰСЫНДА ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ НЫҒАЮУЫ
Абылай хан мемлекет қайраткері және дипломат ретінде
Абылай хан: мемлекеттік қайраткер, әскери қолбасшы және дипломат
Абылай ханның сыртқы саясаты
Абылай ханның Қытаймен мәмілегерлік саясаттары
Пәндер