Терінің жүн-жабындысына сипаттама


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік унивеситеті

CӨЖ

Тақырыбы: Терінің жүн-жабындысына сипаттама

Тексерген: Туманбаев В. М

Орындаған:Сәрсенбекова Н. С

Семей, 2015 ж

Жоспар:

  1. Тауартану.
  2. Терінің жүн-жабындысына сипаттама.
  3. Терісі бағалы аңдардың терілеріне сипаттама

Тауартану - бұл аң терісі, мех, қой терісі шикізаттарының қасиетін зерттейтін, әрі сипаттайтын ғылым саласы. Тауар дегеніміз, еңбек пен материалдық шығындарды жұмсау нәтижесінде алынған, әрі мех өңдейтін кәсіпорындардың қажетін қанағаттадыратын, әрі халықаралық саудаға шығаруға болатын шикізаттар.
ХХ ғасырдың басына дейін ғылыми пән ретінде тауартану сипаттамалық тұрғыда болып, әр түрлі тауарлардың жіктеу мәселесімен ғана шектелді. Содан кейін тауартану осы тауарлардың қасиетін айқындап, нақты сипаттама берді. Мұның өзі ең жақсы сапаны қамтамасыз ететін, әрі өңдеудің тиімді технологиялық амалдарын таңдауға мүмкіндік береді
Терісі бағалы аңдар - шикізаттарының тауартануы дербес ғылыми пән. Бұл - терісі бағалы аңдардың терісі туралы ғылым. Ол терісі бағалы аңдардың терісінің қалыптасуының жалпы заңдылықтарын, талшық пен тері қасиетін, олардың тауарлық сапасы мен белгілерін зерттейді. Терісі бағалы аңдардың терісіне баға беру олардың алуан түрлілігі, тауарлық топтары, сорттары, түстері мен бейнесінің сапасы, олардың өзара байланысы мен өзара қатынасына әсер ететін факторларды зерттейді. Теріні бағалауда олардың құрылымын, құрылысы мен қасиетін зерттейді. Осы зерттеулерде теріні бағалау мен жіктеудің, стандарттаудың теориялық негізінен методикалық қағидасы ойластырылды .
Аңдардың терісіне баға беруде, сорттауда іріктеудің қазіргі қолданылып жүрген тәсілдерін жетілдіріп, әрі жаңа тәсілдер ойластырылған. Отандық және халықаралық саудаға түсетін бағалы аңдардың терісінің сұранысын арттыру жүзеге асырылуда /3/. Аң терілерін шикізаттарының тауартануы шикізат ассортиментін жіктеудің тауар қасиетіне шынайы сипаттама беруден тұрады, әрі мех өңдейтін өнеркәсіптерде тұтынушылардың өскелең қажетін қанағаттандырып, тиісті сападағы тауар өндіру міндетін алға қойған /4/. Орта Азия мен Қазақстан Республикаларында дайындалатын аң терісі және мех шикізаттарын өзіндік ерекшеліктері қамтылған. Бұл өңірлерде аң шаруашылығы кең дамыған. Қызыл кітапқа енген жабайы жануарларды аулауға тыйым салынған, әрі мемлекеттің қорғауында болған XVII-XVIII ғғ. Бұқаралық көпестер Новгород пен Мәскеу қалаларында бағалы аң терілеріне ойдағыдай сауда жүргізген, ал XVIII-XIX ғғ Лондонда, Нью-Йоркта және басқа шет елдердің сауда орталықтарында бағалы аң терілері көптеп сатылған. Мұның өзі көптеген елдермен континенттерге ықпал етті . Қазіргі кезде терісі бағалы аңдармен қатар қаракөл өсіретін аймақтар көбейе бастады. Қаракөл қойын өсіру едәуір ұлғайып, Орта Азияда, оңтүстік батыс Африкада және Ауғанстан Республикаларында көптеп өсіріледі.
Біздің елімізде қаракөл қойын өсіру, қаракөл шикізаттарының елтірітану және тауартану мәселелерін теориялық негізі алғаш рет жасалынды. Бұған М. Ф. Иванов, В. М. Юдин, М. Н. Закиров, С. Н. Боголювский, А. А. Рахимов, М. Д. Тавитов сияқты ғалымдар ғылыми тұрғыдан зор үлес қосты . Бағалы аң терісін өндірушілер оларды өсіруде терілерінің алуан түрлі болып келетіндігін және соған сәйкес түрліше бағаланатынын анықтаған. Көне дәуірде аң терілерін жіктеуде талпыныс болған. Орыс әдебиеттерінде бұл жіктеуді алғаш рет И. В. Синициннің жинаған материалдарынан кездестірген . 1932 жылы жіктеулер едәуір ұлғайтылып, тереңделе түсті, әрі олардың морфологиялық құрылысына сипаттама берілген

Терілер негізгі екі компоненттен тұратындығы зерттелген. Ол талшық жабыны және талшық түбі бекітілген тері ұлпасы. Осы компоненттер тері қасиетін айқындайды. Әр түрлі жануарлардың, олардың жас категорияларын ескере отырып, маусымына қарай қалыңдығы, тығыздығы, ұйысу сипаты т. б. өзгешелігі бойынша айқындалады . Терілерді бағалауда оның сапасы, қасиеті және белгілері көпетеген табиғи биологиялық факторларға байланысты. Осы факторлардың әсерлерінен теріні бағалауда тауарлық қасиетінің өзгергіштігі байқалады
Н. В. Сергеевтің зерттеулерінде терілер ауа өткізгіштік сияқты су өткізгіштікке біршама ауытқиды, әрі бағалы аң терілері үшін оның орташа көрсеткіші шартты түрде болады.
Аң шаруашылығы бағалы аң терілерін береді. Біздің елімзде бағалы аңдардың қоры мол. В. И. Висящев (1978) зерттеулері бойынша жабайы хайуанаттар мекендеуге болатын жерлерде бұлғынның жалпы қоры 760 мың, сусар-281, ондатр-3096, қызыл түлкі-767, бұлан-817, ақбөкен-909, елік-348 мың болғандығы туралы мәліметтер бар . Қазір біздегі дайындалып жүрген аң терілерінің басым көпшілігі мемлекетімзге пайдасын тигізеді. Терісі үшін жабайы аңдардың терілерін дайындауда Қазақстан екінші орында.
Біздің республикамызда бағалы жануарлар көп. Солардың ішінде халық тұтынатын бұйымдар - әсем де сәнді бас киім, тон, ішік және басқа да киімдер тігуге болатын терісі аса бағалы аңдар мол. . Олардың ішінде негізгілері - ондатр, түлкі, ақтиін, суыр, зорман, дала күзені және қарсақ.

Бұлғын - көрікті әрі сымбатты аң. Денесінің ұзындығы 43-53 см, салмағы 1-2 кг келетін терісі өте бағалы аң. Жүні ұзын, әдемі, әрі жылтыр келеді. Қыста бұлғынның жүні әдемі, үлпілдек, жібектей жұмсақ, қылшықтары жылтылдап тұрады. Қазақстандағы терісі аса бағалы аң - бұлғынның өте көп тараған жері - Алтай таулары. Бұлғынның жемдері - кеміргіштер мен самырсын жаңғағы өте азайып кеткен жылдары тәжірибелі аңшылар оны арнаулы жем - ет ілген қақпанмен ұстап, көп олжаға батады. Тас сусарының жалпы бейнесі бұлғынға ұқсас. Бірақ одан үлкенірек және құйрығы ұзындау. Қысқы терісінің жүні күлгін сары араласқан қоңыр жирен немесе күрең сарғыштау түсті келеді. Түбіті күлгін түсті. Алқым астында және мойынының төменгі жағында ақ дағы бар. Соған қарап кейде аңшылар оны ақтөс сусар деп те атайды. Еркек аңның дене тұрқы 43-59 см, ал ұрғашылары бұған қарағанда аздап кішірек. Ақтөс сусар республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығыс тауларында кездеседі. Бұл аң аршалы, шыршалы тау ормандарында тіршілік етуге бейімделген. Тас сусарының қараша-желтоқсан айларында жүні жылт-жылт етіп, құлпырып тұрады. Дала күзені - кәсіптік жолмен бағалы терісі үшін ауланатын аң. Ол күзендердің ішіндегі ең ірісі. Дене тұрқы 29-52, құйрығы 7-18 см, ал салмағы 2 кг. Бұлаң республикамыздың барлық облыстарында да кездеседі, бірақ барлық жерде бірдей емес. Ол негізінен Орал, Ақтөбе, Жезқазған, Қостанай, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан облыстарының шөлейтті және далалық аймақтарында жиі кездеседі. Дала күзенінің мекен ететін жері - жайқалып өскен шабындығы бар далалы аймақ, шөл-шөлейтті өңірлер, өзен мен көлдер жағалауы және ормандар арасындағы ашық алаңдар. Бұл аң жылына бір рет туады. Сасық күзен көктемде және күзде екі рет түлейді. Оның терісі қарашадан бастап құңды .

Ақкіс- дене тұрқы 18-26 сантиметрдей ғана келген, өте жылдам қимылдағыш жыртқыш аң. Қыста бүкіл денесі қар түстес ақ, тек құйрығының ұшы ғана қара. Жазда ол екі түрлі болып келеді - арқа жағы қоңыр қызғылт, ал бауыры ақшыл сарғыш. Сусар тұқымдастарының ішінде біздің елімізде ең көп тараған осы түр. Қазақстанның тек шөлді аймақтан басқа барлық жерлерінде кездеседі. Ақкіс республикамыздың солтүстік бөлігінде және оңтүстік-шығыс жақтағы таулы өңірде өте көп таралған. Батыс Қазақстанда Жайық өзені бойында біраз кездеседі. Солтүстіктегі облыстардың территориясында ақкіс өзендер мен көлдердің жағасындағы қамыс, тал іштерінде, сай-сала, жыраларда, қайың, көктерек өскен алқаптарды мекендейді. Бұл жыртқыш жылына бір рет қана өніп-өседі. Ақпан-мамыр айларында ұйығып, 9 айдан соң 3-18, орташа 8-9 күшік туады. Ақкіс жылына екі рет: көктемде және күзде түлейді. Көктемгі түлеуі наурызда басталып, сәуірде аяқталады. Күзгі түлеуі қазан айында аяқталады. Қараша айының басынан оның терісі бірінші сортқа жатқызылады. Терісі аппақ қардай жалт-жұлт еткен бұл аңның аз-көп болуы оның қорегінің мөлшеріне байланысты. Өте құнды ақкіс терісі шет елдерге шығарылатын тауардың бірі.
Құндыз - басы кішілеу, құйрығы ұзын, дене пішіні 95 сантиметрдей келген аң. Арқасы мен артқы жағының түсі жылтыраған қара қоңыр, бауыры ақшылдау болады. Құндыз нағыз тұщы су маңын мекендейтін жыртқыш. Құндыз көбіне таудан аққан, жары биік, жағасында ағаш немесе қамыс өскен өзендерді мекендейді. Кейбір аудандарда бұл аңды ретсіз аулау салдарынан жойылу қаупі төнген. Қазіргі кезде құндыз Оңтүстік Алтай, Жоңғар және Іле Алатауларында ғана кездеседі. Бірақ өте сирек. Терісі өте бағалы, әсем де құнды. . Қара күзеннің Отаны - Солтүстік Америка. Бұл аңды жерімізге жіберу 1933 жылы басталған еді. Жерсіндіру жұмысы сондай табысты болды. Бұл -терісі аса бағалы аң. Қысқы жүнінің жалпы түсі денесінің барлық бөлігінде біркелкі қара қоңыр келеді. Тек иек астында ақ дағы болады. Үлпілдек түбітті терісі жылт-жылт етіп сәндігімен көз тұндырады. Дене пішіні орташа 39 сантиметрдей. Қара күзен Алтай өлкесінен Шығыс қазақстан облысының территориясына 1945 жылы ене бастады. Әр түрлі бұталы ағаштар мен қарағай өскен өзен бойы бұлардың жақсы мекені. Бұл жыртқыш жылына екі рет түлейді. Көктемде наурыз-сәуір айларында, ал күзде тамыз-қараша айларында. Аса құнды, әдемі қара күзен терісін дайындау қараша айында басталып, ақпанда аяқталады. Қазақ ССР Ғылым академиясы Зоология институтының ғылыми қызметкерлері Ю. Г. Афанасьев пен Ю. С. Лобачев 1957-1968 жылдар аралығында қара күзеннің биологиясын, таралуын, өсіп-өнуін зерттеп, Шығыс Қазақстан облысындағы бұл аң қорының қанша екендігін анықтаған .
Аю терісі, майы және шипалық қасиеті бар өті үшін ауланатын бағалы аң. Семіз аюдан 120 килограмм ет, 50 килограмм витамині көп май алуға болады. Аюдың майын жергілікті халықтар ерте заманда әр түрлі ауруларға, әсіресе туберкулезге және белі ауырған адамдарға ем ретінде пайдаланған. Әр түрлі ауруларға шипа болатын аю өті ерекше зат. Ол әсіресе, Оңтүстік-шығыс Азияда халықтық медицинада өте жоғары бағаланады. Қытайда, Индияда, Тайландта, Бирмада және Жапонияда аю өтін ішек-қарын, бауыр ауруларын, сары ауруларды, жұқпалы іш ауруын, көз қарығуын, қатерлі іріңдер мен жараларды емдеуге жиі пайдаланады.
Елімізде өз ішінде аю өті бұрынғы қасиетін төмендеткенмен де, халықаралық саудада ол әлі де өте жоғары бағаланады. Біздің елімізде бұл аңның өтін дайындау, ешбір жерде жоспарланбаған. Оны аз мөлшерде тек тәжірибелі аңшылар ғана дайындай алады. Күз, қыс айларында алынған аю өтінің шипалық қасиеті өте күшті .
Ор қоян - қояндардың ішіндегі ең ірісі. Салмағы 6-7 килограмдай болады. Бұл Батыс Қазақстанда кең таралған терісі бағалы аң. Сонымен қатар, Жайық өзенінің жайылымында да бұл аң аз емес. Ор қоян көбінесе ашық далалы жерлерде, арасы сирек шоқ тоғайдың арасында, өзеннің жайылмасында, шоқ-шоқ бұтаның арасында, жыра бойында, көлдің жағасын мекендейді. Ор қоян жылына екі-үш рет көжектейді. Бұл аңдардың кәсіптік маңызынан басқа, ауыл шаруашылығына тигізетін зияны да көп. Әсіресе, ор қоян орман шаруашылығына өте үлкен зиян келтіреді. Олар Жайық өзенінің жағасында өсетін әр түрлі орман ағаштары мен бұталы өсімдіктерге, егінді қорғайтын орман алқаптарына зиянды.

Зерттеу әдістері теріні тұтастығы (кряжистый) бойынша бөлу. Теріні тұтастығы бойынша бөлетін себебі, белгілі бір түрдегі шикізаттың тауарлық қасиеті аңның мекендейтін жеріне байланысты. _Тұтастығы әр түрлі ан терілері сол теріге ғана тән қасиеттерімен ерекшеленеді (мөлшері, сәнділігі, жүнінің ұзындығы мен коюлығы, түсі, жүнінің жұмсақтығы, тері тканінің қалыңдығы, салмағы) . Терінің тұтастығы сол географиялық ауданнан әкелуіне карай аталады. Мәселен, амурлық, якуттық, алтайлық т. б. Ақ тиіндер. Кейбір стандарттарды тұтастық (кряж) нөмірімен алмастырылады. Аңның барлық түрі тұтастығы бойынша бөқлінбейді, тек ақтиніннің, қызыл түлкінің, қаракүзеннің, ақ түлкінін, бүлғынның суырдың, тарбағанның иленген терісі ғана бөлінеді.

Теріні мөлшері бойынша бөлу. Теріні мөлшері бойынша бөлгенде, тек аумақ айырмашылықтары едәуір білінетін, оған жынысы мен жас өзгешеліктері әсер ететіндерін жатқызады. мысалы, ұрғашы қаракүзен, ақ тышқан және сасықкүзен терілері еркектерінен үлкенірек келеді. Терінің алуан түрінің мөлшері бойынша әр түрлі категорияға беледі. Әдетте оларды үш категорияға: ірі, орташа, ұсақ, кейбір жағдайда төрт категорияға: ерекше ірі, ірі. орташа, ұсақ деп бөледі.

Тері мөлшерін анықтау үшін оның ұзындығын (екі кезінің арасынан құйрық түбіне дейін) және енін (орта тұсынан) өлшеп, алынған шаманы көбейтеді.

Мөлшері бойынша сорттағанда мынадай түрлерге бөледі қамшат, қаракүзен, ақтиін, күміс түсті қара тулкі, ак түлкі, бұлгын, ұсақ кеміргіштер және басқа да түрлері

Теріні сортына қарай бөлу. Терінің сорттылығы аңды аулаған кездегі жүн талашығының күйіне байланысты. Аң терілеріін сорттылығы дегеніміз, терідегі жүн талшығының даму дәрежесіне қарай тауарлык белгілерінің жиынтығы. Жылдың әр түрлі маусымында аң терілері жүнінің сапасы түрліше келеді. Қысқы қою, әрі ұзын жүн, күзгі өсу сатысында түлейді.

Жазда ол ирек, әрі қысқа. Аң терілерін екі, үш және төрт сортқа бөледі. Сортты айкындайтын тауарлық белгілер жүннің әдемілігі, қоюлығы, ұзындығы жәие жұмсақтығы. Бұл белгілер аң терілерінің әр түрінде өзіндік ерекшеліктері болады.

Төменде көпшілік аң терілерінің сорттылық сипаттамасы келтірілген.

I сортқа жүні жетілген, қылшығы жиі, әрі ұзын, түбіті қою терілер; II сортқа - жүні онша өскелең емес, қылшығы мен түбіті жетілмеген терілер, III сортқа - жүні шамалы, қылшығы мен түбіті жетілмеген терілер немесе қылшығы тықыр, түбіті мүлде жоқ немесе аздап қана шыққаң түбіті бар (қасқыр, кұну, шиебөрі) терілері жатады. I сортты терілердің кейбіреулерінен жоғары сорты (экстра) бөлінеді.

Ерте көктемдегі терілер II сортқа жатқызылады; ерте көктемдегі ақтиін терілері дербес сортқа бөлінеді. Ерте көктемдегі терілерде көктемгі түлеу белгісі басталады.

Терілерді түсіне қарай бөлу. Теріні түсіне қарай бөлгенде Жүн талшығының түсі күшті өзгеретіндерін ғана алады. Мұндай түрге ақтиін, күміс түсті қара түлкі, сусар, қаракүзен, сазқұндызы, құну, көгілдір және ақ түлкілер, сілеусін, бұлғын жатады.

Әсіресе торда ұсталатын аң терілері жүнінің түсі өте өзгермелі келеді. Бұған жататындар: қаракүзен, сазқұндызы.

Терілерді акауына қарай бөлу. Мехтық ан терілері жартылай фабрикаттарында ақау жиі кездеседі. Олар тері құнын кемітеді. Тері шикізаттарының ақауын топтау кестесі
Тірі кезіндегі ақаулар
Сойған кездегі ақаулар
Сақтағандағы және тасымалдағандағы ақаулар
Тірі кезіндегі ақаулар: Қышыма, бездену, таз, қотыр, теміреткі, күл, жүнінің түсуі, қырқылу, қабыршақтану, қасынудан түскен жара, қажалу, тістелу, тыртық орны, жүннің ластануы, сарғаюы, қарамайлануы, ошаған жабысуы, тікен тесу, арықтауы, көтерем болу, жүдеген жүн, бояуының әлсіреуі, суыстану, қылшығының мыжылуы, жүннің көмескіленуі т. б .
Сойған кездегі ақаулар: Оқ тию, жүннің қанмен ластануы, күйген талшық, ілмектену, теріні тамағынан көлденең кесу, тесілу, жыртылу, кесілу, тері бөліктерінің жетіспеуі, майы алынбауы, жүнінің түскіштігі, тері тканінің қасаңдануы, теріні дұрыс сыпырмау, дұрыс қаттамау, илектеген күйінде кептіру, бет қабатының қыртыстануы, майдағы тұз дағы т. б.
Сақтағандағы және тасымалдағандағы ақаулар: Құрт жеген, күйе жеген, тарақан жеген, кеміргіштер зақымдаған, жидіген, қанталаған, көгерген, таңба салынған, суық шалған, кесілген, ойылған, даттанған дақ сирақтарының зақымдануы т. б.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үлбір және тондық терілерінің жартылай фабрикаттарының көрсеткіштері және оларды анықтау және сұрыптау әдістері
Биязылау қой жүні
Терінің жүн жамылғысына сипаттама дерма құрлысы
Термиялық, химиялық және термохимиялық күйіктер
Терінің микрофлорасы
«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының материалтануы» пәннің оқу-әдістемелік кешені
Қазақстың ұлттық киімдері
Хирургиялық операциянын жіктелуі
Елтірілер
Тағамды санитарлық микробиология пәнінен дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz